Нұрмақовтың саяси көзқарастарын қалыптастырған орта


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 НЫҒМЕТ НҰРМАҚОВ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҚАЙРАТКЕР РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУ ЖОЛЫНДА
1. 1 Нығмет Нұрмақовтың балалық шағы және Қарқаралыдағы саяси жағдай
1. 2 Нұрмақовтың саяси көзқарастарын қалыптастырған орта
1. 3 Қазақ сот құрылысының басшылығындағы Н. Нұрмақов
2 ҰЛТҚА ҚЫЗМЕТ ЕТУДІҢ КӨРНЕКТІ ҮЛГІСІ
2. 1 Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағалығындағы табанды қызметі
2. 2 Экономика және өнеркәсіп салаларын өркендетудегі Нығмет Нұрмақовтың орны
2. 3 Одақтағы халықтар мүддесін қорғау жолы
3 Халық игілігіне қызмет еткен күрескер
3. 1
3. 2
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. ХХ ғасырдың басындағы Кеңес Одағының әміршіл-әкімшіл жүйесі өз ұлтының армандарын, тілектерін, мұң-мұқтаждарын арқалаған, ұлт мүддесі жолында еңбек еткен тұлғаларымызды кеңінен танып-білуімізге тосқауыл қойды. Тұлғатану бағытында ұлт қайраткерлерінің есімдері тәуелсіздік алғалы еліне қайта оралып, рухани игілігіміз болып қайта жаңғыруда. Тарих жадындағы есімдері қастерленетін арыстарымыздың бірі - Нығмет Нұрмақов. Елінің мүддесі жолында қызмет еткен, сол жолда құрбан болған Нығмет Нұрмақовтың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметін тарихи тұрғыдан зерттеу жұмысы Қазақстан тарихындағы танымдық маңызы зор іс. Педагог, қоғам және мемлекет қайраткері, юстиция халық комиссары, республика прокуроры, реформатор, Қазақ АКСР Халық Комиссарлары кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарған және негізсіз айыптаулармен жазықсыз ату жазасына кесілген тұлғамыз қырық екі жыл ғұмырын қазақ елінің мемлекеттілігін қалыптастыру жолына арнады. Мемлекеттік саясат бағытындағы ғана емес, ұлт санасын көтеру, әлеуметтік саладағы үлесі, ұлттар мәселесін көтеру, өнер және мәдениет салаларындағы жанкешті қызметі айтылмай және талданбай келеді. Аталған дипломдық жұмыста қайраткердің әр түрлі саладағы көрнекті қызметін саралау және талдау осындай қажеттіліктерге байланысты туындап отыр. Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі - Н. Нұрмақовтың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі алынып отыр. Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні. Қайраткердің тарихтағы орны мен рөлі, Қазастан тарихының ХХ ғасырдың 20-жылдардағы кезеңін жеке тұлға негізінде тарихи талдау жасау. Дипломдық жұмыстың мақсаты - ұлт қайраткері Н. Нұрмақовтың өмір жолын қоғамдағы орын алған саяси-әлеуметтік өзгерістермен байланыста қарастыру, оның саяси көзқарасына әсер еткен жағдайларды, тарихи тұрғыдан зерттеу сол кезде қазақ даласындағы өзекті болған тақырыптағы шешімдеріне талдау жасап, елді дамытудың әр саласындағы үлесін айқындау. Қойылған мақсатқа жету үшін мына міндеттерді шешу көзделген:
- Тұлғатану бағытының теориялық және методологиялық негіздерімен танысу және зерттеу;
- Тақырыптың зерттелу деңгейіне қарай тарихнамалық талдау жүргізу;
- Жұмыстың материалдық базасына қарай деректік талдау жүргізу;
- Н. Нұрмақовтың тұлға ретіндегі даму, қалыптасу, саяси көзқарастарының қалыптасуына әсер еткен ортаны және факторларды айқындау;
- Мемлекеттік саясаттағы жан-жақты тұлға ретінде атқарған қызметін жалпылама емес, мұрағаттық деректермен толықтыру арқылы нақтылау және көрсету;
- Қалдырған мұрасы бойынша жарық көрген еңбектері, мақалаларына, баяндамаларына тарихи тұрғыдан талдау жасап, бүгінгі күн тұрғысынан баға беру;
- Төрағалық қызметтерін, юстиция халық комиссары қызметіндегі, Қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесі төрағасы қызметіндегі қайраткерлік тұлғасын ашу және зерттеу;
- Нығмет Нұрмақовтың саяси қуғын-сүргін кезеңіндегі өмірін қарастыру.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Н. Нұрмақовтың өмірі, қоғамдық-саяси қызметі қарастырылып, төмендегідей жаңалықтарға қол жеткізілді:
- Қазақстан Респубикасы Нұр-Сұлтан қаласы мемлекеттік мұрағаты, Қарағанды облыстық мұрағаты, Қазақстан Республикасы Президенті архивіндегі қорлардан Н. Нұрмақовтың өмірі мен қызмет жолына қатысты мәліметтер жинақталып, сақталған жеке істеріндегі құжаттар мен деректер пайдаланылды.
- Н. Нұрмақовтың редакциясымен шығарылған мақалалар жинағы, жиындардағы баяндамалары, еңбектеріне тарихи талдау жасалды. «Қазақстан құрылысы» мен латын әліпбиіне көшіру жөніндегі, Қазақстанның экономикалық деңгейін көтеруге байланысты баяндамаларын қазақ тіліне аударып, маңыздылығына назар аударылды.
- Тұлға ретіндегі қалыптасқан ортасын зерттеу барысында Қарқаралыдағы саяси жағдай және Омбы семинариясында білім алуы мұрағат деректерімен толықтырылды.
- мұрағат деректері негізінде зерттелді.
- қосқан үлесі деректер мен құжаттар негізінде дәлелденді.
- Н. Нұрмақовтың саяси-қуғын сүргін құрбаны ретіндегі деректер жинақталды және жүйеленді.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, 3 негізгі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер және қосымшадан тұрады.
Дипломдық жұмысты жазудың негізін Нығмет Нұрмақовтың шығармалар жинағы, атап айтқанда, баяндамалары, мақалалары және «Қазақстан құрылысы» кітабы қалады. Дипломдық жұмысты жазу барысында,
Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің, Нұр-Сұлтан қаласы мемлекеттік архивінің, Қарағанды облыстық архивінің қорларындағы деректер, Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасынан ғылыми еңбектер, Ресей мемлекеттік кітапханасының сайтындағы, Ресей Федерациялық орталық мұрағатының ресми сайтындағы құжаттар, Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік кино-фото құжаттар мен дыбыс жазбалар мұрағатынан сурет, 1937-1938 жж. Қазақстандағы саяси репрессиялар туралы құжаттар жинағынан мәліметтер, мерзімді басылымдар пайдаланылды. Сонымен қатар қызмет жолын жазуда кеңестік және отандық әдебиеттер қолданылды. Баспасөз беттерінде жарияланған Аман Нұрмақовтың, Тамара Смағұлованың естеліктері пайдаланылды.
- НЫҒМЕТ НҰРМАҚОВ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҚАЙРАТКЕР РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУ ЖОЛЫНДА
1. 1 Нығмет Нұрмақовтың балалық шағы және Қарқаралыдағы саяси жағдай
Ұлт қайраткері 1895 жылы 25 сәуір күні сол кезеңдегі Семей губерниясы, Қарқаралы уезі, Қу болысының Қызылшілік қыстағында (қазіргі Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Егіндібұлақ ауылында) дүниеге келді. Балалық шағын ғасырлар қиылысқан, қазақ басына туған қиын-қыстау кезеңде, сол кездегі саяси серпілістер өтіп жатқан орталықтардан алыс ауылды өңірде өткізді. Тарихқа көз жүгіртсек, патша үкіметі Қарқаралы аймағын округтік басқаруда, қазақ жеріндегі билік орталығының бекінісін құруда қолайлы деп есептеген. 1824 жылы осы мақсатта аймаққа Омбыдан полковник С. Б. Броневский бастаған шекара отрядының келуімен Қарқаралы қаласының іргесі қаланды. Қарқаралыда әкімшілік орындар, мектептердің ашылуымен қаланың дамығанын атап өткен жөн. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Нығмет Нұрмақов 1895 жылы 25 сәуірде Семей губерниясы, Қарқаралы уезі, Қу болысында дүниеге келді, шыққан тегі Орта жүздің ішіндегі Қаракесектен тарайтын Шаншар руы. Нығмет Нұрмақовтың інісі Жәмелдің баласы, медицина ғылымдарының докторы Аман Нұрмақов арғы аталары Тілеубек Қазыбек бидің ұрпағы екенін айта келе: «Менің туған атам Тәукебайұлы Нұрмақтың үшінші атасы Кішкіл мен Қарқаралыдағы атақты бай, болыс Ақайдың Қасенінің әкесі Баймұрын бірге туған ағайындар болып келеді» - дейді [] . Нұрмақов А. Нұрмақовтар әулеті, шүкіршілік, бармыз // «Қазақ», 2009. №4-5, 29-30 қаңтар. Нығмет Нұрмақовтың балалық шағы патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы азаттық ойлардың дүниеге келуі, азаттық күрестің жаңа лебімен тұспа-тұс келді. Сол күрестің ошағы Қарқаралы болатын. Осы өңірде туған Ә. Бөкейханов, Ж. Ақбаев, Ә. Ермеков сынды тұлғалар Қарқаралыны азаттық идеясы тоғысқан саяси орталыққа айналдырды. Осы аймақта жыл сайын өтетін Қоянды жәрмеңкесінің Нығмет Нұрмақовтың ауылына жақын болғанын, 1905 жылы орын алған Қарқаралы петициясының алаштанушы ғалым М. Қойгелдиев айтқандай «қазақ қоғамының өмірлік мүддесінен туындаған жалпы демократиялық сипаттағы құжат» екенін ерекше атап көрсетуіміз қажет [] Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы 1-том. -Алматы, 2008. -126-бет. Қызылішіліктегі мектепте Н. Нұрмақов алғаш қолына қалам ұстады. Н. Нұрмақовтың алғашқы мұғалімі Смайыл Бәйтенов болысқа хатшы, аудармашы болып та қызмет етті. Осындай кісілік, бекзаттық қасиеттер мен ән мен күйді сүйетін көпшіл, көкірегі ояу орта бала Нығметтің қазақтың дәстүрін, өнегесін, рухани бай қазынасын бойына сіңірген рухы мықты азамат болып қалыптасуының негізін қалады. Редакторлардың редакторы. Құраст. А. Жанғожин, М. Сембаев. -Қарағанды: Арко, 2012. -100-бет. Ірі саяси, әлеуметтік, қоғамдық шаралардың ошағына айналған Қарқаралы уезі Нығмет Нұрмақовтың өміріне өз ықпалын тигізді. Ауылдағы мектепті үздік тәмәмдап, ұстазының кеңесімен Қарқаралыға жол тартты. 1908 жылы Нығмет Қарқаралыдағы екі сыныптық орыс-қазақ училищесіне түсті. Ахмет Байтұрсынұлы аталған училищенің меңгеруші болатын. Қазақ, орыс, татар балаларының аралас оқуы, сабақтың қазақ және орыс тілдерінде қатар жүргізілуі Н. Нұрмақовтың орыс тілін жетік меңгеріуне септігін тигізді. 1911 жылы Нығмет Нұрмақов оқу орнын аяқтады[1] . Қаракесек шежіресі (Құраст. Т. А. Еңсебаев), 1 кітап, І бөлім. Павлодар: Кереку, 2010. 28-бет. Өзінің автобиографиясында мен Семей губерниясы, Қарқаралы уездінің кедей қырғызының баласы екенін, әкесінің өмірінің соңына дейін әр түрлі байларда жұмыс істегенін жазады. 1905-1908 жылдары ауыл мектебінде үш жыл болып, кейін Қарқаралыдағы екі жылдық орыс-қырғыз училищесіне түскенін баяндайды. Осы құжатта «мектеп қабырғасынан мен түскен Қарқаралы қаласы басқа әлемнен бөлек жатқан ен даланы көрсетеді. 95 % қазақтар, олардың барлығы патша шенеуніктерінің қарауында. Көбісі қырғыз арасында араздық салумен, ішімдікке салынумен, құмар ойындарына салынумен өмірлері сипатталатын қырғыздар. Қарқаралы қоғамындағы қоғамдық-саяси өмір осы. Өз қызметімнің алғашқы айларынан мұндай қоғамдық ортадан алыс жүруге, Ақпан революциясына дейін оқшауланған өмір кештім» деп жазады[3] . Қазақстан Республикасы Президенті Архиві. -Ф. 139. -Оп. 3. Д. 293. Автобиография члена РКП (б) Нурмаков № партбилета 515580. -л. 3. Адамның санасын, ойлауын қалыптастыратын өскен ортасы. Нығмет Нұрмақовтың туып-өскен жері, тәрбиесі, білімі тұлға ретіндегі келбетін қалыптастырды. Арқа жері саяси ойлардың орталығына айналып, ұлт зиялыларын шығарды. Жастайынан өз халқының басына түскен ауыртпалықты өз көзімен көргеннен кейін, алдағы қызметтік жолын осы халықтың мүддесін қорғауға арнады. 1911 жылы Романовтар әулетінің 300 жылдығына орай Омбыда ауыл шаруашылығы көрмесі өтеді. Қу болысының атақты байы Ақайдың Қасені де көрмеге қатысады. Аудармашы, білімді, сол кездегі патшалықтың дәстүрлерімен таныс Нығмет Нұрмақовты да өзімен бірге ала кетеді. Орыс халқының ғалымы, географ Г. Потанинмен және халықшыл демократ А. Сидельниковтың көзіне түсті. Олар Нығметтің Омбы семинариясына оқуға түсуіне себепші болды. С. Сейфуллинмен Омбыда оқу кезінде танысады. Омбы қазақ интеллигенциясының орталығы болды. Ұлтымыздың ұлағатты тұлғалары Ш. Уәлиханов, С. Сейфуллин, М. Жұмабаев, Ж. Ақпаев, Н. Нұрмақов, Ә. Досов сынды азаматтар білім алды. Нұрмақов көзқарасының қалыптасуына елеулі үлес қосқан қала. Орыстың мәдениетімен, халқының әлеуметтік тұрмысымен, әділет жолындағы күресімен танысуға мүмкіндік алды. 1915 жылы Омбы мұғалімдер семинариясын тәмамдаған Нығмет Нұрмақовтың куәлігінде жеткен жетістіктері және аталған оқу бойынша бастауыш мектеп мұғалімі мамандығын игергені жазылған. Молодечнян мұғалімдер семинариясының 22-бабына сәйкес төрт жыл бастауыш училищесінде қызмет етуге міндеттелді[] . Нұр-Сұлтан қаласы мемлекеттік архиві. -Ф. 430. -Оп. 9. Д. 507. Нурмаков Ныгмет (свидетельство об окончании семинарии видным общественным деятелем Казахстана) . -л. 1-2. Семинария қабырғасында Н. Нұрмақовпен бірге қазақтың болашақ ақын-жазушылары, қоғам қайраткерлері С. Сейфуллин, М. Жұмабаев, Ә. Байділдин, М. Саматовтар білім алды. Оқу орнының оқытушылары А. Седельниковтың, А. Покровскийдің дәрістері, демократ А. Сорокиннің әңгімелері, қаланың тыныс-тіршілігімен танысу Н. Нұрмақовтың саяси-ағартушылық ой-өрісінің кеңеюіне, демократтық көзқарасының қалыптасуына ықпал етті. Осылардың ішінде Н. Нұрмақовқа жақын тұлға А. Седельников еді. 1903 жылы Петербургтер шыққан «Ресей. Біздің өлкенің толық географиялық сипаттамасы» жинағының ⅩⅤⅠⅠⅠ томының қазақ өлкесіне қатысты бөлімін құрастыруға қатысқан ол Н. Нұрмақовтың жерлесі, жинақ авторларының бірі Ә. Бөкейхановпен жақсы таныс болатын. Өзін семинарияға оқуға шақыртып, шәкірт атануына себепші болған ұстазы, Сібір мен қазақ өлкесінің тарихы, географиясы мен этнографиясының білгірі А. Седельниковтың қазақтар, Ә. Бөкейханов жайындағы әңгімелері мен естеліктері Н. Нұрмақовтың ой-өрісін кеңейте түсті [] . Нығмет Нұрмақов: ұлт мұраты: Монография / С. С. Қасымова: Қарағанды техникалық университеті, - Қарағанды: ҚарТУ баспасы, -2020. -22-23 беттер. Осы кезеңде Нығмет Нұрмақов Сәкен Сейфуллинмен кездесіп, ғұмырының соғына дейін шынайы дос болып өтті. Сәкен Сейфуллин «Мұң» атты өлеңін Нығмет Нұрмақовқа арнап, жан жолдасына деген сағынышын білдірген. Бұл өлең 1915 жылы Сейфуллиннің Омбыдан Қарқаралыға Нығмет Нұрмақовқа жолдаған[] . Сейфуллин С., Бес томдық шығармалар жинағы. -Т 1. -Алматы, 1986. Семинария оқушылары Ш. Әлжанов, С. Сейфуллин, Н. Нұрмақов, М. Жұмабаевтар «Бірлік» ұйымын құрған. Ұйымның мақсаты халық ауыз әдебиетін жинау, оларды кітап етіп бастыру, газет-журналдар шығару, мектептерге арнап кітаптар жазу, қазақтар арасында ойын-сауық қою, театр ұйымдастыру сияқты мәселелерді қамтыды. Алдымен қызу талқы жасалып, сосын халық алдына ұсынылды[] . Н. Нұрмақовтың өмірлік жолында Омбыдағы білімінің маңызы зор. Ойы озық, көкірегі ояу, көзі ашық адамдармен пікірлес болды. Кейін 1937 жылы қазақ зиялылары тағылған «ұлтшыл», «түрікшіл» сынды айыптарға, қуғын-сүргіннің жаппай құрбаны болуына «Бірлік» ұйымдағы ойлары, мақсаттары, өмірінің соңына дейін саясатты ғана емес, мәдениет, өнер, публицистика тіл мәселесін көтеріп, сол жолдағы қызметіне себеп болды. Омбы семинариясының түлегі Таутан Арыстанбековтың естелігіне назар салсақ, Сәкен мен Нығметтің шынайы достығынан, күрескерлігінен мысалдар келтіріп құнды деректер айтады. «Сәкеннің басқан әрбір қадамын бақылаушылар семинария директоры ғана емес, бұлардың негізгі тамыры жандармерияға барып тірелетінін ол жақсы білетін. Өзі ылғи сақтанып жүретін. Директордың күдіктене қарайтын шәкірттерінің бірі Н. Нұрмақов еді. Сондықтан, Сәкен үнемі сақтық ережелерін үйретіп отыратын . . . Сәкеннің бір ерекшелігі ол жазған өлеңдерін ең алдымен жақын жолдасы Нығметке оқып, сосын соның сынын тыңдап алушы еді. Айтылған сынды орынды деп тапса өлеңін түзетіп, қайта жазатын, сөйтіп қайта оқитын. » Міне, осының өзі-ақ дауылпаз ақынымыз Сәкен творчествосына Нығметтің де әсері болғанын көрсетеді[] . Арыстанбеков Т. Омбы семинариясында. // Қызыл сұңқар. -Алматы, 1975. -115 б. 1915 жылы Нығмет Нұрмақов семинарияны тәмамдады. Қарқаралыдағы орыс-қазақ училищесіне мұғалім болып қызметке келді. Осы қызметінде жүріп өзінің саяси кұрес жолындағы жолдастарынан, «Бірлік» ұйымы мүшелерінен ажырамады. Омбыға барып тұратын мұғалім Плюдов арқылы Потанин, Сидельниковтер арқылы пікір алысып тұрды. Қарқаралыдағы еңбек етушілерді: Ақметқали Аяғановты, Павел Бабинді, Ербекей Шандыбаевты өз маңына жинады. Ә. Бөкейхан, Ж. Ақбаев, А. Байтұрсынов, Н. Орманбетов сынды азаматтармен жақын араласты. Ал бұл кезде таптық күрес шиеленісе түскен еді. Қазақтар бір жағынан орыс кулактарымен, байларымен, екінші жағынан патша әкімшілігімен ашық қақтығысуы әдеттегі жағдайға айналды. Омбы мұғалімдер семинариясындағы жастар құрған «Бірлік» ұйымының мүшесі ретінде жинаған тәжірибесі Нығмет Нұрмақовтың халықтың алдына шығып, ел мүддесіне назар аударып, оны табанды қорғауына үлкен сабақ болды және Қарқаралыдағы саяси өмірге белсене араласты. Ол қазақ жастарын әскерге шақыру ттуралы 1916 жылғы патша жарлығына қарсы халық арасында ауызша да, жарнамалар арқылы да үгіт таратты, ол соғыстың қазақ жұртына еш маңызының жоқтығын айтты. Ауыл жастарын ертіп, шақыру пунктіне барып, болыс пен оның тілмашы Жағыпар Ыбыжанұлын сынға алды. Тыл жұмыстарына алынып жатқан кедей жігіттермен бірге патша саясатына қарсы күш құру үшін сол жігіттермен бірге барамын деп өзі сұранып арыз берді. Нығметтің іс-әрекетінен хабардар болып отырған уезд басшысы оның арызын қабылдамай тастады. Ал, жергілікті патша қызметкерлері оны қыспаққа аяды. Оның байланыстарын тексерді. Бұл жылдардағы қазақ халқының ұлт-азаттық күресіне қазақ зиялылар өкілдері екі түрлі пікірде болды. Олардың әрқайсысының пікірін халық жағдайын ойлауы арқылы қалыптасатынын білеміз. Ал Нығмет Нұрмақов өзінің көзқарасы негізіне халық ішіндегі әділетсіздікке жол бермеу, болдырмауы болды. 1917 жылы 6 наурызда уездегі 18 болыстан сайланған 34 қазақ делегаттарының қатарында Қу болысынан Н. Нұрмақов пен Н. Сағатов, Берікқара болысынан С. Бөкейханов, т. б. болды. Қала қызметкерлерінен сот А. Лысенко, шаруа басшылары съезінің хатшысы Д. Чанчиков, шаруа басшысы А. Прозоров, уездік мал дәрігері В. Матвеев делегат болып сайланды. 1917 жылы 13 наурызда Екібастұз зауытының бөлімшесі Желтау зауытында өткен жиында Н. Нұрмақовты, Х. Дайыровты, Ғ. Ноғаевты Қарқаралы біріккен атқару комитетіне делегат етіп сайлайды. 8 адам қол қойған хаттамада делегаттарға зауыт жұмысшыларының мүдделерін Қарқаралы біріккен комитеті алдында қорғау тапсырылды. Маңызды оқиға - 1917 жылы 16 наурызда Қарқаралы Қазақ комитетінің құрылуы болды. Комитеттің 61 мүшесінен Кеңес құрылып, төрағалығына Ж. Ақбаев, орынбасарлыққа Н. Орманбетов пен Р. Сапақов, хатшылыққа С. Бәйтенов тағайындалды, 14 мүшесінен Президиум құрылды. Қу болысынан Н. Нұрмақов пен Қ. Ақаев уездік Қазақ комитеті Кеңесінің әрі Президиумының мүшелігіне сайланды[] . Попов Ю., Шотбакова Л., Смагулова Г. Творцы и свидетели истории Каркаралинска: Моногр. -Караганда: КарГУ, 2014. 48-51 с Кеңес өкіметі құрылған алғашқы күндерден бастап Қарқаралы уезіндегі ұйымдастырушылардың бірі болды. Кедейлерді сол кездегі партия ұялары, ревком, кеңес органдары төңірегіне топтастыруға атсалысты. 1918 жылы 8-наурызда Қарқаралыдағы кеңес үкіметі орнаған күн болып есептеледі. 1918 жылы Қарқаралыда революциялық соғыс комитеті ревком құрылып, Н. Нұрмақов оның жауапты хатшысы сайланды. Кедей тап мұқтаж болып отырған көптеген әлеуметтік-демократиялық шараларды жүзеге асыруға белсене қатысты. Аймақтағы қызыл гвардия отрядтарын құру ісін тікелей басқарды. 1918 жылы маусымда Қарқаралыда контрреволюциялық бүлік бұрқ ете түсті. Қарқаралыдағы Кеңес үкіметі уақытша құлағанда, ақтар әскері уездік революциялық комитеттің басшыларын солардың ішінде Нығметті және олармен бірге халық ақыны Мәди Бәпиұлын тұтқындады. Нығмет Қарқаралы абақтысында 6 ай жатты. Қарқаралы түрмесінде жарты жыл отырған Н. Нұрмақов 1919 жылы қаңтарда оқытушылар қауымына мән-жайды түсіндіріп өтініш жазды. Контрреволюциялық сот Н. Нұрмақовты Семей түрмесіне аударып, өлім жазасын тағайындайды. Бірақ 1919 ж. Қызыл Армия бөлімдерінің шабуылдары бұл жағдайдың орын алуына жол бермеді. Азамат соғысы аяқталғаннан кейін Нығмет Нұрмақовтың Қазақстандағы Кеңес құрылысы кезеңіндегі қызметі басталды. 1920 жылы Нығмет Нұрмақов өз қолымен толтырған өмірбаянында: «Ол жылдары большевиктер туралы еміс-еміс естігеніміз болмаса, жалпы идеясынан хабарымыз нашар еді», - деп ағынан жарылады. Шынында да Нығмет 1917 жылғы төңкерістер жөнінде ойын жинақтай алмай жүргенде, Омбы семинариясындағы большевик-ұстаз Евгений Полюдовтан хат алған болатын. Кейін Қарқаралыдағы еңбекші кеңесін құру барысында П. Бабин, И. Радченко сияқты большевиктермен үзеңгілес жүріп өмірдің саяси талас-тартысынан мол тәжірибе жинақтайды. Осылайша, Нығмет Нұрмақов большевиктерге жан-жақты ойланып барып қосылды. 1926 жылы жарық көрген Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол тайғақ кешу» тарихи-мемуарлық романында: «Қазан төңкерісінен кейін хаттарының бірінде (Нығмет Нұрмақов) маған былай жазады: Сәкен қалың қалай? Менің түсінгенім тек большевиктер ғана патша үкіметінің таптауына ұшыраған кедейлерге еркіндік бере алады. Мен сондықтан большевик болдым» деп өзінің кеңестік билікті қолдайтынын, өзі өскен ортадағы қиындықтар мен одан шығу жолдарын кеңестік билікке арқа сүйеу нәтижесінде жетуге болатынын түсінген[] . Сейфуллин С. Тар жол тайғақ кешу. Тарихи-мемуарлық роман. -Алматы, 1977. -б. 1920 жылы 16 наурызда Қарқаралы уездік-қалалық партия комитеті революцияның сенімді жауынгері болған Н. Нұрмақовты большевиктер партиясы қатарына қабылдайды. Қазан оқиғалары мен азамат соғысын баяндауда большевиктер партиясы қайраткерлерінің естеліктерінен мәселеге ғылыми жолмен келу көріністері байқалады. Ә. Жангелдин, Н. Нұрмақов, П. Варламов, Т. Рысқұлов мақалалары, авторлардың баяндап отырған оқиғаның тікелей куәгерлері болғандығымен ғана емес, өз жұмыстарының басты мақсаттарының бірі большевиктік төңкерістің рөлі мен түпкі мақсатын халыққа түсіндіру болып табылатындығымен ерекшеленеді. Олар Ресейдің езілген халықтарының тағдырын шешуде тарихи дамуында большевиктер ұсынған бағыты ғана дұрыс екендігі пікірлерін білдірген.
1. 2 Қазақ сот құрылысының басшылығындағы Н. Нұрмақов
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz