Симпатикалық жүйке жүйесі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ҚАРАҒАНДЫ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
ҚАРАҒАНДЫ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ


РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Вегетативтік жүйке жүйесі

Орындаған: САЯСИ Ермұхан Н .С.
Тобы: 1-015 ЖМ
Қабылдаған: КоржумбаеваА.Т.

Жоспар:

Кіріспе:
Негізгі
Симпатикалық жүйке жүйесі
Парасимпатикалық жүйке жүйесі
Қорытынды:
Пайдаланған әдебиттер

Кіріспе

Вегетативтік жүйке жүйесі
Вегетативтік немесе автономдық жүйке жүйесі (вегетативная, или автономная нервная система); (systema nervosum autonomicum; грек, systema -- жүйе, бөліктерден құралған бүтін; лат. nervus -- жүйке; грек, autos -- өзім, өздігінен; nomos -- заң) -- барлық ішкі мүшелер жүйелері мүшелерінің (асқорыту, тыныс алу, зәр бөлу, аталық және аналық көбею мүшелер жүйелері), тамырлар мүшелері жүйелерінің (қанайналым, лимфаайналым, қан жасау мүшелер жүйелері), сыртқы және ішкі секреция бездерінің, бірыңғай салалы ет ұлпасының қызметтерін реттейтін жүйке жүйесінің бөлімі.
Вегетативтық жүйке жүиесі де, жүйке жүйесінің басқа бөлімдері сияқты нейроциттерден және жүйкелік глиядан (нейроглиядан) құралған.
Вегетативтік жүйке жүйесі - организмдегі орналасу орындары мен атқаратын қызметтеріне байланысты симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдерге бөлінеді.
Аксон-рефлекстер, немесе ОНЖ-нің қатысуынсыз атқарылатын рефлекстер. Бұл жағдайда рецепторларда пайда болған тітіркеніс
афференттік талшықтар арқылы түйінге дейін жетеді де, одан әрі
эфференттік симпатикалық не парасимпатикалық жолға ауысады.
Организмнің вегетативтік қызметі көп деңгейлі құрылым арқылы реттелінеді. Бастапқы реттеу тетігі ВЖЖ-нің қабырғалық (интрамуральдық) түйіндерінде орналасады. Бұл түйіндер қарапайым, төменгі деңгейдегі вегетативтік орталықтар қызметін атқарады және оларға белгілі дәрежеде автоматия қасиеті тән. Қабырғалық түйіңдер мүшенің өзімен ғана шектелетін ағзалық рефлекстерді реттейді.
Вегетативтік қызметті реттеудің екінші деңгейі мүшеден тыс орналасқан ОЖЖ-нің шеткі түйіндерінің (қүрсақтық түйін, симпатикалық шекаралық баған түйіндері) қатысумен қамтамасыз етіледі. Үшінші деңгейді жұлын мен ми бағанында орналасқан вегетативтік орталықтар құрайды. Ал, организмнің күрделі әрекеттеріндегі вегетативтік және тұлғалық функциялар арасындағы үйлесімдік гипоталамуста, лимбика жүйесінде және ми қыртысында орналасқан жоғары деңгейлі реттеу орталықтарының қатысуымен қалыптасады.
Сопақша мида тыныс алу, қан айналым, ас қорыту үрдістерін реттейтін орталықтар орналасады. Жұтыну, құсу, түшкіру, жөтелу сияқты рефлекс түрінде атқарылатын реакцияларды ретгейтін орталықтар да осы сопақша мида орын тебеді.
Гипоталамуста гомеостазды қамтамасыз ететін, зат алмасу үрдісін (су мен түздардың, комірсулардың, белокгардьщ, майлардың) ретгейтін орталықтар орналасады. Гипоталамус эндокриндік, вегетативтік және дене түлғасының қызметін біріктіретін, үйлестіретін құрылым бо-лып есептеледі. Гипоталамустың артқы ядроларын тітіркендірг симпатомиметикалық эффекг байқалады (көздің қарашығы кеңейіп, жүрек жұмысы жиілейді, артериялық қысым жоғарылап, ас қорыту ағзаларының қимылы бәсендейді, қан қүрамында қант мөлшері көтеріледі). Ал оның алдыңғы ядроларын тітіркендіргенде парасим-патикалық бөлімнің қызметін ретгейтін нейрондар қозып, қарама-қарсы қүбылыстар байқалады. Ортаңғыядролардытітіркеңдіргенде, немесе зақымдағанда, зат алмасу үрдісі бүзылады. Гипоталамустың медиальдық бөлімінде қан қүрамындағы өзгерістерді (температура, осмостық қысым, гормон статусының ауытқуы т.б.) бақылап отыра-тын ерекше рецепциялық нейрондар (осморецепторлар, терморецеп-торлар) орналасады.

Негізгі
Олар өз кезегінде жүйке орталықтарынан және шеткі бөлімдерден құралады. Вегетативтік жүйке жүйесінің жүйке орталықтары жұлын мен мида орналасқан: қыртыстық, қыртысасты және өзіндік жүйке орталықтарына бөлінеді.
Вегетативтік жүйке жүйесінің шеткі бөлімін: преганглионды (ганглионалды) миелинді (үлпекті) жүйке талшықтары, экстрамуральды (қабырғадан тыс) және интрамуральды (қабырғалық) жүйке ганглиондары (түйіндері), постганглионды (ганглионсоңы) миелинсіз (үлпексіз) жүйке талшықтары қүрайды.
Вегетативтік жүйке жүйесінің, жүйке жүйесінің сомалық бөлімінен морфологиялық ерекшелігі - оның шеткі бөлімі орталық жүйке жүйесімен екі нейроцит (өзіндік орталық нейроциттері және шеткі жүйке ганглиондарының нейроциттері) арқылы байланысады. Жүйке ганглиондары нейроциттерінің аксондарының эффекторлы ұштары орындаушы мүшелерде аяқталып, оларды жүйкелендіреді (парасимпатикалық жүйке жүйесінің ұштары ішкі мүшелер қабырғаларындағы етті қабықтар мен қабаттарды және бездерді, ал симпатикалық жүйке жүйесінің ұштары -- қан және лимфа тамырлары қабырғаларындағы етті қабықтар мен қабаттарды жүйкелендіреді).[1]
Өсімді (вегетативті) жүйке жүйесінің жұмысы адамның еркіне бағынбайды. Сондықтан оны ерте кезде автономды (грекше - өз алдына заң) жүйке жүйесі деп те атаған. Вегетативті деген сөз латынша - өсу, қаулап өсу дегенді білдіреді. Ол ағзаның өсуіне қоректенуіне қатысты, жүйке жүйесінің белсенді қозуына қатысты және жыныссыз көбеюді сипаттайды.Сондықтан қазақша өсімді деген термин қалыптасқан. Өсімді жүйке жүйесі ішкі мүшелердің қызметінің бірімен-бірінің үйлесімділігін қамтамасыз етеді. Ағзадағы зат алмасуды, ішкі ортаның тұрақтылығын реттеп отырады. Ағзадағы түрлі бездердің, қантамырларының және лимфа тамырларының қызметтері де өсімді жүйке жүйесі арқылы реттеледі. Сонымен бірге өсімді жүйке жүйесі қаңқа бұлшықеттерінің қызметін реттеуге де қатысады. Өсімді жүйке жүйесінде рефлекстік доға үш нейрондық (сезгіш, байланыстырғыш, қозғалтқыш) байланыстан тұрады. Өсімді жүйке жүйесінде қозу баяу жүреді, өйткені оның жүйке талшықтарында майлы қабығы болмайды. Өсімді жүйке жүйесінің қызметін ми қыртысының маңдай бөлігі реттеп отырады. Өсімді жүйке жүйесі симпатикалық және парасимпатикалық деп 2 бөлікке бөлінеді. Симпатикалық (грекше - сезгіш, қабылдағыш), парасимпатикалық (грекше - жанында, қасында).
Өсімді жүйке жүйесі де орталық және шеткі бөлімдерге бөлінеді. Орталық бөлімдері ми мен жұлында болады. Шеткі бөлімдері ми мен жұлыннан тыс жерлердегі жүйке бағанасында, жүйке түйіндерінде, өрімдерінде орналасады.
Өсімді жүйке жүйесі: а) парасимпатикалық бөлігі; ә) симпатикалық бөлігі.
Симпатикалық түйіндер тізбегі
Симпатикалық бөліктің орталығы жұлынның арқа сегменттерінде жүйке жасушалары шоғырланып орналасады. Шеткі бөліктеріне омыртқа жотасының екі бүйірінде орналасқан бір жұп симпатикалық бағана жатады. Симпатикалық бағанада 20-25 жүйке түйіндері бар. Жүйке түйіндері жүйке жасушаларының шоғырынан тұрады. Олардан құрсақ және жамбас қуысында орналасқан мүшелерге, ірі симпатикалық өрімдерге жүйкелер тарайды. Құрсақ қуысындағы ең ірі өрімнің жүйке түйіндерінен құрсақ қуысындағы барлық мүшелерге жүйкелер таралады.
Парасимпатикалық бөліктің орталығы ортаңғы мида, сопақша мида және жұлынның сегізкөз сегменттерінде орналасқан. Шеткі бөлімі ішкі мүшелердің маңында не тікелей өзінде жүйке өрімдері түрінде кездеседі.
Соңғы кезге дейін адам мен жануарлардың нерв аппараты бір-біріне тәуелсіз, дербес екі жүйеден -- анималдық және вегетативтік құралған деген түжырым қалыптасқан болатын. Бұл ұғымның негізін ХУШ-ғасырдың соңында француз дәрігері, әрі физиолог Мари Франсуа Биша салған. Организмге тән қызметтерді де ол екі топқа бөлген. Бірінші топты тек жануарларға тән қызметтер құраса, екінші топқа жануарларға да, өсімдіктерге де ортақ қызметтер, немесе вегегативтік функция-ар, жатқызылған.

Биша жіктеуіне сәйкес түйсік, қимыл-әрекет, сөйлеу қабілеті анималдық функциялар тобын құрайды, ал қоректену, өсу, көбею -- вегетатавтік қызметтерге жатады. Осыдан жануарларға тән қызметтерді реттейтін нерв бөлігін -- анимальдық, ал өсімдіктерге тән қызметгерді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Вегетативтік жүйке жүйесінің функциялық мәні
Вегетативтік жүйке жүйесінің ерекшеліктері
Вегетативтік жүйке жүйесі
Вегетативті жүйке жүйесінің бөлімдері
Жүйке жүйесінің түрлері
Вегатативті жүйке жүйесінің жалпы сипаттамасы
Жүйке жүйеснің вегетативті бөлігі
Жүйке жүйесі жайлы
Жүрек жүйке орталықтарының тонусы
Синапстың құрылымы және жіктелуі
Пәндер