Сыр бойындағы ақындық мектеп және ақындық орта дәстүрі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
Факультет - - - - - - - - - - і: Гуманитарлық ғылымдар
Кафедрасы: Дінтану кафедрасы

БӨЖ

Тақырыбы: Сыр сүлейлері мен жыраулар

Орындаған: Қожаханов . Б
Тобы: ТТО - 711 (Ф)

Қабылдаған: Жандарбек .З

Кіріспе
Қазақ халқының өткен өміріне зерделей қарасақ, халықтың өміріндегі басынан өткізген елеулі оқиғалар, қазақ даласындағы ислам дінін, қазақ әдебиетінің арнайы зерттеуге лайықты, өзекті мәселелердің бірі - Сыр өңіріндегі ақын-жыраулардың дидактикалық өлеңдерімен исламды насихаттау арқылы ілім-білімге шақыру. Алдыңғы толқын С.Мұқанов, Б.Кенжебаев, Т.Кәкішов, М.Мырзахметов, Р.Бердібев, Ә.Дербісәлиннің еңбектерінен мұсылмандық - ағартушылық, сол кезеңдегі әдеби процес, бағыт жайында жазылғанын білеміз. Сонымен бірге, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы діни-ағартушылық бағытты жаңаша зерттеген, қазақ әдебиетіндегі оның ішінде ислам дінінің қалыптасу, халыққа насихаттау мәселелері, діни-ағартушылық ағым жөнінде, арнайы зерттеу обьектісі ретінде Ғ.Тұяқбаев, Ұ.Байбосынова, Б.Жүсіпов, Д.Сатемирова, Ф.Жұмажанова, С.Жұбандықұлы, т.б. ғалымдардың зерттеу еңбектерінде сөз болады. Ғалымдардың еңбектерінде тұтас бір кезеңнің әдеби мұралары, жеке автордың көтерген мәселелері зерттелді. Дегенмен де, осы күнге дейін Сыр сүлейлерінің ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы саяси-әлеуметтік жағдай мен әдебиетті байланыстырып, қазақ поэзиясындағы діни-ағартушылық ағым жөнінде сөз болмаған. Қазақ әдебиеті тарихында діни-ағартушылық ағымның ұзақ уақыт бойы ашылмай келгені туралы көрнекті ғалым Т.Кәкішовтің:...бізде ұлтшыл, алашшыл атаулыдан кейінгі үлкен айып діншілдік қой. ... бисмилә деп сөз бастаған, Алланы ауызға алған басқа ақын-жыраулар, жыршыларды клерикал, діншіл деп айтыптаудан алдымызға жан салмай келеміз, -- [1.174] деген сөзін ескерсек, әдебиетімізде діни ағымдар туралы, олардың өкілдері туралы Тәуелсіздігімізге дейін айтылмағаны белгілі. Оның басты себебі: Ресейдің отаршыл саясаты екенін жақсы білеміз. Осындай тарихи жағдайларды негізге ала отырып, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы саяси-әлеуметтік жағдай мен әдебиетті байланыстыра отырып, зерттеу обьектсі ретінде Т.Ізтілеуов, Базар Оңдасұлы, Сейтжан ақын, Қаңлы Жүсіп, Қарасақал Ерімбет т.б. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген ақындар шығармаларын арнайы ғылыми-теориялық негізде қарастырамыз. Бұрын зерттеу нысанына айналмаған мәселелерге жүйелі түрде ғылыми баға беріледі. Сыр сүлейлері поэзиясындағы діни-ағартушылық ағым жөнінде, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы саяси әлеуметтік жағдай мен әдебиетті байланыстыра қарастыру осы уақытқа дейін арнайы зерттеудің болмауы біздің диссертациялық зерттеуіміздің зәрулік табиғатын белгілейді.

Негізгі бөлім
1.1. ХІХ ғасыр аяғы мен ХХ ғасыр басындағы саяси әлеуметтік жағдайдың әдебиеттегі көрінісі атты тараушада ХІХ ғасыр аяғы мен ХХ ғасыр басындағы саяси әлеуметтік жағдайдың әдебиеттегі көрінісін, сол кездегі саяси рухани, мәдени оқиғаларды еске тусіреді. Бұл дәуірде қазақ даласына отарлау, түгел басып алуды ойлаған Ресей патшалығы тікелей ел билеу ісіне араласқандығын,қазақ хандығы жойылып, әкімшілік басқару ісі қолға алынғандығын,рулар арасында қайшылықтарды, Бөкей ордасына қарасты құнарлы жер үстем тап меншігіне бөлініп берілгендігі сөз болады. Осындай саяси-әлеуметтік оқиғаларды Сыр өңірінде өмір сүрген ақын-жазушыларымыздың өмірімен байланыстырыла қарастырамыз. Осы кезеңде қазақ даласына отарлау, түгел басып алуды ойлаған Ресей патшалығы тікелей ел билеу ісіне араласты. Қазақ хандығы жойылып, әкімшілік басқару ісі қолға алына бастады. Рулар арасында қайшылықтар болып, Бөкей ордасына қарасты құнарлы жер үстем тап меншігіне бөлініп берілді. ХІХ ғасырдың аяғынан басталған қазақ жерінде саяси, тарихи оқиғалар қоғам айнасы - әдебиетте түрлі қырынан, сан алуан мазмұн, идеясымен көрінеді. ХІХ ғасыр әдебиеті өзінің мазмұны мен идеясы жағынан біраз ілгерілеген, қоғамдық мәні зорайып, әлеуметтік беті айқындала бастаған әдебиет. Бұл кезеңде әдебиеттегі дәуір көрінісі айқын суреттеледі. Ұлттық сананың ояна бастағаны, әлеуметтік қайшылықтар, заман сыры жан-жақты ашылып, ақындардың қоғамдағы болып жатқан іс-әрекетке араласуы бейнеленеді. Осы кезеңде ақын-жыраулардың әділетсіздікке, зұлымдыққа, батыл күреске үндейтін қазақ поэзиясында жаңа бір өршіл сарын пайда болады. Халқының қамын ойлап, ел үшін еңіреп туған ерлер істері дәріптеліп, әділеттік, адамгершілік пікірлер ұсынылады. Бұл кезең жөнінде зерттеуші Х.Сүйіншәлиев: ХІХ ғасыр ақындары өзінің жаңа идеяларын поэзияның бұрынғы дәстүрлі үлгі формаларында жырлады. Ертеден қалыптасып, қазақ поэзиясында берік орныққан поэтика, көркем түр, стиль, әдіс-тәсілдер әрбір ақынның үйреншікті, төселген, жатыққан бейнелеу, суреттеу құралдары болатын. Ең алдымен, халықтың поэтикалық шығармашылығы қалыптастырған өлең құрылысы, буын өлшем, ырғақ-ұйқас жүйелері қаз-қалпында сақталды. Әсіресе, халықтың қара өлең, толғау, терме, жыр жүйелері кең пайдаланылды. Ақындар арнау, айтыс, өлең формасын жиі қолданады. Осылардың ішінде, ХІХ ғасыр поэзиясын кең өріске көтеріп, ілгері дамытқан жанрлары деп арнау, толғау, айтыс формаларын ерекше атап көрсеткен орынды, -- деп жазады[2.421]. ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ даласында ағартушылық бағыт жәйдан-жәй туған жоқ. Ол тарихи-әлеуметтік дамудың қажеттілігінен, өмір талабынан туған. Қазақ даласына жоғарыда атап көрсеткеніміздей, капитализмнің еніп, феодалдық құрылыстың ыдырай бастауы, Ресейде оянған төңкеріс идеясының толқыны себеп болды. Патшалық Ресейдің отары болып өзінің тәуелсіздігінен, еркін даму мүмкіншілігінен айырылған, оның үстіне екі жақты қанауға түскен қазақ шаруалары бұл кезде іздерінің елдік талабын, саяси құқығын тарих шеңберіне қоя бастайды. ХХ ғасырда қазақ әдебиетінде жаңадан әдебиет жанрлары пайда бола бастады. Бұрын соңды өлең-жыр түрінде келетін болса, кейін прозалық (повесть, роман) драмалық шығармалар көрініс тапты. ХХ ғасыр басындағы ақын-жазушыларымыздың көпшілігі көне діни мектеп, медреселерде оқып, тәрбиеленді. Олар тек діни ұғымдармен қатар діни тәлім-тәрбие алған жазушылар болды. Бірлі-жарысы ғана жаңа білім алған, орысша оқыған еді. Сондықтан да, бұл кезеңде саяси білімдері мен мәдениеті төмен, білім дәрежелері аз ақын-жазушылардың қатары көбейді. Қазақтың жазушылары ағартушылық, ағартушылық-демократтық бағытты ұстанған көзқараста болды. ХХ ғасыр қазақ әдебиеті өзінің мазмұны мен идеясы жағынан біраз ілгеріледі, қоғамдық мәні үлкейіп, әлеуметтік беті айқындала бастаған әдебиет. Бұл кезеңде дәуір көрінісі айқын бейнеленеді. Заманның шындығы ашылып, халықтың ұлттық санасы оянып, әлеуметтік теңсіздіктер жырланып, ақындар ел ісіне араласып жатқан кезеңі еді. Халықтың қамын ойлап, ол үшін туған ерлердің еңбектері жырланды. Жоғарыда атап өткеніміздей ХІХ ғасыр поэзиясы ілгері дамып, әдеби жанрлардың дүниеге келуі кең өріс алды. Бұл кезеңде айтыс жанры да біржақты дамыды. Осыған дейінгі кейбір арнаулар толғау, кейбір толғаулар дастан дәрежесіне көтерілгені белгілі. Ал, ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті дәуір талабына сай мазмұнды дамыған, әдебиеттің көне үлгілерін өз бойына сақтап келген дәстүрлі реалисттік әдебиет болды. 1.2. Қазақ әдебиетіндегі діни-ағартушылық ағым. Адамзаттың қазіргі биігінен көз сал­сақ, тарих көшінің бет алысын түзеп, әлем­ге ұлы өзгеріс енгізген ірі құбылыс­тарға куә боламыз. Соның бірі де, Ислам діні екені сөзсіз. Бақытқа бастаймыз деп ұрандатқан күллі-бірегейі де идео­ло­гиялардың тоқы­рау­ға ұшырауы жаңа ізденістерге жол ашып, жыл өткен сайын Ислам дінінің әлемді баурап бара жат­қа­ны баршамызға аян. Бүгінгідей жаһан­дану ғасырында мәдени-рухани фактор ретінде Ислам дінінің маңызы неліктен еселеп артуда? Ол адамзатқа не берді? Дамуға қандай үлес қосты? Құндылықтары не? Алғашқы бұйрығы Оқы! деп келген Ислам діні ең әуелі адамзатты білімге, оқуға үндеді. Құранға үңілумен қатар мына алып ғалам кітабын да қоса зерделеуге шақырып, Ұлы Шебердің құдіре­тіне саналы түрде бас идірді. Қасиетті Құрандағы Білетіндер мен білмейтіндер тең бе?[3.459] (Зүмәр сүресі, 9-аят); Бұлардың ішіндегі ғылымға бойлаған­дарға зор сый береміз[3.103] (Ниса сүресі, 162-аят); Сондай-ақ, құлдарынан (ең алдымен) ғалымдар Алладан қорқады[3.437] (Фатыр сүресі, 28-аят); Раббым, білімімді арттыра гөр! [3.312]Таһа сүресі, 11аят) деген аяттарды, Пайғамбарлардың мирасқорла­ры (Әбу Дауыд), Тал-сондай-ақ, Ға­лым­дар мұсылман-бесіктен көр бесікке дейін білім іздеңдер (Әл-Аж­луни), Білім іздеу әйелге де, ерге де парыз (Ибн Мажә. Мұқаддима. 17), Ілім үйренуге шыққан адам Алла жолында (Муслим, Зикр. 38) деген секілді хадистерді көкейге түйген- мұсыл­мандар ілім үйренуге талпынып, сауат­ты­лықты барынша жаюға тырысқан. Пайғамбарымыз он мұсылманға оқу-жазу үйреткен тұтқындарды босатып, суффа сахабаларын мешітке жинап, тек қана іліммен шұғылдануға жұмыл­дырған. Алғашқы ілім ошағы әл-Мәсжидул Нәбәуимен басталған. Тәуелсіздігімізді алып, көк туымыз желбіреп, егемендігімізді алдық. Берекеміз кіріп, ел тірлігі күннен-күнге ілгері басуда. Даламыз - дәнге, өрісіміз малға, үй ішіміз - жанға толды. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: Халқымызда Ынтымақты елде бақ тұрар деген дана сөз бар. Біз қазығы берік, мемлекеттігі бекем, төрт құбыласы сай Қазақ елінің айбынын асырып, атағын әлемге әйгіледік. Біз толайым табыстарға қол жеткізіп, биік белестерді бағындырдық, алайда алар асуымыз әлі де алда..., -- деп көрсеткеніндей қазақ халқы қиын-қыстау кезеңдерден өтіп, халқымыз арман еткен дүниелермен қауыштық[4.36]. Біздің ең басты құндылығымыз - Отанымыз, Тәуелсіз Қазақстан! Демокртаиялық, зайырлы ел боламыз дегенше аласапыран заманның дүниелеріне көз жіберіп, қазақ әдебиетінің тарихын парақтап, қыр-сырына мән беріп, саналы оймен қарап, байыпты безбендеп бағдарлаған жөн. 1868 жылы Ресей патшылығы қазақ жерін иемденіп, басып алу мақсатымен Қазақ даласын билеу ережелері деген атпен заң шығарды. Жазушы Сәбит Мұқанов: Жер отарлаудың мәнісі - қазақ даласына ішкі Россиядан переселендерді қаптатып, жиілетіп, орыс шаруа поселкаларын орнату,қазақтың бар құнарлы жерін переселендерге беру, сөйтіп жерге мал бағумен ғана кәсіп еткен қазақ халқын мал отынан айырып (отынан айырылған соң мал өсе ме?) қазақты кедейлендіру, содан кейін, аздырып-тоздырып, елдігін жою, [5.118] -- деп өзінің зерттеуінде ой түйіндейміз. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қазақ әдебиетінде, жалпы қазақ қоғамындағы жетекші наным-сенім бағыты Ислам діні болды. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы ислам діні жөнінде Жұмажанова Фарида Тоқанқызы өзінің Қазақ әдебиетіндегі шариғат негіздерінің көрінісі атты кандидаттық диссертациясында былай дейді: Дін адамдарды қиын кезеңдерде төмен түсірмейтін, қажырлығын жоғалттырмайтын, болашаққа деген үмітін үздірмейтін сүйеу болып табылады.Бұл сүйеніш сезімі дәуірдің шешуші сәттерінде, заң, әдет қоғамдағы құндылықтар, өмір шарттары, жанұя, денсаулық, күнделікті өмір қиыншылықтарында, күйреген сәттерінде адамдарға өте қажет. Өкінішке орай, адамзат тарихында бұндай кезеңдер өте көп. Ал, ХІХ ғасыр соңы мен ХХІ ғасыр басындағы оқиғалар бұндай көңіл күйдің пайда болуына жаңа серпіліс береді. Бұдан индивидтің қоғамдық және жеке өмірінде көрініс табатын діншілдіктің жаңа белгілері шықты. Бұл ретте жазушының сана-сезімін діни әдебиеттерді жазуға талпынып қана қоймайды, сондай-ақ оқырмандар да діни шығармаларды қабылдауға дайын тұрғанын айту керек[6.57]. Ислам дінін насихаттай отырып, Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады дегенге көштік. Абай, Ыбырай, Шоқандар күресудің осы жолын дұрыс деп тапты. Олар бір-бірімен таныс болмаса да бұлардың идеялық жолы мен бағыты бір болды. Дін - насихат дейді хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыз. Себебі, діннің көбеюі шын мәнінде үгіт-насихат жұмыстарына тікелей байланысты. Кеңес дәуірінде діни насихат түгілі жұрт мешітке де ойлана барған. Оның үстіне қылышынан қан тамған атеизм де дінімізді тұқырта қаралап, бірнеше дінсіз ұрпақ тәрбиеленіп те үлгерген. Жұрт ата діннің құндылықтарынан айырылып қалды. Дегенмен де, кеңес үкіметі кезінде қазақ қоғамында жетекші бағыт - ислам діні болды. Әдебиетіміздің тарихында діни-ағартушылық ағым оның өкілдері туралы бірер-сараң зерттеушілер болмаса, толық ағым туралы еңбектер жоқтың қасы. Ол кезеңде діни-ағартушылықтар туралы еңбекте жазбақ түгілі, дінді ұстанған, ауызда бисмилләсі бар ақын-жазушылардың шығармаларын қоғамымызға жат деп санап, өздерін молда ақын деп айыптап жүрді.Қазақ әдебиетіндегі діни-ағартушылық ағымды айтпақ түгілі, қазақ топырағында дүниеге келген ақын-жазушылардың аттары мен шығармаларын айтудың өзі қиынға соқты.
Діни-ағартушылықтар заман тудырған халық перзенттері. Олардың шығармалары елді бірлікке, ізгілікке, білімділікке, шыншылдыққа шақырады.
Сыр бойындағы ақындық мектеп және ақындық орта дәстүрі.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасыр басында бұрын соңды кітаби ақындар деп аталып жүрген тұлғаларды енді діни-ағартушылық ағымның өкілдері деп атауымыз керек сияқты. Себебі, сол кезеңдегі көзқараспен қарап отыра берсек, ештеңені ұта алмайтын тәріздіміз. Еліміз егемендік алғалы биыл 21 жылдың таңы атып келеді. Сондықтан біз демократиялық елде өмір сүріп, жатқандықтан, өткенімізге көз жүгіртіп, ескіше бағыттағы ақындар деп отыра бермей, діни-ағартушылық ағым өкілдерін зерттеп, зерделеп, зерттеу обьектісіне айналдыратын уақыт жеткен тәрізді. Қазіргі кезде Қазақстан ислам дінін ұстанған әлемдік өркениеттің жетекші сапында тұр. ХІХ ғасыр әдебиеті қазақ поэзиясының халықтық қуатын, ұлттық сөз өнерін күшейте түсті. Сыр өңірінің ақындық орта өкілдерінің әдеби шығармашылыққа қалыптасуына жетекші ықпал еткен орталықтар - - медреселік оқу орындары. Медреселерден білім алған ақындар ислам дінін насихаттау барысында ағартушылық сарындағы дидактикалық шығармаларын қалыптастырды. Сыр сүлейлері Базар Оңдасұлы, Ешнияз сал Жөнелдікұлы, Жиенбай Дүзбенбетұлы, Ерімбет Көлдейбекұлы, Оңғар Дырқайұлы, Күдері қожа Көшекұлы, Даңмұрын Кенжебекұлы, Мәделі Жүсіпқожаұлы, Омар Шораяқұлы, Тұрмағамбет Ізтілеуұлы, Қаңлы Жүсіп, Нұртуған Кенжеғұлұлы, Мәнсұр Бекежанұлы, Молдахмет Дабылұлы, Тұрымбет Салқынбайұлы, Сейітжан Бекшентайұлы, Мұзарап Жүсіпұлылардың барлығы да медреселерден немесе ахун-ұстаздардан білім-тәрбие алған. Ақындық өнер - көркем өнер. Екінің бірі ақын бола алмайды, сонымен бірге, жаратылысынан, тұқымынан ешкім де ақын болып тумайды. Рас, ақын болатын адамның бойында ақындық талант, қабілет, бейімділік болады. Ақындық таланттың адамда болуы, оның өскен ортасына, жас күніндегі тәрбиесіне де байланысты. Көркем өнер айрықша гүлденген, қадір тұтқан отбасылық, қоғамдық ортада ақындық талант ерте, молырақ оянып жарыққа шығады. Егер поэзия, ақын дегеннің қадірсіз, елеусіз, оның ірі, үлгі алатын таланттары жоқ болса, ақындық таланттар мүлде жарыққа шықпай жоғалып кетуі де мүмкін , -- деген пікір айтады Е.Ысмайылов[10.55]. Зерттеушінің пікіріне сүйенсек, ақындардың қалыптасуы өзі өмір сүрген орта мен тәлім-тәрбие, үлгі алған әдебиет мектеп бағасында екені ашық. Сыр сүлейлерінің ақындық ортасындағы кеңінен орын алған шығармашылық дәстүрлерінің бірі - нәзирагөйлік еді. Ақын-жырауларымыз осы дәстүрді ұстана отырып, Құран кітабы сүрелері, пайғамбарлар мен сахабалардың, періштелердің имандылық-адамгершілік тәрбиесі жолындағы іс-әрекеттері туралы оқиғаларды жырлады. Зерттеуші Н.Ғабдуллин Нәзира үлгісі жөнінде былай деп көрсетеді: Нәзира екі шайырдың бәсекесі емес, өнерге өнермен қайтарлыған жауап. Нәзирада алдыңғы ақын суреттеген оқиғалар мазмұны қайталанғанымен, кейінгі ақынның сол оқиғаларды сипаттап айтуына, қаһармандардың бейнелеуінде осы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жиенбай жырау шығармашылығы
Қазақ жеріндегі жыр айту мектептері
ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ДӘСТҮР МЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚ
Құлыншақ ақынның әдеби мұрасы
Сыр бойы ақын-жыраулары шығармаларындағы шығыстық дәстүр
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Мұқағали Мақатаев лирикасының көркемдігі
Сыр бойының жыраулық мектебі
ҚАЗАҚТЫҢ АЙТЫС ӨНЕРІ
Тәңірберген Әміреновтің әдеби мұрасы
Пәндер