МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ САУАТ АШУ ЭЛЕМЕНТТЕРІНЕ ОҚЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . ы
І. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ САУАТ АШУ ЭЛЕМЕНТТЕРІНЕ ОҚЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1. 1 Мектепке дейінгі сауат ашу жүйесінде қолданылатын әдістер
1. 2. Мекетепке дейінгі мекемедегі сауат ашу элементтерінің жаңашыл бағыттағы түрлері . . .
II. МЕКТЕП ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ САУАТ АШУ ЭЛЕМЕНТТЕРІНЕ ОҚЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІНІҢ ПРАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗІ
2. 1. Мектепке дейінгі жастағы балаларды сауат ашу элементтеріне оқытудың заманауи тәсілдерін дайындау және өткізу . . .
2. 2. Мектеп жасына дейінгі балаларды сауат ашу элементтеріне оқытудың заманауи тәсілдерін талдау және диагностикалау . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . .
ҚОСЫМША . . .
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. «Еліміздің әрбі азаматы - ұлттық құндылығымыз, әр баласы еліміздің ертеңі екенін ескеріп қарасақ, әрбір балаларның сапалы білім алып, азамат болып қалыптасуына жол салу біздің басты міндетіміз. » Н. Ә. Назарбаев. Елбасының әр жылғы Жолдауында өзектң мәселе ретінде - қоғамның ең бір әлсіз қорғалған мүшелерінің, соның ішінде балалардың өмірін жақсартуды қамтамасыз ету, оларды сапалы біліммен сусындату екені атап көрсетіледі. Егеменді еліміздің талабына сай қазіргі заманға лайықты білімді де, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу бұл ұстаздар мен оқытушылардың қолында. Мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу дағдысын дамыту, яғни (сауат ашу) мәселесі бағдарламаға сай дидактикалық ұстанымдарды басшылыққа алып жүргізіледі. Әсіресе, балалардың мектепке дейінгі шақтағы кезеғінде олардың байланыстырып сөйлеуін, сөздік қорын кеңейту, өз ойларын жеткізу және басқару, түсіндіре айту жақтарына басты көңіл бөлінеді. Берілетін білім мен тәрбиелеу әр уақытта баланың өз ана тілі арқылы іске асады.
Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту мәселелерінде біраз еңбек еткен: Н. Құлжанова, Б. Баймұратова, А. Бақреденова, Х. Қожахметова, А. Меңжанова, Ә. Әмірова, Қ. Меңдаяхова және т. б. Бұл ғалымдардың еңбектерін талдау барысында балалардың сауат ашу дағдысын қалыптастыру мәселесі әр қырынан анықталған. Б. Баймұратованың пікірінше, балалар жеке заттарды біліп қана қоймай, оларды жіктеп, топтап айта білуге, әр заттың қайдан, неден жасалатынын, қалай пайда болатынын түсінуге тырысатындығын айтады. Осы арқылы баланың бойында әр затқа, айналасындағы құбылыстарға деген сауаты ашылады. Балалардың дүниетанымын кеңейтіп, ойын өрістетіп, тіл байлығын жетілдіруде балабақша тәрбиешілерінің ойып тұрып алатын орны ерекше. Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың дұрыс дүнитанымының кеңейуі көркем әдебиеттер арқылы іске асады. Әрбір ұйымдастырылған оқу іс-әрекетте оқытудың заманауи тәсілдерін қолдануға болады. Осы арқылы балалардың қызығушылықтары артады және білім деңгейі көтеріледі. Заманауи тәсіл ретінде ойындарды қарастыруға болады. Соның ішінде дидактикалық ойындардың алар орны ерекше. Заманауи ойын тәсілдерін қолдану арқылы балалардың сауат ашу дағдысын қалыптастырып, қиялын шарықтатып, ойлау қабілетін ұштауға болады. Тәрбиешілер мен ұстаздардың ұйымдастырылған іс - әрекет барысында заманауи тәсілдерді қолдана отырып, сөздік жұмыстарын жүргізіп сұрақ -жауаптар қойып балалардың сауатын ашуға кеңінен жағдай жасауға болады. Бұл әдістің өзі баланың ойлау қабілетіне үлкен оң нәтижесін алып келеді. Мектеп жасына дейінгі баланың сауат ашуы мен жалпы дамуы тікелей үлкендерге байланысты. Сөз - педагогтың еңбек құралы. Баланың ой - өрісін кеңейту, ақыл - ойын дамыту, мінез - құлқын, еркін тәрбиелеудің бірі - тәрбиешінің сөзі арқылы іске асады. Қоршаған өмір тіршілігімен балаларды таныстырып, білім беруде баланың нені қай деңгейде түсінгенін, есінде нені сақтағанын байқау, жалпы құралмен: ойыншықпен түрлі затпен, оқу құралдарымен, суретпен көрсетіп балаға үйретуде педагогтың әбден төселген сөйлеу мәнерінің қалыптасқан үлгісі болады. Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қасиеттерінің дамуы соларға еліктеу арқылы қалыптасады. Сондықтан тәрбиешінің сөздік қоры бай, тілі орамды, дүниетанымы кең, дыбыстау мәдениеті өрісті де өрелі болғаны абзал. Қызықты әңгіме, ертегі, өлең, тақпақтарды мақамдап айту - халық шығармашылығын ұрпақтан - ұрпаққа жеткізу заманауи тәсіл ретіндеде қолданылып келді. Сауат ашуды деңгейлеп оқытудың негізгі бастамасын бастаған Ы. Алтынсарин екені бәрімізге белгілі. Дегенменде Ы. Алтынсаринның еңбектерінде сауат ашудың жан -жақты қарастырылмағаны анық. Дегенмен сауат ашудың тәсілдері сол кезеңнен бастау алғанын білеміз. Себебі ұлы ұстаз балалардың сауатын ашу үшін жеңілден ауырға, қиыннан оңайға өту тәсілін пайдаланған. Мектепке дейінгі жастағы балалардың сауатын ашуда тиімді жаңашыл тәсілдерге ерекше мән берген Ғ. Бегалиев, М. Жұбанов, Ә. Садуақасовттар. «Сауат ашу методикасы» атты еңбектің авторы - Ә. Садуақасов. Бұл еңбекте мектепке дейінгі жастағы балаларды сауат ашу элементтерін және жаңашыл тәсілдерін бөлек -бөлек қарастырған. Бұл еібек төрт бөлімнен тұрады.
- бірінші тарауда, сауат ашу әдістемесінің ұстанымдары мен талаптары;
- екінші тарауда, сауат ашудың тарихына тоқталу жіне сол арқылы заманауи тәсілдерді ұұйымдастра білу;
- үшінші тарауда, талдау - жинақтау барысына негізделген сауат ашудың жаңашыл тәсілдеріне шолу жасау;
- төртінші тарауда, талдау - жинақтау барысына негізделген сауат ашудың сатылары мен әдістерінің сатылары.
«Мәңгілік ел»- ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы
екенін барлығымыз білеміз. Ол арман әлем елдерімен терезесі тең қатынас
құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану
еді. Ол арман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен
қарайтын бақытты ел болу еді. Біз бұл армандарды ақиқатқа айналдырдық.
Мәңгілік елдің іргесін қаладық. Мен қоғамда «қазақ елінің ұлттық идеясы
қандай болуы керек» деген сауалдың жиі талқыға түсіп жүргенін естіп жүрмін,
біліп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар етіп ұлтты ұйыстыра ұлы
мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол - мәңгілік ел идеясы. Тәуелсіздігімізбен
бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі,
тәуелсіздігіміздің тірегі мәңгілік елордамызды тұрғыздық. Қазақтың мәңгілік
ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ -
мәңгілік қазақтың перзенті»- деді Елбасымыз. Елбасы Қазақстан халқына Жолдауында
Тәрбиеші - жас бүлдіршіндердің жеке тұлғасын қалыптастырушы, маңызды тәлім-тәрбие өнегесінің бастаушысы, жарқын үлгісі, бала қиялын самғатып, арманын көкке ұсындырушы басты тұлға. Бүгінгі жас өркеннің ертеңгі әлеуметтік - саяси қоғам мүшесі ретінде қалыптасуында тәлім-тәрбиенің маңызы зор екендігі белгілі. Ендеше қоғамдағы қол жеткен тәрбиелік жақсызаманауи оқыту тәсілдерін қолданып, биік адамгершілік қасиеттерге баулу, тәрбиелеу-тәрбиешінің басты міндеті. Тәрбиеші жан-жақты жетілген білімді, еркін шығармашылық шеберлік иесі, халықтық дәстүр, әдет-ғұрып пен салт-сана ерекшеліктерін әлеуметтік қарым-қатынастар түрлерін кәсіби түрде меңгеруі тиіс. Әсіресе осы кәсіби білік дағдыларын шыңдауы оның ұстаздық тәжірибе жинақтауының ең басты алғы шарты болып табылады.
Еліміздің білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты-ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары, жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі қазіргі таңда мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр. Бала болашағымыз десек, сол балаға жүйелі білім беріп, ынта-ықыласын дұрыс бағыттауды, дүниетанымын ашу, қабілет-қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек. Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбие мен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс-тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді. Балабақшада жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты: оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық ойын технологиясының элементтерін пайдалана отырып, жан-жақты, білімді, құзыретті тұлға тәрбиелеу.
Зерттеу нысаны: балабақшадағы балаларды сауат ашу элементтеріне оқытудың заманауи тәсілдерінің үдерісі;
Зерттеу пәні: мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың сауат ашу үдерісінде заманауи тәсілдерді қалыптастыру;
Зерттеудің мақсаты: Балабақша балаларын сауат ашу элементтеріне оқытуда заманауи тәсілдерді теориялық тұрғыдан негіздеп, әдістемесін ұсыну.
Зерттеудің болжамы: егер, мектепке дейінгі жастағы балаларды сауат ашу элементтеріне оқытуда заманауи тәсілдерді тиімді қолданатын болсақ, балалардың ой - өрісі, дүниетанымы, білім деңгейі қалыптасады.
Зерттеудің міндеттері:
- мектепке дейінгі балаларды сауат ашу элементтеріне оқытуда заманауи тәсілдерінің теориялық негіздерін айқындау;
- балабақша балаларын оқытуда сауат ашу элементтеріне заманауи тәсілдердің педагогикалық шарттарын анықтау.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық-теориялық негізіне философиялық таным теориясы және диалектика принциптері, тұлға және іс-әрекет теориялары, ізгіліктік педагогика тұжырымдамалары, құндылықтар туралы психологиялық, әлеуметтік, педагогикалық тұжырымдамалар, диагностикалаудың жалпы әдіснамасы.
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Білім туралы заңы, Тәрбие жұмыстары жөніндегі тұжырымдамалар, Зерттеу проблемаларына байланысты мектепке дейінгі жастағы балаларды оқытудағы сауат ашу тәсілдеріне байланысты озық тәжірибелер, кешенді бағдарламалар, психолог, педагог, философ, әлеуметтанушы және әлеуметтік педагог ғалымдардың еңбектері.
Зерттеудің әдістері: зерттеу мәселесіне қатысты ғылыми-әдістемелік, философиялық, педагогикалық, психологиялық, әдістемелік еңбектерге, зерттеудің деректі көздеріне теориялық, педагогикалық және статистикалық талдаулар жасау, салыстыру, жинақтау, қорытындылау т. б
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:
- балабақша балаларын оқытуда сауат ашу элементтерінің заманауи тәсілдері ғылыми теориялық негізі айқындалды.
- балабақша балаларын оқытуда сауат ашу элементтерінің заманауи тәсілдері тұрғысынан педагогикалық шарттары анықталды.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс нормативті сілтемелер, анықтама, кіріспе, екі тарауша, қорытынды, пайдаланған әдебиеттерден және қосымшадан тұрады.
І МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ САУАТ АШУ ЭЛЕМЕНТТЕРІНЕ ОҚЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
- Мектепке дейінгі сауат ашу жүйесінде деңгейлеп дамыта оқытуда қолданылатын әдістер
Әр заманның ұсынары бар және қалай болғанда да заман ағымынан қалмай, ілгері жүру-ұлы мұрат. Қазіргі заманда білім беру әлемдік құрылымының маңызды элементінің біріне айналды. Елімізде білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімі мен дағдысын емес, оның тұлғасын білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Қазіргі педагогика ғылымының бір ерекшілігі - баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.
Мектепке дейінгі педагогиканың теориялық және практикалық мақсаты біреу, ол - жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеу, ой-өрісін, сана-сезімін кеңейте отырып, өмірге қажетті білім-дағдыларға үйрету. Сол себепті балабақшада сауат ашу сабағы сәбидің тілін дамытуға, ауызекі дұрыс, мәдениетті сөйлеуге үйретуге, үйренгенін күнделікті өмірде пайдалана білуге басты назар аударады. Өйткені баланың айналадағы өмірді танып, білудегі басты жәрдемшісі-тіл. Ал, тілдің дамуы оның сана-сезімінің, ой-өрісінің жетіле түсуіне негіз болады. Баланың сөйлеу тілі мен сөздік қоры молая бастаған сайын айналадағы адамдармен өзі қатарлас балалармен белсенді қарым-қатынас жасайды. Өмірде кездесетін түрлі іс-әрекет жайында білуге құмарта түседі. Өзі түсінген түрлі жайттар туралы әңгімелейтін болады. Сонымен қатар баланың айналадағы дүниеден алған әсерін әрі қарай кеңейту, бір арнаға бағыттау балабақшада өтілетін арнайы сабақ, ойын, еңбек процестеріне де байланысты. Бұл тұрғыда тәрбиеші балаға бағдарламалық материал негізінде білім беруге баса назар аудару керек. Ол үшін тәрбиеші қандай тақырыпты қай кезде, қалай, қай мақсатта, қай сабақпен байланыстыра өткізу керектігін анықтай отырып, әр сабаққа қажетті материалды, балаға қойылатын нақты сұрақтарды тиянақты жоспарлауы қажет. Себебі балабақшада жүйелі түрде ұйымдастырылатын сабақтарда балалардың алған білімдері мектептегі оқу іс-әрекетінің біршама элементтерін игерудің негізін құрайды. Мектепке даярлауда балабақшада өтілетін симметриялық формаларды салуда балалар орталық сызықты салуды, бағыттауды үйренеді. Бұл өз кезегінде, яғни 1-сыныпта бейнелеу сабақтарында негізгі сызықтан бастап вертикальді, горизонтальді, қиғаш сызықтарды, симметрияның осі, заттың көрінбей тұрған бөлігін салуға үйрету болып табылады. Балабақшадағы сурет, жапсыру, мүсіндеу сабақтары мектептің бейнелеу, еңбек сабақтарына дайындауға септігін тигізеді. Жазу мен сурет салуда балада денесін тік ұстау дағдылары қалыптасады.
Балалардың сауатын ашу және математикалық білім беру арнайы ұйымдас-тырылған сабақтарда жүзеге асырылады. Мұндағы басты мақсат-балаларға жазу мен санауды үйретудің алғы-шарттарын қалыптастыру. Жазу келешекте бүкіл оқу үдерісі құрылатын базалық дағды. Жазуға үйрету тек мақсатты түрде ұйымдастырылған оқыту барысында жүзеге асырылады.
Сауат ашу-баланың көптеген психикалық қызметтерінің жетілуін талап ететін, күрделі ақыл-ой әрекеті. Балабақшадағы сауат ашу жүйесінде деңгейлеп дамыта оқытуда қолданылатын әдістерге интеграциялық сабақтарды да жатқызамыз.
1. Естігенді тез ой елегінен өткізіп, жылдам жауап қайтару. Мысалы:доппен ойын- «сұрақты қағып ал да, жауапты бер», «ертегіні ата» деген сияқты ойындармен баланың ой-өрісін кеңейту.
2. Сөзге дыбыстық талдау жасау, оларды жазу, жеке әріптерді құрастыру.
3. Парақтың бетінің кеңістігінің бағдарлауды үйрету, нүктелерге қарап заттың суретін салдыру.
4. Қолдың саусақтарының қимылы мен синхронды сөйлеу.
5. Жазу жазатын құралдарды дұрыс ұстау біліктілігін үйрету. Бұл әдіс жазуға дайындалып жүрген балаға көп көмегін тигізеді.
Сонымен қатар 5-6 жастағы балаларды сауат ашуға дайындауда мына міндеттерді қарастыру қажет.
1. Көргенді, естігенді, сезінгенді түсініп. оның мазмұнын айтып беру білігін қалыптастыру;
2. Айтылатын әңгіменің логикалық жүйесін құру білігін қалыптастыру, жоспар түзу, әңгімені неден бастайтынын анықтау, оны келсек аяқтау, бір ойдан келесі ойға бірізділікпен өту;
3. Сөйлеудің дыбыстық жағын дамыту;
4. Балаларды ауызша және схемалық жазбаша сөйлеуден сөйлемдерді анықтауға үйрету, берілген сөздерден сөйлем құрау, сөздерді буынға бөлу, балаларды сөздің дыбыстық құрылымы мен таныстыру.
Баланың мектепке дайындығы немесе дайын еместігі оның сөйлеу қабілетінің даму деңгейімен анықталады. Себебі, бала мектепте оқу барысында игеретін білім жүйесі ауызша және жазбаша сөйлеу арқылы жүзеге асырылады. Егер ауызша сөйлеуді ол мектепке дейін игерсе, ал жазбаша сөйлеуді алда үйренетін болады. Жазбаша сөйлеуді толыққанды үйрену үшін, мектепке дейінгі кезеңде баланың ауызша сөйлеу қабілеті жоғары деңгейде дамуы қажет. Баланы оқу мен жазуға үйрету-мектептің міндеті, бірақ көптеген дағдылар мен біліктерді балабақшада үйренуі керек. Сонда ғана оның мектепке келгеннен кейін оқу мен жазуды толыққанды игеруі жеңіл болады. Ал мектепке дейінгі даярлау барысында игерген дағдыларын ол өзіне жаңа іс-әрекет барысында жүзеге асырады. Дұрыс берілген білім баланың бойына сіңіп, тамыры тереңге бойлайды. Әрбір баланың сауатты азамат пен азаматша болуының негізі балабақшада қаланады. ХІХ ғасырдың орта тұсында сауат ашу жұмысын жетілдіруде әлемдік педагогикада төрт түрлі әдіс пайда болды. Біріншісі - «Жакота әдісі», ол дыбыстық-аналитикалық әдіс. Екіншісі - «Стефани әдісі», оның негізін неміс педагогы Г. Стефани калады. Бұл әдіс - дыбыстық-синтетикалық әдіс. Үшіншісі - «Толстой әдісі». Орыс жазушысы Л. Н. Толстой ойлап тапқан дыбыс есту, яки буын есту әдісі. Төртіншісі - дыбыстық аналитикалық - синтетикалық әдіс. Дыбыстық-аналитикалық - синтетикалық әдіс өзінің тиімділігін көрсеткендіктен қазіргі кезде де қолданыс үстінде әрі бұл әдіс деңгейлеп дамыта оқытуға ыңғайлы. Себебі бұл әдіс бойынша оқушыларға алдымен дыбыстар үйретіледі, содан кейін үйретілген дыбыстарды бірте-бірте біріктірту арқылы сөздер құрастырылтады, ең соңында сөздерден сөйлемдер құрастырылады. Сөйлемдерден жеке сөздерді, олардан буындарды, буындардан дыбыстарды табады, талдайды. Сөйтіп, аналитикалық және синтетикалық әдістер қатар жүреді.
А. Байтұрсынұлынан кейін Ж. Аймауытов, Т. Шонанұлы, К. Кемегерұлы сияқты замандастары қазақ тілін оқыту әдістемесіне өз үлестерін қосты, оны алға қарай сүйретті. Олардың еңбектерінде сауат ашу жүйесінде деңгейлеп дамыта оқыту мәселесі арнайы сөз ерілмесе де оның элементтері болды. Мысалы, Ж. Аймауытов - талдау, жалқылау, жалпылау, сұрақ-жауап, әңгімелесу, жаттығу, көрнекілік әдістерін; М. Жұмабаев - көрнекілік, көшіру, көрініс қойдыру, әңгіме әдістерін; Т. Шонанұлы - зерттеу, аудару, салыстыру, талдау әдістерін; К. Кемеңгерұлы - үйлестіру, әңгіме және т. б. әдістерін жіктеп көрсеткен және олардың сауат ашу жүйесіндегі тиімділігін нақты мысалдармен дәлелдеген, оқыту жолдарын талдаған.
Сауат ашу жүйесінде қолдануға тиімді технологиялар:
1. ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясы.
2. Тәй - тәй технологиясы
3. Монтессори технологиясы
4. Зайцев технологиясы
5. Дамыта оқыту технологиясы
1) ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясын өткен ғасырдың 70 жылдары Г. С. Альтшулер ойлап тапқан.
Мектепке дейінгі балаларға бейімделген ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясы
баланы шығармашылық тапсырмаларды орындауға үйретеді және оның бойында
шығармашылық қажеттіліктерді дамыта отырып, оның қызығушылығына сүйене
отырып шығармашылыққа баулиды.
2) Тәй - тәй технологиясы . Негізін қалаған: Джорж Сорос
Мақсаты: Балалардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін
дамыту.
1) Монтессори технологиясы . Негізін қалаған: М. Монтессори.
Мақсаты: Балалардың қоршаған әлемге қызығушылығын туғызу және оны
зерттеуге ұмтылдыру. Сауалдар қою және оларға жауап іздеп табу.
2) Зайцев технологиясы . Негізін қалаған: Н. А. Зайцев
Мақсаты: Оқыту мен санауды қатар үйрете отырып, балалардың дұрыс сөйлеу
мәдениетін қалыптастыру. Баланың білімді барлық сезім мүшелерімен қабылдауын
қамтамасыз ету.
Дамыта оқыту технологиясы. Негізін салушылармен зерттеушілер: В. Давыдов,
В. Занков, В. Эльконин, П. Эрдниев
Мақсаты: Баланың жалпы жан дүниесін, және оның сезіміне әсер етіп логикалық
ойлауын дамыту. Сөздік қоры мен сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Дамыта оқытуда тәрбиешінің басты міндеті оқу материалдарын балаға дайын
күйінде емес, баламен бірлесіп, жалпы іс - әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойған
міндеттерді түсіндіру сөздік қоры мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл
бөлу.
Дамыта оқыту технологиясының балабақша жағдайында қолдануға болатын тиімді әдістері:
1. Ой толғаныс.
2. Ассоциация
3. Салыстыру
4. Раунд - Робин
5. Топтау әдісі
1) Ой толғаныс әдісі немесе психология тілінде «Миға шабуыл» деп те аталады.
Бұл әдіс көбіне ұйымдластырылған оқу іс - әрекетінің тақырыбын ашуда
қолданылады. Мыс: Жұмбақ шешу, сөзжұмбақ, суретті ребустар арқылы.
2) Ассоциация әдісі. Бұл әдісте берілген тақырып бойынша балаларда қандай ой
туады соның барлығы сол сөздің жан - жағына жазылады. Мыс:
3) ЖАЛПЫ ОТБАСЫ:
Ата, әже, әке, ана, аға, әпке, іні
3) Салыстыру әдісі. Бұл әдісте балалар объектілер арасындағы ұқсастық пен
айырмашылықты анықтайды.
Мысалы: Алма және қызанақтың ұқсастығы мен айырмашылығы
4) Раунд - Робин әдісі . Бұл әдіс өткен немесе жаңа тақырыпты бекіту үшін
қолайлы тәсілдердің бірі. Мұнда әр бала берілген тақырып туралы не біледі. Бір сөйлем
немесе сөз тіркесі арқылы бірінің айтқанын бірі қайталамай түгел айтып шығуы тиіс.
Мыс: «Гүлдер» тақырыбында
- Гүл өсімдік
- Гүл әдемі
- Гүлді жұлуға болмайды
- Анамызға сыйлаймыз
- Достарымызға сыйлаймыз т. б.
5) Топтау әдісі. Топтау әдісінде балаларды деңгейлеріне қарай бірнеше топқа
бөледі де, өздері орындай алатындай топтық тапсырма беріледі.
Мыс: «Пішіндер» тақырыбын өткенде
І топ - Үлестірмелі картадағы бейнеленген суреттерден геометриялық
пішіндерді тауып, көрсету, атын атау.
ІІ топ - Жіпті пайдалана отырып әртүрлі пішіндерді жасау.
ІІІ топ - Санағыштан үшбұрыш пен төртбұрышты құрастыру.
Дамыта оқытудың нәтижелі болуы тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы жаңаша қарым - қатынас арқылы ғана өз жемісін береді. Бүгінгі күн бәсекелестікпен жоғарғы технологияның, ғылым мен білімнің заманы.
Сондықтан оқыту процесінде жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану әрбір тәрбиешініңң міндеті.
1. 2. Мекетепке дейінгі мекемедегі сауат ашу элементтерінің жаңашыл бағыттағы түрлері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz