Топтық жұмыстың мақсаттары


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: Педагогика
Тақырыбы: «Жаңартылған білім мазмұны бойынша топқа бөлу әдістері»
Орындаған: МТ-17-1 тобының студенті
Кусаинова Эльмира
Ғылыми жетекшісі: Бейсенова А. Н.
Тіркеу нөмері
Баға
Қолы
Қарағанды-2021 жыл
Мазмұны
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Жаңартылған білім бағдарламасы бойынша білім беру жетекші орын алуда. Жаңартылған білім бағдарламасы бойынша білім беруде көптеген әдіс-тәсілдер қолданылады. Сол әдістердің біріне - жалпы білім беретін орта мектептегі берілетін пәндер бойынша білім беру процесінің мәні мен ерекшелігін арттыру үшін қолданылатын оқытуда топтық жұмыс жасау арқылы оқушылардың әрбір пәнді жетік меңгеріп, дағдыларды қалыптастыру болып табылады. Топтық жұмыс арқылы оқытуды интербелсенді оқыту деп те айтуға болады. Интербелсенді оқыту бірінші мезетте білім игеру процесінде қатысушылардың тиімді қарым-қатынасына негізделеді. Ағылшын тілінен келген «интерактив» сөзі де осы ұғымды береді. «Inter» дегеніміз «өзара» мағынасында, ал «act» - әрекет жасау дегенді білдіреді. Басқаша сөзбен айтқанда, «интербелсенді» дегеніміз біреумен тығыз қарым-қатынаста болу, онымен бірлесе әрекет жасау, диолог құру.
Топтық оқытуда әрбір оқушы танымның (оқу үйренудің) мазмұны мен қорытындысы нәтижесіне өз үлесін қосып, басқалармен өзінің білгенімен, идеяларымен, түсінігімен алмасады, жоғары нәтижеге қалай жете алатындығын анықтайды. Мұндай қарым-қатынастағы бірлескен әрекеттер бірін-бірі жақтыру, өзара сыйласымдық пен қолдау атмосферасында өтіп, жаңа білім игеруге жағдай жасайды.
Жаңартылған білім бағдарламасы бойынша жалпы білім беретін орта мектептегі оқуды ұйымдастыруда топтық жұмыс жасаудың артықшылығы жайында айтатын болсақ, топтық жұмыс жасау оқу процесін күшейту және оңтайландыру үшін қолданылады. Сонымен қатар, тұлға аралық қарым-қатынас құралдары айқын көрінсе, ал жеке жұмыс жасау кезеңінде: сөйлесу, жоғары сенім арту, өзара әсер, қолдау, оқушылардың қорларды тиімді пайдалануы, өзара көмек сияқты қарым-қатынас байқалмайды.
Заманауи мектептердегі мұғалімнің алдына қойылатын маңызды тапсырманың бірі-қарым-қатынас жасауға үйрету және мұғалімнің басқаруымен оқушылардың қарым-қатынасын максималды түрде белсенділікті қамтамасыз ету.
Білім алушылардың белсенділіктерін арттыру, бір біріне деген сыйластықты арттыру мақсатында жалпы білім беретін орта мектептердегі сабақтарда тиімділікті арттырудың бір жолы ретінде Отанымызда және шетелде мойындаған «Сыныпта топпен жұмыс жасау» әдісін қолданған жөн.
Жоғары сынып сабақтарында топтық іс-әрекеттер білімді игерудегі, өз мүмкіндіктерін жүзеге асырудағы өзіндік танымдық қажеттіліктерін іске асырудағы қиындықтарды жеңе отырып тәжірбие жинақтау, бірлесе еңбек ету, қарым-қатынас жасау бірліктеріне ие болу сияқты субъект позицияларын қалыптастыру мүмкіндігімен әрбір оқушыны қамтамасыз ететіндей мұғалім ұйымдастырғанының негізіндегі оқушылардың біріккен іс-әрекеті.
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер белгілі бір дәрежеде оқу материалын меңгеруі, оқу барысындағы жөнінде оқушылардан кері ақпараттарды жедел алу сияқты өзекті мәселелерді шешуге мүмкіндік жасайды, оқушының тұлғалық қасиетін өз мәнінде дамыту үшін маңызды шарт болып табылатын қарым-қатынастың жетіспеушілігін азайтады.
Диалектикалық қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресі деп аталатын заңына сәйкес кез-келген нәрсені дамыту процесінде күрес арқылы қарама-қайшылықтар пайда болады, олай дамытудың қозғаушы күші де, қозғалыс көзі де қарама-қайшылық.
Зерттеудің мақсаты: Жалпы білім беретін орта мектептің оқу әрекетінде топтық іс-әрекетті ұйымдастыруда қолданылатын әдіс-тәсілдердің ерекшеліктерін теориялық және тәжірибелік тұрғыда зерттеу.
Зерттеудің міндеттері:
- жаңартылған бағдарлама бойынша ұйымдастырылған сабақтарда топтық жұмыстардың мазмұның анықтау;
- топтық оқыту мен оқу тәсілі, мақсаттарын айқындау;
- сабақтарда топтық жұмысты ұйымдастырудың тиімді жолдарын анықтау;
- топтық жұмыстарды сабақтарда қолдану ерекшеліктерін айқындау;
- топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы оқушылардың пәндерге деген қызығушылығын арттыру;
- топтық жұмыстарда қолданылатын әдістерді айқындау;
-әлеуметтік өзара әрекетесттікті ұлғайту: жұптық және топтық жұмыстарды орындауды айқындау.
Зерттеудің пәні: Топтық іс - әрекетті ұйымдастырудағы әдіс-тәсілдер.
Зерттеу нысаны: Жалпы білім беретін орта мектептің оқу-тәрбие үрдісі.
Зерттеудің болжамы: Жалпы білім беретін орта мектептің оқу үрдісінде оқушыларды оқытуда топтық жұмыс жасау түрлерін қолданып ұйымдастыруға қатысты алынған ғылыми қағидалар мен тұжырымдар және ұсынылып отырған әдістеме оқушылардың жаңартылған бағдарлама бойынша алған білімін тереңдетуге, сонымен қатар тілдік материалдарды дұрыс игерулеріне, тілін дамыту, шығармашылық сөйлесуі мен жазу деңгейін көтеруге ықпал етеді.
Зерттеу әдістері: Талдау жасау, салыстыру, саралау, теориялық талдау әдістері, педагогикалық тәжірибе, әдебиет көздерін зерттеу.
Курстық жұмыс құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.
1 Жаңартылған білім мазмұны бойынша оқу әрекетіндегі топтық жұмыстардың мазмұны
1. 1 Топтық жұмыс-оқыту мен оқу тәсілі ретінде
XX ғасырдың екінші жартысында оқыту үдерісін белсендіруге бағытталған, оның балаға арналғаны, окушының оқытудың белсенді субъектісіне айналуына бағытталған әдістемелік зерттеулердің көлемі көбейді. Окыту үдерісін радикалды өзгерістердің коғамдық және педагогикалық сананың қалыптасуына Ж. Пиаже (Швейцария), Б. Блум, Д. Ж. Бруннер еңбектері куә. Ж. Пиаженің айтуынша, мектептер "жаңаша ойлайтын қабілетті адамдар дайындауды жүзеге асырып; тек өткен ұрпақтың істегенін ғана қайталамайтын, шығармашылық және ойлап тапқыш адамды әзірлеу керек" [3] .
Ұжымдык танымдық іс-әрекеттердің әртүрлі формалары мен түрлері жүйесінде топтық оқыту және оның әртүрлілігі маңызды орын алады. Топтық оқыту өзінің барлық белгілері көрініс табатын оқу ынтымақтастығының идеалды үлгісі болып табылады.
Ынтымақтастық оқу (Коллаборативное обучение/Collaborative teaching and learning) тәсілінің аясында оқыту білім берушілермен білім алушылар арасындағы тығыз карым-катынас негізінде ұйымдастырылып, оқыту үдерісіне қатысушы әрбір жеке тұлғаның жеке үлесі мен қабілеті мойындалады. Үдеріске қатысушылар ақпаратты бірлесіп отырып белсенді іздеу, талкылау, талдау және жинақтау арқылы жаңа білім алады. Жұмыс тиімді болу үшін ынтымақтастық оку жағдайында өкілеттік пен жауапкершілік топ мүшелері арасында бөлінеді. Ынтымақтастық оқудың алғышарты топ мүшелерінің бірлесіп әрекет етуі арқылы ымыраға, келісімге жетуге негізделген. Ынтымақтастық оқу оқуды табиғи әлеуметтік әрекет ретінде қабылдауға негізделген, оган қатысушылар бір-бірімен әңгімелеседі, және осы әңгімелесу арқылы білім алады.
Бүгінгі күні топтық жұмыстардың пайдасы мен оның тиімділігі бойынша зерттеулер әртүрлі бағытта жүргізілуде. Психологтар тұлғаның жетілуі үшін топтық жұмыстар қолайлы жағдай туғызатынын ашып көрсетеді. Ал педагогтар оқытуда топтық жұмыстардың атқаратын рөлін қарастырады. Олардың ойынша, топтық жұмыс оқыту үдерісін байыта түседі, оқу жұмыстарын даралауға жол ашады, өйткені әрбір оқушының әлеуметтік мүмкіндіктері мен қабілеттерін шығармашылыққа негізделген түрде көрсетуіне жағдай жасайды. Тұлғаны когнитивті, әлеуметтік және аффективті тұрғыдан дамыту міндеттерін шешуге көмектеседі. Топтық оқытуды ұйымдастырудың технологиялық тәсілдерін жасауда Г. А. Андреева, Л. Б. Буева, В. К. Дъяченко, Х. Й. Лийметс, И. Б. Первиннің, Г. И. Щукинаның еңбектері елеулі үлес қосты. Топтық оқытудың танымдық белсенділікті калыптастырудағы әсерін С. Ф. Мальцева, В. Петровский, Б. Л. Борисова, З. Б. Ешімбетова, Ш. Т. Мұханбетова еңбектері ашып көрсетті. Олай болса, зерттеушілер еңбектеріне сүйене отырып, «топтық оқыту» ұғымына мынадай анықтама беруге болады. Топтық окыту - бұл оқушылардың тобының оқу әрекетін ұйымдастыру, ол оқушылардың өзара тікелей әрекеті, оку міндеттерін шешуде бірлескен оку әрекетімен сипатталады. Зерттеушілер пікірі бойынша, топтық оқытудағы үдерісті педагогикалық тұрғыдан ұйымдастырғанда танымдық белсенділікті қалыптастыратын оқу әрекетін мақсатты бағытталған басқару топ мүшелерінің үйлестірілген әрекеті, бүкіл топтың оқу жұмысының тұтастығы қамтамасыз етіледі. Топтық жұмыстарға жұптасып жұмыс істеуді, яғни әр топта екі үйренуші жетекшісінің бағыттаушылығымен тренингте жүптасып мәтінді талқылау, сұхбаттасу, рефлексивті есепті өзара бағалауды, топтық сүрақ-жауап және зерттеушілік әңгіме жүргізу жұмыстарын және т. б. жатқызуға болады. В. К. Дъяченконың зерттеуі өлеңдерді жаттатуда, жаттығуларды, мысалдар мен есептерді ауызша және жазбаша орындатуда, көбейту мен бөлу кестесін жаттатуда, сұрақ- тапсырмалармен жұмыс істеуде және т. б. жұптық әрекеттердің, яғни жұптық-ұжымдық жұмыстардың тиімді екендігін көрсетті [6] . Топпен жұмыс жүргізудің екі түрі бар: бірыңғай топтық жұмыс және сараланған топтық жұмыс. Бірыңғай топтық жұмыс барысында барлық топ бірдей тапсырма орындаса, сараланған топтық жұмыс барысында берілген тақырып шеңберінде әр түрлі тапсырмалар орындайды.
Инновациялық оқу орындарының пайда болуы, жеке мектептердің дамуы, тәжірибеге әртүрлі қосымша білім беруді енгізу, ауылдық шағын кешенді мектептердегі білім беру үдерісін ұйымдастыру казіргі уакытта шағын топтагы оқытуды өзекті етіп отыр (2-3-тен 10-15-ке дейінгі адамдар) . В. В. Давыдовтың психологиялық сөздігінде және басқа да ғалымдардың пікірінше топтың негізгі белгісі болып, ондағы мүшелердің келісімді әрекеттерге қосыла кету кабілеттері, соның көмегімен әрқайсысының жеке кажеттіліктері канағаттандырыла алады [5] . Сонымен бірге, «топ - қазіргі адамның коғамдық өмірін ұйымдастырудың басты тәсілі, оның ажырамас қасиеті» болып табылады.
Ынтымақтастық оқу - өзара іс-әрекет жасау, топтық оқьггу философиясы, ал бірлескен оқу соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекетгің құрылымы. Ынтымактастық оқу сыныпта пайдаланатын әдіс кана емес, жеке бір ұғым болып табылады. Адамдар топқа бірлескен барлық жағдайларда топтың жекелеген мүшелерінің қабілеті мен іске қосқан үлесі кұрметтеліп, атап көрсетілетін, адамдардың жұмыс істеудің басқа тәсілі орын алады. Топтың жұмысы тиімді болуы үшін билік пен топ және жауапкершілік топ мүшелерінің арасында бөлінеді. Ынтымақтастық оқудың негізгі аспектісі топ мүшелерінің ынтымақтастығы арқылы бітімге, келісімге қол жеткізуіне негізделеді.
Ынтымактастық оқу - бұл тәсілдің аясында оқыту білім берушілер мен білім алушылар арасындағы тығыз карым-қатынас негізінде ұйымдастырылып, оқыту үдерісіне катысушы әрбір жеке түлғаның жеке үлесі мен қабілеті мойындалады. Үдеріске қатысушылар ақпаратты бірлесіп отырып белсенді іздеу, талқылау, талдау және жинақтау аркылы жаңа білім алады. Жұмыс тиімді болу үшін ынтымақтастық оку жағдайында өкілеттік пен жауапкершілік топ мүшелері арасында бөлінеді. Ынтымақтастық оқудың алғышарты топ мүшелерінің бірлесіп әрекет етуі арқылы ымыраға, пәтуаға жетуге негізделген.
1. 2 Топтық жұмыстың мақсаттары
Педагогикада ынтымақтастық оку тәсілдерінің саны жеткілікті, бірақ та бірлескен оқу үдерісінің негізгі сипаттамалары мынадай:
- оқу оқушылар ақпаратты игеретін және өздері игерген мәліметті бұған дейін меңгерген білімдерімен байланыстыратын белсенді үдеріс болып табылады;
- оқу тапсырмаларды орындау үшін механикалық есте сактау мен қайталау емес, кұрдастардың белсенді катысып, ақпараттарды өңдеуі және қорытуын талап етеді;
- қатысушылар әр адамдардың көзқарасымен танысудан пайда табады;
- оқу оқушылардың әңгімелесу кезіндегі әлеуметтік ортасы жағдайында жетіледі. Осы зияткерлік жаттығу кезінде оқушылар ой-пайымдарының негізін құрып, мәнін ұғады;
- оқудың ынтымақтастық ортасында үйренушілер әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыдан да дами түседі, өйткені олар түрлі көзқарастарды тыңдап, өз идеяларын айтуға және қорғауға мәжбүр болады. Мұндайда үйренушілер сарапшылардың немесе мәтін аясында шектеліп қалмай, өздерінің ерекше тұжырымдамалық түсініктерін құруды бастайды. Осылайша ынтымақтастық оқу жағдайында оқушылар құрбы-құрдастарымен карым-қатынас жасауға, идеяларды ұсынуға және қорғауға, әртүрлі ұстанымдармен алмасуға, басқа тұжырымдамаларға күмәнмен қарауға және оған белсенді катысуға мүмкіндік апады.
Жалпы шағын және үлкен, жұптық топтардағы бірлескен жұмыс әлеуметтік, танымдық және эмоционалдық мақсаттарда жүзеге асырылады.
Әлеуметтік мақсаттағы жұмыс тәжірибемен және идеялармен алмасу; мәселені бірлесіп шешудің амалын табу; барынша жоғары ұжымдық нәтижелерге кол жеткізу бағытында орындалады. Сондықтан әлеуметтік дағдыларды дамыту ең маңыздысы, олай болмағанда кейінгі кезеңдерде үйренушілерге жора-жолдастарымен қарым-катынаста киыншылықтар туындайды. Әлеуметтік дағдылар басқа серіктестерді түсінуге көмектеседі, басқа адамдардың сені түсінуі, жағымды, мейірімді қарым-қатынас орнатуға топтык, жұптық әрекетте ортамен байланыс құруға, әртүрлі жағдайларда өзін жайлы сезінуге көмектеседі. Әлеуметтік дағдылар - бұл тек қана тұлғалық дағдыларды ғана емес, сонымен бірге түлғааралык және топтық өзара әрекеттік деңгейдегі жоғары кұзыреттілікті қамтамасыз ететін кешенді ұғым. Педагогтар мен психологтар әлеуметтік дағдыларды эмоционалдық комфортқа жетудің бірден-бір қажетті жағдайы деп те карастырады. Адамдар арасындағы қарым-қатынас, шын мәнінде, өте нәзік дүние. Олай болса, өзара қарым-қатынас тұлғаны қалыптастырудың кұралы ғана емес, оның адамдық болмысын да шыңдайды, ізгіліктің негізін ұжымдық әрекеттердегі қатынастарды алады.
Танымдық мақсаттағы жұмыс баламалы амалдар туралы идеяларды ұсыну және пікір алмасу; маңызды дағдыларды және түсініктерді дамыту негізінде жүзеге асырылады.
Эмоционалдық мақсаттағы жұмыстар топтың жекелеген мүшелерінің білімі мен тәжірибесіне сүйену; күрделі тапсырмаларды орындау үшін қолайлы ортаны қамтамасыз етуді калайды.
1-сурет. Белсенді әрекетке негізделген топ үлгісі
Қарым-қатынас дегеніміздің өзі - өзімізді басқаларға бейімдеу әрі серіктестік орта құру. Ж. Пиаже бұл туралы «Адамның ақылы («ми» мағынасында) - өзін таниды, яғни психологиялық тілмен айтқанда, басқа заттармен немесе басқа ақылдармен катынаста ғана болады» (4 /Ж. Пиаже, 347) деп жазған. Демек, жоғарыда айтылғандай, адамның санасы басқа адамдармен қарым-катынаста ғана дамиды, тек қарым-қатынас әрекеттері ғана бізді жаңа түсінікке әкеледі.
Топтық оқыту сабақтарын ұйымдастыруда кеңесшіні сайлау мәселесі де маңызды, яғни балалардың оқу іс-әрекеттерін ұйымдастыруда өзін-өзі басқарудың педагогикалық кұралдарын пайдалана алу біліктері қажет. Арнайы жүргізілген тәжірибе ғалымдарға мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік берді: кеңесшіні топтың өзі мұғалімнің және жоғары қабілеті бар кеңесшінің келісімдерін ескере отырып тыңдауы керек; жағдайға байланысты кеңесшілер/спикер жиі ауыстырылып отырғаны дұрыс. Осылайша, танымдық мәселелерді шешуде негізіне сабақтардағы оқушылардың өзара ықпалдастығы, ынтымақтастығы алынатын ұжымдық танымдық іс-әрекет мына екі түрде көрініс табуы да мүмкін: бірі - ұжымдық жұмыс қағидатымен ұйымдастырылған жаппай жұмыста болса, екіншісі - ұйымшылдық қағидаты бойынша ұйымдастырылған топтық жұмыста.
Ұжымдық жұмыс кағидатымен ұйымдастырылган жаппай жұмыстарды ұйымдастыруда берілетін тапсырмалардың түріне мәселелік жағдаяттарды талқылауды, теоремаларды бірігіп отырып дәлелдеуді, орындалатын жұмыстың жоспарын бірігіп талқылауды, біріге отырып әңгіме құрастыруды, сурет бойынша бірігіп жұмыстар жасауды және т. б. жатқызуға болады.
Ұйымшылдық қағидаты бойынша ұйымдастырылған топтық жұмыс жұптық жұмыс, топтық сауалдар, кеңесші тарапынан койылатын сауалдар, топпен оқу тапсырмаларын орындау жоспары мен тәсілдерін талқылау, сабаққа дайындалу барысында топтық тапсырмаларды орындау, мұғалімнің қойған сұрағына жауап беру максатында қажетті тәжірибені жасау, тілдік сабақтарда диалог жүргізу, топтық сабақтар, әңгімелесу - «дөңгелек үстел», зерттеушілік әңгіме, пікірталас элементтері бар топтық жұмыстар (Кейс стади, жобаларды ұсыну, ойындық-модельдеу бойынша проблемалық пікірталастар, айтыс, диалог, драма, сахналау және т. б. ) түрлер аркылы орындалады. Toп жұмыстарының бейнесі ретіндегі топтардың өзара тексеруі: орындалған жұмыс бойынша толық немесе жекелей түсінік беру, өзара пікір айту (формативті бағалау бойынша пайымдаулар, өз бетінше орындалатын жазбаша, практикалық жұмыстарды өзара тексеру, кері байланыс және т. б. Топтық, жұптық тәсілде өзара әрекеттесуге негізделген танымдық белсенділікті дамытуда топтық әрекеттін басымдылығы мы на факторлармен белгіленеді:
- қазіргі міндеггердің көпшілігін дұрыс шешу үшін бірнеше адамдардың күш-жігерін біріктіру талап етіледі, сондықтан әрбір тұлға топта нәтижелі жұмыс жасауды меңгеруі тиіс;
- өзара әрекеттесуге қатысушылардын, аз саны үйренуші тұлғасының өзін-өзі анықтауына барынша жағдай жасайды;
- топтык жұмыс педагог пен оқушылар арасындағы байланыстарды бекітеді, ұжымдық рухты күшейтеді, оқушылар арасында саналы ынтымақтастық орта туындайды;
- топ оқушыларға еңбек нәтижесімен тікелей алмасу мүмкіндігін береді, бұл оқушылардың оқу үдерісіне белсенді, тұлғалық тұрғыдан енуіне жағымды жағдай тудырады.
Зерттеушілік әңгіме. Бұл әңгіме түрінде әркімнің идеясы пайдалы деп қарастырылғанымен, олар егжей-тегжейлі бағалаудан өтеді. Зерттеушілік әңгімеге катысушылар бір-біріне сұрақ койып, бір тоқтамға келу үшін оларға негізді жауап береді. Алайда зертеушілік әңгімеде келісімге келу емес, керісінше оны іздеу үдерісі манызды болып табылады.
Жоғарыда айтылғандай, жұптық, шағын топтық жұмыстар тындаушыны өзін-өзі реттеуге және анықтауға, өзара пікіралмасу әрі сұхбаттасуда белсенді әрекетке түсуге жетелейді. Сонымен бірге үйренушілерге бірлік, бірегейлік сезімдер калыптастырып, сол арқылы өздерінің ұжымға тікелей қатысы бар екендігін де анғартады. «Бірлік бар жерде, тірлік бар», «Көппен көрген ұлы той» деп, халық даналығындағы айтылар ой баршаға аян, ұжым болып қандай да болмасын тапсырманы орындау қызық та тартымды шаруаға айналады.
Бірлескен жұмыс барысында шағын топ мүшелерінің (ең тиімдісі әр топ кұрамында 4 үйренуші болғанда, ары кеткенде 3-тен кем емес, 6-дан артық емес барлығы да өзара карым-қатынасқа негізделген интербелсенді әрекеттерді атқарады. Атап айтқанда, тыңдай білу, өз пікірін ұтымды және дәлелді түрде жеткізе білу, ортақ пікір қалыптастырып, бір мәмілеге келу, туындаған егес пен дау-дамайларды шеше білу, бірлесе шешім қабылдау. Мұнда біреудің әрекеттен тыс не қалыс калуы екіталай: барлығы да қызу іс-қимылда болады, барлығы да жұмыстың қорытынды нәтижесіне өз үлесін косады. Бұған қосымша темендегі келтірілген Н. Сандерстін кестесі бойынша топтық жұмыстың тиімділігі 90% екендігін де ұмытпайық! (1-кесте) .
1-кесте. Оқу мен оқытудың кейбір тәсілдерін қолдану
Әдетте дәстүрлі сабақта бірнеше үйренуші ғана әрекет жасайды: олар мұғалім талабы бойынша берілген тапсырманы жеке-жеке орындап, жасалған жұмысы бойынша есеп немесе жауап береді. Ал бұл мезетте қалған үйренушілер белсенді әрекеттер атқармайды. Бұған керісінше, топтық жұмысқа барлық дерлік үйренушілер катысады, өйткені берілген тапсырма бірлескен жұмыс арқылы ғана орындалуы тиіс. Әр үйренуші идеяларды келтіру мен оларды талқылау, таңдау жэне шешім кабылдау ісіне белсенді қатысады: топтық жұмыста әрбір пікір мен көзқарас кұнды.
Дәстүрлі «стильдегі» сабақта үйренушілерді жұмысқа жұмылдыру ұстаз тарапынан катаң талап қою аркылы жүзеге асырылатын. Мысалы, бұйрык, нұсқау, жарлық, үкім арқылы. Ал топтық жұмыста үйренушілерді белсендендіру кеңес, сұраныс, ұсыныс арқылы жасалады. Дәстүрлі сабақта мұғалім өзі үйренушілердің жұмысын бакылауга алса, топтық жұмыста бақылауды топ мүшелерінің өздері жүргізеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz