Организмнің сұйықтық орталары
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
Дипломдық жұмыс
Қан топтарының басқа белгілермен корреляциясы
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Әдебиеттерге шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
Тәжірибелік бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
І тарау
Қан организімінің ішкі ортасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.1.Қан топтарының түрлері және сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2. Қанның физикалық және химиялық қасиеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІ тарау
Қан қысымы, қан топтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
2.1. Корреляция туралы ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2. Қанның ағу жылдамдығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Аса дамыған елдердегі жылдамдатылған инновациялық дамуға таңдалған бағыт - қолдағы бар барлық ресурстарды жұмылдыруды қажет етеді. Кез келген елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын анықтайтын ресурс - бұл өндірістік күштер, басқа сөзбен айтқанда, сол елдің халқы. Бір жағынан, еңбекке жарамды халық мемлекеттік кірістер көзі болып табылады. Басқа жағынан, елдің жұмыссыз жұрты тікелей, сондай-ақ тікелей емес шығындардың нысаны болып табылады. Осы шығындардың үлкен бөлігі еңбек қабілеттілігін жартылай немесе толық жоғалтуға әкеліп соғатын аурулардың немесе көбінесе, белсенді халықтың мерзімінен бұрын қайтыс болуы салдарынан болады. Соңғы жылдары ми қанайналымының жіті бұзылыстарының (МҚЖБ) жиілігіне байланысты тамыр ауруларының кең таралуы байқалды.
Қан ағзадағы дәнекер ұлпаның бір түрі. Қанның құрамы сұйық плазмадан және қан түйіршіктерінен (эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер тұрады. Ересек адамдарда 4,5-5 л қан болады. Қанның атқаратын маңызы орасан зор. Қан құрамындағы лейкоциттер организмді әр түрлі зиянды заттардан қорғайды.
Қан мен лимфа және ткань аралық сұйықтық организмнің ішкі сұйық ортасын құрайды да, бүкіл дене клеткаларын, тканьдерін жуып жатады.
Организмнің ішкі сұйық ортасының құрамы, физикалық және химиялық қасиеті біршама тұрақты болады, сондықтан да организмдегі клеткалардың тіршілік процесі қалыпты жүріп жатады.
Қан организмдегі клеткаларға, тканьдерге қоректік заттарды жеткізетін болса, екінші бір органдар зиянды, қорексіз улы заттарды организмнен шығарып отырады. Қорыта келгенде қан организмдегі клеткалардың тіршілігін сақтайды, әрі ол клеткалар мен тканьдердегі су мен минерал заттардың мөлшерін реттеп тұрады.
Артериялық гипертензия жүрекқантамыр ауруларымен сырқаттанушылық пен өлім-жітім құрылымын айқындайтын адамзат тарихындағы аса зор жұқпалы емес пандемия болып табылады. ДДСҰ деректері бойынша, АГ таралуы дүние жүзіндегі ересек халықтың 40% - ын құрайды, осы ретте бұл денсаулық сақтау тәжірибесінде күрделі мәселе күйінде қалып отыр. АГ қауіптілігі - жүрек-қантамыр ауруларының (ЖҚА) ағымын дамытып асқындыруында, әлемнің дамыған елдеріндегі барлық өлім жағдайларының жартысына жуығы осының салдарынан туындап отыр. Көптеген зерттеулерде көрсетілгендей, АГ бастапқы даму кезеңдерінің өзінде нысаналы мүшелер - жүрек, ми, бүйрек, көздің торлы қабаты зақымданады. Артериялық гипертонияның таралуы Қазақстанда да тұрақты жоғары деңгейде сақталуда және ол 100 000 ересек адамға 1181,8 құрайды . ҚР ДСМ статистикалық деректеріне сәйкес, артериялық гипертензия ми қанайналымының жіті бұзылысына шалдыққан науқастардың 78% анықталады.
Қан қан тамырларымен ағады да, организмнің барлық клеткаларына қоректік заттарды тасу қызметін атқарады. Мысалы, қан тканьге глюкоза, амин қышқылдары, май, витамин, минерал заттарын, суды, оттегін т.б. қоректік заттар жеткізсе, екінші жағынан зат алмасу процесінің нәтижесінде организмнен бөлінген ақырғы өнімдерді (мочевина, аммиак, несеп қышқылы, көмір қышқылы) сыртқа шығару органдарына: бүйрекке, тер бездеріне, ішекке және өкпеге апарады. Қан организмде Гуморальдық реттелу процесін қамтамасыз етеді, яғни организмдегі органдарды химиялық жолмен бір-біріне байланыстыра отырып реттейді. Қанның организмді гуморальдық жолмен реттеуі - ондағы ішкі секреция бездерінде түзіліп, қанға қосылатын физиологиялық актив заттарға - гормондарға байланысты.
Организм барлық клеткалары мен тканьдеріне қоректік заттар мен оттегі үнемі еніп, олардан зат алмасуының ақырғы өнімдері шығарылып отырғанда ғана өзінің қызметін атқара алады. Бұл процестерді қан, қан сұйықтығы және лимфадан түзілетін организмнің ішкі ортасы қамтамасыз етеді. Ішкі орта организмінің барлық клеткаларының қалыпты тіршілік әрекетіне қажетті жағдайларды жасайды, бұл оның құрамының айтарлықтай тұрақтылығы мен физика - химиялық қасиеттерінің арқасында мүмкін болады.
Қанның организмдегі маңызы алуан түрлі. Қанның негізгі қызметтерінің бірі - бұл оттегін , қоректік заттар мен дене клеткалары тіршілік әрекетінің өнімдерін тасымалдау. Ол осымен қатар бір мүшелерде түзіліп, басқа мүшелердің қызметіне әсер ететін заттарды тасымалдайды. Қан оның үстіне, лейкоциттер әрекетінің арқасында, сондай-ақ ерекше қорғаныш заттарының болуы нәтижесінде қорғаныш қызметін атқарады. Организмнің жылуы терінің тамырларын аралап өтетін қан арқылы қоршаған ортаға беріледі. Температура жоғарылағанда және бұлшықет қызу жұмыс істегенде терінің тамырлары кеңейеді. Мұнда қан сыртқы ортаға жылуды көп бөліп шығарады да, организмді қызып кетуден сақтайды. Қоршаған орта температурасы төмендегенде терінің тамырлары тарылады, бұл организмнің жылу шығаруын кемітеді. Сонымен, біздің денеміз өмір бойы тұрақты температурасын сақтайды. Адам қанының мөлшері айтарлықтай тұрақты және ол дененің массасы мен жасына байланысты. Жаңа туған балаларда қан дене массасының 15-20%, емшектегі балаларда - 13% құрайды. Балаларды 7 жастан бастап, қанның мөлшері ересек адамдардағыдай 7% шамасында болады. Массасы 70 кг ересек адамда 5-6 л қан болады. Адам тыныш күйде болғанда оның қанының 40-50% ғана қан тамырларымен қозғалады. Оның қалған мөлшері қан депоралары - бауырда, көкбауырда, шелде болады. Адам қансырағанда, бұлшықет жұмысы кезінде, дене температурасы жоғарылағанда, биікке көтерілгенде деподағы қан жалпы қан арнасына өтеді. Қан деполары организмдегі қанның тұрақты мөлшерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Қан дәнекер тканінің тобына жатады. Бұл плазмадан және ондағы жүзгін арнаулы элементтер - қан клеткалары - эритроциттерден, лейкоциттер мен тромбоциттерден тұратын әлсіз сілтілі тұтқыр сұйықтық. Егер пробиркаға алдын-ала ұю қабілетінен айырған қан толтырсақ, тұнғанда немесе центрифугадан өткен соң ол екі: эритроциттерден тұратын төменгі қошқыл қызыл түсті тұнба қабатына және қан плазмасы болып табылатын сабан түсті сары мөлдір сұйықтық қабатына бөлінеді. Плазма мен эритроциттердің шекарасында лейкоциттерден тұратын өте жұқа қабат болады. [1,3]
Қан, лимфа және тінаралық (интерсттициялық) сұйықтық организмнің ішкі ортасын құрайды. Тіршілік үшін осы ішкі ортаның оның ішінде қан құрамының физикалық, химиялық, биологиялық, қасиеттері тұрақты болуы шарт, тек осы тұрақтылықтың арқасында организм сырттағы құбылмалы да күделі өзгерістерге төтеп бере алады. Адамның солтүстік плоюс (үйек) суығында да, оңтүстіктің шыжыған ыстығында да өмір сүре беретіні осы тұрақтылыққа байланысты.Ішкі тұрақтылықтың өмір үшін аса қажет шарт екеніне тұңғыш көңіл бөлген француз физиологі Клод Бернар еді. Ол (1878ж) организмнің ішкі сұйықтық ортасының салыстырмалы тұрақтылығы тіршілікті сақтауда өте қажет екендігін мәлімдеді. 1929ж америка физиологы Уолтер Кеннон ішкі ортаның, организмнің басты- басты биологиялық көсеткіштерінің (константалардың) тұрақтылық дәрежесін белгілеу үшін гомеостаз деген жаңа термин ұсынды. Гомеостаз- деп қан көлемі мен құрамының және физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттерінің тұрақтылығы, яғни барлық биологиялық константаларды (артериялық қан қысымы , дене температурасы т.т) айтады. Жасушалардың тіршілігіне байланысты және олардың айналадағы табиғи құбылыстарымен ойдағыдай қарым - қатынас жасауы әрдайым гомеостаздың сақталуына қауіп төндіретін жағдай болып саналады. Бірақ бүйрек , тер бездері, өкпе сияқты көптеген ағзалардың қызметі арқасында, сондай- ақ денедегі арнайы механизмдердің қатысуымен гомеосиаз әдетте бұзылмайды. Осыған орай ішкі орта үшін абсолюттік тұрақтылықтан гөрі салыстырмалы және динамикалық гомеостаз тән. Мұны гемокинез деп атаймыз. Қан жан-жануарлардың тіршілік етуіне аса қажет сұйықтық. Жарақаттану салдарынан қанның 25-30 сыртқа ағып кетсе, тіршілікке қауіп төнеді, ал 50 ағып кетсе өледі. Қан тамырда жылжымай тоқтап қалса не қан ағысы тым баяуласа адам өлуі мүмкін. Мысалы денедегі кейбір жасушалар, әсіресе ми қыртысының нейрондары уақытында келетін қан мөлшері азайса, 5-6 минуттан кейін бұзыла бастайды.
Қан және лимфа айналудың жалпы схемасы. Жылы қандыларда қан организмді толық бір рет айналып шығу үшін жүректен екі рет ағып өтуі керек: бірінде жүректің сол жақ бөлімінен, екіншісінде оның оң жақ бөлімінен ағып өтеді. Жүректің сол жақ қарыншасы қанды қолқаға айдап шығарады. Ал қолқадан - артерия тамырлары өте ұсақ артериялар мен артериолдарға тарамдалып, бүкіл организмді артерия қанымен қамтамасыз етіп отырады. Өте ұсақ артериялар және артериолдар жіңішке капилляр тамырларға тарамдалып, кейіннен тарамдалып бөлінген капилляр тамырлар өзара қайта бірігіп, вена тамырының негізін құрайды. Ұсақ вена тамырлары бірте-бірте бірігіп, іріленіп вена тамырларын түзеді. Екі вена қуысымен аққан вена қаны жүректің оң жақ жүрекшесіне келіп құяды.
Қан айналу системасының сол жақ қарыншадан қолқа түрінде басталып, оң жақ жүрекшеге келіп құятын қанның жолын - қан айналудың үлкен шеңбері деп атайды. Қан айналудың үлкен шеңберін құрайтын артерия тамырларында оттегіне қанық артерия қаны ағады. Капиллярға келгенде артерия қаны өзінің құрамындағы оттегінің біразын тканьге береді де, оның орнына зат алмасу процесінің нәтижесінде тканьде түзілген көмір қышқыл газымен әрекеттесіп, вена қанына айналады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қан тамырлар системасы ішінде аққан қан организмнің клеткаларымен тікелей жанаспайды. Клетканың сыртын қоршап тұрған сұйық орта ткань сұйықтығымен жанасады. Ткань сұйықтығы клеткалардың арасындағы барлық бос жерді алып жатады да, дененің барлық салмағының 50%-ін құрайды. Қан капиллярларының ішінде еріген заттары бар судың біраз мөлшері ткань сұйықтығына өтеді. Ткань сұйықтығының артығы ірі екі лимфа тамырларына өтеді де, вена қуыстары арқылы оң жақ құлақшаға құяды. Бүкіл организмдегі артық ткань сұйықтығы екі лимфа тамыры арқылы ағып кетіп отырады.
Организмде қан және лимфа айналудың маңызы зор, олар тасушы, реттеуші қызмет атқарады. Өкпеден, ішектен ағып өткен қан оттегімен және қоректік заттармен байиды да, бүкіл организмнің тканьдеріне, клеткаларынаосы заттардыжеткізіп тұрады. Зат алмасу процесінің нәтижесінде олардан бөлінген ыдырау өнімдерін реттеп, пайдланатын өнімдерді пайдаланып, ал пайдаланбайтын өнімдерді шығаратын органдарға жеткізеді.
Қан құрамына бүкіл организм органдарын өзара байланыстырып, реттейтін екінші бір органның бөлген биологиялық актив заты - гормондар. Ол шапшаң таралып жеткізіліп отырылады. Қан айналу шеңберлерімен қанның үздіксіз ағуы және лимфа тамырлары арқылы лимфаның артығының ағып кетуі, тканьмен сыртқы ортаның зат алмасу процесінің дұрыс жүруін қамтамасыз етеді. Соның нәтижесінде ткань сұйықтығының ортасы салыстырмалы тұрақты бір шамада сақталады да, организмнің тіршілік қызметінің қалыпты жүруін қамтамасыз етеді.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті. Зерттеу жұмыстың басты мақсаты - қан топтарының басқа белгілермен корреляциясын анықтап, зерттеу жүргізу. Оның қауіп факторларын бақылау мен басқаруға бағытталған тәжірибелік ұсыныстарды қалыптастыру болып табылады. Қан топтарының басқа белгілермен корреляциясын анықтап, зерттеп және оның міндеттеріне тоқталатын болсақ:
* Адам қанының топтары, тромбоциттердің құрылысы және олардың қан ұюдағы рөлі туралы негізгі міндетті зерттеу.
* Қан топтары, тромбоциттердің құрылысы мен қызметтері туралы түсінік беру.
* Адам қанының топтары, қан құюдағы адам қанының үйлесімділігі, резус-фактор туралы міндетті білімді зертттеу .
* Адам организміндегі қанның жалпы мөлшері туралы түсінік беру.
Зерттеу нысаны. Аталып отырған тақырыптың негізгі мәнін ашу мақсатында, қан топтарының басқа белгілермен корреляция қан мен лимфа және ткань аралық сұйықтық организмнің ішкі сұйық ортасын құрайды да, бүкіл дене клеткаларын, тканьдерін жуып жатады. Сонымен қатар, қан организмдегі клеткаларға, тканьдерге қоректік заттарды жеткізетін болса, екінші бір органдар зиянды, қорексіз улы заттарды организмнен шығарып отыратындықтан, қан организмдегі клеткалардың тіршілігін сақтайды, әрі ол клеткалар мен тканьдердегі су мен минерал заттардың мөлшерін реттеп тұрады деген тұжырымды негізге ала отырып, тәжірибенің басты зерттеу нысанына айналдыру.
Зерттеу әдістері. Бұл дипломдық жұмыс жинақтау, сараптау, бақылау қорыту әдістерінің негізінде жазылды.
Жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы кіріспе, әдебиеттерге шолу, тәжірибелік бөлім, негізгі бөлім мен қорытынды және пайдалынылыған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Әдебиеттерге шолу
Гомеостаз 1876 жылы француз физиологы К.Бернар алғаш рет өз зерттеулеріне сүйене отырып, тірі организмнің ішкі сұйық ортасының тұрақтылығы жайлы гипотеза ұсынды. к.Бернар организмнің ішкі сұйық ортасының салыстырмалы тұрақтылығы, тіршіліктің негізгі шарттарының бірі деген пікір айтты.
1929 жылы америка физиологы В.Кэннон организмнің ішкі сұйық ортасының салыстырмалы тұрақтылығын сақтау қабілеті оның барлық системаларының, функцияларының бір қалыпты тұрақтылығы, Гомеостаз деген терминді де В.Кэннон ұсынды.
Организмнің сұйық ортасының (қан, лимфа, ткань аралық сұйықтық) тұрақтылығы, әрі физиологиялық функцялардың бір қалыптылығы гомеостатикалық механизм нәтижесі болып табылады.
Физико-химиялық және физиологиялық процестер гомеостазды клеткалық дәрежеде сақтайды да, ішкі және сыртқы ортаның зиянды әсерлерінің бағытын өзгертеді. Клеткалық гомеостаздың өзгеруі клетканың құрылымдық элементтерінің бұзылуына әкеліп соғады, кейін ол клетка өледі немесе өзгереді, мәселен, иондық радиацияның әсерінен рак ісіктерінің пайда болуы.
Қан жасаушы органдардың реттелуі. Организмнің қалыпты жағдайында жасалатын және бұзылатын эритроциттерінің жалпы саны бірдей болады. Организмде оттегінің жетіспеуі, эритроциттердің санының шамадан тыс көбеюіне әкеліп соғады.
атақты ғалымы, дәрігер С.П.Боткин өткен ғасырдың 80-жылдарында қан жасаушы органдар қызметін нерв системасы реттейтіндігін ашты. С.П.Боткин өзінің лабораториясында иттерге мынадай тәжірибе жасады. Сүйек кемігіне келетін нервті тітіркендіргенде, олардың қанында эритроциттердің саны артқан, ал симпатикалық нервті тітіркендіргенде лейкоциттердің саны артқан.
Тамақ ішкеннен кейін ас қорыту проесі күшті жүреді, сол уақытта лейкоцитердің саны артады, мұны тамақ лейкоцитозы деп атайды. И.П.Павловтың оқушылары зерттеп, тамақ лейкоцитозын шартты рефлекс арқылы жасауға болатынын дәлелдеді. Қан жасаушы органдарда, сүйек кемігінде, көк бауыр, бауыр, лимфа бездерінде толып жатқан рецепторлар бар. Осы рецепторларды тітіркендірсе, әр түрлі физиологиялық реакция береді. Сонымен, қан жасаушы органдар нерв системасымен екі жақты байланыста болады: біріншіден, қан жасаушы органдар өзінің қызметін реттей отырып, жоғары нерв системасының импульсін қабылдайды, екіншіден, өзінің физиологиялық жағдайын орталық және жоғары нерв системаларына хабарлап, өінің және организмнің өзгеруіне байланысты жаңа рефлекстердің пайда болуын реттейді.
қан тамырын кеңітетін нервтерді вазодилятаторлар деп атайды. Мұны 1856 жылы француз физиологы Клод Бернар ашқан. Вазодилятаторлар да көптеген аралас нервтің құрамына кіреді.
Жүрек - тамыр системасының реттеруіне үлкен ми сыңарлары қыртысының тигізетін әсері. 1874 жылы орыс физиологы В.Я.Данилевский үлкен ми сыңарлары қыртысының маңдай бөлімінде жүректің қызметін реттейтін ең жоғарғы нерв орталығының бар екендігін тәжірибе жүзінде дәлелдеді. Жүректің қызметі бас мидың әр жерін және ми сыңарларының қыртысын тітіркендіргенде де өзгеріп отырады.
Қанның қысымын реттейтін ең негізгі нерв орталығы үлкен ми сыңарларының қыртысында бар екендігін 1886 жылы В.М.Бехтеров пен Н.А.Миславский ғылыми тәжірибе арқылы дәлелдеген. Олардың қатысуымен жүректің қызметін және қан тамырларының тартылып-кеңейіп тұруын, адамның рухани күйі және ішкі сезім әсерлері арқылы да өзгертуге болады. Адам жасының ерекшеліктеріне байланысты жүрек және қан тамырларының қызметі бейімделіп, өзгеріп отырады. Мысалы, жаңа туған жас баланың және бастауыш мектеп жасындағы балалардың жүрегі үлкен адамдардікіне қарағанда, өте жылдам соғады. Оның себебі: симпатикалық нерв кезеген нервке қарағанда ерте дамиды. кезеген нервтің тонусы 3 жастан асқан балада пайда болып, одан әрі қарай күшті, әрі тез дами бастайды, 7-8 жастағы балада жүректегі нервілер негізінен дамып болады.
Тамырды тарылтатын нерв талшықтарының бірқатары парасимпатикалық нерв системасының құрамына кіреді, мысалы жамбас, тіл, сілекей бездерінің нервтері.
Тамырды кеңітетін нерв талшығының шамалы бөлігі симпатикалық нервтің де құрамына кіреді, мысалы, жүректің өзін қоректендіретін, мидың және ауыз қуысының ішкі кілегей қабығының қан тамырларының нервтері.
Қалған барлық тамырды тарылтатын нервтер жұлынның артқы түбірінен шығатын орталықтан тебетін нерв болып есептеледі.

Қан организімінің ішкі ортасы
1.1. Қан топтарының түрлері және сипаттамасы
Дүниеде өмір сүру үшін кез-келген тірі ағзаға протеиндер, қоректік заттар мен оттегі қажет. Бұл заттар ағзаның жасушаларының барлық бөліктеріне олардың кейбір көліктерге деген қажеттілігін беру үшін. Қан ағзада тасымалдаушы ретінде әрекет етеді. Ол дене салмағының 7% -ын ересек адам үшін 1060 кг м3 орташа тығыздықпен есептейді, орташа қан көлемі - бес литр. Ол плазмадан және әр түрлі жасушалардан тұрады. Қан түрлі корпускулаларды құрайды. Олар эритроциттермен, лейкоциттермен және тромбоциттермен танымал. Адам ағзасындағы қан топтарының қанша түрін білгісі келетіндер үшін:
Қызыл қан жасушалары қанның 45% құрайды; плазма шамамен 54,3% және лейкоциттердің 0,7% құрайды. Қанның түсі қызыл, ондағы қатысқан зат гемоглобин деп аталады. Қан жасуша бетіндегі антигендердің болуына негізделген. Қанның түрлері мұраға алынған және ата-аналардың екеуінен де жарналармен ұсынылған. Бүгінгі таңда Халықаралық қан құю қоғамы 35 адам қан тобы жүйесін таниды. Міне, негізгі қан тобы және қан түрі
Организмнің ішкі ортасы -- адам мен жануарлар ағзасындағы жасушалық, ұлпалық, мүшелік деңгейдегі зат алмасу процесі мен дене мүшелерінің құрам тұрақтылығын (гомеостаз) қамтамасыз ететін, үздіксіз қорғалыста болатын биологиялық сұйықтар (қан, лимфа және ұлпа сұйығы) мен ішкі орта ұлпалары (ретикулалы, май, талшықты борпылдақ және тығыз дәнекер, шеміршек, сүйек ұлпалары). Организмнің ішкі ортасы -- адам мен жануарлар ағзасында зат алмасумен қатар қорғаныс және тіректік қызметтер атқарады.[1]
Организмнің ішкі ортасы - қан, лимфа және ұлпа сұйықтығынан тұратын көптекті ағза жүйесі. Ішкі ортанын салыстырмалы химиялық құрамы мен физика-химиялық тұрақтылық қасиеті арқылы организмнің жасушалары салыстырмалы өзгермейтін жағдайларда тіршілік етеді және сыртқы орта әсеріне көп ұшырамайды.
Қан қызыл және ақ қан клеткаларының, плазмалық және белоктардан жасалған. Плазмада ағзаға иммунитетті ұсыну үшін жауапты антигендер бар. Антигендер ауру тудыратын микробтарды күресу үшін әртүрлі антиденелерді шығаратын А және В түрлерінен тұрады. O қан тобы бар адамдарда антитела бар. Антиденелердегі бұл айырмашылық кейбір ауруларға қарсы тұра алады және басқа адамдарға осал болады.
Қан топтары олардың антигендері бойынша төртге бөлінеді:
* қан тобы
* Қан тобы B.
* тобы
* AB тобы қан тобы.
Қан тобы оң немесе теріс болса, оның құрамында болған Rh факторына негізделген. Эритроциттерде РР антигенінің болуы, содан кейін қанның дұрыс екендігі, егер Rh жоқ болса, ол теріс. Төменде аталған қан топтарының түрлері және олардың маңыздылығы көрсетілген.
1. AB қан тобы:
Адамдардың бұл тобы кез-келген топтан қан алуға болады, әсіресе АВ артық. Бірақ бұл қан тобы үшін қан беру мүмкіндігі жоқ. Адамдардың бұл тобы әмбебап қабылдаушылар немесе алушылар деп аталады.
2. AB + қан тобы:
AB + қан тобы бүкіл әлемде сирек кездеседі. Ол тек 4% басымдыққа ие. Қан тобы диетаны ет, күнделік, теңіз өнімдері, астық, жаңғақ, май, жеміс-жидек және көкөніс сияқты тамақтандырып, қанын жақсарта алады. АВ позитивті болған кезде әмбебап қабылдаушы барлық қан топтары құйылуы мүмкін.
3. Қан тобы AB-:
Донорлық популяцияның тек 1% -ы АВ теріс қанымен қамтамасыз етілген. Плазма жасау үшін ерлерге қажет. Сондай-ақ, AB + және AB үшін де сол диета қолданылады. AB - қан терісінен, теріс, B терісінен және AB терісінен қан алуға болады.
4. A тобы қан тобы:
Егер адамдарда ерлердің антигені бар болса, онда бұл қан тобы ретінде сипатталады. Бұл топта B антигеніне қарсы IgM антиденелері бар. Бұл адамдар тек қана А және А қан тобы бар адамдарға қан тапсыра алады. А қан тобы үшін диета - бұл ет диетпасы, ол ештеңе емес, олар толық вегетарианшы болуы керек. Олар үрме бұршақтарды, бұршақтарды, жемістерді, көкөністерді, органикалық түрде жаңадан алынған дәндерді алуға тиіс. Бұл топтың сезімтал иммундық жүйесі бар.
5. A тобы қан тобы:
Пациенттер көп қажет болған қанның көп бөлігі екінші болып табылады. Олар қаннан оң, теріс, оң және O терісінен алады. Бұл топтың шамамен біреуі 35,7% құрайды.
6. Қан тобы A-:
Әлемде тек 6,3% ғана адамдар бар. Бұл сирек кездесетін топ. Олар қаннан теріс және О терісінен ғана алады.
7. B тобындағы қан тобы:
Эритроциттерде B антигені бар адамдар қан тобы B тобында топтастырылған. Бұл топта антигендерге қарсы IgM антиденелері бар. Олар B тобынан немесе O тобынан қан алады. Олар B тобына немесе AB тобына жеке тұлғаларға көмек бере алады. Олар шөпті, тауық, жаңғақ, күнжіт, томат, жасымық, бидай, жүгері және қарақұмықтан аулақ болуы керек.
8. B тобы қан тобы:
B оң - әлемдегі үшінші донор. 12 адамнан біреуі орта есеппен 8,5% халықтың оң қанымен қан кетеді.
Толығырақ көру: Сыралардың тізімі
9. Қан тобы B-:
Бұл сирек кездесетін қан тобы және бірегей. Сауалнаманы жүргізу туралы 67 адамнан біреуі тек 1,5% орташа B терісіне ие екендігі белгілі.
10. O тобы:
Кейбір елдерде қан тобы қан тобы деп аталады. Бұл топта антиген А және антиген B эритроциттерде жоқ. Тіпті қан сарысуында А және В антиденелері де жоқ. Осылайша, O тобы O қан тобы бар адамдардан қан ала алады. Бұл топ адамдар басқа топтардың барлық адамдарына қан беруі мүмкін, өйткені антигендер мен антиденелер жоқ. Сондықтан O қан тобы әмбебап донорлар деп аталады. Себебі қан тобы барлық топтарға сәйкес келеді.
Қан тобына жататын адамдарға арналған диета - жоғары ақуыздық диета. Ол құрамында майсыз ет, балық, құс және көкөністер, жеңіл дәнді, сүт өнімдері және бұршақтар.
11. O + қан тобы:
O оң - донор. Бұл қажет мұқтаж барлық науқастар үшін қажетті қан. Орташа алғанда үшеуі O. O оң қан тобындағы 37,4% ғана тек O тобына тек қана адамдарға көмек бере алады.
12. O тобы қан тобы:
О теріс әмбебап донор деп аталады. Ол барлық қан топтарына құюға болады. Әлемде адамдардың 6,6% -ы теріс қан бар. Зардап шеккен немесе ауыр жағдайдағы науқастарға арналған O теріс медициналық тікұшақтар екендігі естіледі. 15-тен бірі арасында теріс қан бар. Егер O теріс адам қанға мұқтаж болса, онда тағы да теріс донор тек қана қайыр беруі керек.
Қан топтары ғана емес, сонымен қатар плазма үйлесімділікке ие. Осылайша, қан топтарға бөлінеді. Пациенттің кейбір антигендері иммундық жүйені құйды қанға шабуыл жасағанда, қанның қан құюы қауіпсіз. Сондықтан қажет болғанда қажет болған жағдайда қан тапсырудың жеке басының міндеті. Әр үш ай сайын адамның денесі жаңа қызыл қан жасушаларын жасайды. Жылына екі рет қан беру әдеті.
Организмнің барлық жасушалары мен ұлпаларының қалыпты тіршілігі үшін сыртқы ортадан оттек пен қоректік заттар үнемі түсіп отыруы керек, сондай - ақ организмнен алмасу (ыдырату)өнімдері сыртқа шығарылуы тиіс. Бұл міндетті организмнің ішкі ортасы атқарады. Адам организмінің ішкі ортасын ұлпа сұйықтығы, қан мен лимфа түзеді. Ол өзінің химиялық құрамы мен физикалық қасиеттерінің салыстырмалы тұрақтылығын сақтайды. Сөйтіп, организмнің барлық мүшелерінің тұрақты қызметін қамтамасыз етеді.
Жасуша мембраналары арқылы заттардың түсуі мен шығарылуы таңдамалы, тек ерітінді түрінде жүреді. Ұлпаларда жасушалар аралығында жасушаларды қоршап тұратын сияқты ұлпа сұйықтығы болады. Ұлпа сұйықтығы қанның сұйық бөлігі - плазмадан түзіледі. Сонымен қатар оның құрамында жасуша тіршілігінің әрекеттеріне қажет барлық заттар еріген күйінде болады. Оттек пен қоректік заттар майда қан тамырлары - капиллярлар арқылы ұлпа сұйықтығына, одан жасушаға өтеді. Зат алмасу нәтижесінде жасушада түзілетін су, көмірқышқыл газы және басқа да өнімдер алдымен ұлпа сұйықтығына, одан кейін сыртқы ортаға шығарылуы үшін капиллярға түседі.
Организмде ұлпа сұйықтығы үнемі қозғалыста болады, ол қан тамырлары арқылы жаңартылады.
Қан дәнекер ұлпасына жатады және аралық ішкі орта болып табылады. Біздің денеміздің барлық мүшелері қан үздіксіз ағатын қан тамырларының тығыз торымен шырмалған. Қан тамырлар арқылы жылжып, мүшелер арасындағы байланысты қамтамасыз етеді, жасушааралық сұйықтық құрамының тұрақтылығын сақтайды. Адам организміндегі қанның жалпы қалыпты мөлшері 5 л, бұл, шамамен, оның денесінің 7 % - ын құрайды.
Қан сұйық бөліктен - плазмадан және онда қалқып жүретін формалы элементтер: эритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттерден тұрады.
Қан үздіксіз қозғалыста болып, бірқатар маңызды қызмет атқарады:
- Тасымалдау қызметі - жасушаларға асқорыту жолынан, сондай - ақ олар қорға жиналатын мүшелерден түсетін қоректік заттарды жеткізеді.
- Гуморальдық қызметі - қан гормондар мен басқа биологиялық белсенді заттарды тасымалдайды, олар арқылы әр түрлі мүшелер мен жүйелердің жұмысының гормондық реттелуі жүреді.
- Жылуреттеу қызметі - қан дененің тұрақты температурасын сақтайды.
- Қорғаныш қызметі - қан лейкоциттері ауру тудыратын микроорганизмдерді зиянсыз етеді; тромбоциттер қаннаң ұюын қамтамасыз етеді; иммунитет қан антиденелеріне (антитела) байланысты.
Лимфа ұлпа сұйықтығынан түзіледі және ақшыл сарғыш түсті сұйықтық болып табылады. Химиялық құрамы бойынша ол қан плазмасына ұқсайды, бірақ нәруыз мөлшері екі есе аз болады. Лимфа 95 % судан тұрады, сонымен қатар оның құрамында минералды тұздар, майлар, глюкоза, ал формалы элементтерден - лимфоциттер бар.
Физиология (грекше physis, "табиғат,тек-тамыр"; және logos, "ғылым") тірі ағзаның механикалық, физикалық және биохимиялық функциясының ілімі.
Әдетте физиология өсімдік физиологиясы және адам мен жануар физиологиясы деп бөлінеді. Дегенмен қандай да болмасын ағза қарастырылу үстінде болса да, физиологияның принциптері жалпыға ортақ. Мысалы, ашытқы жасушасын зерттегенде алынған физиология мәліметтері адам жасушасына да қатысты болуы мүмкін.
Физиология - тірі ағза мен физиологиялық жүйелердің, ағзалардың, тіндердің, жасушалардың қызметін зерттейтін ғылым.Ол жүйелермен ағзалардың бір-біріне әсерін, өзара байланысын және сыртқы ортамен қарым-қатынасын тексереді. Физиологияның мәселесі адам ағзасының жұмысын түсіну,оның әр бөлігінің мәнін анықтау, олардың қалай байланысатынын түсіну, олар қалай әрекеттеседі және сол қатынасу нәтижесінде қалай ағзаның жалпы жұмысы атқарылады. Физиология анатомия, циталогия және гистологиямен байланысты.Физика мен химияның жетістіктері физиология үшін өте маңызды, кибернетика мен компьютерді айтпағанда.
Организм қызметтері туралы өз пікірлерін айтқандар - Гиппократ (медицина атасы), Аристотель (бірінші оқытушы)- Ежелгі Рим, Клавдий Гален - эксперименталдық медицинаның негізін қалады. Физиологияның дамуында анатомиядағы табыстар көп әсер етті. А.Везалийдің Адам денесінің құрылысы туралы деген кітабы физиологияда көп жаңалықтарды ашуға себеп болды. XVIIғ.ғылыми физиология дамыды. Вильям Гарвей-үлкен қанағу шеңберін ашты, вивисексияны енгізді. М.Мальпиги артерия мен веналардың капиллярлар арқылы байланысатынын көрсетті. Физиологияның дамуына Рене Декарттың рефлексты ашуы өте маңызды болып табылады. XVIII-XIXғғ. Ломоносов масса мен қуат сақталу заңын ашты. Горянинов, Шванн, және Шлейден-ағзаның жасушалардан тұратынын ашты.1859ж. Дарвин эфолюциялық ілімді дүниеге келтірді. XIX және XXғ.физиология аса гүлденуге жетті. Клод Бернар(фр) - қан тамырлары тонусының реттелуінде көміртектік алмасуда жүйке жүйесінің рөлін зерттеді. Организмнің ішкі ортасы туралы түсінік берді. Германияда Дюбуа-Реймон-электрофизологияның негізін қалады. Шерингтон - жұлын физиологиясын зерттеді. Кеннон-вегетативтік жүйке жүйесін зерттеді. Сегенов, Павлов, Боткин, Бехтерев нервизмді дамытты. XIXғ.рефлекторлық доға бөліктерінің рөлі анықталды, жүйке әрекетінің рефлекторлық теориясия, мидың үлкен шарты -шарлар маңызы ашылды. И.М.Сегенов орыс физиологиясының атасы. Ол қан газдарды тасымалдайтынын ашты. Ми рефлексі деген кітап жазды. Идеяларын ары қарай И.П.Павлов дамытты. Ухтомский-доминанта туралы ілімді жасады. И.П.Павлов XV Халықаралық конгрессте (1935)-дүниежүзілік физиологтар атасы деп аталды. Павлов мына бағыттарды зерттеді:
қан айналу;
ас қорту;
жоғарғы жүйке іс әрекеті.
Ол жоғарғы жүйке іс әрекетінің (жжіә) типтері туралы ілім құрды. Павлов шығармашылығының шыңы үлкен ми қыртысының сигналдық жүйелер туралы ілімі.
Павловқа дейін физиологияда аналитикалық тәсіл басымды болса ол синтетикалық бағытты жасады. Мұсылман елінен шыққан ғалымдар Әбу Насыр Әл Фараби (екінші оқытушы) дәрігер әрбір ағзаның саулығын анықтау үшін, оның жаратылысының қарай атқаратын қызметін білуге тиіс - деп жазды. Дәрігерлерге жеті міндет жүктеді. Адам физиологиясы оқулығының 13-бетін оқы. Авторы Х.К.Сатбаева,2005ж.). Абу Али ибн Сина(Авицина) Медицина қағидалары атты кітап жазған. Қазақстан физиологиясының іргетасын қалаған А.П.Полосухин.Ол КазМи-да физиология кафедрасын 25жыл меңгерді физиология ғылыми - зерттеу институтын ашып 20ж. директоры болды. Ғылыми бағыты лимфология болды. Н.У.Базанова- ғалым-физиолог, тұңғыш биология ғылымының докторы, профессор,академик. Еңбектері ауылшаруашылық және жануарлар физиологиясын аса дамытты. Х.К.Сатпаева -көп жылдар бойы АММИ- да физиология кафедрасының меңгерушісі болды. Адам физиологиясы оқулық кітабының авторы.
Физиология - тірі организм мен физиологиялық жүйелердің, ағзалардың, тіндердің, жасушалардың қызметін зерттейтін ғылым. Ол жүйелермен ағзалардың бір-біріне әсерін, өзара байланысын және сыртқы ортамен қарым-қатынасын тексереді. Физиологияның мәселесі тірі организмінің жұмысын түсіну, оның әр бөлігінің мәнін анықтау, олардың қалай байланысатынын түсіну, олар қалай әрекеттеседі және сол қатынасу нәтижесінде қалай организмнің жалпы жұмысы атқарылады.
Қан, лимфа, тіндік және церебро-спиналдық (ЦСС) сұйықтықтар организмнің ішкі ортасын құрайды. Бұл түсінікті ХІХғ. француз физиологы Клод Бернар енгізді. Клетка тіршілігі үшін осы ішкі ортаның оның ішінде қан құрамының физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттері тұрақты болуы қажет.
1929 ж. Америка физиологі Уолтер Кэннон ішкі ортаның, организмнің негізгі биологиялық көрсеткіштерінің (константалардың) тұрақтылық дәрежесін белгілеу үшін гомеостаз (гр. 'homoios' - ұқсас, stasis - тепе-теңдік) деген жаңа термин ұсынды. Гомеостаз депқан көлемі мен құрамының және физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттерінің тұрақтылығы, яғни барлық биологиялық константаларды (артериялық қан қысымы, дене температурасы, қанның рН және т.б.) айтады.
Организмнің сұйықтық орталары. Ең төменгі сатыларда орналасқан қарапайымдылар, ішек қуыстылардан бастап ағзаның ішкі ортасы пайда болады. Ил аралық каналдар пайда болады олардың аралығы сұйықтықты гидролимфа деп аталады.Гидролимфаның құрамы өте сұйық болады. Осы жүйелі гастроциркуляция сөйтіп оларда гастровасицалардың циркуляциялық жүйе пайда болады. Буын аяқтылар және молюскаларда ашық қан айналу жүйесі болады. Осы жерде орналасқан сұйықтық гемолимфа болып табылады. Гемолимфада т.а. пигменттері орналасқан, олардың құрамында темір мен мыс болады. (гемоглобин Fe гемоционин- Mg)
Олигохеталар пиявкалар, омыртқаларда т.б. қан жүйесі тұйықталған. Құрамында ағатын сұйықтық қан деп аталады. Осы жануарларда тканьдік сұйықтық. Қан мен клеткалар арасында зат алмасу процетін қамтамасыз етіп отырады. Омыртқалы жануарларда 3 сұйықтық типі болады - лимфа. Ол арнайы тамыр жүйесінде айналып жүреді. Тканьде сұйықтықтан эндотелиальді қабырғамен бөлінген. Ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығы тгомеостаз деп птплпды - ол түсінікті Уолтер Кэннэн 1829 ж. (гр homos - падобный Stasis - ностоянной)
Гомеостазды сипаттайтын көрсеткіштері:
1. Тұрақты;
2. Тұрақсыз.
Тұрақты көрсеткіштер негізінен ферментердің оптимальді сентивтілігін зат алмасу процестерді қамтамсыз ету үшін анықтайды. Қан клеткаларының саны, қысымы, элетролиттер саны т.б. Ағзаның ішкі ортаның тұрақтылығын сақтау үшін әрт түрлі мүшелер, жүйелерпроцестер, механизмдер қатысады. Оларға теріні көк бауырды, бауырды, бездерді, барлық жүйені иммундық жүйені. Тері - қоғаныс функциясының зат алмасу, бөлу сенсорлық т.б. функциясы су мен май деп осы б.а. Көк бауыр - қан түзу электролиттер қоры, липидтер қоры, қан клеткасы бұзылу мүшесінде болады.
Гомеостаз - ішкі ортаның құрамы мен физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттерінің тұрақтылығы, яғни барлық физиологиялық қызметтерінің тұрақтылығы. Гомеостаз биологиялық константалармен сипатталады. Биологиялық константаларға жатады: қан реакциясы (рН), қандағы қант мөлшері, қоректік заттар, осмостық және онкотикалық қысымдар, қан қысымының мөлшері, дене температурасы және т.б. Осы организмнің ішкі ортасының тұрақтылығы әрдайым өзгеріп тұрады, бірақ бұл өзгерістер физиологиялық норманың ішінде болады. Жасушалардың тіршілігіне байланысты және олардың айналадағы табиғи құбылыстарымен ойдағыдай қарым қатынас жасауы әрдайым гомеостаздың сақталуына қауіп төндіретін жағдай болып саналады. Бірақ бүйрек, тер бездері, өкпе сияқты көптеген ағзалардың қызметі арқасында, сондай ақ денедегі арнайы механизмдердің қатысуымен гомеостаз әдетте бұзылмайды. Қолайсыз жағдайларда гомеостаз бұзылады. Адам ұзақ уақыт ыстықта немесе суықта қалғанда өліп те кетуі мүмкін. Организмнің ішкі ортасының негізі қан болып саналады. Қан - организмнің тіршілік етуіне өте қажет сұйықтық. Қанның 25-30% сыртқа ағып кетсе, ол организмге қауіпті болады. Ал 50% ағып кетсе - организм өледі. Қан тамырда жылжымай тоқтап қалса не қан ағысы тым баяуласа адам өлуі мүмкін. Мысалы, денедегі кейбір жасушалар, әсіресе ми қыртысының нейрондары уақытында келетін қан мөлшері азайса, 5-6 минуттан кейін бұзыла бастайды.
Қан - организмнің ішкі ортасының ең маңызды сұйықтығы болып табылады.
Тамырларда айналатын қан, қан түзу мүшелерi және қанды бұзу мүшелері бірігіп қан жүйесін құрайды (Ф. Ланг).
Қан жүйесіне кіреді:
1) Қан тамырларда айналатын қан;
2) Қан түзу мүшелерi - қызыл сүйек кемігі, лимфа түйіндері, көк бауыр;
3) Қанды бұзу мүшелері - көк бауыр, бауыр, қызыл сүйек кемігі;
4) Реттеуші нейро-гуморальды аппарат.
Қан плазма мен формалы элементтерден тұрады, олардың қатарына эритроциттер, лейкоциттер және қан пластинкалары - тромбоциттер кіреді. Формалы элементтер қан көлемінің 45% құраса, қалған 55% көлемді плазма құрайды. Қан плазмасында белоктар және электролиттер бар.
Қанның көлемі шамамен дене салмағының 7% құрайды (4,5-5 л). Фибриногеннен айырылған плазма сарысу деп аталады.
Бұл жүйенің барлық компоненттерінің әрекеті қанның негізгі қызметтерін қамтамасыз етеді: тасымалдаушы, тыныс алу, трофикалық, экскреторлы, термореттеуші, су-тұз алмасуды қамтамасыз ету, гуморальды реттеуді қамтамасыз ету, организм гомеостазын қамтамасыз ету, қорғаныш - организмнің арнайы және арнайы емес иммунитетің қамтамасыз ету.
Қанды сипаттайтын сандық көрсеткіштер:
1) қанның көлемі - 4,6 л немесе дене салмағынан 6-8%;
2) қанның тығыздығы - 1050-1060 гл, оның ішінде: плазма - 1025-1034 гл, эритроциттер - 1090 гл.
3) қанның тұтқырлығы - 5 шартты бірлік (тұтқырлығы 1 шартты бірлік болып табылатын судан 5 есе жоғары);
4) гематокритті саны - қанның жалпы көлемінен қанның формалық элементтерінің пайызы 40-45;
5) Плазманың ионды құрамы (ммольл): натрий - 142; калий - 4,4; кальций - 2,5; магний - 0,9; хлор - 103.
Қанның негізгі қызметтері және диагностикалық ролі.
Қан бүкіл денені аралап, оның ұлпаларындағы клеткалардағы заттың алмасуына қажетті заттарды әкеліп, қажетсіз заттарын әкетеді. Қан - организмнің негізгі тасымалдаушы жүйе болып саналады. Осыған байланысты қанның негізгі функциялары болады:
1. Тасымалдау қызметі - организмдегі клеткаларға, тканьдерге тіршілікке қажет заттарды жеткізіп,и керексіз заттарды, зат алмасу өнімдернің организмнен шығарып отырады.
2. Тыныс алу қызметі - оттегіні өкпеден тканьдерге, клеткаларға, ал клеткалардағы көмір қышқыл газды өкпеге жеткізеді.
3. Қоректендіру қызметі - ішек-қарыннан қоректік заттарды, витаминдерді, су мен тұздарды (әр түрлі минералдарды) организмнің клеткаларына, тканьдеріне тасу қызметі.
4. Экскреторлық қызметі - зат алмасу процесінің нәтижесінде организмнен бөлінген ақырғы өнімдерді (мочевина, аммиак, несеп қышқылы, көмір қышқылы)сыртқа шығару органларына:бүйрекке,тері бездеріне, ішекке және өкпеге апарады.
5. Гомеостатикалық функциясы - қан организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын сақтауына қатысады. Клеткалар мен тканьаралық сұйықтықтың коллоидтық, осмостық тұрақтылығын сақтайды, рН тұрақтылығын, қандағы қанттың, гормондардың деңгейін, т.б.көрсеткіштерді сақтап отырады.
6. Реттеуші функциясы - қан организмде гуморальдық реттелу процесін қамтамасыз етеді, яғни организмдегі органдарды химиялық жолымен бір-біріне байланыстыра отырып реттейді. Қанның осы функциясы гормондар физиологиялық активті заттар арқылы жүреді.
7. Креаторлық байланыстардың функциясы - клеткаларға қажет мағлұматтарды макромолекулалар тасиды. Мағлұматтар бір клеткадан екінші клеткаға клеткаарлық каналдар арқылы және пиноцитоз жолымен жеткізіледі. Мұндай макромолекулаларды басқа клеткаларға қан клеткалары да жеткізіп отырады.
8. Термореттелу функциясы - қан көп энергия шығарып қызып кеткен ағзаларды суытады, ал суыған ағзаларды жылытады. Сөйтіп, дене қызуын бір қалыпта сақтауға қатысады.
Интенсивті бұлшық ет әрекеті --бұлшық еттерде жылудың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz