Оқу бағдарламасына сәйкес оқытудың мақсаты мен нәтижелерінің жетістіктерін оқушылардың өздерінің талдауы


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы
«Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі» МКҚК
Педагогика, психология және
жеке пәндер әдістемесі кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕГІ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ
Мамандық атауы: 0111000 - «Негізгі орта білім беру»
Біліктілігі: 0111083 «Шетел тілі мұғалімі»
Пәні: Педагогика
Орындаған: Муканов А. М.
Ғылыми жетекшісі: Секенова Б. Б.
Курстық жұмысты қорғаған бағасы
Кафедра меңгерушісі:. п. ғ. м. Амиржанова Г. Қ.
Хаттама № 20___ ж.
Көкшетау, 2019
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Мектепте оқушының тәрбиесі мен даму және оқу жұмысындағы мұғалім мен оқушының ынтымақтастығы, ізгіліктендіру ұстанымдары негізінде ұйымдастыруға ерекше мән беріліп отырған қазіргі кезеңде бағалаудың рөлі, қызметі түбегейлі өзгеріп, ол тәрбиелеуші, диагностикалық, дамытушы, бақылаушы және басқарушы қызмет атқару керек. Соңғы уақыттарда оқу нәтижесін бақылау мен бағалау мәселесін әр түрлі аспектілер бойынша соңғы жылдарда жүргізілген зерттеулердің нәтижелері шығармашылықпен жұмыс істейтін жекелеген мұғалімдер тәжірибесіндегі жаңалықтар жеткілікті нәтижеде сараланып, жинақталып, бақылап - бағалаудың қызметтерін жүзеге асыратын рейтингілік жаңа жүйе жолдары жасалуы әзірленуде. Әзірге 5 балдық жүйе оқу үрдісін ұйымдастырудың ұстанымдары мен бақылап - бағалаудың жаңа қызметінен туындайтын белгілі бір талаптарға сай қолданылып келеді. 12 жылдық білім беру кезеңінде жалпы білім беретін мектептердің сыныптарында бағалау барысында талдануға сәйкес келетін 10 балдық бағалау жүйесі алынады. Нәтижеге бағдарланған білім беруді енгізу жағдайында білім беру үдерісі оған қатысушылар арасындағы субъект - субъект негізінде жүзеге асады. Білім алушы оқу - тәрбие үрдісіндегі субъект ретінде оқуда белгілі бір табыстарға жету үшін өз іс - әрекетін мақсатты ұйымдастырады. Білім алушы жетістіктері күтілетін нәтижелер жүйесі түріндегі оқу іс - әрекеттері түрлерін игеру сапасы бағалау жолмен анықталады. Бұл орайдағы күтілетін нәтиже пәндік білім, білік және дағдыларды, түйінді және базалық құзырлықтардың құрамды бөліктерін белгілі контексте интеграциялауды көздейтін оқу іс - әрекетінің әр түрлерінің сипаттамасы болып табылады. Бағалауға білім алушылардың пәндік білім, білік, дағдыларын және адамгершілік нормалары бағдарлы, жалпы адами және ұлттық құндылықтар тұрғысындағы іс - әрекет тәсілдерін меңгеру бойынша олардың жетістіктерін көрсететін нақты нәтижелер бағалана алады. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау құралы балдық және рейтингілік тұрғыда бағалауға негізделген бағалаудың балдық - жинақтау жүйесі болып табылады. Бағалау. Балдық. Рейтингілік. Балдық жинақтау жүйесі. Білім алушының оқу іс - әрекеттері тәсілдерін саралау үш деңгей аясында жүзеге асырылады. Критерийлік - бағдарланған шкала нақты оқу үрдісі аясында білім, білік және құзырлықтарды берілген деңгейіне қаншалықты қол жеткізетіндігін анықтауға мүмкіндік беретін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау құралы болып табылады.
• Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың объективтілігін қамтамасыз етуде білім берудің белгілі бір деңгейдегі білім беру стандарты аясындағы әрбір пәнді оқытуда орындалатын оқу іс - әрекетінің барлық түрінен алған ұпайларын жинау арқылы қол жеткізіледі. Бағаның объективтілігі білім алушылардың білімін және олардың іс - әрекеттерінен күтілетін нәтижелер жүйесі негізінде оқушының оқу жетістіктерінің деңгейін анықтау.
•Өз жетістіктерін бағалау - өзін - өзі тексеру мен бақылау, өзінің іс - әрекетін сыни тұрғыда бағалау, қателерді айқындау және оларды жоюдың жолдарын табу, сондай - ақ бағалау критеррилерін анықтай алу болып табылатын білім алушылардың өз іс - әрекеттерінің нәтижелерін алдын - ала өзіндік бақылауы. Балл жинау оқу жетістіктерін бағалауды даралауды жүзеге асыруға, белгілі бір уақыт ралығында жинақталған балдардың қосындысы көрініс табатын және оқушының оқу портфолиосы формасы түрінде жүзеге асырылатын білім, білік, дағдыларын мүмкіндіктеріне, қалауларына және қабілеттеріне қарай тереңдетуге, кеңейтуге және оның өзінің дамуының жеке траекториясын өз бетінше таңдауына мүмкіндік жасайды. Нәтижесінде білім алушылардың өздері, олардың ата - аналары және мұғалімдері белгілі бір уақыт аралығындағы жетістігін салыстыра отырып, оның жеке даму динамикасын тұрақты қадағалауға мүмкіндік алады.
Курстық жұмысының мақсаты: 12 жылдық білім берудегі бағалау жүйесін теориялық тұрғыдан негіздеу.
Курстық жұмысының міндеттері:
- Бағалаудың маңыздылығын айқындау;
- Бағалаудың түрлерімен танысу;
- 12 жылдық білім берудегі бағалау жүйесімен танысу;
- Қалыптастырушы бағалауды қарастыру;
- Жиынтық бағалау туралы мәлімет алу.
Курстық жұмыстың зерттеу әдістері: теориялық әдіс, зерттеу әдісі, түсіндіру әдісі, талдау әдісі, бақылау әдісі.
Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, бір тараудан, төрт тармақтан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I. 12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕГІ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ
- Бағалаудың маңыздылығы
Елімізде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық түрлендірулер адамзаттың барлық салаларына елеулі өзертулер енгізді. Әсіресе бұл білім саласына айтарлықтай ықпал етті. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған жолдауында білім мәселесіне нақты тоқталып, алдымызға міндеттер қойды. Дамыған мемлекеттердің қатарынан көрінуіміз үшін біз сауаттылығы жоғары мамандар дайындаумыз керектігін айтты. Еліміздің білім беру жүйесіндегі даму іс-әрекеті - білім мазмұны мен сапасын арттыру, білім беруде жаңаша педагогикалық көзқарас қалыптастыру секілді кешенді шараларға байланысты. Қолдауды қажет ететін бүгінгі күннің білімінің орнына елімізді алға тартатын, жастарымызды дұрыс жолға бағыттайтын инновациялық білім керек. Сол себептен де, Назарбаев Зияткерлік мектебі мен Кембридж университетінің білім факультеті арасындағы бірлесіп жасаған үш айлық бағдарламаның маңызы зор. Бұл бағдарламадан біз оқушылардың өз бетінше оқып, үйреніп, нәтижесінде өз пікірін еркін жеткізе алатын, дамыған, ынталы, білімге құштарлы, мақсат қоя білетін тұлғаның қалыптасқанын күтеміз.
Ұлы қазақ педагогы Ы. Алтынсариннің айтқанындай мұғалім - мектеп жүрегі болса, оның оқушыларды тәрбиелеу, дамытуға бағытталған сыныптағы күнделікті жұмысы оқыту үдерісі мен оқушылардың оқу нәтижелеріне оң ықпал етеді (Barber and Mourshad, 2007) . Ұсынылып отырған бағдарламаның негізгі идеясы сындарлы оқыту теориясына негізделіп отыр. Сондықтан да оқушылардың ойлау қабілеті, қалыптасатын білімдері жан жақтан жинаған (мұғалімнен, достарынан, интернеттен, кітаптан, т. б. ) ақпараттарына негізделеді. Дәстүрлі оқыту кезінде оқушының алған білімдері механикалық түрде есте сақталынып, кейбір жерде ұтымды пайдаланылады, бірақ, мәні терең меңгерілмегендіктен оқушылар оны өмірде тиімді пайдаланбайды. Сол себептен, оқушылардың қалай оқу керектігіне, түсіну қабілетін дамытып, оны керек кезде пайдалана білетін, ойын нақты жеткізе алатын, көзқарасы дамыған, жігерлі тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз ету - аталмыш теорияның негізгі мақсаты. Біз Кеңес Үкіметі кезінен бастау алған оқытудың дәстүрлі түрін осы күнге дейін басшылыққа алып келдік. Ол өз кезегінде жұмыс нәтижесін де берген.
Елімізде қаншама зиялы қауым, білікті мамандар мен басшылар, қызметкерлер, инженер мен экономист, дәрігер мен педагогтар және т. б. тұлғаларды оқытудың дәстүрлі әдістерімен дайындаған болатын. Енді еліміз егемендік алып дамыған, прогресшіл елдердің қатарынан көріну үшін білім сапасына да зор көңіл бөліп, жастарды болашақ жоғары квалификациялық маман ретінде қалыптасуына ықпал етуіміз керек. Қазіргі кезде тұлғаны жан-жақты білімді, ізденімпаз, ойы ұшқыр, саналы, зерек, жауапкершілігі зор, қоғам талаптарын қанағаттандыратындай етіп қалыптастыру ең маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Оны шешу үшін білім берудің мазмұнын жаңартып, озық әдіс-тәсілдерді пайдалану керек. Сол себепті білім беруді мектептен бастап, оқушыларды өз бетінше білім іздеуге дағдыландыруымыз абзал. Соған байланысты мектеп бағдарламасындағы сабақтарды өтуде Кембридж университеті мен Назарбаев Зияткерлік мектебі арасындағы бағдарламасы ұсынып отырған жеті модульдің кіріктірілуі сөзсіз керек. Мұғалімдер осы күнге дейін қолданып келген оқытудың әдіс-тәсілдерінен арыла алмай келеді. Мектептегі атқарып келген іс-әрекеттері бір сыдырғы. Үйреніп алған бір әдістерін зейнеткерлікке шыққанша қолдана береді. Бірі-бірінен естіген оқушыларда да сабақ барысында ешқандай қызуғышылық болмайды, ілгерушілік байқалмайды. Ұсынылып отырған осы бағдарламадағы модульдер бойынша білім алған оқушы өзін еркін ұстап ойын дәл жеткізе алатын, сыни тұрғыдан ойлай алатын, тұжырым жасай білетін, бірін-бірі бағалай алатын, көшбасшы бола алатындай тұлға болып қалыптасатынына күмәніміз болмайды.
Бағалаудың жариялылығы білім алушылар және ата- аналар арасындағы, білім алушылар және мұғалімдер арасындағы, ата - аналар мен мұғалімдер арасындағы психологиялық сипаттағы көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Бастауыш мектептің 1-ші сыныптарында білім алушылардың оқу жетістіктерінің нәтижелерінің сандық формасы ретіндегі баға болмайтын бағасыз оқыту жүзеге асырылады. Бағасыз оқыту барысында бақылау және бағалау білім алушының пәндер бойынша білім, білік және дағдыларды меңгеру деңгейі мен оның даму деңгейімен анықталатын оқу үрдісінің сапалық нәтижесін бейнелейтін мазмұндық - бағалық негізде құрылады. 12 жылдық білім беру кезеңінде жалпы білім беретін мектептің сыныптарында бағалау барысында талдануға сәйкес келетін 10 балдық бағалау жүйесі алынады:
0 балл - қанағаттанарлықсыз
1-2 балл - қанағаттанарлықтан төмен
- балл - қанағаттанарлық
4 балл - қанағаттанарлықтан жоғары
5 балл - жеткілікті жақсы
6 балл - жақсы
7 балл - өте жақсы
8 балл - үздікке жақын
9 балл - үздік
10 балл - өте үздік.
Білім алушының іс әрекетінің барлық түрін бағалау оқушының алған балдарын қосу әдісімен жүргізіледі. Әрбір оқу пәні бойынша жоғары балл білім алушының белгілі бір оқу кезеңінде, іс - әрекеттің белгілі бір түрін орындағанда, сондай - ақ білім алушылардың іс - әрекеттерін бақылаудың ағымдық, аралық, қорытынды формаларында алған балдарын қосу арқылы анықталады. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі оларды оқыту және тәрбиелеуде нақты алған нәтижелерді қадағалауды және оларды әрі қарай жетілдіруді көздейді. Оқу жетістіктерін бағалау түрлеріСабақ сайын білім алушылардың оқыту нәтижелерін бағалау оқу іс - әрекетінің деңгейіне сәйкес белгіленген баға ауқымы аясында бір сабақ ауқымында жинақталған балдардың орташа арифметикалық мәнін анықтау арқылы жүзеге асырылады. Орташа арифметикалық мәнді анықтау үшін оқу іс - әрекеті деңгейлеріне ( репродуктивті, продуктивті) сәйкес әртүрлі тапсырмаларды орындағанда алған оқушылардың балдары пайдаланылады.
Жалпылау, тақырыптық және қорытынды бағалауда мұғалім олардың іс - әрекеттерінің барлық деңгейлерін ( репродуктивті, продуктивті, шығармашылық) ескереді. Білім алушының оқу жетістігін бағала түрлері. Ағымдық Кезеңдік Межелік Ағымдық - 2 - 11 сыныптардағы оқу кезеңдерінде бағалау( тақырыптық, сабақ сайын) Кезеңдік - бөлімді аяқтауда, сондай - ақ жарты жылда, оқу жылында бағалау (тақырыптық, жалпылау) Межелік - оқу циклдары аяқталғаннан кейін, яғни 2, 4, 6, 8, 10, 12 сыныптардан кейін (тақырыптық, жалпылау) бағалау. Бастауыш және негізгі мектепті аяқтағаннан кейін ( 4 және 10 сыныптардан кейін) аралық мемлекеттік бақылау және оқыту нәтижелерін межелік бақылаулар арқылы өткізіледі. Жалпы орта білім алуды аяқтағаннан кейін (11 (12) сыныптардан кейін) Ұлттық бірыңғай тестілеу ретінде жалпы орта білім сапасын мемлекеттік бақылау түрінде өткізіледі. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау мониторингі білім беруден күтілетін нәтижеге қатысты әрбір екіжылдық оқыту циклдары соңында өткізіледі.
Оқушылардың сабаққа деген құлшынысын, қызығушылығының артқанын, қала берді, ең болмағанда жаман жолға түспейтініне, сыни тұрғыдан ойлауға бет алатынын байқауға болады. Ең маңыздысы оқушылар өз іс-әрекетін, сыныптастарының, құрбы-құрдастарының іс-әрекеттерін, жетістіктерін бағалауды және жауапкершілікке үйренеді. Бүгінгі күні оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау - оқу үдерісінің маңызды да салмақты бөлігі болып табылады. Сол себептен, зерттеу іс-әрекеттерін кеңінен қолданып, оқушылардың жетістіктерін бүгінгі күннің талабына сай жаңаша бағалау жүйесі қажет етіледі. Бұл жерде оқушылар өзін-өзі бағалау, бірін-бірі бағалау, топтық бағалауда оқу үдерісінің белсенді қатысушысы бола алады. Өйткені, дәстүрлі бағалау процесінде мұғалім оқушыға жауап бергені үшін немесе сабақ оқымағаны үшін баға қояды. Сонда оқушы қаншалықты әділ баға алғанын білмей қалады, күмәнмен қарайды. Бағалаудың жаңа әдісінде оқушы бағаны қандай критерийлер бойынша алғанын, келесі сабақтарда қандай критерийлерге көңіл бөлу керектігін ұғынады. Бұл жүйеде оқушының нәтижесімен бірге іс-әрекеті де бағаланады. Одан басқа оқушыларды бағалауда мұғалім түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана алады. Біріншіден, оқушының қызығушылығы артады, екіншіден, мұғалімнің жұмысы да жеңілдеуі мүмкін (оқушылар бірін бірі бағалау, топпен бағалау, топты бағалау әдістерін қолданғанда) . Бағалау - оқыту нәтижесін анықтау үшін қолданылатын тәсіл, оқушының берілген тақырыпты меңгерудегі кемшіліктерін жоюда, оның үлгерімінің нәтижелі болуына ықпал ететін фактор. Бағалау, көбінесе, баға қоюдың синтездік түрі (1-ден 5-ке дейінгі ранг) арқылы жүзеге асады. Сондай-ақ, мектеп тәжірибесіндегі бағалау баға қоюмен ғана шектелетін тәсіл емес, ол материалды меңгеру, меңгермеу фактісімен қатар оның себептерін анықтауға мүмкіндік беретін оқытудың маңызды құрамды бөлігі болып табылады. Жоғары оқу орындарында бағалау рейтингтік әдіс арқылы жүргізіледі (Қазақ Энциклопедиясы, 1 том) . 1960-жылдардан бастап формативтік (қалыптастырушы) және суммативті (жиынтық) бағалау терминдерінің арасындағы айырмашылық енгізіле бастады. Нақтырақ айтқанда, жіктеу үшін өткізілетін оқуды бағалау және оқытудың бөлігі ретінде бағалауды қолдану болатын оқыту үшін бағалау арасында. Оқытуды, әдістерді жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған оқыту үшін бағалау (ОүБ) дербес тұжырымдама ретінде 1999 жылдан кейін қолданысқа енді. Бағалау оқытудың алға жылжуын белгілейді және өзінің функциясы бойынша бағалау жиынтық (оқуды бағалау) болып саналады (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 56 бет) Оқушыны қандай мақсатта, не үшін, қалай бағалаймыз? Бағалау кезінде мынадай мақсаттар болуы мүмкін: оқытудың қиындықтарын анықтау, жетістікке жеткендегі кері байланыс, уәж, болжау, стандарттарды бақылау, бағдарламаның мазмұны мен стилін бақылау. Бұл келтірілген барлық бағалаудың түрлерінде бақылау, интерпретациялау, қорытындылауды қамтиды. «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі білім беру, оқыту үдерісіндегі әдіс-тәсілдердің барлық түрлерімен байланыста болады. Бұны меңгеру үшін қалған модульдердің мазмұнын игеру қажет, болжау, сұрыптау, бақылау, жоспарлау әдістерін меңгеру керек. Оқушылардың алға қарай даму мақсатында жұмыс нәтижелерін, өз-өздерін бағалай білуі керек.
Оқуды бағалаудың мақсаты - оқушылардың оқып білгенін жинақтау. Бірақ, маңызды мәні бар тест жүйесі арқылы оқушылардың білімін бағалау оқыту үдерісіне кері әсерін тигізуі мүмкін (Assesstment Reform Group, 2002 b. ) . Мұғалімнің оқушыларды бағалауы - ол оның білімін топтау, белгілі бір шаблонмен салыстыру. Мұғалімнің іс-әрекеттеріне қарай, шеберлігіне қарай оқушыларды бағалауда бірнеше әдістерін қолдана алады: жеке, жұптық, топтық, жиынтық, қателер талдауын, салыстырмалы түрде, өздерін-өздері, кері байланыс, т. б. Оқушының мұғалімге деген сенімі артады, көзқарасы өзгереді. Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау модулі бағдарламаның басқа модульдерімен тығыз байланысқан. Бұл модульді пайдаланғанда барлық жаңа тәсілдердің мазмұнын дұрыс игеру керек, орынды пайдалану керек. Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау модулі оқушылардың білім деңгейін анықтауға, алдағы жұмыстарды қалай жоспарлау керектігі, алға қойған мақсатқа жету алгоритмін құру керек. Барлық модульдер бір-бірімен өте тығыз байланысқан. Сабақ беру кезінде бір модульді пайдаланға басқа модульдің міндетті түрде кірістірілетінін сеземіз. Екінші жағынан, кез келген модульді пайдаланғанда оның нәтижесін біліуіміз керек, яғни қаншалықты сабақ беру кезінде таңдап алынған модульді пайдаланғанымызды бағалауымыз тиіс. Қазіргі кезде оқытудың көптеген жаңа технологиялары жайлы айтылып, бұқаралық ақпараттар құралдар арқылы да жарияланып келеді. Бұған көптеген материалдар бар. Оқуды бағалау тақырыбы өте күрделі және мұғалімнің оқушыға қоятын бағасы өте тиянақты, әділ, маңыздылық пен дәлелділік, жариялылық пен қарапайымдылықпен сипатталатын болса, оқушылардың да оқуға деген ынтасы артуына, қандай да бір мақсатқа жетуіне ықпал етеді деп есептейміз. Оқушылар тапсырманы шығармашылықпен, ізденіспен орындаса, тақырып мазмұнын суреттеп берсе, ол жұмыс жоғары бағаланатынын біледі. Кез келген іс-әрекетте өзінің қиындықтары болады. Жаңа бағдарламамен жұмыс істеген мұғалімдердің де өздеріне лайықты жетістіктері мен кедергілерге кездесетіні болады. Мұғалімдер мектеп іс-тәжірибесінде оқушыларды формативті бағалаудың бір ғана түрін қолданады. Оқушыларды білім алуға ынталандыруда формативті бағалаудың 12 түрін толық қолдануы оң нәтижелерін берері сөзсіз. Мұғалімдер оқушыларының іс-әрекеттерін сипаттап жазған рефлексивті есептерінде қиналады. Себебі, мұғалімдердің өздерін бүкіл курс барысында біз тренер ретінде бағалайтынымызды сезбейді. Оларды курс барысында басынан соңына дейін біз формативті бағалаймыз.
Олар мектептегі іс-тәжірибе кезінде орындаған жұмыстарын екінші бетпе-бетте осында келіп толығымен бағалану үдерісіне түседі. Тыңдаушылардың өздері алдымен формативті бағаланып, соңынан портфолио жинақтап, таныстырылымдарды қорғап, емтихан тапсырып жиынтық бағалау үдерісіне түсетінін бірі білсе, бірі білмей жатады. Бағалаудың бұл екі түрінің арасындағы байланысты түсінбей жатады. Ең үлкен қиындық, міне, осында жатыр. Әрине, бұл екі бағалауда да өздеріне қатысты өз критерийлері болады. Оны әр топтың тыңдаушыларын бағалайтын тәуелсіз бағалаушылардың құзырына береміз. Біз, тренерлер корпусы, осындай қиындықтарды шешуге жол сілтей отырып, бағыт-бағдар беріп мұғалімдердің кәсіби жұмыстарында оқушыларды нақты, әділ баға беруіне үйретеміз, дағдыландырамыз. Сондай мұғалімдерден білім алған әр-бір жеткіншектен қоғам құрылады. Ал, біздің қоғамымыз шыншылдықты, әділдікті, парасаттылықты, білімді басты мақсат етіп ұстанса Тәуелсіз Еліміздің дамыған елдердің қатарынан көрінетініне, биік шыңдарды бағындыратынына сенімдіміз.
- Критериалды бағалау түрлері
Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі - әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жүзеге асыруға, жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар - шығармашылық, белсенділік, жауаптылық, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Бұл талаптарды жүзеге асыру үшін оқушы білімін бағалауда мүлдем жаңа бағытта жұмыс істеу қажеттілігі туындайды.
Бүгінгі күні оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау - оқу үдерісінің маңызды да салмақты бөлігі болып табылады. Сол себептен, зерттеу іс-әрекеттерін кеңінен қолданып, оқушылардың жетістіктерін бүгінгі күннің талабына сай жаңаша бағалау жүйесі қажет етіледі. Бұл жерде оқушылар өзін-өзі бағалау, бірін-бірі бағалау, топтық бағалауда оқу үдерісінің белсенді қатысушысы бола алады. Өйткені, дәстүрлі бағалау процесінде мұғалім оқушыға жауап бергені үшін немесе сабақ оқымағаны үшін және оқушы жетістігі басқа оқушы жетістігімен салыстырмалы түрде бағаланып келген болатын. Сол кезде оқушы қаншалықты әділ баға алғанын білмей келді, күмәнмен қарды. Бұл жағдайда білім алуға деген қызығушылықты жоғарылатуға мүмкіндік жасайтын бағалаудың нақты критерийлері, мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс болмады .
Жаңа инновациялық технологияларды пайдалану - заман талабы. Қазіргі жаңа талаптар оқушыға емес, қазіргі заман мұғаліміне қойылады, мұғалімдер тек «сабақ беруші» ғана емес, баланың оқу ортасын құра арлатын адам болуы керек. Педагогикалық технологияларды іске асыру үшін қалыпты емес жағдайда жұмыс істей алатын, технологиялық ұйымдастырылған білім беру процесін түсінетін, жаңа рөлді қабылдай алатын педагог болуы қажет. Ол үшін ол жаңашылдыққа дайын болуы керек.
Оқу процесінің тиімділігін арттырудың бірден-бір жолы- заманауи педагогикалық технологияларды қолдану. Жаңа заман мұғалімдерінің білім мазмұнына өзгеріс енгізе алатын, оқыту мен тәрбиеге жаңа әдістер мен технологияларды енгізе алатын зор шығармашылық әлеуеті бар.
Сабақ мақсатына жету үшін оқушылардың уәж дағдыларын дамытуға жағдай жасау керек.
Бұны іске асыру үшін:
-сабақта түрлі әдіс - тәсілдерді қолдану;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz