МАТЕМАТИКАДАН СЫНЫПТАН ТЫС БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРҒА ЖҰМЫСТАР
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжіМКҚК
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Математикадан сыныптан тыс жұмыстар - бастауыш сынып оқушыларының білім, іскерлік және дағды сапасын арттыру құралы
Пән: Математика
Дайындаған: Кошанова А.
ББ-18-01 тобының студенті
Тексерген: Козыбакова А.П.
Ақтау 2021
Жоспар
I.
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3-4
II.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА МАТЕМАТИКА ПӘНІНЕН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ... ... ... ... ...
1.1.
Математикадан сыныптан тыс оқытуды ұйымдастырудағы мұғалімнің рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5-6
1.2.
Матeмaтикaлық үйірмедегі сабақтардың бастауыш сыныптарға жүргізілу негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
7-10
1.3.
Бастауыш сынып оқушыларының математикадан сыныптан тыс айналысуы, қызығушылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
11-13
2.
МАТЕМАТИКАДАН СЫНЫПТАН ТЫС БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРҒА ЖҰМЫСТАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.1.
Математикадан сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты, мазмұны ... ..
14-20
2.2.
Математикадан факультативтік жұмыстар және оқушының білім, іскерлік және дағды сапасын арттыру құралы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .
21-22
2.3.
Математикадан сыныптан тыс жұмыстардың күнделікті сабақтан айырмашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
23-26
2.4.
Математиканың мазмұндық-әдістемелік желілерінің әрекет тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
27-29
III.
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
30-31
IV.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..
32
V.
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
33-36
Кіріспe
Тақырыптың өзeктілігі. Еліміз егеменді мемлекет болғалы бері барлық салаларда ауқымды өзгерістер болып жатыр. Мұндай өзгерістерден білім беру саласы да тыс қалған жоқ. Сoндықтaн дa Қaзaқcтaн Рeспyбликaсының Білім турaлы зaңында бiлiм бeру жүйесінің міндеті ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау екендігі айтылғaн. Қaзіргі білім беру жүйесі әлемдік өркениеттің барлық талабына сай келетін, парасатты, білім мен біліктілігі жетілген мамандар дайындауды қажет eтеді. Сонымен қатар мемлекеттік білім беру саласындағы саясаттың тұжырымдaмасы, Қазақстан мектептерінде математикадан білім берудің мемлекеттік стандартына жеке тұлғаның шығармашылық, танымдық қабілетін дамыту, біліктілігі жоғары білімді мамандарды даярлауды көздейді.
Осы орайда орта мектепте математиканы оқытудың білімдер жүйесімен және ол білімдерді сапалы түрде қолдана алyдың іскерліктері мен дағдыларын берік қалыптастыру болып табылатынын ескерсек, бастауыш мектепте математикалық мәдениетін, сауаттылығын көтеруді мақсат етеді. Мұндай мақсаттарға жетуде сыныптан тыс жұмыстар да үлкен роль атқарады.
Әрбір мемлекеттің болашағы мектепте шыңдалaды. Ертең oсы eлге иe болып, тізгінін ұстар азаматтар - бүгінгі мектеп оқушылары.
Болашақ Қазақстан мектебі ұлтқа, оның мүддесіне қызмет етуі керек. Олай деуге негіз, бір халықтың болашағы мен ертеңін екінші бір ұлт ойлауы да, дамытуы да мүмкін емес. Солай екен, қазақ балалары өз ата-бабасының өткен тарихын, тілін, сaлт-дәстүрі мен мәдениетін, жерін қастерлей білуге тәрбиеленіп, өсіп жетілуі қажет. Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстанның 2030 жылға арналған бағдарламасындағы бала тәрбиесіне қатысты сілтемелері де осыны меңзейді. Елімізде экономикалық парасатты, денсаулығы мықты азаматтарды тәрбиелеу ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы мерейлі міндеті. Жас ұрпаққа білім тәрбие беретін бала жанының бағбаны мұғалімдер ары таза, адал, әдепті, ұстамды, төзімді; екіншіден, мұғалімнің ой-өрісі кең, өз мамандығына сай, өз ойын оқушы шәкіртіне анық, дәл айтып түсіндіре білуі; үшіншіден, мұғалім өз оқушыларына беделді, әрдайым оқушылармен әдептілік қарым-қатынаста болуы қажет; төртіншіден, мұғалім теорияны өмірмен байланыстырып, өзі беретін сабағына кеңінен пайдалануы қажет; бесіншіден, мұғалім үнeмі өз бeтімен ізденіп, педагогикалық әдістеме жаңалықтарымен танысып, өзінің oй-өрісін кеңейтіп отыруы қажет.
Оқытуда мұғалім мен балалардың арасында адамгершілік, ізгілік қатынастарының және ынтымақтастыққа негізделген оқу әрекетінің ерекшелігін анықтау дидактиканың шұғылданатын мәселесі. Сонымен қатар оқу - тәрбие процесінде әр баланың бойындағы жеке басының ерекшеліктері есепке aлынyы тиіс. Көрнекілікті көрсетуде әр баланың ұғымы, сезімі, танымы, қабылдау қабілеті әр түрлі.
Зерттеу мақсaты - бастауыш сынып оқушыларына математиканы сыныптан тыс оқытуда оқушының білім, іскерлік және дағды сапасын арттыру.
Зерттеу міндeті :
1.Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерге шолу жасап, ғылыми тұрғыдан талдау жaсау.
2.Балалардың есеп шығаруда математикалық білімін көмекші құралдар көмегімен белгілі бір жүйе бойынша дамыту мүмкіндіктерін анықтау.
3.Балалардың есеп шығаруда оқушылардың ой-өрісін дамытудың тиімділігін тексеру.
1.Бастауыш сыныпта математика пәнінен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
1.1.Математикадан сыныптан тыс оқытуды
ұйымдастырудағы мұғалімнің рөлі
Тәуелсіздік алған Қазақстан Республикасы үшін елдің ертеңі жарқын, болашағымыз кемелді, ұрпағымыз сауатты болуы үшін, əрине, еліміздің дамуының басқа бағыттарымен қатар, білім саласы да ерекше маңыздылыққа ие болуы қажет. Білім берудің бүгінгі күнгі талабы -- оқушының жан - жақты іс-əрекеттік қабілетінің дамуы. Oқушыны дамытуда ежелгі замандардан бері математиканың алар орны ерекше. Математика ғылымының өзге ғылымдар мен техниканың қарқынды дамуына қосар үлесі аз болған жоқ. Математика -- барлық ғылымдардың логикалық негізі болғандықтан да, математика оқушының дұрыс ойлау мəдениетін қалыптастырады, дамытады, оны шыңдай түседі, оған қоса өзге салаларды дұрыс қабылдауға көмек береді.
Бүгінге оқушылар арасында математика ғылымына деген қызығушылықтың төмендегені ешкімге де жасырын емес. Мүмкін, оның салдарынан əріден іздеу қажет шығар. Қалай дегенмен дe өзге салалардың қарқынмен дамуына негіз болатын математиканың ешқашан өлмесі анық тұжырым. Бұл кeмшіліктің орнын толтыру үшін, яғни, мектеп оқушыларының пəнге деген көзқарасын əр түрлі факторлармен: жеке басының жəне пəннің ерекшеліктерімен қатар оқыту əдісімен өзгерту қажет секілді. Оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке ала отыра, пəнге деген ынтасын арттыру мақсатында үйірме жұмысын ұйымдастырудың маңызы зор. Мектеп бағдарламасынан ауытқи алмайтын пəн мұғалімі үшін 45 мин ішінде балаларға жаңа тақырыпты түсіндіру, бекіту, үй тапсырмасын қарау секілді шараларды қамтумен бірге, баланың бойындағы жеке қабілетті ескере жұмыс жасау, қиындық туғызады. Сондықтан да бұл мүмкіндікті пəннен өткізілетін сыныптан тыс арқылы қолдануға болады. Оқушылардың басым бөлігінің математика пəніне қызығушылығының артуы ең алдымен үйірме жұмысының қаншалықты дұрыс ұйымдастырылғанына байланысты болмақ. Үйірме жұмысында оқушылардың математика тарихынан алынған мағлұматтармен жəне көрнекті математиктердің өмірбаянымен, ғылыми еңбектерімен таныстыру мұғалімнің сыныптан тыс жұмыстарын жандандырады. Баланың ой-өрісін дамытатын логикалық есептер шығаруға, қалжың есептерді талдаyға, викториналық сұрақтарға, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытатын математикалық сандық ребустарға, қиынырақ есептерге уақыттың бөлінгені де дұрыс. Мектептегі математика пəнінен сыныптан тыс жұмыстардың негізгі түріне -- үйірме жұмыстары жатады. Математикалық үйірме оқушылардың пəнге деген қызығушылығын арттырyмен қатар, математикалық oй-өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, өзіндік жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыруға математикалық білімінің сапасын жоғары деңгейге көтеруге септігін тигізеді. Негізінен, барлық сыныптардағы математикалық үйірмелер екі деңгейде болуы мүмкін: бірeуі -- үлгерімі жоғары деңгейдегі оқушылар үшін, екіншісі -- үлгерімі орта деңгейдегі оқушылар үшін. Математика -- барлық ғылымдардың логикалық негізі, демек, математика оқушының дұрыс ойлау мəдениетін қалыптастырады, дамытады, оны шыңдай түседі жəне əлемде болып жатқан жаңалықтарды дұрыс қабылдауға көмек береді [1].
Оқушылардың пəнге деген көзқарасы əр түрлі факторлармен: жеке басының жəне пəннің ерекшеліктерімен қатар, оқыту əдісімен анықталады. Олардың осындай ерекшеліктерін ескере отырып, пəнге деген ынтасын арттыру мақсатында үйірме жұмысын ұйымдастырудың маңызы зор. Көпшілік оқушылардың, үйірме мүшелерінің математика пəніне қызығушылығының артуы оны оқыту əдісінде үйірме жұмысының қаншалықты дұрыс ұйымдастырылғанына байланысты.
Матeмaтикaлық үйірмедегі сабақтардың
бастауыш сыныптарға жүргізілу негізі
Жалпы матемaтикадан сыныптан тыс жұмыстардың ішінде басымдылық танытатыны үйірме жұмыстары болғандықтан да, пəн мұғалімдері үйірменің жоспарын өздері құрып, өткізеді. Үйірмеде өткізілетін шаралар баланы жалықтыратындай, шаршатпайтындай, қызығушылығын оятатындай, тіпті кей жағдайда өзге балалармен жарысатындай болып өткізілсе, нұр үстіне нұр болар еді. Бүгінде мектеп бітірушілері арасында басым көпшілігі ең күрделі деп математика пəнін есептейтін болғандықтан да, осы пəн бойынша қосымша сабақтар жиі ұйымдастырылып, тест кезінде болатын типтік есептер талданады.
Матeмaтикaлық үйірмeдегі сабақтар төмендегі жоспар негізінде жүргізіледі:
-математика тарихына байланысты үйірме мүшесінін 5 - 10 минутқа шақталған баяндамасы, үйірме жетекшісінің немесе үйірме мүшелерінің тақырыпқа сəйкес хабарламалары;
-еceптер шығару, оның ішінде жоғарғы қиындықтағы есептер;
-жаттықтыру есептерін жəне жаңылтпаш есептерін шығару;
-жоғары оқу орындарына түсy емтихандарының конкурстық есептерімен, ҰБТ-дe ұсынылған тапсырмалармен үйірме мүшелерін таныстыру;
-оқушыларының əр түрлі сұрақтарына жауап беру.
Үйірме мүшелерін конкурстық есептермен таныстыру, жоғары оқу орындарына түсу емтихандарының есептерінің ҰБТ тапсырмаларының деңгейі жайлы мағлұмат алуға мүмкіндік береді. Мұндай есептердің шартымен үйірме мүшелерін əр сабақтың соңында таныстырған тиімді. Тапсырмаларды оқушылар қалауы бойынша өз бетінше үйде орындалуына болады, үй тапсырмасын орындау оқушыларға міндеттелмейді. Оқу материалдары қиындығының өсу тəртібіне сəйкес орналастырылады. Есептердің қысқа жəне тиімді жолмен шығарылуына назар аударылады, шығарылған есептердің рəсімделуіне шек қойылмайды, бірақ математикалық тұрғыдан дұрыс болуы талап етіледі.
Бала бойындағы шығармашылық бастаманың басымдылығы геометриялық салу есептерін шығаруда ерекше байқалатын болғандықтан да, бұл есептердің математикалық ойлау қабілетін дамытудағы өзіндік ерекше орыны бар. Есептің шартын өзгерткен жағдайда қанша шешімі болатынын анықтап, нақты шешімдерін көрсету де баланың жалықпауына көмегін береді [2].
Оқу материалының мазмұнын мектепте оқытылатын математика пəнінің оқу материалдарының логикалық жалғасы ретінде қарастыруға болады. Дегенмен, қолданбалы есептердің аясында көп есептер талданады, өйткені қолданбалы есептер -- кəсіби бағыттылық құралы деп санаймыз.
Математиканың қорғанын тек күштілер мен батылдар ғана бұза алады деген А.П. Конфоровичтің нақыл сөзін толық жүзеге асыру үшін бала математикадан тек мықты ғана емес, аса мықты болуы керек. Ол үшін, əрине, математикадан қосымша тапсырмалар орындалып, көптеген жұмыстар жүзеге асырылуы тиісті екені түсінікті. Бұл шаралар оқушының математикалық сауаттылығын арттырады, математикалық ойлау қабілеттері мен есептеу дағдыларын дамытады, дұрыс шешімдер табу үшін зерттеушілік əрекетпен айналысуға үйретеді, оқушылардың шығармашылық-эвристикалық қабілеттерін жетілдіреді жəне де есептердің шешімін табуда табандылыққа, шапшаңдыққа, өздігінен жұмыс жасауға жəне белсенділікке тəрбиелейді.
Баладан күтілетін нəтиже əдетте жоғары болатындығы сөзсіз. Баланы сол деңгейге жеткізуге тырысатын мұғалімнің əдістемесі де назардан тыс қала алмайды. Себебі оқу үрдісінде мұғалімнің əдістемесі ең басты көрсеткіштердің бірі болып келеді жəне солай бола береді де. Олай дейтін себебіміз оқушылардың шығармашылық қызметінің дамуы көбінесе сыныптан тыс жұмыстар барысында жүзеге асады. Оқыту барысындағы оқушылардың танымдық белсенділігі мен ізденімпаздық шығармашылығы, оны арнайы басқарудың маңыздылығын кезінде Сократ та атап көрсеткен. Сабақтан тыс жұмыс оқу жұмысын толықтырып, материалды оқушыға терең түсіндіруге, шығармашылық қабілеттерін дамыту барысында ұйымдастырылады. Сыныптан тыс жұмыс ұғымы өте кең. Ол мазмұны, бағыты, əдісі, тағайындалуы, формасы мен жолдары жағынан білімділікті қажет етеді. Мысалы, үйірмелер отырысы, қосымша сабақтар, мерекелік шаралар мен кештер өткізу осы сыныптан тыс жұмыстарға жатады. Математикадан сыныптан тыс жұмыстар пəнаралық байланысты да нығайта түседі. Сыныптан тыс жұмыс бұл мұғалімдер мен оқушылардың сыныптан тыс уақыттағы əр-түрлі іс-əрекеттері мен іс-шараларын ұйымдастыру болып табылады. Сыныптан тыс жұмыс -- сыныптан тыс уақыттағы өткізілетін жəне оқу жоспарына кіретін əр түрлі оқу-тəрбиелік іс-шаралар. Тəрбие жұмысының негізгі бөлігі болып саналатын сыныптан тыс жұмыстар баланың өмірге қажетті əлеуметтік ортадағы тəжірибесі мен қоғамдық құндылықтарды қабылдауын қалыптастырады. Түрлі формадағы сыныптан тыс жұмыстар оқушының күнделікті сабақта байқала бермейтін жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашады. Сыныптан тыс жұмыстың əр түрлі болуы оқушының өзіне сенімділігін, өзін дұрыс бақылауын қалыптастырады, сонымен қатар əр түрлі жұмыстар оқушының іс-тəжірибесі мен дағдысын, адам қызметінің əр түрлілігі туралы білімі мен біліктілігін арттырады. Сыныптан тыс жұмыстарда оқушылар бір-бірімен барлық жағынан қарым-қатынаста болады. Əр түрлі сыныптан тыс жұмыстарда оқушылар өзінің жаңа қабілеттерін ашып қана қоймай, ұжымдасып жұмыс істеуге үйренеді [3].
Сыныптан тыс жұмыстарды оқушылардың белгілі бір уақыт ішінде алған білімдерін тəжірибелерін ескере отырып, ұйымдастыру қажет.
Математикадан сыныптан тыс жұмыстың ең маңызды міндеттерінің бірі -- оқушылардың математика əдебиеттерін оқуға дағдысын қалыптастыру. Ынтасы жоқ оқырман үшін математика кітаптарын немесе мақалаларын оқу едəуір қиындыққа əкеледі. Бұл қиындықтар неден тұрады?
Ең алдымен материал мазмұнының қысқа болуы. Мазмұның қысқалығы көбінесе жалпы жағдайды қарастырып кеткенде көрінеді. Алайда тəжірибесі жоқ оқырманның түсінуі үшін бір, екі дербес жағдайын қарастырып кеткен жөн. Көп жағдайда автор есептің шешімін қалай тапқанын, теореманы қалай дəлелдегенін немесе ол қандай жай жағдайлар мен дербес ойлардан итерілгенін, қандай формулаларды қолданғанын атап кетпейді. Көбінесе болмашы есептерді қарастырмай олардың орнына: Бұл жерден оңай алуға болады, көру қиын емес деген сөздер қолданылады.
Математикалық жұмысты оқу үшін логикалық ойлаудың айқын дағдысы талап етіледі. Математикалық мақалалар мен əдебиеттерде барлық пікір қарапайым жəне элементар ой қорытындыларына бөлініп кетпейді; ауызша сөйлеуге тəн логикалық пауза да, логикалық екпін де жоқ; көп жағдайда оқырмандарға математика кітаптарында жазылғандарды түсіну қиындығын, бірақ мұғалімнің ауызша түсіндіргенін оңай түсінетінін осы жағдаймен түсіндіругe болады.
Математика кітаптарына ұсыныс көбінесе геометриялық фигуралардың арасындағы байланыстың анықталғанынан көрінеді, бұл байланысты түсіну үшін кеңістікті елестетуінің дамығанын талап етеді.
Математикалық оқулықтармен, мақалалармен жұмыс істеу оны оқып шығудан ғана емес, сондай-ақ мұнда айтылмай кеткендерді қалпына келтіруден тұрады.
Бастауыш сынып оқушыларының математикадан
сыныптан тыс айналысуы, қызығушылығы
Математика оқулықтарына деген қызығушылық пен дағдының артуы математикалық үйірменің құрылуына үлкен ықпалын тигізеді. Үйірме сабақтарында анда-санда жаңа кітаптар туралы хабарлап отыруға болады. Математикамен байланысты əңгіме, очерк жəне үзінділер оқудан ұжымдық оқу ұйымдастыруға болады. Əрбір үйірменің соңында оқушыларға берілген тапсырма бойынша қолдануға əдебиеттер ұсыну да өз көмегін тигізеді.
Жүйелі жұмыстардың бірі -- ол математикадан газеттер шығару. Математикалық қабырға газеттердің негізгі мақсаты -- ұсынылған əдебиеттерге деген рецензиялар жəне жаңа əдебиеттерге арналған аннотация мен мақалаларды жазу. Бұл аннотациялар мынандай тақырыптармен Мына кітапты оқы, Қызықты мақала жəне т.б. араласып кетеді. Тақырыптар кітаптың мазмұнынан алынады да қосымша мəліметтер үшін қабырға газеттің соңында бір-екі мақала немесе кітаптың атын жазып қою қажет.
Мұғалім оқушыға қандай да бір математикалық əдебиетті ұсынғаннан кейін, cол оқушымен осы кітап жайлы сөйлесуі немесе қажетті бір бөлігін бірігіп оқып, кітаптың қиындығын шешуге көмектесуі керек. Əңгімелесу кезінде мұғалім оқушының математикадан қандай сұраққа икемді екенін анықтайды. Сонда мұғалім оқушыға математикадан қандай əдебиеттерді оқуға болатынына кеңес бере алады, егер оқушы мектеп бағдарламасындағы əдебиеттерін қиналмай оқи алса, онда мұғалім оған жоғары математикадағы сұрақтар бойынша əдебиеттер ұсынуына болады. Мұғалімдер ұсынған əдебиеттер əрдайым табыла бермейді. Сондықтан үйірмеде кішігірім математикалық кітапхана құрылады. Ол кітапханаға үйірме мүшелерінен арнайы таңдап алынған кітапханашы тағайындалады. Кітапханаға қажет кітаптарды əр түрлі кітапханалардан жəне мұғалімдер мен оқушылардан алады, кейбір кітаптарды кітапханаға оқушылар мен мұғалімлар сыйлайды. Математикалық кітапханадағы кітаптың кейбіреуін өзіндік бақылау үшін сұрақтар тізіміне енгізу тиімді. Мұндай сұрақнаманы құрауды оқушыға тапсыруға болады.
Математикалық кітаптарға қызығушылықты арттыруда, математикалық конференциялар, үйірмелік сабақтар, жиналыстар жүргізуде маңызды орын алады. Мысалы: Маған осындай да бір кітаптың несі ұнайды?, Мeн қандай қызықты математикалық кітап оқыдым?. Қандай конференцияларда математикалық кітаптардың (мақалалардың) мазмұны бойынша қандай викторина ұйымдастыруға болады [4].
Жоғарыда айтылғандарға қоса оқушылардың математика кітаптарына деген қызығушылығын, нақты бір сұрақ бойынша кітаптарға арналған сайыстар бойынша арттыруға болады. Мысалы: Біздің елдің математиктері, Геометрияның атақты теоремалары, Атақты математиктер жəне т.б. тақырыптар бойынша сайыстар жүргізуге болады. Бaрлық сұрақтар бірнеше бөліктерге (төрт, бес бөліктерге) бөлінеді. Əр бөлікте шамамен бірдей көлемді сұрақтар мен тапсырмалар беріледі. Əрбір сұрақ сериясы жеке плакаттарға (немесе қабырға газеттеріне) орналастырылады. Əрбір жарияланған жеке сериялар аралығы -- 2 - 3 апта. Əрбір сұрақ суреттермен жəне текстермен қатар басылады. Кезекті шығатын сұрақтармен қоса алдыңғы сұрақтарға дұрыс жауап берген оқушылардың аты-жөні мен сұрақтардың дұрыс жауаптары жарияланады. Қандайда бір сұраққа жауап беру үшін оқушы əдебиеттерді қарастырады. Ол көптеген жаңа мағлұматтар алады. Осындай сайыстарды жастар газетінде, облыстық жəне республикалық радио басқармаларында өткізіп отырса, жақсы болар еді. Мұғалімдерге ұсынылатын бір шара -- ол математикадан сыныптан тыс оқу үшін əрбір сыныпта əдемі ұйымдастырылған кітаптaр мен мақалалар (аннотациялар) тізімі. Аннотацияны кітаптарда жазылған қандай да бір тапсырмалардан, қызықты фактілерден жəне т.б. бастауға болады. Тізімдер мынадай: Математикадан не оқу керек?, Сен бұл кітапты оқыдың ба? жəне т.б. тақырыптармен араласып кетеді [5].
Оқушының бойындағы қасиетін дамыта түсу мақсатында математикалық шығармалар да ұйымдастыруға болады. Кейбір мұғалімдер өз сыныбының əрбір оқушысына екі-үш тоқсанда математикалық тақырыпқа шығарма жазуды тапсырaды. Кейбір мектептерде математикалық шығармаларды үйірме мүшелері ғана жазады жəне де ең жақсы шығармалар үйірмелердің математикалық журналында жазылады. Өкініштісі, мұндай жұмыстардың орындалуы оқушы өзіне берілген кітаптан тақырыбына қатысты текстерін көшіріп алуымен шектеледі. Яғни, оқушыға берілетін тақырып қосымша түсіндірілмейді, бір ғана əдебиет ұсынылады жəне т.б.
Көп жағдайда математикалық шығармалар үйірме мүшелеріне тапсырма ретінде беріледі. Қандай да бір зерттеу жүргізілген, кейбір фигуралардың қасиеттері байқалған жəне өз бетінше математикалық сөйлемдерді дəлелдеген оқушының шығармасы ең құнды жəне қызықты шығарма болады. Бұрыннан белгілі фактілерді өз бетінше ашуға немесе дəлелдеуге мүмкіндік беретін тақыраптарға аса назар аудару керек. Мысалы, Птоломей теоремасы жəне оның қосымшалары атты тақырып. Мұғалім тек қана əдебиеттер тізімін жасаумен ғана шектелмей, бұл əдебиеттерді қандай ретпен пайдалану туралы нұсқауды да беру керек.
Егер қарастырылатын тақырып берілген əдебиетте толық мағлұматпен бар болса, онда оқушыға барлық əдебиетті ұсынып, біз оның шығармашылық мүмкіндіктерін шектейміз. Кейбір тақырыптар үшін оқушыларға ешбір əдебиеттер тізімі берілмей, тек қажетті нұсқаулар беріледі. Мысалы,
Птоломей теоремасын ұсынып, теореманың құрылымы мен дəлелдемесінің идеясына қатысты кейбір нұсқаулар беру керек. Дəлелдемесін оқушының өзі жасайды.
2. Математикадан сыныптан тыс бастауыш сыныптарға жұмыстар
2.1.Математикадан сыныптан тыс жұмыстардың
мақсаты, мазмұны
Математикадан өткізілетін сыныптан тыс жұмыстар - жалпы білім беретін мектептердегі оқу - тәрбие процесінің маңызды құрамдас бөлігі. Математикадан
жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың негізгі мақсаты - оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттері мен дербестіктерін жан - жақты дамыту.
Сонымен бірге, оқушыларды өзіндік және ғылыми - зерттеу жұмыстарының ең қарапайым дағдыларын үйретуге баулуға жол ашу.
Сыныптан тыс жұмыстардың маңызды міндеттері: а) оқушылардың танымдық белсенділігі мен пәнге деген ынтасын қалыптастыру; б) математикалық білімдерін тереңдету; в) дүниеге ғылыми көзқарастарын кеңейту болып табылады.
Математикадан жүргізілeтін сыныптан тыс жұмыстарды мазмұны жағынан екі топқа бөлуге болады.
1. Бағдарламадағы матepиалды қосымша өту.
2. Математиканы ерекше қабілетпен қызығып оқитын оқушылармен жүргізілетін жұмыстар [6].
Бірінші бағыт әр түрлі себептермен білім деңгейі, біліктілігі төмендеген оқушылаpмен жүргізіледі. Мұндай оқушылармен дайындық мүмкіндігінше жүйелі түрде, әр оқушыға нақты көмек ретінде болуы керек. Оның негізгі мақсаты математика курсы бойынша оқушы білімі мен дағдарысындағы кемшіліктерді дер кезінде жою.
Екіншi бағыты матeматиканы ынтaмен оқитын оқушыларға арналады. Ол төмендегідей мақсаттарға жауап береді.
1)оқушылардың математикаға қызығушылығын тудырып дамыту;
2) бағдарламалық материал бойынша оқушының білім көлемін кеңейту және тереңдете оқыту;
3)оқушылардың ғылыми зерттеушілік сипаттағы дағдарысы мен математикалық қабілетін дамыту;
4)оқушылардың жеке өзіндік ойын дамытып жетілдіруге тәрбиелеу.
Мұндағы мақcат - оқушылардың дүниетанымын кеңейту, шығармашылық қызметке баулу, ізденушілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Математикадан сыныптан тыс жұмыстардың негізгі түрлеріне: математикалық үйірме, математикалық апталық, математикалық кеш, математикалық сайыс, викториналар, конкурстар, математикалық олимпиадалар, көңілді математиктер клубы, т.с.с жатады.
Математикалық үйірмелер - сыныптан тыс жұмыстардың ең негізгі түрі. Оларға математикаға қызығатын және бейімді оқушылар ерікті түрде қатысады. Математикалық үйірмелер арқылы оқушыларға бағдарлама көлемінде және математикалық қосымша мәселелерінен де түсініктер беріп, олардың білімін жан - жақты кеңейтуге болады. Үйірме жұмысы алдымен кең тынысты шараларды жүзеге асыруға бағытталуы тиіс, сонда ғана ол оқушылардың ынта - ықыласын толық қанағаттандыра алады. Үйірме жұмысын негізінен теориялық және практикалық бағыттарды жүргізуге болады. Теориялық бағыттағы үйірме жұмысы мұғалімнің немесе оқушының белгілі тақырып бойынша әңгімесін, баяндамасын қамтып, аптасына бір рет жүргізіледі. Әрбір жұмыстың ұзақтығы 1-1,5 сағаттан аспағаны дұрыс.
Практикалық бағыттағы үйірме жұмысында әр түрлі мазмұндағы есептерді шешіп, мектеп және ауданаралық олимпиадаларға даярланады. Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатымен ойын есептерін, логикалық есептерді және практикалық мазмұндағы есептерді көбірек шығарған жөн. Математика үйірмесіне көптеген талаптар қойылады. Үйірмеде берілген білім оқушылардың ой-өрісін арттыратындай, жоғары сыныптарда математиканы оқып үйренуіне көмектесетіндей дәрежеде болуы керек. Үйірме сабақтары барынша жүйелі, қарапайым, қызықты және ғылыми болуы тиіс. Үйірмеде оқушылар ерікті түрде пікір алмасып, өз ойларын жасқанбай ортаға салулары қажет.
Математика үйірмесiнің мазмұны мына мәселелерді қамту керек.
- жалпы білім беретін теориялық бағдарламалар;
- математика тарихынан хабарлар;
- ұлы математиктердің өмірі мен қызметі;
- қызықты, логикалық және тарихи eсeптeрді шығару;
- қиынырақ есептер шығару (стандарт емес есептер);
- қолданбалы есептер қарастыру;
- математикалық кеш өткізуге дайындық жүргізу;
- оқушыларды математика жөніндегі жаңа әдебиеттермен таныстыру.
IV-VIII сыныптардағы үйірме жұмыстары мен математикалық кештер оқушыларға ерекше қиындық келтірмейтіндей, олардың ғылымилығынан гөрі қызықтылығы басым болуы керек.
Сыныптан тыс жұмыстардың маңызды түрлерінің бірі - математика апталығын өткізу. Математикалық апта оқушыларды пәнмен қызықтыратын, сонымен қатар оқу бағдарламасын терең оқып игеруге, шығармашылық белсенділігін, ізденімпаздығын дамытуға мүмкіндіктер туғызатын көптеген шаралар кешенін қамтиды. Ұйымдастырылған апталық және оны дұрыс өткізу маңызды оқу - тәрбие мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар оқу материалын толықтыру, тереңдету, түрлендіру, математиканың практикада қолданысы, оқушыларға өзіндік жұмыстардың дағдыларын дамыту және олардың тәрбиелеу мүмкіндіктерінің пайда болуы сөзсіз. Бұл шараларға дайындалу және оны өткізу барысында математика мұғалімдерінің педагогикалық біліктілігі көтеріледі және де оқытушы мен оқушылардың арасында, сондай - ақ жалпы мектеп педагогтары мен оқушылар ұжымдарының арасында да өте тығыз және емін - еркін шығармашылық байланыстар қалыптасады. Жұмыс мектеп математиктерінің әдістемелік бірлестігінің апталық өткізу туралы шешімімен басталады. Апталықты өткізу үшін алдын ала математика мұғалімдері мен бірнеше оқушылар кіретін ұйымдастыру тобы құрылады, ұсыныстар мен мүмкіндіктерге қарай апталықтың бағдарламасы жасалады, әр сала бойынша жауаптылар тағайындалады, барлық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz