Қан организімінің ішкі ортасы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

Дипломдық жұмыс

Қан топтарының басқа белгілермен корреляциясы

Мазмұны

Кіріспе . . .

Әдебиеттерге шолу . . . 4

Тәжірибелік бөлім . . .

І тарау

Қан организімінің ішкі ортасы . . . 6

1. 1. Қантоптарының түрлері және сипаттамасы . . .

1. 2. Қанның физикалық және химиялық қасиеттері . . .

ІІ тарау

Қан қысымы, қан топтары . . .

2. 1. Корреляция туралы ұғым . . .

2. 2. Қанның ағу жылдамдығы . . .

ІІІ тарау

Қан плазмасы және қан түйіршіктері . . .

3. 1. Эритроциттер және гемоглабин . . .

3. 3. Лейкоциттер және тромбоциттер, иммунитеттің түрлері . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланған әдебиеттер . . .

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Аса дамыған елдердегі жылдамдатылған инновациялық дамуға таңдалған бағыт - қолдағы бар барлық ресурстарды жұмылдыруды қажет етеді. Кез келген елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын анықтайтын ресурс - бұл өндірістік күштер, басқа сөзбен айтқанда, сол елдің халқы. Бір жағынан, еңбекке жарамды халық мемлекеттік кірістер көзі болып табылады. Басқа жағынан, елдің жұмыссыз жұрты тікелей, сондай-ақ тікелей емес шығындардың нысаны болып табылады. Осы шығындардың үлкен бөлігі еңбек қабілеттілігін жартылай немесе толық жоғалтуға әкеліп соғатын аурулардың немесе көбінесе, белсенді халықтың мерзімінен бұрын қайтыс болуы салдарынан болады. Соңғы жылдары ми қанайналымының жіті бұзылыстарының (МҚЖБ) жиілігіне байланысты тамыр ауруларының кең таралуы байқалды.

Қан ағзадағы дәнекер ұлпаның бір түрі. Қанның құрамы сұйық плазмадан және қан түйіршіктерінен (эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер тұрады. Ересек адамдарда 4, 5-5 л қан болады. Қанның атқаратын маңызы орасан зор. Қан құрамындағы лейкоциттер организмді әр түрлі зиянды заттардан қорғайды.

Қан мен лимфа және ткань аралық сұйықтық организмнің ішкі сұйық ортасын құрайды да, бүкіл дене клеткаларын, тканьдерін жуып жатады.

Организмнің ішкі сұйық ортасының құрамы, физикалық және химиялық қасиеті біршама тұрақты болады, сондықтан да организмдегі клеткалардың тіршілік процесі қалыпты жүріп жатады.

Қан организмдегі клеткаларға, тканьдерге қоректік заттарды жеткізетін болса, екінші бір органдар зиянды, қорексіз улы заттарды организмнен шығарып отырады. Қорыта келгенде қан организмдегі клеткалардың тіршілігін сақтайды, әрі ол клеткалар мен тканьдердегі су мен минерал заттардың мөлшерін реттеп тұрады.

Артериялық гипертензия жүрекқантамыр ауруларымен сырқаттанушылық пен өлім-жітім құрылымын айқындайтын адамзат тарихындағы аса зор жұқпалы емес пандемия болып табылады. ДДСҰ деректері бойынша, АГ таралуы дүние жүзіндегі ересек халықтың 40% - ын құрайды, осы ретте бұл денсаулық сақтау тәжірибесінде күрделі мәселе күйінде қалып отыр. АГ қауіптілігі - жүрек-қантамыр ауруларының (ЖҚА) ағымын дамытып асқындыруында, әлемнің дамыған елдеріндегі барлық өлім жағдайларының жартысына жуығы осының салдарынан туындап отыр. Көптеген зерттеулерде көрсетілгендей, АГ бастапқы даму кезеңдерінің өзінде нысаналы мүшелер - жүрек, ми, бүйрек, көздің торлы қабаты зақымданады. Артериялық гипертонияның таралуы Қазақстанда да тұрақты жоғары деңгейде сақталуда және ол 100 000 ересек адамға 1181, 8 құрайды . ҚР ДСМ статистикалық деректеріне сәйкес, артериялық гипертензия ми қанайналымының жіті бұзылысына шалдыққан науқастардың 78% анықталады.

Қан қан тамырларымен ағады да, организмнің барлық клеткаларына қоректік заттарды тасу қызметін атқарады. Мысалы, қан тканьге глюкоза, амин қышқылдары, май, витамин, минерал заттарын, суды, оттегін т. б. қоректік заттар жеткізсе, екінші жағынан зат алмасу процесінің нәтижесінде организмнен бөлінген ақырғы өнімдерді (мочевина, аммиак, несеп қышқылы, көмір қышқылы) сыртқа шығару органдарына: бүйрекке, тер бездеріне, ішекке және өкпеге апарады. Қан организмде Гуморальдық реттелу процесін қамтамасыз етеді, яғни организмдегі органдарды химиялық жолмен бір-біріне байланыстыра отырып реттейді. Қанның организмді гуморальдық жолмен реттеуі - ондағы ішкі секреция бездерінде түзіліп, қанға қосылатын физиологиялық актив заттарға - гормондарға байланысты.

Организм барлық клеткалары мен тканьдеріне қоректік заттар мен оттегі үнемі еніп, олардан зат алмасуының ақырғы өнімдері шығарылып отырғанда ғана өзінің қызметін атқара алады. Бұл процестерді қан, қан сұйықтығы және лимфадан түзілетін организмнің ішкі ортасы қамтамасыз етеді. Ішкі орта организмінің барлық клеткаларының қалыпты тіршілік әрекетіне қажетті жағдайларды жасайды, бұл оның құрамының айтарлықтай тұрақтылығы мен физика -химиялық қасиеттерінің арқасында мүмкін болады.

Қанның организмдегі маңызы алуан түрлі. Қанның негізгі қызметтерінің бірі - бұл оттегін, қоректік заттар мен дене клеткалары тіршілік әрекетінің өнімдерін тасымалдау. Ол осымен қатар бір мүшелерде түзіліп, басқа мүшелердің қызметіне әсер ететін заттарды тасымалдайды. Қан оның үстіне, лейкоциттер әрекетінің арқасында, сондай-ақ ерекше қорғаныш заттарының болуы нәтижесінде қорғаныш қызметін атқарады. Организмнің жылуы терінің тамырларын аралап өтетін қан арқылы қоршаған ортаға беріледі. Температура жоғарылағанда және бұлшықет қызу жұмыс істегенде терінің тамырлары кеңейеді. Мұнда қан сыртқы ортаға жылуды көп бөліп шығарады да, организмді қызып кетуден сақтайды. Қоршаған орта температурасы төмендегенде терінің тамырлары тарылады, бұл организмнің жылу шығаруын кемітеді. Сонымен, біздің денеміз өмір бойы тұрақты температурасын сақтайды. Адам қанының мөлшері айтарлықтай тұрақты және ол дененің массасы мен жасына байланысты. Жаңа туған балаларда қан дене массасының 15-20%, емшектегі балаларда - 13% құрайды. Балаларды 7 жастан бастап, қанның мөлшері ересек адамдардағыдай 7% шамасында болады. Массасы 70 кг ересек адамда 5-6 л қан болады. Адам тыныш күйде болғанда оның қанының 40-50% ғана қан тамырларымен қозғалады. Оның қалған мөлшері қан депоралары - бауырда, көкбауырда, шелде болады. Адам қансырағанда, бұлшықет жұмысы кезінде, дене температурасы жоғарылағанда, биікке көтерілгенде деподағы қан жалпы қан арнасына өтеді. Қан деполары организмдегі қанның тұрақты мөлшерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Қан дәнекер тканінің тобына жатады. Бұл плазмадан және ондағы жүзгін арнаулы элементтер - қан клеткалары - эритроциттерден, лейкоциттер мен тромбоциттерден тұратын әлсіз сілтілі тұтқыр сұйықтық. Егер пробиркаға алдын-ала ұю қабілетінен айырған қан толтырсақ, тұнғанда немесе центрифугадан өткен соң ол екі: эритроциттерден тұратын төменгі қошқыл қызыл түсті тұнба қабатына және қан плазмасы болып табылатын сабан түсті сары мөлдір сұйықтық қабатына бөлінеді. Плазма мен эритроциттердің шекарасында лейкоциттерден тұратын өте жұқа қабат болады. [1, 3]

Қан, лимфа және тінаралық (интерсттициялық) сұйықтық организмнің ішкі ортасын құрайды. Тіршілік үшін осы ішкі ортаның оның ішінде қан құрамының физикалық, химиялық, биологиялық, қасиеттері тұрақты болуы шарт, тек осы тұрақтылықтың арқасында организм сырттағы құбылмалы да күделі өзгерістерге төтеп бере алады. Адамның солтүстік плоюс (үйек) суығында да, оңтүстіктің шыжыған ыстығында да өмір сүре беретіні осы тұрақтылыққа байланысты. Ішкі тұрақтылықтың өмір үшін аса қажет шарт екеніне тұңғыш көңіл бөлген француз физиологі Клод Бернар еді. Ол (1878ж) организмнің ішкі сұйықтық ортасының салыстырмалы тұрақтылығы тіршілікті сақтауда өте қажет екендігін мәлімдеді. 1929ж америка физиологы Уолтер Кеннон ішкі ортаның, организмнің басты- басты биологиялық көсеткіштерінің (константалардың) тұрақтылық дәрежесін белгілеу үшін гомеостаз деген жаңа термин ұсынды. Гомеостаз- деп қан көлемі мен құрамының және физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттерінің тұрақтылығы, яғни барлық биологиялық константаларды (артериялық қан қысымы, дене температурасы т. т) айтады. Жасушалардың тіршілігіне байланысты және олардың айналадағы табиғи құбылыстарымен ойдағыдай қарым -қатынас жасауы әрдайым гомеостаздың сақталуына қауіп төндіретін жағдай болып саналады. Бірақ бүйрек, тер бездері, өкпе сияқты көптеген ағзалардың қызметі арқасында, сондай- ақ денедегі арнайы механизмдердің қатысуымен гомеосиаз әдетте бұзылмайды. Осыған орай ішкі орта үшін абсолюттік тұрақтылықтан гөрі салыстырмалы және динамикалық гомеостаз тән. Мұны гемокинез деп атаймыз. Қан жан-жануарлардың тіршілік етуіне аса қажет сұйықтық. Жарақаттану салдарынан қанның 25-30 сыртқа ағып кетсе, тіршілікке қауіп төнеді, ал 50 ағып кетсе өледі. Қан тамырда жылжымай тоқтап қалса не қан ағысы тым баяуласа адам өлуі мүмкін. Мысалы денедегі кейбір жасушалар, әсіресе ми қыртысының нейрондары уақытында келетін қан мөлшері азайса, 5-6 минуттан кейін бұзыла бастайды.

Қан және лимфа айналудың жалпы схемасы. Жылы қандыларда қан организмді толық бір рет айналып шығу үшін жүректен екі рет ағып өтуі керек: бірінде жүректің сол жақ бөлімінен, екіншісінде оның оң жақ бөлімінен ағып өтеді. Жүректің сол жақ қарыншасы қанды қолқаға айдап шығарады. Ал қолқадан - артерия тамырлары өте ұсақ артериялар мен артериолдарға тарамдалып, бүкіл организмді артерия қанымен қамтамасыз етіп отырады. Өте ұсақ артериялар және артериолдар жіңішке капилляр тамырларға тарамдалып, кейіннен тарамдалып бөлінген капилляр тамырлар өзара қайта бірігіп, вена тамырының негізін құрайды. Ұсақ вена тамырлары бірте-бірте бірігіп, іріленіп вена тамырларын түзеді. Екі вена қуысымен аққан вена қаны жүректің оң жақ жүрекшесіне келіп құяды.

Қан айналу системасының сол жақ қарыншадан қолқа түрінде басталып, оң жақ жүрекшеге келіп құятын қанның жолын - қан айналудың үлкен шеңбері деп атайды. Қан айналудың үлкен шеңберін құрайтын артерия тамырларында оттегіне қанық артерия қаны ағады. Капиллярға келгенде артерия қаны өзінің құрамындағы оттегінің біразын тканьге береді де, оның орнына зат алмасу процесінің нәтижесінде тканьде түзілген көмір қышқыл газымен әрекеттесіп, вена қанына айналады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоршаған ортаның химиялық, радияциялық және биологиялық ластануы
Қанның физикалық қасиеттері
Жеңіл атлетикадағы спорттық дайындық жүйесі, дене қасиеттері дайындығы түрлері
Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы
Организмнің сұйықтық орталары
Салауатты, денсаулықты сақтау
Жеңіл атлетика және оның түрлері
Қойдың брадзоты
Биологиялық жас
Жеңіл атлетика спорты түрлері және классификациясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz