Қазақ тілі сабақтарында ұлттық ойындарды қолданудың тиімділігі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ АТЫНДАҒЫ САРАН ЖОҒАРҒЫ ГУМАНИТАРЛЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІКМҚК

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Қазақ тілі сабақтарында ұлттық ойындарды қолданудың тиімділігі

0111000 Негізгі орта білім беру
0100000Қазақ тілі мен әдебиеті
0111013Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Саран қаласы-2021

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3 бет

І ТАРАУ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТЫ, ОЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН МЕКТЕП ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНДЕ АЛАТЫН ОРНЫ

1.1Қазақтың ұлттық ойындарының жалпы классификациясы мен олардың зерттелу тарихына шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4-5 бет
1.2Мектепте ұлттық ойындарды өткізудің тәрбиелік мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6-8 бет

ІІ ТАРАУ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ТИІМДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ

2.1Қазақ тілін оқытуда ұлттық ойындарды қолдану тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9-12 бет
2.2Қазақ тілі сабағын ұлттық ойындармен ұштастыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13-15 бет
2.3 Ұлттық ойын элементтерін сабақта пайдалану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ...16-20 бет

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21-22 бет
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ..23 бет

КІРІСПЕ
Тақырып өзектілігі: Қоғамымызда орын алатын басты мәселе - ұлттық тәрбие мен оқу үрдісін біріктіріп пайдалану. Балаға (этикалық, эстетикалық, адамгершілік және рухани) білім жүйесін ұлттық ойындарды ұштастыру арқылы білім беру.
Оқушы бойына халқымызға тән әдептілік, мейірімділік, қонақжайлық қасиеттерді ұлттық ойындар бойынша түсіндіріп, бойына сіңіріп жетілдіру. Ұлттық ойындарды сабақта қолдану баланың ой-өрісін жетілдірумен бірге, өз халқының асыл мұралары түсінігін қалыптастырып, кейінгі ұрпаққа жеткізе білу құралы.
Бірақ оны жүргізуге арналған нақты әдістемелік құралдар жоқтың қасы. Зерттеу жұмысымда қазақ тілінде жазылған ұлттық ойындар туралы әдебиеттер қолдандым. Соның нәтижесінде қазіргі таңда тақырыптың өзектілігі туындап отыр.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақ тілі сабағында ұлттық ойындарды өткізу барысында тиімді тәсілдерді пайдаланып, балалардың ой-өрісін дамыту жолдарын көрсету.
Курстық жұмыстың міндеттері: мектеп оқушыларына қазақ тілі сабағында ұлттық ойындарды пайдалануға байланысты әдістеме тұрғысында төмендегідей міндеттер қойылды:
ұлттық ойындарды сабақта қолданудың өзіндік ерекшеліктерін айқындау;
ұлттық ойындарды қазақ тілі сабағында оқытудың дидактикалық және әдістемелік мақсат-міндеттерін талдап көрсету;
оқушыларға ұлттық ойындарды дұрыс қабылдай білуге үйрету;
ұлттық ойындарды жеңілден - ауырға, түсініктіден-түсініксізге, жалқыдан-жалпыға қарай деген дидактикалық принципті ұстаным ету.
Курстық жұмыстың әдіс-тәсілдері: Зерттеу, жинақтау, жүйелеу.
Курстық жұмыстың ғылыми болжамы: Кейбір орта мектеп мұғалімдері мен жоғарғы оқу орны филология факультеті студенттеріне Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнін оқытуда, Сабақта ұлттық ойындардың орны тақырыбында арнайы курс, арнаулы семинарларда пайдалануға болады. Зерттеу нәтижелерін педагогика, психология пәндерінде, мектепте пән үйірмесін құруда қосымша көмекші құрал қызметін толық атқара алады деп есептейміз.
Курстық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі тарау, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І ТАРАУ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТЫ, ОЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН МЕКТЕП ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНДЕ АЛАТЫН ОРНЫ
1.1 Қазақтың ұлттық ойындарының жалпы классификациясы мен олардың зерттелу тарихына шолу.
Халық педагогикасының адам, отбасы, өскелең жас ұрпақты тәрбиелеу туралы арман-мақсаттарын, орныққан пікірлерін, ұсыныстарын қамтып көрсететін педагогикалық идеялар мен салт-дәстүрлері өткен мен қазіргінің арасындағы байланысты көрсетеді. Ол тарихи даму барысындағы әлеуметтік мәні бар ақпаратта (білім, білік) т.б. жиналып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады.
Ең алдымен, халық педагогикасы өскелең ұрпақтың еңбек пен өмір сүру бейнесінің негізі болып, оларды келешектегі қызметіне дайындайды. Біздің халықтық педагогикада еңбек тәрбиесі өте ертеден бастау алады. Еңбек адамның қалыптасуы мен тәрбиеленуінде бір ұрпақтан екінші ұрпаққа өмірлік тәжірибе береді және халықтың даму барысында шешуші роль атқарады. Еңбек ету кезінде адамның дене, ақыл-ой, эстетикалық дамуы мен еңбек тәрбиесі қатар жүреді.
Халықтық педагогиканың ең бір көне тиімді құралдарының біріне ойын жатады. Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді. Сөйтіп, өзінің өмірден байқағандарын іске асырып, қоршаған ортада адамдардың іс-әрекетіне еліктейді. Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Мысалы, қазақтың ұлттық ойындары: Бәйге, Көкпар, Алтын сақа, Хан талапай, Қыз қуу, т.б. ойындар балалардың ізденуге, білуге деген қызығушылы мен қабілеттерін арттырады.
Ойын дегеніміз - адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе. Ұлы педагог В.И.Сухомлинский: Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, творчествосыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды, дейді. Демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы баии түседі.
Оқу үрдісінде ұлттық ойын элементтерін пайдалану сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай алынады. Сонда ғана оның танымдық, тәрбиелік маңызы арта түседі. Оқушыларға әсіресе, Сиқырлы қоржын, Көкпар, Асық секілді ұлттық ойындарға қатыстыру өте тиімді екеніне көз жеткізу қиын емес. Бұл ойындарды жаңа материалды бекіту немесе қайталау кезінде қолдану керек деген пікір бар. Оқушы ойынның үстінде не соңында өзінің қатысу белсенділігіне қарай түрлі баға алуы мүмкін. Мұғалім әр оқушының еңбегін бағалап, ынталандырып отыруы керек. Ойынның тәрбиелік маңызы мынада: ол баланы зеректікке, білгірлікке баулиды.
Бабаларымыздың асыл қазыналарына деген көзқарасын құрметтеуге сөз әсемдігін сезінуге үйретеді. Батылдыққа, өжеттікке тәрбиелейді. Ендеше қазақ тілі сабағын ұлттық ойындар арқылы сабақтастырып түсіндіру пән тақырыптарын тез, жылдам меңгеруге ықпал етеді. Оқушының сөздік қорын байыта түседі.
Халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі, аса көрнекті жазушы М.Әуезов: Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын деген менің түсінуімше көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған, - деп тегіннен тегін айтпаса керек. Е.Сағындықов өз еңбегінде: Қазақтың ұлт ойындары тақырыпқа өте бай және әр алуан болады, - дей келіп, ұлт ойындарын негізінен үш салаға бөліп топтастырған. Ә.Диваев Игры киргизских детей атты еңбегінде тарихта алғаш рет қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырады. М.Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінен бастау алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, қазақ тәрбиесінің негізгі элементі деп тұжырымдайды. Кезінде ұлттық ойындарды зерттеген авторлар қатарында М.Тәнекеев, Б.Төтенаев, М.Балғымбаев, Ә.Бүркітбаев, т.б. есімдерін атауға болады.
Қай халықтың болмасын, оның ұлттық ойындарының белгілі бір мақсаты мен әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан ерекше қасиеттері болады.
Қазақ балаларының ұлттық ойынына тоқталғандардың бірі - орыс ғалымы А.Алекторов. Мәселен, оның О рождении и воспитании детей киргизов, правилах и власти родителей атты еңбегін атауға болады. Автор бұл еңбегінде көшпенді қазақ халқының өмір сүру салтындағы баланың дүниеге келген сәтінен бастап өсу динамикасына дейін ұлттық ойын мен қимыл-қозғалыс әрекетінің алатын орны және балғындардың денсаулығы мен дене мүшесінің қалыптасып дамуындағы жеке халық ойындарының қажетті жақтарын ашып көрсетеді. Қазақтың белгілі ғалым ағартушылары А.Құнанбаев, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин халық ойындарының балаларға білім берудегі тәрбиелік мәнін жоғары бағалап, өткен ұрпақтың дәстүрі мен алтын құрметтеп, адамдардың ойы мен іс-әрекетін танып түсінуде жастардың эстетикалық, адамгершілік ой талабының өсуіне оның атқаратын қызметін жоғары бағалады. Ұлттық ойындар халық тәрбиесінің дәстүрлі табиғатының жалғасы. Ежелден дәстүрлі ойындарда халықтың өмір сүру әдісі, тұрмыс-тіршілік еңбегі, ұлттық дәстүрлері, батырлық-батылдық туралы түсінігі, адалдыққа, күштілікке ұмтылуы, шыдамдылық, т.б. құндылықтарға мән берілуі - халық данышпандығының белгісі.
Кеңес дәуірі жылдарында қазақтың ұлттық дәстүрлі халық ойындары күн тәртібіндегі өзекті мәселе болғанына қарамастан, сол тоталитаризм кезінде дәстүрлі ұлттық ойындарды зерттеген авторлар қатарында М.Тәнекеев, Б.Төтенаев, М.Балғымбаев, Ә.Бүркітбаев, т.б. есімдерін атауға болады. Әсіресе М.Тәнекеевтің қазақтың ұлттық және дәстүрлі ойындарын зерттеген деректерінің өзі жеке мәселе. Аталған авторлар қаламынан халықтың этнопедагогика мен ұлттық ойындар арасындағы байланыс және ойындардың ертеңгі болашаққа керекті қасиеттілігін зерттеген басқа да қомақты ізденістер дүниеге келді.
Сонымен түйіндеп айтарым, қазақтың ұлттық ойындарының басқа халықтардың ұлттық ойындарынан айырмашылығы - оның шығу, пайда болу тегінің ерекшелігіне, өзіндік мағынасына байланысты белгілі бір тәрбиелік мақсат бірлігін көздейтіндігі.
1.2 Мектепте ұлттық ойындарды өткізудің тәрбиелік мәні
Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма? - деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Халқымыз ойындарды тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, олардың мінез-құлқының қалыптасу құралы деп ерекше бағалаған.
Қазақстан Республиасының Білім туралы Заңында: білім алушылар мен тәрбиелеушілер, педагог қызметкерлер мен ересектер арасында әр түрлі: спорттық жарыстар, ұлттық ойындар, семинарлар, конференциялар сондай-ақ, іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу көрсетілген. Демек, қазақтың ұлттық ойындары сауықтық жағынан ғана емес, ол-спорт, ол- өнер, ол- шаруашылық тәжірибелік маңызы бар тәрбие құралы.
Ұлттық ойындардың адамға тигізетін пайдасын халық ертеден-ақ білген. Ойындар атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып, халықтың дәстүрлі шаруашылық, мәдени, өнер тіршілігінің жиынтық бейнесі әрі көрінісі болған. Балалар ойын ойнаған кезде ерлікті, өжеттікті, батылдықты, шапшаңдықты сонымен қатар, мінез-құлық ерекшеліктерін, білек-күшін, дененің сомданып шынығуын қалыптастырады. Сондықтан ұлттық ойындарды оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану қоғамымыздың ұлттық идеологиясын нығайтудағы өзекті мәселелердің бірі.
Бүгінгі жас ұрпаққа үлгілі, өнегелі тәрбие беру - қазіргі қоғамның басты міндеттердің бірі. Ұлттық ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді, өзінің өмірден байқағандарын іске асырып, қоршаған адамдардың іс-әрекетіне еліктейді.
Е.Мұхиддинов қазақтың ұлттық ойындарын дамыған қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық құрылыммен байланысты қарастырады. Қазақтың ұлттық ойындарының басқа халықтардың ұлттық ойындарынан айырмашылығы - оның шығу, пайда болу тегінің ерекшелігіне байланысты белгілі бір тәрбиелік мақсат бірлігін көздейтінінде деп негіздеме береді.
Ұлы ғалым, философ Әбу Насыр Әл - Фараби: Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі, - деген екен. Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті ойын арқылы байқалады, сондықтан да оның мәні де ерекше болып табылады.
Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін ойындар. Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам. Бұл ойындардың көбісінің ежелден қалыптасқан арнайы өлеңдері бар. Өлеңдер ойынның эстетикалық әсерін арттырып, балалардың өлең-жырға деген ыстық ықыласын оятып, көңілін көтереді, дүниетанымын арттырып, еңбекке баулиды, ширықтырып, шынықтырады. Ұлттық ойындардың қысқаша мазмұнын былай бейнелеуге болады:
Ақшамшық (сақина салу) - қазақ халқының ерте заманнан келе жатқан дәстүрлі ойыны. Оны халық арасында Сақина салу, Сақина тастау деп те айтады. Ойынға он-он бес адам қатысып, ортаға бір жігітті немесе бір қызды шығарып, қолына сақина ұстатады.
Теңге алу - жерде жатқан теңгені атпен шауып келе жатып іліп алу - үлкен ептілікті, ат құлағында ойнайтын шабандоздық тәжірибені қажет етеді. Теңгені жерден іліп алғандарға бәйге беріледі.
Қыз қуу - бұл ұлттық ат спорты ойыны. Қыз қуу жарысында атқа мінген жігіт атпен шауып бара жатқан қызды қуып жетіп, оның бетінен сүюі керек.
Көкпар - ұлттық ат ойыны. Этнографтардың айтуынша, әуелгі атауы көк бөрі сөзінен шыққан. Бұрындары мал баққан көшпелі қазақ көк бөріні соғып алғанда, өлігін ат үстінде сүйреп, бірінен бірі ала қашып, өздерінше ойынның бір түрін ойлап тапқан. Уақыт өте келе көкпар ұлттық ойынға айналған.
Күміс ілу - бұл ойын ептілікті, атқа жақсы отыруды талап етеді. Келін түсіру, қыз ұзату салтанатында қалыңдық орамалға түйіп, өзінің күміс шолпысын, әйтпесе жүзігін тастайды. Сондықтан да кей аймақта бұл ойынды жүзік ілу деп атайды.
Бәйге - бұл жарыстың бірнеше түрі бар. Олар: аламан бәйге, тай жарыс, құнан бәйге, топ бәйге. Бәйге жарысы, негізінен, жазық жерлерде өткізіледі. Көмбеге алғаш озып келген шабандоз жеңімпаз атанып, сыйлыққа ие болады.
Асық ойыны - қыз-бозбалалар ойыны. Жазғы айлы түнде ойнаған. Әдетте, қойдың жілігі немесе жауырыны, жамбасы пайдаланылған. Ойын жүргізуші ойыншыларды екі топқа бөледі. Сөйтіп, алдын ала әзірленген сүйекке белгі салып алған соң, оны алысырақ барып лақтырады. Кейде екі топтың мүшелері кезектесіп те лақтырады.
Ақсүйек - жазғы айлы түнде ойнаған. Әдетте, қойдың жілігі немесе жауырыны, жамбасы пайдаланылған. Ойын жүргізуші ойыншыларды екі топқа бөледі. Сөйтіп, алдын ала әзірленген сүйекке белгі салып алған соң, оны алысырақ барып лақтырады. Кейде екі топтың мүшелері кезектесіп те лақтырады.
Этнограф-ғалымдардың зерттеулеріне жүгінсек, қазақтың ұлттық ойындары аңға, малға байланысты, алуан түрлі заттармен ойналатын, зеректікке, ептілік пен икемділікке, батылдыққа баулитын ойындар деп бірнеше түрге бөлінеді. Қайсыбір ғалымдар қазақ халқының ұлттық ойындары түрінің жүзден асып жығылатынын айтады. Мұның өзі қазақ халқының ежелден-ақ айрықша дарынды білімді болғанының дәлелі. Тағы бір ерекшелігі, ұлттық ойындардың, әсіресе, жасөспірім балаларға арналған түрлері әдетте өлеңмен өрнектеліп те отырған. Өлең-жыр арқылы ата-бабаларымыз ойынның эстетикалық әсерін арттырып қана қоймай, бүлдіршіндердің өлең-жырға деген ықыласын оятып, дүниетанымын арттыра білген. Тіпті қайсыбір ойын арқылы жас ұрпақты еңбекке баулып, шынықтыруды мұрат еткен. Демек, халқымыз ұлттық ойындар арқылы жастарды өмір сүруге дағдыландырып, қиындыққа төзе білуге, қиын сәттен жол таба білуге машықтандыруды басты мақсат еткен. Мысалы, Аламан бәйге, Аударыспақ, Арқан тарту ойындары адамды төзімділікке үйретуге, ерік-жігерді игере білуге, білек күшін дамытуға бағытталған. Хан дойбысы ойын түрлерін спорттық, Хан талапай, Төрт асық, Атпақыл, Қақпақыл, Омпы, Сасыр ойындары дәлдікті ептілікке, серіктесті таба білуге, онымен тіл табысуға үйретеді. Ойында адам қарсыласының әлсіз және күшті жақтарын дұрыс анықтауға ерекше мән береді. Оның күш қабілетін тура бағалау ережесіне енеді. Халқымызда ұлттық қозғалмалы ойындардың түрі кең таралған. Қозғалмалы ойындар төрт топқа бөлінеді:
- табиғи заттарды қолданып ойнайтын ойындар: асық, бестас, лек жалау, сиқырлы таяқ, бақай пісті, жылмаң т.б.;
- жануарлар бейнесін елестетіп ойнайтын ойындар: соқыр теке, түйе-түйе, ақ байпақ, көк сиыр және т.б.;
- мүліктік бұйымдарды қолданып ойнайтын ойындар: шалма, бөрік жасырмақ, түйілген шыт, тақия телпек, белбеу тастау, орамал тастау, т.б.
- құрал-жабдықсыз ойнайтын ойындар: айгөлек, ақсерек-көксерек, шымбике, мәлке тотай, тоқтышақ, шертпек, жасырынбақ, бұғынай, т.б.
Ойын өнердің түріне, топты ұйымдастыру тетігіне айналды. Содан ойын өнері ұлттың әдеп-ғұрпының қалыптасуына, сақталуына үлкен ұйытқы болды, ықпал етті.
Қорыта айтқанда ұлттық ойындар - салауатты өмір салтын мұрат тұтқан арманшыл, елі мен жерінің қамын ойлайтын, ұлтқа тән барлық қасиетті қадір тұтатын, дара тұлға - жаңа адамды тәрбиелеп шығарудың маңызды құралы. Сабақ барысында немесе сабақтан тыс кезде баланы ұлттық ойын арқылы өмірге тәрбиелеу үздіксіз процестің жалғасы. Халықтың ұлттық ойындары - жас ұрпақтың қалыптасып өсіп-өнуіне әсер ететін факторлардың бірі және дәстүрлі мәдениетіміздің бір бағыты. Ойын - дене қозғалысы, шыныққан денесінің шеберлігі, көңіл көтеру, дем алу, бас қосып бірлесіп әдет-ғұрыпты жалғастыруға үндесу. Шаруашылықтан бос кезде той-думан мен ойын-сауықтар жиі атқарылады. Мектеп оқушыларына дене күшін, қозғалыс дағдыларын дамытуға байланысты ұлттық ойындар түрлері физиологиялық, психологиялық тұрғыдан қазіргі заман талабына сай ары қарай дамытуды қажет етеді. Мектепте оқушыларға ұлттық ойындардың құндылығын насихаттаумен қатар, оларды қолданудың озық тәжірибелерін жинақтау және дамыту керек.
Ұлттық ойындар - ата-бабамыздан бізге жеткен мұра сияқты өткен күн мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз, өнеріміз. Сондықтан оны үйренудің, күнделікті өмірде пайдаланудың пайдасы орасан зор.
Ойын баланың денесін, тұлғасын жетілдіріп, дамытып, қоймайды. Сонымен бірге ақыл-ойын, ұлттық рухын, сана-сезімін, намысында қалыптастыратын тәрбие құралы.
Баланы - ойын өсіреді. Ойынға қатыспаған бала әлжуаз, қорқақ, өз күшіне сенімсіз, бос кеуде, қиыншылыққа мойығыш болып өседі. Ойында тәрбиелік мәнге ие ұлттық көптеген этнопедагогикалық элементтері жетерлік.

ІІ ТАРАУ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ТИІМДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ
2.1 Қазақ тілін оқытуда ұлттық ойындарды қолдану тиімділігі
Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды дегендей, жас ұрпаққа саналы, мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы. Тілдің адам өміріндегі ең шешуші роль атқаратыны әркімге де түсінікті. Ол танудың, түсінудің, дамудың құралы. Көп тіл білу біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғалық және мәдени аралық қарым-қатынастардың аса маңызды құралы болып табылады. Әр жасөспірімнің қалыптасып дамуына, өздері күнбе-күн өмірден сезінетін, еститін, көретін заттары мен құбылыстары, оқиғалары үлкен орын алады. Соның ең негізгісі - қазақтың халықтық педагогикасы. Қазақ халқының сан ғасырлар бойы жинақтаған мол тәжірибесін, танымдық мұрасын, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, аңыз ертегілері, жұмбақ, мақал-мәтелдер, өлең-жырлары, ұлттық ойындары ерекше тәрбиелік мәні бар баға жетпес асыл қазына.
Халқымыздың тілін, тарихын, ұлттық дәстүрін, ата салтын ұмыта бастаған бүгінгі ұрпақты тәрбиелеуге ат салысу жалпы ұлтымыздың міндеті. Қазақ тілі пәнін оқытуда мазмұны қазақ халқының ұрпақ тәрбиелеудегі өмір тәжірибесінен, салт-дәстүрінен, шаруашылық жүргізу тәсілдерінен, сондай-ақ ұлттың табиғи, экономикалық, экологиялық ерекшеліктерімен көрініс бере отырып оқытқан тиімді. Халқымыздың асыл қазынасын тиімді пайдалану, оның салт-дәстүрі мен мәдениетіне құрметпен қарауға үйретуі сөзсіз.
Халықтық педагогиканың бір саласы - ұлттық ойындар. Қазақ халқының ұлттық ойын түрлерін өтетін тақырыпқа лайықтап пайдалану - тасада қалып келген дәстүрлерімізді қайта жандандырып, ұрпақтар бойына сіңіруге үлкен көмегін тигізеді. Сонымен бірге оқушылар халқымыздың өткен тарихына ойлы көз тастап, қарым-қатынасты, салт-дәстүрлерді саналы түрде сезінеді. Ойын - теориялық жағынанда, практикалық жағынан да, мектепке дейінгі педагогика саласында күрделі мәселелердің бірі. Бала ойын арқылы ақыл-ойын дамытып, күш-жігерін жаттықтырып, қоршаған заттар мен құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып, еңбек дағдысына үйрене бастайды.
Ұлттық ойынды көбіне қайталау, қорытынды сабақтарда ғана қолданамыз. Мұндағы күтілетін нәтиже - оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және әр тақырыпты жете меңгерту. Осы орайда ұлттық ойындарды өткізе отырып, халқымыздың әдет-ғұрып, мәдениетімен жете таныстыру мақсаты да басты назарда болмақ.
6-сыныпта Сөздің жасалуынан өткенді қайталау тақырыбын өткенде Көршіңмен татусың ба?, Сан есімді өткенде Ақ серек, көк серек, Белгісіздік есімдігін өткенде Сақина тастамақ, 5-сыныпта Омоним, синоним, антоним тақырыптарын өткенде Ханталапай, 7-сыныпта Етістіктің шақ түрлерін қайталау, Еліктеуіш сөздерді талдау тақырыптарын өткенде Қоржын той - ұлттық ойындарын қолдануға болады.
Балаларды ұлттық ойындармен таныстырып, қызығушылықтарын арттыру үшін әр сабақ тақырыптарында ұлттық ойындардың элементтерін ойын түрінде көрсетіп, қызықтырып отыруымыз керек. Себебі өзге ұлт өкілдері қазақтың ұлттық ойындары туралы жоғарғы сыныптарға барғанда ғана мағұлмат алады. Егер де бастауыш сынып кезінде қазақтың ұлттық ойындарының аты, ойналу шарттары жайлы құлақпен естіп, көзбен көріп, ойнап жаттықса, жоғарғы сыныптарға барғанда оқушылар ұлттық ойындар туралы мәліметтерді жедел қабылдап, жеңіл меңгеретін болады.
Оқу үрдісінде ақпараттық қатынастық технология құралдарын қолданудағы мақсатымыз баланың танымдық қызығушылығын қалыптастыру болып табылады. Балаларда танымдық қызығушылықтың болуы - олардың сабақта белсенді, білімінің сапалы болуына, оқуға жағымды түрткісін қалыптастыруға, оқыту үрдісінің тиімділігін арттыруға, белсенді өміршең позицияны ұстауға мүмкіндік береді. Енді осы ойын түрлерін ақпараттық технология арқылы тақырыпқа сай өзгертіп қарастырып көрейік:
Бәйге. Үш қатардан үш оқушы (үш қатарды үш топ ретінде қатыстыруға болады) ортаға шығып, мұғалімнің жасырған жұмбақтарын шешулері тиіс. Белсенді, дұрыс жауап берген оқушы жеңімпаз атанады.
Теңге алу. Сан есімді өткенде ұлттық ойынды байланыстыра отырып, әр теңгенің астына суретті есеп бердік. Берілген есептің жауабын тауып, қазақ тілінде айтуы керек. Мысалы, екі алма қосу бір алма тең болады үш алма
Соқыр теке. Сын есімді өткенде бұл ойынды ойнатуға болады. Ойын есте сақтау қабілетті дамытуға көмектеседі. Интерактивті тақтада берілген суреттердің орналасу ретін есте сақтап, мұғалім жасырған суретті табуы керек. Мұғалімнің белгісімен оқушылар көздерін жұмып, белгімен ашуы тиіс. Мысалы, кез келген ойыншықтың суретін сандықтың артына жасырады, оқушылар қай ойыншықтың суреті жасырылғанын және де сол ойыншықтың түсі қандай, құлағы ұзын ба, құйрығы бар ма деген сұрақтарға жауап бере отырып, суреттеп береді.
Ханталапай. Біз оны көз тартымды суреттер арқылы безендіріп, балаларды әдемілікке тәрбиелегіміз келеді. Интерактивті тақтада суреттер беріледі. Мұғалім оқушыларға суреттерді бір уақытта ашып көрсететінін ескертіп айтады. Оқушылар бейнеленген суреттерді естеріне сақтап, аталған сурет қай асықтың артында жасырынғанын табу керек. (Мысалы, мұғалім оқушылардан пілдің суреті қай асықтың артында жасырынғанын сұрайды, оқушылар өз жауаптарында асықтың орналасқан тұсын толық әрі нақты айтып беру керек, яғни жоғарыдағы екінші асық)
Қыз қуу ойыны. Оны қозғалыс ойындарымен байланыстырып, қалам арқылы жылжытып көз алдарында кімнің жеңгенін байқайтындай етіп ойнауға болады. Ортаға бір қыз бала және ұл бала шығып өзара тақырып бойынша алған білімдерін ойын арқылы көрсетеді. Интерактивті тақтада бейнеленген ойыншық түрлерін ұл бала қазақ тілінде атауы керек. Белгіленген мәреге жеткенше дұрыс жауаптар беру керек. Мысалы, қыз бала ойыншық атауын орысша атап, қалам арқылы ат үстінде отырған қыз бейнесін алдыға жылжытады, ал ұл бала сол аталған ойыншықтың атауын қазақ тілінде атап, ат үстінде отырған баланың бейнесін жылжытады. Осы тұста мұғалім ойынды күрделендіріп, сөзден сөз тіркесін, сөз тіркесінен сөйлем құрастыруына болады. Ұлттық ойын элементтерін сабақтың кез-келген бөліміне шеберлікпен кірістіріп отыруға болады. Мысалы қорытынды бөлімге Білім ұяшықтарын пайдалануға болады.
Белгіленген сұрақтарға жауап беру керек:
1. Ипподромда өткізілетін ұлттық ойындардың бір түрі;
2. Бұл - есеп ойыны, 18 ұяшығы бар;
3. Егер жігіт қуып жете алмаса, қыз жігітті қамшымен ұрады;
4. Ойынға бірнеше асық алынады, оның біреуі хан болуы керек;
5. Ойыншы атпен шауып келіп, жердегі сыйлықты алуы тиіс.
Рефлексия бөліміне:
Сақина тастамақ және теңге алу ойынымен байланыстырып, осы кестеге бүгінгі сабағымыздың қай кезеңі ұнағанын белгілеп шығайық. (интерактивті тақтада сақина және теңгенің суреттері болады. Оқушылар бір-бірден шығып, сақина мен теңгені ұнаған тапсырмасының астына тізбектеп жинайды.)
Бүгінгі күні уақыт алға жылжыған сайын қоғамның даму қарқыны ұстаздар еңбегін есепсіз ауырлатып, оның өз басының даярлық дәрежесіне, оқыту шеберлігіне, методикалық әдіс-тәсілдерді ұтымды қолдана білуіне талапты күшейтті. Қазіргі мұғалімдердің алдында тұрған міндет - оқушыларды сабаққа ынталандыра білу, сол арқылы әр тақырыпты жете түсіндіру. Ал оқушыны сабаққа қалай ынталандыруға болады? Бұл сұрақтың бір ғана нақты жауабы бар: ол тек сабақ қызықты өткенде ғана. Күнделікті сабаққа ұстаздар арасына кеңінен тараған тағы бір әдіс - ойын элементтерін пайдалану. Қазақ тілі сабақтарында грамматикалық ойындар оқушының сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттыруда, шығармашылық қабілетті дамытуда өте тиімді екендігі мәлім. Бала белсенділігі ойын үстінде танылады. Жақсы ойынға бар ынтасымен берілген бала, алуан мәлімет, дағды мен шеберлікті меңгереді. Алайда, ойынды үнемі пайдаланамыз десек, артық айтқанымыз болар еді. Ойынның белгілі бір уақыттарда жүзеге асырылып, сабақ кезеңдеріне нұқсан келмейтіндей жымдасып жатуын көздейміз. Ұлттық ойынды көбіне қайталау, қорытынды сабақтарда ғана қолданамыз.
Кейінгі кездерде сабақтарға ұлттық ойындарды кіргізіп жүрміз. Алдымызға қойған мақсатымыз: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және әр тақырыпты жете меңгерту. Осы орайда ұлттық ойындарды өткізе отырып, халқымыздың әдет-ғұрып, мәдениетімен жете таныстыру мақсаты да басты назарда болмақ. Сол себептен де өз сабақтарымда ұлттық ойындарда қолдануды әдетке айналдырдым. 5- сыныпта Омоним, синоним, антоним тақырыптарын өткенде Хан талапай, 7-сыныпта Етістіктің шақ түрлерін қайталау, Еліктеуіш сөздерді талдау тақырыптарын өткенде Қоржын той - ұлттық ойындарын қолданып, сабағымды қызықты, тартымды өткізе білдік.
Енді, 7- сыныпта Етістіктің шақтарын қайталау кезінде Көкпар ойынын қалай өткізгенімді айтып берейін.
Сабақтың тақырыбы: Етістіктің шақ түрлерінен өткенді қайталау.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Нақты мысалдар келтіре отырып, етістіктің шақ түрлерінен өткенді қорытындылап, оқушылардың теориялық білімдерін сарапқа салу.
ә) Дамытушылық: Шығармашылықпен жұмыс істей отырып, сөйлеу тілін дамыту. Сұраққа жауап беріп, оқушылардың өз ойларын жеткізе білуге үйрету.
б) Тәрбиелік: Ана тілін қастерлеу, өз ұлтының ерекшелігін таныту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Көрнекілігі: 1. Нөмірленген асық салынған қоржын.
2. Ою-өрнек (сұрақ - тапсырмалар жазылған)
3. Етістіктің шақтары, плакат, таблица.
4. Қамшы.
5. Топ аты жазылған көрсеткіш тақталары
6. Секунд өлшегіш
7. Ұпайды көрсетуге арналған плакат Шығамын білім шыңына.
8. Слайд арқылы қазақтың ұлттық ойындарын көрсету.
Техникалық құрал: магнитофон.
Сабақтың түрі: Көкпар сабақ
Құрылысы: Зерделілер сайысы.
Әдісі: Сұрақ-жауап, сұрақ-тапсырмалар, топ жетекшілер сайысы, сөйлем талдау, шығармашылық жұмыс.
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушыларды түгендеу.
3. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІ. Көкпар сабақ.
1. Ойынның шарты түсіндіріледі де, топты бөлінеді. Рауан, Дидар.
2. Қоржыннан топ жетекшілері көрсетілген нөмірге байланысты асық алып, карточкадағы сұрақты топ мүшелерімен ақылдасады.
1-минуттың ішінде дайындалып жауап беруге тиіс. Сөз сұрарда қамшы көтеріп белгі береді. Егер жауап дұрыс болмаса, не жеткілікті болмаса, қарсылас команда қосымша айтуға болады. Осылайша әр команда ұпай санын жинайды, ол плакаттағы Шығамын білім шыңына қалтасына салынып көрсетіледі. Әділқазылар берілген жауапқа байланысты ұпай санын жинап, жеңімпаз топты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дидактикалық ойын арқылы оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту
Қазақ халқының ұлттық ойындарының зерттелуі
Бастауыш сыныптардағы қазақ тілі сабақтарында грамматикалық ойындарды қолданудың әдістемесі
Дидактикалық ойындардың тәрбиелік мәні
Шетел тілін оқыту әдістемесі
Ағылшын тілі сабақтарында ойын әдісі арқылы оқушылардың коммуникативті біліктілігін дамыту
Қазақ тілі сабақтарында қолданылатын грамматикалық ойындар
Мектепте музыка пәнінің тәрбиелік маңызы
Қазақ тілі сабағында оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыруда дидактикалық ойындардың ролі
Қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды қолдану
Пәндер