Ұлттық киноның елдің сыртқы жағымды бейнесін қалыптасуындағы рөлі


ЖОСПАР
І Кіріспе . . . 3
ІІ Қазақ ұлттық киноиндустрияның маңыздылығын аңықталуы . . .
2. 1 Қазақстандық кино өнеркәсібінің даму жолындағы кедергілер
2. 2 Отандық кинематографияның патриотизм сезімінін тәрбиелеудегі маңыздылығы
2. 3 Ұлттық киноның елдің сыртқы жағымды бейнесін қалыптасуындағы рөлі
2. 4 Зерттеу әдістері
ІІ. 5 Зерттеу қорытындысы
ІІ. 6 Бағалау
ІІІ Қорытынды
ІҮ Пайдаланған әдебиет
Ү Қосымша мәлімет
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Кинематография - қозғалмалы бейнелерді, яғни фильмдерді түсірумен айналысатын адам әрекетінің ортасы.
Қазіргі таңда тәуелсіз мемлекет кинематография саласына қатысты өзінің саясатын жүргізе алмауы мүмкін емес. Қазірде кино және осы саладағы мемлекеттік саясатты салыстырмалы түрде айтатын болсақ, әскер мен қаупсіздікті қамтамасыз ету саясаты сынды мағына береді. Сондықтан біздің мемлекетіміздегі өзекті мәселелердің бірі киноны қолдау, себебі кино - ұлттық сана-сезім, ұлтжандылық пен азаматтық парызды тәрбиелеудің нәтижелі әдіс-тәсілінің бірі. Одан басқа, ұлттық киноиндустрия - мемлекеттің сыртқы бейнесінің құрамдас бөлшегі және әлемдегі беделінің көрсеткіші. осылайша ұлттық киноиндустрия - саяси билікті жүзеге асырудың маңызды тетігі, осы кезеңде оған бей-жай қарамау керек.
Зерттеу жұмысының мақсат - міндеттері - ұлттық кинематографияның маңыздылығын мемлекеттің сыртқы бейнесін жақсарту, ұлттық тәрбие берудегі рөлінің өзектілігін анықтай отырып зерттеу. Зерттеу жұмысының міндеті - отандық кинематографияның қазіргі жағдайын анықтау, өзінің рөлін жүзеге асыруда кедергі келдіретін, мүмкін болатын мәселелерді талдау. Жалпы алғанда, осы жоба Қазақстанның болашақ ұрпағында патриоттылық, ұлтжандылық сезімін тәрбиелеудегі ұлттық киноиндустрияның рөлін анықтауға бағытталған.
Зерттеу жұмысының географиялық аумағы: Осы зерттеу жобасының географиялық қарастырылатын аумағы Қазақстан болып табылады, алайда Ресей, және басқа да көптеген елдердің тәжірибесін зерттеу де көзделеді.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттің тізімінен құрылады.
Осылайша, курстық жұмыстың зерттеу сұрақтары қалыптасады:
- Қазіргі қазақстандық киноөнеркәсібі өз даму барысында қандай мәселелермен кездесуде?
- Ұлттық кинематографияның ұлттық сана-сезімді тәрбиелеудегі рөлі мен міндеттері қандай?
- Отандық кино Қазақстанның сыртқы бейнесін жақсарту және елдердің сыйластық қатынасына ие болу үшін маңыздылығы қандай?
Жоғары көрсетілген сауалдардың шешімі осы зерттеу жұмысында кеңінен қарастырылады. «Қазақстан қазіргі әлемде» пәнінің сабақтарында біздер Қазақстанның саясатын, негізгі стратегияларын, мақсаттарын, жоспарларын зерттедік, оларда ұлттық тәрбиелеу, ұлттық қызығушылықтарды қолдау мен қорғау және осыған ұқсас мәселелер туралы сөз қозғалды, осы жолдаулар қалай орындалғандығы туралы сауалдар өте қызықты болды, оның ішінде әсіресе биліктің «жасырын» тармақтары арқылы жүзеге асыру тәсілдері қызықтырды.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Негізгі бөлім (зерттеу сұрақтары)
Қазіргі таңда отандық кинематография елдің басқа салалары сияқты да әлемдік қаржылық дағдарыс уақытында өзінің басынан жеңіл емес күндерді өткеруде. Егер де еліміздегі адамдардың психологиялық жағдайын бағалайтын болсақ, дәл қазіргі уақытта ұлттық рухты, патриоттылық сезім мен ұлттық құндылықтарды насихаттайтын фильмдер өте қажет болып табылады. Мысал үшін, «Жаужүрек, мың бала», «Елбасының жолы», «Көшпенділер» сынды фильмдерді жатқызуға болады.
ІІ. 1 Қазақстандық киноөнеркәсібінің даму жолындағы кедергілер ?
Отандық кино өндірісі өзінің даму жолында бірқатар қиындықтарға тап болды. Біріншіден, маңызды мәселелердің бірі - материалдық-техникалық негіздің әлсіздігі, ол негізінен кино туралы анық заңның жоқ болуымен шартталады, осы заңның болуы отандық кинематографияның дамуына экономикалық анық негіз бола алатын еді. 2015 жылы «Қазақфильм» жеке студияларды қаражатпен қамтамасыз етуді, сонымен қатар жеке фильмдерді түсіру кезеңінің әрбіреуінде цензура жасауды тоқтатты [1] . Сол
себепті, жыл сайын шығарылатын кинофильмдер санының азаюына әкеп соқтыратыны белгілі. Жеке фильмдер осы уақытқа дейін де елде көрсетілетін фильмдердің кішкентай бөлігін ғана құраған.
Екінші маңызды мәселелердің бірі - қазақстандық кинематографияның ұлттық «менін» анықтау болып табылады. Мемлекеттің ұлттық бейнесін іздеу үнемі жалғасын табуда және киноэксперттердің пікірінше, бұл үдеріс үздіксіз жүреді [5] . Алайда, қазіргі уақытта әмбебап ұлттық «мен» жүзеге асыру процесі фильмдердің көптеген «үлгілерінің» болуымен қиындатылады, олар «тексерілген» немесе қолданылған болып саналады, сондықтан осындай фильмдердің сәттілікке жеткізетін мүмкіндіктері көп деп есептеледі. Осындай фильмдердің үлгісі мен пішіні осы мезетте негізінен Батыстан келеді [2] . Қазақстанда ұлттық бейне мен ерекшеліктерді көрсете алатын кино бар, алайда олар негізінен фестивальдерге арналып түсіріледі, ал кәдімгі көрермендер үшін олар қол жетімсіз болады [6] .
Үшіншіден, жоғары көрсетілген мәселелер жаңа қиындықты туғызады- телевизия ұлттық кинематография рөлін жаймен өзіне алуда [1] . Телевизиядағы топтамаларға қосылатын талаптар фильмдерге қойылатын талаптармен салыстырғанда ондай жоғары емес, ал аудиториясы бірнеше есе артық.
ІІ. 2 Отандық кинематографияның патриотизм сезімінін тәрбиелеудегі маңыздылығы
Жоғары аты аталған мәселелер мен қиындықтарға қарамастан, ұлттық кинематография өзінің басты мақсатын жүзеге асыру керек: өскелең ұрпақты тәрбиелеуде ұлттық саясаттың негізгі жүйесін қолдау қажет, оның ішінде туған елге деген жоғары сезім - патриоттылықты негіз етіп алуы тиіс, ол біздің елдің мәдени даму мен экономикалық алға жылжуының қозғаушы күші болып табылады. Сау қоғам мен күшті мемлекетті тек қана патриоттылық рухында тәрбиелеген адам ғана құрай алады [8] . Патриоттылықты тәрбиелеу біздің ұлттың қаһарман тарихына, оның дәстүрлері мен осыған дейінгі ұрпақтардың қол жеткізген жетістіктеріне негізделуі керек, және «осы арқылы ұлттық кинематографияның рөлі жоғары және ұлағатты» деп біздің мемлекеттік қызметкерлер оны растай түседі [4] . Тек қана фильмдерде қаһарман батырлар мен аңыздық кейіпкерлер тірі сынды көріне алады, ал кино тізбек бізді бұрынғы өткен шаққа апарып, осының барлығын шынымен елестетуге мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде кинематография жастарға өзінің өмірлік тәжірибесінде қолдана алатын білім мен білік бере алады. Осы өнер түрі қоғамның назарын тасталған балалар, қарттар үйіне ата-аналарын тапсыратын жастар, діни секталарға тарту, алкоголь, нашақорлық сынды бұрын қазақ ұлтына тән болмаған мәселелерге аудара алады.
Соңғы жылдары киноөнеркәсіп қайраткерлері қазіргі жүйелеу, ортағасырлық қайраткерлер идеяларын зерттеу, біздің тілді, дінді, мәдениетті, салттар мен дәстүрлерді дәріптеген қазақ ағартушыларының шығармаларын қарастыру, біздің ақындардың өлеңдері, ұлы билеріміздің шешендік сөздері, елімізді қорғаған батырлар даңқы сынды маңызды сауалдар бойынша үлкен жұмыс жүргізуде. Осы өнімді жұмыстың нәтижесі ретінде «Қазақ Елі» атты бейнефильмін айтуға болады ( 2015 жыл) .
ІІ. 3 Ұлттық киноның елдің сыртқы жағымды бейнесін қалыптасуындағы рөлі
Мемлекеттің оңтайлы бейнесін алға қарай жылжытуда қазақстандық кинобейнелердің рөлі жоғары. Осы туралы әр түрлі кинофестивальдар мен халықаралық сайыстарға қатысатын қазақстандық фильмдердің жеңістері куәлік етеді. 2015 жылдың Жасұлан Пошановтың «Шлагбаум» (Мәскеу және Марокко жүлделері), Ермек Тұрсыновтың «Жат» (Таллин кинофестивалі), Саламат Даниярдың «Сағынтайдың бірінші әйелі» (Коттбусс кинофестивалі) кинофильмдері және көптеген басқа жұмыстары халықаралық дәрежеде үлкен жеңістерге жетті [1] .
Қазіргі кезде өзінің елінің патриотын тәрбиелеу - ұлттық идеяны насихаттаушыны тәрбиелеу өте өзекті мәселе болып табылады, осы мәселені жүзеге асыруда өзінің зор мүмкіндіктері бар кинематография жүзеге асыра алады.
Зерттеу әдістері
Осы зерттеу жұмысында ақпаратты жинаудың әр түрлі әдістері қолданылды - сандық және сапалық әдістер, оны жүргізу мақсаты - осы зерттеу жұмысының шынайылық деңгейін көтеру болып табылады.
Сапалық әдіс - ғаламтор мәліметтерін іздеу, таңдау, өңдеу және талдау әдісі. Ақпарат көздерінің осы түрі жалпы сипаттағы мәліметтерді қалыптастыруға мүмкіндік берді. Ғаламтор мәліметтерінсіз әлеуметтік сауалды өткізуге қажетті көрсеткіштерді анықтау мүмкін емес болар еді.
Тікелей желідегі қорларды талдау сайттардың домендері тәсілімен жүзеге асты, яғни “ . com” аяқталатын веб-ресурстар ақпараттың шынайы көзі ретінде таңдалған жоқ, олар сауда-саттық типіндегі сайттар болып табылады. Мақаланың авторы, оның мамандығы мен кино саласындағы біліміне аса назар аударылды. Сонымен қатар, оның бейтараптылығы, алдын-ала сенімділік деңгейі мен ағат пікірлері де бағаланды. Алайда ең үлкен қиындық - ғаламтор мәліметтерінің көбісі ескіріп қалуында, кейбір ақпарат көздері 2007-2012 жылға тиесілі болды. Сонымен бірге, зерттеу жұмысының сауалдары мен мәселелеріне әр түрлі көзқарас пікірлері табылмады, және де табылған тікелей желідегі шамалы ғана мәліметті шынайы, негізделген және тексерілген деп есептеуге болады.
Осы себептерге орай, сандық әдісті де - әлеуметтік сауалнама жүргізуге шешім қабылданды, ол кейбір зерттеу сұрақтарына, ақпаратқа және ғаламторда көп қарастырылмаған мәселелерге жауап табуға көмектесер еді. Сонымен қатар сауалнама мәліметтері қорды жаңарту қиындығын де шешті.
Сауалнама 63 адам арасында, әр - түрлі жас категориялары ішінде : 18-24 жас. 25-35, 35-45, 45-55 және 55 жастан жоғары жүргізілді. Жасөспірімдердің жастық тобы назарға алынған жоқ, себебі жеке тәжірибеме сүйенсем, ол топ ұлттық кинофильмдерді көп аса қарамайды. Сұрақтар жастық ерекшеліктерді ескере отыра, көптеген жауап нұсқаларымен және берілген сұраққа жауап беруші белгіленген нұсқаларда жауап беруге қиналғанда, басқа өзіндік жауап беретіндей етіп, жасалды. Сонымен бірге, сұхбаттасушылар сұраққа бірнеше жауапты қатар беру мүмкіндігіне де ие болды.
Әлеуметтік сауалнама қазақстандық қоғамның отандық киноөндіріс маңызы мен міндеттері туралы пікірлерін анықтау, ұлттық кинофильмдер адам дүниетанымына әсерін білу, фильмдер оларда патриоттылық сезімін қалыптастыра ма деген мақсаттарды шешуге бағытталды.
Зерттеу қорытындысы
Ғаламтор - қорларынан алынған мәліметтер өте пайдалы болды, және негізгі идеялар мен ойлар Негізгі бөлім 2. 1, 2. 2, 2. 3 секцияларында сипатталды.
Әлеуметтік сауалнама көмегімен табылған мәліметтер осы зерттеу жұмысы туралы қазақстандықтардың пікірін анықтауға көмектесті.
Сауалнамаға барлығы 63 адам қатысты, олардың ішінде 64% әйел адамдар және 36% ер адамдар құрады. 18-24 жас аралығында сұхбаттасушылар саны - 11 адам (17, 46%), 25-35 жас арасындағы жауап берушілер - 11 адам (17, 46%), 35-45 жас аралығында -19 адам (30, 16%), 45-55 жас шамасында - 18 адам (28, 57%) және 55 жастан жоғары сұхбаттасушылар - 4 адам (6, 35%) болды.
Сауалнама барысында, қазақстандықтардың 28, 57% аптасына 1 рет ұлттық кино көретіндігі, және 38, 095% оны «кейде», айына бірнеше рет қарайтыны анықталды. Одан басқа, отандық кинобейнелердің қызықтырудың негізгі себебі- олардың мазмұны, деген сауалған 58, 73% жауап берушілер, әрі қарай 25, 4% ұлттық фильмдерде қарастырылатын мәселелер деп, жауап берді.
5, 6, 7 нөмірлі сауалдарға жауап берушілерге бір жауаптан артық қылып таңдауға мүмкіндік берілді, сол себепті осы сұрақтарға жауаптардың жалпы нәтижесі шынайы сауалнамаға жауап берушілер санынан 63 адамнан артық болуы мүмкін еді.
5-сұраққа жауап нәтижелері ұлттық кинематографияның елдегі адам пікірлеріне әсері туралы білуге көмектесті. 30% жауап берушілер, отандық кинофильмді көргеннен кейін өзінің елі, тарихы, дәстүрлері мен мәдениетін мақтан тұтандықтарын айтты. Алайда, отандық кинобейнелер көбіне - көп қазақстандықтарды өзінің ел алдындағы азаматтық борышы туралы ойландыратындығы айқындалды - жауапберушілерің 33, 13%. Сонымен қатар, жауап бергендердің 25, 4% ұлттық фильмдерді көргеннен кейін өзінің елінің ашық болашағына сенімдірек болады деп жауап берді.
Осы сұраққа жауаптарды әлеуметтік сауалнамада қарастырылған жас шамаларына сай талдайтын болсақ, сауалнамаға жас қатысушылардың көбісі (24%) ұлттық кинофильмдерді көрген соң, біздің еліміздің тарихы туралы жаңа мәлімет алады және оған қызығушылықтары туындайды.
6 сұрақа алынған жауаптар нәтижесінде қазақстандықтардың отандық кинематографияның міндеттері мен мақсаттары туралы пікірлері айқындалды. Осылайша, жауап берушілердің пікірінше, ұлттық киноөндірістің міндеттері келесідей:
- Жас ұрпақты ең үздік қазақ дәстүрлерінде тәрбиелеу, біздің ұлтымыздың негізгі құндылықтарын насихаттау (33%) ;
- Өскелең ұрпақты қазақ тілі, мәдениеті мен тарихымен таныстыру ( жауап берушілердің 20, 4%-ы) ;
- Адамдарды рухани, ақыл-ой, физикалық тұрпатта алға жылжыту (сұхбаттасушылардың 21%-ы) .
Сонымен қатар, аға ұрпақтың (35-45, 45-55 және 55+ жас категориялары) пікірінше, қазақстандық киноөндірістің мақсаты болашақ ұрпақ үшін, біздің ділге сай ең үздік қазақ дәстүрлерін, қазақ тілін, мәдениетін, тарихын сақтап қалу. Жастардың ойынша, кино адамды тұлға ретінде дамытуға ықпал ету керек, бейнефильмдерде адамдардың тағдырлардың дәл мысалдарында «басқалардың қателерінен үйрену», адам тағдырларын және өмірлік жағдайларды «өзіңмен салыстыру» және «өзіңе өлшеуге» болады.
63, 49% жауап берушілердің пікірінше, кино еліміздің оң бейнесін алға жылжытудың нәтижелі тәсілі болып есептеледі. Тимур Бекмамбетов сияқты атақты кинематография тұлғалары, қазақстандық режиссерлер мен олардың фильмдері, әр түрлі халықаралық фестивальдер мен сайыстарда орын алып, елдің намысын жоғары дәрежеде қорғағандар көптеген жауап берген адамдардың пікірін дәлелдей түседі. Сонымен бірге кино-өнердің жалпыға ортақ түрі, яғни барлығына қол жетімді, сондықтан да мемлекеттің абыройын, беделін өсірудің нәтижелі әдісі деп саналады.
Жалпы алғанда әлеуметтік сауалнама зерттеу жұмысының теориялық негіздемелерін дәлелдеді. Қоғам да Қазақстан үшін киноны маңызды етіп санайды, себебі ол шынымен де патриоттылық сезімді қалыптастыруда, әсіресе өскелең ұрпақ үшін маңызды рөл атқарады. Сауалнамаға қатысқан адамдардың пікірлеріне негізделе отырып, жалпы алғанда ұлттық кинематография өзінің міндеттерін атқарады және ол халықаралық сахнада Қазақстанның беделінің өсуіне өзінің ықпалын тигізуде. Алайда жауап берушілердің қатарында әлі де отандық киноны көрмейтіндер ( 15, 87%) және онда ештеңе қызықтырмайтындар да (3, 86%) бар, сонымен қатар қазақстандық фильмді қарауға кеткен уақыты туралы өкінетіндер де (7, 78%) кездеседі.
Қорытындылай келе, сауалнама нәтижелерін талдайтын болсақ, қазіргі кезде оң кейіпкерлер бейнесін сомдайтын, бұрынғы өткен шақ туралы еске алатындар мен түңілушілік туралы емес, болашақ істерге жетелейтін, өмірдің мәнін анықтауға көмектесетін кейіпкерлері бар кинобейнелер қажет.
*Сауалнама нәтижелері туралы толық ақпаратты алу үшін, қосымша мәлімет бөлімінде көрсетілген диаграммаларды қарауға болады.
Бағалау
SWOT талдау
Қазақстандық кинематографияның қоғамға әсер етуінің әлсіз және күшті әсерлерін талдау, сонымен қатар, киноөндірісті дамыту мүмкіндіктері мен қауіп - қатерлері қарастырылады.
Күшті жақтары:
Жоғарыда айтылғандай, отандық кинематография мемлекеттік идеологияның қалыптасуында басты рөлді атқарады, ол қоғамға анархияға қатыссыз, керісінше, азаматтың қоғамдағы рөлін және ұлттық құндылықтардың «өлшемін» анықтау үшін қажет. Қазақстандық қоғамның өмірінің барлық салаларында ұлттық идеология ұлттық тарих, мәдениет, тіл, үздік дәстүрлер мен салттарға негізделген киноөндірістің көмегімен рухани күш-жігерлендіру мен сауығу сипатында болады. Ұлттық кинематографияның әсерлі болуының ерекше мысалы ретінде КССР кинематографиясын айтуға болады. Кеңестік дәуірде қандай да бір кинобейненің негізіне жоғары рухани принциптер, әлемді өзгертуге деген құштарлық, оны таза және бай етуге тырысу жатты. Кейбір кинофильмдерді әр түрлі жас өкілдері әлі күнге дейін кеңестік адамдардың қылықтары мен ерліктеріне сүйсіне отырып, қарайды.
Одан басқа, патриоттық кинофильмдер Қазақстанның бейнесіне тән ерекше әмбебап «бренд» болып табылады. Себебі әрбір ел үшін әлемде өзінің жеке ерекшеліктері бар, олар арқылы қандай да бір елді тануға болады. Фильмдер біздің еліміздің ерекшеліктерін «жарнамалаудың» күшті тәсілі болып саналады. «Мемлекеттің бет-бейнесі» түсінігіне ұлттық қызығушылықтар, әмбебап ерекшеліктер, мемлекет ішілік жүйенің өзгешеліктері, әлеуметтік және саяси үдерістер, сонымен бірге қоғамның этникалық және мәдени дәстүрлері кіреді. Осы себеппен ұлттық киноөндіріс елдің ішінде болып жатқан үдерістерді көрсетеді, ұлттық қызығушылықтар мен құндылықтарды қорғайды, Қазақстанның мәдениетімен таныстырады, елді әлемдік қоғам үшін қызықтыра түседі. Сонымен бірге, Қазақстанның оң бет-бейнесін қалыптастыру мәселе барлық әлемнен келетін ақпараттық «шабуылдардың» кенеттен өсуімен сәйкес өзектілігі артуда. Себебі әрбір қазіргі тәуелсіз мемлекет ақпараттық күресте бәсекеге қабілетті бола білуі тиіс.
Әлсіз тұстары:
Қаржыландыру мен техникалық қамтамасыз ету мәселесінің әлсіздігі. Ұлттық кино саласының дамуына жауап беретін бейресми көшбасшының жоқ болу мәселесі. Осы мәселелер отандық кинематографияның басты мақсатының алдында тұрған қиындықтар болып табылады. Осылайша, үлкен мүмкіндікке ие бола отырып, ұлттық киноөндіріс оны барлық мөлшерде қолдана алмайды. Мысалы: BBC, National Geographic, Discovery деген шетелдік студиялар барлығы әйгілі тарихи бейнені қалыптастырып отыр [7] . Алтын адам мен сақ тайпаларының Қазақстанда табылған қалдықтары әлемге әйгілі бренд қылар еді.
Мүмкіндіктері:
Кинематография туралы заңнамалық негіздің жасалуы киноның дамуына экономикалық базаны құруға мүмкіндік берер еді. Кинотеатрлық негізді құруға шетелдік инвесторларды көрермендер санының артуы үшін шақыру. Кино - мамандарды оқытудың жоғары институттарын жақсарту. Тәжірибе өту, әрі қарай осы мамандарды шетелде оқыту бойынша әмбебап жобаларды құру. Халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобына (зейнеткерлер, студенттер, мектеп оқушылары және т. б. ) қазақстандық фильмдерді тамашалауға бірнеше орындық абонемент беру туралы бұрыннан жоспарланған жобаны жүзеге асыру. КССР үлгі етіп, батырлық тарих, қазақ халқының мәдениетіне ерекше назар аудару. Анық азаматтық позицияларды қарастыру, патриоттылық. мәдени құқықтық, рухани-адамгершілік құндылықтарда жас ұрпақты тәрбиелеу.
Адам жігер, жарқын болашаққа үміт беретін, оң кейіпкерлерді қолданатын кинобаяндар түсіру.
Ұлттық кино брендтерін ұсыну, мемлекеттің оң бет-бейнесін құру Қазақстанға деген қызығушылықты арттырады және тауар өндіруді ұлғайтады, себебі бренд жоғары өнім алуға және елдің ұзақ мерзімді дамуына мүмкіндік береді.
Қауіп - қатерлер:
Кинематографияның дұрыс жұмыс атқару - берілген «бағытқа», яғни ұлттық идеологияға, тікелей байланысты. Нәтижесінде, дұрыс емес немесе дұрыс анықталмаған ұлттық киноөндірістің үкіметінің заңнамаларының міндеттері анархияға, тәртіпсіздікке әкелуі мүмкін. Себебі ұлттық кинематография - саяси «құрал», ол ойы дұрыс емес адамның қолына түсетін болса, керісінше антипатриоттылыққа әкелуі мүмкін. Кинематограф сынды саяси «құралды» пайдалану үшін саяси ерік қажет.
Қорытынды
Қорытындылай келе, отандық кинематография - тек қана биліктің бейресми тармағы ғана емес, ұлттық «мен» қалыптастының және жекешеліктің факторы, ол қазақ мәдениетінің ұлттық мазмұнын ерекше ашуға мүмкіндік беретіндігін айта кеткен дұрыс.
Әлемдік тарихқа көз жүгіртсек, қандай да бір қоғамның маңызды негізі - ұлттық дәстүрлер мен мәдениет, оларды жоғалту өлімге әкеледі, ал даму болашағын анықтайды. Осы дәстүрлердің маңыздысы: патриоттылық, Отанға мен өз халыққа шын берілгендік сияқты қадыр - қасиеттер жатады? . Өзінің тәуелсіз болашағына қызыққан мемлекеттер мен ұлттардың жас ұрпақты патриоттық тәрбиелеуге ерекше мән беретіндігі де бекер емес. Дайындық барысында ақпаратты жинай отырып, мемлекет те, қоғам да өзінің Отанына махаббат сезімі мен адалдық бас біріктірмесе, күшті бола алмайтындығын түсіндірілді . Сол себепті ұлттық киноөндірістің патриотттылық, толеранттылық пен келісім рухында тәрбиелеуде маңызы жоғары, тек қана отандық кинематография ең оңтайлы, нәтижелі ұлтты дұрыс тәрбиелеудің күшті «құралы» болып табылады. Менің ойымша, осы саланың дамуы үшін мемлекет тарапынан үлкен көңіл бөлуіні тиіс. Себебі мемлекет үшін отандық кинематографияның мақсаттарын жүзеге асыру мемлекеттік идеологияның өміргі әкелуімен бірдей болып келеді.
Талдау көрсеткендей, Қазақстанда киноөндірістің дамуына барлық жағдайлар жасалған: бай мәдени-тарихи мұра, ерекше табиғат, дарынды тұлғалар, халықаралық ұйымдардың мүшелігі (ЮНЕСКО) . Әр-түрлі ақпарат көздерін салыстыра отырып, қазіргі таңда тек қана заңнамалық негіз жасауы мұқтаж болып отыр. Заңнамалық база кинематографияның қаржыландыру мәселесін түбегейлі шешетін болар еді.
Менің пікірімше, кинематограф дегеніміз - біріншіден, сауда-саттық өнімі емес, ұлттық мәдениет, патриоттылықты дамыту мен қалыптастыруға арналған сала екендігі заңмен бекітілуі керек. Мемлекеттен бөлінген қаржы қоғам пайдасына жаратылуы тиіс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz