Психология сана туралы ғылым ретінде


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Факультеті: География және табиғатты пайдалану факультеті
Кафедра: География, жерге орналастыру және кадастр
СӨЖ
Тақырыбы: «Психология туралы ілімнің Қазақстандағы даму жолдарын сызба түрінде көрсету»
Орындаған: Маннобова А. А.
Тексерген: Сайлинова К. К
Алматы 2020
Жоспар:
I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім:
2. 1. Қазақстандағы ғылыми психологияның тарихы
2. 2. Дамуы (кесте)
III. Қорытынды.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе:
Ата-бабаларымыз өздерінің сан ғасырлар бойғы ұлы тарихында жас ұрпаққа тәрбие берудің бай тәжірибесін жинақтап, өзіндік салт-сана мен әдет-ғұрып, дәстүр рәсімдерін қалыптастырды. Бұлар адамдардың түрмысына сіңген жөн-жосық, жол-жоралғылары, әр адамның іс-әрекетінің қоғамдық ортада қалыптасқан нормалары мен принциптерінің көріністері еді. Қөшпелі халық өзі өмір сүрген қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайларына, мәдениеті мен тарнхына, табиғатына орайлы жас буынға тәлім-тәрбие берудің айрықша талап-тілектерін дүниеге әкелді. Мәселен, жас адамның жұртқа танымал моральдық-психологиялық нормасы белгіленді, оның мәні «сегіз қырлы, бір сырлы» делінетін қанатты нақыл сөздермен қисындалды. Адамға қойылатын талап-тілектер мыналар еді: көшпелі мал шаруашылығын жете игеру; еңбексүйгіштік, қиыншылыққа төзе білу, ел намысын қорғау, жаудан беті қайтпау, ата тегін жадында сақтау, сөз асылын қастерлеу, тапқырлык, : пен алғырлық, ат кұлағында ойнау, ата салтын бұзбау (жасы үлкенді сыйлау, құдайы қонақтың меселін қайтармау, көрші хақын жемеу, т. б. ) .
2. 1. Қазақстандағы ғылыми психологияның тарихы.
Жан (психика) құбылыстары туралы әр кезде өмір сүрген қазақ ойшылдары да сонау ерте кезден бастап-ақ аз айтпаған. Асанқайғы, Шалкиіз, Мұхаммед Хайдар Дулати, Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы, Ақтамберді, Бұхар, Шал, Дулат, Махамбет, т. б. ақын-жыраулар мен ғұлама-ойшылдардың шығармаларында көшпенді ата-бабаларымыздың жан дүниесі әр қырынан сөз болғаны байқалады. Қазақ топырағындағы жан мәселелері жайлы ХХ ғасырдың басында өндірте жазған адамның бірі - Жүсіпбек Аймауытұлы (1829-1931) . Жүсіпбектің тәлім-тәрбие тақырыбында жазған еңбектерінің ішінде «Психология» деп аталатын көлемді еңбек айрықша атауға тұрарлық. Өйткені бұл - бүкіл кеңестік түркі тектес халықтар тіліндегі сол кездегі бірден-бір төл туынды.
Халқымыздың бойындағы осынау асыл қасиеттерді өткен ғасырларда казақ даласында болған Еуропа зиялылары асқан көрегендікпен дәл басып айтқан еді.
Көшпенді өмір тіршілігі қара күшке мығым, қиыншылыққа төзімді, құбылмалы табиғат жағдайына тез икемделгіш болумен бірге, жан-жүйесі жағынан да жан-жақты жетіліп, кемел адамдарды қалыптастырды. Үйде де, түзде де бала ес білгеннен бастап із кесіп, жол қаpaп, жұлдыз санап өсті. Олардың көзі қырағы, құлағы сақ қияндағыны шалатын болды. Аң аулап, мал бағып, күнделікті күйбен тіршілікпен жүрсе де жас өскін ақынның сөзін, жыраудың жырын, әншінің өлеңі мен әуенін қалт жібермей тыңдап, ел аузындағы ұтымды мақал мен мәтелді, ертек пен жұмбакты, терме мен шежірені жадында сақтап, халық даналығын өзіне рухани азық етіп отырды. Әрдайым көшіп-конуға дайын отырған қазақтар үшін аң-құс аулау, мал күзету, жау түсіру тұрмыстың дағдылы машығына айналды. Әрбір жас, әрі жауынгер, әрі малшы, әрі шаңырақ иесі болып саналды. Халық аузында мақал болып кеткен «өнерді үйрен де жирен», «Жігітке жетпіс өнер де аз», «Шебердің қолы ортақ», «Жауда жүрсе, ат ойнаткан батырым, үйде жүрсе, құрт қайнатқан батырым» деген сияқты бес аспап адамның психологиясы жайлы қанатты сөздердің біздің заманымызға дейін жеткені мәлім. Көшпелі қауым бірін-бірі жақсы білген, әр адамның қадір-қасиеті, оның жасына, жол-жоралғысына, әлеуметтік ортадан алатын орнына қарай белгіленіп отырды. Мұндай қоғамдық, адам аралық қатынастарды қаршадайдан көріп өскен бала да өсе, ержете келе ортақ мүдделілікті, өмірге көзқарастың сәйкестілігін, кісіліктің белгісін, жеке бастың өзіне бұра тартуына мүмкіндік бермеді. Психологиялық тұрғыдан «бірауызды» болып қауымдасқан жандар үнемі өздерінің рулық одағына етене сіңіскен салттар мен дәстүрлерді ұстанды. Осыған орай көшпелі тұрмыс тәліміне лайықталған бата беру, ант ішіп ақталу, айтысқа, дау-дамайға төрелік айту сияқты этностық таптаурындар (стереотип) кең өріс алды. Әрине, осы таптық санамен бірге әркімнің жеке басының әлеуметтік және биосфералық факторларға орайлас жеке-дара, жас, жыныс ерекшеліктердің де болатындығы еске алынды. Мәселен, көпшелі халық қыз баланы ерекше кадірлеп, қастерлеп, әлпештеді. Оны әдемілік пен әдеп-тіліктің, сұлулық пен іңкәрліктің символы деп ұқты. Халық мінезі жақсы, әдепті жігітті «қыз мінезді жігіт екен» дейтін болды. Сондай-ақ «қыздың жиған жүгіндей», «қыздың тіккен кестесіндей» деген тіркестер де қыз баланың нәзіктілігі мен шеберлігі, ұқыптылығы мен биязылығы жайлы айтылды.
2. 2. Дамуы
Психологияның даму жолдары нақты кезеңдерден тұрады
Д. Локк(1632-1704) сенсуализмнің -ақыл-ой жүйесінде сезім мүшелері арқылы өтпейтін еш нәрсе жоқ дейтінді уағыздайтын философиялық бағыттың аса көрнекті өкілдерінің бірі. Ғалым психикалық іс-әрекет механизмін ассоциациялардан, яғни жеке түсініктер мен идеялар арасындағы байланыстардан көреді. Д. Локк сананы өзімен-өзі тұйықтап, сана туралы ілімде іс жұзінде декарттық тұрғыда қалып қойды.
“байланыс”( ассоциация, коннексия ) негізгі психологиялық ұғымдарға айналды. Сондықтан да бихевиоризмді көбінесе стимул-реактивті теория немесе С-Р ассоциационизмі деп атайды. Психологиялық зерттеулердің мақсаты -ортаға бейімделуге бағытталған мінез-құлықтың принциптерін зерттеу.
Сыртқы әсердің адамның ішкі ерекшеліктері арқылы өңін өзгертуі көптеген жағдайларға оның жас мөлшеріне, білім деңгейіне, белгілі бір сыртқы әсерге бұрыннан қалыптасқан қарым-қатынасына, белсенділік деңгейіне және, ең бастысы, қалыптасқан дүниетанымына тәуелді. Сонымен психиканың мазмүны реалды, бізге тәуелсіз және өмір сүретін заттардың, құбылыстардың, оқиғалардың ақиқат бейнесі (яғни, объективті дүниенің бейнесі ) болып табылады. Бірақ бұл бейнелер әр адамда оның өткен өмір тәжірибесіне, мүддесіне, сезіміне, дүниетанымына тағы басқаларға байланысты өзіндік өзгешелікпен пайда болады. Сондықтан да бейнелеу субъективті. Осылардың бәрі психика дегеніміз-объективті дүниені субъективті бейнел ендіру деуге әбден болады.
Психикалық бейнелеудің дұрыстығын мойындаудың принциптік маңызы зор. Себебі нақты осы қасиет ақиқатты танып-білуді, оның объективті заңдылықтарын анықтауды және одан кейінгі жерде оларды адамның теориялық және практикалық қызметінде қолдауды мүмкін етеді.
Психика-қоғамдық -тарихи практикамен тексеріліп, құпталған дүниенің шынайы да дұрыс бейнеленуі.
Алғашқы психологиялық ой - пікір қазақ топырағында дүниеге келген шығыстың үлы ойшылы Әбу Насыр эл - Фараби ғылыми еңбектері мен философиялық трактаттарынан бастау алады. Әл Фараби ілкі ортағасырлық білім - ғылымының барлық салаларының негізін қамтитын орасан мол мүра қалдырды. Сондай ғылым салаларының бірі - психология. Әл-Фараби психология ғылымының эртүрлі мәселелеріне «Ақыл ой туралы», «Темперамент туралы», «Жас-өспірімнің ақыл ойы туралы кітап», жэне т. б. еңбектерін арнады. Ол өзінің осы психологиялық еңбектеріне таным үрдістері оның психологиялық жэне табиғатына мэн бере келіп, түйсіну туралы, оның түрлері, көру, есту, дэм түйсіктері, сезімнің пайда болуы, ойлау, қиял сияқты жан үрдістеріне сипаттама береді. XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда ағартушылық қозғалыстың туын биік үстаған ағартушы - демократтар Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Қүнанбаевтың рухани мүрасының психологиялық ой - пікірдің даму тарихында алатын орны өз алдына бір төбе . Қазақ ағартушыларының психологиялық көзқарасын қазақ психологтарының ішінен бірінші болып зерделеген көрнекті қоғам жэне мемлекет қайраткері, психолог - ғалым, академик Төлеген Тәжібаев болды. Ол Қазақстанда психология гылымы саласында түңгыш рет 1939 Ленинград қаласында «К. Д. Ушинский - ресейдегі педагогикалық психологияның негізін салушы» тақырыбында кандидаттық диссертация қоргады. Академик Т. Тәжібаевтың кейін бүл багытта гылыми - зерттеу жүмысын ілгері дамытқан, Қазақстанда психологиялық жэне педагогикалық ой-пікірдің қалыптасуы мен даму тарихын зерделеген, «Қазақстанда төңкеріске дейнгі педагогикалық ой-пікірдің қалыптасуы жэне дамуы», «Қазақстанда психологиялық ой-пікірдің қалыптасуы мен дамуы» жэне т. б. бірнеше монографияялық еңбектердің авторы, көрнекті психолог-галым, педагогика жэне психология, гылымдарының докторы, профессор Қ. Б. Жарықбаевтың алатын орны ерекше. Ол қазақ психологиясының тарихын зерделеуде сонау орта гасырлық гүлама ойшылдар - Әбу Насыр әл-Фарабиден, Жүсіп Баласагүнидан, Махмүд Кашгари, Ахмет Иассауи, Мүхаммет Дулати, Қадыргали Жалаири еңбектерінен бастау алады. Қ. Б. Жарықбаев XIX гасырдың бас кезіндегі қазақ агартушылары Шоқанның, Абайдың, Ыбырайдың, Шэкэрім Қүдайбердиевтің, Ғүмар Қараштың, Ахмет Байтүрсыновтың, Халел Досмүхамедовтың, Міржақып Дулатовтың, Жүсіпбек Аймауытовтың, Мағжан Жүмабаевтың психологиялық козқарастарына жан-жақты талдау жасады. Кеңестік дэуірде республикада психологиялық ой-пікірдің қалыптасуы мен дамуын архив қүжаттарына сүйене отырып, зерттеді. Профессор Қ. Б. Жарықбаевтың қазақ психологиялық терминологиясының мэселелері туралы түжырымдары жэне зерттеу еңбектері оз алдына бір төбе. Қазақ топырагында жан мэселелері жайлы XX - гасырдың басында өндірте жазған адамның бірі - Жүсіпбек Аймауытүлы. Ол бас - аягы 5-6 жылдың ішінде осы салада 6 кітап жазды. 1924 жылы мектеп мүгалімдері мен педагогикалық оқу орындарында оқитындарға арнап «Тәрбие жетекшіні» жазса, 1926 жылы екі кітап, бірі - «Психология», екіншісі «Жан жүйесі жэне онер таңдау». Жүсіпбек Аймауытовтың «Психология» оқулыгының екінші, үшінші тараулары жеке түлғаның психикалық ерекшеліктері мен мінез - қүлқын зерттеу әдістері туралы, жүйке жүйесінің қүрылымы, оның заңдылықтарына сипаттама береді. Сол сияқты шартты рефлекстер, организмнің тітіргенгіштік, сезгіштік қасиеттері туралы айтылады. Қазақстандағы психология ғылымы, әсіресе, ¥лы Отан соғысынан кейінгі жылдарда елеулі қарқынмен дами бастады. Мәселен, 1946 жылы қазақ педагогикалық институтында түңғыш рет психология кафедрасы, 1947 жылы қазақ университетінде логика жэне психология мүғалімдерін даярлайтын арнаулы бөлім ашылды. 1951-1953 жылдары осы бөлімді жүзден астам түлектер бітіріп шықты. Бүлардың көпшілігі психология мамандыгын иеленіп, еліміздің оқу орындарында, гылыми мекемелерде қызмет ете бастады. Осы жылдары республика үшін психологтар даярлауда профессор Т. Тәжібаев пен профессор И. Л. Стычинский зор үлес қосты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz