Занков жүйесі бойынша дамыта оқыту
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті
Педагогикалық факультет
Бастапқы және мектепке дейінгі білім берудің теориясы мен әдістемесі
кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:Бастауыш сыныпта дүниетану сабақтарында дамыта оқыту элементтерін қолдану
5В010200
Күндізгі
БОПӘ-18
Орындаған:Әмірбек Ж .Б
(аты-жөні)
Жетекші:Жүнісова Ә.Ж
(аты-жөні)
Петропавл қ., 2021 ж.
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Дүниетану сабақтарында дамыта оқыту технологиясының теориялық негіздері
1.1. Отандық білім беру жүйесіндегі дамыта оқыту
1.2. Дамыта оқытудың тиімділігі
2. Дүниетану сабақтарында дамыта оқытудың практикалық аспектілері
2.1. Дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру.
2.2. Дамыта оқыту технологиясын дүниетану сабағында қолдану
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: Ел дамуының ертеңгі бағыт-бағдарын саралаған елбасының жолдауында білім беру саласына: Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен анықталады. Әлемдік білім кеңістігіне толығымен кірігу білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз деп ерекше мән берілген. Алайда жаһандану дәуірінде қатаң бәсекеге төтеп бере алатын мемлекет қана өркениет көшіне ілесе алады. Мемлекеттің бәсекелестік қабілеті ең алдымен оның білімділік сипатымен айқындалатынын ескере келе, білім мен тәрбие беру саласының маңызы ерекше екенін мойындауымыз керек.
Адам қазіргі дамуында табиғаты мен ойының мөлшерсіз мүмкіндіктерін игеруге ұмтылуы керек. Қазіргі таңда мұғалімдердің негізгі міндеті-ұлттық тілі жоғары, сана сезімі дамыған, өзіндік көзқарасы бар жеке тұлғаны қалыптастыру және оқушылардың өз бетімен білім алу жолына үйрету. Осыған орай оқушы оқыту үрдісініде, әрбір сабақта өзінің оқу әрекетінің мақсат-міндеттерін анықтап, соларды іске асырудың нақты тәсілдері мен амалдарын қолданып, өзін-өзі бақылап отыруға тиіс. Міне, осындай жағдайда ғана балада білімге деген қажеттілік, талпыныс, қызығу, танымдық белсенділігі қалыптасады. Оқушыны оқу үрдісінің нысаны ретінде ғана санамай, оны сол үрдістің тең құқықты мүшесі ретінде қабылдап, оқушыға бет бұру қазіргі мектеп дамуының негізгі қарқынының бірі болып отыр. Қазақстан Республикасы гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында білім берудің гуманитарлық сипаты, онда адам тек жай зерттеу объектісі ретінде ғана емес, ең алдымен шығармашылық пен таным субъектісі ретінде көрінумен бедерленеді делінген. Осыдан білім беру саласында ең алғашқы орында тұрған ол-мектеп мәселесі екенін аңғара аламыз. Себебі, мектеп бүкіл білім жүйесінің бастау алар тұсы, білімділіктің іргетасы қаланар сынақ алаңы. Бүгінгі күннің кезекті мәселесі сапалы білім беру үшін мұғалімдер даярлау. Білімнің сапалы болуы үшін ең алдымен білім бұлағы-кітапта демекші жақсы көңілге қонарлық оқулық және білімді оқушы санасына сіңіре алатын шебер мұғалім қажет.
Зерттеудің мақсаты: Білім беру сатылары арасындағы дамытудағы сабақтастықты талдау және тәжірибие мен теория жүзінде сабақтастықтың тиімділігін қалыптастыру. Оқытудың түрлері және әдіс-тәсілдеріндегі сабақтастықтың дидактикалық шарттарын тұжырымдау, оқушылардың үздіксіз дүниетану дайындығындағы сабақтастықтың теориялық, ғылыми-әдістемелік негізін жасау.
Зерттеудің міндеттері: Оқыту мен тәрбие процесінің диалектикасы оның өзара байланысында, үздіксіз дамуында, жылжымалылығында және қарама-қайшылығында ашылады. Сондықтан қарама-қайшылықты шешіп, сапалы білім беру үшін мектепте дүниетануды дамыта оқытуда сабақтастықты қамтамасыз ету қажет.
1. Бастауыш білім берудегі дамыта оқыту технологиясының тиімділігін анықтау
2. Дүниетану пәнінде дамыта оқыту технологиясын қолдану
3. Дамыта оқыту технологиясын қолдана отырып, оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру.
Зерттеудің тиімділігі:
* жаңа таным құралдарын пайдалануға және ұйымдастыруға жағдай жасайды;
* білім беруді ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз етеді;
* білім сапасын арттыруға септігін тигізеді;
* оқышылардың танымдық қызығушылығын арттырады;
* оқытудың ой-өрісін , дүниетанымын кеңейтеді;
* алған білім негізін дамыта отырып оқушының шығармашылық деңгейін шыңдап, жетістіктерге жетуіне көмектеседі;
* мұғаліммен оқушының арасында құқылы қарым-қатынас болады;
* ұжымдық үрдіс жүзеге асады;
* оқушылардың бойында белсенділік, қызығушылық, таным деңгейі жоғарылайды;
* оқушыны жалықтырмайды, қызығушылық пен құлшыныс пайда болады.

Дамыта оқыту
Қазіргі кезеңде Республиканың білім беру жүйесінің ең басты мәселесі -қазақ мектебі түлегінің білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. Ол үшін мектепке заман талабына сай мемлекеттік білім стандартын енгізу, соған сәйкес кәсіби шеберлігі дамыған кадрлармен қамтамасыз ету, өркениетті ғылыми-әдістемелік бағытқа ынталандыру, жаңа базистік оқу жоспары мен жаңа буын оқулықтарына көшу, орта білімді ақпараттандыру, тағы сол сияқты білім беру саласында жүйелі жұмыстар атқару-еліміздегі ең маңызды әрі кезек күттірмейтін ауқымды істер.
Дамыта оқыту-оқыту-күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесінде көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады. Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы : көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында, дамытудың негізгі факторында, мұғалімнің рөлі мен атқаратын қызметінде, әдіс-тәсілдерінде, оқушының білім алу белсенділігінің түрінде, оқу үрдісінің мүшелерінің әрекеттестік ерекшеліктерінде, олардың қарым-қатынасы сипатында, танып-білу үрдісін ұйымдастыру және ондағы коммуникациялар түрлерінде, т.б.
Дамыта оқыту - білім беру мекемесінің әрбір сабақта, күнделікті қарым-қатынаста, мектепте және мектептен тыс іске асырылатын өзекті мақсаты, сонымен қатар, болашақты болжаған оқушы тұлғасын өзіндік жетілдіруіне, қалыптасуына жеткізетін амал.
Даму дегеніміз материалдық және идеялық объективтілердің қайтымысыз, нақты бағытталған , жаңа сапаның пайда болуына алып келетін заңды өзгерісі. Егер жаңа сапа қандай да бір қатынасында ескіден болса,онда дамудың прогрестік, ал егер ескіге жол берсе, регрестік түрі келбетінде тұрады. (З.Қараев)
Дамыта оқыту идеясы- ТМД елдерінде әжептәуір қолданыс тауып келеді. Қазіргі кезде Мәскеуде "Дамыта оқыту" халықаралық қауымдастығы жұмыс істейді. Қауымдастықтың президенті-академик В.П.Зинченко.
"Эльконин мен Давытовтың дамыта оқыту жүйесі" бойынша Мәскеудің психология институтының зертханасы іргелі жұмыс атқаруда. Оның меңгерушісі-дамыта оқыту жүйесінің іргетасын салушылардың бірі Эльконин Данил Борисовичтің ұлы, ізбасары профессор Эльконин Борис Данилович .
Профессор Б.Д.Элькониннің пікірі бойынша "Дамыта оқыту жүйесімен білім алған балалардың дүниеге деген көзқарастары терең және көріп-білудің жаңа тәсілін игергендері көзге түседі, яғни дүние және оны тану үрдісі баланың сол үрдіспен толық шұғылдану және қызығу таныту жағдаятында пайда болады.
В.С.Лазарев ойы бойынша, дамыта оқыту бөлек бір сыныпта болуы мүмкін емес, ол үшін әбден жаңа типті мектеп қажет, педагогтерді ғана дайындамай басқарушыларды да арнайы даярлау қажет.
Орта мектепте дамыта оқыту бағыты мен іргелі түрлендіруді Ю.В.Громыко қолайлы деп санайды, бірақ оның пікірінше, бөлек сыныптарда ғана дамыта оқыту теориясын толық қолдануға мүмкіндік бар.
А.Б.Воронцовтың пікірі бойынша, дамыта оқыту жүйесіне енген мұғалім тұлғасы да мұғалімдеріне қарағанда ерекше жетіледі.
Әлемдік тәжірибеде бірнеше түрлі өзара балама мектептер баршылық, әр біреуінің ұтымдылығы әр түрлі. Мысалы, дәстүрлі мектеп түлектерінің білімділік деңгейі жүйелілік, теориялық, ғылымилық тұрғыдан қарастырғанда жоғары, бірақ сол білімдерін қолдануғ іскерлік қасиет-қабілеттерінің шеңбері тап болып келеді.
Оқушы тұлғасының дамуына максималды себепкер болу үшін дамыта оқыту идеясы бойынша ұстанымдар жүйесі қалыптасқан:
1.Оқыту үрдісінде танып-білу арналған материалға және оның игеру уәжіне оқушының қызығуын тудыру.
2.Мұғалім білім беру мазмұнын өңдеп жоспарлағанда оқыту үрдісін оқушы есептің шешуін табу, не басқа оқу мәселесін шешу барысында өзінің өзекті даму аймағына сүйенетіндей етіп, ал нәтижесі оның жақын даму аймағына әкелетіндей етіп жасау керек. Басқаша айтқанда, оқыту үрдісі оқушының өзіне берілген есепті шешу барысында оны шешуге қабілетті,білімі жеткендіктен оны ұжымдық талқылап, ойланып ,гипотеза сынып, оны тексеруіне, қосымша әдебиеттермен жұмыс істеуіне негізделуі қажет.
1.Оқушының тиімді даму жолдарын ашу үшін олардың әрқайсысының "жеңістің жағдаятын" алдын ала ескеру қажеттігі туралы,яғни оларға өз күштерімен шығара алатын есептер мен атқара алатын оқу тапсырмаларын беру керек. Сонда бала өзін жеңімпаз, қиын шығады басып өтуші, меншікті жеңісті иеленуші ретінде сезінеді.
2.Жұмысты тексеруде баға оқушының жеткен нәтижесіне емес, оның еңбегінің мөлшеріне сәйкес қойылуы керек.
3. "Сырттағы" білімді "іштегі" білімге алмастыруға арналған іс-әрекеттер тілектерін алдын ала болжау қажет. Бұл нәтиже топтық талдау, пікірталас және т.б.жеткізеді.
4.Дамыта оқыту үрдісінде білім дайын берілмеуі тиіс,оқушы білім тереңіне қарқынды еңбегін қажет ететін тапсырманы орындау арқасында жетуі керек.
Дамыта оөту идеясы бойынша оқушыға оқу мақсаттарын қоюда,шешуде ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім-сабақ үрдісін ұйымдастырушы, бағытталуы адам ретінде. Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзіне дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз ойын білдіріп, пікір айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар әр жағдайда дұрыс бола бермек. Дегенмен, әр бала жасаған еңбегінің нәтижесі бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді. Осындай негізде құрылған іс-әрекеттер бір-бірімен тығыз байланысты: "Қажеттілікті анықтау,оның активін шығару, мақсат қою ,мақсатқа жету үрдісі (әрекет, операциялар), нәтижесін шығару".
Бүгінгі кезде жоғарыда жазылған барлық сипаттаушы қасиеттерін игерген мектеп саны жоққа жуық. Бірақ, бұл мақсатқа ынталанған мектептер бар.
Сонымен, жалпылап айтқанда, оқушы тұлғасының дамуына ықпал жасайтын сабақтар үлгісінің бәріне жүктелетін міндеттер жүйесі төмендегідей:
* оқушылардың базалық білім, естелік,дағдыларын (білім беру стандарты бойынша) игеру жүйесін жетілдіру;
* оқыту үрдісінде оқушының теориялық және өнімділік ой құрастыру әрекеттерін, танымдық қабілеттерін белсендіру;
* оқушылардың танымдық қызығуларын , оқуға деген мотивациясын дамыту;
* оқу материалын игеруде және іс-әрекеттерінде жете ұғынуға талпындыру;
* белгілі бір мәселе шешуде оқушылардың ынтымақтастығын, серіктестігін ұйымдастыру ;
* көбіне оқу жұмысының топтық түрлерін қолдану;
* оқушылардың өзіндік жұмыстарының ізденісті-зерттеу түрлерін ұйымдастыру;
* оқу үрдісінде компьютерлік технологияларды қолдану;
* оқыту барысында әр түрлі шапшаңдықпен және әр түрлі көлемді оқу материалын игерудің мүмкіншілігіне ашу;
* дамытуды оқытуға арналған ойындарды қолдану;
* жаттығу сабақтарын сапалы ұйымдастыру.
Осы міндеттерге жүгіне отырып,дәстүрлі білім беру жүйесінде де оқушы дамуына жәрдемдесетін кейбір қажетті қасиеттер бар. Олар:
* Мектепте және әрбір сыныпта, оқу тобына мұғалім мен оқушылардың күш-жігерлерін біріктіретін оңтайлы жағдай тудыратын тілектестік жұмыс жағдайын қалыптастыру;
* Оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы ( өзара сайлау, түсінісу, әрекеттестік ұстанымымен жеке тұлғалық түсінушілік негізінде іске асырылуы);
* Оқыту үрдісінде репродуктивтік және шығармашылық іс-әрекеттер оқушылардың жеке бас ерекшеліктерімен, уақытша жағдайымен, оқыту материалының деңгейімен анықталуы;
* Оқыту деңгейінің анықталған бірізділікті-біртінденушіліктің болуы ( оқыту жылдарына байланысты, нәтижелеріне байланысты, білім беру стандарттарына сәйкес, т.б.);
* Оқу материалы бөлек-бөлек пәндерге бөлінуі және соған қоса кіріктірілген курстардың да болуы ( табиғаттану,әлеуметтік ғылымдар, қоршаған орта және т.б.);
* Оқушылардың шығармашылық мүмкіншілігін тудырып, қабілеттерінің жан-жақты дамуына ынталандыруды көздеген әр түрлі әдіс- тәсілдердің кең қолданылуы (диалог-сабақтар, ғылыми жоба қорғау сабақтары, пікірталас, іскерлік ойын сабақтары, т.б.);
* Оқушылар әжептәуір уақыт аралығында мысалы, ( бір, не бірнеше жыл) белгіленген бір тұрақты топтарда сабақтасуы. Бұл топтардың ішінде аз сынды топтар қалыптасып уақытша (бір , не бірнеше сабаққа) қызметтесуінің мүмкіндігі және жұппенжұмыс , жеке оқушымен жұмыс жүргізілуі;
* Балалардың эмоционалды-сезімділік және абстрактілі, логикалық ой құрастыруын дамытуға ықпал етілуі;
* Үкіметтің білім беру саласындағы стандарттары бәріне бірдей екендігін естен шығармай, жалпы білім беруді кемсітпей, оқыту үрдісінде әрбір оқушының қажеттіліктері мен қызығуларының ескерілуі;
* Оқу жоспарларында міндеттелген және таңдап оқитын пәндердің үйлесімді қосылуы;
* Оқушылардың танымдық қызығуын арттырып және білім алу нәтижелерін жүйелі талдаудан өткізіп, бағалау;
* Оқушылардың өздерінің жетістіктерін өздеріне талданып, өздік бағалау әрекеттерінің ұйымдастырылуы.
Қазір біздің елдің мектептерінде осының бірталай баптары игерілу үстінде. Олар: мектептерде өзіндік басқару ұйымдары, топтық жұмыс істеу әдістері мен түрлері, таңдап оқитын курстардың санының көбеюі ,т.б.
Балама мектеп идеяларын дәстүрлі мектепке енгізудің қажеттілігінің негізгі дәлелі білім беру мақсатының, бағытының өзгеруіне жатыр, яғни ол таза әлеуметтік бағытталған мақсаттан тұлғалық бағытталған мақсатқа ауысуына.
Осының барлығын іске асыру үшін кәсіби шеберлігін шыңдауға шаршамайтын, ұстаздықтан жалықпайтын, танымгер, өз әсеріне құштар , яғни демократиялық әулеті жете дамыған мұғалім қажет. "Бала ұрпақты баулу, тәрбиелеу-аға ұрпақтың мойнына жүктелетін тарихи парыз, игілікті уәзипа"-де, ақылды ақын М.Әлімбаев айтқандай, әрбір ересек адамның сана-сезіміне салмақты орын алуы тектік қорымызды сақтауға жетелеуші алғышарт болып табылады.
Оқыту процесінде дамыту
Ағымдағы жүзжылдықтың 30 жылдары Л.С Выготский қазіргі замандағы оқытудың концептуалдық қағидаларының бірін тұжырымдады;
"Оқыту дамытудың аяғында сүйретілмей, оны артынан жетелеп келеді ". Егер осы ереженің бірінші бөлімі психикалық даму мен оқытудың байланысын тіркеп отырса, онда екіншісі - оқытудың осындай рөлін қамтамасыз етуші психологиялық механизмдердің қандай екендігі туралы сұраққа жауап ұйғарады. Бұл жерде Л. С.Выготский бала дамуының ... ішкі сипаты бар, бұл жетілу мен оқытудың әсері бірге қосылатын бірыңғай процесс екнін атап өтті. Л.C.Выготскийдің, Д.Б.Элькониннің, В.В.Давыдовтың өздерінің зерттеулері баланың өмірге белсенді бейімделуінің барлық жағдайын бейнелейтін дамыта оқытудың отандық тұжырымдамасы әзірлемесінің психологиялық негіздерін салды;
Табиғат әлеміне, жалпы адамзаттық мәдениетке, маңызды басқа әлемдерге ену, сонымен қатар, баланың өзіндік сана - сезімін дамыту . Қазіргі уақытта дамыта оқытудың В.В. Давыдов пен Л.В. Занков ұсынған негізгі екі түрлі жүйелі түрде зерттелген. Егер біріншісі Л.С.Выготский, Д.Б.Эльконин, А.Н.Леонтьевтің
ережелеріне негізделсе, екіншісі Л.В.Занков шығармашылығымен тұтас барлық
психологиялық және педагогикалық жетістіктердің шығармашылық тұрғыда
қайта өнделеген тәжірибесі болып табылады. Соның өзінде Л.В.Занков бұл
тәжірибеге өзінің эксперементалдық жүйесін әзірлемес бұрын және оны
аяқтағаннан соң да біршама сенімсіздікпен бағалаған болатын. Ол педагогика
мен психологияның жетістіктеріне сүйену мүмкіндіктері алдыңғы кезеңмен
салыстырғанда айтарлықтай кеңейген жоқ деп санады.
Занков жүйесі бойынша дамыта оқыту
Л.В Занков мектеп оқушыларын қарқынды дамыту міндетін қоя отырып. Оның көзқарасы бойынша, оқу материалының заңсыз жеңілдетілуінің, оның қиынсыз баяу оқытылуы және бірсарында қайталануын сын көзбен бағалайды.Л.В Занков бойынша, дамыта оқыту ең алдымен, осы оқудағы жетіспеушіліктерді жоюға бағытталған. Л.В Занковтың зерттеген дамыта оқытудың эксперименталдық жүйесінде келесі принциптер орын алады:
- қиындықты жоғары деңгейінде оқыту. Оны жүзеге асыру қиындық өлшемін сақтау, тосқауылдарды жою, оқылатын құбылыстардың өзара байланысы мен жүйелілігін түсінуді ұйғарады;
- теоретикалық білімдердің жетекші рөлі, принципі, оған сәйкес ұғымдар, қарым-қатынастар, оқу пәні ішіндегі байланыс пен пәндер арасындағы байланыс дағдылар қалыптастыру маңыздылығынан кем емес;
- мектеп оқушыларының өзінің оқуын өзіндік сана-сезімімен ұғынуы. Ол рефлексия, өзін оқу субъектісі ретінде ұғынуы;
- барлық оқушылардың дамуы бойынша жұмыс принципі. Оған сәйкес, жеке ерекшеліктер ескерілуі тиіс, бірақ оқыту барлығын дамытуы тиіс, себебі "дамыту оқытудың нәтижесі".
Л.В. Занков жүйесінің негізгі ерекшеліктері болып: мектеп оқушыларының жоғары жалпы дамуына бағытталуы; оқытудың жүргізілуінің жоғары деңгейіндегі қиыншылығы; оқу материалын өтудің тез жылдамдылығы, теоретикалық білімдердің үлес салмағының күрт көтерілуі. Оқытудың берілген жүйесі ойлауды, оқушының эмоциялық саласын дамытады, оқығанының негізгі мазмұны мен жалпы мағынасын анықтауға және түсінуге үйретеді.
Давыдов бойынша дамыта оқыту.
В.В.Давыдовтың дамыта оқыту жүйесі оқытудың қазіргі жүйесіне ең алдымен, оқушының танымдық әрекеті, танымның бағыты бойынша қарама-қарсы қойылған. Қазіргі оқыту көп жағдайда жекеден, нақтыдан, жалғыздан- ортаққа, абстрактіліге, тұтастыққа бағытталған, жағдайдан, фактіден-жүйеге; құбылыстан-мәнге бағытталғаны мәлім. Осындай оқытудың барысында дамитын баланың ойлауы В.В.Давыдов бойынша, эмпирикалық деп аталады. Л.С.Выготский мен Д.Б.Элькониннің жұмыстарының жалпы теоретикалық контексінде В.В.Давыдов оқытудың жаңа жүйесінің дәстүрліден гөрі: жалпыдан жекеге, абстрактіден нақтыға, жүйеліден жалғызға бағытталған теоретикалық әзірлемелеу мүмкіндігі туралы мәселе көтерді. Осындай оқытудың процесінде дамитын баланың ойлауын В.В.Давыдов теоретикалық, ал осындай оқытудың өзін- дамытушы деп атады. Бұл жерде В.В.Давыдов ой-еңбегінің дамуында оқытудың жетекші маңыздылығы, ең алдымен меңгерілетін білімдердің мазмұны арқылы көрінеді деген Л.С.Выготский мен Д.Б.Элькониннің негізгі ережелеріне сүйенеді, одан оқытуды ұйымдастырудағы әдістер туады. В.В.Давыдов тек қана оқу пәндерінің мазмұнын ғана емес, оқу әрекетінде осы пәндерді игеру барысында оқушыда қалыптасуға тиіс біліктерді де тұжырымдайды:
- "Жалпы және абстрактілі сипаттағы білімдерді меңгеру";
- Берілген оқу пәнін немесе оның негізгі тарауларын белгілейтін білімдерді олардың пайда болуының шарттарын талдау процесінде меңгеру;
- Оқушылардың қандай да болмасын білімдерінің заттылық көзін анықтауда оқушылар оқу пәнінде ең алдымен берілген білім объектінің мазмұны мен құрылымын, ортақ қатынасын анықтай алуға қабілетті болулары тиіс.
- Бұл қатынасты оқушылар ерекше заттылық, графикалық немесе әріптік модельдерде қайта жаңғыртады, ол оның қасиетін таза түрде зерттеуге мүмкіндік береді.
- Оқушылардың әрекеттерді орындауда ой-еңбектік тұрғыдан сыртқы тұрғыға және кері орындауға ауыса алу қабілеттері болуы тиіс.
1.2. Дамыта оқытудың тиімділігі
Дамыта оқытудың тиімділігі
Оқу - адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады.
Даму ұғымы сөздікте ... мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы, - деп түсіндіріледі.
Даму ұғымының психологиялық анықтамасы-жаңарту процесі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны береді. Барлық табиғат құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып, өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады.
Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылыми жеткілікті дәрежеде дәләлдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған көрнекті психолог Л.С.Выготский.
Ол дамуды оқытумен тең, керісінше оқу мен даму екі бөлек процесс деген көзқарастарды қатты сынға алды. Ең алғаш рет бала дамуының төмендегідей екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынды.
1.Бала дамуының жақын аймағы - баланың тек үлкендердің көмегі арқылы атқара алатын істері.
2.Бала дамуының қол жеткен аймағы - баланың үлкендердің көмегінсіз істей алатын істері.
Баланың дамуы бірінші аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады. Дамудың қол жеткен аймағы жақын аймақпен өзара қызметтесе отырып, оны игерген кезде дамуға өріс ашылады.
И.Я.Лернер даму деген ұғымды педагогикалық заңдылықтарға негіздей отырып, адамның әртүрлі қиындықтардағы мәселелерді шеше білуге дайындығы деп түсіндіреді. Мұндай анықтама интеллектуалдық іс-әрекетті жоғары орынға шығарады. Мәселе қаншалықты күрделі болса, оны шешуге жұмсалатын ақыл-ой қызметі де соншалықты кең, аумақты, демек даму деңгейі де жоғары болады.
Л.В.Занков ақыл-ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды іске асырады деп есептейді. Олар байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білу, практикалық іс-әрекеттер атқара білу.
В.В.Давыдов ақыл-ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысын есептейді.
Тұтас алғанда барлық авторлардың даму туралы ойлары оқыту барысында баланың психикасының жаңа сапалық деңгейге көтерілуі дегенге келіп саяды және оның басты шарты ретінде әрекет алынады. Мектеп оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл-ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз.
Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.
Дамыта оқыту деген термин психология ғылымының қойнауында туып, баланың дамуын қарастырған (Ж.Пиаже), ойлаудың әртүрлі деңгейін, типтерін (В.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн) және басқа да психиканың функциясын зерттеген (Б.Г.Ананьев, Г.С.Костюк, А.А.Люблинская, А.Менчинская) және т.б. іс-әрекет теориясының психологиясын жасаған (А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальперин) еңбектерінде жан-жақты талданды. Нәтижеде дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент жасалып, оның бірін Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, ал екіншісін Л.В.Занков басқарады.
Кейінгі жылдары дамыта оқыту психология мен педагогика ғылымдарының келелі мәселесіне айналды. Жүйенің авторлары дамыта оқыту деп - оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды атайды. Оқыту арқылы баланың психикасында жаңа құрылымдар пайда болуы, яғни жаңа сапалық өзгерістер болуы тиіс деп есептейді. Жүйенің басты мақсаттарының бірі - баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау.
Дамыта оқыту - дәстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін балама жүйе деп қарастырылды. Оның нәтижесінде әр оқушы өзін-өзі өзгертуші субъект
дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған оқыту барысында лайықты жағдайлар жасау үлкен нәтиже берді.
Дәстүрлі және дамыта оқыту жүйелерінің негізгі белгілерінің салыстырмалы сипаттамасы,педагогикалық процесінің компоненттері, мазмұнындағы басымдылық, дәстүрлі иллюстрациялық түсіндірме әдісі, дамыта оқыту.
Мақсат: Оқушыларда білім, білік, дағды қалыптастыру. Байқампаздығын, ойлауын, практикалық әрекетін дамыту, бастапқы мазмұн факторлар, мысалдар, тақырыптар, дәлелдер заңдылықтарды, теорияларды, ұғымдарды, ережелерді қорыту.
Оқытудың формалары: Жеке, топтық, бірлескен ұжымдық іс-әрекет.
Оқыту әдістері: Ауызша түсіндіру, көрнекілік, практикалық, проблемелық баяндау, ізденушілік, зерттеушілік, ойлау бақылау, бағалау.
Оқытудың нәтижесін мұғалімнің бақылауы, бағалауы Өзін-өзі бақылау, өзін-өзі бағалау, рефлекция. Дәстүрлі оқыту әдістемесі негізінде метафизикалық (сандық, мазмұндық) әдіснама, ал дамыта оқыту технологиясының негізінде диалектикалық (интенсивті, сапалық, мәнділік) әдіснамасы жатыр деп айтуға болады. Дәстүрлі оқыту балада білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарасқа, ал дамыта оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді, ойлауды, жаңа белестерге көтеруді мақсат тұтатын принциптерге негізделген. Дәстүрлі оқыту жаттауға, есте сақтауға, ал дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана білуге үйретеді.
Дамыта оқытуда баланың ізденушілік - ойлау әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей 3 құрамдас бөліктерден тұратын болады.
1. Оқу мақсаттарының қойылуы.
2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.
3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
Бұл - үшеуі дамыта оқытудың Д.Б.Элконин - В.В.Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері. Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ процесін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам рөлінде шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкііндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен әр бала жасаған еңбегінің нәтижесімен бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді.
Мұндай көзқарасты ұлы Абай да уағыздап кеткендігіне тоқталған жөн. Қоршаған ортаның шындығын мойындай отырып, Абай ақыл мен сана еңбек барысында қалыптасатындығын айтады.
Ол адамның ішкі сезімді қуаттарын біртұтас етіп алады. Оның он жетінші сөзіндегі қайрат, ақыл, жүректің сөз таластыруында тек бірлесіп ынтымақтасқан жағдайда ғана күш алатын үш түрлі жан құбылысын әдеби-публицистикалық тұрғыдан көрсеткенін байқаймыз. Бұдан бұл мәселенің ұлттық психологиямыз бен философиямызда да ежелден көтеріліп келе жатқандығын көруге болады.
Дамыта оқыту жүйесінде оқушылардың ойларын жетілдірудің маңызы зор.
Біріншіден - дамыта оқытуда білім даяр күйінде берілмейді, оған оқушы өз оқу әрекеті арқылы қол жеткізеді. Сабақтың алғашқы ізденіс кезеңінде жаңа ақпарат жайлы не білетіндіктерін ортаға салып, мәселені өз беттерінше шешуге талпынады. Сөйтіп олар осы мәселе туралы өз білімдерінің жеткіліксіз, таяз екенін сезіну арқылы сабаққа деген қызығушылықтары оянады, ішкі түрткілері пайда болады.
Екіншіден - дамыта оқытуда оқушы жоғары қиындықтағы мәселелерді шеше отырып өзінің санасының саңылауларын ашады. Әр оқушының өзінің деңгейіне дейін дамуға қол жеткізе алады. "Жақсы оқушы", "Жаман оқушы" ұғымының болмауы, балаларды танымдық әрекеттерге ұмтылдырады, құштарлығын арттырады.
Үшіншіден - оқушының жеке басын дамытатын басты құрал - ол өзінің әрекеті. Сол себепті дамыта оқытудағы оқыту әдістері оқушыны белсенді жұмыс жағдайына қоя отырып, мәселелерді, қайшылықтарды шешу мақсатын қояды.

2.1 Дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру
Тәуелсіз еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны ерекше. Бастауыш саты - білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Біздің міндетіміз - жеке тұлғаны дамытып, білімге деген сенімін нығайту, оқуға қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру. Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына үлкен мақсаттар мен жаңа міндеттер жүктейді. Жас ұрпақты жан-жақты жетілген, ақыл-парасатты, ой-өрісі биік, бәсекеге қабілетті азамат етіп тәрбиелеу - қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Бұл әр мұғалімнің шығармашылық ізденіспен жаңаша істеуін қажет етеді. Мектеп оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, оқушының маңызды психикалық қызметтерін, ақыл-ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйренетін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз.
Дамыта оқыту деп - оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды атайды. Оқыту арқылы оқушының психикасында жаңа құрылымдар пайда болуы, яғни жаңа сапалық өзгерістер болуы тиіс деп есептейді. Сондықтан да жаңа сапаға ие, шығармашыл, қабілетті адамдар тәрбиелеу үшін дамыта оқыту жүйесін ең негізгі басшылыққа алар нысана деп білеміз. Оқыту барысында оқушының ақыл-ойын, қиялын т.б. танымдық үрдістерін дамытып қоймай, оқушыны әртүрлі әрекеттің субъектісі болып қалыптасуын қамтамасыз етуді алдыңғы қатарға шығарды.
Дамыта оқытуды ұйымдастыру, оқушыға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту үрдісінде оқушы оқу әрекетімен шұғылданып, теориялық ойлауға икемделеді, білімді өзі меңгеруге мүмкіндік алады. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда танымдық іс-әрекетті ұйымдастырып, оқушының шығармашылығын арттырады. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Осыған байланысты Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов жасаған жүйесі үш негізгі құраушыдан тұрады.
1. Оқу мақсаттарының қойылуы.
2. Оны шешу жолын бірлесе қарастыруы.
3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеуі.
Сабақты жақсы оқитын оқушылармен ғана белсенді жұмыс істеп қана қоймай, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызып, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек ету ойластырылса, әр оқушының оқуға деген қызығушылығы артады. Дамыта оқыту ұлы неміс педагогы А.Дистербергтің әйгілі Неміс мұғалімдерінің білім беру ісіне басшылық атты еңбегінің де негізі болып табылады. Дамыта оқыту деп ол баланың білім алуға әрекет етуін ұйымдастыратын оқытуды атаған. Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді - деген. Ал ойлауға үйрететін сабақты дамыта оқыту сабақтары деп білеміз.
Білім негізі бастауыштан басталатыны белгілі. Бастауыш сынып оқушысы не нәрсені болса да білуге құмар, қолымен ұстап, көзбен көргенді ұнатады. Зейіндері тұрақсыз болғандықтан бір сарынды оқудан тез жалығады. Сондықтан оқу мазмұны мен тәрбие әдістерін жаңарту бағытында оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру үшін жан-жақты іздене отырып, өз алдыма мынандай мақсат қойдым: Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын оятып, танымдық белсенділіктерін арттыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау.
Әр сабағымды қызықты, өзгеше өткізу үшін, әр пән бойынша көптеген жұмыстар жасауға тура келеді.
Танымдық белсенділік дегеніміз - оқушының оқуға, білімге деген ынта- ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Мысалы, мұғалімнің баяндап тұрған материалын түсіну үшін, оқушының оны зейін қойып тыңдауы, алған білімін кеңейтіп толықтыру үшін, өздігінен кітап оқуы, бақылау, тәжірибе жасау, жазу, сызу сияқты жұмыстар істеуі керек. Өйткені өтілген материалды саналы қайталауда, жаңадан білім алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйренуде белсенділіксіз мүмкін емес. Яғни оқушылардың белсенділігі ауызша, жазбаша жұмыстарда, бақылау эксперименттер жүргізу жұмыстарында, бір сөзбен айтқанда, оқу үрдісінің барлық кезеңінде қажет.
Ал, таным - ойдың білмеуден білуге қарай дәл емес, білуден неғұрлым толық дәл білуге қарай ұмтылатын ой-өрісінің күрделі үрдісі.
Танымдық белсенділік көп түрлі тұлғалық қатынастардың қалыптасуымен тығыз байланысты. Танымдық әрекеттің белгілі бір ғылым саласымен таңдаулы қатынасы, танымдық әрекеті, оларға қатысу және қатысушылармен танымдық қарым-қатынасы маңызды келеді. Сонымен бірге, адамның барлық жоғарғы таным процестерінің өзінің даму деңгейінен белсендіруде танымдылық белсенділік тұлғаның шындықты қайта құру әрекеті нәтижесінде ұдайы ізденіске жетелейді.
Баланың жеке тұлғасында танымдық белсенділігінің дамуы бес-алты жас аралығында қарқынды келеді. Бұл әсіресе баланы логикалық тапсырмаларды белсенді орындауы, жауап кілтін табуға ширақ келуі, білуге деген ұмтылысы танымдық ойындар арқылы оқу әрекетінің міндеттерін шешуде айқын көрінеді.
Дүниеде бірқалыпты ештеңе жоқ. Өмірдің де қатып қалған заңдылығы болуы мүмкін емес. Адам да, заман да үнемі даму үстінде, қозғалыс үстінде болады. Қарапайым ғана мысал: дария да тасиды, жер де сілкінеді, бұлттар да көшеді. Тіпті жартастардың өзін де су шайып, жаңартып, тазартып тұрмай ма? Өмірдегі ең үлкен трагедия-күресті тоқтату-дейді Н.А.Островский. Ал күрес дегеніміздің өзі-қозғалыс, алға қарай ұмтылыс, даму, жаңару емес пе? Демек, оны ешкімнің тоқтатуға хақысы жоқ. Осының нақты айғағындай, еліміз қазір үлкен өзгерістер үстінде тұр. Әр күн сайын оның әрбір парағы үлкен бір жаңалықтармен ашылуда. Әсіресе білім беру жүйесіндегі жаңалықтар ұстаздар қауымына жаңа міндеттер жүктеп отырғаны белгілі. Білім мен ғылымның ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz