Менің семестрлік жұмысымның мақсаты - Ұлы Отан соғысы кезінде фашисттік аргессияға қарсы Қазақстандықтардың көрсеткен ерліктерін зерттеп, онды баға беру



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Пәні: Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы

Тақырып: Фашистік агрессияға қарсы күрестегі Қазақстандықтардың

ерліктері

Жоспар

Кіріспе 1
1 Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан әйелдері: майдан мен тылға қосқан үлесі 2
2 Қазақстандық жауынгерлердің ерліктері 7
3 Майдандағы жеңіске тыл еңбеккерлерінің қосқан үлесі 11
Қорытынды 13
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 15

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Адамзат тарихында үлкенді - кішілі он бес мыңға жуық соғыс өткен екен. Бірақ солардың ішінде ауқымы, құбандықтары мен алапаттығы жағынан ең жантүршігерлігі Екінші дүниежүзілік соғыс және оның құрамдас бөлігі - Ұлы Отан соғысы болды. Қазақ халқының Ұлы Отан соғысындағы жеңіске қосқан үлесі зор. Соғыстың ауыртпалығын көтеріп, бостандықты қорғаған қазақстандық батырлардың есімі әрқашан ел есінде сақталады. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап "Барлығы майдан үшін, барлығы жеңіс үшін!" деген ұранмен соғысқа аттанған ерлердің орнын әйелдер, қариялар мен балалар алмастырды. Тыл еңбеккерлерінің де жауды жеңудегі рөлі жоғары. Олар соғыс күндерінің барлық ауыртпалықтарын қажырлылықпен көтеріп, патриотизм үлгісін танытты. Ұлы Отан соғысына Қазақстан біртұтас елдің бір бөлігі ретінде қатысты. Соғыс қарсаңында оның стратегиялық маңызы бар мол адам және табиғи ресурстары болды. Қысқа мерзімнің ішінде таптық, ұлттық және отарлық езгі, сауатсыздық және орта ғасырлық мешеулік жойылды, әйел теңдігі, ұлтаралық татулық пен келісім жүзеге асырылды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. 50 - 60-жылдардағы А. Бисенованың Қазақстан әйелдерінің медиктік әлеуметтік көмегі, Г. Нұрбекованың Қазақстан әйелдері Ұлы Отан соғысы жылдарында атты монографиялық еңбектерінде және де Р.Д. Ходжаева, И.В. Захарова, Х.Г. Сейітқазиева, Х.Айдарова, К.Садуақасова, Г.Майлыбаева, Л.А.Николаева, А.Д.Әжибаева, М.Қозғамбаева, Г.К.Сатыбекова еңбектерінде түрлі аспектіде қарастырылды. Сонымен қатар С.С. Қарпықова, Г.Д.Нұрбекова, Г.Б. Бырбаева, Ә.Сегізбаев, К. Садуакасова, Г.К. Сатыбекова және басқаларының кандидаттық диссертацияларында бұл тақырып жан-жақты талданды. Г.Б. Бырбаева Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан әйелдері атты еңбегінде Ұлы Отан соғысы тарихы бойынша жалпыодақтық еңбектерде дамушы кеңестік тарихнаманың басым тенденциялары анықталғанын жазады, онда соғысқа қатысқан әйелдер туралы еңбектер де атап көрсетілген. Олардың арасында М.С. Ефремованың елдің өндірісі мен ауыл шаруашылығында әйелдердің еңбегі туралы жазылған әдебиеттерді жүйелеп, талдаған алғашқы мақаласын баса көрсетеді. Тылдағы әйелдердің еңбегі мәселесі әлеуметтік, саяси тұрғыда кәсіби түрде зерттелген М.С.Зеничтің еңбегін, В.С.Мурманцеваның мақаласын, батыс герман тарихнамашысы ретінде танымал зерттеушілер А.Н. және Л.А. Мерцаловтарды атайды. Сонымен қатар әйелдер мәселесіне қатысты кеңестік дәуір мен ТМД бойынша алғашқы қорғалған докторлық диссертацияны - Д.А. Алимованың Женский вопрос в советской историографии Средней Азии (20-80-е годы ХХ века) еңбегін ерекше көрсетеді. М.Қ.Қозыбаевтың Казахстан -- арсенал фронта монографиясында Қазақстан Коммунистік партиясының республика ресурстарын жұмылдыру, жауға лайықты соққы беру, мамандар туралы, əйелдер арасындағы жұмыс туралы, əйелдер кеңесін құру, қаражаттарды жұмылдыру бойынша, жылы киімдерді жинау, майдангерлердің отбасыларына көмек көрсету айлықтарын өткізу, комсомол, кəсіподақ, социалистік жарыстарға басшылық ету, еңбекке қоғамдық қарау, жұмысшылардың тұр мыстық жағдайын жақсарту мəселелері қарастырылады. Партия соғыс басталғанда майданға көмекке ресурстарды жұмылдыру мен жағдайды анықтау үшін республиканың түрлі аудандарына жіберілген бригадаларды ұйымдастырды. Монографияның 4 тарауда республиканың халық шаруашылығын соғыс жағдайына көшіру қарастырылады, бұл өте ауыр жағдайда өткендігі ескеріледі. Соғыс жылдарында үлкен маңызға ішкі резервтер мен ресурстарды рационалды қолдану ие болды. Партиялық ұйымдар шикізат, материалдар есебінің жағдайын, олардың кəсіпорындарда жұмсалу тəртібін тексерді. Монографияда шаруашылық салаларының жұмысшыларының еңбектегі ерліктері, стахановшылар мəселесі, өндіріс екпінділері, екіжүздікшілер мəселелері жақсы ашылған. 1942 жылы батысқазақстандық облыстардың жұмысшыларының майданды барлық қажеттіліктермен жабдықтау, Сталинград майданы үшін тапсырысты орындау үшін күндізтүні жұмыс жасап, қойылған мақсатқа жетудегі қажырлы еңбектеріне ерекше көңіл бөлінген. М.Қ.Қозыбаевтың еңбектерінде түрлі деректердің негізінде республика өнеркəсібін дамыту, ресурстарды майдан қажетіне жұмылдыру бойынша шараларға облыстық партия комитеттері мен аудандық жауапты қызметкерлердің қатысуы, үкімет пен Мемлекеттік қорғаныс комитетінің шешімдерін орындау бойынша партияның қызметі кеңінен көрсетілген.
Семестрлік жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Менің семестрлік жұмысымның мақсаты - Ұлы Отан соғысы кезінде фашисттік аргессияға қарсы Қазақстандықтардың көрсеткен ерліктерін зерттеп, онды баға беру.
Соған сәйкес мынадай міндеттерді шешемін:
- Соғыс жылдарындағы әйелдер мәселесінің тарихнамада қарастырылуы
- Брест қорғаушылары қатарында алғашқы ұрысқа қазақстандық жауынгерлердің қарсылық көрсетуі
- Халықтың тылдағы еңбегінің Майдандардағы жеңіске тыл еңбеккерлерінің ерең еңбегі
- Қазақстандық жауынгерлер тек Сталинград түбінде ғана емес, сонымен қатар Курск иінінде, Днепр, Ленинград үшін шайқастарда жан қиярлықпен ерліктері

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан әйелдері: майдан мен тылға қосқан үлесі
Ұлы Отан соғысы кезінде еңбекші халық майданға көмектесудің жаңа жолдарын іздеп, жеңіске тез жетуді ойлағаны белгілі. Барша халықпен қатар Қазақстан әйелдері де жеңіс жолына жан тігіп, бар күшімен тылда еңбек етті. Ер-азаматтар майданға аттанғанда, тылдағы өмірдің бар ауыртпалығы әйелдер мен балалардың мойнына түсті. Әйелдер шаруашылықтың барлық саласында ер адамдардың орнын басты. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап олар қорғаныс қорына өз табыстарының жартысын жіберіп отырды, үй шаруасындағы әйелдер алтын әшекейлеріне дейін берді, жинақтағы ақшаларын, Мемлекеттік займдағы облигацияларын, жылы киімдер, майдандағы әскерлерге сыйлықтар жинап, олармен хат жазысып тұрды, майданға көмек мақсатымен жексенбіліктер ұйымдастырды. 1941 ж. Казахстанская 29 правда газеті тылдағы әйелдердің үлесін жиі-жиі жазып, хабарлап тұрды. Мысалы, Семей ет комбинатының жұмысшысы Бармашова қорғаныс қорына Мемлекеттік займ облигациясындағы 10 790 рубль және 2 мың рубльді жеке құйған. Шымкент теміржол мектебінің мұғалімі Чеканова қорғаныс қорына екі алтын сақинасы мен күміс заттарын берген. Трензелева деген мүғалім Мемлекеттік банкке алтын заттары және 500 рубль облигация салған. Семей облысының Көкжартас артелінің колхозшысы Айдарханова үш пар күміс заттарын, екі білезік, ескі күміс теңгелерін берген. Жалпы Қазақстанның түкпір-түкпірінен осындай жәрдем келіп, қорғаныс қорын құруға әйелдер де белсене араласқан. №1 Алматы тігін фабрикасының тігіншілері өздерінің жексенбілікте тапқан 6 мың рубль ақшаларын қорғаныс қорына берген. 1941-1944 жж. қорғаныс қорына республика тұрғындарынан түскен ақша 723 млн. теңгені құраған. Қарағанды шахтерлерінің жұбайлары да майданға үлкен көмек көрсетті. Мысалы, №1 шахтаның коммунист үгітшісі Тұрғымбекова шахтерлердің пәтерлеріне барып, үйде отырған әйелдерімен әңгіме өткізген. Бір күн ішінде ол үй шаруасында отырған белсенді әйел Иманбаевамен бірге 100-ден аса зат жинаған. Тау-кен жұмысшыларының әйелдері ішінде де белсенді жұмыстар жүргізілді. Мұндағы партия ұйымы 4 үгіт бригадасын құрып, оны Тұрғымбекова, Майжақанова, Жылқыбеков, Жақыпов сияқты коммунистер басқарды. 3 күн ішінде үгіт бригадасы 300 жылы киімдер өткізген. Соғыс жылдары Сен майданға немен көмектестің? деген плакаттар ілінген. Шын мәнісінде бәрі де көмектесті. Жігіттер майданға кетсе, қыздар тылда жұмыс істеді. 1941 ж. қазанда Шығыс Қазақстан облысы Киров ауданында 4200 колхозшы әйелдер жылы байпақтар мен қолғаптар тоқыса, Жамбыл облысында 300 шолақ тон, 1200 сыңар пима, мыңдаған бас киімдер дайындалды. Жүн өңдейтін 11 шеберхана ашылған, шолақ тон тігетін 80 ерікті үйірме ашылды. Кеңес колхозында бір түннің ішінде әйелдер жауынгерлерге 50 пар ішкиім тіккен. Колхозшы әйелдер Надырова, Мусалимова, Мамудаева, тағы басқалар Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Азат ауыл шаруашылық артелінің әйелдері парткомға тігін машиналарын әкеліп, 96 ерлер көйлегін, ақ жаймалар, жастық тыстарын тіккен. Соғыс жылдарында әйелдер өндірістегі, ауыл шаруашылығындағы жұмыстарды атқарды. 1943 ж. 62 әйел селолык-ауылдық Кеңестерді басқарса, 28-і колхоз төрайымы, 138-і бригадир болды. 455 әйел мал шаруашылығында, 1377 трактор жүргізушісі, 350 әйел комбайншы болып жұмыс істеді. Мысалы, Ақтөбе облысы бойынша Ойыл ауданы Ақжанай Қаракенова, Жақсыкөл колхозында Мұғалжар ауданында Дәмеш Хасенова аға шопан болса, Ақбала Назарова Жақсымайдың мұнайын игеруге қатысты, Ұзипа Сатқанғалиева Байғанин ауданының қой фермасын басқарған. Соғыс жылдарында астықты да әйелдер, балалар, қарттар жинады. Осы бір ауыртпалық жылдары әйгілі тары өсіруші Ш. Берсиевтің бригадасы да негізінен әйел адамдардан тұрды. Звено 30 жетекшілері З. Баймолдина, Н.Есмұқанова, Адаевалар ұстазының ісін одан әрі жалғастырды. 1941 - 1943 жж. ферроқорытпа қажет болып, Қазақстандағы қара металлургияның тұңғышы - Ақтөбе ферроқорытпа зауыты жедел салынып, онда күн-түн демей қыз-келіншектер еңбек етті. Ал Ақтөбе химия комбинатында түрлі ауыр жұмыстарда 295 әйел, паровоз депосында 300- ден аса әйел жұмыс істеген. 1942 ж. механизаторлық курста оқыған 3913 ақтөбелік механизатордың 3113-і әйел адам болған. Шабықова Балсары тұңғыш механизатор атанды. Өндіріс пен темір жол саласында барлығы 8 мыңнан астам әйел еңбек етті. Жадыра Ысқақова, Ақын Дарқанбаеваның темір жол саласындағы еңбегі елге үлгі болды. Сонымен бірге Қарағанды шахтері, Қазақстан металлургі, Қазақстан мұнайшысы, Совхоз қызметшісі, Қазақстан құрылысшысы, Түркісібші деген танк колонналарына, Қазақстан комсомолы, Қазақстан пионері авиаэскадрильясына, Кеңестік Қазақстан авиақұрамасына қаржы жинау кең етек алды. Өндіріс пен темір жол саласында барлығы 8 мыңнан астам әйел еңбек етті. Жадыра Ысқақова, Ақын Дарқанбаеваның темір жол саласындағы еңбегі елге үлгі болды. Соғыс кезінде жұмысшы қолы жетіспегендіктен, металл балқыту пештерінде, зауыттарда әйелдер жұмыс істеді. 332 әйел қысқа мерзім ішінде металлург мамандығын игеріп алады. Ток пешін басқару жұмысында 47 қыз-келіншек жұмыс істесе, 80 аса әйел балқытушы және ток жөндеуші жұмыстарын істеген. Соғыс жылдарында Қазақстан аумағында госпитальдар да жұмыс істеді. Колхоздар оларды қамқорлыққа алды, азық-түлікпен қамтамасыз етті. Жаралыларға көмек ретінде қосалқы шаруашылық бөлініп, әскери госпитальдар азық-түлік және киім, төсек-орынмен де қамтамасыз етті. Жаралы және сырқат жауынгерлерге әйелдер өз еріктерімен қан тапсыратындарын айтып, өтініштер жазған. Сөйтіп, 615 донор әйел артығымен қан тапсырған, олардың ішінде Е. С. Луговская, Т. Р. Рудич Кеңес Одағының Құрметті доноры деген атқа ие болды. Арнайы комиссия ұйымдастырылып, үй шаруасындағы әйелдер қарауына жаралылар бөлініп берілді. Әйелдер көркемөнерпаздар үйірмелерін ұйымдастырып, жаралы жауынгерлерге концерт қойып, сенбіліктер өткізді, госпиталь маңын тазартты. Соғысқа дейін әйелдер еңбегі негізінен жеңіл, тігін, тоқыма, тамақ өнеркәсіптерінде қолданылса, соғыс кезінде отаншыл сезімге бөленген әйелдер ауыр өнеркәсіпте де аянбай еңбек етті. Ер адамдар істейтін мамандықты әйелдер еркін меңгеріп жатты. Соның арқасында Қазақстанда халық шаруашылығында жыл сайын әйелдер еңбегінің салмағы өсті. Мысалы, 1942 ж. ол 47,6% құраса, 1940 ж. ауыр өнеркәсіптегі әйелдер істейтін жұмыс 26,3% құраған. 1942 ж. әйелдер авиация өндірісінде 38,3 %, қару-жарақтар өндірісінде - 44,0, әскери жарылғыш заттарды жасауда - 31 55,8%. Әйелдер колхоздарда және МТС - 75%, совхоздардың жұмысшыларының 60% дейін құрады. Әйелдердің ауыл шаруашылығындағы жұмысының әлеуметтікэкономикалық қана емес, әскери-стратегиялық та маңызы болды. 25-26 маусым 1941 ж. өткен Қазақстан КП(б) ОК V Пленумы өте қысқа мерзімде ауыл шаруашылығы өнімін жинауды, астық үшін науқанды бастауға шақырды. Әйелдер арасынан тез арада механизатор кадрларды түрлі оқулар ұйымдастырып даярлауды, барлық тракторист-әйелдерді есепке алып, өнім жинау ісіне тартуды шақырды.Ұлы Отан соғысы басталғаннан кейін бір жылда Түркістан-Сібір және Қарағанды темір жолдарында 22 мың әйел жұмыс істесе, 1943 ж. 35, 7 мың әйел істеген. 1944-1945 жж. Қазақстан темір жолдарында әйелдер көптеп істеді. 1 қыркүйек 1944 ж. Түрксібте 45, 8% құраса, Қарағанды темір жолында - 39,5, ал 1 қаңтар 1945 ж. осыған сәйкес 44,9 және 40,6% құрады. 25 жасқа дейінгі қыз-келіншектердің саны көп болды. Мысалы, 1 тамыз 1943 ж. Түркістан - Сібір темір жолында 63,8% болса, Қарағанды темір жолында 61,7% болған. Ұлы Отан соғысы жылдарында республиканың халық шаруашылығында еңбек етіп жүрген әйелдер саны ұдайы өсіп отырды. Көптеген әйелдер өздерінің күндік нормаларын 200 - 300 етіп орындап жүрді. Әйелдердің ішінде өндіріс жаңашылдарының саны едәуір артып, 1944 ж. олардың ішінде 194 адам Кеңес Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталды. Бұлардың ішінде кейін бүкіл Кеңес Одағына аты әйгілі болған Лениногор руднигіндегі станокшыбұрғышы Антонина Казакова, Соколов руднигінің бұрғышылары Валентина Сланова, Анна Довиченко және басқалар бар еді. Бұлар әйелдердің арасында бірінші рет бір мезгілде телескопты және колонкалы перфоратормен бұрғылаудың жаңа әдісін өндіріске енгізіп, ауысым сайын 10 - 20 нормадан орындап жүрді. Сол сияқты Майқайың-золоток орталық руднигінде Ольга Фатеева бір перфоратормен бір сменада 13 текше метр орнына 82 метр қазып рекорд жасады. Скважина қазу кезінде ол 648 т руда 32 қазып, сменалық нормасын 1002 % орындады. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен өзінің жан қиярлық еңбегі үшін Антонина Казакова Еңбек Қызыл Ту, Анна Довиченко мен Ольга Фатеева Құрмет белгісі ордендерімен марапатталды.
Майдандағы қыздардың ерлігі туралы мәселеге келсек, фашизмге қарсы күресте флот пен соғысушы майданға қызмет ету өтініші туралы 26 сұраныстарда әйелдер ерлерден кем түспеген. Бұған дәлел соғыстың алғашқы күнінде Алматы қаласы Фрунзе ауданының әскери комиссариатына 112 қыз майданға сұранып арыз жазған, ал Қарағанды облысының тұрғындарынан 1941 жылы түскен 25 мыңнан астам майданға жіберу туралы өтініштің 10 мыңнан астамы әйелдерден болған. Көптеген жауынгер әйелдердің 1941 жылдың өзінде-ақ әскерге баруға қол жеткізгені белгілі. Олардың көпшілігі соғыстың алдындағы жылдарда әскери мамандықты меңгерген әйелдер болды, атап айтсақ, соғысқа дейін ерікті қоғамдарда дайындықтан өткендер: ұшқыштар А.А. Тимофеева, Р.Е. Аронова, Е.А. Жигуленко, мергендер Н.В. Ковшова, М.С. Поливанова, Л.И.Павличенко, пулеметшілер М.Ж. Мәметова, Н.А. Опилова, медбикелер В.С.Кощеева, Г.К. Петрова, З.М.Түсболатова және басқалары. КСРО бойынша Ұлы Отан соғысы жылдарында медициналық қызметкерлердің еңбегі ерекше маңызды болды, олардың арасында орденмедальдармен марапатталғандардың 40 мыңға жуығы әйелдер болды. Жалпы кеңес елі бойынша әйелдердің әскерге жұмылдырылуы екі рет жүргізілген: біріншіде - 1942 жыл сәуір - 1945 мамыр аралығында, бұнда әскерге 300 мыңға дейін әйелдер алынған. Екінші рет - 1942 жыл қазанда Мемлекеттік қорғаныс комитетінің шешімі бойынша жаяу әскер қатарына әйелдерді жұмылдыру. Ұлы Отан соғысы жылдары барша халықпен қатар қазақ қыздары да жеңіс жолына жан тігіп, бар күшімен күресе білді. Соғыстың алғашқы күнінен бастап олар өз еріктерімен майданға аттанды, олардың алды жиырмадан асса, көпшілігі 17 - 19 жаста ғана болатын. Мұрағат құжаттарында қыз-келіншектердің өз еркімен майданға сұранған өтініштері сақталған, ал олардың мазмұны жан тебірентерлік патриоттық сезімдерге толы. Мысалы, қазақ халқының тамаша, ер жүрек, батыр қыздарының бірі Мәншүк Мәметова өз еркімен майданға аттану туралы жазған өтінішінде былай деген: Мое место там, где идут бои с врагом, я хочу собственными руками защищать свободу своего народа, сонымен қоса Ағам да жоқ, апам да жоқ, сондықтан өзімді майданға жіберуді өтінемін деген екен. Оның бұл өтініші 1942 жылы орындалып, 100- атқыштар бригадасымен Алматыдан майданға аттанады. Ол бірден пулеметтен атуды үйренеді. Көп ұзамай оны атқыштар бөліміне ауыстырып, аға сержант атағын алады. Кейін Ленинград - Псков (Невель) бағытындағы шайқастарда көрсеткен асқан ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағы 1 наурыз 1944 жылы қаза болған соң берілді. Қазақтың келесі батыр қыздарының бірі - Хиуаз Доспанова. Қазақтың тұңғыш әскери ұшқыш қызы 300-ден астам рет ұрысқа шығып, фашистердің әскери нысандарын әлденеше рет талқандаған. Хиуаз апа жас кезінен ұшқыш болсам деп армандаған. Соғыс басталмай тұрып Мәскеу қаласының Жуковский атындағы Ұшқыштар академиясында оқып жүрген болатын. Соғыс басталған соң, Марина Раскова құрған ұшқыш қыздар полкінің 27 қатарына енеді. Майданда Хиуаз Доспанова 10 рет басынан жарақат алып, қолы мен аяғы бірнеше мәрте сынып, 4 рет аса ауыр жарақат алып жатса да, соның барлығына төзе білген. Елбасының жарлығымен 2004 жылы Хиуаз Доспановаға ең жоғарғы Халық қаһарманы атағын берді. Хиуаз апамыз тәуелсіз елдің тұңғыш қаһарман қызы болды. Келесі қазағымыздың қаһарман қыздарының бірі -- ол, әрине, Әлия Молдағұлова. Ақтөбе қаласынының баурайында туып өскен, әкешешесінен ерте айырылған Әлия ағасының тәрбиесінде болады. Кейін ол Ленинградқа ағасымен көшіп кетеді, сонда интернат үйінде тәрбиеленеді. Соғыс басталған соң, өз еркімен соғысқа аттанған қыздардың бірі болды. Соғыста мерген болған ол Ленинградты азат етуге жаудың бораған оғына қарамай, бәрінен бұрын қыстаққа кіріп бірнеше жаудың көзін жойған. 20 жасқа толмаған қыршын қыз, жау оғынан қаза табады. Кейін ерлігі үшін Халық қаһарманы атағын алады. Бүгінде қаһарман қыздың құрметіне әр қалаларда көшелерге оның есімі беріліп, мектептер ашылды. Сонымен қатар соғысқа өз еркімен аттанған тағы қаракөз қазақтың батыр қызы - Рахила Ералина. Ол Қарағанды қаласының Жанаарқа атты елді мекенінен. Жайық бойындағы қалаларының бірінде Рахила апай әуеден жау объектілерін суретке түсіріп алу үшін топограф оқуын оқып жүріп, парашютпен түсуді де үйренді. Мылтықтың нешеме түрлерімен де таныс болды. Бірнеше тапсырмаларды орындап жүріп снаряд, бомба дауыстарына да үйренді. Өзіне берілген жұмыстардың бірінде жаудың қолынан өте ауыр жарақат алып, 6 ай шамасындай емделіп, 1943 жылдың қысында елге қайтарылды. Өзінің көрсеткен ерліктері үшін медальдармен марапатталды. Қазақстандық қыздар қан майданда басқа ұлт өкілдерімен бірге табандылық пен ерлік көрсете білді. Мысалы, Мәскеу түбіндегі шайқаста қаһарман 316 - атқыштар дивизиясының (8-гвардиялық) қатарында И.В. Панфиловтың қызы Валентина Панфилова, Алматы темекі фабрикасының стахановшысы Зоя Медведева сияқты қыздар да болды. Соғыс жылдары жауды жеңуге өз үлесін қосқан ер жүрек қазақ қыздары біршама, солардың бірі Алтыншаш Нұрғазинова - батальон комсоргы, жаяу әскер, Польшада 19 жасында қаза тапқан, Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылғанымен, И.В. Сталин бергізбеген. Сонымен қатар соғыста барлаушы болған, Даңқ орденінің үш мәрте иегері Мүслима Дайрабаеваны, Зенит зеңбірегі командирі Әклима Ақжолованы айтуға болады. Қазақ қыздары ерлермен бірдей қан майданда түрлі әскери мамандықты меңгеріп, соғысқан, атап айтсақ: танкистер Жамал Байтасова, Күлкен Тоқбергенова, Гүлжәмилә Талқанбаева, Зәуреш Төлебаева; байланысшылар Бикен Сәдуақасова, Фазиля Темірәлиева, Тотия Тойбазарова, Захима Науышева, Шағила Құсанова, Зия Досбергенова, Ағипа Кенжеғалиева; барлаушы-топографтар Рахима Есмағанбетова, Рахила Ералина; пулеметші Гүлжәмилә Бейсенбаева; радистерден Орынкеш Мысырова, Шәкір Ботақанова; мергендерден Мәлике 28 Тоқтамысова, Фатима Мұхаметова; паровоз машинисті Үміт Толқыбаева; тілшілер Айша Сыйқымбаева, Қантай Елубаева, Қалима Өзбеханова, Ира Оразбаева, Тәжігүл Асанова; ұшқыштар Рымкен Мақымбекова, Дәмелі Жәкеева (Қарағандыдан), Хиуаз Доспанова (Алматыдан); дәрігерлер Мархабат Түкібаева, Рәпия Мақашева, Гүлімжан Қасыбекова, Ира Тілешбаева; жаяу әскер Алтын Мұхаметжанова; бортмеханик Мәдина Ысқақова, самолет жөндеуші Қазима Нұртазина; әріп теруші Зәбира Айтхожина болып соғысқа қатысқан.

Қазақстандық жауынгерлердің ерліктері

1941 жылдың 22 маусымында фашистік Германия әскері Кеңес Одағына тұтқиылдан, соғыс жарияламастан басып кірді. Кеңес халқының Ұлы Отан соғысы, яғни Отанын шетел басқыншыларынан азат ету соғысы басталды. Кеңестік әскери күш бейбіт уақыт жоспарына сай орналасқандықтан соғыс қимылдары басталған территорияға тартылуы барысында, жау соғыстың алғашқы бес айында мемлекеттің 5% халқы тұратын аудандарын жаулап алды. Германия КСРО-ға қарсы барлық қарулы күшінін 70% - 5,5 млн адамнан тұратын 190 дивизия, 4300 танк, 5 мың ұшақ шоғырландырды. Батыс шекаралық округтердегі Қызыл Әскер күштерімен салыстырғанда Германия әскери күші адам ресурсінен екі есе, танктен үш есе, ұшақтан 3 есе, артиллериядан - 1,3 есе басым болды. Осыған қарамастан шекарашылар, олардың қатарында Брест қорғаушылары алғашқы ұрыстың өзінде теңдесі жоқ ерлік көрсетті. Брест ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәскеу түбіндегі шайқаста Қазақстандықтардың ерлігі көрсету
Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Шығыс Қазақстанның экономикалық даму үрдісінің тарихы
Ерліктің қос қанаты - Әлия мен Мәншүк
Бауыржан Момышұлы ұлтымыздың мақтанышы. Ерліктің қос қанаты
Қазақстандық майдангерлердің ерліктері мен соғысқа қосқан үлесі
Фашизммен соғысты жеңіспен аяқтаған Қазақстан жауынгерлері
Ә.Молдағұлова,М.Мәметова,Х.Доспанова
Отанға деген сүйіспеншілік
Оқушы жастарға патриоттық тәрбие берудегі алғышарттар
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың ерен ерлігі
Пәндер