Апелляциялық сатының мәні


Ф. 7. 14-05
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті
«Заңтану және халықаралық қатынастар» факультеті
«Қылмыстық процесс және криминалистика» кафедрасы
«БЕКІТЕМІН»
«Қылмыстық құқық және криминология»
кафедрасының
меңгерушісі Ақшатаева Ж. Б.
«» 20__ ж.
Дипломдық жұмысты қорғау
Хаттама № ___
Пәні: «ҚР Қылмыстық құқық»
Студент тобы
Курстық жұмыс тақырыбы
Қорғау кезінде келесі сұрақтарға жауап алынады:
1.
2.
3.
Курстық жұмысты орындау кезінде алынған балл (60 мүмкіндіктен) қорғау бағаланды (40 мүмкіндіктен) балл
Соммалық баллы
Жұмыс бағасы
Курстық жұмыс жетекшісі:
Комиссия мүшелері
Комиссия мүшелері
Қорғау күні «» 20 __ ж.
Ф. 7. 04 -03
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Жоба тақырыбы:
Пәні
Мамандығы:
Орындаған
(Студенттің аты-жөні, тобы)
Жетекші
( Оқытушының аты-жөні, ғылыми дәрежесі, атағы)
Жұмыс
бағасы
бағасына қорғалды
«» 201__ж
Норма бақылау:
қолы, аты-жөні
Комиссия:
қолы, аты-жөні
қолы, аты-жөні
Шымкент 201__ ж.
Ф. 7. 14-04
М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«Қылмыстық процесс және криминалистика» кафедрасы
«БЕКІТЕМІН»
«Қылмыстық құқық және криминология»
кафедрасының
меңгерушісі . . .
«» 20__ ж.
«ҚР Қылмыстық процесс» пәні бойынша дипломдық жұмыс
ТАПСЫРМА №__
Студент тобы
Жұмыс тақырыбы
Бастапқы мәліметтер
Әдебиет
1.
2.
3.
4.
Тапсырманың берілген күні , жұмыстың қорғалған күні
Жұмыстың жетекшісі:
Тапсырманы орындауға қабылдаған:
Ф. 7. 04-02
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
кафедрасы
курстық жоба
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБАСЫ
Пәні
Жоба тақырыбы:
Мамандығы:
Орындаған
(Студенттің аты-жөні, тобы)
Жетекші
( Оқытушының аты-жөні, ғылыми дәрежесі, атағы)
Жоба
бағасы
бағасына қорғалды
«» 201 ж
Норма бақылау:
қолы, аты-жөні
Комиссия:
қолы, аты-жөні
қолы, аты-жөні
Шымкент 201__ ж.
Жоспар
Кіріспе . . .
1. Соттың үкімдерін мен қаулыларын апелляциялық тәртіппен қайта қарау . . .
1. 1 Апелляциялық сатының мәні . . .
1. 2 Апелляциялық шағым жасау және наразылық білдірудің түсінігі мен тәртібі . . .
2. Апелляциялық шағымдар мен наразылықтар бойынша істерді қараудың өзекті мәселелері . . .
2. 1 Апелляциялық қараудың нысаны мен істі қараудың мерзімдері . . .
2. 2 Істі апелляциялық сатыда қараудың тәртібі мен маңызы . . .
2. 3 Апелляциялық сатының өкілеттіктері . . .
Қорытынды . . .
Пайдалынған әдебиеттер тізімі . . .
Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы.
Көрстеілген дипломдық жұмыстың тақырыбы «Заңды күшіне енбеген қылмыстық істердің қайта қараудың маңызы мен мәні». Бұл тақырыпта Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік заңнаманың аппеляциялық сатының барлық аспектілері айқындалған.
Сондағы, аппеляциялық сатының мәні мен мақсаты, тәртібі және маңызы, аппеляцияқ шағым жасау мен наразылық келтіру тәртібі, аппеляциялық сатының мерзімдері, заңды күшіне енген сот шешімдерінің өзекті мәселелері мен өкілеттітері қаралған.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-ші бабында: «Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар» делінген [1] .
Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Құқықтық саясаттың маңызды мәселесі азаматтардың Конституция кепілдік беретін сот арқылы қорғалу құқын жүзеге асыруы болып табылады. Бұл үшін сот төрелігін жүзеге асыру процесін оңайлату, оны басы артық бюрократиялық рәсімдерден арылту керек [2] .
Жаңа ақпараттық технологияларды белсенді енгізген жағдайда мұны істеу қиын емес. Сонымен бір мезгілде соттардың жұмысын жеңілдету мақсатында дауларды соттардан тыс реттеу институттарын дамытуды жалғастырған жөн. Болмашы мәселелер бойынша дауларды шешу соттардан тыс тәртіппен жүргізілетіндей тетіктер қарастыру қажет. Сот билігінің беделі орындалмаған сот шешімдерінен төмендейді. Осыған байланысты, бұл жағдайды түбегейлі өзгерту жөніндегі шаралар қабылдануға тиіс» деген болатын.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексінің 7-бабының 3-тармақшасы «апелляциялық саты - бірінші сатыдағы соттың заңды күшіне енбеген үкімдеріне, қаулысына апелляциялық шағымдар (наразылықтар) бойынша істі қарайтын екінші сатыдағы сот» деп апелляциялық сатыдағы соттың орнын көрсетеді [3] .
ҚР ҚПК-сі аппеляциялық өндірісті заңды күшіне енбеген сот шешімдері мен үкімдерін қайта қарау деп түсінеді. Үкімнің заңды күшіне енуі сот шешімінің атқарылуға жіберілгендігін білдіреді. Басқаша айтқанда, осы уақыттан бастап сот мемлекеттің еркі, Қазақстан Республикасының территориясындағы барлық азаматтарға, заңды тұлғаларға, мемлекеттік органдарға міндетті болып саналады және өзінің құқықтық күшіне байланысты заң актісіне тең болып табылады.
Заң шығарушы сот қателерін анықтау және оны жою мақсатында ҚР ҚПК-нің кез келген уәкілетті субъектілері шағымдануға және наразылық білдіруге құқықты он бес тәуліктік мерзім белгілейді. Осыған сәйкес сот үкімдері мен шешімдеріне аппеляциялық наразылық келтіру және шағымдану институты сот шешімдерін тексерудің тиімді тәсілі болып табылады, елдегі сот билігін жүзеге асырудың заңдылығын және әділдігін қамтамасыз етеді.
Тергеу және сот тәжірибесі қылмыстық сот өндірісіндегі заңдылықты қамтамасыз етудегі апелляциялық қаулылар мен үкімдердің маңыздылығы нақты істер бойынша ғана шектелмейтінін көрсетеді.
Анықтауды жүргізген тұлғалар, қылмыстық істі тергеуге қатысқан тергеушілер, судьялар осы іс бойынша шығарылған апелляциялық қаулы немесе үкімде көрсетілген ережелерді өздерінің келесі тәжірибесінде ескеретін болады. Сонымен қатар екінші инстанцияда шығарылған қаулылар мен үкімдер тікелей және мәні бойынша қараған нақты адамдармен ғана емес, басқа да көптеген судьялармен, прокурорлармен, тергеушілермен зерттеледі. Осыған сәйкес, апелляциялық қаулылар мен үкімдер қылмыстық істерді тергеу мен қарау кезіндегі заңдардың бұзылуын алдын алуда үлкен маңызға ие.
Апелляциялық қаулылар мен үкімдер сот және тергеу тәжірибесі үшін айрықша маңызға ие, осылайша, қылмыстық сот өндірісіндегі, соның ішінде, апелляциялық өндірістегі заңдылықтың кепілдігін күшейтеді. Бір мезгілде, бұл апелляциялық қаулылар мен үкімдердің заңды, негізді болуына деген талаптарды қояды.
Апелляциялық іс жүргізудің мәні - заңды күшіне енбеген үкімнің, басқа да шешімнің заңдылығын, негізділігін және әділеттігін жоғары сатыдағы соттың жаңа сот тергеуін жүргізу арқылы, дәлелдемелерді зерттеуінде және апелляциялық сатыдағы судьяның ішкі сеніміне негізделген жаңа үкім шығаруында. Апелляциялық қайта қарауды енгізудің мақсаты - жеке тұлғаның құқықтық кепілдіген күшейту және заңсыз, негізсіз және әділетсіз үкімнің күшіне енуіне «тосқауыл» жасау, - деп сипатталған ресейлік апелляциялық іс жүргізу заңы.
Сот шешімдерін қайта қарау сатыларында шағымдар мен наразылықтар келтіру бойынша жалпы процеске қатысушылардың іс-әрекеттері олардың тиісті сатыларда іс жүргізуді туындататын процессуалдық қызметі болып табылатыны жоғарыда аталған бөлімдерде көрсетілген. Мұндағы іс жүргізудің мәні алдыңғы сатыда қабылданған шешімді тексеру болып табылады.
Апелляциялық қаулылар мен үкімдердің маңыздылығы олардың сот прецеденті ретінде қолданылуы деген сөз емес. Қазақстанда судьялар сот әділдігін жүзеге асыру кезінде тәуелсіз және тек заңға ғана бағынады. Жоғары тұрған судьялардың қаулылары мен үкімдері, ондағы құқық нормасы мен дәлелдемелер талдауы тергеушілер мен судьялардың заңды дұрыс түсінуіне теориялық білімдерінің тереңдеуін, құқық нормасын қолданудағы практикалық білімге және олардың құқықтық санасының қалыптасуына әсер етеді. Дәл осы негізде және осындай жолмен екінші сот инстанциялары апелляциялық сатының өндірісіне түспейтін қылмыстық істердің де дұрыс шешілуіне септігін тигізеді.
Қазақстанның салауатты экономикалық өрлеу стратегиясы нарықты экономикаға, мемлекеттің белсенді рөліне және шетел инвестицияларын тартуға негізделген. Мемлекет белсенді рөл аткара отырып, экономикаға араласуы шектеулі болады. Бұл проблеманы шешудің стратегиясы:
- Үкіметтің сауда мен өндіріске; әкімгершілік араласуын жою.
- Жекешелендіру процесін аяқтау.
- Орталық Үкіметті және жергілікті екімет орындарын парасатты орындастыру.
- Сот билігі мен күқық корғау органдарын реформалауды жандандыру.
Қазақстан қоғамын басқарудағы негізгі міндеттер:
- Мемлекеттік қызмет пен басқару күрылымының осы заманғы гиімді жүйесін жасау.
- Басым мақсаттарды іске асыруға қабілетті үкімет қүру.
- Үлттық мүдделердің сақшысы бола алатын мемлекет қалыптастыру.
Үкімет пен жергілікті үкіметті түпкілікті калыптастыруға мүмкіндік беретін 7 негізгі стратегия ұстанымдары:
- Ықшам әрі кәсіпқой Үкімет.
- Стратегиялар негізіндегі іс-қимыл бағдарламалары бойынша атқарылатын жүмыс.
- Ведомствоаралық үйлестіру.
- Министрлердің өкілеттіктері мен жауапкершіліктерін, есептілігін және олардың кызметіне стратегиялық бақылауды арттыру.
- Орталықка тәуелділікті жою.
- Сыбайлас жемқорлыкка қарсы күрес.
- Кадрларды жалдау, даярлау және жоғарылату жүйелерін жақсарту [4] .
Жалпы, қазіргі таңдағы апелляциялық инстанциядағы іс жүргізуде орын алған елеулі өзгерістердің бірі, ол егер апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыда шыққан соттың шешімінен қате тапса, істі қайтармай өзі қарап, дұрыс шешім шығарады. Бұл - сот шешімдерін тексерудің және әділ шешім шығарудың, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың бір жолы.
Іс жүргізу әрекеттеріне, сот шешіміне, сот өндірісіне шағымдану еркіндігінің конституциялық ұстанымын орындау мақсатында заң тараптардың жарыспалылығы мен тең құқықтылығы негізінде айыптауға және қорғауға шағымдану, наразылық білдіру үшін бірдей құқық береді. Тараптар жасалынған шағымдарға, наразылықтарға қатысты өз ойларын айтуға, өздерінің қарсылықтарын білдіруге, іс кұжаттарын бірінші сатыдағы сотта қаралмаған қосымша материалдармен толықтыруға мүмкіндік алды. Егер шағымдану, наразылық білдіру мерзімдері дәлелді себептермен өтіп кетсе, оларды қалпына келтіруге кепілдік берілді.
Сонымен, заңды күшіне енбеген сот үкімдері мен шешімдерін қайта қарау - басты мақсаты азамат пен қоғамды сот қателерінен қорғау, қылмыстық-құқықтық қатынастардың барлық қатысушылардың заң нормаларын сақтауды камтамасыз ету, сот төрелігін әділ, ізгілікті және демократиялы жүргізілуіне кепілдік туғызу болып табылатын кылмыстық процестің ерекше сатысы.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы.
Алдағы уақытта еліміздегі сот жүйесі өзгеруі мүмкін. Себебі біздегі алқабилер соты кенжелеп тұр. Енді билер қарайтын істердің тізбесі кеңейтіледі. Яғни өмір бойы бас бостандығынан айыру жазалары көзделген аса ауыр қылмыстық істер алқабилер сотының қатысуымен қаралуы тиіс. Ол үшін заңға қежетті өзгерістер енгізіледі. Қазір Жоғарғы Сот осы мәселемен айналысып жатыр. Мұндай тың мәліметті Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Абай Рахметуллин айтты. Белгілі болғандай, елімізде қаралатын істерге көп жағдайда айыптау үкімдері шығарылады. Мәселен, биылғы жылдың алғашқы 4 айында Жоғарғы сот кінәсіздігі дәлелденген 7 адамға қатысты қылмыстық істі тоқтатқан. Яғни адамды негізсіз қылмыстық тергеуге алу фактілері әлі де кездеседі.
Жыл басынан бері Жамбыл облысындағы сот 2 мыңнан астам қылмыстық іс қараған. Соның 170-і электронды форматта келіп түскен. Бұл - аймақта қолға алынған пилоттық жоба. Судьялардың айтуынша, істі электронды түрде жүргізу қағазбастылықтан құтқарады. Бүгінде жергілікті полиция, сот және прокуратура арасында бірыңғай жүйе құрылды. Сот процесіне қатысушының барлығы іспен компьютер арқылы танысып отырады. «Бұл жаңашылдық құқықбұзушылықтарды қарауда ашықтықты қамтамасыз етіп, әділ шешім шығаруға негіз болады», - дейді мамандар. Нұрмұхаммат Абидов, Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы: - Электронды форматтағы қылмыстық істер ең алдымен уақытты үнемдейді. Сондай-ақ бюджет қаржысын үнемдеуге де мүмкіндік береді. Ал ең бастысы - істі барлық заң талаптарына сай жүргізуге жағдай туғызады.
«Ұлы Жібек жолы» жобасын жаңғырту оның бойындағы елдердің экономикасын дамытып қана қоймай, сот өркениетіне де әсерін тигізбек. Сондықтан осы стратегияны сәтті жүзеге асыру үшін заңдық-құқықтық тұрғыдан қам жасау қажет. Осы орайда Қытай Халықтық Жоғарғы соты «Ұлы Жібек жолындағы» елдермен сот саласындағы ынтымақтастықты арттыру үшін xалықаралық форум өткізді. Оған Қазақстан Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәми де қатысты. Ганьсу провинциясындағы Дуньxуан қаласы ҰЖЖ бойындағы маңызды өткелдің бірі саналады. Сондықтан Қытай экономикалық белдеудегі байланысты бекемдей түсетін түрлі шараны осы шаһарда жиі өткізеді. Сот саласындағы ынтымақтастықты арттыруды көздейтін халықаралық форумға 20 елдің делегациясы қатысты [5] .
Қазақстан атынан Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми бастаған делегация келді. Тараптардың мақсаты - Жібек жолы стратегиясын жүзеге асыруға құқықтық негізде қолдау жасау.
Заңның үстемдігі кез келген өркениетті мемлекеттің негізі саналады. Ал заңдылық саласындағы халықаралық стандарттарды қолдау экономикалық байланысқа жол ашпақ. Бұл әріптестік қарым-қатынасты дамытып, мемлекетаралық мәселелерді шешуде түсіністікті арттырмақ. Форумда бірінші болып сөз алған Жоғары Сот Төрағасы Қайрат Мәми елімізде атқарылып жатқан реформамен таныстырды. Нәтижесінде, әлемде Қазақстан сот жүйесінің дамуы және сот актілерінің орындалуы бойынша екі жыл қатарынан 9 орыннан түспей келеді. «Келісімшарттардың орындалуын қамтамасыз ету» индикаторы бойынша Қазақстанның сот жүйесі әлемде 5 позицияға, яғни 14-орыннан 9-орынға алға жылжыды. Сонымен қатар, Қазақстан рейтингісінің одан әрі жақсаруы бойынша жұмысты жалғастыру Мемлекет басшысының Ұлт Жоспарында белгіленген стратегиялық міндеттермен, сондай-ақ оны іске асыру жөніндегі республикалық және ведомстволық жоспарлармен айқындалған [6] .
Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығында алғаш рет қылмыстық іс жүргізудің жаңа сатысы, заңды күшіне енбеген сот үкімдері мен қаулыларына шағымдану, наразылық білдіру, яғни апелляциялық сатысын кешенді түрде талдау жасауға талпынысымен анықталады. Жүргізілген зерттеу қылмыстық сот өндірісіндегі жаңа саты, апелляциялық сатының мәнін, мазмұнын ашуға, тәжірибеде қолданылуын зерттеуге, тарихи және салыстыру-құқықтық талдаулар жасауға және қылмыстық іс жүргізу сатыларының ішінде алатын маңызды орнын ашуға мүмкіндік береді.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері . Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, билік үш салаға бөлінеді: заң шығарушы, аткарушы және сот билігі. Сот билігін жүргізу тек қана соттарға жүктелген және олардың өздерінің өкілеттігіне, атқаратын міндеттеріне қарай жиынтығы сот билігінің жүйесін кұрайды.
Қазакстандық сот жүйесінің негізін, мәнін анықтайтын құқықтық актілер Қазақстан Республикасының Конституциясы және «Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заң болып табылады. Бұл құқықтық актілерге сәйкес, соттар инстанцияларға бөлінеді. Бірінші инстанциялы сот - істі мәні бойынша қарайтын сот. Екінші инстанциядағы сот - заңды күшіне енбеген сот шешімдері мен үкімдеріне наразылық және шағым негізінде істерді аппеляциялық тәртіпте қайта қарайтын сот. Үшінші инстанция - занды күшіне енген сот шешімдері мен үкімдерін қадағалау тәртібінде кайта қарайтын сот [7] .
Жоғарыда аталған соңғы екі инстанциядағы соттар өздеріне заң жүктеген тәртіпте I инстанциялы және одан кейінгі соттардың үкімдерінін, шешімдерінің, қаулыларының негізділігін және заңдылығын тексереді. Тексеру сатысының ең басында аппеляциялык тұрады. Істі бірінші сатыда толық және әділ қарауға кепілдік орнату, ең алдымен әділ үкім шығаруды қамтамасыз ету мен сотты кездейсоқ қателесуден корғау міндеттерін алдыға тартады. Сол себепті де сот шешімдерін қайта карау институты осы талаптарға сай негізделеді, яғни сот шешімі немесе үкімі соттық тексеруге жатқызылады. Сот өндірісінің осындай нысандарының бірі аппеляция болып табылады. Оның шығу тарихы сонау көне римдік құқықтан бастау алады. Ол заңды күшіне енбеген сот шешімдерін айта қарау сатысы ретінде жақсы таныс. С. И. Ожегов орыс тілді сөздігінде бұл терминге мынадай анықтама береді: Аппеляция - істі қайта қарау максатымен жоғары сатыдағы сотқа сот шешімі жөнінде шағымдану деп түсіндіріледі [8] .
И. Фойницкий өзінің «Қылмыстық сот өндірісінің курсы» деген енбегінде аппеляцияны толық күшіне енбеген төменгі сатыдағы соттың шағым түскен үкімін нақты және заңдық негізде (арызда көрсетілген көлемде) жоғары инстанцияның қайта қарауы деп түсіндіреді. Аппеляция сот өндірісінің басқа да нысандары сиякты әр уақытга дұрыс көзқараспен қабылданып, түрлі жолдармен дамытылып отырған [9] .
Қылмыстық істің мәні бойынша қабылданған сот шешімі әрқашанда қылмыстық жауапкершілікке тартылған тұлғаға, іс жүргізуге қатысқан азаматтарға, қоғамға және мемлекетке өте маңызды болып табылады. Сот шешімдері көбінесе сол іспен байланысты адамдардың тағдырын, құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін түбегейлІ түрде өзгертеді. Мемлекет сот төрелігін жүргізу өкілеттігін өзіне ала отырып, бүкіл халык атынан әрекет етеді және қоғам алдында қылмыстық істердің әділ, ізгілікті, жылдам және уакытылы шешілуіне жауапты болады. Үкім шығаруда заңды және фактілік қателерге бой алдыруға, заң бекіткен тәртіптен ауытқуға болмайды.
Алайда, сот қателерін және іс жүргізушілік нысан нормаларының бұзылуын толық жою өкінішіке орай мүмкін болмай отыр. Мұның себептері әр түрлі болуы мүмкін: субъективизм, біліктілігінің төмен болуы немесе судьялардың шатасуы. коррупция, қылмыстық қудалау органдарының заңсыз әрекеттері және т. б. Мұндай кереғар жағдайларды жою үшін заң истанциялы сот шешімдерінің және үкіметінің түпкілікті емес екендігін және оларды қайта қарау үшін шағымдану және наразылық келтіру тәртібін көрсетеді.
ҚР ҚПК-сі аппеляциялық өндірісті заңды күшіне енбеген сот шешмдері мен үкімдерін қайта қарау деп түсінеді. Үкімнің заңды күшіне енуі сот шешімінің атқарылуға жіберілгендігін білдіреді. Баскаша айтқанда, осы уақыттан бастап сот мемлекеттің еркі, Қазақстан Республикасының территориясындағы барлық азаматтарға, заңды тұлғаларға, мемлекеттік органдарға міндетті болып саналады және өзінің құқықтық күшіне байланысты заң актісіне тең болып табылады.
Заң шығарушы сот қателерін анықтау және оны жою мақсатында ҚР ҚПК-нің кез-келген уәкілетті субъектілері шағымдануға және наразылық білдіруге құқықты он тәуліктік мерзім белгілейді. Осыған сәйкес, сот үкімдері мен шешімдеріне аппеляциялық наразылық келтіру және шағымдану институты сот шешімдерін тексерудің тиімді тәсілі болып табылады, елдегі сот билігін жүзеге асырудың заңдылығын және әділдігін қам тамасыз етеді.
Сонымен, заңды күшіне енбеген сот үкімдері мен шешімдерін қайта қарау дегеніміз - басты мақсаты азамат пен қоғамды сот қателерінен қорғау, қылмыстық-құқықтық қатынастардың барлық қатысушылардың заң нормаларын сақтауды камтамасыз ету, сот төрелігін әділ, ізгілікті және демократиялы жүргізілуіне кепілдІк туғызу болып табылатын кылмыстық процестің ерекше сатысы.
Іс жүргізу әрекеттеріне, сот шешіміне, сот өндірісіне шағымдану еркіндігінің конституциялық ұстанымын орындау мақсатында заң тараптардың жарыспалылығы мен тең құқықтылығы негізінде айыптауға және қорғауға шағымдану, наразылық білдіру үшін бірдей қүқық береді. Тараптар жасалынған шағымдарға, наразылықтарға қатысты өз ойларын айтуға, өздерінің қарсылықтарын білдіруге, іс кұжаттарын бірінші сатыдағы сотта қаралмаған қосымша материалдармен толықтыруға мүмкіндік алды. Егер шағымдану, наразылық білдіру мерзімдері дәлелді себептермен өтіп кетсе, оларды қалпына келтіруге кепілдік берілді. Апелляциялық инстанция - тараптар үкім туралы, оның негізіне алынған дәлелдемелер туралы өзінің ой-пікірін жеткізетін сот.
Осы жоғарыда айтылғандарды ашу, зерттеу және талдау жасау бітіру жұмысының мақсаты болып табылады және ол мақсаттарды шешу үшін келесі міндеттерді орындау қажет:
- заңды күшіне енбеген сот шешімдері мен үкімдеріне наразылық
келтіру, шағымданудың түсінігі, мәні және маңызы, апелляциялық өндірістің
мазмұнын анықтау;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz