Химиялық ластану



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
География және табиғатты пайдалану факультеті
Метеорология және Гидрология кафедрасы

СӨЖ
Тақырыбы: Қоршаған ортаның химиялық, биологиялық, радиациялық ластануының себебі және олардың қорғау шараларын сипаттау.

Орындаған:Жилысбек Ботакөз
Қабылдаған: Жумалипов А.Р.

Алматы 2021
Жоспар:
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім: а)Биологиялық ластану
ә) Химиялық ластану
б) Радиациялық ластану
в) Табиғатты қорғау шаралары
3.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Қоршаған ортаның ластануы - адамға және табиғи экожүйеге зиянды әсер ететін физикалық-химиялық және биологиялық заттардың қоршаған ортаға нұқсан келтіруі. Табиғат құбылыстары мен заңдылықтарына қайшы келетін және оның қалыпты жағдайына нұқсан келтіретін сандық, сапалық және құрамдық өзгерістердің барлығы қоршаған ортаның ластануына алып келеді.
Қоршаған ортаның ластануы кейде табиғат құбылыстары әсерінен, негізінен адам әрекетінен пайда болады. Қоршаған ортаның ластануы табиғи және антропогендік болып бөлінеді. Табиғи ластану күшті табиғи процестер салдарынан (жанартау атқылауы, сел жүру, топан су басу, өрт, т.б.), антропогендік ластану адамның шаруашылық іс-әрекетінің салдарынан қалыптасады. Антропогендік ластануға өндірістік, тұрмыстық қалдықтар мен әр түрлі улы заттардың қоршаған ортаға белгілі мөлшерден тыс шығарылуы, табиғи нысандарды орынсыз пайдалану жатады. Семей сынақ алаңында болған ядролық жарылыстар, Арал өңірінің экологиялық жағдайлары (қ. Арал экологиясы), т.б. қоршаған ортаға нұқсан келтірудің айқын мысалы болып саналады.

Негізгі бөлім
Биологиялық ластану
Табиғи ортада химиялық және радиациялық ластанудан басқа әр түрлі ауру туғызатын ластанудың биологиялық түрі кездеседі. Биологиялық ластануға ауру туғызатын микроорганизмдер, вирустар, құрттар, т.б. жатады.Олар ауада, суда, топырақта, жануарлар мен адамның организмінде кездеседі. Жер бетіндегі шамамен 1 500 000 жануардың 50 000-ға жуығы паразиттік тіршілік етеді, соның ішінде 500-дей түрі адам организмінің паразиттері болып саналады. Адам паразиттерінің көбісі - ауру қоздыратын жәндіктер. Тіршілік етуіне қарай паразиттер уақытша және тұрақты болып бөлінеді. Уақытша паразиттер организм денесінде қорек керек болғанда ғана пайда болады. Оларға: сүпіктер, кенелер, масалар, бүргелер жатады. Ал тұрақты паразиттер үшін организмдер қоректену объектісі ғана емес, көбейетін тұрақты ортасы болып саналады. Оларга: безгек плазмодиі, аскаридалар, қышыма қоздырғыштары жатады.
Микробтардың ауру қажетті бірден-бір шарт - адам организмінің әлсіреуі, оның оған қарсы тұратын қауқарының болмауы. Организмге түскен микробтар өсіп-өну үшін айрықша жағдай керек.
Эволюциялық өзгерістер аркасында микробтар адам организмінде де белгілі бір жерде өсіп-өнуте бейімделеді. Мысалы, безгек қоздырғышы тек қанның эритроциттерінде өсе алады. Тіршілік етуге бейімделген микроорганизмдердің жетілуіне қарай жұқпалы аурулардың таралу жолдары да әр түрлі болады.
Біріншіден, сырқат адам түкіргенде, жәтелгенде, сөйлегенде ауру қоздырғыш микробтар шапырап ауамен бірге өзі бейімделген тыныс жолдарының сілемейлі қабығына таралады. Мұндай жолмен тарайтын ауруларды ауа арқылы таралатындар деп атайды. Оларға: тұмау, қызылша, шешек, т.б. жатады.
Екіншіден, микробтардың ауыз арқылы таралып, ішек қарын жолдарына түсуі. Қоздырғыш микробтар қоршаған ортаға үлкен және кіші дәрет арқылы шығады. Бұл жолмен ішек-қарын жұқпалы аурулары тарайды. Оларға тырысқақ, іш өту, полиомиелит, т.б. Негізінен, жұқпалы аурулар адамдардың гигиенаны, тазалықты сақтамауынан, қолды сабындап жумай, жуылмаған жеміс-жидектерді жеуден болады. Әсіресе жаз айларында шыбын шіркейлер, әр-түрлі жәндіктер ауру микробын таратады. Олардан сақтанудың жолы тазалық.
Үшіншіден, қан арқылы таралу, яғни микробтардың маса, бүрге, кандала, бит сияқты паразиттер арқылы қанға түсуі. Бұл аурулар тобына: безгек, бөртпе, сүзек т.б.
Төртіншіден, жұқпалы аурулар жыныс жолдары арқылы да таралады. Бұған жыныстық жолмен жұғатын мерез, соз, СПИД аурулары жатады. Биологиялық ластауыштарды жұқтырудың негізгі көзі топырақ болып саналады. Сіреспе, ботудизм және басқа да кейбір жұқпалы аурулардың қоздырғыштары үнемі топырақта тіршілік етеді. Мысалы, жауын құргтары, балдырлар, бактериялар, саңырауқұлақтар, карапайымдылар, т.б. Көптеген ауру таратқыш микробтар жер асты суларына өтіп, аурулардың таралуына себепші болады. Сондықтан құдық пен бұлақ суларын пайдаланар алдында қайнату керек. өзен, көл, тоған сулары көбінесе осы микроорганизмдермен ластанады. Су көздері тырысқақ секілді аурулардың таралуына себепші болады.
СПИД вирусы тек адам организімінде ғана ауру тудырады.Жануарларда тіршілік ете алмайды. СПИД ауруын тек қана адам ғана тарататын болғандықтан, бірнеше рет пайдаланылған шприц инесі арқылы қан құйғанда немесе нашақорлардың бір бірнешеуі пайдалануынан да жұғуы мүмкін.
Жұқпалы аурулар таралған аймақта болған кезде адамдар түрлі сақтық шараларын жасауы керек . Жас нәресте туа салып оған дифтерияға, туберкулез ауруларына қарсы егу жұмыстары жүргізіледі. Оба, безгек аурулары шыққан аймақтарда карантин жарияланып, аурудың алдын алу жұмыстары ұйымдастырылады.
Химиялық ластану
Химиялық ластану -- қоршаған ортаның табиғи химиялық қасиеттерінің қарастырылып отырған уақыт кезеңі үшін қайсыбір заттектердің көпжылдық орташа ауытқуларынан асып түсетіндей болып өзгеруі немесе қоршаған ортаға әдетте онда болмайтын заттектердің түсуі немесе нормадан артық шамада түсуі.
Химиялық ластануға қоршаған ортада табиғи, табиғи - антропогенді және антропогенді немесе тіршілік ортада болып жатқан физикалық - химиялық процестер кезінде зиянды, улы заттардың пайда болуын жатқызамыз. Дамуы жоғары елдерде соңғы екі - үш онжылдықта қолданылған шараларға байланысты қоршаған ортаның химиялық ластануы екінші орынға түсіп, бірінші орынға радиактивті ластану шығып отыр. Біздің елімізді қоршаған ортаның химиялық ластану қаупі әлі де жоғары болып тұр.
Қзіргі кезде химиктерге химиялық заттардың 4 - 5 млн түрі белгілі. Олардың саны жыл сайын 10% өсіп отырады. Адам организміне әр түрлі жолдармен (тамақпен, ауамен, сумен) түсіп тұратын организмге жат химиялық ластаушы заттарды ксенобиотиктер (грек. ксенос - жат, биос - өмір) деп айтады.
Жердің геосферасы бойынша атмосфераның, гидросфераның және литосфераның ластануын айтады. Қоршаған ортаның компоненттері мен ластану орындары бойынша химиялық ластануды келесі түрлерге бөледі:
1) ауаның ластануы (мысалы, адамдар тұратын аймақтар, жұмыс істейтін жерлер);
2) тұрмыстық және өндірістік бөлмелердің;
3) жербетілік және жерасты суларының;
4) топырақтың;
5) тамақтың және т.б.
Ортаның химиялық ластаушы көздерін мынадай үлкен топтарға бөлеміз:
1) қоршаған ортаға сұйықтық, газды және қатты түрдегі өндірістік қалдықтарын шығаратын техникалық қондырғылар;
2) ластанушы заттар шығаратын немесе оларды жинақтап, сақтайтын шаруашылықтар;
3) ластаушы заттар келіп тұратын (трансшекаралық жылду) аймақтар;
4) планетарлық ластануға әкелетін атмосфералық жауын - шашын, тұрмыстық, өндірістік және ауылшарушылық қалдықты сулар.
Радиациялық ластану
Радиоактивті ластану - қоршаған ортаны өте қауіпті әсер әкелетін физикалық ластанудың түрі. Бұл ластану адам денсаулығы мен тірі организмдерге радиациялық сәулелену арқылы зиянды әсер жасайды. Қазіргі уақытта дамыған елдерде ядролық энергетиканың дамуына байланысты қоршаған ортаның радиациялық ластануы үлкен қауіп тудыруда. Ластанудың бұл түрі химиялықьтан кейін екінші орынға шықты.
Радиациялық ластанудың мынадай топтарға беледі:
1) Радиоактивті заттардың бөлінуінің нәтижесінде пайда болатын альфа - (гелий ядросы), бетта -(жылдам электрондар) бөлшектердің және гамма - сәулеленулердің әсерінен болатын радиациялық ластану (физикалық ластану түрі);
2) Қоршаған ортадағы радиоактивті заттардың мөлшерінің көбеюіне байланысты болатын ластану (химиялық ластану түрі). Ортаның радиациялық ластануына атом қаруын сынау аз үлесін қосқан жоқ, ол радионуклидті жауын-шашынның түсуіне әкелді.
Радионуклидтер - бұл элементтердің электрондарды атомдардан шығарып, оларды басқа атомдарға оң және теріс йондар жұбын түзуімен қосаға қабілетті радиобелсенді сәулелену шығаратын изотоптары. Мұндай сәулеленуді иондаушы дег атайды. Кейбір заттарда барлық изотоптар радиобелсенд болып табылады. Атап айтқанда. Оларға технеций, прометий, сондай-ақ Д.И. Менделеев кестесінің полонийдан басталып трансурандылармен бітетін барлық элементтері жатады.
Гелий ядроларының (альфа -сәулелену) немесе жылдам электрондардан (бетта - сәулелену) тұратын бөлшектер ағынын корпускулалық сәулелену деп атайды. Электромагнитті иондаушы сәулелену - бұл гамма - сәулелену мен оған жақын рентгендік сәулелену. Альфа және бетта-сәулелену организмнен тысқары тұрып та оған әсер ете алады.
Иондаушы сәулелену жоғары дамыған ағзаларға, бірінші кезекте - адамға аса күшті әсер етеді. Оған микроағзалар төзімдірек келеді.
Эксперименттік зерттеупер белсенділігі 3,7-1014 Бк (10 мың Ки) гамма сәулеленудің (кобальт-60, цезий-137) қуатты көздерінің қасында жоғарғы топтағы бірде-бір өсімдік немесе жануар тірі қалмайтындығын көрсеткен. Түрлі радинуклидтердің организмге әсері аса сан алуандығымен ерекшелінеді, әйтсе де жалпы алғанда, оларға мутагенді және бластомогенді эффект тән. Мысалы, 131-иодтың аз мөлшерінде қалқанша бездің қызметі бұзылады, ал көп мөлшерінде - зиянды ісіктер түзіледі.
Радиациялық ластанудың көздері. Радиациялықауіптердің әсерлері шыққан тегі бойынша табиғи және антропогенді болып бөлінеді. Табиғи факторларға қазба рудалары, жер қабаттарындағы радиоактивті элементтердің бөлінуі кезіндегі сәулелену және т.б. жатады. Радиациялық өндіруге және қолдануға, атом энергиясын өндіруге және ядер қаруын сынауға байланысты жұмыстар жатады. Соны мен адам өміріне өте қауіпті радиациялық антропогендік әсерлер адамзаттың мына іс-әрекетімен тығыз байланысты:
::Атом өнеркәсібі;
::Ядролық жарылыстар;
:: Ядролық энергетика;
:: Медицина мен ғылым.
Бұлар қоршаған ортаны радиоактивті элементтермен және радияциялық сәулелермен ластайды. Бұдан басқа атом өнеркәсібі радиоактивті қалдықтардың көзі болып, адамзатқа жаңа үлкен қауіп және әлі шешімін таппаған мәселені - оларды көму мен жою мәселелерін алып келді.
Келесі бір қаупті радинуклид - стронций-90, ол ядролық сынақтардың нәтижесінде түзіледі (жартылай бөліну периоды 27,7 жыл). Ол ағзаға асқазан ішек трактісі , өкпе, тері жабыны арқылы түсіп, қаңқа мен жұмсақ ұлпаларға жиналады. Стронций қанда патологиялық құбылыстар тудырады, ішке қанның құйылуына, сүйек кемігінің құрлысының бұзылуына әкеледі. Зақымданған соң ұзақ мерзімнен кейін (келесі ұрпақтарда) ісіктер, ақ қан ауруы болуы мүмкін [5,1526] Қазіргі гигиена ғылымының өзекті мәселесі адам өмір сүретін ортаның зиянды және қауіпті факторларын анықтауғана емес, сонымен қатар олардың халық денсаулығына тигізетін қауіп-қатерін бағалай білу болып табылады. Қауіп-қатер туғызатын әртүрлі факторлар нақты елдің, аймақтың жағдайларына да тәуелді екенін ескеру қажет.
Жыл өткен сайын адамдардың радиоактивті сәулеленумен зақымдануы түсуде. Өйткені жыл сайын атом электр станциялары салып, олар іске қосылып жатыр. Сондай-ақ неше түрлі тездеткіштер (ускорительдер) сыналып, атом бомбалары жарылып жатыр. Олардан қаншама радиоактивті сәулелер бөлініп шығып, адам денсаулығына үлкен зиян келтіруде.
Радиациялық қауіпсіздік - ұлттық қауіпсіздіктің маңызды элементі және ол қазіргі және болашақ ұрпақтарды радиациялық ластанудың зиянды әсерінен қорғау жағдайын білдіреді. Тарихи және саяси тұрғыда қалыптасқан себептерге байланысты Қазақстан үшін радиациялық қауіпсіздік мәселесі ерекше мәнге ие. Қазақстан ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан алғашқы мемлекеттердің бірі. Дегенмен, ядролық қаруды қолданудың салдары әлі де орын алуда. Айталық, тек Семей ядролық сынақ полигонында 40 жылдық жоспарлы ядролық қаруды сынақтан өткізу мерзімінде 500 ядролық және термоядролық жарылыстар орын алғаны жақында ғана белгілі болды. Жарылған зарядтардың жалпы қуаты тротил эквивалентінде 18 мегатоннаны құрайды. Бұл аймақтың тек экологиялық жүйесіне ғана зиян келтірілген жоқ, сонымен қатар Семей, Курчатов қалаларында, Знаменка, Қайнар, Саржал, Долан, Қарауыл, Шаған елді мекендерінде тұратын әртүрлі жастағы жарты миллионға жуық адам радиациялық ластанудың құрбанына айналды. Бұл жағдай радиациялық қалдықтардың аэрозольды және диффузды түрде тасымалдануы (мал жайылымдары, жем-шөп даярлау және т.б.), сондай-ақ жабайы аңдардың түрлі жолдармен тасымалдауы салдарынан орын алуда [1].
Радиоактивтіластанукөбінесеқоршаған ортадарадиоактивті элементтер мен заттардың табиғи радиоактивті деңгейінің (бұл жағдайда радиоактивті ластану физикалық және химиялық ластану түрінде қарастырылуы мүмкін) жоғарылауымен тығыз байланысты .
Қазақстанда алты ірі және көптеген шағын уран кеніне бай аумақтар бар. Осы кен орындары табиғи радиоактивтілік деңгейін жоғарылатады. Қазақстан аумағының 30% радиоактивті радон газының жоғары деңгейде бөлінуі орын алған, ал бұл адам денсаулығына шынайы қауіп төндіруде. Сонымен қатар радио нуклидтермен ластанған суларды ішу немесе шаруашылық қажеттілігі үшін пайдалану да үлкен қауіп қатерге алып келеді. Қазақстан кәсіпорындарында 50 мыңнан астам ионды сәулеленудің қайнар көздері бар екендігі анықталды. Радиациялық зерттеу нәтижесінде 700 бақылаусыз қайнар көздер анықталып, олардың 16 адам өміріне аса жоғары деңгейде зиян екендігі айқындалды. Радиоактивті орта қалыптастыру радиоактивті ластанудың нақты көрінісі, ал радиоактивті қалдықтардың жинақталуы, яғни радиацияның қайнар көзі қоршаған ортаның ластануына алып келеді.
Радиациялық, сондай-ақ өзге де кез келген қауіпсіздікті қамтамасыз етуде құқық, яғни объектілерді қорғау бойынша құқықтық шараларды қамтамасыз ету маңызды рөл атқарады. Айталық зерттеуші А.Н. Агибаловтың ойынша Атом энергиясы және халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы құқықтық реттеу қызметінің негізгі міндеті адамдардың денсаулығымен олардың өмір сүру ортасына техногенді және табиғи сипаттағы радиациялық ықпал ету саласының басқарылуын қамтамасыз ету. Бұл басқарылуға қол жеткізу үшін халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуші нормативтік құқықтық база келесі мәселелерді нақты анықтауы тиіс: субъектілік құрам және олардың өкілеттіліктері (құқықтары, міндеттері, жауапкершілігі); қарым-қатынас объектісі ретіндегі ионды сәулелендіру қайнар көздері, олардың табиғаты бойынша және адам денсаулығына келтіретін кері әсерімен қоршаған табиғи ортаның сапасы бойынша жіктелуі; атом энергиясын қолдану салдарынан қауіпсіздіктің өзгеруі ментоқталуы; халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің формалары мен әдістері; қаржыландыру көздері мен көлемі; ионды сәулелендіру қайнар көздерінің барлық түрлеріне қойылатын нақты талаптар; атом энергиясын қолдануға және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты құқық бұзушылықтардың нақты құрамы [3].
Адамның денсаулығы және оның ұрпақтарының саулығы ең бастысы қоршаған орта сапасына байланысты. Осы мағынада адамның қолайлы қоршаған ортаға құқығының конституциялық негізде бекітілуі барынша негізді әрі абсолютті шешім болып табылады.
Осы тұрғыда Конституция өзінің құқықтық қызметін қолданады. Оны белгілі конституциятанушы ғалым Д.М. Баймаханова былай деп түсіндіреді: Конституция барлық құқық жүйесінің ядросы ретінде танылады, сондықтан түрлі құқық салалары үшін негізгі ереже болып табылатын маңызды құқық қағидаларын бекітеді де, осылайша оларды бірыңғай құқық жүйесіне біріктіреді. Конституция жоғарғы заң күшіне ие. Барлық заңдармен мемлекеттік органдардың актілері Конституцияға сәйкес және соның негізінде жүзеге асырылады. Негізгі заң мемлекеттің нормативтік актілер жүйесін құрайды, олардың бағыныштылық ретін және оларды қолданыстан алып тастау тәртібін анықтайды [4].
Қазақстан Республикасы Конституциясының 31-бабының 1-тармағында былай делінген: мемлекет адамның өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биосфераның ластануы туралы ақпарат
Топырақтың эпидемиологиялық маңызы
Химиялық ластану. Полигон және қоршаған орта
Топыраққа антропогендік әсер ету. Топырақтың ластануы туралы түсінік
Табиғи ластану
Табиғи сулардың негізгі ластану көзднрі
Биосфераның ластануы жайлы
Ластаушы заттардың миграциясы
Биосфераның ластану себептері
Топырақтың ластануын бақылау, топырақтың ластану деңгейін бағалау
Пәндер