Атмосфералық қысымды өлшеу



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
Жаратылыстану факультеті
Физика кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Жаңартылған білім бағдарламасы бойынша 7-9 сыныптарда физикадан оқу процесін ұйымдастырудың тиімді жолдары

Мамандығы: 5В011000 - Физика

Орындаған: ФҚ411 Курманалина.Б.Т

Ғылыми жетекші: п.ғ.к., физика және физиканы
оқыту әдістемесі кафедрасының
профессоры Қ.Т. Намазбаев

Талдықорған - 2021

Мазмұны

Кіріспе
Мектепте физика курсы қазіргі таңда жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқытылады. Жаңартылған білім беру бағдарламасы - озық технологиялардың барлық қыр-сырларын меңгеруге жетелейді.Физика курсын оқыту 7 сыныптан бастау алғандықтан, оқушылардың физикаға деген қызығушылығын ояту үшін 7 сыныптың физика курсының алатын орны ерекше. 7-9 сыныптың физика бойынша оқулығында келтірілген әрбір тақырыптың мазмұнын толық ашып, мүмкіндігінше демонстрациялық тәжірибелер жасау, қажеттілігіне қарай оны есептер шығарумен шыңдау бүгінгі күннің басты талаптарының бірі. Бұған неғұрлым тереңірек көңіл бөлінсе, оқытудың сапасы да соғұрлым жоғары болатындығы анық.
Жаңартылған білім жүйесінде мұғалімнің берген бағыты бойынша сабақта қолданған әдіс-тәсілдердің, ойындардың оқушыларға тәуелсіз болуға, тапсырмаларды орындауда шығармашылық және жауапкершілікпен қарауына көмектесетін сыни тұрғыдан ойлауға бағытталған.
7-9-сыныптарға арналған Физика пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының құрылымы қолданыстағы бағдарламадан өзгеше. Қолданыстағы негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптары үшін типтік оқу бағдарламасы мен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы салыстырмалы түрде 1-кестеде берілген.
1-кесте - Қолданыстағы негізгі орта білім беру деңгейінің типтік оқу бағдарламасы мен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының құрылымының салыстырмасы
Негізгі орта білім беру деңгейіне арналған үшін типтік оқу бағдарламасы
Жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
1.Түсінік хат
1.Жалпы ережелер
2.Оқу пәнінің базалық білім мазмұны
2. Физика пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
3.Білім алушыларының дайындық деңгейіне қойылатын тараптар
3.Оқу мақсаттарының жүйесі

Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған Физика пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы мен оқу жоспарларының ерекшеліктері:
- ішінара шиыршық принципі;
- оқу мақсаттарының иерархиясы мен маңызды пәндік операциялар негізіндегі жіктелісі;
- сынып ішінде, пән курсы бойынша оқу мақсаттарының нақты жоспарлануы;
- күтілетін нәтиже мен мұғалімнің академиялық еркіндігінің ұтымды үйлесімі;
- пән тараулары мен тақырыптарының заман ағымына сәйкестігі, әлеуметтену дағдыларын қалыптастырудағы басымдылық .
7-9-сыныптардағы физика курсын оқытудың мақсаты - білім алушылардың ғылыми дүиетанымдық негіздерін, әлемнің жаратылыстанымдық-ғылыми бейнесін тұтастай қабылдауын, өмірде маңызды практикалық мәселелерді шешуде табиғат құбылыстарын бақылау, жазу, талдау қабілеттерін қалыптастыру. 7-9-сыныптарына арналған Физика пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының негізгі міндеттері:
1) білім алушылар әлемнің қазіргі физикалық бейнесінің негізінде жатқан іргелі заңдылықтар мен принциптер туралы білімді, табиғатты танудың ғылыми әдістерін меңгеру;
2) білім алушылардың зияткерлік, ақпараттық, коммуникативтік және рефлективтік мәдениетін дамыту, физикалық экспериментті орындау және зерттеу жұмыстарын жүргізу дағдыларын дамыту;
3) оқу және табиғат құбылыстарын зерттеу қызметіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;
4) табиғат ресурстарын пайдалануда және қоршаған ортаны қорғауда, адамды және қоғамды қауіпсіз өмір сүрумен қамтамасыз етуде меңгерген дағдыларды қолдану болып табылады .

Физика оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
7-сыныпта - аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;
8-сыныпта - аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;
9-сыныпта - аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды.

Оқу пәнінің мазмұны 8 бөлімді қамтиды: физикалық шамалар мен өлшеулер; механика; жылу физикасы; электр және магнетизм; геометриялық оптика; кванттық физика элементтері; астрономия негіздері; әлемнің қазіргі физикалық бейнесі.
Қазіргі заманауи физика қарқынды дамып келе жатқан ғылым, оның жетістіктері адам қызметінің көптеген салаларында әсер етеді. Бағдарламаның мазмұны физика эксперименттік ғылым болып табылатына, оның заңдары фактілерге, тәжірибелер көмегіне сүйенетіне негізделеді.
Физика - нақты ғылым және құбылыстардың заңдылықтары сандармен зерттеледі, сондықтан басты назар физикалық заңдарды тұжырымдау мен оларды түсіндірудің математикалық аппаратын қолдануына аударылады.
Жаңартылған мазмұндағы оқу пәнінің 7-сыныптағы базалық білім мазмұны төмендегідей бөлінген (2-кесте).
І тоқсан
ІІ тоқсан
ІІІ тоқсан
IV тоқсан
Физика - табиғат туралы ғылым . Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері.
Тығыздық
- Масса және денелердің массасын өлшеу.
- Дұрыс және дұрыс емес пішінді денелердің көлемін өлшеу.
- Заттың тығыздығы және тығыздықтың өлшем бірлігі.
№3-лабораториялық жұмыс. Сұйықтар мен қатты денелердің тығыздығын анықтау. -Тығыздықты есептеу.
Қысым
- Газдардың сұйықтар және қатты денелердің молекулалық құрылымы.
- Қатты денелердегі қысым.
- Сұйықтар мен газдардағы қысым, Паскаль заңы.
- Қатынас ыдыстар.
- Гидравликалық машиналар.
- Атмосфералық қысым. Атмосфералық қысымды өлшеу.
- Манометрлер. Сорғылар.
№ 6-лабораториялық жұмыс. Архимед заңын зерделеу. - Кері итеруші күш.
№ 7-лабораториялық жұмыс. Дененің сұйықта жүзу шарттарын анықтау.
Энергия
- Кинетикалық энергия.
- Потенциалдық энергия.
-Энергияның сақталуы және айналуы.
Физикалық шамалар мен өлшеулер
- Халықаралық бірліктер жүйесі (SI).
- Скаляр және векторлық физикалық шамалар. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
СҰЙЫТЫЛҒАН ГАЗДЫҢ ТОЛЫҚ ҚЫСЫМЫН ӨЛШЕУ АСПАБЫ (МАНОМЕТРЛЕР)
Қысымды өлшеу техникасы
Сұйықтық қысым
Температураны өлшеу туралы жалпы мәлімет
Қысым және өлшеу аспаптар
Барометр
Қысымды өлшеу үшін құрылғыларды тексеру
Автоматты басқару жүйесі
Манометрлер
Метеорологилық элементтерге анықтама, метеоөлшеуіш құралдар
Пәндер