Қазақ тілінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың педагогикалық негіздері


ЖОСПАР
КІРІСПЕ
I ОҚЫТУДА ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Ғылыми парадигмада «сауаттылық» және «функционалдық сауаттылық» ұғымының қалыптасу, даму тенденциялары
- Қазақ тілін оқытуда функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың педогогикалық-психологиялық негізі
II ОҚЫТУДА ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
2. 1 Оқушылардың функционалдық тіл сауаттылығын қалыптастыруда қолданылатын интербелсенді технологиялар
2. 2 5-8 сынып оқушыларының функционалдық тіл сауаттылығын дамытуға бағытталған эксперименттік жұмыс нәтижелері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Дипломдық жобаның сипаты: Оқыту формалары мен әдістерінің алуан түрлілігі көрсетіліп отырған білім беру қызметтерінің сапасы туралы обьективті ақпараттармен қамтылып отырылуы қажет. Толық бағалы, әрбір адамның жеке қажеттіліктерін қанағаттандыратын білім алу үшін оқушылар мен олардың ата-аналарының азаматтық құқықтарын қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау қажет.
Бастауыш, негізгі орта және толық орта мектепті бтіруші оқушылардың оқу дайындығы деңгейін педагогикалық бақылаудың құралдарын дайындаудың орталықтандырылған ұйымы қажет.
Қазіргі ғылыми-әдістемелік зерттеулеріндегі оқушылардың функционалды сауаттылығын қалыптастыру мәселесін ғалымдар әртүрлі аспектілерде қарастырып жатыр. Мектеп оқушыларының функционалды сауаттылығын қалыптастыруда тұжырымдамалық тәсілдемелерді әзірлеу саласындағы зерттеулері қызығушылық тудыртады. Педагогикалық зерттеулердегі функционалды сауаттылық С. А. Тангянның, С. Г. Вершловскийдің, М. Д. Матюшкинаның, Б. С. Гершунскийдің, В. В. Мацкевичтің, С. А. Крупниктің, А. В. Хуторскийдің, Н. Н. Сметанникованың, Ж. Ж. Ордабаеваның, А. К. Рауандинаның және т. б. жұмыстарында қарастырылды, дегенмен, мектеп оқушыларының функционалды суаттылығын қалыптастыру мәселесі әлі де болса, педагогикалық ғылымда тиісті көрініс таппағанын атап өткен жөн.
Функционалдық сауаттылық дегеніміз - адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарай ілесіп отыруы, адамның мамандығын әрдайым жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады, яғни оқушылардың мектепте алған білімдерін өмірде тиімді қолдануына үйрету.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі Ұлттық жоспардың қабылдануы- оқыту әдіснамасы мен мазмұнын түбегейлі жаңарту болып табылады. Соның бірі - функционалдық сауаттылықты дамытудағы білім мазмұнының жаңғыруы -сындарлы оқыту теориясына негізделгендігі. Сындарлы оқытудың мақсаты -оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез-келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Сондай-ақ оқушының жеке тұлға және әлеуметтік нысан ретіндегі келешегі басты назарға алынады.
Дипломдық жобаның өзектілігі:
Болашақ - білім мен ғылымға тәуелді болатыны айдан анық нәрсе. Қазіргі жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесі қандай болса, елдің ертеңі де сондай дәрежеде болмақ. Сондықтан қоғам талабына сай, қоғамды көркейтетін, дамытатын, Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы істер байланысында мемлекеттің өркениеті үшінеңбек ететін, шетелдермен еркін ғылымим және мәдени қарымқатынастар жасай алатын, оқығанын өмірде қолдана алатын, ана тілін жетік білетін, ұлтжанды азамат дайындау - бүгінгі ұстаз қауымының басты мақсаты.
Сауатсыздық дерті адамға кішкентай кезінен бастап жұғады. Әсіресе, бүлдіршінді жазу мен оқуға баули бастаған 1-ден 3-сыныпқа дейінгі аралықта пайда болады, яғни үшінші сынып білім алушысы ешқашан кітапқанаға бармаса, оқулықтан басқа ешқандай кітап оқымаса, тағы бір ертеңгі сауатсыздықтың дүниеге келгені.
Ғалымдардың айтуынша, 8-сыныптан бастап білім алушылардың 60 пайызының өз бетімен жазып-оқуға деген ынтасы жоғалады екен. Тіпті түлектердің үштен бірінің оқуға мүлдем құлқы болмайтын көрінеді. Сондай-ақ тағы да бір, ресми деректерге сүйенсек, мектеп жасындағы білім алушылардың 40% әдеби мәтінді түсінуге қиналатындығы дәлелденген. Олар мектептен білім алса да, қызмет жасауға келгенде қарапайым жазу үлгісін білмейтіндігін көрсеткен. Тіпті, олар әртүрлі жағдайда кездескен іс-қағаздарды (бланкіні) толтыра алмай, ондағы ақпараттың мәнісін түсіне алмапты. Жалпы барлық зерттеушілердің болжамы бойынша, адамдардың сауаттылық деңгейінің төмендеуі оларға дұрыс білім беріп, тиянақты оқытпаудан, оқырман болуға үйретпеуден болған көрінеді.
Ендеше, бүгінгі күні функционалдық сауатсыздықпен күресу - тіл мамандарына жүктелген міндеттің бірі. Елбасы сөзімен айтар болсақ, “білім беру тек оқытумен ғана шектелмей, оны керісінше, әлеуметтік адаптация процесіне бейімдеу қажет”. Міне, сондықтан да жоғардағы келтірілген деректер мен мәліметтер білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуды көздейтін бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі.
Дипломдық жобаның мақсаты : Жаңа заман талабына сай жеке тұлғаның шығармашылық қабілетін, жақын аймақтық ықпалда, ұжымдық ықпалдасу құзіреттерін арттырудың тиімді жолдарын көрсету;
Қазақ тілі сабағында функционалдық сауаттылықты дамытудағы интербелсенді әдістер арқылы оқушылардың білім, білік, дағдыларын арттыру.
Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер атқарылды:
Ғылыми парадигмада «сауаттылық» және «функционалдық сауаттылық» ұғымының қалыптасу, даму тенденцияларын жүйелеу;
Қазақ тілін оқытуда функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың педогогикалық-психологиялық негізін анықтау;
Оқушылардың функционалдық тіл сауаттылығын қалыптастыруда қолданылатын интербелсенді технологияларды талдау.
Күтілетін нәтижелер: Жұмыс барысында функционалдық тілдік сауаттылықты қалыптастырудың жолдарына талдау жасай келе, келесі мәселелер анықталды:
- функционалдық тілдік сауаттылықты қалыптастыруда дамыта оқыту маңызды рөл атқұара алады;
- Арнайы тапсырмаларды дайындау арқылы оң нәтиже жетуге болады;
- Мәтін талдату оқушының функционалдық тілдік сауаттылығын қалыптасады.
Диплом жобасының теориялық және практикалық маңыздылығы: Зерттеу
жұмысын оқу үдерісіндегі анықтамалық, әдістемелік құрал ретінде қолдануға болады.
I ОҚЫТУДА ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Ғылыми парадигмада «сауаттылық» және «функционалдық сауаттылық» ұғымының қалыптасу, даму тенденциялары
Сауаттылық ұғымы - дәстүрлі түрде жеке тұлғаның грамматикалық нормаларға сай оқу, мен жазу дағдыларын игеру дәрежесі. Ұлттың мінез - құлқына сай - бірден - бір базалық көрсеткіштер мен әлеуметтік - мәдени дамуының бет - бейнесі болып табылады. Сауаттылық ұғымының мазмұны тарихи тұрғыда қоғамдық талаптар мен индивидке қойылатын талаптардың ең төменгі шектік деңгейінің өзгеруіне байланысты өзгеріске ұшырады.
1969 жылы қыркүйек айында Тегеран қаласында өткен сауатсыздықты жою бойынша ағарту саласы министрлерінің Дүниежүзілік конгресінде «функционалдық сауаттылық» термині енгізілген болатын, ал 1978 жылы БҰҰ ұсынысы бойынша конгресс шешімі қайта қаралып, «Білім беру саласы статистикасын халықаралық стандартизациялау» туралы құжатқа өзгерістер енгізілді. Термин мазмұнының қайта редакциялануына орай функционалды топтардың тиімді әрекет етуіне қажетті барлық іс - әрекет саласына еркін енуі функционалдық сауаттылықтың жаңа көрсеткіші болып табылады [1] .
Қазіргі кезеңде «функционалдық сауаттылық» ұғымы мағынасы жан-жақты зерттеліп, қоғам дамуын тежеуші сауатсыздықты жою мағынасында ғана емес, ұғымдық мағынасы іс- әрекеттің нәтижесі тұрғысында сауатсыздықты жою механизімдері мен тәсілдерін іздеу мәселесі ретінде де қарастырылады. Қазіргі ақпараттанған жаңа қоғамда функционалдық сауаттылық барлық қоғамдық деңгейлердің әрекет нәтижесінің жетістік түйіні болмақ. Жаңа сипатта «функционалдық сауаттылық» мағыналық тұрғыда кеңейіп, мәдениеттілік атрибуты дәрежесіне дейін көтерілді.
Тіл иесіне тəн басты қасиеттер мен белгілер ─ байқау, сезу, ойлау, сөйлеу. Оқушы бойындағы осындай танымдық қасиеттерді дамыту арқылы оның жалпы сауаттылығын қалыптасыруға болады [2] .
Функционалдық сауаттылық ұғымы ғылыми - техникалық талаптар мен әлеуметтік прогресс нәтижесінде пайда болып, мағыналық тұрғыда әмбебап сипатта ғана емес, мәдени - тарихи сипатта да қолданылады. Себебі Кеңестік кезеңнің алғашқы 10 жылдығында азататтың оқи білуі, жаза білуі, арифметикалық төрт амалды білуі қызметтік әрекетті игеріп кетудің негізгі көрсеткіші болды. Қазіргі кезеңде сауаттылық ұғымының ауқымы кеңейіп, оның көрсеткіштері түрліше сипатталады
И. А. Мещеряков функционалдық сауаттылық - (ағылшын тілінде functional literacy) - дағды мен білімді қамтамасыз ететін жеке тұлғаны дамытуға, жаңа білім алу мен мәдениет жетістіктерін игеруге бағытталған білім нәтижесі, жаңа техниканы қолдануды игеру, кәсіби міндеттерді жетік меңгеру, жанұялық өмірдегі сәтті үйлесімділік құра білу, өмірлік түрлі жағдаяттарды шеше алу деп анықтама берді.
М. А. Холодная зертеуінде жалпы білім беру процесін реформалауда екі базалық ұғымды анықтауға болатындығын, олар «түйінді құзіреттіліктер» мен «функционалдық сауаттылық» ұғымдары екені атап өтті. Аталған ұғымдар оқытудың нәтижесі және білім мазмұны бағдары ретінде қарастырылады. Ол нәтижелер оқу әрекетінде, ақпараттық қолдануда, шығармашылық іс -әрекетте, спорттық жетістікте, еңбек әрекеттері нәтижелерінде көрініс табатынын қарастырды.
«Түйінді құзіреттілік» ұғымына терминдік тұрғыда үңілсек ағылшын тілінен еніп, competencе «құзыреттілік», «құзырлылық» деген екі мағына береді. Ал құзыреттілік ұғымы қабілеттілік, біліктілік деген мағына берсе, ал құзырлылық ұғымы іс- әрекет барысындағы құзіреттілік мағынасын береді. Ал заңдық термин ретінде «құқықты» деген мағына береді. Түсіндірмелік сөздікте «құзыреттілік», «құзырлылық» ұғымдары жетістікке, немесе жетістікке жетемін, сәйкес келемін, сай келемін деген мағына береді.
М. А. Холоднаяның пайымдауынша «функционалдық сауаттылық» пен «түйінді құзіреттілік» ұғымдары табысты өмір сүріп, білім алуды жалғастыру үшін оқушы игеруі тиіс сапалық қасиеттер ретінде қарастырылады. Себебі адам өмірлік, кәсіби қызметтегі, жанұялық өмірдегі, әлеуметтік саладағы түрлі жетістіктерге жету үшін оқушы бойында келесі түйінді құзіреттіліктер қалыптасуы тиіс деп есептейді: «автономдық әрекет» (өзбетінше әрекет ету мен жеке белсенділік), «құрал қолдану» ( физикалық, әлеуметтік, тіл, техникалық т. б. ), «Әртүрлі деңгейдегі әлеуметтік топтарда әрекет ету» (толеранттық таныту, адамдармен біріккен әрекетке дайын болу) .
Сонымен қоса М. А. Холодная «функционалдық сауаттылық» ұғымының оқу нәтижесі ретінде қолданылуымен қоса келесі айырмашылықтарын атап өтті. Олар:
1) тұрмыстық мәселелерді шешу бағытында;
2) жеке тұлғаның әлеуметтік жағдайдағы өзін ұстауының сипаттамасы;
3) дәстүрлі, стериотиптік міндеттерді шешудің байланысы;
4) оқу және жазу дағдысы деңгейінің элементарлық базалық деңгейі;
6) сауаттысыздық мәселесін аз уақыт бірлігінде шешу мағынасында қолдануы.
С. Г. Вершилинский мен М. Д. Матюшкина «функционалдық сауаттылық» ұғымын мектеп түлектерінің сауаттылық көрсеткіштері ретінде қарастырады. Жалпы сауаттылық (шығарма, реферат жазу; калькуляторсыз санау, анкета, бланк толтыра алуы), ақпараттық сауаттылық (желіден қажетті мәліметті таба алуы, электрондық поштамен хат алысу, мәтін теру мен шығару) [3] .
Жоғарыдағы ойлардан білім берудің әр деңгейі функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға бағытталатындығын байқай аламыз.
- Қазақ тілін оқытуда функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың педогогикалық-психологиялық негізі
Қазақ тілін оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың теориялық негіздері оқушылардың қазақ тілін меңгеруі барысында жүйелі ойлауын дамытып, мектепте алған білімінің өмірдің қай саласында да тірек болуын қамтамасыз ететін тиімді əдістемелік жүйе жасауға жəне қолдануға мүмкіндік береді.
Қазақ тілін оқыту барысында қалыптастырылуы тиіс деп күтілетін «функционалдық сауаттылықтың» белгілерін төмендегі модельден көруге болады:
Сызба - 1. Қазақ тілінен функционалдық сауаттылықтың белгілері
Бұл белгілерді бір аяға жинақтап модель ретінде көрсетуде функционалдық сауаттылыққа берілген анықтаманың құрамындағы белгілер негізге алынып отыр.
Функционалдық сауаттылыққа қол жеткізген оқушы дегеніміз мектепте білім алуы барысында өмірдің қалыпты жағдайларында кездесетін түрлі жағдаяттардың шешімдерін таба алатын қабілетке ие болған, негізінен, қолданбалы білімін жүзеге асыра алатын деңгейдегі білім иесі болып табылады. Жинақтай алғанда, функционалдық сауаттылық оқушының жеке тұлғасының əлеуметтенуіне игі ықпал ететін басты тірек болып табылады [4] .
Қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың теориялық негіздері жүйесінің моделі төменде көрсетілді:
Тілдік функционалдық сауаттылықты қалыптастыру
Теориялық негіздері
Педагогикалық негіздері
Психологиялық негіздері
Жаңа оқыту технологиялары
Оқушылар білімін құзіреттілік негізінде бағалау
Қазақ тілінің функционалдық-коммуникативтік
Қазақ тілін сапалы оқытуды ұйымдастырудың тиімді жүйесі
Сызба - 2. Қазақ тілінен функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың теориялық негіздері
Қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың теориялық негіздеріне психология жəне педагогика ілімдері, жеке тұлғаны қалыптастыру мен дамытуға бағдарланған жаңа оқыту технологиялары, қазақ тілінің функционалдық грамматикасы, мектепте қазақ тілін оқытуды ұйымдастыру тəсілдері, мектеп оқушыларының білімін құзыреттілік негізде бағалау жүйесі алынып отыр.
Қазақ тілінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың психологиялық негіздері . Қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту - олардың психологиялық қырынан даму мəселесін де қарастыруды қажет етеді. Оқушының дамуы дегеніміз - оның өмірлік күш-қуаты мүмкіндіктерінің жүзеге асырылуы. Сондықтан сол дамытатын қабілеттерді жəне олардың оқу-танымдық процестегі қызметі ерекше қажет. Ал оқушыны белгілі бір психикалық алғышарттарға ие болып келетін, танып-білу мүмкіншіліктері мол жеке тұлға деп қарастыру - теориялық ұғым жасаушы субъектінің болмысын анықтау болып табылады.
Психологияда баланың дамуы туралы екі түрлі бағыттағы көзқарас бар: бірі - баланың дамуын жеделдетуге болады деген болса, екіншісі - баланың дамуын табиғи күйінде қалдыру керек, тіпті мүмкін болса, тежеңкіреу керек. Өйткені қоғам баланы ертерек есейтуге əрдайым бейім тұратындықтан, оның өмірлік күшінің толық пісіп-жетілмеуі мүмкін.
Қоғам дамуы барысында балаға əсер ететін ықпалы зор күштер болады. Бала соның негізінде белгілі бір даму жетістіктеріне ие болып, қалыптасады. Бірақ оқу-танымдық процесс білім беру мен тəрбиелеуді бір тізгінде ұстайтын болғандықтан, баланың сыртқы жəне ішкі даму барысындағы тепе- теңдікті бұзып алмау жағына сақ болу керек.
Ол үшін оқушы тіл туралы алған білімін интериоризациялауы тиіс. Бұл жерде қазақ тілін функционалдық мақсатта оқыту маңызды рөл атқарады. Əрине, оқушылар тілдің грамматикалық ережелерін есте сақтап, жатқа қайталап айта алады. Осы тілдік құбылыстар туралы білімін коммуникативтік мақсатта еркін пайдалану қабілеті болмайды, кейбір кездері тілдің грамматикасын игермеген оқушы сабақтан тыс кездерде сол тілде жақсы сөйлей алуы мүмкін.
Қазақ тілін оқыту сабақтарында тілді жылдам жəне сапалы игеру үшін міндетті шынайы түрдегі қарым-қатынастар жағдаяттары ұйымдастырылуы керек. Мұндай сөйлеу тілдік жағдаяттары арқылы оқушылар қазақ тілін саналы түрде меңгере алады.
Тілдің саналы түрде игерілуі баланың танымдық қабілеті мен таным күштерінің бірігуі арқылы іске асып отырады. Баланың дамуға бейім таным күштерін байқаған мұғалім арнайы жұмыс арқылы оны ұштай түсуі тиіс. Мұғалім оқушының қазақ тілінде төселе сөйлеуін, сауатты жазуын қамтамасыз ету барысында міндетті түрде оның танымдық қабілеттерінің де дамуын да ескеріп отырғаны жөн.
Əрине, даму барысы оның физиологиялық даму мүмкіндіктерімен үйлесе келуін де қажет етеді. Мұғалім оқу-танымдық процестің жетекшісі мен ұйымдастырушысы ретінде оқушының биологиялық жəне əлеуметтік дамуын үйлестіріп отыруды баса назарда ұстайды. Жасөспірім кезінде баланың танымдық қызметі ерекше белсенділікпен өтеді [5] .
Абайдың 7-қара сөзінде айтылған танымдық қызығушылық енді мектепте жəне орта сыныптарда түрлі салаларды меңгере бастауымен арта түседі. Осы ретте оқушының қазақ тіліндегі коммуникативтік құзыреттілігінің оны белгілі бір шынайы ситуацияларға түсіре отырып, төселдірілуіндегі даму процесі туралы айтып өту керек [6] .
Осы кезеңдегі оқушының қабылдауы, зейіні, қиялдауы туралы мəліметтер алуы қиын болғанымен, ес пен жады, сөйлеу мен ойлау сияқты таным процестерін тану мүмкіндіктері мол.
М. Мұқанов білім мағынасының бəрі де ақпараттан тұратынын атап көрсетеді. Сондықтан да ақпараттың шығатын көзі, келетін мекенжайы болады. Ақпарат шығатын жерінен келетін мекенжайына канал байланыстары радио, телеграф немесе хабар адамның рецепторларына берілсе, онда шетке жəне ортаға тебетін нервтер арқылы жіберіледі. Нысандардан рецепторлар арқылы адамға келген ақпарат оның басында сан алуан өзгерістерге ұшырап, белгілі жүйеге келтіріледі де, осының нəтижесінде келген хабарлар əр түрлі білім дəрежесіне айналады [7] .
Оқушының білім алу жəне танымдық үдерісі төмендегі суретте көрсетілгендей реттеліп отырады:
![]()
Сызба - 3. Оқушының танымдық үдерісі.
Оқушы тиісті оқу нысандарынан білімдік ақпарат алғанда, көп мағлұматтардың ішінен өзіне керек хабарды іріктеп алады. Адамның басында осындай іріктегіш, селективтік аспап бар. Егер оқушы рецепторларына жеткен мағлұматтарды іріктеп алмай, оған не əсер етсе, соны түгел қабылдаса, мақсатына жете алмас еді. Ол көп хабардың ішінен ненің қажет, ненің қажет емес екендігін ажырата алмай, оқи алмас еді. Сондықтан көп мағлұматтардың ішінен өзіне керегін ғана іріктеп таңдап алу - оқу тапсырмасын орындаудың негізгі шартының бірі.
М. Мұқанов таным үдерісінің элементтерін мыналар деп көрсетеді:
- қабылдау;
- зейін;
- ес пен жады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz