Заттай дәлелдемелердің сот - медициналық сараптамасы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

Азаматтық процестегі заттай дәлелдемелер ұғымы және түрлері

ЖОСПАР

КІРІСПЕ . . .

І. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢНАМАСЫ АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ ДӘЛЕЛДЕУ ЖӘНЕ ДӘЛЕЛДЕУ ПРОЦЕСІ ИНСТИТУТТАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ, ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МӘНІ

1. 1 Азаматтық процестегі дәлелдеу және дәлелдеу процесі институттарының тарихи және құқықтық қалыптасуы

1. 2 Дәлелдеу мен дәлелдеу процесінің ұғымы және азаматтық іс жүргізудегі ролі

1. 3 Азаматтық процестегі дәлелдемелердің түсінігін анықтау және оларды жіктеу

ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢНАМАСЫ БОЙЫНША АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ ЗАТТАЙ ДӘЛЕДЕМЕЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАУЫ

2. 1 Азаматтық процестегі заттай дәлелдемелердің ұғымы және түрлері

2. 2 Қазақстан Республикасы заң шығарушымен заттай дәлелдемелерге қойылатын талаптар

2. 3 Заттай дәлелдемелер азаматтық іс жүргізу кезінде дәлелдеу құралы ретінде

ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢНАМАСЫ БОЙЫНША АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ ЗАТТАЙ ДӘЛЕДЕМЕЛЕРДІ ПАЙДАЛАНУ, ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУЫ

3. 1 Азаматтық іс жүргізуде заттай дәлелдемелерді жинау және ұсыну

3. 2 Соттағы заттай дәлелдемелерің іс жүргізу барысында пайдалану тәртібі

3. 3 Заттай дәлелдемелерді зерттеу және бағалау ерекшеліктері

3. 4 Шет елдердің азаматтық процесі кезінде заттай дәлелдемелердің құқықтық реттелеуі мен пайдалану ерекшеліктері

ҚОРЫТЫНДЫ

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Азаматтық процестегі заттай дәлелдемелер ұғымы және түрлері бойынша І-ші тарауда Қазақстан Республикасының заңнамасы азаматтық процестегі дәлелдеу және дәлелдеу процесі институттарының қалыптасуы, түсінігі және мәні; ІІ-ші тарауда Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша азаматтық іс жүргізудегі заттай дәледемелердің құқықтық сипаттауы; ІІІ-ші тарауда Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша азаматтық процестегі заттай дәледемелерді пайдалану, зерттеу және бағалауына талдау жасау болып табылады.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Азаматтық істер бойынша сот төрелігінің басты әлеуметтік міндеті азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін соттық қорғау болып табылады. Бұл - қоғамдық маңызы бар қажеттілік және өз алдына құқықтық және демократиялық мемлекет құруды мақсат етіп қойған Қазақстан Республикасы үшінмаңызды міндеттердің бірі. Заңмен анықталған дәлелдердің әртүрлі түрлері болады. Дәлелдемелердің немесе дәлелдеу құралдарының негізгі түрлерінің бірі-заттай дәлелдемелер. Дәлелдемелердің әрбір түрінің дәлелдемелік іс жүргізу процесінде пайдаланудың өзіндік ерекшеліктері, ұсынудың өзіндік процестік нысаны болады. Дәлелдемелер мәселесі кез-келген азаматтық істі қарау кезінде маңызды болғандықтан, дәлелдердің әр түрін, атап айтқанда заттай дәлелдемелерді егжей-тегжейлі зерттеу өзекті болады.

Сот дәлелдеуі азаматтық іс жүргізу құқығының ережелеріне толық сәйкес жүргізілуі керек. Оның нормалары формальды логиканың заңдылықтарын, танымдық процестің заңдылықтарын ескереді және сот алған тұжырымдардың дұрыстығын қамтамасыз етеді. Әр түрлі дәлелдемелер, атап айтқанда заттай дәлелдемелер проблемалық мәселе болып табылады. Заттай дәлелдемелер ұғымын ашу және зерттеу дәлелдеу процесінің қаншалықты объективті және істе шындықты анықтауға ықпал ететінін талдауға мүмкіндік береді.

Заттай дәлелдемелер ұғымын ашу үшін, менің ойымша, азаматтық процестегі дәлелдеудің жалпы ұғымы мен принциптерін, дәлелдемелер ұғымын және олардың сипаттамаларын анықтау қажет, бұл заттай дәлелдемелер ұғымын, олардың дәлелдеу құралы ретіндегі мәнін, дәлелдеу процесіндегі орны мен рөлін дәлірек ашуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ заттай дәлелдемелерді зерттеуге және бағалауға байланысты мәселелерді қарау қажет, өйткені дәлелдемелерді зерттеу және бағалау дәлелдеу процесінің өте маңызды және ажырамас элементтері болып табылады.

Қазақстан мемлекеті, оның барлық органдары заңдылыққа негізделіп, қоғамның мүдделерін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, құқықтық тәртіпті қарауды қамтамасыз етеді.

Азаматтардың және ұйымдардың құқықтарын қорғауды жүзеге асырудағы органдардың ішінде ерекше орын сот әділдігі органы ретінде сотқа беріледі. Оның қызметі істің ақиқатын қамтамасыз ететін азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелетін түрінде.

Азаматтық процес жүргізудің міндеттері : азаматтардың, мемлекеттің және ұйымдардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау, заңдылық пен құқықтық тәртібін нығайту, құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылады. Азаматтық сот ісін жүргізу міндеттерін орындауға соттың іс жүргізу қызметі арқылы қол жеткізіледі, оның негізгі мазмұны іс бойынша объективті шындықты анықтау болып табылады. Сот істерді азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шешу кезінде Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңның, басқа да нормативтік құқықтық актілердің талаптарын дәлме-дәл сақтауға міндетті.

Сотқа деген азаматтардың сенімі ең маңызды дүние. Сондықтан да, елімізде сот жүктемесін азайту, азаматтық процесті жеңілдету, сот ісін жүргізудің жылдамдығын арттырып, ашықтығын қамтамасыз етуге баса назар аударылған. 2001 жылы Азаматтық іс жүргізу кодексі қабылданды. Түрлі толықтырулар мен өзгерістер енгізіліп отырды. 2015 жылғы 31 қазанда жаңа азаматтық процестік кодексі қабылданып, оны қазіргі заманғы демократиялық қоғамның деңгейін, әлеуметтік-экономикалық тенденциясының дамуын айқындайтын, сот реформасын жүзеге асыру мен сот төрелігінің санасын арттырудың өзекті мәселелеріне жауап бере алатын заң нормасы деп қарастыруға болады.

ҚР Конституцияның 77-бабының 3-тармағының 9-тармақшасында заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды күші болмайды делінген. АПК-нің 69-бабының 3-бөлігінде заңды бұза отырып алынған дәлелдемелердің заңдық күші жоқ деп танылады және оларды сот шешімінің негізіне алуға, сондай-ақ іс үшін маңызы бар кез келген мән-жайды дәлелдеу кезінде пайдалануға болмайды деп көрсетілген.

Істерді шешу кезінде соттың заңды бұзуына болмайды және ол заңсыз сот актілерінің күшін жоюға әкеп соғады. Заңның бұзылуына кінәлі судья заңда белгіленгендей жауапты болады.

Осылайша, дипломдық жұмыстың мақсаты: заттай дәлелдемелердің түсінігі мен мәнін, олардың дәлелдеу процесіндегі ролі мен орнын, дәлелдемелердің зерртеу және бағалау ерекшеліктерін анықтау.

Қазіргі таңда көптеген азаматтық істер бойынша фактілік мән жайларды дәлелдейтін дәлелдемелерді дұрыс зерттемеу барысында, көптеген материалдық және процессуалдық құқық қағидалары бұзылуда. Соның барысында, мұндай істер бойынша шығарылған мәлімдердің күші жойылуда.

Дәлелдеме түсінігі дәлелдеме теориясында және дәлелдеме құқығында негізгі орын алады. Соттық қараудың көп көлемі дәлелдеу қызметіне беріледі. Соған байланысты, дәлелдемелер бойынша сұрақтар қарау және оны тәжірибеде азаматтық іс-жүргізуде оны пайдалануда ерекше маңызға ие болады.

Жоғарыда аталған мәселелердің ашылуы тек Қазақстанның заңнамасын ғана емес, сонымен қатар шет елдердің азаматтық іс жүргізу құқығын да ескере отырып жүргізілуі керек, бұл міндеттерді шешуге объективті көзқараспен қарауға және қолданыстағы заңнамамен дәлелдеу процесін құқықтық реттеудің тиімділігін талдауға мүмкіндік береді.

Азаматтық іс жүргізудің қайнар көздеріне тоқталсақ. Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңдары соттардың Азаматтық іс жүргізу туралы Кодекспен және басқа заңдармен өз құзыретіне жатқызылған талап қою және қзге істерді қарау мен шешу барысында сот төрелігін атқару кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық істер бойынша сот ісін жүргізу тәртібі конституциялық заңдармен, Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексімен айқындалады. Азаматтық сот ісін жүргізу тәртібін реттейтін өзге заңдардың ережелері заңға енгізілуге тиіс.

Сонымен, Азаматтық процесстің қайнар көздері:

  1. ҚР Конституциясы 30. 08. 95 ж.
  2. ҚР Сот жүйесі және судьяның мәртебесі туралы заң. 25. 12. 00ж.
  3. ҚР Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексі 13. 07. 99 ж. және 11. 07. 01 ж. өзгертулер толықтырулар №238-II.
  4. ҚР Прокуратура туралы президенттің заң күші бар Жарлығы 21. 12. 35 ж.
  5. ҚР неке және отбасы туралы заң.
  6. ҚР Адвокаттық қызмет туралы заң 05. 12. 97 ж.
  7. Жайлин Ғ. А. Азаматтық құқық 2007 ж.
  8. ҚР Мемлекеттік баж туралы заң 31. 03. 96 ж.
  9. ҚР Атқарушылық қызмет және сот орындаушының құзіреті туралы заң 1998 ж.
  10. ҚР Азаматтық кодекс Жалпы және Ерекше бөлімдері.
  11. Халықаралық шарттар.

Сондай-ақ, Жоғары сот пленарлық мәжілісінің қаулылары.

Ғылыми таным әдіснамасындағы шындық біздің идеяларымыздың, тұжырымдарымыздың, объективті шындықтың пікірлерінің сәйкестігін білдіреді. Объективті шындық туралы айтатын болсақ, біз кез - келген жолмен анықталған шындықты ғана емес, объективті фактілермен, дәлелдермен, яғни сенімді, жақсы дәлелдермен расталған шындықты айтамыз. Азаматтық процесте шындықты анықтауға ықпал етуге арналған дәлелдеу процесі, ол дәлел сияқты ұғыммен тығыз байланысты.

Сот сараптама тағайындау туралы ұйғарым шығарады, сарапшыға осы Кодекстің 91-бабында көзделген құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді және көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертеді.

Сараптама «Сот-сараптама қызметі туралы» 2017 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімдерде жүргізіледі. Сараптама тағайындау туралы ұйғарым шағым жасауға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды. Ұйғарыммен келіспеу туралы дәлелдер апелляциялық шағымға, прокурордың өтінішхатына енгізілуі мүмкін.

Ел басы Н. Ә. Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған жолдауында қоғамдағы ең басты игілік - адам оның өмірі, денсаулығы, бостандығы екендігін ескере келіп мұндай асыл қазынаға құқығы қайшы әрекет етушілерге заңды жауапкершілік қолдану қажеттігін бірнеше рет айтқан еді. Қоғамдық қатынастарды реттеуші құралдардың бірі - заң салалары болып табылады.

Диплом жазу барысында қолданыстағы заңнамаға талдау жасалып, қазақстандық және ТМД елдерінің көрнекті процессуалист - заңгер ғалымдарының еңбектері қарастырылды, атап айтсақ М. К Треутников., К. С. Юдельсон., М. Х. Хутыз., Жайлин. Ғ. А., И. М. Резниченко., және т. б. Сондай-ақ зерттеу зерделеу жұмысымыздың нормативтік құқықтық базасын Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» ҚР Заңы, Азаматтық іс жүргізу кодексі және өзге де нормативтік құқықтық актілер.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

І. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢНАМАСЫ АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ ДӘЛЕЛДЕУ ЖӘНЕ ДӘЛЕЛДЕУ ПРОЦЕСІ ИНСТИТУТТАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ, ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МӘНІ

  1. Азаматтық процестегі дәлелдеу және дәлелдеу процесі институттарының тарихи және құқықтық қалыптасуы

Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық істер бойынша сот ісін жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарында, Қазақстан Республикасының Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларына негізделген Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде айқындалады.

Азаматтық сот ісін жүргізу тәртібін реттейтін өзге де заңдардың ережелері осы Кодекске енгізілуге жатады.

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары азаматтық процестік құқықтың құрамдас бөлігі болып табылады.

Қазақстан Республикасының азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңнамасы азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй, қаржы, шаруашылық, жер және басқа құқықтық қатынастардан туындайтын даулар бойынша істерді, сондай-ақ ерекше жүргізілетін істерді қарау тәртібін белгілейді.

Сотқа деген азаматтардың сенімі ең маңызды дүние. Сондықтан да, елімізде сот жүктемесін азайту, азаматтық процесті жеңілдету, сот ісін жүргізудің жылдамдығын арттырып, ашықтығын қамтамасыз етуге баса назар аударылған. 2001 жылы Азаматтық іс жүргізу кодексі қабылданды. Түрлі толықтырулар мен өзгерістер енгізіліп отырды. 2015 жылғы 31 қазанда жаңа азаматтық процестік кодексі қабылданып, оны қазіргі заманғы демократиялық қоғамның деңгейін, әлеуметтік-экономикалық тенденциясының дамуын айқындайтын, сот реформасын жүзеге асыру мен сот төрелігінің санасын арттырудың өзекті мәселелеріне жауап бере алатын заң нормасы деп қарастыруға болады.

Соттағы дәлелдеудің негізі табиғат пен қоғамдағы құбылысты байланыстырады. Бұл байланыс сотқа бір құбылыстың (факт, мән-жай) бар болуы, екінші бір құбылыстың шығуына негіз болатынын айқындайды. Елімізде сот жүйесін реформалау сот төрелігінің шынайы тәуелсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Осыған орай, азаматтық сот ісін жүргізуде де түбегейлі өзгерістер орын алды.

Азаматтық процесс азаматтардың ар-намысын қорғаудың, еңбек және басқа да дауларды шешудің, азаматтық-құқықтық қатынастың барлық субьектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етудің тиімді құралы болуы тиіс.

Аталған міндеттерді іске асыру судьялардың, прокурорлардың, адвокаттардың, заңгерлердің жұмысында біліктілікті талап етеді. Заң ғылымының докторы А. Ф. Клейнман «дәлелдеудің өзі тараптар мен іске қатысушылардың сотқа дәлелдемені табыстауынан оларға анализ жасаудан және дәлелдемелерден даулы фактілерге қатысты қорытындылар жасаудан тұрады» деген. Яғни, сот процесінде дәлелдердің жеткілікті болуы маңызды. Жалпы, соттағы дәлелдеуді - соттағы дәлдемелердің көмегімен істі дұрыс шешу үшін маңызы бар немесе жоқ екенін бекітуге бағытталған субьектілердің әрекеттерін қарастыруға болады.

Соттық дәлелдеу бұл істің мән-жайларын соттық дәлдемелер арқылы анықтау бойынша процеске қатысушылардың қызметі. Бұл тараптардың және өзге де қатысушылардың дәлелдемелерді табыс етуге, жинауға және оларды зерттеуге әрекеті. Мұндай құқық ҚР АПК-нің 63-бабында көзделген. ҚР АПК-нің 72-бабына сәйкес, ар тарап (талап қоюшы және жауапкер) өзінің талаптарының және қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуі тиіс. Осы мән-жайларды ҚР азаматтық процестік заңында белгіленген нақты деректер арқылы дәлелдеу қажет.

Бұл нақты деректер: Тараптардың және үшінші тұлғалардың түсініктемелерімен, куәлардың айғақтарымен, заттай дәлелдемелермен, сарапшылардың қорытындыларымен, іс-жүргізу әрекеттерінің хаттамаларымен расталады.

Азаматтық сот өндірісінде мән-жайларды танудың негізгі тәсілі ретінде іс үшін маңызы бар мән-жайдың бар немесе жоқ екенін, тараптардың қарсылықтары мен талаптарын, басқа да жағдайларды соттағы дәлелдемелер, яғни, соттық дәлелдеу жолымен бекітеді. Соттағы дәлелдеудің негізі табиғат пен қоғамдағы құбылысты байланыстырады.

Бұл байланыс сотқа бір құбылыстың (факт, мән-жай) бар болуы екінші бір құбылыстың шығуына негіз болатынын айқындайды. Жалпы, соттағы дәлелдеуді-соттағы дәлелдемелердің көмегімен істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайлардың бар немесе жоқ екенін бекітуге бағытталған субьектілердің әрекеттері деп қарастыруға болады.

Нені бекіту қажет және нендей мән-жайлар дәлелдеуге жатады деген сұраққа жауап ізделінеді. Іс бойынша дәлелдеу нақты және дұрыс анықтау-сот процесінің қорытындысы бойынша заңды және негізгі шешімнің шығуына негіз болып табылады.

Азаматтық істерді дұрыс шешуге қажетті заңды фактілер мен өзге де мән-жайлардың жиынтығы қажет.

Соттағы дәлелдеу өзара байланысты және өзара шартты бір-бірінен ажырамайтын 3 этаптан тұрады: дәлелдемелерді жинау және табыстау, сот мәжілісінде дәлелдемелерді зерттеу, дәлелдемелерді бағалау. Дәлелдемелер істің дұрыс шешілуіне әсер ететін шынайы мәліметтер.

Дәлелдемелер біріншіден іске қатысты болуы тиіс, екіншіден заңда көзделген дәлелдемелерді сипаттайтын бірінші белгі-соттағы дәлелдемелер заңды тәсілмен алынған нақты мән-жайлар болуы тиіс.

ҚР Конституцияның 77-бабының 3-тармағының 9-тармақшасында заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды күші болмайды делінген. АПК-нің 69-бабының 3-бөлігінде заңды бұза отырып алынған дәлелдемелердің заңдық күші жоқ деп танылады және оларды сот шешімінің негізіне алуға, сондай-ақ іс үшін маңызы бар кез келген мән-жайды дәлелдеу кезінде пайдалануға болмайды деп көрсетілген.

Соттың дәлелдемелердің бірінші белгісінде дәлелдемелерге жол беру ережесі бар. А. Х. Гольстем «Дәлелдемелер әрқашанда тараптар арқылы ұсынылады және бұл тараптардың ерекше құқығы болып табылады, сот ешқашан дәлелдеме немесе анықтама жинамайды» деген пікір білдірген. Сондықтан да, сот процесіне екі тараптың да үлкен ізденіспен келуі маңызды.

Заттай дәлелдемелер ұғымын және оларды азаматтық процесте қолдану ерекшеліктерін зерттеуге байланысты мәселелерді қарастыру үшін, менің ойымша, бастапқыда азаматтық процесте дәлелдеу тұжырымдамасын жалпы қарастыру қажет.

Соттың міндеті - азаматтық істерді дұрыс және уақтылы қарау және шешу. Істі дұрыс қарау және шешу: жүргізілген процесс нәтижесінде істің нақты мән-жайлары туралы дұрыс білімге қол жеткізуді және сот шешімінде белгіленген нақты мән-жайларға материалдық құқық нормаларын дәл қолдануды білдіреді.

Сот субъективті құқықтың немесе заңмен қорғалатын қызығушылықтың бар екендігі туралы қорытындыға келмес бұрын, ол құқық немесе қызығушылық негізделген фактілерді дәл анықтауы керек.

Азаматтық іс жүргізу құқығы барлық құқық салалары тәрізді үлкен екі жүйеге бөлінеді. Олар бірінші жалпы бөлім және ерекше бөлім деп аталынады. Олар бірнеше тарауларға бөлінеді.

Азаматтық іс жүргізу құқығының жалпы бөлімі қарастырады:

1-тарау. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу заңдары

2-тарау. Азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері мен қағидаттары

3-тарау. Ведомстволық бағыныстылық және соттылық

4-тарау. Соттың құрамы, қарсылық білдіру

5-тарау. Іске қатысушы тұлғалар

6-тарау. Сотта өкілдік ету

7-тарау. Дәлелдемелер және дәлелдеу

8-тарау. Сот шығындары

9-тарау. Мәжбүрлеу шаралары

10-тарау. Іс жүргізу мерзімдері

11-тарау. Сот хабарлаулары мен шақырулары

12-тарау. Бұйрық арқылы іс жүргізу

13-тарау. Талап қою

14-тарау. Талап коюды қамтамасыз ету

15-тарау. Істі сотта қарауға әзірлеу

16-тарау. Сотта іс қарау

17-тарау. Сот шешімі және оны атқару тәртібі

18-тарау. Аралық сот шешімін орындау

19-тарау. Іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру

20-тарау. Іс бойынша іс жүргізуді қысқарту

21-тарау. Арызды қараусыз қалдыру

22-тарау. Сот ұйғарымы

23-тарау. Хаттамалар

24-тарау. Сырттай іс жүргізу және сырттай шешім шығару

Ал ерекше бөлімде мына мәселелер қарастырылады.

25-тарау. Сайлауға, референдумдарға қатысушы азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің сайлау құқықтарын қорғау туралы арыздар бойынша іс жүргізу

26-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) қаулыларына дау айтуы туралы істер бойынша іс жүргізу

27-тарау. Мемлекеттік өкімет, жергілікті өзін - өзі басқару органдарының қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызмтшілердің шешімдері мен әрекеттеріне (немесе әрекетсіздігіне) дау айтуы туралы бойынша іс жүргізу

28-тарау. Нормативтік құқықтық актілердің заңдылығына орай даулар туралы іс бойынша іс жүргізу

29-тарау. Прокурордың органдар мен лауазымды адамдардың актілері мен іс- әрекеттерін заңсыз деп тану туралы жүгінк

30-тарау. Жалпы ережелер

31-тарау. Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау

32-тарау. Азаматты хабар - ошарсыз кетті деп тану немесе азаматты қайтыс болды деп жариялау

33-тарау. Азаматты әрекет қабілеттілігі шектеулі немесе әрекетке қабілетсіз деп тану

34-тарау. Азаматты психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу туралы істер бойынша іс жүргізу

35-тарау. Заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің банкроттығы туралы істерді қарау

36-тарау. Жылжымалы мүлікті иесіз деп тану және жылжымайтын мүлікке комуналдық меншік құқығын тану

36-1-тарау. Ұл (қыз) асырап алу туралы өтініштер бойынша іс жүргізу

36-2-тарау. Қазақстан Республикасының немесе басқа мемлекеттің аумағында экстремизмді немесе террористік қызметті жүзеге асыратын шетелдік немесе халықаралық ұйымды экстремистік немесе террористік ұйым деп тану туралы өтініш бойынша іс жүргізу

37-тарау. Азаматтық хал актілері жазбаларының жаңсақтықтарын анықтау

38-тарау. Нотариаттық іс - әрекеттерге немесе оларды жасаудан бас тартуға жасалатын шағымдар

39-тарау. Көрсетушіге берілетін жоғалған бағалы қағаздар және ордерлік бағалы қағаздар бойынша құқықтарды қалпына келтіру

39-1-тарау. Аралық соттардың шешімдеріне шағым жасау туралы істер бойынша іс жүргізу

40-тарау. Сот актілеріне апелляциялық шағымдану, наразылық келтіру

41-тарау. Апелляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша істерді қарау

42-тарау. Қадағалау тәртібімен іс жүргізу

43-тарау. Заңды күшіне енген шешімдерді, ұйғарымдар менқаулыларды жаңадан анықталған мән - жайлар бойынша қайта қарау жөнінде іс жүргізу.

Жоғарыда көрсетілгендерге қарап отырып, азаматтық іс жүргізудің жалпы бөлімі азаматтық іс жүргізу құқығының түсінігі, міндеттері мен қағидалары тәрізді басқа да жалпы сұрақтарға жауап берсе, ерекше бөлімінде әкімшілк - құқықтық қатынастардан туындайтын істерді және ерекше іс жүргізу, оның ішінде шетелдік тұлғалармен іс жүргізуді қарастыратынын көріп отырмыз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстарды ашуда арнайы білімдерді қолдану тіркеу қызметін жетілдіру
Сот сараптамасының түрлері
Азаматтық процесстегі сот дәлелдемелері
Сот сараптамасын тағайындау, жүргізу және оның нәтижелерін бағалау
Азаматтық істер бойынша жазбаша дәлелдемелер
Азаматтық іс жүргізудегі дәлелдеу
ҚР сот сараптамасы пәнінен лекциялар
Сот-медицинасының түсінігі, міндеттері
Адам өлтіру қылмысын тергеуде арнайы білімдерді қолдану туралы ақпарат
Сараптама зерттеулерін қолдану мен жүзеге асыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz