Төрағалық етушінің қылмыстық істер жөніндегі процессуалдық жағдайы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 82 бет
Таңдаулыға:   

Ф. 7. 04-08

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК-ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Игамбердиев Алишер Тахирулы

ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТУШІНІҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ПРОЦЕСТІК ЗАҢНАМАСЫ НЕГІЗІНДЕ ӨКІЛЕТТІКТЕРІ МЕН ПРОЦЕССУАЛДЫҚ ЖАҒДАЙЫ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

мамандығы 5В030100 - «Құқықтану»

Шымкент, 2018

Ф. 7. 04-09

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. АУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«Қылмыстық процесс және криминалистика» кафедрасы

«Қорғауға жіберілді»

Кафедра меңгерушісі

з. ғ. к., доцент Сарықұлов Қ. Р.

(ғыл. дәрежесі, атағы Т. Ә. А)

« » 2018 ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Төрағалық етушінің Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік заңнамасы негізінде өкілеттіктері мен процессуалдық жағдайы»

мамандығы 5В030100 - «Құқықтану»

Орындаған: Игамбердиев А. Т.

Ғылыми жетекшісі: Альшуразова Р. А.

Шымкент, 2018

Ф. 7. 04-10

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. АУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«Заңтану және халықаралық қатынастар» факультеті

«Қылмыстық процесс және криминалистика» кафедрасы

Мамандығы: 5В030100 - «Құқықтану»

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі

«Қылмыстық процесс

және криминалистика»

Сарықұлов Қ. Р.

«___»2017 ж.

Д и п л о м ж ұ м ы с т ы о р ы н д а у ғ а

Т А П С Ы Р М А № ___

Студент: Игамбердиев Алишер Тахирулы ЮМ-14-1к3 тобы

(аты-жөні) (тобының)

Жұмыстың тақырыбы: «Төрағалық етушінің Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік заңнамасы негізінде өкілеттіктері мен процессуалдық жағдайы»

Университет бұйрығымен бекітілген 06. 11. 2017 ж. № 6-244 с

Жұмысты (жобаны) аяқтау мерзімі 10. 05. 2018 ж.

Жұмысты (жобаны) орындауға берілген мәліметтер:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 13 наурыздағы № 52-VІ ҚР Заңдарымен енгізілген өзгертулер және толықтырулармен // «ЮРИСТ» баспасы. - Алматы, 2017. - 40 б.
  2. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 2012 жыл 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы.
  3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі 4 шілде 2014 ж. № 231 -V. -Алматы: ЮРИСТ, 2015. -340б.
  4. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы №132 Конституциялық заңы.

(ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ)

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБАНЫҢ МАЗМҰНЫ

Бөлімдері
Кеңесші
№: 1
Бөлімдері: Төрағалық етушінің қылмыстық істер жөніндегі процессуалдық жағдайы
Кеңесші:

з. ғ. к., аға оқытушы

Бейсембаева А. О.

№: 2
Бөлімдері: Тергеу судьясының өкілеттіктерін жүзеге асырудың жалпы шарттары
Кеңесші:

з. ғ. к., аға оқытушы

Шеримкулова Г. Д.

№: 3
Бөлімдері: Басты сот талқылауында төрағалық етушінің өкілеттіктері
Кеңесші:

аға оқытушы

Альшуразова Р. А.

№: 4
Бөлімдері: Соттың үкімдері мен қаулыларына аппеляциялық тәртіппен қайта қарау кезіндегі төрағалық етушінің құқықтары мен міндеттері
Кеңесші:

аға оқытушы

Альшуразова Р. А.

№: 5
Бөлімдері: Соттың заңды күшіне енген шешімдерін қайта қарау жөніндегі төрағалық етушінің процессуалдық жағдайы
Кеңесші:

з. ғ. к., аға оқытушы

Бейсембаева А. О.

№: 6
Бөлімдері: Төрағалық етушінің алқабилердің қатысуымен қаралған істердегі өкілеттіктері
Кеңесші:

аға оқытушы

Альшуразова Р. А.

№: 7
Бөлімдері: Төрағалық етуші шет мемлекеттер соттарының үкімдері мен қаулыларын қарау жөніндегі құқықтары мен өкілеттіктері
Кеңесші:

аға оқытушы

Альшуразова Р. А.

№: 8
Бөлімдері: Қорытынды
Кеңесші: Альшуразова Р. А.
№: 9
Бөлімдері: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кеңесші: Альшуразова Р. А.

Ұсынылатын негізгі әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 13 наурыздағы № 52-VІ ҚР Заңдарымен енгізілген өзгертулер және толықтырулармен // «ЮРИСТ» баспасы. - Алматы, 2017. - 40 б.
  2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі №231-V Қазақстан Республикасының заңымен 2014 жылғы 4 шілдеде қол койылып, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді Алматы: ЖШС «Издательство «Норма-К», 2016. - 368 б.
  3. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 2012 жыл 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы.
  4. Когамов М. Ч. Комментарий к Уголовно-процессуальному кодексу Республики Казахстан. Общая и Особенная части (извлечения) . - Алматы: Жеті жарғы, 2015. - 352 с.
  5. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы №132 Конституциялық заңы.

Тапсырманы беру уақыты «»2017 ж.

Диплом жұмыстың жетекшісі _Альшуразова Р. А.

(қолы)

Тапсырманы орындауға алған студент Игамбердиев А. Т.

(қолы)

Ф. 7. 04-11

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУДЫҢ

КҮН ТІЗБЕЛІК КЕСТЕСІ

Студент Игамбердиев Алишер Тахирулы

Тобы ЮМ-14-1к3

Мамандығы 5В030100 - Құқықтану

Жұмыстың тақырыбы: «Төрағалық етушінің Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік заңнамасы негізінде өкілеттіктері мен процессуалдық жағдайы»

Бөлімдері
Орындау %
Орындау мерзімі
Тапсырма берілген уақыты
Тапсырманы орындау мерзімі
Кеңесшінің қолы
№: 1
Бөлімдері: Кіріспе
Орындау %: 15
Орындау мерзімі: 7 күн
Тапсырма берілген уақыты: 15. 11. 17.
Тапсырманы орындау мерзімі: 16. 11. 17.
Кеңесшінің қолы:
№: 2
Бөлімдері: Төрағалық етушінің қылмыстық істер жөніндегі процессуалдық жағдайы
Орындау %: 35
Орындау мерзімі: 23 күн
Тапсырма берілген уақыты: 17. 11. 17.
Тапсырманы орындау мерзімі: 29. 11. 17.
Кеңесшінің қолы:
№: 4
Бөлімдері: Соттың үкімдері мен қаулыларына аппеляциялық тәртіппен қайта қарау кезіндегі төрағалық етушінің құқықтары мен міндеттері
Орындау %: 50
Орындау мерзімі: 45 күн
Тапсырма берілген уақыты: 22. 12. 17.
Тапсырманы орындау мерзімі: 21. 01. 18.
Кеңесшінің қолы:
№: 5
Бөлімдері: Қорытынды
Орындау %: 10
Орындау мерзімі: 14 күн
Тапсырма берілген уақыты: 28. 03. 18
Тапсырманы орындау мерзімі: 03. 05. 18.
Кеңесшінің қолы:

Диплом жұмысытың (жобаның) жетекшісі Альшуразова Р. А.

(қолы, аты-жөні)

Тапсырманы орындауға алған студент Игамбердиев А. Т.

(қолы, аты-жөні)

Нормабақылау: ___ __ Альшуразова Р. А.

(мерзімі, қолы, аты-жөні)

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер . . .
7
Нормативтік сілтемелер . . .: Анықтамалар . . .
7: 8
Нормативтік сілтемелер . . .: Белгілер мен қысқартулар . . .
7: 9
Нормативтік сілтемелер . . .: Кіріспе . . .
7: 10
Нормативтік сілтемелер . . .: 1
7: Төрағалық етушінің қылмыстық істер жөніндегі процессуалдық жағдайы
Нормативтік сілтемелер . . .: 1. 1
7: Тергеу судьясының өкілеттіктерін жүзеге асырудың жалпы шарттары . . .
23
Нормативтік сілтемелер . . .: 1. 2
7: Басты сот талқылауында төрағалық етушінің өкілеттіктері . . .
35
Нормативтік сілтемелер . . .: 2
7: Соттың үкімдері мен қаулыларына аппеляциялық тәртіппен қайта қарау кезіндегі төрағалық етушінің құқықтары мен міндеттері
Нормативтік сілтемелер . . .: 2. 1
7: Соттың заңды күшіне енген шешімдерін қайта қарау жөніндегі төрағалық етушінің процессуалдық жағдайы . . .
46
Нормативтік сілтемелер . . .: 2. 2
7: Төрағалық етушінің алқабилердің қатысуымен қаралған істердегі өкілеттіктері . . .
66
Нормативтік сілтемелер . . .: 2. 3
7: Төрағалық етуші шет мемлекеттер соттарының үкімдері мен қаулыларын қарау жөніндегі құқықтары мен өкілеттіктері . . .
69
Нормативтік сілтемелер . . .: Қорытынды . . .
7: 82
Нормативтік сілтемелер . . .: Қолданылған әдебиеттер тізімі . . .
7: 85

Нормативтік сілтемелер

Осы дипломдық жұмыста келесі сілтемелер қолданылған:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 13 наурыздағы № 52-VI ҚР Заңдарымен енгізілген өзгертулер және толықтырулармен // «ЮРИСТ» баспасы. - Алматы, 2017 - 40 б.
  2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi № 231-V ҚР Заңымен 2014 жылғы 4 шілдеде қол қойылып, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді. Алматы: ЖШС «Издательство «Норма-К», 2016. - 368 б.
  3. «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 271 Заңы.
  4. ҚР Бас Прокурорының 23 ақпан 2001 жылғы № 24 «Соттарда қылмыстық істерді қарау заңдылығына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы» Бұйрығы.
  5. «Қазақстан Республикасының Сот жүйесі мен Судьялардың мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 132 Конституциялық заңы.
  6. Когамов М. Ч. Комментарий к Уголовно-процессуальному кодексу Республики Казахстан 2014 года. Том 1. Ощая часть. - Алматы: Жеті жарғы, 2015. - 648с.
  7. Когамов М. Ч. Коментарий к Уголовно-процессуальному кодексу Республики Казахстан 2014 жылғы. Том 2. Оссобеная часть. - Алматы: Жеті жарғы, 2015. - 944 с.
  8. «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 30 маусымдағы № 81-VI Заңы // «Заңы» базасы - Қазақстан Республикасының электрондық жүйеленген нормативтік құқықтық актілердің жиынтығы.
  9. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 19. 12. 2003 ж. «Апелляциялық тәртіппен қылмыстық істерді қараудың тәжірибесі туралы» нормативтік қаулысы // Сборник постановлений Пленума Верховного Суда Республики Казахстан. Нормативных постановлений Верховного Суда Республики Казахстан (1961-2004 годы) . - Алматы, 2004.
  10. Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» заңы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 15. 08. 2002 ж. «Сот үкімі туралы» нормативтік қаулысы // Сборник постановлений Пленума Верховного Суда Республики Казахстан. Нормативных постановлений Верховного Суда Республики Казахстан (1961-2004годы) . - Алматы, 2004. 24 наурыз 2004 ж.
  11. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 19. 12. 2003 ж. «Қылмыстық істер бойынша соттардың жеке қаулы шығаруының тәжірибесі туралы» нормативтік қаулысы // Сборник постановлений Пленума Верховного Суда Республики Казахстан. Нормативных постановлений Верховного Суда Республики Казахстан (1961-2004 годы) . - Алматы, 2004.

Анықтамалар

Сот - сот билiгi органы, Қазақстан Республикасының сот жүйесiне кiретiн, iстi алқалы түрде немесе жеке-дара қарайтын, кез келген заңды түрде құрылған сот.

Судья - сот билiгiн жүргізуші; осы лауазымға заңда белгiленген тәртiппен тағайындалған немесе сайланған кәсiби судья (соттың төрағасы, сот алқасының төрағасы, тиiстi соттың судьясы) .

Айыптаушы тарап - қылмыстық қудалау органдары, сондай-ақ жәбiрленушi (жекеше айыптаушы), азаматтық талапкер, олардың заңды өкiлдерi және өкiлдерi.

Алдын ала тергеу нысанындағы сотқа дейінгі тергеп-тексеру - Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне сәйкес көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша, сондай ақ қылмыс жасады деп күдік келтірілген адам белгісіз болған анықтау істер бойынша жүзеге асырылады.

Анықтау - анықтау органдарының Қылмыстық Кодекспен белгiленген өкiлеттiк шегiнде iстiң мән-жайының жиынтығын анықтау, белгiлеу, бекiту және қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту жөнiндегi сотқа дейiнгi қызметiнiң iс жүргiзу нысаны.

Жедел-іздестіру қызметі - бұл басқару және ұйымдастырушылық, жарияланған және жарияланбаған жедел іздестіру жүйесіне ғылыми негізделген шаралар.

Конституция - қоғамның негізгі тәртібін бекітетін мемлекеттің ең басты заңы.

Қaзaқcтaн Pecпубликacының Пpoкуpaтуpacы - Pecпубликa Пpeзидeнтiнe eceп бepeтiн мeмлeкeттiк opгaн.

Қаулы - соттың үкiмнен басқа әртүрлi шешiмдерi; анықтаушының, тергеушiнiң, прокурордың қылмыстық iс бойынша сотқа дейiнгi iс жүргiзу барысында қабылданған шешiмдерi.

Қылмыc - Қaзaқcтaн Pecпубликacының қылмыcтық зaңынa cәйкec, жaзaлaу қaтepiмeн тыйым caлынғaн, қoғaмғa қaуiптi әpeкeт (ic-әpeкeт нeмece әpeкeтciздiк) қылмыc дeп тaнылaды.

Қылмыстық құқық бұзушылық - бұл қоғамға қауіптілік және жазаланушылық дәрежесіне қарай қылмыстар және қылмыстық теріс қылықтар болып бөлінеді.

Өкiлдер - заңның немесе келiсiмнiң күшiне орай жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердiң, азаматтық жауапкердiң заңды мүдделерiн бiлдiруге уәкiлдiк берiлген адамдар.

Өтiнiш жасау - тараптың немесе мәлiмдеушiнiң қылмыстық процестi жүргiзушi органға арналған өтiнiшi.

Пpoкуpop - өз құзыpeтi шeгiндe жeдeл iздecтipу қызмeтiнiң, aнықтaудың, тepгeудiң жәнe coт шeшiмдepiнiң зaңдылығын қaдaғaлaуды, coндaй-aқ қылмыcтық пpoцecтiң бapлық caтылapындa қылмыcтық iзгe түcудi өз құзыpeтi шeгiндe жүзeгe acыpaтын лaуaзымды тұлғa.

Белгілер мен қысқартулар

ҚР
-
Қазақстан Республикасы
ҚР: ҚК
-: -
Қазақстан Республикасы: Қылмыстық кодекс
ҚР: ҚПК
-: -
Қазақстан Республикасы: Қылмыстық-процестік кодексі
ҚР: ж.
-: -
Қазақстан Республикасы: жыл
ҚР: б.
-: -
Қазақстан Республикасы: бап
ҚР: т.
-: -
Қазақстан Республикасы: тармақ
ҚР: т. б.
-: -
Қазақстан Республикасы: тaғы бacқa
ҚР: т. с. с.
-: -
Қазақстан Республикасы: тағы сол сияқты

Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы.

Көрстеілген дипломдық жұмыстың тақырыбы «Төрағалық етушінің Қазақстан Республикасының Қылмыстық-Процестік заңнамасы негізінде өкілеттіктері мен процессуалдық жағдайы». Бұл тақырыпта Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік заңнаманың төрағалық етушінің өкілеттіктерінің барлық аспектілері айқындалған.

Сондағы, дипломдық жұмыста төрағалық етушінің қылмыстық істер жөніндегі процессуалдық жағдайы мен тергеу судьясының өкілеттіктері, басты сот талқылауында, аппеляция сатындағы және кассация сатындағы құқықтары мен міндеттері, сонымен қатар, төрағалық етушінің алқабилерге және шет мемлекеттерге қатысты құқықтары мен өкілеттіктері қарастырылған.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-ші бабында: «Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар» делінген [1] .

Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Құқықтық саясаттың маңызды мәселесі азаматтардың Конституция кепілдік беретін сот арқылы қорғалу құқын жүзеге асыруы болып табылады. Бұл үшін сот төрелігін жүзеге асыру процесін оңайлату, оны басы артық бюрократиялық рәсімдерден арылту керек [2] .

Жаңа ақпараттық технологияларды белсенді енгізген жағдайда мұны істеу қиын емес. Сонымен бір мезгілде соттардың жұмысын жеңілдету мақсатында дауларды соттардан тыс реттеу институттарын дамытуды жалғастырған жөн. Болмашы мәселелер бойынша дауларды шешу соттардан тыс тәртіппен жүргізілетіндей тетіктер қарастыру қажет. Сот билігінің беделі орындалмаған сот шешімдерінен төмендейді. Осыған байланысты, бұл жағдайды түбегейлі өзгерту жөніндегі шаралар қабылдануға тиіс» деген болатын.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексінің 7-бабының 40 және 42-тармақшасына сәйкес: сот - сот билiгi органы, Қазақстан Республикасының сот жүйесiне кiретiн, iстi алқалы түрде немесе жеке-дара қарайтын, кез келген заңды түрде құрылған сот және судья - сот билiгiн жүргізуші; осы лауазымға заңда белгiленген тәртiппен тағайындалған немесе сайланған кәсiби судья (соттың төрағасы, сот алқасының төрағасы, тиiстi соттың судьясы) [3] .

Үкімнің заңды күшіне енуі сот шешімінің атқарылуға жіберілгендігін білдіреді. Басқаша айтқанда, осы уақыттан бастап сот мемлекеттің еркі, Қазақстан Республикасының территориясындағы барлық азаматтарға, заңды тұлғаларға, мемлекеттік органдарға міндетті болып саналады және өзінің құқықтық күшіне байланысты заң актісіне тең болып табылады.

Заң шығарушы сот қателерін анықтау және оны жою мақсатында ҚР ҚПК-нің кез келген уәкілетті субъектілері шағымдануға және наразылық білдіруге құқықты он бес тәуліктік мерзім белгілейді. Осыған сәйкес сот үкімдері мен шешімдеріне аппеляциялық наразылық келтіру және шағымдану институты сот шешімдерін тексерудің тиімді тәсілі болып табылады, елдегі сот билігін жүзеге асырудың заңдылығын және әділдігін қамтамасыз етеді.

Тергеу және сот тәжірибесі қылмыстық сот өндірісіндегі заңдылықты қамтамасыз етудегі апелляциялық қаулылар мен үкімдердің маңыздылығы нақты істер бойынша ғана шектелмейтінін көрсетеді.

Анықтауды жүргізген тұлғалар, қылмыстық істі тергеуге қатысқан тергеушілер, судьялар осы іс бойынша шығарылған апелляциялық қаулы немесе үкімде көрсетілген ережелерді өздерінің келесі тәжірибесінде ескеретін болады. Сонымен қатар екінші инстанцияда шығарылған қаулылар мен үкімдер тікелей және мәні бойынша қараған нақты адамдармен ғана емес, басқа да көптеген судьялармен, прокурорлармен, тергеушілермен зерттеледі. Осыған сәйкес, апелляциялық қаулылар мен үкімдер қылмыстық істерді тергеу мен қарау кезіндегі заңдардың бұзылуын алдын алуда үлкен маңызға ие, түспейтін қылмыстық істердің де дұрыс шешілуіне септігін тигізеді.

Қазақстанның салауатты экономикалық өрлеу стратегиясы нарықты экономикаға, мемлекеттің белсенді рөліне және шетел инвестицияларын тартуға негізделген. Мемлекет белсенді рөл аткара отырып, экономикаға араласуы шектеулі болады. Бұл проблеманы шешудің стратегиясы:

  • Үкіметтің сауда мен өндіріске; әкімгершілік араласуын жою.
  • Жекешелендіру процесін аяқтау.
  • Орталық Үкіметті және жергілікті екімет орындарын парасатты орындастыру.
  • Сот билігі мен күқық корғау органдарын реформалауды жандандыру.

Қазақстан қоғамын басқарудағы негізгі міндеттер:

  • Мемлекеттік қызмет пен басқару күрылымының осы заманғы гиімді жүйесін жасау.
  • Басым мақсаттарды іске асыруға қабілетті үкімет қүру.
  • Үлттық мүдделердің сақшысы бола алатын мемлекет қалыптастыру.

Үкімет пен жергілікті үкіметтітүпкілікті калыптастыруға мүмкіндік беретін 7 негізгі стратегия ұстанымдары:

  • Ықшам әрі кәсіпқой Үкімет.
  • Стратегиялар негізіндегі іс-қимыл бағдарламалары бойынша атқарылатын жүмыс.
  • Ведомствоаралық үйлестіру.
  • Министрлердің өкілеттіктері мен жауапкершіліктерін, есептілігін және олардың кызметіне стратегиялық бақылауды арттыру.
  • Орталықка тәуелділікті жою.
  • Сыбайлас жемқорлыкка қарсы күрес.
  • Кадрларды жалдау, даярлау және жоғарылату жүйелерін жақсарту[4] .

Жалпы, қазіргі таңдағы апелляциялық инстанциядағы іс жүргізуде орын алған елеулі өзгерістердің бірі, ол егер апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыда шыққан соттың шешімінен қате тапса, істі қайтармай өзі қарап, дұрыс шешім шығарады. Бұл - сот шешімдерін тексерудің және әділ шешім шығарудың, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың бір жолы.

Іс жүргізу әрекеттеріне, сот шешіміне, сот өндірісіне шағымдану еркіндігінің конституциялық ұстанымын орындау мақсатында заң тараптардың жарыспалылығы мен тең құқықтылығы негізінде айыптауға және қорғауға шағымдану, наразылық білдіру үшін бірдей құқық береді. Тараптар жасалынған шағымдарға, наразылықтарға қатысты өз ойларын айтуға, өздерінің қарсылықтарын білдіруге, іс кұжаттарын бірінші сатыдағы сотта қаралмаған қосымша материалдармен толықтыруға мүмкіндік алды. Егер шағымдану, наразылық білдіру мерзімдері дәлелді себептермен өтіп кетсе, оларды қалпына келтіруге кепілдік берілді.

Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы.

Алдағы уақытта еліміздегі сот жүйесі өзгеруі мүмкін. Себебі біздегі алқабилер соты кенжелеп тұр. Енді билер қарайтын істердің тізбесі кеңейтіледі. Яғни өмір бойы бас бостандығынан айыру жазалары көзделген аса ауыр қылмыстық істер алқабилер сотының қатысуымен қаралуы тиіс. Ол үшін заңға қежетті өзгерістер енгізіледі. Қазір Жоғарғы Сот осы мәселемен айналысып жатыр. Мұндай тың мәліметті Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Абай Рахметуллин айтты. Белгілі болғандай, елімізде қаралатын істерге көп жағдайда айыптау үкімдері шығарылады. Мәселен, биылғы жылдың алғашқы 4 айында Жоғарғы сот кінәсіздігі дәлелденген 7 адамға қатысты қылмыстық істі тоқтатқан. Яғни адамды негізсіз қылмыстық тергеуге алу фактілері әлі де кездеседі.

Жыл басынан бері Жамбыл облысындағы сот 2 мыңнан астам қылмыстық іс қараған. Соның 170-і электронды форматта келіп түскен. Бұл - аймақта қолға алынған пилоттық жоба. Судьялардың айтуынша, істі электронды түрде жүргізу қағазбастылықтан құтқарады. Бүгінде жергілікті полиция, сот және прокуратура арасында бірыңғай жүйе құрылды. Сот процесіне қатысушының барлығы іспен компьютер арқылы танысып отырады. «Бұл жаңашылдық құқықбұзушылықтарды қарауда ашықтықты қамтамасыз етіп, әділ шешім шығаруға негіз болады», - дейді мамандар. Нұрмұхаммат Абидов, Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы: - Электронды форматтағы қылмыстық істер ең алдымен уақытты үнемдейді. Сондай-ақ бюджет қаржысын үнемдеуге де мүмкіндік береді. Ал ең бастысы - істі барлық заң талаптарына сай жүргізуге жағдай туғызады.

«Ұлы Жібек жолы» жобасын жаңғырту оның бойындағы елдердің экономикасын дамытып қана қоймай, сот өркениетіне де әсерін тигізбек. Сондықтан осы стратегияны сәтті жүзеге асыру үшін заңдық-құқықтық тұрғыдан қам жасау қажет. Осы орайда Қытай Халықтық Жоғарғы соты «Ұлы Жібек жолындағы» елдермен сот саласындағы ынтымақтастықты арттыру үшін xалықаралық форум өткізді. Оған Қазақстан Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәми де қатысты. Ганьсу провинциясындағы Дуньxуан қаласы ҰЖЖ бойындағы маңызды өткелдің бірі саналады. Сондықтан Қытай экономикалық белдеудегі байланысты бекемдей түсетін түрлі шараны осы шаһарда жиі өткізеді. Сот саласындағы ынтымақтастықты арттыруды көздейтін халықаралық форумға 20 елдің делегациясы қатысты [5] .

Қазақстан атынан Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми бастаған делегация келді. Тараптардың мақсаты - Жібек жолы стратегиясын жүзеге асыруға құқықтық негізде қолдау жасау.

Заңның үстемдігі кез келген өркениетті мемлекеттің негізі саналады. Ал заңдылық саласындағы халықаралық стандарттарды қолдау экономикалық байланысқа жол ашпақ. Бұл әріптестік қарым-қатынасты дамытып, мемлекетаралық мәселелерді шешуде түсіністікті арттырмақ. Форумда бірінші болып сөз алған Жоғары Сот Төрағасы Қайрат Мәми елімізде атқарылып жатқан реформамен таныстырды.

Нәтижесінде, әлемде Қазақстан сот жүйесінің дамуы және сот актілерінің орындалуы бойынша екі жыл қатарынан 9 орыннан түспей келеді. «Келісімшарттардың орындалуын қамтамасыз ету» индикаторы бойынша Қазақстанның сот жүйесі әлемде 5 позицияға, яғни 14-орыннан 9-орынға алға жылжыды. Сонымен қатар, Қазақстан рейтингісінің одан әрі жақсаруы бойынша жұмысты жалғастыру Мемлекет басшысының Ұлт Жоспарында белгіленген стратегиялық міндеттермен, сондай-ақ оны іске асыру жөніндегі республикалық және ведомстволық жоспарлармен айқындалған [6] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Талап арызды қабылдау
Басты сот талқылаулары
АЛҚАБИЛЕРДІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН СОТ ІСІНЕ ПРОКУРОРДЫҢ ҚАТЫСУЫ
Алдын ала тергеу мен сотқа қатысатын лауазымды тұлғалар мен басқа да қатысушылар
Іске қатысушы адамдардың сот отырысына келмеуінің салдары
Бірінші сатыдағы сотта қылмыстық істі қарау
Істі мәні бойынша қарау бөлімдері
Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың жіктелуі
Талап өндірісі. Азаматтық істерді соттың бірінші инстанциясында қарау
Қылмыстық іс жүргізу құқығы бойынша дәрістер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz