Төле бидің Ресей губернаторына хаты



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Реферат

Орындаған: Мүбараков Айсұлтан
Тексерген: Изимова Саулетай

Жоспар:
1. Төленің туған жері, руы
2. Ұлы жүздің ұлы биі
3. Төле бидің жоңғарларға қарсы сыртқы саясаты
4. Төле бидің Ресей губернаторына хаты
5. Төле өлді дегенше, дүниеден әділет өлді десейші
6. Ескерткіштер

ТӨЛЕ БИ ӘЛІБЕКҰЛЫ
(1657-1756 жж.)

Төле би - қоғам қайраткері, қазақтың бірлігін нығайтуға зор үлесін қосқан үш бидің бірі. Қазіргі Жамбыл облысының Шу өңіріндегі Жайсаң жайлауында туған. Ұлы жүздегі Дулат тайпасының Жаныс руынан шыққан. Әкесі Әлібек момындығы үшін ағайындары арасында қарашоғыр атанғанымен, өзіндік беделі бар би болған. Бала күннен жас Төле әкесіне ере жүріп ел көріп, жұрт таныған, қазақ халқының ақындық-шешендік өнерінен тәлім алған.
Он бес жасынан ел билігіне араласып, ақыл-парасаттылығы, әділ шешімі, шешендік өнерімен көзге түскен. Төле би Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке билермен бірге Тәукені хан етіп сайлауға, үш жүздің ұлыстарын бір ортаққа бағындыруға, сөйтіп, бірегей қазақ хандығын нығайтуға, жоңғар шапқыншылығына қарсы бауырлас қазақ, қарақалпақ және өзбек халықтарының жауынгерлік одағын құруға бағытталған шараларды жүзеге асыруға қатынасқан. Тәуке хан Төле биді ұлы жүздің бас биі еткен. Төле би Қазыбек бимен және Әйтеке бимен бірлесе отырып, қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарының жинағы болып табылатын Жеті жарғының қабылдануына атсалысқан.

Ол кезде қазақ пен жоңғар хаңдықтары үнемі жауласып жүретін. Тәуке хан өлімінен кейін Қазақ хандығы ыдырай бастады. Ұлы жүзді басқарып отырған Төле би жоңғар басқыншыларына біраз уақыт кіріптар болады. Оларға салық төлегеніне қарамастан, Төле би саяси басқаруды өз қолына алды. Қазақтардың басын біріктіріп, оларды жоңғар бұғауынан құтқаруда Төле би маңызды рөл атқарды. Кейбір мәліметтер бойынша, Төле би Абылай сұлтанның өрлеуіне де ықпал еткен. Төле би, Орта жүздің бас биі Қазыбек Келдібекұлы және Кіші жүздің бас биі Әйтеке Байбекұлы үшеуі Әз Тәукенің бас кеңесшісі болған. Төле би Тәуке ханның Түркістаңды Қазақ хандығының астанасы қылу, үш жүзді бір орталыққа бағындыру, бір ғана Қазақ хаңдығын күшейту, туыс қазақ, қарақалпақ, қырғыз және өзбек халықтарының жоңғар-ойрат басқыншыларына қарсы әскери одағын кұру туралы шараларды жүзеге асыруға белсене атсалысты.
Қазақ хандығының ыдырау және жоңғарлардың басқыншылық соғыстары кезеңінде Төле би басшыға тән қасиетін таныта білді. Жоңғарлар жағдайды пайдаланып, қазақ халқын жойып жібергісі, ал тірі қалғандарын куғын-сүргінге ұшыратқысы келді. Төле би Қабанбай, Бөгенбай жөне Жәнібек батырлармен бірге біртұтас халық майданын кұрып, азаттық жолында күрес жүргізді.
Төле би жоңғар билеушілерінің арасындағы тақ таласын өршіте қолдап, ежелгі жаудың іштей әлсіреуіне ықпал жасайды. Абылай хан мен Төле би таққа таласқан жоңғар нояндарын алма кезек қолдай отырып, ақырында Жоңғар хандығының құлауын қамтамасыз етеді. Бұл Төле бидің Абылай ханмен бірлесе жүргізген сырт ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XIX ғасырдың I жартысындағы ресми іс қағаздар тілі
XV ғасыр – XVIII ғасырдың басындағы Қазақ хандығы
Ыбырай негізін салған қазақ мектептерінен білім алып шыққан белгілі ағартушы қайраткерлер
Төле Әлібекұлы (Төле би)
Абылай билігінің нығаюы
Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты
Төле бидің соттық шешімдері және қазақтың әдет - ғұрыптық құқығы
Қазақтың алқа билері
Жетісудағы ұлт - азаттық қозғалыс (19ғ.ІІ жартысы-20ғ. басы)
Абылай хан саясаты
Пәндер