МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІНІҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   

Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті

Психология және педагогика факультеті

Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасы

Аты-жөні

номері - «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»

БАЛАЛАРДАҒЫ СӨЙЛЕУ ПАТОЛОГИЯСЫНЫҢ СЕБЕПТЕРІ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Ғылыми жетекші:

аға оқытушы

Қостанай, 2020

БАЛАЛАРДАҒЫ СӨЙЛЕУ ПАТОЛОГИЯСЫНЫҢ СЕБЕПТЕРІ

Кіріспе . . . 3

І. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІНІҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

1. 1. Мектеп жасына дейінгі балаларда сөйлеу тілінің даму ерекшеліктері . . . 5

1. 2 Мектеп жасындағы балалардың сөйлеу тілінің патология түрлері . . . 11

1. 3 Балалардағы сөйлеу патологиясының себептерін түзету мүмкіндіктері . . . 21

ІІ. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІНІҢ ДАМЫТУДЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗІ

2. 1 Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілінің кемшіліктерін анықтау . . . 24

2. 2 Мектеп жасындағы балалардың сөйлеу тілінің бұзылыстарын түзету жолдары . . . 28

2. 3 Қорытынды эксперименттің барысы мен нәтижесі . . . 29

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 35

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 39

ҚОСЫМША . . . 41

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Білім беру заңында көрсетілгендей, адамзат құндылықтарының ғылым мен тәжірибе негізінде, жеке тұлғаны қалыптастыруға қажетті жағдайларды жасау - білім беру жүйесінің негізгі міндеті болып отыр. Кәсіби кадрларды дайындау проблемасын шешудің жаңа жолдары қарастырылуда.

Мектеп жасына жейінгі балалардың сөйлеу дағдысын дамыту әдістемесі де, өзге де ғылымдар саласы сияқты жыл сайын талдаумен, жетіле түсумен келе жатқан ғылым. Қазір балалар бақшасының қай-қайсында да сөйлеуге үйренудің әдістері, принциптері жаңарумен, бүгінгі өмір өзгерістерімен байланысты жаңа түр, мазмұнға бейімделуімен ерекшелене бастады. Осыған орай дұрыс сөйлеу, яғни тілді нақты меңгеру мәселесі бұрынғыдай алдынғы қатарлы тәрбиешілердің тиімді тәжірибелерін кең пайдаланумен бірге, шығармашылық ізденістерге айрықша көңіл аударуды талап етіп отыр.

Курстық жұмыстың мақсаты: Сөйлеу тілінде ауытқушылықтары бар балалардың психологиялық ерекшеліктерін ғылыми әдебиеттер көмегімен теориялық тұрғыда зерттеу. Әлеуметтік ортада, балабақшада сөйлеу тілінде ақауы бар балалардың қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйрету.
Зерттеудің міндеттері:

-тақырыптың мазмұнына байланысты жазылған ғылыми теориялық еңбектерге талдау жасау.

-мектепке дейінгі балалардың сөйлеу патологиялық себептері барысындағы озат педагогикалық, психологиялық, философиялық тәжірибелер, зерттеулерді салыстыру, қолдану мүмкіндіктерін анықтау.
-жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың лексикалық дамуының ерекшеліктерін шетел және отандық әдебиеттерден қарастыру;
-жалпы сөйлеу тілінің кемістігін қарастыру;
- жалпы сөйлеу тілінің кемістігі бар балаларда лексикалық құрылымның қалыптасуының себептерін анықтау.
- сөйлеу тілі жалпы дамымаған балалардың сөздік қорын дамытудың кейбір жолдарын қарастыру;
Зерттеу нысаны: жалпы сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балалардың лексикалық дамуының ерекшеліктері.
3ерттеу пәні : сөйлеу тілі.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, сөлеу тілінде кемістіктері бар балаларға логопедтік пункттер мен корекциялық бөлімшелер ашылса, мамандар саны көбейсе, тілінде ауытқушылықтары бар балалардың саны азаяр еді. Сонымен қатар еліміздегі логопедтерді арнайы шетел мамандары ұйымдастыруымен жасалған форум, конференцияларға қатыстырса, айтарлықтай нәтиже берері анық.

Зерттеудің құрылымы : Курстық жұмыс негізінен, кіріспе (зерттеу жұмысының өзектілігі, зерттеу мақсаты, зерттеу пәні, зерттеу нысаны, зерттеу міндеті, зерттеу көздері, зерттеу әдістері, ) 1 тарау, ( теориялық негіздері ) 2 тарау (практикалық әдістемелік жолдары ) және қорытынды (пайдаланылған әдебиеттер тізімі ) бөлімнен тұрады.

Зерттеу орны: №9 балабақша

Зерттеудің әдістері: 1. Арнайы әдебиеттерді талдау; 2. Бақылау; педагогикалық тәжірибе өткізу; 3. Тәжірибе нәтижелерін талдау, қорытынды шығару.

І. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІНІҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

1. 1. Мектеп жасына дейінгі балаларда сөйлеу тілінің даму ерекшеліктері

Білімділік пен тәрбиенің нәрі мектепке дейінгі ұйымнан басталады. Үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы-мектепке дейінгі білім беру мәселесіне бүгінгі таңда жан-жақты көңіл бөлінуде. Қазіргі кезде халық назарын аударып отырған басты мәселе-мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбие-білім беру жұмыстарының мазмұның, міндетін жаңарту, ұлттық негізде құру. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу дағдысы мектепке дейінгі ұйымнан басталатыны бәрімізге мәлім және ол қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі. Қазіргі кезде қоғамда жүріп жатқан өзгерістер, жаңару, мектеп жасына дейінгі балалардың білім сапасын жақсартуды талап етуде.

Олай болса, мектепке дейінгі ұйымда бала өз ана тілін меңгеру барысында тілдік қатынастың аса маңызды түрі-ауызша сөйлеп үйреніп жатады, ол сөздерді байланыстырып айту арқасыңда жүзеге асады. Сөздің байланысты айтылуы баланың тілдік және ақыл-ой дамуымен біртұтас жүреді. Педагогика ғылымының тарихына үңілсек, баланың сөздерді дұрыс байланыстыра сөйлеуін дамытуда зор үлес қосқан Я. А. Коменский, К. Д. Ушинский, С. Л. Рубинштейн, А. М. Леушина, Т. Тихееважәне т. б. зерттеушілердің еңбектерінен аңғаруға болады. Елдігімізді жарялаған сәттен бастап, жаңа заман талабына сай келетін қазақ тілінде жазылған бала тілін дамытуда зерттеулер жүргізген ғалымдар Б. Баймұратова, А. Меңжанова, М. Мұқанов, А. Бакраденова және т. б. еңбектерін де назар аудартуға тұрарлық.

Кез келген бала-бақшаларда тұлғаны қалыптастыру мектепке дейінгі балалардың өз ой-пікірін ана тілінде еркін, дұрыс, түсінікті жеткізе білуден басталады. Мектепке дейінгі бала айтайын деген ойын, біріншіден, жасқанбай жеткізе білуі; екіншіден, сөйлемдерді дұрыс та нақты құрастыра алуы; үшіншіден, сөйлеу мәдениетінің алғашқы қарапайым бастамасын меңгеруі; төртіншіден, қоршаған ортаға сай қарым-қатынас жасай білуі тиіс. Сайып келгенде, осының бәрі, тұжырымдамада көрсетілгендей, тілдік қатынастың басты қағидалары мен ұстанымдарын меңгеруді қажет етеді. Сондықтан бала бақшаларда балалардың ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру қазіргі кезде өзекті мәселеге айналып отыр. Баланың сөйлеу тілі туа біткен процесс емес екенін көптеген авторлар дәлелдеген. Ол онтогенез барысында адамның әлеуметтік дамуымен байланысты. Сөйлеу тілінің дамуы мидің орталықтарының және оларды жалғайтын жолдарының қалпына, баланың ой-өрісі мен дене дамуына байланысты болады.

Баланың сөйлеу тілі дамуын зерттеген ғалымдардың көпшілігі (А. Н. Гвоздев, Г. А. Розенгард-Пупко, А. Н. Леонтьев) екі негізгі кезеңге бөледі: сөйлеу тілі шыққанға дейінгі (баланың туылған кезінен бір жасқа дейін) және сөйлеу тілі шыққан кезен (бір жастан кейін) .

Сөйлеу тілі шыққанға дейінгі кезеңді дайындық кезен, деп атайды. Өйткені бұл кезде баланың сөйлеу тілін меңгеруге дайындық жүреді. Баланың туылған кезінен бастап дауыс реакциялары пайда болады. Олар айқай және жылау. Бірақ бұлар әлі де адамның сөйлеу тілінің дыбыстарынан бөлек. Сонда да айқай да, жылау да, сөйлеу аппаратының үш бөлігінің (демалу, дауыс шығару, артикуляция) әр түрлі қимылдарының дамуына әсерін тигізеді. Екі аптадан кейін бала айналасындағы сөйлеген адамның дауысына назар аударады, жылауын қояды, адамдар оған сөйлегенде «тыңдайды». Бір айдың аяғында баланы әлдилеп жұбатуға болады. Сөйлеген адамға басын бұрып және оның артынан көзімен қарайтын болады. Интонацияға (дауыс ырғағына) реакция береді: жылы және қатты сөйлегенді сезеді. Бұл кезде баланың уілдеуі әр түрлі интонациямен шығады. Ең бірінші пайда болатын дауысты дыбыстар (а, о, у, э) . Содан кейін еріндік дыбыстар (б, п, м) пайда болады. Бұл физиологиялық ему процесіне байланысты. Ең соңында шығатын тіларты дыбыстар (к, г, х) . Бұл физиологиялық жұту процесіне және тілдің түбінің көтеріңкі болуына байланысты (баланың шалқасынан жатуы) . Уілдеу баланың еркіне байланысты емес. Ол өз бетімен пайда болады (рефлекторлы) . Баланың 5-6 айында былдыр пайда болады (ба-ба-ба, ма-ма-ма, па-па-па, т. б. ) .

Былдыр дегеніміз белгілі дыбыстық комплекстердің, дауыссыз және дауысты дыбыстардың тіркестерінің пайда болуы. Уілдеу мен былдыр қарым-қатынас қызметін атқармайды [1. 15-36 б ] .

7-8 айында бала ересектердің сөйлеу тіліне еліктейді. Бала естіген дыбыс тіркестерін заттармен және олардың іс-қимылдарымен сәйкестендіреді (тик-так, бух, бах) . Бала міндетті түрде айналада тек қана дұрыс сөйлеу тілін есту керек. Бірақ бала әлі де ситуацияға, интонацияға, сөзге бір реакция береді. Ал 10-11айында сөздің өзіне реакция беретін болады (ситуацияға және интонацияға сүйенбей ақ) . Бірінші жылдың аяғында балада алғашқы сөздер пайда болады. Осы кезеңде баламен жиі қарым - қатынаста болу керек. Баланың сөйлеу тілінің дамуы оның жеке ерекшеліктеріне байланысты. Бір бала бірнеше сөз айта алатын болса, екінші бала он шақты сөз қолданады. Бұл баланың соматикалық жағдайына, нерв жүйелерінің түріне, тәрбиесіне, т. б. байланысты. Баланың алғашқы сөздері шыққаннан бастап дайындық кезеңі аяқталады.

Сөйлеу тілі шыққан кезең өзара үш кезеңнен тұрады. Мектеп жасына дейінгінің алдынғы кезеңі бір жастан үш жасқа дейін созылады. Сөйлеу тілі оны құрайтын компонентері бойынша дамиды: дыбыс айтуы, сөздік қоры, грамматикалық құрылысы.

Сөйлеу тілінің фонетикалық жағының дамуында баланың күнделікті еститін сөйлеу тілінің маңызы зор. Бала осы кезде айналада тек қана дұрыс сөйлеу тілін естуі керек. Бұл кезеңде бала дыбыстарды алмастырып, шатастырып, бұзып айтады, немесе мүлдем айтпайды [2. 23-36 б ] .

Баланың бірінші сөздері жалпылама мағынада қолданылады (бір сөзбен немесе дыбыс тіркестерімен бала затты, сезімін, өтінішін білдіреді) . Мысалы, «су» деген «мынау су», «су бер», «су суық» дегенді білдіруі мүмкін. Баланы тек жағдайға (ситуацияға) қарай түсінуге болады. Сондықтан бұны ситуациялық сөйлеу деп атайды. Бұндай сөйлеуде бала ишара және мимика көп қолданады. Баланың сөздік қорының дамуы 2-3 жастың арасында белсенді болады. Әр түрлі авторлар баланың сөздік қорының толуы жайында әр түрлі сандық мәліметтер береді. Ең көп таралған мәліметтер мынандай:

1 ж. 6 айда-10-15 сөз;

2 ж. соңында - шамамен 300 сөз;

3 ж. қараған шағында -1000 сөздің көлемінде.

3 жасқа қараған шағында балада сөйлеу тілінің грамматикалық жағы қалыптаса бастайды. Алғашқыда бала өзінің өтініштерін бір сөзбен білдіреді, содан кейін-қарапайым фразалармен. («Апа Мина шай іш» -Апа, Амина шай ішеді. ) . Осы кезеңде балалардың ересектерді түсінуі сөйлеу қабылетіне қарағанда жоғары болады.

Келесі кезең - мектеп жасына дейінгі (3жастан 7 жасқа дейін ) .

Сөйлеу тілінің фонетикалық жағының қалыптасуының ерекшеліктері: 3 жаста «ш», «ж, » «ч», «щ» дыбыстары «с», «з» дыбыстарына, «щ» дыбысы «ч», «ть», кейде «т», «д» дыбыстарына алмастырып айтылады. Ысқырық дыбыстарды айтқан кезде тісаралық, тістөңіректік («с»=«т», «з»=«д»), еріндік-тістік ((«с»=«ф», («з»=«в») сигматизм байқалады. «Р», «л» дыбыстары «й», «ль» дыбыстарына, «қ», «г», «х» дыбыстары «т» немесе «д» дыбыстарына алмастырып айтылады. 4 жаста дыбыстардың айтуы тұрақсыз болады. Ысқырық дыбыстардың айтылуында тісаралық сигматизм байқалады. Жеке ызың дыбыстар дұрыс айтылады. Сонорлы «р», «л» дыбыстары әліде дұрыс айтылмайды, олар «й», «в» дыбыстарына алмастырылып айтылады. Ысқырық, ызың және «к», «г», «х» дыбыстары 5-6 жастағы балада қалыптасқан болуы керек. Ал артикуляциясы күрделі «р» дыбысы 7 жасқа дейін қате айтылуы мүмкін.

Сөйлеу тілінің сөздік қорының дамуы: алғашқыда бала тек қана сөздің номинативтік функциясын менгереді. Сонымен қатар етістіктерді қолдана бастайды. Кейін басқа да грамматикалық категорияларды игереді: сын есім, есімдік, үстеу. А. Н. Гвоздевтің айтуы бойынша 3 жастағы балада грамматикалық негізгі категориялары толық қалыптасады. 4 жастағы бала өз тілінде жай және күрделі сөйлемдерді қолданады. 5 жастағы бала қосымша сұрақтарсыз тыңдаған әңгіменің мазмұнын өз бетімен айтып бере алады. Осы жаста баланың фонематикалық қабылдау қабілеті де дамиды: алғашқыда бала дауысты және дауыссыз дыбыстарды, кейін-жіңішке және жуан дауыссыздарды, сонорлы, ысқырық, ызың дыбыстарды ажырата бастайды. 4 жасында қалыпты дамыған бала ана тілінің барлық дыбыстарын ажырата алуы керек, яғни оның фонематикалық қабылдау қабілеті толығымен дамыған болуы қажет [3. 23-29 б ] .

Сөйлеу тілінің грамматикалық құрылысының дамуы үш кезеннен тұрады: аморфты түбір-сөздерден тұратын сөйлемдер (1 кезең), сөйлемнің грамматикалық құрылысын игеру (2 кезең), ана тілінің морфологиялық жүйесін игеру (3 кезең) .

Мектеп жасындағы кезең (7-17 жас) .

Бұл кезеңде баланың сөйлеу тілі дамуының ерекшелігі - сөйлеу тілін саналы түрде игеруі. Балалар дыбыстық талдауды, грамматикалық ережелерді толығынан меңгереді. Сөйлеу тілінің жаңа түріне-жазбаша сөйлеу тіліне бастаушы роль беріледі. Сонымен, мектеп жасында баланың сөйлеу тілінің қайта құрылуы байқалады - тіл дыбыстарын қабылдап, ажыратудан бастап сөйлеу тілінің барлық құралдарын саналы түрде қолдануы.

Әрине, әр кезең келесі кезеңге бір қалыпты ауысады. Баланың сөйлеу тілінің дамуы қалыпты және уақытынша өту үшін, оған жағымды жағдай болу керек: баланың соматикалық және психикалық денсаулығы мықты болуы; ойлау қабілеті қалыпты; есту және көру қабілеті қалыпты; қоршаған сөйлеу ортасы дұрыс болуы керек.

Шетел ғалымы П. Менюк сөйлеу тілінің дамуын өзгеше қарастыра отырып, оны 5 кезеңге бөледі: бірінші кезеңде (сөйлеу тілі шыққанға дейіннен былдырға дейін) айқай мен алғашқы вокализациясы бастапқы болады. Бұл кезеңде негізгі назар дауыс реакцияларының интонациялық сипатына аударылады. Баланың айқайына анасының жауабының маңыздылығы зор екенін ескереді. Сөйлеу тілі дамуының бірінші кезеңінде балалардың акустикалық тітіркендіргіштерді ажырату мүмкіндіктері байқалады.

Екінші кезең - «былдыр кезеңі». Бұл кезде балада дыбыстық белсенділігі дамиды, өз айқайын бақылай бастайды, әрі қарай есту түйсігінің (есту анализаторы арқылы әр түрлі дыбыстарды қабылдап, ажыратып, бойға сіңіру процесі) дифференциациясы байқалады.

Үшінші кезең -бір сөздік деңгейде қарым- қатынасқа түсу. Осы бастан баланың сөйлеу тілінің нақты дамуы басталады. Сөйлеу тілін қабылдауында да, сөйлеуінде де сапалы өзгерістер байқалады. Балада айтылған сөздің ұзақтылығын байқай алатын мүмкіншілік туады. Моторлы және сенсорлы сөйлеу тіл арасында алғашқы рет өзара байланысы пайда болады.

Төртінші кезең - екі сөздік деңгейде қарым-қатынасқа түсу. Бұл синтаксистің дамуының бастауыш кезеңі. Сөйлеу тілінің грамматикалық категорияларын меңгеруі бесінші кезеңде басталады.

Қарастырылған кезеңдерге бөлу сөйлеу тілінің дамуының кешеуілдеу және бұзылуының механизмін түсінуге мүмкіншіліктерін кеңейтеді.

Баланың сөзді байланыстыра айта білуі дегеніміз-сөз бен сөйлемдердің үлесімділігі ғана емес, бұл бір-бірімен байланыста келген, дұрыс сөйлемдерден құралған бала ойының сыртқы жаңғырығы. Бала сөйлеу барысында, ойлай білуге де үйренеді. Одан баланың ойлау логикасын, өзін қоршаған әлемді қаншалықты қабылдап, сыртқа жаңғырта білуін байқаймыз. Осындай басты-басты мәселелердің дұрыс шешілуін, жүзеге асу жолдарын тексеру мақсатында, балалар психологиясы мен мектепке дейінгі педагогикаға арналған оқулықтарда айтылғандай, баланың байланысты сөзін дамыту жолдарын негізгі ала отырып, оның қаншалықты менгерілгенін қадағалап, т әжірибелер жасау әрбір тәрбиешінің атқарар ісі [4. 102-136 б ] .

Жалпы бала тілін дамытуда, байланыстырып сөйлеуде түрлі ойындардың әсері әлдеқайда басым. Халық даналығында «Ойнай білмеген, ойлай да білмейді», «Ойында озған, өмірде де озады» деген аталы сөздер сырына жүгінсек, мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға деген құлқы, қарым-қатынасы, мінез-құлық көріністері олар өсіп есейгенде де жалғаса береді. Ойындардың негізгі мақсаты балаларың ықылас зейінін, сөздік қорын, байқампаздығын, есте сақтау, қабылдауын дамытуға, икемділікті арттыруға, өзінің жеке құрбыларының іс-әрекетін бағалай, құрметтей, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей білуін анықтау, қалыптастыру.

Сөйлеу басында балаларға қиын болса, олар миға (ұйыққа) түскен мал сықылды, малтығып жылжи алмай қиналады, үйретуші сүйреп шығара алмай қиналады. Екі жағының да жігері кеміп, шабыты болмайды. Шабытталып істелмеген іс оңды да болмайды» деп нақтылап кеткен зерттеушілердің пікірі балалардың сөйлеу дағдысын қалыптастырудың алғашқы шарттары тәрбиешінің басты міндеті екенін айқындайды. Тілшінің пікірінше, мектепке дейінгі балалардың сөйлеу дағдысын қалыптастыруда жақсы тәрбиеші деген атқа түрлі әдістерді меңгеріп соларды балаға жеткізе білсе ғана ие болады. Мектепке дейінге ұйымдағы бала ауызша сөйлеу кезінде тәрбиеші оның сөйлеу темпіне басты назар аударып отыру қажет. Жұрт алдында тым тез сөйлеуге де, тым баяу айтуға да болмайтынын үнемі есте сақтау керек. Сөйлеушінің айтпақ ойының мақсатына, мазмұнына қарай сөз бірде баяу, бірде жылдам, бірде көтеріңкі айтылуы тиіс. Егер де мектеп жасына дейінгі балаларға сөйлеу дағдысы қалыптастыру әдістемелерін жоспарлы, белгілі бір мақсатқа негіздеп ұйымдастырса соғұрлым балалардың дұрыс сөйлеу дағдылары қалыптасып, нәтижелілігі жоғары болмақ. Ендеше, тәрбиешінің қызметі оның білімінің, шеберлігінің керек орны өздігінен алатын тәжірибелі білімнің ұзақ жолын қысқарту үшін, ол жолдан балалар қиналмай оңай үйрену үшін, баланың тілін сөйлеу барысында дұрыс айтылымын қайталап, түзеп отыру керек [5. 56-60 б ] .

Психологтардың айтуы бойынша, бала қай тілде қарым-қатынас жасаса сол тіл шын мәнінде бала үшін ана тіліне айналады. Алдымен сөйлеудің дыбыстық жағы дамиды. Мектепке дейінгі кезеңнің соңында контексті сөйлеуге көшуге мүмкіндік болады. Бала тілдің грамматикалық жағын меңгеріп, үлкен сөздік қорын игереді. Ол оған оқып берген мәтінді қайталап айтып беруіне, суреттеменің мазмұнын баяндауға, айналасындағылармен көргенін алған әсерін ұғынықты тілмен жеткізуіне мүмкіндік береді. Жалпы мектепке дейінгі кезеңде бала үлкендерге тиісті ауызша сөздің барлық түрін меңгереді. Монолог сөйлеу, әңгіме айту дағдысы қалыптасады. Ол үлкендерге көргенін жеткізіп қана қоймайды, сонымен қатар сол нәрсеге байланысты өз алған әсерін де жеткізе біледі. Құрбыларымен қарым-қатынас кезінде диологты сөйлеуі дамиды. Эгоцентрикалық сөйлеу балаға әрекеттерін жоспарлап, жүйелеуге көмектеседі. Бала алдағы әрекеттің жоспарын құрып, міндеттерін орындау тәсілін талқылайды, сөздердің жаңа формаларын қолдану, ашық түрде айту, осы кезеңдегі балалардың қарым-қатынасының жаңа міндеттеріне байланысты. 6 жасқа келгенде баланың сөйлеуі жоғарғы сатыға көтеріліп, сөздік қорының саны көтеріліп, өз ана тілінде сөйлеудің негізгі ерекшеліктерін меңгереді. Мектеп жасына дейінгілердің тілді меңгерудің негізгі ерекшілігі дұрыс сөйлеу ережесін жаттап отырмайды, ешқандай теорияға мән бермейді, зат есім, сын есім, жұрнақ, жалғаудан бейхабар болады. Мектеп жасына дейінгі балалар күнделікті сөйлеуді өзінің айналасындағылармен қарым-қатынас кезінде үлкендерге еліктей отырып, үйренеді. Сондықтан да баламен қарым-қатынас жасағанда дұрыс сөйлесіп, түсінікті тілде жауаптар қайтарған жөн. Осы жақта баланың актив сөзінен пассив сөзі басым болады. Бала сөзді естігені бойынша айтады. Баланың тілдік қабілетін жетілдіруде тәрбиешінің рөлі ерекше. Мысалы, бала тәрбиешінің әр сөзінің интонациясы мен дикциясына еліктеп сөзді қайталайды. Бала 7 жасқа келгенде үлкендермен қарым-қатынасының нәтижесінде ситуациялық сөзді меңгереді [6. 36-41 б ] .

1. 2 Мектеп жасындағы балалардың сөйлеу тілінің патология түрлері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамыту жолдары
3 жас кезеңіндегі балалардың сөйлеуін дамыту
Жалпы сөйлеу тілі дамымауының себептері
Сөйлеу әрекетінің орталығы
Мектеп жасына дейінгі жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың сөздік қорын дамыту мәселелері
Бала тілін дамытудағы ана тілінің рөлі
Балалар сөйлеуінің дыбыстық бұзылыстарының негізгі себептері
Мектеп жасына дейінгі ересек балалардың сөйлеуінің морфологиялық жағын дамыту құралы ретінде ойындардың тиімділігін теориялық негіздеу және эксперименталды түрде тексеру
Мектеп жасына дейінгі үлкен балалардың сөйлеуін тікелей оқу іс-әрекетінде және күнделікті өмірде дамыту құралы ретінде фольклордың шағын түрлерін пайдаланудың тиімділігін негіздеу
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz