Әбу Ханифа және мүржия мәселесі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   

ӘБУ ХАНИФАНЫҢ АҚИДАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ

Кіріспе
Кіріспе: 1 Әбу Ханифа және ақида ғылымы
:
Кіріспе: 1. 1 Әбу Ханифаның ақида ғылымындағы орны
:
Кіріспе: 2 Әбу Ханифаның ақидадағы көзқарастары
:
Кіріспе: 2. 1 Ақидаға қатысты жазылған еңбектеріне талдау
:
Кіріспе: 2. 2 Сенім жүйесіндегі негізгі көзқарастары мен әдіснамасы
:
Кіріспе: 2. 3 Теологиялық мәселелеріндегі ерекшеліктері
:

1 Әбу Ханифа және ақида ғылымы

1. 1 Әбу Ханифаның ақида ғылымындағы орны

Имам Ағзам ислам тарихының мұсылман әлемінде сеінмдік тұрғыдан бірбірімен қырықпышақ болған топтар тарих сахынасына шыққан ең дүрбелең кезеңдерінде өмір сүрді. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) дүниеден өткен соң, халифалық мәселесі төңірегіндегі жанжалдар шииттердің шығуына түрткі болды. Кейіннен, 656 жылы үшінші халифа хазірет Осман (р. а. ) шейіт болғаннан кейін, мұсылмандар өзара қақтығысып, Жәмәл оқиғасы, артынша 657 жылы Сыффин қарулы қақтығысы орын алды. Осы соғыстарда адам өлтіру, әсіресе мұсылманды мұсылман қолымен өлтіру әрекетінің ақыры үлкен күнәлармен аяқталды. Осындай жағдайда «Үлкен күнә істеген пенденің халі не болмақ?» деген сұрақтар туындады. «Иман мен күпірдің аражігі қалай ажыратылады, сонымен қатар адамның қалау еркіндігі мен еркіндіктің шегі қандай?» деген бірқатар мәселелер де өз шешімін талап етті. Бұл мәселелер төңірегінде түрлі көзқарастар айтылып, ақырында мұсылмандар арасында мүржия, харижиттер, қадария, муғтазила және жәхмия секілді мәзһабтардың шығуына әкеліп соқтырды. Сонымен қатар, Ислам халифатына қарасты аймақтарда түрлі дін мен мәдениет өкілдерімен мұсылмандардың қарым-қатынас орнатуы, пәлсапалық түсініктердің Ислам әлеміне жайыла бастауы секілді сыртқы ықпалдар да сенімге қатысты мәселелерде түрлі көзқарас пен топтардың тууына бірден-бір түрткі болды» [1, 27-28 б. ] .

Һижра жыл санауы бойынша І ғасырдың соңы мен ІІ ғасырдың басында осы иман негіздері саласындағы дүниетанымдық қозғалыстарға байланысты мұғтазила мәзһабы пайда болды. Муғтазила ғалымдары өздеріне пікірі қарама-қайшы келген, кейбір адасқан топтармен және өзге дін өкілдерімен күресу жолында көптеген еңбектер жазды. Осы ғасырларда жазылған ақидаға байланысты еңбектердің мазмұны негізінде Алланың сипаттары, тағдыр, үлкен күнә істегеннің жағдайы, имам дық (халифалық) мәселесі төңірегінде өрбіді.

Имам Әбу Ханифаның ақида ілімімен айналысуына осы жағдайлар өзіндік әсерін тигізді. Ол саналы ғұмырын осындай дінбұзарларға қарсы күресіп, Ислам дінінің дұрыс сенімін қалыптастыру жолында жұмсады [2, 307 б. ] . Ол харижилер мен қадарияларға қарсы әхлус-суннаның (суннидтік бағыттың) көзқарастарын қорғау мақсатымен жиырмадан астам рет Басраға барып, білімділігі мен білгірлігін дәлелдеген [3, 137 б. ] .

Фиқһ ғалымдарынан ақидаға байланысты алғашқы еңбек жазған имам Ағзам Әбу Ханифа (қ. 767 ж. ) болып табылады. Ол фиқһ пен ақида саласын бірдей жетік меңгеріп, бір жағынан ханафи фиқхының мектебін, ал екінші жағынан әхлус-сунна уәл-жамағаттың ақида мектебінің де негізін қалап кетті. Әбу Ханифаның қысқаша жүйелеген иман негіздері сол кездері қызу пікрталасқа жол ашқан мәселелер еді. Оның осы тақырыптарды терең түсінігі арқылы белгілі бір жүйеге салуы өзінен кейін келген ахлус-сунна уәл-жамағат иамамдарына (Мысырда имам Тахауи (ө 321 ж) негізін қалаған тахауия, Иракта құрылған әшғария (Имам Әшғари (ө. 324) және Орта Азия кең тараған матуридия (имам Матуриди (ө. 333 ж) ықпал етті [4, 57 б. ] . Ол фиқһ ғалымдары арасында жүйелі ойлау принциптері мен әдіснамасын басшылыққа алып, сол әдістерді иман негіздері мен діни үкімдер шығаруда шебер қолданған ақида саласының алғашқы ғұламағалымы. Міне осы ерекшелігіне орай Әбу Ханифа мен шәкірттерін рәй мен қияс жақтастары деп атап кеткен [5, 281 б. ] .

Әбу Ханифаның фиқх пен ақида іліміндегі беделінің биік болғаны сол суннидтердің тысындағы мұғтазилидтер мен мұржия секілді ағымдар оны өздерінің бағытынан етіп көрсетуге тырысқан.

Атеистерге қарсы Алланың бар екендігі, Құранда негізі бар ақли дәлелдерді (кейіннен ихтыра немесе инаят деп аталған) алғаш рет қолданып, ғаламның «лә шәй», яғни жоқтан жаратылғанын айтқан. (әз-Зәту әл-Иләһия) Алла Тағаланың Өзі мен сипаттарының айырмашылығын көрсетіп, иләхи сипаттарды алғаш рет Аллаға ғана тән Өзіндік (зати) және фиғли (Алланың қалауына қатысты) сипаттар деп бөліп, барлығының қадім (бастауы жоқ, мәңгі) екендігін қорғап, сол арқылы жахмия мен мұғтазиләның сипат ұғымын қабылдамай, хабари сипаттарға сөзсіз иман ету керектігін айтып, сәләфтарға басшылық жасап, кейбірін астарлап, кейбірін ашық жорамалдап, тәшбих (Алла Тағаланы жаратылғандарға ұқсату) пен татил (Алланы пәктейміз деп діни мәтіндерде айтылған сипаттарды толықтай жоққа шығару) ақидасына балама көзқарас ұсынған. Құранның жаратылғандығы хақында жахмия мен хашуия [6, 277 б. ] арасындағы орта көзқарасты қорғап, кейіннен әхлі-сүннет кәламшылары іске асырған лафзи және нафси кәлам ерекшелігіне орта дайындаған. Тағдырға сенудің қажеттілігін біліп, адамның өз еркімен іс жасайтындығын мойындап, жәбрия мен мұғтазиланы сынаған. Адамның мүмин кезде кәпір, кәпір кезде мүмин бола алатындығын айтып, жәбр (фатализм) түсінігінен бойын алшақ ұстаған. Иманды тасдиқ (жүрекпен бекіту), мағрифат және иқрар (тілмен айту) шарттарына сүйеп, иман үшін мағрифатты жеткілікті санаған жахмияны және тек қана тілмен айтуды жеткілікті деп білгендердің ұғымын қабылдамай, амалдың иманнан бөлек екенін, сол себепті, оның артып, не кемімейтінін айту арқылы салафия, мұғтазила мен харижиттерден өзгеше пікірде болған. Осылайша, ол ақиданың негізгі мәселелерінде астамдық пен нұқсандыққа бармай, орта жолды ұстанған сенім жүйесінің негіздерін қалап, басым көпшілік ұстанатын сунниттік ақиданың қалыптасуына жол ашқан. Анығында, иманның артып-кемуі, иман мен исламның ара-қатынасы, иманда ерекше жағдайлар секілді ұсақ мәселелерден тыс Мәлік ибн Әнас, Шафиғи, Ахмед ибн Ханбәл Әбу Ханифаның көзқарасын құптаған.

Имам Ағзам Әбу Ханифа Ислам әлемінде туындаған саяси, дүниетаным және сенім бойынша «қырықпышақ» болып бөлінуі нәтижесінде, әуелі Құран кәрімге, екіншіден, оған қайшы келмейтін сахих хадистерге сүйене отырып, Ислам ақидасын анықтауға тырысқан ерте кезеңдегі мұсылман ойшылдарының көшбасында тұрған тұлғалардың бірі болып табылады. Аят-хадистер мен ақылды қатар пайдаланып, сенім мәселелерін түсіндіру үшін ақыл тұрғысынан қияс жасап, көзқарастарын Құран кәрім, сахих хадистер және алдыңғы қатарлы сахабалардың түсініктеріне негіздегендіктен, пәлсапалық ойлардың ығында кетпеді. Ислам ақидасының негізгі мәселелері төңірегіндегі көзқарастары ғалымдар арасында үлкен беделге ие болды. Матуридия мәзһабынан бастап, сәләфия (алғашқы буын ғалымдары) әшғария ғалымдары тарапынан жалпы мағынада қолдау тауып, әрі қарай дамытылған [7, 20 б. ] .

Имам Ағзам Әбу Ханифаның ақида іліміне қаншалықты ықпал жасағанын имам Шафиғи (һ. 204 ө. ) : «Халық тәпсірде Мұқатил ибн Сүлейменге (һ. 150 ө), өлеңде Зубайр ибн Әбу Сулмаяға (һ. 609 ө. ), ал ақида саласында Әбу Ханифаға мұқтаж», - деп көрсеткен [8, 255 б. ] . Ендігі кезекте имам Әбу Ханифаның өмірінде ақида мәселелеріне қатысты орын алған ғибратты оқиғаларына тоқтала кетейік.

Бір күні шектен шығушы рафизидің бірі имам Ағзамға келіп: «Адамдардың ең күштісі кім?», - деп сұрайды. Сонда ол: «Біз үшін әзірет Әли, ал сендер үшін әзірет Әбу Бәкір» деп жауап беріп, оның себебін әзірет Әли халифалықтың Әбу Бәкір сыддықта болу керектігін біліп, мойындап, соған табыстағандығын айтқан. Ал рафизилердің көзқарастары бойынша әзірет Әлиден халифалықты тартып алған Әбу Бәкір сыддық оларға ең күшті болуының себебін Әли билікті қолына алу үшін еш нәрсе жасай алмағандығы, - деп рафизидің аузына құм құйған екен [9, 103-104 б] . Хақ тағаладан ғана пана тілеушілерденбіз Харижиттер Куфаға басып кірген кезде имам Ағзам шәкірттеріне сабақ өтіп жатқан болатын. Әбу Ханифа шәкірттерін қорықпауға шақырып сабағын жалғастыра береді. Сол кезде харижиттер сабақ жүріп жатқан мешітке бас көктеп кіріп келіп: «Сендер кімсіңдер?», - деп сұрайды. Сонда имам именбестен, сасқалақтамастан: «Біз Құдыреті күшті Хақ тағаладан ғана пана тілеушілерденбіз.

Алла Тағала: «Егер мүшіріктердің бірі сенен пана тілесе, Алланың сөзін тыңдауы үшін оған пана бер. Сонан соң оны қауіпсіз оынға жеткіз» («Тәубе» сүресі, 6), - деген», - деп жауап бергенде харижиттер оларға тиіспей шығып кеткен екен [10, 161 б. ] .

Кейбір деректерге сәйкесінше, Имам Ағзам Әбу Ханифа Куфа халқының барлық еркектерін өлтіруді бұйырған харижиттік сенімдегі Даххак есімді басшысымен пікір таласқа түсіп, Куфалықтардың мұсылман екендігін дәлелдеген, осылайша қантөгістің алдын алған деседі. [9, 106 б. ] .

Тағы бір жолы мынадай бір оқиға орын алған екен. Харижиттер Сыффин оқиғасында әзірет Али мен Мұғауия (екеуіне де Алла разы болғай) арасындағы келіспеушілікке қатысты қазының берген пәтуасымен келіспейді. Ал қазының шешімін қабылдаған екі жақты да үлкен күнә істеді деп санайтын. Омеядтар заманында бас көтерген харижит Даххак ибн Қайс Куфа мешітіне шабуыл жасады. Олардың ойынша, харижиттерден басқа үкімге разы болған мұсылмандардың қанын төгу күнә саналмаса керек. Олар Әбу Ханифаның алдына барып Али мен Мұғауия арасындағы оқиғаға берілген үкімге разы болғаны үшін «Тәубе ет» дейтін көрінеді. Абу Ханифа оны айтысқа шақырып, харижиттердің бір адамын шақырып алып айтысқа төрелікке қойды да, қарсыласына қарап: «Сен осының сөзіне тоқтайсың ба? - деп сұрады. Харижит «иә» деген еді. Сонда Әбу Ханифа: «Міне, сен де біз құсап төрелікке разы болып отырсың, - дегенде Даххак аузына құм құйылып, мешіттен шығып кете барған екен [11, 151-152 б. ] .

Құдайды жоққа шығарушымен пікірталас

Құдайды жоққа шығарушы дахрилердің бір тобы имам Ағзамды өлтірмекке бекінеді. Жаман пиғылдарына жүзеге асырмақ ниетімен имам Ағзамның қасына баса көктеп кіріп келген дахрилерге ол: «Тоқтаңдар. Әуелі мына бір мәселенің басын шешіп алайық. Содан соң қалағандарыңды жасай беріңдер, - деп тоқтатады. Дахрилер ұсынысты қабыл алады. Имам Ағзам оларға: «Мына бір адамның жағдайы туралы не дейсіңдер?, - деп сұрақпен бастады да сөздерін әрі қарай былай деп сабақтады: «Ол сендерге буырқанған теңіздің ортасында, жал-жал толқындарға қарамастан, жүкке толы кеменің шебер басқарушысыз өздігінен, бағытынан жаңылмай жүзіп бара жатқан айтса бұл қаншалықты ақылға қонымды? Әрине ондай болуы мүмкін емес. Бұл ақылға сыймайды. Егер қарапайым бір кеменің басқарушысыз дүлейлі теңіздің ортасында өздігінен жаңылмай, батып кетпей жүзуі ақылға сыймаса, қалайша күн ғаламшарында аспан денелерінің бір-бірімен соқтығыспай, белгілі бір бағытта қозғалады?!. Ендеше, аспан денелерін мінсіз басқарып тұрған, бәрін білетін, бәріне құдіреті жететін Жаратушысыз өздігінен қозғалады деу де дәл солай қисынсыз. Имам Ағзамның уәжіне жығылған дахрилер не істерін білмей, райларынан қайтады [9, 107 б. ] .

Шектен шығудың жазасы

Имам Ағзамның үйі орналасқан көшенің бойында шектен шыққан бір шиит тұрады екен. Ол сүнниттерді мазақ ету үшін өз есектерін Әбу Бәкір және Омар деп екі халифаның атымен атаған екен. Күндердің бірінде есектердің бірі әлгі шиитті қатты теуіп өлтіріп қояды. Мұны естіген имам Ағзам: «Оны Омар деп атаған есегі теуіп өлтірген болар», - дейді. Құдайдың құдыреті имамның айтқаны айдай келіп, шиитті дәл сол есек теуіп өлтірген болып шығады [12, 76 б. ] .

Ол тегін адам емес

Қазақ халқының дана би-шешендерінің астарлап сөйлеп, жай ғана сөзбен даналық ойларды білдіретін данышпандары секілді тапқыр сөз бен жүйрік ойлылық имам Ағзамның өмірінде де көптеп кездеседі. Бір күні имам Ағзам мешітте отырғанда бір адам кіріп келіп: «Менің бір сұрағым бар, жауап бер, - дейді. Сосын имам ды күтпей өзі сөйлеп кетеді: «Жұмаққа кірем деп үміт етпеймін, әрі тозақтан қорықпаймын, көрмегеніме куәлік етемін, өлексенің етін жеймін, Құдайдан қорықпаймын. Рүкүғсыз, сәждесіз намаз оқимын. Ақиқатты жек көремін, бүлікті ұнатамын. Осыған пәтуаңды айт. Мұндай сорақылықты естіген имам ның жанындағы шәкірттері бұған қатты ашуланады. Бірақ имам оларға: «Бұл тегін адам емес, ғұлама болса керек, өте дана сөз айтты. Бұл адамның «Мен жұмаққа кіруді үміт етпеймін әрі тозақтан қорықпаймын» дегені жұмақтың Жаратушысы Алладан ғана үміт күтіп, тозақтың иесі бір Алладан ғана қорқатындығын меңзегені. «Көрмегеніме куәлік етемін» деуі оның Алла пен ақырғы пайғамбарын (с. а. с. ) көрмесе де иман еткенін білдіргені. «Өлексенің етін жеймін» деуі оның балық жейтіндігін айтқаны. «Құдайдан қорықпаймын» дегені Хақ тағаланың өзіне қиянат жасап, әділетсіздік таныптпайтындығын меңзегені. Себебі, құранда: «Кім игі іс істесе өзі үшін, жамандық істесе де өзіне. Алла пенделеріне әділетсіздік етпейді» [Фуссилат сүресі, 46-аят], - делінген. «Рүкүғсыз, сәждесіз намаз оқимын» деуі әрдайым пайғамбарымызға салауат айтып, жаназа намазын оқитындығын меңзегені (Өтйкені жаназа намазы рүкуғсыз және сәждесіз орындалады) . «Ақиқатты жек көремін» деуі үздіксіз Хақ тағалаға сыйынуды жақсы көргендіктен өзгенің бәрі жалған, хақ болған өлімді жек көретіндігін меңзегені. Өйткені Хақ тағала Құранда өлімнің келуін «шындық, ақиқат» деп атаған [Қаф сүресі, 19-аят. ] . Әбу Бәкір Сыддық бұл аятты «Шындықтың мастығы өлімде келеді» деп оқыған. Ал «бүлікті жақсы көремін» дегені бала-шағасы мен дүние-мүлкін меңзегені. Өйткені Алла Тағала: «Анығында мал-мүліктерің мен бала-шағаларың сендер үшін фитнә, (сынақ, алданыш) [«Тағабун» сүресі, 15; «Әнфәл» сүресі, 28], - деген. Себебі, бұлар дүниенің қызығы, адамға алданыш болады», - деп сөздің мәнін түсіндіріп берген екен [13, 26 б. ] .

Иман-ислам анықтамасы

«әл-Фиқһул-акбарда» және басқа да еңбектерде келтірілген деректерге орай, Әбу Ханифаның қөзқарасында «Иман тілмен айтып, жүрекпен бекітуден тұрады» [14, 10 б. ] . Иман толық саналу үшін бұл айтылғандардың біреуін елеусіз қалдыруға болмайды. Мәселен, құр тілімен ғана кәлима келтіріп, ділімен иланбаған екіжүзділердің және хазірет Мұхаммедтің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) шын пайғамбар екендігін біле тұра пайғамбарлығын мойындамаған әхлі-кітапты мүмин деп қабылдау керек еді. Анығында, Құранда ақиқатты мойындамауда табандап тұрып алған екіжүзділер мен әхлі-кітап кәпір ретінде қабылданған [«Мұнафиқун» сүресі, 1-аят, «Бақара» сүресі, 146-аят, «Әнғам» сүресі, 20-аят. ] . Бұған қоса, Құранда шындықты тілімен мойындаудың бір өтеуі ретінде, әхлікітаптан кейбіреулерінің жаннатпен сүйіншіленгендігінің білдірілуі [«Маида» сүресі, 85-аят. ] тілмен айтудың иманға қажетті талаптардың бірі екендігін көрсетуде [15, 201-202 б. ] .

Адамдар мақұлдау-мойындау тұрғысынан 3 дәрежеге бөлінеді: 1. Алла Тағаланы әрі Одан келген нәрселерді һәм тілімен һәм жүрегімен мойындайды; 2. Жүрегімен қабылдап, тілмен айтпайды; 3. Тілімен мойындайды, бірақ жүрегімен бекітпейді. Кім һәм жүрек һәм тілімен мойындаса, ол Алла Тағаланың әрі адамдардың алдында мүмин. Жүрегімен мойындап, тілімен айтпағандар Алланың алдында мүмин, адамдардың алдында кәпір. Бұл кісінің жүрегімен иланғанына қарамастан, тақия жасау арқылы, яғни өзіне келетін зияннан сақтану үшін иманын жасырып, тілімен күпірлікті айту жағдайына қатысты. Жұрт иманын жасырғандықтан, оны кәпір санағанымен Алланың алдында мүмин болып табылады. Ал тілімен айтып, жүрегімен бекітпегендер мұсылмандардың алдында мумин саналдғанымен, Алла Тағаланың алдында кәпір [16, 119-122 б. ] .

Әбу Ханифа «әл-Алим уәл-мутааллим» атты кітабында «Иман жүрекпен бекіту, мағрифат (дәлелмен білу) және оны тілмен айтудан тұрады. Ал Ислам - пенденің Алланы Жаратушы Ие деп танып, тілмен айтуы, Оған терең иманмен илануы. Бұлар сөздік тұрғыдан әр түрлі болғанымен, екеуінің мағынасы бір. Оның мағынасы - иман. Өз кезегінде Ислам «берілу» және Ұлық Алланың бұйрықтарына мойынсұнуды білдіреді» [17, 11 б. ], - дейді. «әл-Фиқһул-акбарда» сөздік тұрғыдан иман мен Ислам бір-бірінен бөлек дегенімен, имансыз Исламның, ал Исламсыз иманның мәні жоқ. Ал дін - иман, Ислам мен шариғаттардың барлығына берілген ортақ атау [18, 11 б. ] .

Осы мәселені анығырақ түсінуіміз үшін Әбу Ханифаның Жәхм ибн Сафуанмен әңгімесіне зер салайық. Бірде Жәхм Ибн Сафуан Әбу Ханифаға былай дейді:

- Уа, Әбу Ханифа, сенімен сөйлесетін бір-екі мәселелерім бар еді.

- Уақытымды босқа өткізгім келмейді. Сенімен айтысу өз еркіңмен отқа түсумен тең, - дейді оған Әбу Ханифа. Сонда Жәхм:

- Айтар сөзімді тыңдамастан, неге мен жайлы бұлай үкім бересің? - дейді.

- Сен жайлы небір сөздерді есіттім. Меніңше, мұсылман адам бұлай сөйлемес болар.

- Ел не демейді, жұрттың сырттай мен туралы айтқанына сеніп шешім қабылдауға бола ма екен?

- Сен жайлы айтылғандардың ел ішіне тарағаны сонша, халықтың білімдісі де, білімсізі де түгел естіген. Мен осыған қарап үкім беріп отырмын.

- Уа, Әбу Ханифа, мен сенен көп нәре сұрамаймын, тек иман жайында ғана сұраймын.

- Осы уақытқа дейін иманның не екенін білмеуші ме едің?

- Білуін білдім ғой, бірақ аздаған күмәнім бар. - Байқа, иманда күмән күпірлік болып саналады. - Күпірліктің маған қай жақтан келгенін айтуың керек.

- Сұра, айтайын. - Біреу Алланы біледі. Оның бір екенін, серігі мен теңі болмағанынан хабардар. Сипаттарын таниды. Бірақ, тілімен айтпастан қайтыс болады. Бұл адам мұсылман болып қайтыс болды ма, жоқ әлде кәпір болып қайтыс болды ма?

- Кәпір болды, жүрегімен білген нәрсені тілімен айтпаған адам тозақтық болады. - Алланы сипатымен біле тұра неге мұсылманға жатпайды?

- Оныңа да жауап берейін. Егер Құранға сенетін болсаң, Құранмен жауап берейін, ал егер Құранға сенбесең, оны дәлел ретінде санамайтын болсаң, мұсылман еместерге бергенімдей жауап берейін. - Құранға сенемін, оны дәлел ретінде қабылдаймын.

- Олай болса, тыңда. Алла Тағала Кітабында жүректегі иманды тілмен де қатар мойындау қажеттігін мына аяттарда білдірген: «Олар пайғамбарға түсірілгенді тыңдағанда шындықты танығандықтарынан көздерінің жасқа толғанын көресің. Олар: «Уа, Раббымыз! Иман келтірдік, бізді куә болушылардан жаза көр» - дейді. Аллаға, әрі өзімізге келген шындыққа неге иман келтірмейміз? Өйткені, Раббымыздың игі елдермен бірге етуінен үміт етеміз. Сонда Алла оларға бұл айтқан сөздері үшін астарынан өзен ағатын, сол жерде мәңгі болатын бақшаларды бағыштады. Жақсылықтың бодауы осы» [«Маида» сүресі, 83-84] .

Бұл аятта Алланы тану мен қатар тілдерімен де айтқандықтары үшін адамдардың жаннатқа кіргендіктері айтылған. Жүректерімен сеніп, тілдерімен растап отырғандары үшін мұсылмандардың қатарынан саналған.

Тағы бір жерде Алла Тағала: «Біз Аллаға, бізге түсірілген Құранға, әрі Ибраһим, Исмайл, Ысқақ, Жақып және ұрпақтарына, Мұса мен Исаға берілген нәрселерге, сондай-ақ, Раббылары тарапынан өзге пайғамбарларға берілген нәрселерге иман келтірдік. Әрі олардың араларын бөлмейміз және біз Аллаға бойсұнғандарданбыз» деп айтыңдар. Егер олар сендер секілді сенсе, онда рас тура жол табар еді» [«Әли Имран» сүресі, 84] деген.

Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) «Лә иләһә иллаллаһ» деп айтып, екі дүниеде де табысқа жетіңдер» дейді. Олай болса, табысқа жету жолы, тек Алланың сипаттарын танып қана қою емес, осы сөзді айтуда жатыр. Тағы бір хадисінде Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) «Кімде-кім Алладан басқа тәңір жоқ» десе, және жүрегінде де осындай сезім болса, тозақтан құтылады» дейді. Яғни, Алланы таныған тозақтан шығады демейді, тілмен айтқан шығады дейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Уахабилік ағымы
Сабуни ілімінің негіздері, ислам теологиясының ерекшеліктері
Ханафи мазһабының қалыптасуының діни-тарихи алғышарттары
Имам Матуридидің иманды түсіндіруі
Ислам ілімдерінің қалыптасуы және дамуы
Төрт мәзһаб имамдарының қысқаша өмірбаяны
ХАНАФИ МАЗХАБЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ БАСТЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Матуриди мәзхабының ерекшелігі мен әшария мазхабынан айырмашылы
Имам ағзам хақ діннің бастаушысы. Әл Фиқһул Әкбар
Сабуни іліміндегі таным және оның маңызы мен мәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz