Сыни ойлау технологиясымен етістікті оқыту


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» КЕ АҚ
Қорғауға жіберілді
«» 2020ж.
Кафедра меңгерушісі
Ш. Қыяхметова
Жоба
Тақырыбы : Етістік категориясын сын тұрғысынан ойлау технологиясымен оқыту
5В011700 - «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша
Орындаған: Төлеуғазы Гүлжұпар,
Наурызбай Ақжан, Сезім Бегадилқызы
Ғылыми жетекшісі Чалтикенова Л. А
ф. ғ. к., аға оқытушы
Талдықорған 2021
Қыздар осы жоспардан ауытқымай өз сөздеріңізбен жазыңыздар. Жинақтаған материалдарың жеткілікті. Кітаптан алған сөздеріңізге сілтеме беріңіздер, сілтеин берілмегеннен кейін антиплагиаты төмен болып жатыр. Бағдарламаны құрастыру үлгісін саламын, соған қарап жасаңыздар, кішкене болса да өзгеріс енгізіңіздер.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
- Етістік категориясын мектепте оқытудың теориялық негіздеріЕтістікті оқытудағы әдіс-тәсілдер түрлері . . Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы етістік категорияларын оқытуды тиімділігі
2. Сыни ойлау технологиясымен етістікті оқыту
2. 1 6 -сыныпта етістік категорияларын оқытудың әдістері
2. 2 7 -сыныпта етістік категориясын оқытудың бағдарламасы
2. 3. 8-сыныпта етістік категориясын оқытудың жеке, жұптық, топтық жұмыс түрлері
2. 4 Қыска мерзімді сабақ жоспарлары мен ықшам сабақ жоспарлары
Қ орытынды . . . 49-52
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 53
Мен көрсетіп берген кіріспе бөлімінен ауытқымаңыздар
5-7 сынып.
Ықшам сабақ жоспары
Орындалатын тапсырмалар
Әдіс-тәсілдер
Ұйымдастыру кезеңі
Топқа бөлу
«Менің досым» әдісі. Ортаға төрт оқушы шығып, өзінің бір-бір досын шақырады. Шыққан келесі оқушылар, өзінің достарын атайды, сөйтіп төрт топ қалыптасады. Әр топ өзіне ат қояды.
Миға шабуыл: Суреттер «Не болды?»,
- Суреттен не көріп отырсыңдар?
-Сабақтың тақырыбын болжайық?
- Жарайсыңдар, балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбын айқындап алдық, оқу мақсатымыз(таныстырып кетемін)
(3 минут)
1-тапсырма
Мәтінмен танысу
Көл не себепті Балқаш деп аталады?
Көл атауына байланысты аңыз тараған. Ертеде бірнеше ғасырлар бұрын бір бай көлдің батыс жағалауын мекендеген екен. Оның сұлу да сымбатты, ақылды Балқия атты қызы болыпты. Жұрт оны Балқаш деп атап кеткен екен.
Балқия он жетіге келгенде, Ерден атты жігіт оның жүрегінде махаббат отын оятады. Бір кедергі қызды ата-анасы бір бай баласына атастырып қойған еді. Бұны білген екі ғашық ауылдан қашады. Елден біраз алыстап, қалың қамыс арасында отырып тынығады. Демалып отырғандары сол еді, аттарын қабандар тап беріп талай бастайды. Ерден қабандармен айқаста жан тәсілім етеді. Үркіген аттар ауылға қаша жөнеледі. Қыздың әкесі хабар алған сәтте-ақ ашуға булығады, қашқындарды қолға түсіріп әкелуді бұйырады. Қыз қуғыншыларды көріп, бақытсыз өмірден өлімді артық көріп, жардан көлге секіріп кетеді. Сол оқиғадан кейін жұрт көлді Балқаш деп атап кетеді.
Қазақ тілінің сөздіктерінде балқаш сөзіне берілген түсініктемелер, біздің ойымызша, семантикалық дериваттар. Балқаш сөзіндегі бал түбірінің түпкі мағынасы 《су, ылғал》ұғымдарымен сәйкес болған көрінеді. Осы синкретикалық түбір үндіеуропа, семит -хамит және алтай тілдерінде жолығады.
Топтық жұмыс
Мәтіннен екі негізгі және екі қосымша ақпаратты анықтаңыз. (жазылым)
Кері байланыс: Толтырылған кесте бойынша смайлик беремін. . (ауызша)
Дескриптор:
1. Мәтіндегі қажетті ақпаратты түртіп белгілей алады.
2. Мәтіннен екі негізгі және екі қосымша ақпаратты таба алады.
3. Кейбір оқушы кестедегі ақпараттың дұрыс-бұрыстығын белгілей алады.
4. Топпен бірлесе жұмыс жасай алады.
А4 форматындағы суреттер
Мәтін жазылған қима қағаздар
3. Кестемен жұмыс
Қ. Б
Смайликпен бағалау
Жеке оқушымен жұмыс.
(үлгерімі төмен екі оқушыға беремін)
«Дұрыс +, Бұрыс -»әдісі.
(тыңдалған мәтін негізінде) сұрақтар қойылады.
Кері байланыс: Толтырылған кесте бойынша смайлик беремін
Қ. Б
Смайликпен бағалау
«Бес саусақ» (оқушылардың кері байланыстарындағы ұсыныстарды келесі сабақта ескеремін. )
1. Бас бармақ - дамытқан дағдым -
2. Сұқ саусақ-кедергі -
3. Ортан терек- қиын сөз-
4. Шылдыр шүмек-көңіл күйім-
5. Кішкене бөбек-кімге көмектестім?-

Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Сабақ :
Пән:
«Ой қозғау стратегиялары» арқылы берілген тапсырмаларды орындай алады;
Киелі өңірлер туралы берілген мәліметтерді түсіне алады
Сұрақтарға жауап беріп, талқылауға қатысады;
Өз көзқарасын білдіріп эссе жазады;
- Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;
- Ынтымақтастық;
- Жауапты азаматтық позиция;
- Ұлттық және адами құндылықтарға деген құрмет;
- Шығармашылық.
Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы және оқушылардың жеке, жұптаса, топтаса жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлауы арқылы бағалау дағдылары негізінде жүзеге асады.
Сабақтың басы
5 минут
5минут
Сабақтың ортасы 20 минут
Сабақтың аяғы 10минут
Амандасу, түгендеу, топқа бөлу. Қызығушылығын ояту «Барлаушы» оқушыларға сабаққа қатысты коментарийлер беріледі оларды дауыстап оқиды. Барлаушы деген каментарий кімге түседі сол сабақ соңына дейін барлығын қадағалап шешім шығарады. Ол оқушының басына көк қалпақ кигізіледі.
Сабаққа белсене қатыс
Барлаушы
Сен мықтысың
Бестік баға ал
Сен сабақта шуылдайсың
Тыныш отырмайсың
Үй тапсырмасын орындамайсың
Тәртіпті бол
Досыңа көмектес
Сен кереметсің
«Шатасқан әріптер»
Тақтада берілген кесте бойынша шатасқан әріптерді орнына дұрыс қою арқылы сабақтың тақырыбын анықтаймыз.
Жаңа білімді меңгерту
Ақешкі - Алматы облысы, Ақсу ауданына қарасты өңір. Халық арасында осы ауылдың атауымен байланысты аңыз бар: «Баяғыда бір бай жайлауға көшіп бара жатып, Ақешкі ауылының маңындағы тауға тоқтайды. Оның қарамағындағы екі жігіт байдың малдарын сол жерге жайылтады. Ал, күзде қайтадан қыстауға айдап әкетеді. Байдың малы өте көп еді. Қыстауға келген соң малдарын санап жүріп, 4-5 ешкісінің жоғалғанын байқайды, бірақ іздемейді. Келесі жылы көктемде жайлауға көшіп, таудың маңынан жайылып жүрген өз ешкілерін бірден танып қояды. Олардың лақтары пайда болыпты және саны шамамен 10 шақты. Мұны көріп қуанған бай барлық достарына: «Бұл жер ешкі өлмейтін киелі, берекелі жер екен» депті. Осыдан бері бұл тау Ешкіөлмес деп аталыпты. Ауылдың қазіргі атауы- Ақешкі. »
Алтынемел - Алматы облысы, Кербұлақ және Панфилов ауданында орналасқан. Аумағы 469620 га. Бақтың құрамына Қапшағай бөгенінің солтүстігі бөлігі мен Іле өзенінің оң жағалауы, Жетісу (Жоңғар) сілемдері: Кіші және Үлкен Қалқан, Ақтау, Қатутау, Дегерес, Матай, Шолақ, Қояндытау таулары және өте сирек кездесетін табиғат ескерткішінің бірі - «Әнші құм» («Айғай құм») кіреді. Қапшағай бөгенінің оң жағалауындағы тау етегі жазықтығында көптеген қорғандар (мысалы, сақ хандарының қабірі - Тигрхауда, 7 - 4 ғасырлар), тау сайларында әр түрлі жануарлардың суреті салынған жартас көрмесі бар. Бақтың климаты қатаң континенттік, қысы суық, жазы ыстық. Жылдық жауын-шашын мөлшері 330 мм-ден аспайды. Қаңтардың орташа температурасы - 8, 6°С, шілденің орташа температурасы 26°С. Қар аз түседі, ол жабайы жануарлардың қыстап шығуына қолайлы жағдай туғызады.
Бейнежазба арқылы Ақешкі және Алтынемел өңірінің табиғатын оқушыларға көрсету
1-тапсырма. Өз туған жеріңнің атауының шығу тегі туралы эссе жазыңыз .
Рефлексия:
«Өз орныңды белгіле» әдісі.
Бағалау
«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалаймын.
Үйге: Көпшілікке таныс емес Қазақстандағы өңірлер туралы мәлімет жинақтау
Сабақ: №
Пән: Жетісу өлкесіндегі сакральді топонимдерді оқыту
Т Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы
- Құрмет;
- Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;
- Ашықтық;
- Қазақстандық патриотизм;
- Азаматтық жауапкершілік;
- Ынтымақтастық;
- Жауапты азаматтық позиция;
- Ұлттық және адами құндылықтарға деген құрмет;
- Шығармашылық.
Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы және оқушылардың жеке, жұптаса, топтаса жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлауы арқылы бағалау дағдылары негізінде жүзеге асады.
Сабақтың басы
5 минут
5минут
Сабақтың ортасы 20 минут
Сабақтың аяғы 10минут
Қызушылықты ояту
«Жақсылық тамшысы»
Әр бала тамшыға өзі жасаған жақсы істерін немесе өзінің бойындағы жақсы қасиеттерін стикерге жазып жеткізеді. Іліп жатқанда әрқайсысы өзгелерге, айналасына өзі жасаған жақсылықтарын, қасиеттерін жария етеді.
Тақырыпты тану
1 - тапсырма «Бес сөйлем» әдісі. Қобыз әуені баяу қойылады. Мәтінді мұғалім оқиды.
Тапсырма:
- Оқушылар тыңдалым дағдысы бойынша мәтінді тыңдайды
- Тыңдалған мәтіннен негізгі ақпараттарды түртіп жазып алады
- Жоспар құрады
- Алынған ақпараттарды пайдаланып, 5 сөйлемнен тұратын шағын мәтін жазады
Қалыптастырушы бағалау: «Кең құшақ» әдісімен бір-бірін бағалайды. Қолдарын тек алға созса- «қанағаттанарлық», құшақтарын жартылай ашса «жақсы», толық ашып, кең құшақ жайса «өте жақсы» дегенді білдіреді.
Мәтін
ТАМШЫБЛҰАҚ - Ақсу аул- дағы Қапал а-ның орталығын- да орналасқан шипалы бұлақ. Т-ты алғаш рет зерттеп, сол туралы тарихи деректерді 1859-65 ж. атақты саяхатшы, этнограф Ш. Уәлиханов жазған. Бұл бұлақтың суын көне заманнан бері жергілікті халық әр түрлі ауруларды (көз, асқазан, сүйек-буын, жүйке аурулары және т. б. ) емдеуге қолданған. Т. табиғаты өте шұрайлы жерде орналасқан. Қыстаа да, жазда да бұлақ бастауынан су тамшылап ағып тұрады. Бұлақтың аты осыдан шыққан. Бұлақтың емдік қасиеті, бойға қуат берер күші бар деп Қапал ауылына халық әлі де үзілмей келіп жатыр.
Қысы-жазы бірқалыпты ағатын су көзі туралы әр түрлі аңыздар көп. Ол туралы әйгілі зерттеуші, саяхатшы Шоқан Уәлиханов та өз күнделігінде жазған. Қашқарияға бара жатқан сапарында, тоқтап ауыл ақсақалдарынан бұл судың шығу тегін сұрайды екен. Сондағы алған жауабы: кезінде шопанның баласы мен байдың қызының қосыла алмағандығы жайлы аңызды ел аузында. Бұл тамшылар осы екі ғашықтың көз жасы, -депті.
2 - тапсырма
Тамшыбұлақ жайлы бейнематериалға зер саламыз.
https://www. youtube. com/watch?v=5WFOkg_-yFg
«Әңгімелесетін әріптестер» әдісі.
Бейнематериалды жасау мақсатында әр оқушы көршілес оқушымен:
- жаңа оқылған 3 факті туралы;
- оларға жеңіл болып көрінгендер туралы;
- оларға қиын болып көрінгендер туралы;
- алдағы уақытта оқығысы келген нәрселер туралы ақпарат алмасады.
Қалыптастырушы бағалау: оқушылар бір-бірін коментарий айту арқылы бағалайды.
АКТ
Қобыз әуені қойылады
https://www. youtube. com/watch?v=5u2HYHPHb-c
https://www. youtube. com/watch?v=5WFOkg_-yFg
КІРІСПЕ
Өзектілігін де нақтылап жазыңыздар, тақырыптан ауытқымаңыз.
Дипломдық жобаның өзектілігі: «Етістік категориясын сын тұрғысынан оқыту технологиясымен оқыту» деп алғандықтан сыни тұрғыдан ойлау - Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Қазіргі таңдағы оқулықтардың ерекшелігі әр сабақ құрылысы бір негізгі тақырыптарды қамти отырып, нәтижеге жету. Біз сол берілген тақырыптарды етістікпен байланыстыра отырып, жан жақты ақпарат беріп, қазіргі технологияларды қолданып түсіндіреміз. Бұл қазіргі педагогтарға артылған жүктің ауыр екенін көрсетеді. Осы тақырыптарға жоба барысында жеке жеке тоқталып өтетін боламыз. Бұл жасалған оқулықтар балалардың да, педагогтардың да сыни тұрғындан ойлап, саналы оймен қабылдауды көздейді. Мысалы: 7- сыныпта тұйық етістікті өтеміз делік, біз бұл сабақты қазіргі таңдағы белең алған «Ғаламтор және әлеуметтік желілер» тақырыбын өте отырып түсіндіреміз. Осы сабақ арқылы балаларға әлеуметтік желінің пайдасын, шығу тарихын, зияны атамыз. АКТ ны қолдана отырып, сын тұрғысынан ойлау технологияларды пайдалана отырып, сабаққа ерекше мән береміз. Аталған сыныптарға жеке жеке тоқталып, атап көрсетеміз. Оқушылар «ғаламтор және әлеуметтік желілер» тақырыбын түсіне отырып, біз сабақта ой қозғай отырып, етістік тарауын оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттап, өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасауға дағдыландырамыз. Осы арқылы балалар сабаққа деген қызығушылығын арттырып, өз ойын еркін және зерттей талпынып, тұжырым жасай алады. Міне осын сын тұрғысынан ойау технологиясы дейміз.
Ал бұл технологияның басты мақсаты-дамыта оқыту негізінде «Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту» бағдарламасын іске асыру, балаларға терең білім беру екенін түсіндік.
XX ғасырдың басында Жүсіпбек Аймауытов «Сабақ беру - үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер» деген. Бұл - сөз әлі де маңыздылығын жойған жоқ. Қазіргі таңда мектеп оқушыларының мұғалімнен күтері көп. Оқушыларды сабаққа белсене қатыстыру үшін әр сабақ барысын жеке формада, жаңа әдісте жүргізу шарт. Ал сабақтың тиімділігіне және бір-бірімен тығыз байланысты болу үшін мынадай екі жағдай әсер етеді. Бұл - мұқият дайындалу мен шеберлікпен өткізу. Әр өтетін сабаққа мұқият, тиянақты дайындалу керек. Осы орайда оқыту технологияларының берері мол. Солардың бірі - «Сын тұрғысынан ойлауға үйрету» оқытудың инновациялық технологияларын айту - зерттеу жұмыстың өзектілігін ашады.
Дипломдық жобаның мақсат-міндеттері: Мектептегі оқу ісіне қойылатын бүгінгі заман талабы-өзіндік ой-тұжырымы бар, логикалық ойлау қабілеті дамыған, өз көзқарасы мен пікірін ашық айта алатын, ақпараттар ағымынан қажетін іріктеп ала білетін, қоғамдық ортаға икемді, өз жолын дұрыс таңдай алатын жас ұрпақ тәрбиелеу. Ендеше бұл міндетті жүзеге асыруда барлық оқу пәндерінің қосар үлесі аз болмауға тиіс. Әсіресе, адам дүниетанымының кілті, ойлаудың формасы, қарым-қатынастың ең басты құралы ана тілі болғандықтан, мектеп пәндерінің ішінде қазақ тілінің атқарар қызметі ерекше болмақ. Осы жайттарды айқындау үшін біз оқулықтарға тоқтала кетейік.
«Бүгінгі күні білім беру ісінде қандай ұстанымдарды басшылыққа алуымыз керек?» деген сұрақтардың төңірегінде 7-сынып оқулығындаға білім берудің ұстанымдары да өзгерді. Соларға жоба барысында толығырақ тоқталамыз.
Олар: 1. Өмірлік білім ұстанымы. Өмірлік білім-барлық адамға, барлық қоғамға тән, жалпыға ортақ игілікті қамтиды. Өмірлік білім деп отырғанымыз -адамзаттың күнделікті тіршілігінде сәт сайын қолданылатын білімдер жиынтығын атаймыз.
2. Тарихи сана ұстанымы. Бұл дегенімізі-білім алушылардың, ғасырлар бойы адамзат мәдениетінде өмір сүріп, өткен ұрпақтардың танымымен, еңбігімен танысып, ата-баба мәдениетімен сусындау, ұлттық құндылықтарды саналы түрде игеруін айтамыз.
3. Ғылыми-философиялық ойлау ұстанымы . Бұл дегенміз-тілді тек қарым қатынас құралы ғана емес, таным құралы деп қарау. Бұл арқылы білім алушылар неге, қалай деген сан түрлі сұрақтарға жауап іздеп, білмейтінін біліп, әлемде болып жатқан сан түрлі жаңалықтармен танысып, ой түюге ұмтылады. Адамды рухани кемелдікке, данышпандыққа бастайтын жол деп білуге болады.
4. Көш басшылық ұстанымы: Көшбасшылық деп өзін -өзі таныған, өзгеге өзін таныта алатын, топта мідірмей сөйлеп, жұмыс істей алатын, адамгершілігі бол адамды айтамыз. Яғни өзін жеке тұлға деп көрсете алуы.
5. Эмоционалды интелект ұстанымы. Бұл дегеніміз сыртта болып жатқан құбылыстарды эмоциян қабылдау, бақылау және бағалау. Бұл туа бітетін қасиет емес, оны дамыту болады.
Міне осы бөлімдерді, біз әр сабақ өту кезінде тақырыпты ашып, саналы да салиқалы ұрпақтарды тәрбиелейміз.
Аталған бөлімдерді педагогикалық технологияларды байланыстырып, ұйымдастырамыз. Сабақ кезеңін 3 бөлікке бөліп өтеміз:
I. Ой шақыру.
II. Мағынаны тану.
III. Ой толғаныс.
Осы кезеңдерге жеке жеке тоқталып, мектептерде етістікті өтудің әдіс тәсілдерімен бөлісіп, нақты мәлімет беретін боламыз
Зерттеу пәні: Жаңартылған бағдарлама бойынша 5-8 сыныптарда етістік сөз табын оқыту, етістіктерді сыни-ойлау технологиясымен оқыту бағдарламасы, бағдарламаны іске асыру үшін әдістемелік нұсқаулық.
Зeрттeу жұмыcының әдicтeрi: Жоба жұмысын oрындaу бaрыcындa тaлдaу, жинaқтaу-тoптaу және жаңартылған бағдарлама бойынша оқытудың тиімді әдicтeрін психологиялық-педагогикалық тұрғыда негіздеп, АКТ технологияларын қoлдaндық.
Дипломдық жобаның ғылыми жаңашылдығы: Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі.
Бұл жұмыстың жаңашылдығы 6-8 сыныптарда етістікке қатысты материалдарды жинақтау, бағдарлама жасау, сыни ойлау технологиясының түрлерін пайдалану, тақырыпқа қатысты қандай түрлерін пайдаландыңыз соны жинақтап көрсету, етістікті игертуге қатысты оқу тиімділігін арттыру.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz