Ауаның ластануын талдау әдістері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Талдықорған қаласының ауа алабының ластануына көлік пен өнеркәсіп кәсіпорындарының әсері
Ғылыми жетекші: Шумақова Г. Ж.
Автор: Сағындық А. А.
Дүйсенбаева Ж. А.
МАЗМҰНЫ
Пайдаланылған қысқартылған сөздер . . . 4
КІРІСПЕ . . . 5
І БӨЛІМ. АТМОСФЕРАНЫҢ ЛАСТАНУЫ МЕН ЛАСТАУШЫ КӨЗДЕРІН ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
1. 1. Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерге шолу . . . 8
1. 2. Өнеркәсіпті қалалардың ауа алабының ластануын зерттеу
әдістері . . . 11
1. 3. Талдықорған қаласының қазіргі экологиялық жағдайын
талдау . . . 18
II БӨЛІМ. ҚАЛАНЫҢ АУА АЛАБЫНЫҢ ЛАСТАНУЫНА АВТОКӨЛІК ПЕН ӨНЕРКӘСІП КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ӘСЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕТТІК ЖҰМЫСТАР
2. 1. Талдықорған қаласының ауа алабының ластануынаөнеркәсіп пен автокөліктің әсерін далалық бақылау және нәтижелері . . . 29
2. 2. Талдықорған қаласының ауа алабын ластайтын улы шаңды газдардың қышқылды жаңбырлар түзуге тигізетін әсері . . . 42
IIІ БӨЛІМ. АВТОКӨЛІК ПЕН ӨНЕРКӘСІП КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ АУА АЛАБЫН ЛАСТАУҒА ТИГІЗЕТІН ӘСЕРІН БАҒАЛАУ
3. 1 Талдықорған қаласындағы өнеркәсіп орындарының атмосфералық ауаны ластау дәрежесін талдау . . . 44
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 47
Пайдаланылған әдебиеттер мен дереккөздер тізімі . . . 49
Қосымшалар . . . 54
Пайдаланылған қысқартылған сөздер
АЛИ -амосфераның ластану шамаысының кешенді индексі
АЭС-атом электр станциясы
АҚ-акционерлік қоғам
ГАНГ-4-электронды газ талдағыш құрылғы
ГОСТ - эсала аралық маңызы бар өнімдерге, қызмет түрлерінің сапасына мемлакет белгілеген талаптарға сәйкес белгіленген мемлекеттік стандарт
ЖШС-жауапкершілігі шектеулі серіктестік
КЖК- Көлік-жол кешені
ҚМКК-қазыналық мемлекеттік комуналдық кәсіпорын
КРШ-концентрацияның рұқсат етілген шегі
ОМКК-облыстық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын
ТАТЕЭК АҚ-Талдықорған акционерлік электржүйелерінің тасымалдау компаниясы” акционерлік қоғамы
ТККҚ -тұрақты көліктік күтілім қызметі
РМК-респуликалық мемлекеттік кәсіпорын
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысы 2018-2020 жылдар аралығында Талдықорған қаласының ауа алабына көлік пен қала түзуші ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының тигізетін әсерін зерттеу нәтижелері ұсынылған.
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі кезеңде еліміздің ірі және шағын қалаларында көлік санының артуы, тұралап қалған қала түзуші өнеркәсіп кәсіпорындарының қалыпты жұмыс істеуі ауа алабына көмір қышқыл газын, күкіртті, азотты қосылыстарды, басқада зыянды концерогенренді заттарды ауаға шығаруы қоршаған ортаның ластап, адам денсаулығына кері әсер ете бастады.
Талдықорған қаласында көлік санының күрт артуы, ірі қала түзуші кәсіпорындардың тұрғындардың өмір сүруінің санитарлық жағдайын күрт төмендетуіне байланысты қоршаған ортаға тигізетін кері әсерін бағалау, экологиялық қауіпті кемітудің оңтайлы жолдарын іздеу өзекті мәселенің бірі болуда.
Жүргізілген жерттеулер барысында алынған мәліметтерге сәйкес Талдықорған қаласындағы жеке тұлғаларда 18 560 астам жеке жеңіл және жүк көліктері бар. олардың небары 5 340 ғана жабық гаражда 6400 ашық автотұрақтарда тұрады.
Автомобильдендіру деңгейінің жоғары болуы (әр мың тұрғынға шаққанда 109 автомобиль) көшелдерді, үйлердің арасындағы бос кеңістік көлік біршама бөлігін алып орталық көшелерде кептеліс тудыруда. Тіпті қаланың оңтүстік-батысы мен шығысындағы жобаланған жаңа аудандардың өзі автокөлікке деген сұраныстың артуын қанағаттандырмайды.
Автокөліктер қоюға бейімделмеген көп қабатты үйлердің алдындағы ащшық алаңдардажеңіл автокөліктерді қою оларды оталдыру, қозғалтқыштарды қыздыру барысында бөлінетін зыянды қосылыстардың артуына байланысты қаланың экологиялық жағдайын күрт нашарлатады.
Жетісу, Қаратал, Жастар 5, 6, 7 мөлтек аудандарда биік көп қабатты үйлердің бір-діріне жақын салынуы ауа ағынына кедергі жасап автокөліктерден бөлінетін зыянды қосылыстарды ұстап қалдатын аумақтар түзеді.
Көліктермен қатар Талдықорған қаласының ауа алабына қорғасынды аккумуляьтор шығаратын "Қайнар АКБ" акционерлік қоғамы, "Металл конструкция зауты", "Азия электрик" кабель зауты" "Басқуат" жыу тарату жүйесі т. б. кәсіпорындар ауа алабына бірнеше жүз тонна күкірт ангидридін, азот қосылыстарын, көмір қышқыл газын, ауыр металл, күл т. б. зыяды қосылыстарды бөледі. Ол өз кезегінде адамдардың денсаулығының нашарлауына әсер етеді.
Осыған орай зерттеу жұмысмы Талдықорған қаласының әр түрлі бөлігінде жүргізілген бақылаудларға негізделіп бау алабының ластануына автокөліктер мен ірі қала түзуші кәсіпорындардың тигізетін әсерін анықтау және олардың кенрі әсмерін азайту жөнінде ұсыныстар енгізуімен өзекті.
Жоба тақырыбының зерттелу деңгейі. Қалалардың ауа алабына
көлік пен өнеркәсіп кәсіпорындарының әсеріне қаптысты зерттеулер Қазақстандық ғалымдар Ө. Ж. Жолдыбаевтың [1], Н. В. Горьковтың [2], А. В. Ермиенконың [3], В. В. Запасныйдың, [4], Е. А. Шваpцтың [5], Ресей ғалымдары Н. С. Барикаеваның [6], Л. М. Акимовтың [7], И. А. Кияевтың [8] П. Л. Виноградовтың [8] Батурин В. К. [9] еңбектерінде көрніс тапқан.
Осы диссертациялық жұмыста автокөлік пен өнеркәсіп кәсіпорындарының қалалардың ауа алабының ластануына тигізетін әсері мен оның салдарына қатысты бұры жүргізілген зерттеулердің нәтижелері жинақталып жүйеленген. Олардың көпшілігі автомобиль жолдарының бойындағы шаңдар мен ауаға бөлінетін түтіннің ауа алабын ластауға тигізетін әсерін әр түрлі қырынан қарастырғаны мен өнеркәсіп кәсіпорындары қамтылмаған.
Жобалық жұмыстың идеясы- атмосфераның ластануы мен көліктен, өнеркәсіп кәсіпорындарынан ауаға бөлінетін зыянды қосылыстардың арасындағы байланыстарды анықтау және бағалау.
Жобалық жұмыстың мақсаты- теориялық және эмпирикалық зерттеулер мен арнайы приборлармен бақылауладың ңәтижелерін, алынған жаңбыр, қар суы сынамаларын өңдеу негізігде көлік пен өнеркәсіп кәсіпорындарынан бөлінетін зыянды қосылыстардың ауаның ластауына әсерің бағалау.
Алдыға қойған мақсат пен зерттеудің идеясына сәйкес төменде көрсетілген міндеттерді шешу көзделген
-Қазақстандағы қалалардың ауа алабына автокөлік пен қалатүзуші өнеркәсіп кәсіпорындарының әсерін зерттеген отандық және шет елдік ғалымдардың еңбектеріне теориялық талдаулар жасау;
-Талдықорған қаласының ауа алабын ластайттын өнеркәсіп кәсіпорындары мен қысқаша сипаттама беру;
- Талдықорған қаласының орталық, батыс, шығыс, оңтүстік және оңтүстік бөліктерінен жаңбыр, қар суларының сынамаларын алып оларға зертханалық талдау жасау негізінде зерттелген аумақтың ластану деңгейлерін бағалау ;
- мамандандырылған зертханасында қаланың әр түрлі бөліктерінен алынған жаңбыр, қар суларының сынамаларына спекторлық талдау жасау;
- спекторлық талдау нәтижелерін сараптау арқылы Талдықорған қаласының әр түрлі бөлігінің ластану деңгейін және ауаның құрамындағы фенол, шаң-тозаң басқа да улы қосылыстармен зиянды қосылыстардың жауын-шашынға тигізетін әсерін анықтау;
- жауын-шашын суларвына зертханалық талдау және «ГАНК-4» автоматты микропроцессорлы газталдау прибордың көмегімен жүргізілген бақылау нәтижелерін салыстыру арқылы қаланың біршама жоғары және төмен аудандарды табу;
- Талдықорған қаласының ауа алыбының автокөлік пен өтеркәсіп кәсіпорындарының зыянды қосылыстармен ластануын кешенді бағалау;
- Қаланың қорғасын, фенол, шаң-тозаң басқа да улы қосылыстармен ластанған аудандарын тауып ластанған аумақтарының карта-сызбасын құру.
Зерттеу нысандары. Зерттеу нысаны ретінде автокөлік пен Талдықорған
қаласындағы өнеркәсіп кәсіпорындарынан бөлінетін зыянды қосылыстардың ауа алабының ластануына тигізетін әсері алынды.
Зерттеу пәні. Зерттеу ретінде атмосфераның ластануының қоршаған ортаға, адам денсаулығына әсері алынды.
Жоба жұмысының теоретиялық және әдіснамалық негіздері ретінде қаланың ауа алабының ластану жағдайын зерттеген отандық және Ресей ғалымдарының еңбестері басшылыққа алынып, салыстыру, даллық зерттеу, салыстырмалы талдау, синтездеу әдістері қолданылды.
Жоба жұмысының ақпараттық базасы ретінде Қзақстан Республикасының 2002 жылғы 11 наурыздағы "Атмосфера ауасын қорғау туралы" N 302-2 Заңы, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаныв қорғау министрлігінің «Казгидромет» РМК 2016 жылғы ақпараттық бюллетеньінің, Зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" туралы санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Өкіметінің 2012 жылдың 18 қаңтарындағы № 104 қаулысы, Алматы облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасының экологиялық инспекторларының 2018-2020 жылдары жүргізген тексеріс жұмыстарының мәліметтері басшылыққа алынды.
Жоба жұмысының бастапқы материалдары ретінде 2018-2019 жылдар аралығында Талдықорған қаласының әр түрлі бөліктерінде жаңа жауған жаңбыр, қар суының сынамалары мен ауаның ластануына жүргізген бақылау деректеріне жасалған талдау нәтижелері алынды.
Зерттеу нәтижелерінің дұрыстығын жүргізілген бақылаулар мен алынған сынамаларды зертханалық талдауладың қорытындылары, мемлекеттік және салалық стандарттарға сәйкес алынған бастапқы материалдарды экологиялық, статистикалық талдаулар қамтамасыз етеді.
Жобалық зерттеудің ғылыми жаңалығы :
-жүргізілген арнайы бақылалар мен зертханалық талдаулар нәтижесінде Талдықорған қаласының әр түрлі бөліктерінде SО 3 . NO 2 , H 2 S, NHО 3 , фенолдың, күйенің, шаңның басқада зыянды қосылыстардың көлік көп жүретін көшелер мен қала түзуші кәсіпорындар маңында біршама жоғары болатыны айқындалды.
- Талдықорған қаласының ауа алабын өндіріс орындары мен көліктен бөлінетін зианды қалдықтармен ластайтын негізгі көздер анықталып автокөліктерден бөлінетін зианды газдардың жауын-шашын арқылы су мен зианды газдардың жауын-шашын арқылы су мен топрақ қабаттарын ластайтыныны анықталды;
- Жинақталған нақты мәліметтерге жасалған талдаулар негізінде Талдықорған қаласының әр түрлі бөлігнінің автокөлік пен өнеркәсіп кәсіпорындарының әсерінен ластану деңгейлерін бағалау карта-сызбасы дайынддалды;
- автокөлік пен өнеркәсіп кәсіпорындарының қоршаған ортаны ластау деңгейін төмендету жөнінде ұсыныстар енгізілді.
Жобалық зерттеудің жаңалығы мен тәжірибелік маңызы.
Зерттеу нәтижелерін автокөлік пен өнеркәсіп кәсіпорындарының ауаға бөлінетін зыянды қосылыстарын азайту бағытталған әр түрлі табиғат қорғау шараларында іс жүзігнгде қолданылады.
Ауаға бөлінетін азоттың қос тотығы, көмір қышқыл газы, көмірсутектердің, ауыр металлдардың ауадағы үлесін азайту жөніндегі ұсыныстар көлік көп жүретін көшелердегі қозғалыстарды реттеу, жанармай құятын бекеттерді салу барысында ескерілуі мүмкін;
Жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижесінде төменде көрсетілген нәтижелерге қолжеткіздік
- Талдықорған қаласының ауа алабын өндіріс орындары мен көліктен бөлінетін зианды қалдықтармен ластайтын негізгі көздер анықталып автокөліктерден бөлінетін зианды газдардың жауын-шашын арқылы су мен топрақ қабаттарын ластайтыныны анықталды;
- қала аумағындағы көмір қышқыл газының, азот тотығының, қорғасын мен шаң тозаңмен ластанған бөліктері анықталып графиктік сызбасы мен диаграммасы құрылды.
Диссертациялық зерттеу барысында жиналған деректер мен шығарылған ой қорытындыларын қолданылуы мүмкін:
. Зерттеудің алынған нәтижелері жол бойы құрылысында автокөліктен шыққан ластарды таратуды талдау және болжау үшін;
- экологиялық мониторингты табиғат қорғау қызметімен жүргізу үшін;
- ауа хауызының ластану деңгейін зиянды қоспалармен бағалау және болжау үшін Талдықорған және басқа да ірі қалаларды сәулет-жоспарлы дамыту кезінде.
І АТМОСФЕРАНЫҢ ЛАСТАНУЫ МЕН ЛАСТАУШЫ КӨЗДЕРІН ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
1. 1 Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерге шолу
Талдықорған қаласының ауа алабының ластану деңгейін зерттеуді көздейтін диссертациялық жұмыстың мақсатына сәйкес үш кезеңнен тұрды.
Бірінші кезеңде Тақырыптың зерттелу деңгейін, теориялық-әдістемелік негіздерін анықтау мақсатында ғылыми әдебиеттер мен ақпарат көздерімен осы уақытқа дейін Қазақстан мен алыс жақын шет елдердегі өеркәсіпті қалардың ауа алабының ластану деңгейі мен ластаушы көздерге қатысты ғалымдар жүргізген ғылыми зерттеулермен, зерттеу әдістемелерімен танысып диссертациялық зерттеуге қажетті бастапқы мәліметтер жиалып оларға талдау жасалды.
Нәтижесінде Қазақстаннның әр түрлі қалаларының қазіргі экологиялық жағдайын әр түрлі қырынан зерттелгенін, зерттеу әдістерімен танысып, диссертацияның мазмұнын ашатын теориялық мәліметтер жиналды.
Екінші кезеңде эксперименттік зерттеулерге қажетті нақты мәліметтер жнау үшін Талдықорған қаласының әр түрлі аумағындағы бақылау нүктелерінде ауаның химиялық құрамы мен оларды ластаушы негізгі кеөздерді анықтау жұмыстарын жүргізілді. Бастапқы мәліметтер өңделіп сараланды.
үшінші кезеңде жиналған деректерді каменралық өңдеуден өткізіп қаланың әр түрлі бөлігінің ластану деңгейі, ауаның құрамындағы шаңның шөуінің, басқада зыянды қосылыстардың, аүкірттің қос тотығының, күкірт сутек пен азотты қосылыстардың ауадағы ылғалмен әекеттесу нәтижесіне түзілетін қышқылды жаңбырдың сумен топрақ қабаттарын, еспе судың ластануына тигізетін әсері анықталды. Жинақталған деректерді ғалымдардың ой-пікірімен салыстырра отырып, қаланың ауа алабын ластаудан қорғау алдын алу шаралары жөнінде ой қорытындылары шығарылды.
Автокөлік пен өнеркәсіп кәсіпорындарынан бөлінетігн зыянды қосылыстардың қаланың ауа алабының ластануына тигізетін кері әсерін Қазақстандық және шет елдік ғалымдар әр түрлі тұрғыдан зерттеген. ғалымдар
Т. Е. Кәтімжанов пен А. С. Бегімбетова автокөліктен ауаға бөлінетін зыянды қосылыстардың Алматы қаласының экологиялық жағдайына тигізетін кері әсерін зерттеген. Олар автокөлік санының шектен тыс экстенсивті өсуінің Алматы қаласының ауа ортасына кері әсерін анықтап, көліктерге қойылатын табиғат қорғау шараларының белгіленген шегінен асқанын атап өтті [10] . Жүргізілген зерттеулер негізінде Алматы сыяқты кенттенген ірі қала агломерацияларында келісілген экономикалық және экологиялық саясат жүргізу, қоршаған орта жағдайы туралы оңтайлы ақпараттар берудің табиғат қорғау шараларын жүзегеасырудағы маңызын қарастырған.
Ө. Ж. Жолдыбаев өз еңбектерінде Шымкент қаласындағы шина, мұнай өңдеу, фосфор, химфарм зауттарының, май құю бекеттері мен көліктен ауаға таралатын зыянды қосылыстардың адам денсаулығына әсеріне талдау жан-жақты жасаған. Шымкент қаласы турғындарының тыныс жүйесі мүшелерінде қалыптасқан ауруларға өндіріс орындарында бөлінетін зиянды қалдықтардың тигізетін әсеріне гигиеналық баға берген.
Ғалым өз зерттеулерінде Оңтүстік Қазақстандағы мен Шымкент қаласындағы қоршаған орта жағдайы, онда орналасқан өндіріс орындарының гигиеналық жағдайы мен өндірістік зиянды заттардың денсаулыққа тигізетін әсерін зерттеп, турғындардың денсаулығын жақсартуға бағытталған шаралар ұсынған [1] .
С. С. Өсербаева мен З. Ж. Сакиева Шымкент қорғасын зауытынан қоршаған ортаға шығарылатын қорғасынның қала аумағы топырағын, ауа алабын ластауға тигізетін кері әсерілерін зерттеген. Олар өз зерттеулерін қаланың әр түрлі бөліктеріндегі 4 бақылау бекеттерінде жүргізіп ауаға, топыраққа ауыр металдардың таралу мөлшерін анықтаған [10] .
Олар эксперименттік зерттеулер жүргізу барысында ауада қызған қорғасынның оңай тотығып, Рb 2 О түзілеитінін, ары қарай температураны арттырса сары түсті ұнтаққа айналып олар шөгіп, топрақты ластайтынын анықтады. Ауыр металдардың химиялық ерекшеліктеріне қарай гео - және биоаккумуляцияға өте бейім екенін көрсетті. Қалымдар зерттеуларінде қоршаған ортадағы өзгерістерге сезімтал индикаторлар ретінде Өсімдіктерді пайдаланды. Олар ауыр металдар өсімдік ағзасына екі жолмен - топырақтан тамыры арқылы және атмосферадан жапырақтар арқылы түсеініне баса назар аударды .
Б. Р. Касымова мен Д. Е. Баксултанов LabVIEW бағдарламасының көмегімен атмосфераның ластанун автоматты түрде бақылауға мүмкіндік беретін ақпараттық жүйелерді құру және пайдалану әдістерін зерттеген. Зерттеу барысында олар жоғарыда аталған бағдарламаның көмегімен Астана қаласының атмосфераның ластану деңгейі бойынша динамикасына талдау жасаған. Сапаның негізгі өлшемдері ретінде елді-мекеннің ауасындағы ластаушы заттардың шектік рұқсат етілген концентрацияның мәнін анықтаудың әдістемесі мен қаладағы негізгі ластауыш заттардың мөлшерін анықтаған. Сонымсен қатар ғалымдар LabVIEW бағдарламалық ортасында қауіпсіздік сыныбын және барлық ластаушы көрсеткіштер бойынша ауа құрамындағы газдардың орташа тәуліктік мүмкін шектік концентрациясын есептеуге мүмкіндік беретін ауаның ластану мониторингінің визуализациялауды жүзеге асыру мәселелерін қарастырған [11] .
Е. А. Куриленко өз зерттеулерінде Өскемен қаласындағы "Қазмырыш", "Титан-магний комбинаты" акционерлік қоғамдарынан, "Азиаавто" жеңіл автомобиль зауытыірі өнеркәсіп кәсіпорындарымен жылу электр орталығынан атмосфераға шығарылатын ауыр металлдар мен зыянды
өнеркәсіптік газдардың қала тұрғындардың денсаулығының жағдайына кері
әсерін бағалау әдістерін ұсынған [12] .
Н. В. Горьков өз еңбектерінде Өскемен қаласындағы өнеркәсіп кәсіпорындарынан атмосфераға шығарылатын өнеркәсіп газдарының мөлшерін азайтудың инновациялық бағыттарын зерттеген. Ол жан-жағын таулар қоршап жатқан Өскемен қаласының экологиялық жағдайына өнеркәсіп кәсіпорындары мен автокөліктен бөлінетін СО 2 , S О 2 , N О 2 , Pb, Zn, Cl, Cd, 6 HF, As, Be, фенол, формальдегид, бензапирен т. б. зыянды қосылыстар мен ауыр және сирек кездесетін металлдардың қоршаған орта мен адам денсаулығына кері әсерін, радиоактивті ластану ошақтарын анықтап олардың мөлшерін азайтудың заманауи тиімді тәсілдерін қарастырған [4] .
А. В. Ермиенко Қазақстан Республикасындағы ірі өнеркәсіп орталықтарының бірі Павлодардағы ферроқортпа, болат балқыту, глинезем өңдеу, электролиз заутының қаланың экологиялық жағдайына дигрессивті әсерін зерттеген. Қоршаған ортаның сапасын бағалау үшін картографиялық әдісті пайдаланып геожүйелер мен аумақтық табиғат кешендерінің кеңістіктік орналасуы мен даму заңдылықтарын анықтаған [4, 15б] .
Ол қоршаған ортаға антропогендік әсерді кешенді бағалаудың ғылыми негізделген өлшемі ретінде Ю. А. Израэлдің интегралды нормативтік әдістерін пайдаланды [13] .
А. В. Ермиенко далалық зерттеулер барысында геожүйелік әдістің
көмегімен Павлодар қаласының өнеркәсіп кәсіпорындарынан ауаға, суға бөлінетін зыянды қосылыстардың ауаны, суды топраққ пен биотаның ластану көрсеткіштерін анықтады. Ол табиғи ортаның экологиялық жағдайының сапасын бағалау шкаласын құру үшін картографиялық негізі ретінде табиғи антропогендік жүйелердің кеңістіктік-аумақтық біртектілігін толық сипаттайтын ландшафттық карталар мен физикалық географиялық аудандастыру сызбаларын пайдаланды.
Ғалым ауаның ластануын концентрацияның рұқсат етілген шегінен асу деңгейімен шаң, жасанды радиоактивтілік, көміртектің, күкірттің, азоттың және басқада бірқатар химиялық элеманттерді қамтитын негізгі ингредиенттердің қоршаған ортаға түсіретін экологиялық салмағы бойынша анықтады. .
Ресей ғалымы Н. С. Барикаеваның зерттеулерінде Волгоград қаласының жол бойы аумағының ауа ортасының өнеркәсіп пен көліктен бөлінетін ұсақ түйіршікті шаңдармен ластануына мониторинг жүргізу жүйесін жетілдіру мәселелерін қарастырған. Ол зыянды шаң-тозаңдарды гигиеналық бағалау үшін олапрдың өлшемдерін анықтаудың маңызына тоқталып, оларды химиялық құрамына, ағзаға тигізетін әсеріне, өлшеміне және пайдаболу жолдарына қарай жіктеген [6, 13б. ] .
Е. Г. Цыплакова солтүстік Ресей қалаларының атмосфера ауасына автокөліктің әсерін бақылайтын прибордлар мен бақылау, мониторинг жүргіу әдістерін, автокөлік пен қоршаған ортаның қарым-қатынасын талдау ерекшеліктерін, атмосферадағы зыянды қосылыстарды анықтау әдістерін зерттеген. Ғалым өз еңбектерінде газталдағыш приборлармен автомобиль қозғалтқыштарын ың экологиялығын бақылау, қоршаған ортаның экологиялық жағдайын қашықтықтан болжау және бмониторинг жүргізу құралдары қарастырған [14] .
И. В. Кияев өнеркәсіпті қалалардың атмосфера сапасының өлшемдері бойынша автомобильдерді пайдалануды басқару, көліктің ауаның экологиялық сипатының өзгеруіне әсерін, автомобиль көліктерін экологиялық қауіпсіз пайдаланудың заңнамалық базаларын зерттеген. Ол өз зерттеулерінде автокөліктердің жанар майын жағу баысында бөлінетін біршама қауіпті газдардың ауаға бөлінуінің зыянды әсерін азайту шараларына баса назар аударды.
П. М. Виноградов ірі өнеркәсіп орталықтарын геоэкологиялық мониторинг жүргізуді геоақпараттық қамтамсызету, кенттенген аумақтардың геоэкологиялық мониторинг жүйесін құрудың ғылыми-әдіснамалық қағидаларын, қала ортасын экологиялық және қар жамылғысының ластануын экогеохимиялық бағалау мәселелерігн зерттеген [9, 16б. ] .
Автокөліктің Талдықорған қаласының ауа алабының ластануына әсеріне қатысты зерттеу материалдары біршама аз болғандықтан қаланың көлік көп жүретін, ірі өнеркәсіп кәсіпорындары шоғырланған аумақтарында аптаның жұмыс және демалыс күндерінде, жылдың әр түрлі маусымдарында тұрақты бақылаулар жүргізіп, алынған нәтижелерге талдау жасалды [ 15] .
1. 2 Өнеркәсіпті қалалардың ауа алабының ластануын зерттеу әдістері
Атмосфера ауасының ластану дәрежесін қауіптілігінің сыныбына ластанған ауаның биологиялық әсері мен зыянды қосылыстардың концентрацияның рұқсат етілген шегінен арту жиілігі арқылы анықталады.
Өлшеу мен кездейсоқ шаманы болдырмас үшін материалдарды статистикалық өңдеу әдісі қолданылады.
Ластану дәрежесін бағалау үшін 24 сағат бойы үздіксіз немесе тәулігіне 4 рет тең аралықта аспирациялау жолымен орташа тәуліктік сынамалар алынады. Орташа тәуліктік сынамалардың барлық концентрацияслары талданады. Әр бір орташа тәуліктік концентрацияның арту көрсеткіштерінің дүркінділігі есептелінеді. Осы көрсеткіштер бойынша талданатын кезеңнің (жылдың) қатарлары қабылданған анатқа сәйкес анықталады.
Атмосфера ауасындағы ластайтын заттардың жылдық орташа көрсеткіші ГОСТ 17. 2. 3. 01-86 немесе қалалар мен өнеркәсіп орталықтарының жағдайлары туралы жылдық жинақтың материалдары бойынша есептелінеді [16 ] .
Ауаның ластану дәрежесін зыянды қосылыстардың концентрацияның рұқсат етілген шегінен арту көрсеткіштерімен олардың қауіптіліклігінің сыныбын ескере отырып, берілген деңгейдің рұқсат етілген шекте қайталануы, ауадағы зыянды заттардың саны және олардың құрамдасқан әрекеті ескеріліп анықталады.
Ауаның әр түрлі сыныптағы заттармен ластану дәрежесі қосылыстардың концентрацияның рұқсат етілген шегі қауіптілігі 3 сынып бойынша "нормаланған" қосылыстар бойынша анықталады [17] .
Санитарлық тексеру немесе сипаттау әдісі. Шынайы тексеру барысында
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz