Тұрлаулы мүшелерді оқыту.


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Астана қаласы Білім беру департаменті

Гуманитарлық колледж

Пәндік - циклдік комиссия қазақ тілі және қазақ әдебиеті

Тұралулы мүшелерді оқыту.

Курстық жұмыс

Жиганшина А. Қ., «Қазақ тілі мен

әдебиеті» мамандығы

бойынша оқитын 3 курс

студенті

Жетекшісі: қазақ тілі пәнінің

оқытушысы

Ибраева А. Қ.,

Астана 2006

Жоспар:

І. Кіріспе 3 - бет.

Тұрлаулы мүшелерді оқытудың міндеті мен мақсаты.

ІІ. Негізгі бөлім 4 - 21 беттер.

  1. Тұрлаулы мүшелерді оқытудың жолдары

және оны оқытуда кездесетін қиындықтар.

  1. Тұрлаулы мүшелерді оқытуда жаңа технологияларды пайдалану.

ІІІ. Қорытынды 26 - бет.

Тұрлалы мүшелерді оқытудың маңызы.

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер. 27 - бет.

Қазақ тілі пәні оқушыларды жазбаша сауатты етіп шығаруды және осы тілде еркін де жатық сөйлеуге үйретуді мақсат етеді. Тілден жүйелі білім беру оқушылардың дүниетанымын, пайымдауын жетілдіруге, өзге пәндерді жақсы меңгеруге негіз болатындығы ғылым мен тәжірибеде айқындалған мәселе. Сондықтан мектепте қазақ тілін оқытуды жақсарта түсі - қазіргі кезеңдегі өмірдің өз талабы, өзекті ісі болып отыр. Қазір қазақ тілі пәні тереңдетіліп оқытылады.

Қазақ тілінің асыл мұрасы - сөз байлығы, шебер сөйлеудің озық үлгілерін игерту жолындағы осындай үлкен мақсатты дұрыс түсінген қазақ тілі мұғалімінің алдында көптеген міндеттер тұратыны белгілі. Қазақ тіліндегі әр тақырыптарға белгілі сағат беріліп тереңдетіліп оқытылады. Оларды оқытуда көзделетін мақсат берілген тақырыпты дұрыс меңгеретін оқушылардың білімін, ой - өрісін дамыту. Солардың ішіндегі тұрлаулы мүшелерді оқытуға тоқталып өтсек. Мектептерімізде оқытылатын қазақ тілі синтаксисының оқушыларға білім - тәрбие берудегі маңызы ерекше. Тұрлаулы мүшелерді оқыта отырып оқушыларды сөйлем құрауға үйретіп, ойын толық жеткізуге машықтандырады. Бастауыш сыныптан тұрлаулы мүшелер туралы түсінік беріледі. Қазақ тілі пәні нақтылықты қажет ететін пән. Сондықтан тұрлаулы мүшелерді толық терең оқыту керек. Сонымен қатар ережені жатқа айтқызу керек емес, оқушы өзі сабақты түсініп айтса, болашақта білімі терең болады.

Мектептерде оқу жылы соңында міндетті диктант жазылады. Осы диктантты сауатты жазу үшін тұрлаулы мүшелердің тыныс белгілерін дұрыс қоя білу керек. Синтаксис тарауын ары қарай оқытқанда тұрлаулы мүшелер әрдайым жүреді. Тұрлаулы мүшелерсіз сөйлем құрай алмаймыз. Сондықтан да күнделікті өмірде болсын, оқыту барысында, шығармашылықпен айналысқанда тұрлаулы мүшелердің атқаратын ролі мол.

Тұрлаулы мүшелер бастауыштан бастап оқытылады. Бастауыш сөйлем мүшесі ретінде ұғынуға оңай тәрізді, сөйлемнің ішінен де тез - ақ тауып алатын сияқты сезіледі. Шын мәнінде сөйлеудегі жіберілетін логикалық қателер, ұғымдағы түсініксіздік, жазудағы стильдік қателер мен тыныс белгілердің дұрыс қойылмауы бастауышты анық айыра алмаудан туындап жатады. Оқушыларды сөйлемнен бастауышты жалаң сыртқы белгісіне қарай, яғни кім? не? сұрақтарына жауап беретіндігіне қарай ажыратып қоймай, ішкі белгісіне, яғни не жайында сөйлесіп тұрғанына қарай алуға машықтандыру керек. Мысалы, жеті атасын білмеген жетесіз. Мұнда жеті атасын білмеген адам жайында сөз болып тұр. Осы сөйлемде былайша қате талдау кездесіп жатады: бастауыш (кім?) - білмеген, баяндауыш (кім?) - жетім, толықтауыш (нені білмеген?) - жеті атасын. Дұрыс емес, бұл жерде білмеген сөзі тек көмекшілік қана қызмет атқарып, жеті атасын білмеген дейтін күрделі бастауыштың құрамына еніп тұр. Ойдың иесі - жеті атасын білмегендік.

Мен, сен - екеуіміз барамыз деген тәрізді сөйлемде де бастауыш біреу емес, үш сөз, (мен, сен, екеуіміз) . Осындай мысалдарға да көбірек көңіл бөлініп, бастауыштар дара, күрделі, үйірлі, бірыңғай бастауыштар болатындығы ескерітіледі. 1

Бастауыш жайында түсінік бергенде, оның дара, күрделі, бірыңғай түрлері бары ескеріледі. Ал оларды арнайы оқытқанда, оқушыларға бұлардың әрқайсысының өзіндік ерекшелігін таныту мақсаты көзделеді. Оқушыларға сөйлем мүшесі жайында білім берілгенде, қандай мүшенің дара, күрделі, бірыңғай мүше деп аталатыны түсіндіріледі. Сондықтан да оқушыларға бастауыштың дара, күрделі, бірыңғай түрерінің анықтамасын білу онша қиынға соқпайды. Ал, шын мәнінде, оқушылардың түсінуіне қиындау тиетін - күрделі бастауыштың жасалу жолдары. Мұғалім күрделі

1. Г. Қосымова. Қазақ тілі. (әдістемелік нұсқау) Алматы, 2004.

бастауыштың жасалу жолдарын оқушыларға саналы түсіндіру үшін таблицаны тақтаға іліп, әр сөйлемдегі бастауыштың құрамын және олардың сөз таптарынан жасалғанын айтуды талап еткен жөн:

Күрделі бастауыш.
Жасалу жолдары.
Күрделі бастауыш.: Ертең канал қазу жұмысы басталады.
Жасалу жолдары.: Тәуелдік жалғаулы күрделі сөздер.
Күрделі бастауыш.: Үй - іші ұзақ жым - жырт болды.
Жасалу жолдары.: Ілік жалғаулы зат есім мен көмекші есім.
Күрделі бастауыш.: Егіннің үштен екісі жиналды.
Жасалу жолдары.: Сан есім.
Күрделі бастауыш.: Дене шынықтыру денсаулық үшін өте пайдалы.
Жасалу жолдары.: Есім мен тұйық етістік.
Күрделі бастауыш.: Менің айтып отырғаным - ақыл.
Жасалу жолдары.: Көсемше мен есімше.
Күрделі бастауыш.: Еңбек еткен ер атанады.
Жасалу жолдары.: Зат есім мен есімше
Күрделі бастауыш.: Білегі жуан бірді жығады, білімі толық мыңды жығады.
Жасалу жолдары.: Сан есім мен сын есім.

Мұндай жұмыстар оқушылардың белсенділігін арттырады жаңа материалды өздігінен іздене отырып білуіне қозғау салады.

Мұғалімнің жетекші сұрауларына сүйеніп, оқушылар - Келгендер үй ішімен баяу амандасты - сөйлеміндегі келгендер сөзі дара бастауыш, ал таблицадағы - Ертең канал қазу жұмысы басталады - сөйлемінде канал қазу жұмысы күрделі бастауыш екенін айта алады. Мұнан кейін мұғалім бір сөзден жасалған бастауыштың дара бастауыш деп, ал екі я онан көп сөзден жасалған басатуыштың күрделі бастауыш деп аталатынын ескертіп, күрделі бастауыштың жасалу жолын төмендегі жүйемен түсіндіруі керек:

  1. Тәуелдік жалғауы сөз тіркесі (негізгі зат есімге немесе көмекші зат есімге тіркесіп, бір ұғымды білдіретін сөздер)
  2. Күрделі сын есім, күрделі сан есім, қос сөздер.
  3. Тұйық етістікке, есімшеге, сын есімге тіркескен есім сөздер.
  4. Есімшеге тіркескен көсемше.

Қай сөздің қай сөзбен тіркесіп барып күрделі бастауыш жасайтыны оның (күрделі бастауыштың) өзіндік белгілері болып саналады. Тіліміздегі бірыңғай бастауыштарды оқушыларға таныту үшін Мына жемістер - алма, алмұрт, шие, жүзім және өрік Алматыда өседі тәрізді бір сөйлемді тақтаға я дәптерге жазып, осы сөйлемдегі не? Сұрауына жауап болып тұрған алма, алмұрт, шие, жүзім, өрік сөздерді бірыңғай бастауыштар екенін сол себепті олардың арасына тиісті белгісі қойылып жазылғанын, жемістер - жалпылауыш сөз екенін, алайда ол да бірыңғай мүшелер сияқты сөйлемде бастауыштың қызметін атқаратынын айтудың өзі жеткілікті. Оның себебі, бірыңғай мүшеден хабары бар оқушыға мұнан көп айтылса, ол жалықтырып жібереді. Оқушыларға мынадай жаттығу, дағдыландыру жұмыстарын орындатқан дұрыс: текстен дара, күрделі бастауыштарды табу, күрделі бастауыштардың қалай жасалып тұрғанын айту; берілген сөздерді бастауыш етіп сөйлем құрау, ол сөйлемде бастауыш қалай жасалғанын айту, қайсысы дара, қайсысы күрделі екенін айту, күрделі бастауышты сөйлемді дара етіп, керісінше, дара бастауышты етіп, күрделі бастауышты сөйлем етіп қарастыру; текстен бірыңғай дара бастауышты сөйлемді теріп жазу, берілген жаттығудан бірыңғай күрделі бастауышты сөйлемдерді теріп жазу, берілген жаттығудан бірыңғай күрделі бастауышты сөйлемдердің тыныс белгісін қойып жазу, ойдан жалпылауыш сөзі бар бірыңғай бастауышты сөйлемдерді мысалға келтіру. Сонымен, жоғарыда баяндалған жүйемен, санамалап берілген жұмыстарды орындата отырып, оқушыларға бастауышты берік білдіруге болады. Бастауышты сөйлемнің ішінен іздегенде, оқушы алдымен зат есімді іздейді. Бастауыш зат есімнен болмай, басқа сөз таптары ойдың иесі болған жағдайларда қателесушілік болады. Сондықтан бастауыш болатын сөз таптарын санамалап тұрып түгендеу қажет. Затталған сан есімнен, сын есімнен, есімшеден, тұйық етстіктен, есімдіктен, үстеуден болған түрлеріне мұғалім қосымша мысалдарды тақтаға іліп, бастауыштардың қай сөз таптарынан болып тұрғандығын оқушыларға тапқызатын, зерттеу бағытындағы оқуды ұйымдастыру қажет. Бұдан кейін оқулықта берілген жаттығуларды оқушыларға орындату қиынға соқпайды.

Бастауыштан соң қойылатын сызықша:

Бастауыштан соң қойылатын сызықша жөніндегі мұғалімнің түсінігі төмендегідей мазмұнда болуы жеткілікті:

  • Тілімізде бір сыпыра бастауыштар сөйлемде интонациямен басқа сөйлем мүшелерінен оқшауланып, бөлініп айтылады. Жазғанда мұндай бастауыштардан соң сызықша қойылады. Мұның себебі, ондай бастауыштарды айтқанда интонациямен, жазғанда сызықшамен өзінен кейінгі сөйлем мүшесінен ажыратып көрсетпесе, біріншіден, олардың кейбірі анықтауышқа айналып кетеді де, сөйлемде айтылуға, білдірілуге тиісті ол бұрмаланады, екіншіден, қандай бастауышты ерекше интонациямен оқуды оқушылар аңғара алмайды, үшіншіден, тыңдаушы мен оқушы ондай сөйлемдегі ойдың иесін таба алмай, сөйлемнің не жайында айтылып, жазылып отырғанын білмейді. Осындай кіріспе әңгімеден кейін мұғалім мына сияқты таблица арқылы былайша түсіндіреді.

Бастауыштан соң қойылатын сызықша:

мысалдар
Сызықша қойылады
Бастауыш
Баяндауыш
Бастауыштан соң
мысалдар: Құнаштың бойындағы жақсы қасиет - адамдық.
Сызықша қойылады: Зат есім
Жіктік жалғауынсыз зат есім
мысалдар: Жақсы - ісімен жақсы.
Сызықша қойылады: Сын есім
Сын есім
мысалдар: Алты жерде алты - отыз алты.
Сызықша қойылады: Сан есім
Сан есім
мысалдар: Бұл - ауылдың жиі отыратын жағы еді.
Сызықша қойылады: Сілтеу есімдігі
Анықтауыш
мысалдар: Біздің міндетіміз - Отанға адал еңбек ету.
Сызықша қойылады: Зат есім
Тұйық етістік
мысалдар: Әрбір мерекеге тарту әзірлеу - ауыл адамдарының дәстүрі.
Сызықша қойылады: Тұйық етістік
Зат есім
мысалдар: Көрмес - түйені де көрмес.
Сызықша қойылады: Есімше
Есімше
мысалдар: Білген - білгенін айтады.
Сызықша қойылады: Есімше
Есімше не есім сөз.

Таблицадағы Құнаштың бойындағы жақсы қасиет - адамдық деген сөйлемде қасиет сөзі бастауыш, ол көтеріңкі интонациямен айтылған, жазғанда, соңынан сызықша қойылған. Бұл сөйлемде интонация неге қасиет сөзіне түскен? Мұның себебі, мынада: біріншіден, автор тыңдаушының назарын қасиет сөзіне аударғысы келген, екіншіден, бұл сөйлемнің баяндауышы атау септіктегі зат есімнен жасалған. Егер осы сөйлемдегі атау тұлғадағы зат есімнің орнына етістіктен жасалған баяндауышты қойып, сөйлемді өзгертіп, Құнаштың бойында талай - талай жақсы қасиет бар деп айтсақ, сөйлемдегі ой екпіні талай - талай сөзіне түседі де, ол сөз көтеріңкі интонациямен айтылады. Мұндай жағдайда қасиет сөзін көтеріңкі интонациямен айтудың қажеті болмайды. Сондықтан да жазғанда онан соң сызықша қойылмайды.

Олай болса, Құнаштың бойындағы жақсы қасиет - адамдық деген сөйлемде қасиет сөзін интонациямен айтуға атау тұлғадағы зат есімнен жасалған баяндауыштың ықпалы тиіп тұр. Осылайша бастауыш зат есім орнына қолданылған, яғни заттанған сөз таптарынан жасалып, баяндауыш атау септіктегі зат есімнен немесе зат есім орнына жұмсалған сөз таптарынан жасалса, ол сөйлемдердегі бастауыштар көтеріңкі интонациямен айтылатынын, жазғанда, соңынан сызықша қойылатынын таблицадағы 2, 3, 5, 6, 7 - сөйлемдердегі тілдік фактілерден аңғаруға болады. Бастауышқа интонация түсірмей айтқанда қызметін ауыстыратын, яғни анықтауышқа айналып кететінін таблицадағы Бұл - ауылдың жиі отыратын жағы еді, Білген - білгенін айтады сөйлемдерін талдау арқылы байқатылады. 1

Осылайша тілдік фактілердін негізінде бастауыштан кейін сызықша қойылатынын танытқаннан кейін, мынадай ережені есте сақтауды оқушылардан талап еткен жөн:

  1. Сөйлемнің баяндауышы атау тұлғадағы зат есім немесе зат есім орнына қолданылған басқа сөз таптарынан жасалғанда, сол сияқты сөз таптарынан болған бастауыштар ауызекі тілде көтеріңкі интонациямен айтылады, жазғанда, олардың соңынан сызықша қойылады.
  2. Сілтеу есімдігі мен жіктеу есімдігінің үшінші жағынан және зат есім, сын есім, сан есім, есімшеден болған бастауыштарды өздерінен кейінгі сөйлем мүшесінің анықтауышы деп шатастырмас үшін, ауызекі тілде көтеріңкі интонациямен айтамыз да, жазғанда, соңынан

1. Арғынов. Қазақ тілі синтаксисі методикасының негіздері. Алматы, 1969.

сызықша қоямыз.

Осы екі ережені жақсы білген оқушылар бастауыштан кейін сызықша қойып жаза алатын болады. Ал оқулықта берілген басқа ережелерді оқып танысқаны да жеткілікті, оларды жаттауды талап етудің керегі жоқ. Жаттығу, дағдыландыру жұмыстарын орындатқанда, оқушылар назарын оқулықта берілген әр ережеге байланысты сөйлемдерді дұрыс оқуға, дұрыс жазуға аударған жөн. Өйткені практикалық жұмыстарды көбірек орындау арқылы оқушылар бойында бастауыштың тыныс белгісін дұрыс жаза алатын дағдылар қалыптасады.

Оқушыларға берік дағды беру үшін төмендегідей жұмыстарды орындаудың көмегі зор.

  1. Текстегі сөйлемдерді дұрыс оқу, жазуға бастауыштан кейін тиісті тыныс белгісін қою.
  2. Бстауышты да, баяндауышты да атау тұлғадағы зат есімнен, сын есімнен, сан есім мен тұйық етістіктен жасалған сөйлемдерді мысалға келтіру, тиісті жеріне сызықша қойып жазу.
  3. Сілтеу есімдігі мен жіктеу есімдігінің үшінші жағынан және зат есім, сын есім, есімшеден жасалған бастауышы бар сөйлемдерді дұрыс оқу, тыныс белгісін қойып жазу.
  4. Бастауышты заттанған сөз таптары, баяндауышы зат есімнен болған, керісінше, бастауышы зат есімнен, баяндауышы заттанған сөз таптарынан жасалған сөйлемдердің бастауыштарынан соң қою.
  5. Бастауыштан соң сызықша қойылатын сөйлемдерді схемамен көрсету.
  6. Сөйлемдерді түсіндіріп жазу.
  7. Карточкада берілген сөйлемдердегі бастауыштардан кейін тиісті тыныс белгісін қою.
  8. Бақылау диктанты мен шығарма жазу.

Баяндауыш сөйлемді аяқтап, ойды тиянақтап тұратындықтан, баяндауышты сөйлемнен табу қиынға түспейді. Тек кейде оқушылар инверсияланып, сөйлем мүшелерінің қалыпты орын тәртібі бұзылған өлең мәтінінде баяндауышты жолды іздеп шатасады. Сондықтан баяндауышпен жұмыс істегенде осыған көбірек назар аудару керек. Мысалы,

Жазғытұрым қалмайды қыстың сызы,

Масатыдай құлпырған жердің жүзі, - деген өлең жолдарындағы баяндауыш, өлеңді ойша қалыпты сөйлемге айналдырып баяндауышқа сұрақ қою арқылы тапқызылады. Сонымен бастауыш сөйлемде айтылған ойдың иесі болса, баяндауыш сөйлемдегі ойды тиянақтап, аяқтап тыңдаушы мен оқушыға түсінікті етіп тұрады. Баяндауышты өтер алдында оқушыларға оның сөйлемдегі қызметі жайында түсінік берілу керек.

Сонан кейін мына таблицаны пайдалана отырып, баяндауыштың өіндік белгілерін, анықтамасын танытқан дұрыс.

мысалдары
Баяндауыш болатын сөз таптары
мысалдары:

Асқарға Бүркітбай Ботагөз жайлы айтты.

Ердің сыншысы - елі.

Мектебіміз биік, кең, таза.

Біз - төртеуміз.

Әбілханның ағасы сонда.

Біздің баратын ауылымыз әлі ілгері.

Баяндауыш болатын сөз таптары:

Етістік.

Зат есім

Сын есім

Сан есім

Есімдік

Үстеу

Осы таблицадағы әр сөйлем арқылы баяндауыштардың тұлғасын, сұрауларын, қай сөз тартарынан болатынын оқушыларға дедуктивті - индуктивті тәсілдермен танытып, баяндауыш жөнінде мынадай ой қорытындысын шығару керек:

  1. Баяндауыш сөйлемдегі ойды аяқтайды, тиянақтайды.
  2. баяндауыш бастауыштың қимылын, ісін, жайын, күйін, заттық, сындық сапасын, санын, мөлшерін, мекенін, мезгілін білдіреді де, не істейді? Не болды? Не етеді? Қайтеді? Кім? не? Деген сұрақтарға жауап болады.
  3. Баяндауыш атау, жатыс септіктегі етістіктердің және көптік, тәуелдік, жіктік жалғаулы есім сөздерден және есімдіктерден, атау, жатыс септігіндегі мезгіл, мекен үстеулерден жасалады.
  4. Баяндауышта дара, күрделі және бірыңғай болып келеді.
  5. Баяндауыштың негізгі белгісін таяныш етіп, оған мынадай анықтама беру лайық:

Сөйлемдегі ойды тиянақтайтын, аяқтайтын мүшені баяндауш дейміз.

Оқушылар баяндауыштан алған теориялық білімді берік есте сақтау үшін, мынадай дағдыларды бойларына қалыптастыру шарт: кез келген етістікті сөйлемнің баяндауышы етіп айта да, жаза да алу; атау тұлғадағы бастауышпен шатастырмау; олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін білу; бір тұлғадағы сөздердің бірде бастауыш, бірде баяндауыш қызметін атқарып тұрғанын дәлелдей білу; жатыс септіктегі баяндауышты сол тұлғадағы сөйлемнің басқа мүшелерінен ажырату; қандай жағдайда мезгіл, мекен үстеулерінің баяндауыш болатынын айту, баяндауыштың анықтамасын және өзіндк белгілерін өз сөзімен түсіндіру т. б.

Есте болатын бір нәрсе, оқушылар етістіктен болған баяндауышты төменгі сыныптан бастап-ақ жақсы білетіндіктен, оны сөйлемнің басқа мүшелерімен шатастырмайды. Ал атау, жатыс тұлғадағы есім баяндауыштарды және үстеуден болған баяндауышты солармен тұлғалас сөйлем мүшелерімен шатастыру практикада жиі кездеседі. Мұның өзі - оқушылардың баяндауыштың өзіндік белгілерін жете білмеуінен және жаттығу, дағдыландыру жұмыстарының аз орындалуынан орын алған кемшілік. Осындай кемшілікті жою үшін, оқушыларға жаттығу, дағдыландыру жұмысын көбірек орындату керек және баяндауыштың өзіндік белгісін кейбір оқушы білмесе, соны үнемі түсіндіріп, есіне салып отырған жөн.

Бастауыш сияқты баяндауыш та құрамына қарай дара, күрделі болып екіге бөлінеді. Дара баяндауыш бір ғана сөзден жасалады да, күрделі баяндауыш бірнеше сөзден жасалады. Мұны оқушылар төменгі сыныптан біледі, сондықтан кейбіреулері қандай баяндауыш күрделі болатынын өздері - ақ айтып береді.

Ендігі қиындық - қандай тұлғадағы сөздер мен сөз таптарының күрделі баяндауыш деп аталатынын оқушылардың есте сақтауы. Оны білдіру үшін мына кестені пайдалану керек:

Күрделі баяндауыш
Күрделі баяндауыштардың жасалу жолдары.
Күрделі баяндауыш: Машина баяу жүріп келе жатыр.
Күрделі баяндауыштардың жасалу жолдары.: Күрделі етістік.
Күрделі баяндауыш:

Ол музыканы, ән - күйді жақсы көретін адам еді.

Келе жатқандар үшеу екен.

Күрделі баяндауыштардың жасалу жолдары.: Есім сөздер мен көмекші етістіктер.
Күрделі баяндауыш: Осы - Тереңсайдың тұсы.
Күрделі баяндауыштардың жасалу жолдары.: Ілік септікті есімдер мен көмекші есімдер тіркесі.
Күрделі баяндауыш:

Біздің сыныптағы үздіктер он үш.

Кореяның жер көлемі - 220 мың шаршы километр.

Күрделі баяндауыштардың жасалу жолдары.: Күрделі сан есімдер, шаманы, мезгілді білдіретін сөздер.
Күрделі баяндауыш:

Оның көңілінің алалығы жоқ еді.

Ол келуге тиіс екен.

Күрделі баяндауыштардың жасалу жолдары.: Жоқ, бар, тиіс т. б. сөздер мен көмекші етістіктер тіркесі.
Күрделі баяндауыш: Біз оқуға бел байладық.
Күрделі баяндауыштардың жасалу жолдары.: Тұрақты сөз тіркестері (идиома)

Оқушылар кестені қарап шығып, сол кестедегі машина бояу жүріп келе жатыр сөйлеміндегі күрделі баяндауыш - жүріп келе жатыр деген күрделі етістіктен; екінші, үшінші сөйлемдерде адам еді, үшеу екен күрделі баяндауыштары есім сөздер мен көмекші етістіктерден; төртінші сөйлемде Тереңсайдың тұсы күрделі баяндауышы ілік септіктегі зат есім мен көмекші есім тіркесінен; бесінші сөйлемдегі он үш күрделі баяндауышы күрделі сан есімнен; алтыншы сөйлемдегі 220 мың шаршы километр баяндауышы есім мен шама, мөлшерді білдіретін сөздер тіркесінен; жетінші, сегізінші сөйлемдердегі жоқ еді, тиіс екен баяндауыштары жоқ, тиіс сөздері мен көмекші етістіктер тіркесінен; соңғы тоғызыншы сөйлемдегі бел байладық баяндауышы тұрақты сөз тіркесінен жасалғанын айтады. Әрине, мұның бәрін айту бір ғана оқушыдан талап етілмейді. Ондай жұмысты бүкіл сынып орындауға тиіс.

Мұнан соң оқушыларға оқулықтағы күрделі баяндауыш жайындағы түсінікті оқытып, онда күрделі баяндауыштың неше түрлі жолмен жасалатыны жайында айтылғанын сұрайды.

Ең соңында мұғалім таблица мен оқулықта берілген күрделі баяндауыштың жасалу жолдарын топтап, ықшамдап айтады, оқушылардың жауабын толықтырады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұрлаулы мүшелерді оқытуда ақпараттық технологияларды қолданудың тиімділігі
Тұрлаулы мүшелерді жаңа әдіс-тәсілдер арқылы оқыту жолдары
Тұрлаулы мүшелердің тіл біліміндегі зерттелуі
Қазақ тіл біліміндегі сөйлем мүшелері
Негізгі мектепте тұрлаусыз мүшелерді оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері
Бастауыш сынып оқушыларына сөйлем мүшелері туралы түсінік беруде атқарылатын жұмыстарды анықтау
4-сынып «Қазақ тілі» оқулығының құрылымы мен құрылысы
Бірыңғай мүшелердің байланысуы
12 жылдық білім беру бағдарламасы
Бастауыш сыныптардың 4-сыныбында синтаксистік материалдарды оқыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz