Қазақстанның экономиканың қозғайтын күші шикізат


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Павлодар қаласындағы химия - биология бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебі

Қазіргі әлемдегі Қазақстан

Курстық жұмыс

Оқу бағдарламаға сәйкес тақырыптың бағыты: Геосаяси әлеуетті

Тақырып: Қазақстан экономикасының дамуындағы геосаясаттың әсері кандай?

2860 (сөз)

Орындаған: (аты-жөні, қолы)

Манин Игорь

Жетекші: (аты-жөні, қолы)

Тогайбаев Р. К.

Ішкі модератор: (аты-жөні, қолы)

Байханова Л. А.

Павлодар қаласы, 2020

МАЗМҰНЫ

Кіріспе3

Негізгі бөлім4

Зерттеу әдістері7

Зерттеу нәтижелері7

Бағалау9

Қорытынды10

Пайдаланған әдебиеттер тізімі10

Кіріспе

Қазіргі әлемде Қазақстанның экономикасы қаркынды дамуда. Бұл үрдісіне көп факторлар әсерін тигізеді, олардың бірі геосаясат болып табылады. Сондықтан экономикалық қауіпсіздікке геосаясат әсерін аңықтауға болады. Соңғы жылдарда Батыс және ТМД елдері бұл тақырыпқа көп назар аударады.

Қазақстан Еуропа мен Азия арасында орналасқан және олар арасында көпір рөлін атқарады. Бұл транзиттік жол арқылы Еуропа мен Азия елдері көп сауда-саттық қарым-қатынастар орнатылды. Сондықтан Қазақстан территориясында тауар айналымы мен тасымалы жоғары деңгейде тұр.

Халықаралық интеграция мемлекеттердің геосаяси бағытын анықтайды. Қазақстан әртүрлі халықаралық ұйымдардың мүшесі болып келеді. Қазақстан әлем деңгейдегі Дүниежүзілік Сауда Ұйымы, ОПЕК (мұнай елдер арасында) және Еуразиялық Экономикалық Одаққа кіреді. Сондай-ақ біздің мемлекет аймақтық деңгейдегі Кедендік Одақ және Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының мүшесі болып табылады. Сонымен қатар көрші мемлекеттермен ерекше қарым-қатынастар («Қазақстан-Қытай», «Қазақстан-Ресей» келесімдер) орнатылды.

2012 жылы Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Біз Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында бірінші болып жеке меншікке, еркін бәсекелестікке және ашықтық принциптеріне негізделген нарықтық экономиканың заманауи үлгісін жасадық. Біздің моделіміз шетелдік инвестицияларды тартудағы мемлекеттің белсенді рөліне негізделген» деп айтты [1] . Яғни Елбасы экономика саласында енгізілген реформалар көрсете отырып, басқа елдердегі инвестияциялар тарту рөлін айтты, яғни интеграцияның маңыздылығын көрсетті.

Мен таңдаған тақырыбын әр түрлі экономикалық форумдарда қарастырылады. Сонды0тан тақырыпқа қатысты өткізген зеррттеулердің саны жеткілікті.

Тақырыптың өзектілігі - геосаясаттың экономикаға әсері анықтау арқылы дұрыс бағыты ұстануда көмектеседі. Жұмыстың мақсаты - Қазақстанның геосаясаттың экономикаға әсерін анықтау және талдау. Бұл зерттеу жұмыстың болжамы - геосаясаттың экономиканың дамуындағы маңызды рөлін аңықтау және де геосаясат арқылы басқа елдердің экономикаға әсер ету мүмкіндігін қарастыру.

Сондықтан экономикаға геосаясаттың әсері зерттеу үшін мынандай зерттеу сұрақтарға жауап беру керек.

  1. Қазіргі Қазақстан экономикасының жағдайы қандай?
  2. Қазақстан экономикасының дамуындағы геосаясаттың әсері кандай?
  3. Геосаясаттың Қазақстан экономикасына берер мүмкіндігі қандай?
Негізгі бөлім
  1. Қазіргі Қазақстан экономикасының жағдайы қандай?

Экономиканың жағдайы бірнеше экономикалық көрсеткіштері арқылы анықтауға болады. Олар ішкі және сыртқы экономикамен байланысты. Негізгі көрсеткіші ЖІӨ болып табылады. Сонымен қатар мемлекеттің жұмыссыздық деңгейі, жан басына шаққандағы ЖІӨ, мемлекеттік сыртқы борышы, құңсыздану деңгейі, мемлекеттік алтын қоры және мемлекеттік бюджет.

Жалпы Қазақстан нарықтық экономикасы жүргізетін мемлекет болып табылады. Нарықтық экономикасы деген еркін кәсіпкерлік, өндіріс құрал-жабдығына меншік нысандарының көптігі, нарықтық баға белгілеу, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы шарттық қатынастар, мемлекеттің шаруашылық қызметке шектеулі түрде араласуы қағидаттарына негізделген экономика, яғни тауарлар мен қызметтерді өндіру, бөлу, оны бағдарламалау және реттеу саласы нарықта біріктірілетін экономика [2] .

Қазақстан Республикасы табиғи ресурстарға бай. Біздің елімізде ірі су қорлары бар. Мұхитқа шығу жоқ, алайда екі теңіз (көл) бар. Сондай-ақ өзендердің саны үлкен. Бірнеше ірі өзеңдер трансшекаралық болып табылады. Негізгі пайдалы қазбалар мұнай, көмір және темір болып келеді. Сондықтан өңдеу саласы өте дамыған. Елімізде үлкен ҚазМұнайГаз Интернэшнл (KMGI) компаниясының бірнеше филиалдар бар. Сондай-ақ біздің елімізде шетелдік компаниялар өзінің филиалдарын ашты. Қазақстанда 7 мұнай құбырлар жұмыс атқарады. Олармен еліміздің ішінде және шетелдік мемлекеттер пайдаланады.

Сонымен қатар Қазақстан логистикалық орталығы болып табылады. Сондықтан біздің мемлекетте көлік және темір жолдар орналасқан. Біздің елімізде 42 көлік жол бар. Олардан бесеуі халықаралық болып табылады. Сондай-ақ 9 темір жолдар жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының мәліметтер бойынша, өңдіріс әдісі бойынша жалпы ішкі өнім тәуелсіздік алғаннан бастап 2000 жылға 88 есеге өсті. Содан кейін 2019 жылға дейін бұл көрсеткіші тағы да 27 есеге өсті. Сондай-ақ бұл уақытта еліміздің жұмыс күші баяу өседі. 2019 жылда жұмыс күші (15 жастан бастап) жалпы халықтың саның жартысы құрады. Ал жұмыссыздықтың пайызы бұл уақытта тек қана төмендеді. Бүгінгі күнде бұл көрсеткіш 5 пайызға дейін төмендеді. Сонымен қатар негізгі капиталға салынған инвестициялар 2000 және 2013 жылдар арасында 7 есеге өсіп, содан кейін 1. 5 есеге 2016 жылға дейін төмендеді және қазір бұл көрсеткіші көтереді [3] .

Ұлттық Банк 2019 жылғы есебі бойынша Қазақстандағы жылдық құңсыздану 5, 4%-ды (2018 жылы - 5, 3%) құрады. Базалық құңсыздану 2019 жыл ішінде жалпы инфляциядан жоғары деңгейде сақталды. 2019 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының сыртқы борышы 156, 8 млрд АҚШ долларын құрады. Қызмет көрсету саласы Қазақстанда орташа деңгейде тұр. 2019 жылда Ұлттық Банктің мәліметтер бойынша мемлекеттік қызметтерімен қанағаттану деңгейі 84, 4%-ды құрады, ал орташа балл - 5-тен 4, 93 болды [4] .

Қазақстанның әлем бойынша 341, 2 тонналық алтын қорымен 15-ші орынды алады. Алтын жөніндегі дүниежүзілік кеңестің (WGC) мәліметтеріне сүйенсек, бағалы металдың көлемі 2019 жылғы 1 қарашасында 377, 5 тоннаны құрады [5] . 2014-2019 жылдар арасында Қазақстанның Ұлттық Банкі барлығы 215, 2 тоннадан астам алтын сатып алған [6] .

Біздің мемлекеттіміздің негізгі экономикалық индикаторларын талдап, Қазақстан Республикасының бəсекеге қабілеттілігінің орташа деңгейде тұратындығы аңықтауға болады. Әр даму индикатор бойынша тұрақты дамуын көруге болады. Солай қорытындысысына әр түрлі ғылыми конференцияларда келді. Мысалы ІХ Астана экономикалық форумда Махамбетжан А. Қ., Хойч А. мен Исаева Б. К., Сержан Б. жұмыстарда Қазақстанның эконономиканың деңгейі орташа деңгейде қорытынсына келеді [7] .

2. Қазақстан экономикасының дамуындағы геосаясаттың әсері кандай?

Қазақстан территориясында Ұлы Жібек Жолы өтті. Бұл жолы арқылы Қытайдан Еуропаға және Еуропадан Қытайға әр түрлі тауарлар жеткізілді. Бұл сауданың дамуында үлкен әсерін тігізді. Бұл Қазақстанның оңтүстікте ірі қалалардың себеп болды. Ал үлкен қалалар елдің экономикаға жақсы әсер етеді.

Геосаясат ұлттық мүдделерді жүзеге асыру жүргізіледі. Геосаясат басқа елдермен интеграцияны көздейді. Қазіргі уақытта интеграциялық процестерде қатысу ұлттық экономиканың тұрақты дамуының кепілі болып табылады. Елбасы басқа елдермен интеграция жүзеге асыру үшін Еуразиялық Одақты құру идеясын ұсынып, басқа елдердің лидерлерді сендіріп, бастамасын іске қосылды. «Қазақстан-2050» бағдарламасында қарастырылған сын-қатерледен бірі жаһандық дағдарысты мен әлемдік экономиканың тұрақсыздылығы төмендеу мақсаты туралы айтылады. Қазақстан жүргізетін көпвекторлы геосаясаттың төрт негізгі бағыттары бар. Олар Ресей, Қытай, Каспий манындағы елдер және оңтүстіктегі Орта Азия елдері. Сонымен қатар Қазақстан басқа елдермен интеграцияны жасайды.

Ресеймен Қазақстан ең үзін шекарасы бар, сондықтан Ресеймен интеграция болу мәжбүр. Бүгінгі күнде Ресеймен үлкен бір ынтымақтастық бар. Ол бірнеше ғасыр ішінде қалыптасты. Сонымен қатар, ҚСРО-ның құрамында болуы елдерді өте тығыз байланыстырады. Қазақстан Ресеймен бірге көп әлемдік және аймақтық ұйымдардың мүшелері болып келеді. Ресеймен тауарлардың айналымы өте жоғары. Ресей арқылы Қазақстанға Еуропадан импорттайтын тауарлары келеді. Сонымен қатар Ресей мен Қазақстан экономикалық көрсеткіштері өте тығыз байланысты. Мысалы, Ресейдің ЖІӨ өсімі 2013 жылғы 1, 3 пайыздан 2015 жəне 2016 жылдары 0, 5 пайызға төмендеп кеткен. Бұл Қазақстан экономикасының ЖІӨ көлемі өсімінің 0, 5-1 пайыздық пунктіге төмендеуіне әкелді [7] . Сонымен қатар бұл ішкі және сыртқы инвестициялардың төмендеуіне әсерін тігізді. Ресей мен Қазақстанның экономикасына мұнай бағалары әсер етеді, себебі мемлекеттер мұнайдың қорларына бай. Сонымен қатар отын мен қуат саласында тығыз байланыс болғандықтан, экологияға әсері екі мемлекет үшін маңызды тақырып болып табылады. Сондықтан жасыл экономика жобасы жүзеге асырай отырып,

мемлекеттер арасында интеграция өткізіледі. Ғарыш зерттеу саласында да ынтымақтастық бар. Қазақстанданың Байконұр ғарыш айлағы Ресей үшін өте құнды болып табылады. Сондай интеграция Қазақстанның ғылым саласына өте пайдалы. Жалпы Ресеймен интеграция жасағандықтан, Қазақстанның экономикасы тез дамып келеді.

Шығыста Қазақстан Қытаймен үлкен шекарасы бар. Қытай көп тауарларды шығаралатын мемлекет болып келеді . Сондықтан көп тауарлады Қазақстан Қытайдан сатып алады. Қазақстан Еуропа мен Азия арасында орналасуынан логистикалық қызметтері орнатады. Қытаймен «Бір белдеу - бір жол» бағдарламасы бар. Ол транзит- көлік жобасы ғана емес, ал инфрақұрылымды, өнеркәсіпті, сауда және қызмет көрсетуді дамытуға бағытталған. Бұл бағдарламасы бірқатар мемлекеттер үшін экономикалық дамудың кешенді жоспары. Яғни Қазақстан мен Қытай ғана емес, басқа да Еуропа мен Азия елдері бұл бағдарламада қатысады. Қазақстанның логистикалық потенциалы өте үлкен. Бұл Қытаймен интеграцияны күшейтуге көмектеседі. Соңғы жылдарда Aliexpress сайтынан көп тауарлады сатып алынады. Қытаймен интеграциялау бұл интернет-дүкен арқылы тауарлардың тегін жеткізу жүзеге асырылды. 2017 жылда AliExpress ғаламдық сауда алаңы «Қазпошта» ұлттық пошта операторымен бірлесіп, жаңа өнім - Kazpost/AliExpress кобрендингтік картасын жасады [8] . Соңғы 20 жылдарда Қытай Қазақстанға 19 миллиард долларға жуық инвестициялар салды. Сонымен қатар Шанхай Ынтымақтастық Ұйымның елдер арасында бәсекелестік әр жылда көтеріледі. Сондай-ақ Қытайда көп қазақтар мен ұйғурлар өмір сүреді. Қытаймен интеграция арқылы бұл ұлттарға Қазақстанның территориясына еркін көшуіне жол ашты. Бұл Қазақстанның демографияға жағымды әсерін әкеліп, экономика даму үшін жағдайын жақсартады. Жалпы Қытай Қазақстанның экономикаға үлкен әсері бар.

Оңтүстікте Қазақстан үш мемлекетпен шекарасы бар. Олар Өзбекстан, Қырғызстан және Түрікменстан. Қазақстан арқылы «Қытай - Қазақстан - Түрікменстан - Иран» теміржолы өтеді. Бұл «Бір белдеу - бір жол» бағдарлама арқылы Еуразиялық экономикалық одақты құру және Жібек жолы экономикалық белдеуін ұштастыру мақсатымен жүзеге асырылды. Сонымен қатар бұл теміржолы пайдаланып, Иранға дейін тасымалдау жолы ашты. Яғни бұл экспорттың жаңа бағыттары ашады. Сондықтан бұл экономикаға жағымды жағдайын құрастырады. Сондай-ақ бұл үш елдері өз тауарларды біздің нарыққа жеткізеді. Олар жеміс-көкөністер, киім экпорттайды. Сонымен қатар олардың тауарлары Қазақстан арқылы Ресейге жеткізіледі. Сонымен қатар бұл аймақта энергетика саласында ынтымақтастық бар. Алайда, шешілмеген су ресуртарына байланысты бар. 1998 және 2002 жылдарда Нарын-Сырдария су қоймасы каскадының су-энергетикалық ресур-старын тиімді пайдалануға бағытталған алғашқы әрекеттер жүргізілді, бірақ олар табысты әкелген жоқ [9] .

Соңғы Қазақстанның негізгі геосаясаттың бағыты бұл Каспий теңізі. Бұл бағытта 2018 жылда Ақтау саммитта бес мемлекет арасында келісім жасаған. Бұл келісім Қазақстан үшін өте маңызды, себебі ол көп мүмкіндіктер ашады. Бұл инвесторладды тартады. Сондықтан бұл шетелдік мемлекеттердің Қазақстанда қызығушылығын арттырады. Соңғы жылдарда Германияның инвесторлары Қазақстанда қызығұшылығын көрсетті. Сонымен қатар бұл Қазақстанның логистикалық понтециалын көбейеді. Бұл инфрақұрылымның дамуына әкеледі, яғни экономиканың деңгейі көтереді. Қазақстан үшін Каспий теңізі өте маңызды стратегиялық объектісі болып келеді. Сондай жағдайы біздің мемлекеттің бірнеше мақсаттарға жету үшін қажет. Қазақстанның жанармай-энергетикалық жүйесін дамыту. Яғни шикізат өңдеу емес, өңдіру саласын дамытуға көмек көрсетеді. Сондай-ақ халықаралық аренада дипломатиялық мүмкіндігі мен позициясын кеңейту. Каспий теңізіне көп мемлекеттерде өз мүдделері бар. Бұл Қазақстан үшін үлкен мүмкіндік болып табылады, себебі Каспий теңізінде қызыққан мемлекеттермен интеграцияны жасауға болады. Тағы да Қазақстанның мүдделері басқа елдерге көрсетуге болады. Яғни келісім жасау кезінде басқа елдерге өз шарттарын ұсынуға болады. Қазақстан теңіз державасы ретінде қалыптаса алады. Бұл өз позициясын нығайтуға жол ашады. Сонымен қатар ұлттық қауіпсіздікті сақтауына маңызды қадам болып табылады. Және соңғы бағыты бұл биоресурсын сақтау және пайдалану. Яғни Каспий теңізде көп жануарлар мен балық турлері бар. Олар экология саласындағы мәселерді шешүге болады. Сондай-ақ балық аулау саласын дамуына үлкен мүмкіндігі бар.

Қорытындылай келе, Қазақстан геосаясаттың негізгі төрт бағытта белсенді жұмыс істейді. Ресей және Қытаймен жоғары деңгейдегі интеграция Қазақстанның экономикаға үлкен жағымды әсерін тігізеді. Оңтүстіктегі Орта Азия елдерімен интеграция орташа деңгейде. Бұл жағдай жаңа бағыттары ашуға көмектеседі. Каспий теңізі Қазақстан үшін тым құнды, сондықтан ол Қазақстанның экономиканың дамуына жағымды әсерін тігізеді. Қазақстан экономикасының дамуындағы геосаясаттың рөлі үлкен. Қазіргі уақытта жүргізетін геосаясат Қазақстанның геосаяси жағдайын тиімді пайдаланып отыр.

Зерттеу әдістері

Тақырыпты терең түсіну үшін бірінші ретті талдау өткізу керек.

Зерттеу жүргізу мақсатында сандық және сапалық әдістер бірге қолданылды. Ол үлкен аудиторияның ой-пікірімен таныстыру және сапалық ақпарат табуға болады. Жан-жақты пікірлерді жинау арқылы объективті қорытынды жасау тиімді болады.

Сауалнаманы таңдау себептерім:

  1. Көп адамдардың көзқарасы аңықтауға болады
  2. Ашық және жабық сұрақтар бірігу болады
  3. Сұрақтарды тарату өте жеңіл

Сауалнама негізгі үш сұраққа жауап табуға бағытталған:

  1. Қазіргі Қазақстан экономикасының жағдайы қандай?
  2. Қазақстан экономикасының дамуындағы геосаясаттың әсері кандай?
  3. Геосаясаттың Қазақстан экономикасына берер мүмкіндігі қандай?

Сауалнаманы жүргізу үшін Surveyplanet платформасы пайдаланды. Бұл платформасында көп қолжетімді функциялар бар. Мысалы сұрақтардың түрлері көп және жауаптардың көрсету жолы түсінікті.

Сауалнаманың құрылымы:

  • Қандай тауарлар сіз жиірек сатып аласыз?
  • Сіз қайда жиірек саяхат жасайсыз?
  • Сіз саяхат кезінде (басқа елдерге ) қаншалықты жиі қиыншылықтармен кездесесіз бе?
  • Сіздің ойынызша, Қазақстанның инфрақұрылым жақсы деңгейде деп айтуға болады ма?
  • Басқа елдермен интеграция маңызды.
  • Сіздің ойынызша, Қазақстанның басқа елдермен интеграция жеткілікті дамыған деп айтуға болады ма?
  • Басқа елдермен интеграция Қазақстанға қандай мүмкіндіктер бере алады?

Зерттеу нәтижелері

Cауланамада 80 адам қатысты. Сауланаманың жауап берушілер Назарбаев Зияткерлік Мектебінің оқушылары, мұғалімдері және түлектері болды. Зерттеу жұмыстың осы бөлігінде сауланаманың нәтижелерін және негізгі бөлімнің деректерден алынған ақпарат салыстырдым.

Бірінші зерттеу сұраққа сауланаманың төрт сұрақ қатысты ақпарат беріледі. Деректерден алынған ақпарат сауланаманың нәтижелермен жартылай ұқсас. Респонденттердің көбі (80%) шетелдік тауарларды жиі сатып алады. Ал қалған 20% жиірек отандық тауарларды сатып алатындығы туралы айтады. Яғни ішкі нарығынды шетелдік тауарлардың саны үлкен. Бұл ақпарат бойынша, Қазақстанда импорттың деңгейі жоғары қорытындысын жасауға болады. Сонымен қатар экспорттың деңгейі де жоғары. Ішкі нарықта отандық тауарлар шетелдік тауарлармен бәсекеге қабілетті емес, сондықтан көп тауар шетелдік елдерге экспортталады.

Келесі сауланамының сұраққа респонденттердің көбі (73%) Қазақстан бойынша жиірек саяхаттайды. Ал 27% көбірек шетелдік елдерге саяхат жасайды. Бұл ішкі туризм дамуын көрсетеді. Сонымен елімізде туризмге арналған инфрақұрылымның баршылық дәлелдейді. Алайда, келесі сұраққа жауап берушілердің көбі (77%) “Қазақстанның инфрақұрылым жақсы деңгейде дамыған” тұжырыммен келеспеушілігін айтады. Тек 23% бұл тұжырыммен келеседі. Сондай пікір алдыңғы қорытындысына қарсы ақпарат береді.

Жауап берушілердің 44% Қазақстанның басқа елдермен интеграция жеткілікті дамыған деп санайды. Ал басқа 56% “Қазақстанның басқа елдермен интеграция жеткілікті дамыған” тұжырыммен келеспеушілігін айтады. Бұл сұраққа жауаптар инфрақұрылым туралы жауаптармен ұқсас. Бірақ экономикалық даму индикаторлар сондай пікірге қарсы ақпарат көрсетеді. Сондықтан бұл пікірі жалған есептеуге болады. Және адамдарда Қазақстанның жағдайы туралы дұрыс пікірін қалыптастыру үшін бірнеше іс-шаралар өткізу қажет.

Келесі сұраққа жауап берушілердің 86% шетелдік мемлекеттерге саяхат жасау кезінде қиыншылықтармен сирек кездеседі. Респонденттердің басқа елдерге 9% саяхаттамайды. Бұл ақпарат алдыңғы сұрақтардан алынған мәліметтермен салыстырғанда, ішкі туризмнің басым болуынан сондай жағдай пайда болды. Яғни адамдар шетелдік мемлекеттерге сирек саяхаттауғандықтан сирек қиыншылықтармен кездеседі. Алайда, шетелге жиірек саяхаттайтын адамдар барлығы сирек қиыншылықтармен кездеседі деп жауап берді. Бұл басқа елдермен дамыған қарым-қатынастар баршылық дәлелдейді. Жалпы құрылған жағдайы экономикалық диму идикаторлармен сәйкес келеді. Сондықтан сауланама арқылы қазіргі Қазақстан экономикасының жағдайы орташа деңгейде.

Екінші зерттеу сұраққа қатысты деректерден алынған ақпарат сауланаманың нәтижелермен ұқсас. Жалпы бұл сұрақ Жауап берушілердің 97% басқа елдермен интеграция маңыздылығын туралы айтады. Бұл экономиканың дамуына геосаясаттын маңызды рөлін дәлелдейді. Сонымен қатар алдыңғы сұрақтар бойынша бірнеше қорытындылар жасауға болады, себебі экономикалық даму индикаторлары мемлекетпен өткізетін саясатың саладары ретінде қарыстыруға болады. Яғни сондай көрсеткіштер жету үшін арнайы іс-шаралар жасау қажет. Сауланама арқылы дәлелдеген Қазақстандағы экспорт және импорттың жоғары деңгейі басқа елдермен интеграция арқылы пайда болды. Сондай-ақ шетелге саяхаттау кезінде адамдар қиыншылықтармен елдермен сирек кездесуі оргатылған қарым-қатынастар арқылы жүзеге асырылды. Сондықтан Қазақстан экономикасының дамуында геосаясат үлкен рөлін атқарады. Бұл негізгі бөліміде аңықталған қорытындысымен сәйкес келеді.

Үшінші зерттеу сұрақ бойынша сауланамада бір ашық сұрақ болды. Жауап берушілер басқа елдермен интеграция Қазақстан үшін бірнеше мүмкіндіктерін айтт ы. Негізгі мүмкіндік сауда-саттық қарым-қатынастарын дамуы. Яғни экспорттың деңгейін арттыру. Сонымен қатар тартылған шетелдік инвестициялардың саны нығайту. Сондай-ақ туризм саласын дамыту және ішкі инфракұрылымның жақсартуы. Сондай мүмкіндіктер экономикалық даму индикаторлар көтерудің салдары ретінде болады. Содан кейін бұл индикаторлардың арттырудың себебіне айналады. Бұл мүмкіндіктер туралы респонденттердің көбі айтты. Бірнеше адам білім беру ісінің дамуы мен тәжірибемен алмасуы туралы айтты. Олар техногиялар саласындағы жаңалықтармен алмасуы туралы айтады. Сонымен қатар мәдени саласында біріктіруі туралы. Алайда, жауап берушілермен барлық маңызды мүмкіндіктер айтылмаған. Яғни экономика саласына басқа елдермен интеграция тағы басқа мүмкіндіктер береді.

Қорытындылай келе, бірінші ретті талдауда зерттеудің барлық сұрақтар қарастырылды. Бірінші мен екінші зерттеу сұрақтар бірге қарастырылды. Яғни сауланаманың сұраққа жауабы екі зерттеу сұраққа жауап беру үшің пайдаланды. Жиналған ақпарат негізгі бөлімде аңықталған қорытындысымен келеседі және оны дәлелдейді.

Бағалау

Зерттеу жұмысында дұрыс қорытындысына келу үшін жан-жақты қарастыруға қажет. Бағалау әдістерін пайдаланып ғылыми деректерден алынған ақпарат мен практикалық нәтижелерді біріктіруге болады. Мен бағалау бөлігіне Қазақстанның геосаясатын бағалау үшін SWOT талдау таңдадым. Ол барлық зерттеу сұрақтарды қамтиды. Сонымен қатар бұл талдау арқылы геосасаттың артықшылықтары, кемшіліктері, беретін мүмкіндіктері және қауіп-қатерлерді аңықтауға болады.

Біріншіден, геосаясат артықшылықтарын көрейік. Қазақстанның орта Азияда орныласуы. Қазақстан Еуропа мен Азияны байланыстырады. Бұл Қазақстанның беделін көтере алады. Сонымен қатар Қазақстан көп ұйымдардың қатысушысы болып келеді. Әлемдік деңгейде Қазақстан БҰҰ, ДСҰ және ХВҚ мүшесі болып табылады. Еуразия құрлықта Қазақстан ТМД, ШЫҰ, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы және Азия даму банкіне кіреді. Аймақтық деңгейде Қазақстан Кеден одақ, Орталық Азиялық ынтымақтастық ұйымы, «Қазақстан-Қытай» және «Қазақстан-Ресей» келесімдер бар. Тағы да ұлттық қауіпсіздікті сақтауға бағытталған ұйымдарға Қазақстан өз рөлін атқарады. Ұлттық қауіпсіздіктің сақтауы экономиканың дамуын арттырады. Сондай-ақ Қазақстан көпвекторлы саясат жүргізіледі. 2012 жылда қабылданған «Қазақстан-2050» бағдарламасы барлық салаларды қамтып, жүргізетін саясаты ұстанады. Бұл бағдарламада экономиканың басқа елдермен бәселестікке және тартылған инвестицияларға назар аударылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының институттары
Кәсіпкерліктің қажеттілігі және экономикалық мәні
Нарықты тауармен қанықтыру
Кәсіпкерлік құқық субъектілері
Қазіргі әлемнің геосаяси бейнесі
Экономикалық бірлестіктің халықаралық банкі
Кәсіпкерліктің теориялық негіздері
Ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа кезеңі
«Нұрлы жол - болашаққа бастар жол»
Өндірістік кәсіпкерлік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz