Барлық ірі қара мал


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

НОРМАТИВТІК сілтемелер
3
НОРМАТИВТІК сілтемелер: аНЫҚТАМАЛАР
3: 5
НОРМАТИВТІК сілтемелер: Белгілеулер мен ҚЫСҚАРТулар
3: 7
НОРМАТИВТІК сілтемелер: КІРІСПЕ
3: 8
НОРМАТИВТІК сілтемелер: 1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
3: 13
НОРМАТИВТІК сілтемелер: 1. 1 Ірі қара шаруашылығының дамуы, өндірістік маңызы, инвазиялық ауруларына сипаттама
3: 13
НОРМАТИВТІК сілтемелер: 1. 2 Гиподерматоз ауруына сипаттама
3: 6
НОРМАТИВТІК сілтемелер: 1. 3 Ірі қара етінің морфологиялық құрамы және қоңдылығын анықтау
3:
НОРМАТИВТІК сілтемелер: 1. 4 Шығыс Қазақстан Облысының әр түрлі аудандарында ірі қара гиподерматозы таралуының соңғы жылдардағы салыстырмалы көрсеткіштері
3: 26
НОРМАТИВТІК сілтемелер: 2 НЕГІЗГІ БӨЛІМ
3: 33
НОРМАТИВТІК сілтемелер: 2. 1 Зерттеу материалдары мен әдістері
3: 33
НОРМАТИВТІК сілтемелер: 3 ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ
3: 41
НОРМАТИВТІК сілтемелер: 3. 1 Сиыр және бұзауларын клиникалық тексеру
3: 41
НОРМАТИВТІК сілтемелер: 3. 2 Сиырды сою технологиясы, ветеринариялық санитариялық сараптау
3:
НОРМАТИВТІК сілтемелер: 3. 7 Сиыр етінің тағамдық құндылығы (химиялық құрамы, дәрумендері және минералды заттарының мөлшері)
3: 75

ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІН ТАЛДАУ

ҚОРЫТЫНДЫЛАР

ТӘЖІРИБЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ

Ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес. Өнімділікті арттырып, шикізат өндірумен ғана шектелмеу үшін, сондай-ақ қойма және көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында шұғыл шаралар қабылдау керек. Кооперация шаруашылықтарға шикізат сатып алу, өнім өндіру және оны сатуды ұйымдастыру барысында күш жұмылдыруға мүмкіндік береді. Ауыл еңбеккерлерінің ауыр жұмысы тым арзан бағаланады. Бұл - жасырын емес. Табыстың басым бөлігіне алыпсатарлар кенеліп жатады. Сондықтан, субсидия және салық жеңілдіктерін беру бағдарламалары аясында ауылдық жерлердегі кооперацияны ынталандыру үшін тиісті шаралар топтамасын әзірлеу қажет. Аграрлық секторға инвестиция тарту ауадай қажет. Кәсіби мамандардың тапшылығы, сондай-ақ аграрлық ғылымның ойдағыдай дамымауы - бұл саладағы қордаланған мәселелер. Осы бағытта атқарушы билік тарапынан нақты шаралар қабылдануы керек [1] .

Ветеринария саласы - жануарлардың аурулары мен азықтан улануын зерделеуге, олардың профилактикасына, диагностикасына, оларды емдеуге және жоюға, мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілерінің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз етуге, сондай - ақ халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауға бағытталған арнаулы ғылыми білімдер мен практикалық қызмет саласы [2] .

Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңы келесідегідей мәселелердің алдын алу үшін және жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды өндіруде, дайындауда, сақтауда, сатуда ветеринариялық - санитариялық қауіпсіздігін, зоогигиеналық талаптарды қадағалап отырады.

Дипломдық жұмысымның өзектілігі Мал шаруашылығында ірі қара өсірудің орны ерекше. Мүйізді ірі қара малынан жоғары сапалы ет пен сүт өндіріледі. Мал шаруашылығында, малдардың өнімділігін төмендететін себептерінің бірі ретінде мүйізді ірі қара гиподерматозын айтуға болады.

Гиподерматозбен ауырған мүйізді ірі қараның сойыс өнімдерінің сапасы төмендеп, сүт шығымы азаяды. Сонымен қатар аса бағалы шикізат-терінің сапасы төмендейді. Сондықтан да гиподерматоздан келетін экономикалық шығын орасан зор [3, 4] .

Төменгі қолданылған ғылыми әдебиеттерде Шығыс Қазақстан облысының әр түрлі аудандарында ірі қара мал гиподерматозымен зақымданған 2 жасқа дейінгі және 2 жастан асқан ірі қара малдарының соңғы жылдардағы орташа инвазия экстенсивтілік көрсеткіштері көрсетілген. 2017 жылы бұл көрсеткіш 44, 68 % құраса, 2018 жылы- 43, 28%, ал 2019 жылы - 34, 95% құрады. Аталған аудандарда 2 жастан асқан ірі қара малдары арасында гиподерматоздың таралуының салыстырмалы көрсеткіші келесідей: 2017 жылы - 23, 28%, 2018 жылы - 22, 12%, ал 2019 жылы - 12, 49% [5] .

Гиподерматоз - қос қанатты бөгелектің балаңқұрттарының зиянды әрекеттерінен туатын ірі қараның созылмалы тері ауруы. Ол балаңқұрттардың орналасқан жерінің қабынуы мен организмнің жалпы уланып, мал өнімділігінің төмендеуімен сипатталады [6, 7] .

Атап өтетін бір жағдай, балаңқұрттар денеде бір жерден, екінші жерге көшіп жүруінің барысында, малдың салмағын жоғалтып, азуына әкеледі. Өңеште балаңқұрттар өңештің бітелуін және ас қорыту қызметінің бұзылуын тудырады. Бірақ та, балаңқұрттардың бұл іс-әрекетінен сиырлар күйзеле қоймайды., ал балаңқұрттар жұлынға түскен кезде, қатты ауыртып, салдануға дейін апарады [8, 9] .

Балаңқұрттармен жоғары дәрежеде зақымданса, анемия дамып, зат алмасуының бұзылуына әкеп соқтырады. Балаңқұрттар омыртқадан жұлынға еніп, қыстау кезінде организмге өте ауыр әсер етеді. Мал ауырсынып, аяқтары салданады. Егер өңеште көп болатын болса, өңеш қабынып, жұтынған кезде ауырсынып, азық қабылдауы нашарлайды [10] .

Балаңқұрттар арқадаорналасқан кезеңінде қабыну процесі дамып, төмпешіктер пайда болады. Теріні тесіп, тыныстай бастағанда өзектен сыртқы ортаға іріңді сұйық шығып, кейіннен ол қатып, қабыршаққа айналады. Төмпешіктердің көлемдері ұлғайып, мал арқасында жара пайда болады [11] .

Ғылыми әдебиеттерде зерттеу жұмыстарының статистикалық қорытындысы бойынша 2018 жылы шаруашылықтағы ірі малдарының гиподерматозбен ауырғандығы жоғары экстенсивтілікті көрсетті. Себебі, аудандағы климаттық жағдайлар, малдардың ерте көктемде және күз айларында ветеринариялық-санитариялық шараларының алдын-алу жұмыстарының уақытылы жүргізілмеуі, жүргізілеген жағдайда сапасыз орындалуынан болады [12, 13] .

Дипломдық жұмыстың мақсаты Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Көкбай ауылында орналасқа «Олжас» шаруа қожалығында өсіріп-бағылатын Сиыр гиподерматозындағы ветеринариялық санитариялық шараларын ұйымдастыру.

Осыған байланысты дипломдық жұмысты орындау барысында төмендегідей міндеттерді шешу қойылды:

  1. Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Көкбай ауылында орналасқан «Олжас» шаруа қожалығы және жақын орналасқан шаруа қожалықтарын соңғы 3 жылдағы гиподерматозбен зақымдануын салыстырмалы түрде анықтау;
  2. Ірі қара мал ұшалары арасында гиподерматоз ауруымен зақымдалған ұшаларды анықтау;
  3. Гиподерматозбен зақымдалған ірі қара мал ұшасын және ішкі ағзаларын малдәрігерлік санитариялық сараптау;
  4. Гиподерматозбен ауырған ірі қара мал етіне сезімдік, биохимиялық зерттеулер жүргізу;
  5. Гиподерматозбен ауырған ірі қара мал етіне физикалық және химиялық зерттеулер жүргізу.
  6. Сиыр гиподерматозындағы ветеринариялық санитариялық шараларын ұйымдастыру.

1 ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

Ірі қара шаруашылығы - мал шаруашылығының өнімді көп беретін саласы. Ірі қараның арғы тегі ертеде Еуразия құрлығының далалы, орманды далалы өңірінде таралған жабайы түрі. Ол бұдан 7-10 мың жыл бұрын Жерорта теңізі маңындағы елдерде қолға үйретілген. Ірі тұлғалы, денесінің биіктігі 2 м шамасында, мүйізі алға қарай бағытталып, ұзын болып келеді. Ерте кездерде көп аулағандықтан, түрлер саны азайып, XVII ғасырдың басында біржола жойылып кеткен.

Сүт өндіру бағытындағы ірі қара өсіру көбінесе қала маңы мен халық тығыз қоныстанған аудандарда дамыған. Әсіресе Еуропа мен Солтүстік Американың орман зонасында орналасқан елдерде жақсы жолға қойылған. Сүт өндіруден АҚШ, Ресей, Үндістан, Бразилия және Батыс Еуропа елдері ерекше көзге түседі. Жайылымдық жерлер мен шөптесін өсімдіктердің жеткілікті болғанына қарамастан, Африкада, әсіресе оның тропиктік аймақтарында ірі қара саны өте аз. Оның басты себебі - ұйқы ауруының қоздырғышын тарататын цеце шыбыны. Сондықтан мұнда бұл ауруға шалдықпайтын ірі қарадан зебу өсіріледі [14] .

Сиыр - сүтқоректілер класының жұптұяқтылар отрядына жататын күдір тұқымдастар өкілі. Қазіргі кезде дүние жүзінде сиырдың 250-ге жуық әр түрлі қолтұқымдары өсіріледі. Сиырдың еті, сүті және терісі басқа да өнімдері күнделікті тұрмысымызда қажетімізді өтеп келеді. «Сиыр - бір үйдің асыраушысы» деген сөз бекер айтылмаса керек.

Сиырдың пірі - Зеңгі баба. Мүшелдік жыл санауда сиыр - екінші жыл. Ірі қарадан алынатын негізгі өнім сүті мен еті болғандықтан, сиырдың қолтұқымдары негізінен 2 бағытта өсіріледі.

Сүтті бағыттағы қолтұқымдар:

Бұл бағытта өсірілетін ірі қара қолтұқымдарынан сүт алу мақсаты көзделеді. Қазақстанда қырдың (даланың) қызыл сиыры, әулиеата, алатау, қарала, симменталъ қолтұқымдары өсіріледі.

Қырдың қызыл сиыры. Қолтұқым XVIII ғасырдың соңында Украинаның далалы аймағында (Запорожье өңірінде) шығарылған. Сиырлардан жылына орта есеппен 3 800-4 500 л сүт сауылады. Сүтінің майлылығы 3, 6-3, 8 пайыз. Жаздың құрғақ ауа райына бейімделген. Қырдың қызыл сиыры Қазақстаннан басқа Ресейдің еуропалық бөлігінің оңтүстігінде, Батыс Сібірде таралған.

Әулиеата сиыры XIX ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Қырғызстан мен Жамбыл өңірінде шығарылған. Жергілікті сиырларды голланд қолтұқымының бұқаларымен ұрықтандыру арқылы алынған. Дене тұлғасы ұзынша, басы - шағын, мойны - жіңішке, қатпарлы, мүйізі - қысқа, түсі - қарала. Жылына орта есеппен 3 000-3 800 л сүт береді. Қолтұқым оңтүстіктегі таулы аймақтық құрғақ әрі ыстық ауа райына шыдамды келеді.

Алатау сиыры қазіргі кезде ірі қара қолтұқымдарын асылдандыру шараларын ерекше көңіл бөлінуде. Сұрыптау жұмыстарында басты орын асыл тұқымды бұқаларды таңдап алуға тікелей байланысты. Сондықтан шет елдерде асыл қолтұқымды бұқалар өте қымбат бағаланады.

Сиыр фермаларында сапалы сүт алу үшін, оның ветеринариялық- санитарлық және гигиеналық жағдайы талапқа сай болуы қажет. Сүтті алғашқы өңдеу оны тазалаудан және суытудан басталады. Сүтті алғашқы өңдеу ГОСТ- тың талабына сай болуы қажет. Сүттің өңдеу температурасы 100°С кем болмау қажет. I сортты сүттің қышқылдығы 16-180 Т, ал тазалығы -бірінші топқа, редуктазасы - 1 класқа сай болуы қажет. II сортты сүттің қышқылдығы 16-200 Т, ал тазалығы бойынша екінші топқа, редуктазасы - 2 кластан төмен болмауы керек. I және II сортқа жататын сүттің тығыздығы (плотность) - 1, 027 кем болмауы қажет. Әрбір шаруашылықтағы сүтті алғашқы рет өңдейтін сүт бөлмесі болуы тиіс, оның негізгі міндеті сүтті тазалау және суыту, сонымен қатар, түскен сүтті есепке алу және сатуға ар-налған сүтті есепке алу.

Машинамен сауатын операторлардың алдында көптеген жауапты істер бар. Оған: сапалы сүт алу және сауу аппаратын күту, тазалау және сиыр желінін бақылау. Сиырларды сауып біткеннен кейін, сауын аппаратын жылы сумен шаю қажет. Жаңа сауылған сүтте биологиялық ерекше заттар бар, оған лизоцим және лактонин жатады, олар зиянды микробтардың көбеюіне кедергі жарайды. Сүттің температурасы дұрыс жағдайда, жақсы заттардың әсері 2 сағатқа дейін сақталады, ал сүтті салқындатқан уақытта, оның жақсы қасиеті көпке созылады. Сондықтан сүтті сауып болысымен оларды салқындату қажет. Сүтті салқындатудың ең оңай жолы, сүті бар флягтарды, суық ағынды суларға қою, ал екінші жолы компрессорлық қондырғыларды пайдалану. Әрине, ең алғашқы жүмыс, сүтті әр түрлі қоқыстардан тазарту және тезірек суыту. Сүтті тазарту үшін, флягқа құяр алдында фильтрден өткізеді. Фильтрден өткізу үшін, марло және лавсанды пайдаланады. Сиырларды машинамен сауған уақытында, сауын қондырғыларында сүтті тазалау автоматты түрде өтеді. Сүтті сиырларды байлап үстау уақытында сүтті өндіру үшін ең тиімді технология кешенді механикаландыруды қолдану. Оған: сумен қамтамасыз ету және автоматты түрде суару, сиырларды сауу, мал азығын дайындау және тарату, қиын та-зарту жатады. Сумен қамтамасыз ету әр шаруашылықтың жеке ісі, жалпы су қүбырына қосу арқылы және басқа да түрлері бар. Сиырлардың сиыр қорасында жеке-жеке суаратын автосуарғышы болады [15] .

Мал азығын механикаландыру арқылы дайындау, оның са-пасы және рационының қүрамына байланысты. Оған: азықты үстау, жемдерді бір-бірімен араластыру, тамыр түйнекті азықтарды тазарту және оларды кесу т. б. жұмыстар. Ал, өте ірі шаруашылықтарда механикаландырылған азық цехтары болады. Мал азығын тарату, механикаландырылған мобильді механизмдер арқылы іске асады. Малдың қиын жинау механикаландырылған транспортерлар арқылы іске асып, қи қорына жиналады. Үздіксіз-цех тәсілімен сүт өндіру арнайы цехтарды ұйымдастыру арқылы өтеді. Онда сиырлардың физиологиялық жағдайына қарай, бір цехтан екінші цехқа ауыстыру сауын маусымына, сауын мезгіліне және сиырлардың буаздығына байланысты өтеді. Ал, сиырларды азықтандыру күнтәртібі әр цехта өзінше өтеді, ер цехтағы малдардың өзінше ерекшелігі болады. Осындай сүт өндіру тәсілі, сиырларды сүтейту үшін және сиырларды бұзаулату үшін маңызы зор. Сиырларды үздіксіз - цехта ұстап, сүт өндіру үшін, оны төрт цехқа бөлген: суалу, бұзаулату, сүтейту және қашыру, сүт өндіру. Сиырлардың әр цехта болу мерзімі, олардың физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты.

Суалу цехына сиырлар бұзаулауынан 60 күн бұрын әкелінеді. Шағын фермаларда сиырларды байлап ұстаса, ал ірі малы көп шаруашылықтарда, бос ұстау тәсілін қолданып, малдарға серуендеу және азықтандыру аландарына шығаруға мүмкіндік жасайды. Бос ұстау қораларында 3-4 секция болады. Әр секцияда 50 шақты сиыр болады [16] .

Малдарды азықтандырғанда, олардың рационында витаминдер мен минералды заттардың болуын қадағалайды. Қолда ұстау мезгілдерінде азық рационында шөптің әр түрінің, сүрлемнің, тамыр түйнекті және арнайы қоспа жемнің бар екенін қадағалайды. Жаз айларында жазғы жайылым және қосымша жемді пайдаланады. Бұзаулау цехында 4 секция бар: бұзаулауға дейінгі 10 күн; бұзаулау 1-2 күндік; бұзаулағаннан кейінгі 14-15 күн, төртінші секция (профилакторий) бұзаулардың туғаннан кейінгі 20 күні. Бұзаулау секциясы 9 м2 мөлшерімен есептелінеді. Жаңа түған бұзаулар өз енесінің сүтін емеді. Бұзаулағанға дейінгі секцияда сиырларды байлап үстайды. Оларды сапалы шөппен және 1, 5-1, 8 кг сұйытылған жеммен қамтамасыз етеді. Жалпы сиырларды азықтандыру, олардың физиологиялық ерекшелігіне сәйкес болу жағдайын қарастырады. Алғашқы 3-4 күнде сиырларға сапалы шөп беріп, одан кейін жемді қоса бастайды [17] .

Сиырлар бұзаулаған күннен 14 тәулік өткенде толық рационға көшіріледі. Бұзаулау цехында операторлардың жүмысы үш сменадан түрады және қосымша мал дәрігерлік бақылауда болады. Сиырлардың сүтіне қарай, оларды үш топқа бөледі: аса сүтті, орташа сүтті жөне аз сүтті - деп. Сиырларды сүттілігіне қарап әр деңгейде азықтандырады. Шөпті, сабанды, сүрлемді барлық топтағы сиырларға бірдей таратса, ал жемді жөне тамыр түйнекті азықтарды, сиырлардың сүттілігіне қарай қамтамасыз етеді. Сиырлар-ды сүтейту цехында әр сиырдың сүтін жеке есептейді. Күнделікті сиырларды серуендетуге шығарады, әрі сиырларды мезгілді уақытында қашыруын қадағалайды.

Сүтті бағыттағы сиыр өсірудегі басты мақсат барынша аса жоғары сапалы сүт сауу. Сиырдың сүттілігі 305 күнде сауылған және тәулігіне ең көп шыққан сүт мөлшеріне қарай анықталады. Сондықтан сиырдың сауылу мерзімі қысқа болса, ондай сиырдың пайдасы аз.

Сиырды сүттілігіне қарай сұрыптағанда оның сауылу кезеңіне шығатын сүтінің өзгеруіне де көңіл аударылады. Мысалы, кейбір сиырдың тәулігіне шығатын ең көп сүті сауын маусымының екінші айында сауылса, содан кейінгі айларда тез арада төмендейді, ал енді біреулерінің ондай көрсеткіші бұған керісінше бірте-бірте көтеріліп, сауын маусымының соңғы айларында ғана төмендей бастайды. Сауын маусымында осының соңғысына ғана мол сүт саууға болады [18] .

1. 1 Гиподерматоз ауруына сипаттама

Гиподерматоз (сәйгел, оқыра) ірі қараның тері астын мекендейтін, Hypoderma туысына жататын бөгелектердің балаң құрттары қоздыратын энтомоз ауруы.

Қоздырғышы. Гиподерматоз ауруының екі қоздырғышы бар: Hypoderma bovis - кәдімгі сиыр бөгелегі және Hypoderma lineatum - өңеш бөгелегі. Hypoderma bovis бүкіл Қазақстан көлемінде, ал Hypoderma lineatum Қазақстанның Оңтүстік - шығыс аймақтарында кездеседі, сондықтан оны оңтүстік бөгелегі деп те атайды.

Hypoderma bovis - бөлігінің имаго кезеңінде дене тұрқы 13-15 мм. Денесі түкті, басындағы түгі сары түсті, күрделі екі көзі мен төбесінде нүкте тәрізді 3 қарапайым көздері және екі қысқа мұртшалары бар. Ауыз мұшелері толық жетілмеген, өйткені олар қуыршақ және имаго сатысында қоректенбейді. Кеудесінің алдыңғы және артқы жақтары ашық сары түкті, ал ортасы қара түсті. Құрсақ жағы орта шеңінде қара түкті, арт жағында қызғылт сары түкті. Қанаттары ашық көгілдір түсті [18] .

Hypoderma bovis ызыңдап ұшып жүріп, малдың түгіне жұмыртқаларын желімдеп кетеді,

Hypoderma lineatum - дене тұрқы кішірек - 11 мм. Оның құрсақ жағының алды сары түкті, арты - қызғылт сары түкті, ал қанаттары қоңыр түсті. Кеудесі 3 буылтықтан, ал құрсақ жағы 5 буылтықтан құралған. Оның 3 жұп аяқтары, қос қанатты бар. Жетілмеген екінші жұп қанаттары ызылдауық үн шығарады.

Оқыра бөгелектерінің өсіп-өнуі бір-біріне ұқсас. Олардың ұрғашылары ұрықтанған соң ірі қараның шабына, аяқтарына көптеген жұмыртқа салады.

Hypoderma lineatum ешбір дыбыссыз жатқан малға жасырын келіп, жұмыртқаларын жабыстырып кетеді.

Описание: Pinned adult male common cattle grub, Hypoderma lineatum (Villers).

Рисунок 2. Приколотый взрослый самец обыкновенной личинки крупного рогатого скота Hypoderma lineatum (Villers) . Фотография сделана Лайлом Дж. Бассом, Университет Флориды.

Бір бөгелектің ұрғашысы 800-ге жуық жұмыртқа салады. Қолайлы жағдайда (30-32 0 С жылылықта) бөгелек жұмыртқаларынан 3-7 күн ішінде балапан құрт түзіледі. Описание: Pinned adult male common cattle grub, Hypoderma lineatum (Villers).

Рисунок 3. Яйца общей личинки крупного рогатого скота, Hypoderma lineatum (Villers), на волосах крупного рогатого скота. Фотография сделана Лайлом Дж. Бассом, Университет Флориды.

Жұмыртқалардан шыққан I сатыдағы балаң құрт тұмсығымен теріні тесіп, ет пен терінің арасына енеді. Сонан соң Hypoderma bovis балаң құрттары ірі қан тамырлары мен нервтерді байлап, малдың жотасына қарай жылжиды. Мал жотасына жеткен соң омыртқа аралық ұлпаға еніп, жұлынның майлы қабатына орын тебеді. Ал тері астына енген Hypoderma lineatum балаң құрттары өңешке жылжып, өңештің кілегей қабатының астына барып орнығады [19] .

Когда паразиты попадают под кожу спины, начинают образовываться опухоли диаметром около 3 см. Кожа над каждой припухлостью становится перфорированной, и личинки затем ложатся так, чтобы задняя стигмальная пластинка была направлена ​​к поре для дыхания. Здесь личинки линяют, и этот этап длится около 30 дней. Молодые личинки почти белые, по мере взросления меняют цвет на желтый, а затем на светло-коричневый и, наконец, почти черный. Во время развития личинок происходит две линьки, в результате чего получается три возраста. Взрослые личинки имеют длину 25 мм. Плоские бугорки и маленькие шипы присутствуют на всех сегментах, кроме последнего.

Описание: Описание: Larva of the common cattle grub, Hypoderma lineatum (Villers), dorsal view. The head is to the left.

Рисунок 4. Личинка обыкновенной личинки крупного рогатого скота Hypoderma lineatum (Villers), вид сверху. Голова слева. Фотография сделана Лайлом Дж. Бассом, Университет Флориды.

Описание: Larva of the common cattle grub, Hypoderma lineatum (Villers), ventral view.В The head is to the left.

Сурет 5. Қарапайым мал тұқымдарының личинкалары, Hypoderma lineatum (Villers), вентральды көрініс. Басы сол жақта. Файл Флорида университеті, Лайл Дж. Бусс.

Күн әбден жылынғанда бұл балаң құрттар терідегі тесік арқылы жерге түсіп, 1-2 тәулік ішінде топыраққа еніп, қуыршақ сатысына айналады. Ылғалдылық 10 пайыздан жоғары болса, жәндіктер жетілмейді.

Қуыршақтан 20-40 тәулікте бөгелектің ересектері дамып, қанаттары кепкен соң, ұша бастайды.

Описание: Pinned adult (top) and pupal case (bottom) of the common cattle grub, Hypoderma lineatum (Villers).

Сурет 6. Hypoderma lineatum (Villers) (жоғарғысы) және қуыршағы (төменгі жағы) .

Өмірлік циклдің жалпы ұзақтығы шамамен бір жылды құрайды, бұл уақыттың негізгі бөлігі иесінің денесінде өтеді. Госттардың иесінің артқы жағында пайда болу уақыты, жетілген дернәсілдер мен қуыршақтың пайда болуы және ересектердің пайда болуы әр түрлі ауа-райына сәйкес келеді. Алайда бұл орын алған уақыт белгілі бір аймақ үшін жылдан-жылға ұқсас болады. Ересек шыбындар жазда, әсіресе маусым мен шілдеде болады. Олар жылы күндері жұмыртқа салу барысында мал іздеген кезде, өте белсенді болады.

Өңеш пен жұлында балаң құрттар 5-6 айдай мекендейді. Сонан соң олар ірі қараның жотасы мен бел тұсына қарай жылжып орын ауыстырады. Тері астына жеткен I балаң құрттың маңына дәнекер ұлпадан қабықша түзіледі. Балаң құрттардың бұдан әрі дамуына оттегі керек. Сол себептен де, олар теріні тесіп алады. 1-8 тәуліктен соң олар түлеп, II сатыдағы балаң құрттарға айналады. Бірнеше тәуліктен соң III-сатыдағы балаң құрттар түзіледі. Бұл сатыдағы балапан құрттар өте ірі, олардың тұрқы 28 мм дейін - Hypoderma bovis, 24 мм - Hypoderma lineatum.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Симментал тұқымды малына сипаттама
Ірі қара мал бруцеллезінің санитариялық бағасы
Ірі қара мал қораларының жобалаудың нормативтік базасы
Ірі қараның асыл тұқымды малдары
Ірі қара обасы кезіндегі ветеринарлық шаралардың ұйымдастырылы, жоспарлануы және оның экономикасы
Ірі қара малдың қазақтың ақбас тұқымын толық құнды азықтандыру
Сүтті бағыттағы ірі қараны асылдандыру
Ірі қара малдардың кеміктәріздес энцефалопатиясы орыс
Етті бағыттағы қолтұқымдар
Ірі қара малдардың кеміктәріздес энцефалопатиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz