Көріп қабылдаудың ерекшеліктері


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
«Қорғауға жіберілді»
МДжППД кафедрасының меңгерушісі
Н. В. Мирза
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: « Сәбилік кезеңде қабылдаудың дамуы және заттардың қасиеттері туралы ұғымның пайда болуы»
5В010100 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы
Орындаған:
МДОжТ-22 топ студенті Н. А. Мұрат
Ғылыми жетекшісі:
п. ғ. к., доцент Р. Б. Маженова
Қарағанды 2020
МАЗМҰНЫ
1 Сәбилік кезеңдегі бала қабылдауы . . .
1. 1 Қабылдау және оның физиологиялық негізі, қабылдаудың қасиеттері . . .
5
5
2 Қабылдау түрлері . . .
2. 1 Көріп қабылдаудың ерекшеліктері . . .
20
22
Кіріспе
Нәрестелік кезеңнің соңында балада перцептивті бейнелер дамиды және ол айналасындағы таныс заттарды және адамдарды оңай таниды, дегенмен, қабылдау өте жетілмеген болып қалады. Бір жасар бала затты жүйелі және жүйелі түрде тексере алмайды. Әдетте, ол кез-келген белгіні жұлып алады және оған тек реакция жасайды, сол арқылы ол әртүрлі заттарды үйренеді .
Көрнекі-бағдарлау әрекеттері, оның көмегімен бала заттарды қабылдау және манипуляциялау барысында дамыған заттарды қабылдайды, бұл көбінесе балада бар визуалды бейнелерді анықтайды. Әрекеттер нысандардың пішіні мен мөлшері сияқты қасиеттерге бағытталғандықтан, дәл осы белгілер бала үшін маңызды. Ерте балалық шақтың түсі заттарды тану үшін маңызды емес. Бала боялған және боялмаған бейнелерді дәл осылай таниды, бірақ бұл баланың түстерді ажыратпайтындығын, түс әлі объектіні сипаттайтын сипатқа айналмағанын және оны тануды анықтамайтындығын білдірмейді.
Ерте жаста қабылдаудың дамуы объективті іс-әрекет шеңберінде және жаңа әрекеттерді меңгеруге байланысты жүреді. Корреляция деп аталатын әрекеттер ерекше маңызды.
Қабылдау - затты тұтас бейнелеуге бейімді процесс . Қабылдауда дыбысы, дәмі, иісі, формасы т. б. қасиеттері тұтас күйінде бейнеленеді .
Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері : таңдамалылығы, апперцепция, мағыналылығы, иллюзия, константтылығы .
Қабылдау формалары : кеңістік пен уақытты қабылдау .
Бақылау белгілі бір заттар мен құбылыстарды жүйелі түрде қабылдау әрекеті болып саналса, бақылампаздық түсі, 8 адамның жеке басына тән, танып білуге қызығу мен құмарту қасиеті болып есептеледі .
1. Сәбилік кезеңдегі бала қабылдауы
Сәбилік кезеңнен бастап, бала айнала қорғашан ортадағы заттардың
қасиеттерін қабылдай бастайды. Заттардың арасындағы қарапайым
байланыстарды байқап, осы байланыстарды өзінің іс-әрекетінде
қолданатын болады. Осының өзі баланың құралдарды қолданып әрекет
ету нәтижесінде болатын ақыл-ойының әрі қарай дамуының басты
себебі деп саналады. Баланың жаңа құралдарды пайдаланып, әрекет
етуіне байланысты ойлау мен қабылдау әрекеті қалыптасады. Өйткені
нәрестелік кезеңнің өзінде кейбір заттарды қолымен ұстап, әрекет етіп,
көзімен көріп, оның кейбір қасиеттеріне байланысты қабылдап, ажырата
бастағаны мен сол зат туралы толық түсінігі болмайды. Нәрестелік
кезеңнің соңында айналадағы заттарды жақсы бағдарлап, таныс
адамдарды, заттарды танитындай болғанымен танудың өзі әр түрлі
болады. Бұл кезде бала затты белгілі бір ерекшеліктерімен қасиеттерін
қарап ажыратуы мүмкін. Яғни заттың бір ерекше көзге түскен белгісіне
қарап ажыратады. Мысалы, құстың суретін көрсетіп тұрып әңгімелессек,
кейіннен құстың тұмсығына ұқсас затты көрсе құс деп қабылдайды. Екі
жастың қабылдауында мынандай бес түрлі ерекшеліктер болады: 1.
Заттың суретін немесе адамның бейнесін фотографиядан көрген кезде
ерекше белгілерін есте сақтау арқылы қабылдайды. 2. Екі жастағы
бала затты түстеріне байланысты ажыратып, қабылдай алмайды. 3. Екі
жарым, үш жастағы баланың көру арқылы қабылдауы жақсы дамиды.
4. Үш жасқа келгенде 5-6 геометриялық форманы, 8 түсті ажыратады.
5. Тілдің дамуына байланысты қабылдау қабілеті де артады. Өйткені
үлкендермен тіл арқылы қарым-қатынас жасау нәтижесінде көріп, естіп
белгілі бір ерекшелікке байланысты қабылдайтын сипап сезу қабілеті
дамиды. Сәбилік кезеңдегі негізгі әрекеттің барлығы тіл арқылы қарым-
қатынас жасау арқылы жүзеге асатын болғандықтан, бала екі жастың
өзінде өзінің ана тіліндегі барлық жоғарғы және төменгі тембрдегі
дыбыстарды ажыратуға мүмкіндігі болады. Сол сияқты сәбилік
кезеңінің өзінде кеңістікті уақытты ажырату қабілеті арта бастайды.
Көріп қабылдаудың ерекшеліктері
1) Үш жастағы бала затқа көз жүгіртіп қарайды да, фигураның
өзіне ұнаған көзге түскен ерекше белгілеріне көңіл аударады. Осындай
жағдайда заттың жеке бөліктерін қабылдайды да оның тұтастай зат
екенін ұмытып кетеді. 2) Қозғалмайтын заттың фонында қозғалып
тұрған затты қабылдайды. 3) Бала фигураны көріп қабылдап қоймай,
оның кейбір ерекшеліктерін қолымен сипау арқылы қабылдайды.
Алғашқыда тек саусақтарының ұшымен сипап қабылдаса, бірте-бірте
тұтастай алақанымен сипап қабылдайды. Сонда сәбилерде көріп
қабылдаудан кейін сипап сезу арқылы жүзеге асады. Үш жасқа келгенде
баланың тұтастай қабылдауының мынандай ерекшеліктері болады:
Заттың түсі онша анық емес, жалпы нұсқа пішіні болса да,
тұтастық мағына беріп, тұтастай зат ретінде қабылдай береді. Яғни
қарапайым заттың бейнесі дұрыс бейнеленсе, бала дұрыс қабылдайды.
Оны баланың «сыңарыңды тап» деген ойынды ойнауынын байқауға
болады. Бірақ та өзіне таныс емес заттарды ерекше белгісі, формасы,
түсіне байланысты талдап ажыраттырмаса, бала қателеседі. Бір жас
сегіз айдан бастап заттың атын сөз жүзінде айту мен тікілей көрсетіп
тұрып байланыстырса дұрыс қабылдайды. Мысалы, балаға анау
себеттің ішінде тұрған допты әкеп бер деп себеттегі допты қолыңмен
көрсетіп тұрып сұрсаң, балада бұрыннан доп туралы түсінігі болса,
сөзді жеңіл түсініп қабылдайды. Екі жастың соңында қойылған сұраққа
қабылдаған заттың атын атап, жауап береді. Бірақ әлі де болса, жеке
бөліктерінің ерекшеліктерін ескермей жалпылама қабылдайды.
Сәбидің суретті, кеңістік пен уақытты қабылдау ерекшеліктері
Үш жастағы баланың суретті қабылдауының өзінде мынандай
өзгешеліктер болады. Қарапайым сюжетті жалпылама қабылдайды.
Мысалы, екі жасар бала суретте қыз, мысық, ат, бала, ағаш бар
деп тізбектеп атын айта салады. Ал ересек балалар қызы мысықты
тамақтандырып жатыр, бала атпен шауып бара жатыр, ағаш өте әдемі
болып өсіпті деп суреттің мазмұнына сипаттама береді. Бала кеңістік
туралы ұғымды жүрген кезде ғана қабылдайды.
Сәбилік кезеңнен бастап, кеңістікті бағдарлауға көңіл қою
дағдыларын жақсы меңгереді. Бірақ олар әлі де болса, заттар мен
кеңістіктердің ара-қатынасын бөліп қабылдай алмайды. Негізінде
заттың қасиеті туралы түсінік кеңістік туралы түсініктен ерте
қалыптасады. Кеңістікті дұрыс қабылдату үшін заттың формасын,
көлемін дұрыс қабылдай білуінің маңызы зор. Сәбилік кезеңнің өзінде
заттар мен белсенді әрекет ету нәтижесінде екі жастың өзінде заттың
алыс-жақындығын, кеңістікте орналасуын, кенестезиялық және көру,
вибрациялық түйсіктер арқылы ажыратып қабылдайды. Ал қимыл
қозғалысы толық дамымаған бала арақашықтықты ажыратуы қиынға
түседі. Бала бір жарым жастан соң, үлкенді кішіден ажырата бастайды.
Үш жастан бастап, бала кеңістікті өзінің дене мүшесімен тікелей
байланыстыру арқылы қабылдайды. Мысалы, өзінің оң және сол қолын
ажыратқан соң кеңістікті соған қатыстырып меңгереді. Мысалы, менің
оң қол жағымда терезе, сол қол жағымда есік, алдымда тақта, артымда
орындық деген сияқты. Осыдан кейін балада заттарды салыстыра
отырып, қабылдату дағдысын иегерді.
Зерттеудің міндеттері:
- әлемдік білім беру кеңістігінде мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу ерекшеліктерін ашу;
- әлемдік білім беру кеңістігінде мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу ерекшеліктері сипаттау;
- әлемдік білім беру кеңістігінде мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу ерекшеліктеріне талдау жүргізу.
Зерттеудің көздері: зерттеу проблемасы бойынша философтардың, мәдениеттанушылардың, педагогтар мен психологтардың еңбектері; педагогиканың ғылыми жетістіктері мен озық педагогикалық тәжірибелерді мектепке дейінгі ұйымдар практикасына ендіру мәселесіне байланысты ресми құжаттар; оқу-әдістемелік кешен; автордың көпжылдық педагогикалық тәжірибесі.
Курстық жұмыс құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
1. 1 Қабылдау және оның физиологиялық негізі, қабылдаудың қасиеттері.
Қабылдау -дүниедегі заттар мен құбылыстардың біздің сезім мүшелерімізге тікелей әсер ету нәтижесінде сол заттардың мида тұтастай бейнеленуі болып табылады. Қабылдаудың физиологиялық негізіне бірнеше тітіркенгіштердің жиынтығы мен олардың қарым қатынасында пайда болатын уақытша жүйке байланыстары жатады. Қабылдаудың қасиеттері: 1. Қабылдаудың тұтастығы. Қабылдау объектісі жеке қасиеттерден, бөлшектерден тұрғанымен біз оларды бүтіндей тұтас қабылдаймыз. 2. Қабылдаудың тұрақтылығы. Біз өзіміздің тәжірибемізге, білімімізге байланысты заттар мен құбылыстарды тұрақты түрде қабылдаймыз. Қабылдау кезінде қабылданатын заттар мен құбылыстардың кейбір белгілері, түрлері, формалары өзгерсе де біз оларды бұрынғы қабылданған күйінде қабылдаймыз. 3. Қабылдаудың таңдамалылығы . Бізге қабылдау кезінде бірнеше заттар немесе құбылыстар әсер етуі мүмкін. Бірақ біз өзіміздің қажеттілігімізге байланысты біреуін ғана қабылдаймыз. Қабылданған зат қабылданғанның объектісі деп аталады. Ал объектіден тыс қалған заттар қабылданғанның фоны деп аталады 4. Аперцепция. Қабылдаудың тәжірибеге, білімге, сенімге, іс-әрекеттің нәтижесіне және мамандыққа тәуелді болуын аперцепция деп атаймыз. Аперцепция 2-ге бөлінеді: тұрақты және уақытша. Тұрақты түрі - адамның дүниеге көзқарасын, мамандығына, іс-әрекетіне және табандылық көрсетуіне байланысты.
Уақытша түрі - адамның қабылдау кезіндегі көңіл-күйіне және психикалық қалпына тәуелді болады.
Аперцепция жеке адамның қабылдауына белсенділік сипат береді.
Қабылдау кезінде кейде қате қабылдауларда кездеседі . Мұны психологияда элюзия деп атайды. Элюзияның ішінен көру элюзиялары көбірек, жиі кездеседі. Көру элюзиясы деп - заттардың алыстығын, түрін, көлемін қате қабылдау.
Кеңістікті және уақытты қабылдау.
Біз дүниедегі заттар мен құбылыстарды белгілі бір уақытта және кеңістікте қабылдаймыз. Уақыт пен кеңістіктен тыс жатқан нәрсе болмайды. Кеңістікте қабылдау деп - дүниедегі заттар мен құбылыстардың белгілі бір орнын, мөлшерін, көлемін, алыс-жақындығын санамызда бейнелеуін айтамыз. Кеңістіктегі заттарды қабылдау адам көзінен олардың қаншалықты қашық немесе жақын екендігіне байланысты. Қашықта тұрған затқа адам көз қысып қарайды, бұны көздің конвергенциясы деп атайды. Егер зат жақын болса, онда адам көз қабағын ашып қарайды, бұны көздің дивергенциясы деп атайды. Кеңістіктегі қабылдауда, оның қашықтықты бағалауда иіс және есту түйсіктері үлкен роль атқарады.
Уақытша қабылдау.
Уақыт дегеніміз - дүниедегі заттардың өзгеріп, бір қалыптан, екінші қалыпқа көшіп, ескі заттардың өшіп жаңа заттардың оның рпнын басып отыратынын айтамыз. Уақыттың кеңістік сияқты шегі болмайды. Уақыт - өткен шақ, осы шақ, келкр шақтарға байланысты. Уақытқа байланысты түрлі сөздерді қолданамыз: кеше, бүгін, ертең.
Адамдардың адамды қабылдауы адам өмірінде үлкен роль атқарады. Адамның бет әлпетіне сүйене отырып оның қоршаған ортаға, оқиғаға қатынасы қандай екендігін айтуға болады.
Қимыл-қозғалыс ерекшеліктері жеке адамның кейбір қасиеттерін көрсетеді. Сөйлеу ерекшел іктері де адам туралы көп мәлімет береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz