Зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Қарағанды Bolashaq жоғарғы колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Физикалық зертханалық жұмыстар және оларды ұйымдастырып өткізудің әдістемесі"

Пәні: Физиканы оқыту әдістемесі және мектептегі тәжірибе техникасы

Орындаған: Камалова Н.
ФЗ-16-1 тобының студенті
Ғылыми жетекшісі: Сырбаева Н.Б

Тіркеу №_____
Бағасы_______
Қолы_________

Қарағанды - 2020 ж.

Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
I. Зертханалық жұмыс ұғымы мен ұйымдастырылуы ... ... ... ... ... . 5
Зертханалық жұмыс мәні мен қолданылуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ..5
Зертханалық жұмыс ұйымдастырылуы ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 8
I. Физикалық зертханалық жұмыстарды ұйымдастырып өткізу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.1 Фронтальды зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 2
2.2 Виртуальды зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 1
2.3 Зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...28

Кіріспе

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Оқушылардың белгілі бір іс-әрекет жүйесі туралы териялық тұрғыдан ойлау қабілеті әлі де осы іс-әрекеттерді нақты орындай білуді қамтамасыз етпейді. Білім алушылардың ақыл-ой операцияларын дамытудағы соңғы кезең ақыл-ой әрекетінің қалыптасуы емес, бұл әрекетті практикалық қызметте жүзеге асыру болып табылады. Сондықтан физиканы оқыту білім алушыларда практикада алған білімдерін қолдануға мүмкіндік беретін қызметтің осындай түрлеріне, мысалы, оқушылардың зертханалық жұмыстарын орындауға тартуды көздейді.
Зертханалық сабақтардың мақсаты білім алушылардың теория жүзінде алған білімдерін практикада қолдана білу, кәсіби міндеттерді орындай алуларына қажетті әдістерді таңдай және олардың тиімділігі мен сапасын бағалай білу, қажетті ақпараттарды өз беттерінше іздей білу дағдысын қалыптастыру, яғни бір сөзбен айтқанда білімді шығармашыл тұлға қалыптастыру болып табылады.
Зертханалық жұмыстарды орындау барысында білім алушыларда әр түрлі құрал-жабдықтармен жұмыс істей білу, сондай-ақ зерттеушілік іскерліктері (бақылау, салыстыру, талдау, жалпылау, тәуелділікті тағайындау, қорытынды жасау, өз беттерінше зерттеу жүргізе білу, нәтижелерді рәсімдеу) қалыптасады. Бұл айтылғандарды білім алушылардың болашақ мамандығына практикалық кәсіби даярлығын көрсететін маңызды бір құраушылар деп есептеуге болады. Зертханалық жұмыстардың білімділік және тәрбиелік маңызы зор. Тәжірибелерді жүргізу процесінде білім алушылар физикалық заңдардың объектілігіне көз жеткізеді және физикадағы ғылыми зерттеулерде қолданылатын әдістер жөнінде мағлұмат алады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Зертханалық жұмыстарды орындау білім алушылардың физикалық заңдарды неғұрлым тереңірек меңгеруіне ықпалын тигізеді, өлшеу құралдарымен жұмыс істегенде іскерліктері мен дағдыларды сіңіруіне, білімдерін өмірде саналы қолдануға үйретеді. Дұрыс ұйымдастырылған зертханалық сабақтар оқушылардың ой белсенділігін арттырып, оларды қойылған сұраққа эксперименттік жолмен өз бетінше жауап іздеуге үйретеді.
Зертханалық жұмысты (экспериментті) орындағанда, физикалық құбылыстарды оқушылардың өздері бақылайды, тексеріп көреді; табиғат заңдылықтарын зерттейді; "қолдан қайта жасайды", сандық және сапалық қасиеттерін байқап, өлшейді; өз бетінше қорытынды жасауға, физикалық процестерді біліп-тануға және өмірде қолдануға мүмкіндік болатындығына сенімі артады. Зертханалық жұмыстар оқытудың ең әсерлі және нәтижелі әдістеріне жатады. [1]
Қазіргі кезде зертханалық жұмыстарды өткізудің ең көп қолданылатын түрлері:ол виртуальді және фронтальды зертханалық жұмыстар. Фронтальды лабораториялық жұмыстарда класстың барлық оқушылары жұмысты бір тақырыпқа орындайды және бірдей жабдықтарды пайдаланады. Виртуальді зертханалық жұмыс ол ғылыми-техникалық прогресстің нәтижесінде пайда болған. Ол арқылы мұғалім түрлі құрал-жабдықтардың оқушыларға компьютердің көмегімен қалай жұмыс атқаратынын көрсете алады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Гипотеза: зертханалық жұмыстарды дұрыс ұйымдастыру оқушылардың теория жүзінде алған білімдерін толықтыра алады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Курстық жұмыстың мақсаты: "Физикалық зертханалық жұмыстың ұйымдастырылып өткізілуін зерттеу".
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Зерттеу пәні: физикалық зертханалық жұмыстар.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Зерттеу объектісі: зертханалық жұмыстардың ұйымдастырылып өткізу әдістемесі.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Курстық жұмыс кіріспеден, екі негізгі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі бар.

I. Зертханалық жұмыс ұғымы мен ұйымдастырылуы
1.1 Зертханалық жұмыс мәні мен қолданылуы
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Зертханалық жұмыстар - оқушылардың оқу іс-әрекетінің бір түрі; мақсаты мен міндеті айқын анық көрінетін жұмыс. Кейбір оқу пәндерінің әдістемелерінде (мысалы, еңбек және кәсіби оқыту әдістемесінде) "лабораториялық-практикалық жұмыс" деген термин қолданылады. Зертханалық жұмыстар оқу бағдарламасына енгізіліп, курс бөлімін немесе тақырыпты оқығаннан кейін жүргізіледі. Зертханалық жұмыстарды жүйелі түрде орындау -- анализ, синтез, салыстыру, жалпылау, оқытудағы теория мен практиканың байланысы, оқушылардың дербестілігі мен танымдық күшінің дамуы сияқты ойлау амалдарын меңгерудің маңызды құралы. [2]
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Ғылыми - зерттеу әрекеті барысында зертханалық жұмыстар теориялық - әдістемелік білімдер мен тәжірибелік дағдыларды біріктіруге мүмкіндік береді.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Зертханалық сабақтарда оқушылар өздігінен эксперименттер қояды, бақылайды, табиғи құбылыстарды немесе технологиялық процестерді зерттейді, құрал-жабдықтармен танысады, олардың жұмыс істеу принциптерін игереді.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Зертханалық сабақтар жеке және топта жұмыс істей білу дағдылары мен іскерліктерін қалыптастырады, есеп шығару, тәжірибе қою, эксперимент жасау, жаттығулар орындау барысында ойлау қабілеттерін белсендіреді.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Зертханалық сабақтың міндеттеріне:
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Зертханалық сабақтар төмендегідей формада ұйымдастырылады: фронтальды (барлық оқушылар бір тақырып бойынша бір жұмысты бірге орындайды) немесе әртүрлі жұмыстар тәсілімен (бір сабақта оқушылар әр түрлі жұмыстар орындайды). [3]
Оны физика ғылымындағы эксперименттік зерттеу тәсілдерінің бейнесі және тікелей "көшірмесі" деп түсіну керек. Сондықтан ол мектеп физика пәніне ғылыми-зерттеу сипат береді.


Мектепте физиканы оқытудың мақсаттарын орындайтындай зертханалық эксперименттің мынадай әдістемелік ерекшелік маңызы бар:
1
Демонстрациялық тәжірибені көрсеткенде оқушылар тек пассивті түрде бақылаушы рөл атқаратын болса, зертханалық экспериментке олардың өздері белсене қатынасады, физикалық құбылыстарды өздері қолымен істеп көріп, өлшеулер жүргізеді, физикалық шамалар мен тұрақтыларды тағайындайды.
2
Зертханалық жұмыстарды орындағанда оқушылар физикалық приборлармен, аппаратуралармен жұмыс істеуге үйренеді, практикалық маңызын түсініп, олардың табиғат құбылыстарын біліп-тануға қажетті құрал екендігіне көз жеткізеді.
3
Зертханалық эксперимент жасау үстінде оқушылар бізді қоршаған табиғат құбылыстары туралы өзінше қорытынды жасауға үйренеді, физика заңдарының практикалық маңызын түсінеді, физика ғылымының техникамен және өмірмен байланыстылығына сенетін болады.
4
Зертханалық сабақтарда окушылар ғылыми-зерттеу жұмыстарды жүргізуге дағдыланады, физика ғылымының танымдық күшіне сеніп, оқуға деген олардың ынта-жігері артады.

Мектепте өткізілетін зертханалық эксперимент белгі ерекшеліктеріне қарай мынадай топтарға классификацияланады:
Зертханалық экспериментке оқушыларды қатыстырылуы бойынша :
олардың барлығы түгел міндетті түрде орындайтын сыныптық зертханалық жұмыстар;
сыныптан тыс уақытта (физика кабинетінде, үйде), физикаға қызығушылығы бар оқушылардың ғана істейтін зертханалық жұмыстары болып бөлінеді.
Өткізілетін орны мен уақыты бойынша зертханалық жұмыстар 4 түрге бөлінеді :
толық бір сабақ бойы;
сабақта қысқа уақыт (5-10 мин.) мерзімде;
физикалық практикум деп аталатын ұзақ уақыт (2 сабақ) бойы;
4) сыныптан тыс уақытта (кабинетте, үйде - 10,30 мин) өткізілетін эксперимент.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
III. Зертханалық эксперимент мазмұны бойынша сандық және сапалық жұмыстар болып бөлінеді.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Зертханалық жұмыстар білімді бекітуге және нақтылауға себепші болады. Зертханалық жұмыстарды орындау мазмұны мен тәсілдері оқу пәнінің ерекшелігіне байланысты.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

1.2 Зертханалық жұмыс ұйымдастырылуы

Зертханалық жұмыстарды орындағанда қажетті құрал-жабдықтар болмаған жағдайда оларды көрсетілімдермен немесе электрондық нұсқалармен алмастыруға болады. Зертханалық жұмыстарды орындауға байланысты сабақтарды өткізудің мынадай ең кең тараған схемасын ұсынуға болады: кіріспе, әңгіме, экспериментті білім алушылардың орындауы және өлшеу нәтижелерін дұрыстау, жұмыстың қорытындысын шығару. Кіріспе әңгіменің мақсаты білім алушылардың зертханалық жұмыстарды саналы орындауға дайындығын айқындау, ал оған материал бойынша жаппай сұрауды өткізу арқылы қол жеткізіледі, бұл білім жұмысты сапалы орындау үшін қажет. Одан кейін жұмыстың мақсаты тұжырымдалады және оның орындалу барысы (жоспар) талқыланады. Осыған байланысты құралдармен материалдармен жұмыс істеу ережелері туралы, сондай-ақ есепті әзірлеу туралы қысқаша нұсқаулар беріледі.
Зертханалық жұмысты орындауға кірісе отырып, білім алушылар құралдармен танысады, қажетті нәрселердің бәрі үстелде бар ма, соны тексереді. Оның соңынан тағайындалған жоспарға сәйкес олар өз бетінше тәжірибелер және өлшеулер жүргізеді, өлшеулердің нәтижесін кестеге жазады. Жұмыс нәтижелерінің дәлдігін арттыру үшін бір шаманы өлшеуде 3-5 рет қайтара жасап, оның орташа мәнін табуды ұсынған жөн. Оқытушы қатарлар бойымен өтіп жүріп, білім алушылардың жұмыс барысын бақылайды, практикалық нұсқаулар береді, қажетті жағдайларда жеке білім алушыларға көмек көрсетеді. Өлшеу ережелерін сақтауға және құралдарды пайдалана білуге ерекше көңіл аударған жөн. Жұмыс көлемі барлық білім алушылар асықпай, жұмысты аяғына дейін дұрыс орындап және өлшеу нәтижелерін дұрыстау ісін жүргізетіндей болуы тиіс. Орындалған зертханалық жұмыстар бойынша білім алушылар өз дәптерлеріне қысқаша есеп жасайды. Бұл есептерді оқытушы мазмұны жағынан, жазылу сапасы тұрғысынан мұқият тексеруі тиіс. Барлық зертханалық жұмыстарды бағалау қажет.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Зертханалық жұмыстың соңында немесе келесі сабақта, жұмыс нәтижелерін қысқаша талқылау керек. Бұл жұмысты қорытындылау, негізгі жетістіктерді және ондағы кемшіліктерді айқындау, жіберілген қателердің себептерін түсіндіру мақсатын қояды.[3]
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

Зертханалық жұмыстарды бағалау кезінде жұмысты орындау жоспарын құра білу ескеріледі, эксперимент өткізуге зертханалық орнатуды дайындау, зертханалық құралдарды, өлшеу приборларын және эксперимент үшін қажетті құралдарды қолдана білу, теориялық білімдерді машықтықа қолдану, зертханалық жұмыстарды орындаудағы тиімді әдісті таңдай білу.

Зертханалық және практикалық жұмыстарды бағалау
"5" деген баға қойылады, егер оқушы:
1
Тәжірибені орындаудың ережесін сақтап, жұмысты толық көлемде орындаса;
2
Тәжірибеге қажетті құралдарды өз бетімен таңдап, тәжірибенің нәтижесін дұрыс алатындай жағдайды ескеріп орындаса;
3
Жұмысы бойынша қорытынды есебінде барлық жазуларды, таблицаларды, суреттерді, сызбаларды, графиктерді дұрыс және ұқыпты орындап, өлшеу қателіктерін ескеріп қорытындыны дұрыс жасаса; (9 - 11 сыныптарда);
4
Қауіпсіздік ережесін орындаса.
"4" деген баға қойылады, егер жұмыс "5" деген бағаның талаптарына сай болып, бірақ мынадай қателіктер жіберілсе:
1
Тәжірибе өлшеу дәлдігін қанағаттандырмайтын жағдайда орындалса;
2
Екі-үш ескермеушілік немесе бір дөрекі емес қателік кетсе;
"3" деген баға қойылады. Егер жұмыс толық орындалмаса немесе тәжірибені орындау барысында келесі қателер жіберілсе:
1
Тәжірибенің нәтижесінде үлкен қателік кететіндей жағдайда орындалса;
2
Жұмыстың есебінде оның нәтижесіне әсер ететін екеуден аспайтын қателіктер жіберілсе (өлшем бірліктерді жазғанда, есептеулерде, графиктерді, кестелерді, сұлбаларды салғанда, өлшеу қателіктерін талдауда т.б.);
3
Өлшеу қателіктеріне талдау жасалмаса немесе дұрыс талдау жасалмаса;
"2" деген баға қойылады, егер:
1
Жұмыс толық орындалмаса немесе орындалған жұмысы дұрыс қорытынды шығаруға мүмкіндік бермесе;
2
Тәжірибе, өлшемдер, есептеулер дұрыс жүргізілмесе;
3
Жұмыс істеу барысында және жұмыс нәтижесін қорытындылауда "3" деген бағаның талаптарын қанағаттандырмаса;
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Зертханалық сабақтың құрылымы:
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Зертханалық сабақтың құрылымы жұмыстың түріне байланыссыз төмендегідей болып келеді. :
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
а) бастапқы кезеңі - сабаққа рұқсат беру, оқушының дайындығы, жұмыс барысында дәптердің болуы, кестелердің, графиктердің дайындығы т.с.с тексеріледі;
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
б) оқушылармен сұрау жұмыстарын өткізу және экспериментке мәліметтер жинақтау ;
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
в) экспериментті жүргізу және есепті өңдеу ;
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
г) оқытушыға жұмыстың есебін өткізу.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Зертханалық сабақтарды өткізу сапасын талдау реті
oo ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Зертханалық жұмысты орындауда қауіпсіздіктің орындалуы, инструктаж өткізу, зертхананың гигиеналық және эстетикалық күйі .
oo ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Оқушылардың қажетті оқу құралдарымен, анықтамалармен, сөздіктермен қамтамасыздығы.
oo ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Оқу зертханаларының қазіргі заманғы құрал-жабдықтар мен қазіргі заманғы ақпарат құралдарымен қамтамасыздығы.
oo ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Зертханалық жұмыстардың дәріс және жұмыс бағдарламаларымен сәйкестігі.
oo ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Зертханалық жұмыстарды орындау үшін қажетті теориялық білімінің және сарамандық іскерліктері мен дағдыларының деңгейі.
oo ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Оқушылардың жұмысын ұйымдастырудың формалары мен әдістері, зертханалық сабақтар барысына жетекшіліктің тиімділігі.
oo ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Зертханалық жұмыстардың орындау кезіндегі ғылыми-зерттеу жұмысының түрі.
oo ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Зертханалық жұмыстардың орындалу сапасын бақылау формасы.
oo ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Оқушылардың қатысуын, орындалған зертханалық тәжірибелердің сапасын есепке алу .
oo ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Ұсыныстар мен қорытындылар.
oo ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Зертханалық жұмыстарға алдын ала дайындық. [1]
II.Физикалық зертханалық жұмыстарды ұйымдастырып өткізу
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
2.1 Фронтальды зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Физикадан жүргізілетін лабораториялық сабақтарды фронталь әдісімен өткізудің аса маңызды пайдалы жақтары бар. Фронтальды лабораториялық жұмыстарда класстың барлық оқушылары жұмысты бір тақырыпқа орындайды және бірдей жабдықтарды пайдаланады. Қазіргі білім берудегі физикалық лабораториялық жұмыстары көбінесе осы бағытта жүргізіледі. Өйткені қазіргі таңда мектеп лабораториясында физикалық құрал - жабдықтардың мүлде болмауы не мөлшерлі түрде болуынан, тіпті іске жарамсыз болуы;
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Фронтальдық зертханалық жұмыстар теориялық материалды тереңдетеді, оқушыларда бастапқы эксперименттік іскерліктерді қалыптастырады. Фронтальдық зертханалық жұмыстарға әртүрлі өлшеулерді орындаумен, аспаптарды құрастырумен, зерттеу жұмыстарымен байланысты жұмыстар енгізіледі. Зертханалық жұмыстың басқа формасы физикалық практикум болып табылады. Оны жүргізу оқытуды жекелендіруге, оқушылардың бейімдері мен қызығушылықтарын есепке алуға үлкен мүмкіндіктер береді. Практикумға оқушылардың іс әрекеттерінің сипаты бойынша, олардың іс әрекеттерін басқаруға байланысты деңгейі күрделі әртүрлі жұмыстарды енгізуге болады. Егер оқушы физиканың қандай да бір болмасын тарауына қызығушылық танытып отырса, онда оған өз қызығушылығы саласы бойынша эксперименттік жұмыспен айналысуға мүмкіндік беруге болады.
Фронталь зертханалық жұмыстар қысқа уақытты немесе бір сағаттық болады. Ол сабақта яғни барлық оқушылар бір мезгілде бәрі бірдей жұмысты орындайды. Фронталь зертханалық жұмыстардың бірқатар ұйымдастыру - әдістемелік артықшылықтары бар:
а) өтілетін тақырыппен тығыз байланысты болады;
ә) барлық оқушының бірдей жұмысты орындауы, оны өткізу мен тексеру мұғалім үшін жеңілдейді.
Мұғалім бұл жұмыстың мынадай өзіндік қиыншылықтарын да аңғаруы керек:
а) сыныптағы барлық оқушыларды бірдей құралдармен қамтамасыз етудің мүмкіндігі бола бермейді;
ә) бір жұмысты 3-4 оқушы бірігіп топ болып істегендіктен, олардың біреуі ғана өлшеумен айналысып, қалғандары тек бақылауға мәжбүр;
б) жұмыстың құралдарын тегіс бәріне бір мезгілде таратып, жинап алу мұғалімге оңайлыққа соқпайды.
Бағдарламада көрсетілген зертханалық жұмыстар мен физикалық практикумдар негізінен мектеп физика курсының мынадай басты мәселелерін эксперименттік негізде түсіндіруді көздейді:
физикалық құбылыстарды бақылау және зерттеу;
өлшеуіш приборлармен және физикалық шамаларды өлшеу әдістерімен танысу;
физикалық шамалардың арасындағы сандық байланыстарды тағайындау ;
физикалық тұрақтыларды анықтау және олардың сан мәндерін табу тәсілдерімен таныстыру;
техникалық құралдармен және қондырғылармен таныстыру.

Зертханалық жұмысты орындау әдістемесі мынадай жүйеде өткізілуі тиіс:

Фронтальды зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру кезеңдері:
Кезең
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Әзірлік
Зертханалық жұмыстың дидактикалық мақсатын және оның сабақ құрамындағы орнын анықтау;
Сабақ жоспарын (конспектісін) жасау;
Құралдарды жинақтап олардың дұрыс істеуін тексеру, жұмыс істеп қарау;
Тәжірибе нәтижесінің қателігін есептеп, тәжірибе орындаудың тиімді жолын анықтау;
Теориялық материалды қайталау.
Құралдармен жұмыс істеу тәсілдерін еске түсіру.
Қажет болса, эксперимент мақсатына сәйкес берілген есептерді шығару.
Жұмысты орындаудың жоспарын құру
Орындау
Кіріспе әңгіме өткізу
Оқушының іс-әрекетін ұйымдастырып, олардың жұмыс істеу барысын бақылау
Оқушының жұмысының нәтижесін тексеру
Жұмыс істеу
Жұмыстың нәтижесін қорытындылап жазу
Жұмыстың нәтижесін тексеріп дұрыстығын тексеру
Қорытын-
дылау
Оқушылардың жұмыстарын тексеру
Жұмыстың нәтижесін талдап қорытындылауды ұйымдастыру
Жұмыстың нәтижесін талдауға қатысу
Ө жұмысын талдау

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Фронтальды зертханалық жұмыстың жіктелуі:
oo ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Мазмұны бойынша;
oo ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Ұйымдасқан белгі бойынша;
oo ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Амалдарды орындау және нәтижелерді өңдеу үшін;
oo ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Оқу үрдісіндегі орны бойынша;
oo ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Дидактикалық мақсат бойынша;
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Сондай-ақ №25 мектептің "8" қазақ сынып оқушыларынан сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға 50 оқушы қатысты.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

Мазмұны бойынша фронтальды зертханалық жұмыс:
:: Механика
:: Молекулярлық физика
:: Электрлік
:: Оптика
:: Кванттық физика
болып бөлінеді. Мысалы, Электрлік физикаға байланысты зертханалық жұмыстар:

8-сынып
Зертханалық жұмыс 4
Тақырыбы: Тізбек бөлігіне арналған Ом заңын зерделеу.
Мақсаты: Оқушыларды электр өлшеуіш аспаптарды дұрыс қоса білу, әрі олардың көрсетуін мұқият жаза білуге үйрету.
Приборлар мен материалдар: амперметр, вольтметр, ток көзі, қосу сымдары, кілт, резисторлар, реостат.
Жұмыс барысы:
1. Амперметр мен вольтметр шкалаларын қараңдар және бір бөлік құнын есептеңдер.
2. Сұлба бойынша элетр тізбегін жинаңдар.
3. Тізбекті тұйықтаңдар.
4. Тізбектегі кернеу мен ток күшін біртіндеп ұлғайтамыз.

I, A
U, B
R, Oм

Құралдардың көрсетулерін кестеге жазыңдар.

5. Ом заңын пайдаланып, қыздыру шамының кедергісін есептеңдер.
6. Есептеу нәтижелерін кестеге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биология сабақтарындағы оқыту технологиясы
Биологиядан зертханалық жұмыстарды өткізу әдістемесі
Биология пәнінен зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесі
Виртуалды зертханалық жұмыстар
Физикалық зертханалық жұмыстардың міндеттері
Информатикадан зертханалық және практикалық жұмыстарды өткізу әдістемесі
Оқушылардың өзіндік жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Физикалық оқу эксперименттің түрлері
Химияны оқытуда зертханалық жұмыстарды жүргізу әдістемесі
«Биология» пәнінен зертханалық және практикалық сабақтар
Пәндер