Оқытудың жалпы мақсатын қою
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстандағы білім берудің негізгі мақсаты - мемлекеттегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың қазіргі заман талаптары мен оның дамуының негізгі бағыттарына сай келетін жаңа сапаға жету. Ал экономика мен қоғамдық өмірдегі өзгерістердің дамуы білім беру жүйесінің мәнісі мен негізі болып табылатын тұлғаға жаңа талаптар қояды. Осы талаптардың негізгілеріне талапкерлік, жауапкершілік, өзгеріп жатқан жағдайларға бейімделушілік, болашақ мамандықты түсіну мен таңдау қабілетінің болуы және оған дайын болу жатады.
Бүгінгі күні орта білім берудің негізгі қозғаушы күштері деп жалпы білім беретін мектептерде жаңа инновациялық оқыту технологияларын жаппайы енгізуді айтуға болады.
Орта мектеп курсында пәндерді оқыту кезінде оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру мақсатында жаңашыл инновациялық технологияларды қолдану мәселесімен отандық педагог-ғалымдарымыз М.Ж. Жадрина, Е.А. Ушуров, Р.С. Омарова, К.У. Қонақова, С.Д. Мұқанова, М.Р. Көпжасарова, С.А. Тәжібаева және т.б. айналысуда.
Оқыту үрдісінің психологиялық-педагогикалық мәселелерімен А.Е. Голмшток, Е.А. Климов, Л.И. Божович, Е.П. Ильин және т.б. айналысты.
Еліміздегі саралап және тұлғаға бағыттап оқыту көзқарастары А.Е. Әбілқасымова, Ә.К.Қағазбаева, Ж.А.Қараев және т.б. еңбектерінде кеңінен қарастырылады.
Химия пәні бойынша мектептегі білім беру үрдісін жаңа қөзқарас тұрғысынан Қ.А.Аймағамбетова қарастырса, химиялық білім мен тәрбие беру мәселелерін теориялық тұрғыдан негіздеп, оған ғылыми-әдістемелік талдауды И.Н.Нұғманов, Ж.Ә.Шоқыбаев, У.М.Маканов және С.Ж. Жайлаулар жасады. Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыру мәселесінде Н.К. Ахметовтың, ал бейінді оқыту жағдайларындағы мектеп пен ЖОО-дары арасындағы байланысты анықтауда К.А. Сарманова, Қ.О. Шайхеслямова еңбектерінің маңызы зор.
Жоғарыда көрсетілген қайшылықтарды шешудің тиімді жолдары мен әдістерін іздестіру мақсатында диссертациялық жұмыс тақырыбын Сыни тұрғыдан оқыту технологиясын химияны оқыту үрдісінде қолдану жолдары деп таңдадық.
Зерттеудің мақсаты - орта мектеп химиясын оқыту үрдісінде сыни тұрғыдан оқыту технологиясын қолдану.
Зерттеу нысаны - орта мектепте химияны оқыту үрдісі.
Зерттеу пәні - орта мектеп химиясын сыни тұрғыдан оқыту технологиясын қолдану арқылы жетілдіре оқыту үрдісі.
Зерттеудің ғылыми болжамы. Егер орта мектеп химиясын оқыту үрдісіне жаңа инновациялық технологияларды қолданып, химия пәнінің базалық мазмұнымен тығыз байланыста құрылса, соның ішінде сыни тұрғыдан оқыту технологиясын қолданып, оны жүзеге асырудың жолдары мен әдістері білім беру үрдісіне енгізіліп қолданылса, онда оқушылардың химиялық білім-білік, дағдылары сапасының жоғарылауына және болашақ бейінін саналы түрде таңдауына тиімді ықпал етілер еді.
Қойылған мақсатқа қол жеткізіп, болжамды тексеру үшін келесі міндеттер қойылды:
сыни тұрғыдан оқыту технологиясын орта мектептерде пәндерді оқыту тәжірибесінде қолдану туралы ғылыми әдебиет материалдарын сараптаудан өткізу;
сыни тұрғыдан оқыту технологиясын химияны оқыту үрдісіне қолдану принциптері мен қойылатын талаптарды анықтап, қажетті дидактикалық материалдарды құрастыру;
химияны сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолданып оқытудың әдістемесін әзірлеу;
орта мектеп курсында химияны сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолданып оқыту әдістемесін педагогикалық эксперимент арқылы тексеру.
Қойылған міндетттерді шешу үшін келесі зерттеу әдістері мен іс-әрекет түрлері қолданылды:
ғылыми-педагогикалық, психологиялық, әдістемелік әдебиеттер мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын талдау, білім берудің қазіргі заманғы қоғамда даму стратегиясына арналған құжаттармен танысу, оқыту үрдісін жобалау және модельдеу;
практикалық: ҚР-дағы орта мектептердегі химия пәнінің оқытылу жағдайымен танысу; сыни тұрғыдан оқыту технологиясын ұйымдастыру және жүргізу бойынша алдыңғы қатарлы педагогтардың озық іс-тәжірибесімен танысу;
педагогикалық эксперимент, арнайы бақылау, мұғалімдермен және оқушылармен сұхбаттасу, сауалнама алу, эксперимент нәтижелерін өңдеу.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
1. Орта мектептің химия курсында сыни тұрғыдан оқыту технологиясын қолдану жағдайлары анықталып, ғылыми тұрғыдан негізделді.
2. Орта мектепте химия пәні бойынша сыни тұрғыдан оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың білімі тереңдетіліп, қызығушылықтары артатыны тәжірибеде анықталды.
Зерттеудің сарамандық маңыздылығы:
Сыни тұрғыдан оқыту технологиясын химия сабақтарында қолдану бойынша оқушыларға білім берудің әдістемесін орта мектептің химия пәні мұғалімдері өздерінің іс-тәжірибелерінде қолдана алады;
Химия сабақтарында сыни тұрғыдан оқыту технологиясын қолданып оқытудың әдістемесі орта .мектептің жұмыс практикасына енгізілді.
1 ХИМИЯ ПӘНІН ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытудың қазіргі жағдайы
Қай ұлттың болмасын, бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен анықталады. Қазақстан Республикасының Білім туралыЗаңында Білім беру жүйесінің басты мақсаты - ұлттық және жалпы адамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау,- деп айқын көрсетілген. Осы міндеттерді шешу, негізінен, мұғалімнің идеялық сенімділігіне, кәсіби шеберлігіне байланысты. Біз инновациялық оқуды тәжірибемізге енгізіп, ойлау қабілеті дамыған, өз бетінше шешім қабылдай білетін білімді ұрпақты даярлауымыз керек.
Осы орайда атақты педагог В.Ф.Шаталовтың: Ұстаз еңбегінің күрделілігі - әрбір оқушының жүрегіне жол табуда, әрбір баланың бойындағы қабілетті дамыту үшін жағдай жасауда. Ең бастысы, мұғалім оқушының өзін тұлға ретінде сезінуіне көмектесу керек,- деген сөзі еске түседі. Ал инновациялық оқыту дегеніміз - оқушылардың мүмкіндігі мен шамасына қарай байыбына барып, тағылымдық жолдары қабылдау, оған сын көзбен қарап, шығармашылық тұрғыдан ойлауға үйрету. Бұрынғы әдетке айналған оқыту үрдісінде мұғалімге басымдық рөл берілсе, қазіргі технологияларда оқушы белсенділік көрсетуі тиіс, ол өздігінен оқып, ізденіп білім алуы керек. Ал мұғалім әрбір оқушының жеке қызығушылығын және қабілеттерін ашуға көмектеседі.
Оқушының өз бетінше еркін ойлай алуының маңыздылығы мынада:
oo таным мақсатына жеткізетін сұрақтар және оларды анықтау;
oo оқушылардың еркін ойлау қабілетін дамыту арқылы таным мақсатына жеткізу және жаңа білімді игеру жолдарын іздестіру;
oo іздену,шешу және дайындық-шығармашылық жаттықтыру жүйесінде оқушылардың жаңа білімді игеру кезіндегі пайдаланатын ойлау әдістерін сезінуі және меңгеруі.
Оқушылардың таным белсенділігін, ойлау қабілетін арттыру үшін сын
тұрғысынан ойлау технологиясын қолдануға болады. Бұл бағдарламаның түпкі мақсаты - білімге құштар, ой-өрісі еркін дамыған ашық қоғам азаматын тәрбиелеу. Ол үшін:
oo оқушы мен оқытушы арасындағы өзара сыйластық,бір-бірінен үйренудегі және біріне-бірі үйретудегі көмегінің маңыздылығы;
oo оқушыны өз пікірін білдіруге жетелеу және оның пікірін құрметтеу;
oo оқушының ойлау, талдау, іздену қабілеттерін арттыру;
oo әрбір оқушының білім дәрежесін басқа оқушымен салыстыру арқылы емес,оқушының өзінің кешегі нәтижесін бүгінгі және ертеңгі нәтижелерімен салыстыру арқылы белсенділіктерін арттыру керек.
Оқушылардың белсенділігін іске қосып, одан туындаған ойды шешуге бағыттау үшін, сол ойдың белгілі бір жақтары болуы керек және де шығармашылық ізденуге ойлануға итермелейтін бастапқы мәліметтері болуы тиіс. Топтастыру стратегиясы, түртіп алу жүйесі, эссе стратегиясы арқылы оқушылардың ойлау қабілетін арттыруға болады. Топтастыру стратегиясында кубик жасалып, оның 6 қырына 6 түрлі тапсырма жазылады. Кубты ортаға лақтырып, қай қыры жоғары қарап түссе, сол қырындағы тапсырмаға жауап беріледі. Бұл берілген тапсырмаларды сан қырынан тануға мүмкіндік береді.
Сонымен бұл технологияның принциптері - оқытуды ізгілендіру және демократияландыру жағдайында өздігінен даму бағдарын анықтап, дамитын және өздігінен дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп өсіруші, тәрбиелеуші тұлға қалыптастыру.
Еліміздің президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған 2006 жылғы Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында атты Жолдауында еліміздің әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясын белгіленген болатын [1].
Қоғамның қарқынды дамуы үшін түрлі салада табысты еңбек ете білетін жаңа тұрпаттағы (формациядағы) мамандар талап етіледі. Қазіргі таңда мамандарға қойылатын талаптарды еңбек нарығы анықтайды. Қойылатын проблемалық жағдаяттарды өз бетімен шеше білу, командада жұмыс істей білу, дұрыс мақсат қоя білу, оған тиімді жолмен жете білу, тәуекелшілдік, бастамашылдық, білім деңгейін арттыруға талпыну қабілеті т.б. ерекше құндылық болып есептеледі. Сонымен қатар адамның жауапкершілік, орындағыштық тәрізді жеке сапалары да қажет етіледі.
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптастасуда. Бұл сының процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Я.А.Каменскийдің, И.Гербарттың дәстүрлі объект - субъектілері педагогикасының орнын басқасы басты, ол бала оқу қызметінің субъектісі ретінде , өзін өзі өзектілендірудге, өзін танығуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын жазушы тұлға ретінде бағытталған. Мұндай жағдайда педагогикалық процестің манызды құрамы оқу ісіндегі субъектілер-оқытушы мен оқушының тұлғалық - бағытталған өзара әрекеті болып табылады.
Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы, дамуын қойып отыр.
Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшілігі- баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы [2].
Педагогикалық технологиялар - бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің: оқу - тәрбие процессін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнынң, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында баланың дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды.
Бүгінгі таңда П.М.Эрдниевтің дидактикалық бірліктері шоғырландыру технологиясы, Д.Б.Эльконин мен В.В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, В.Ф.Шаталовтың оқу материалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқында оқыту технологиясы, М.Чошановтың проблемалық модульді оқыту технологиясы, П.И.Третьяковтың, К.Вазинаның модульды оқыту технологиясы, В.М.Монаховтың, В.П.Беспальконың және басқа көптеген ғалымдарың технологиялары кеңінен танымал.
Қазақстанда Ж.А.Караевтің, Ә.Жүнісбектің және т.б.ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылуда [3].
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заныңда оқыту формасын, әдістерін, технологиялар таңдауда көп нұсқулық қағидасы бекітілген, бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне, педагогтарының өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық процесті кез-келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді.
Қазақстанның қазіргі білім беру жүйесі елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қажетті кадрлармен толық қамтамасыз ете алмай отыр. Жеке тұлғаны дамыту мен оқушыны біліммен, кәсіптік тұрғыдан өз орнын анықтауына қажетті өзін-өзі анықтай білу және өзін-өзі тани білу қабілеттерімен қамтамасыз ету міндеттері шешімдерін табуды талап етеді.
Қазіргі мектеп түлегі әлі де өзінің білімін жалғастыру бейінін нақты бағдарлай алмауынан болашақ кәсіби қызметін мемлекеттің экономикалық, технологиялық және қорғаныс әлеуетімен байланыстыра алмайды. Осы мәселені шешудің жолы мектептің жоғары сынып оқушыларының болашақ кәсіби бағдарын айқындау жұмысына елеулі өзгеріс енгізу болып табылады.
Жалпы орта білім берудің жоғарғы сатысы қазіргі білім берудегі негізгі орынға ие бола отырып, кәсіби білім беру жүйесінің мүмкіндіктері мен жастардың бейіндік әрекетінің сапасын анықтайды. Жоғарғы саты жеке тұлғаның әлеуметтік, кәсіби және азаматтық тұрғыдан өзін-өзі анықтау аясында өтетін ерекше білім беру кеңістігін құрайды. Жасөспірімнің азаматтық және адамгершілік бағытта өзінің білімдік әрі кәсіби таңдауын жасауы қоғамда білікті кәсіби маман ретінде қалыптасуына тікелей байланысты [4].
Бүгінгі таңда тәуелсіз мемлекет алдында тұрған негігі мақсаттардың бірі - дүниежүзілік білім әлеміне ену болып отыр. Бұл салада білім беру ісінің мазмұны жаңа бағытқа бұрып, құрылымдық жүйесін жаңарту, өзгерістер енгізу - білім реформасын жүзеге асыру алғышартта тұрғаны баршамызға аян. Демек, болашақ мұғалім мамандарын кәсіби қызметке даярлау мәселесі - кезек күттірмейтін өзекті қоғам талабы .
Мұғалімнің кәсіби даярлығы, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру, мұғалімнің жеке тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуы жайы кеі ауқымда Ресей ғалымдары В.А.Сластениннің, О.А.Абдулинаның, Б.С.Гершунскийдің, Н.В.Кузьминаның, А.И.Пискуновтың зерттеуінде талданған болса, бұл бағыттағы сан алуан жұмыстардың ішінде қазақстандық Қ.Қ.Құнантаева, Ш.Т.Таубаева, Н.Д.Хмель, Т.А.Уманов, Г.Қ.Нургалиева, К.С. Успанова және т.б. есімдерін атауға болады.
Ал педагогикалық тұрғыда қарастырғанда, кәсіби дайындық дегеніміз - ұстаздың теориялық білімдерімен іс-тәжірибелік әрекеттерінің бірлігі, оның тікелей нәтижесі, дамыған педагогикалық ой-санасы, шығармашылық өзіне тән ерекшелігі және жеткілікті деңгейде беретін пәннің материалын меңгеруі. Бұлар оқушылар іс-әрекетін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Мұғалімдерді даярлау жүйесінде жалпы кәсіптік және арнайы даярлық өте маңызды әрі күрделі қызметтерді атқарады, сондықтан оған қойылатын талаптар жоғары және ерекше мәнге ие бола отырып, төмендегідей мәселелерді қамтиды [5]:
психологияны ғылым ретінде түсіну және оның құрылым үрдісін, тәлім-тәрбие психологиясының даму сатылары, психологиялық зерттеу әдістері;
қазіргі педагогиканың әдістемелік негіздерін, міндеттерін, салаларын, педагогикалық зерттеу әдістерін, Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін, дамудың жалпы заңдылықтарын;
педагогика ғылымдар жүйесіндегі қазақ этнопедагогикасының алатын орнын, халықтық педагогика бойынша тәрбие нысандары мен әдістерін;
өмірдегі жағдайларда адам психикасы заңдылықтары туралы теорияны, түсінікті қолдана білуді, әр кезеңдегіжеке тұлғаның дамуы бойынша тәжірибе жүргізіп, нәтижесін қорытындылай білуді,мектеп оқушысының дамуын және қалыптастыруын бақылауы;
педагогикалық зерттеу әдістерін, педагогикалық әдебиеттерді талдай білуді, диагностиканы қолдана білуді;
құжаттар реквизиттерін ресмилеу және келіп түскен, жөнелтілген құжаттарды өңдеу және индекстеуді, оргтехникамен жұмыс істеу тәрбиесін;
қиын балалармен жұмыс істеудің басты мәселелерін, тәрбиесі қиын балалардың ерекшелігін, құқықтық тәрбиенің мазмұны мен міндеттері;
халықтық әдет - ғұрыптар мен салт - дәстүрлерді қолдану, тәрбие жұмысын жоспарлай білу, сыныптар мен топтардың, балалардың бір - біріне деген қарым - қатынасын қалыптастыру;
мұғалім мен оқушы арасында болатын педагогтік тактінің маңызы туралы;
оқушыларға педагогтық әсер ету мөлшерін, мұғалім тарапынан оқушының рухани дүниесін түсіне білу;
Мұғалімдердің ғылыми-теориялық даярлықтарына қойылатын талап ерекше болады, яғни болашақ мамандар балалар ағзасының жасқа байланысты құрылысы мен қызметінің, жүйке жүйесінің жасқа байланысты құрылысы мен қызметінің ерекшеліктерін, жас ерекшелігіндегі ағзалардың қызметін, анализаторлардың физиологиясын; қазақ тілі, оның құрылымдық ерекшеліктері, грамматикалық құрылысы, сөздің құрамы, тіл мәнерлілігін, сөйлеу мәдениетінің тарихын және теориялық алғышарттарын; бастауыш сыныпта оқыту және тәрбиелеу бағдарламасының мазмұны, міндетін, мақсатын, мектеп жасындағы балаларды көркем шығармалармен таныстырудың міндеттері мен мақсаттарын; балалр әдебиеті шығармаларының идеялық мазмұнымен көркемдік сапасын, кейіпкерлерін, олардың бейнелерінің типтерін ,көркемдік құралдарын, бағдарламада көрсетілген жазушылар өмірбаяны туралы мәліметтер мен әдеби шығармалардың мазмұнын; оқушылардың сөйлеу мәнерлілігін жетілдіру жқмыстарының тәсілдерін; қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыруәдістемесінің мазмұнын, құрылысын, оның мақсаттары мен міндеттерін, пәнді оқытудың негізгі құралдарын қолдануды, мектеп жасындағы балалардың математикалық дамуының ерекшеліктері мен заңдылықтарын; жалпы физикалық географияның элементтерін, жердің литосферасы, атмосферасы, гидросферасы, биосферасы,пайдалы қазбалары, Қазақстан территориясы, табиғаты, жер бедері, Қазақстан табиғатын қорғау туралы ұғымдарын; бастауыш сыныпта дүниетануды оқыту мен тәрбиелеу бағдарламасының мазмұнын, міндетін, мақсатын, сабақ барысында қолданатын әдіс - тәсілдерін, дидактикалық материалдарды дұрыс қолдануды, табиғатты қорғаудың тәрбиелік, білімдік маңызын, экологиялық білім берудің міндеттерімен әдістерін; музыканың қарапайым теориясын, орыс, шетел, классик сазгерлерінің шығармаларын; Қазақстан сазгерлерінің шығармаларын; бейнелеу өнерінің негіздері, бейнелеу өнерінің теориялық негіздерін, бейнелеу өнері сабағының мазмұнын, міндеттерін; бастауыш сыныптағы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz