Мектепке дейінгі жастағы балаларға экологиялық мәдениетке тәрбиелеудің жүйесі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3-4

І.МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТАБИҒИ МАТЕРИАЛДАРМЕН ЖҰМЫС ҮРДІСІНДЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТКЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ..5
1.1.Мектепке дейінгі жастағы балаларға экологиялық мәдениетке тәрбиелеудің мәні мен сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5-12
1.2.Мектепке дейінгі жастағы балаларға экологиялық мәдениетке тәрбиелеудің жолдары мен ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..13-16
1.3.Мектепке дейінгі жастағы балаларға экологиялық мәдениетке тәрбиелеудің жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17-20

IІ.ТАБИҒИ МАТЕРИАЛДАРМЕН ЖҰМЫС ҮРДІСІНДЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІЛІКТЕ ТӘРБИЕЛЕУ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
2.1.Мектепке дейінгі жастағы балаларға табиғатпен таныстыру негізінде адамгершілік мәдениетін қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21- 25
2.2.Мектепке дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру әдістері және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26-30
2.3.Мектепке дейінгі жастағы балаларға табиғи материалдармен жұмыс үрдісінде құрастыру ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31-36

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .37-38
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 39

КІРІСПЕ

Қазіргі кезеңде экологиялық проблемалардың ұлттық, аймақтық және ғаламдық тұрғыда өзектi мәселелердің бірі. Сондықтан да айнала қоршаған ортаны қорғау мақсатына бағытталған күрделі іс-шаралар жүргізіліп жатыр.
Бүгінгі күні қоғамда көптеген өзекті де өткір мәселелерді оңтайлы шешу көп ретте азаматтық қауымдастықтың даму деңгейін өрістетуге, жеткіншектер мен жастардың экологиялық мәдениетін еселеуге, қоршаған ортаға деген құрметін, Табиғат-Анаға азаматтық сүйіспеншілігін қалыптастыруға тікелей байланысты. Осыған сәйкес қазіргі уақытта білім беру мекемелерінде балаларға экологиялық тәрбие беру - оқу-тәрбие үрдісіндегі әлеуметтік мән-маңызы зор, сондай-ақ құнды бағыттардың бірі. Табиғатты қорғау жұмыстары үздіксіз жүргізілуде.
Қоршаған ортаның нашарлануына байланысты туындаған өзекті мәселелерді шешу педагогикалық тұрғыдан қарастырғанда ғана мүмкін екендігін ұғынудың нәтижесінде өскелең ұрпақтың экологиялық тәрбиелілігін қалыптастыруға байланысты экологиялық тәрбие берудің алатын орны көптеген педагог-ғалымдардың ғылыми еңбектерінде педагогикалық тұрғыдан негізделіп, оқу-тәрбие үрдісі арқылы шешімін табуда.
Бұл бағыттағы мәселелерге кезінде қазақ халқының біртуар тұлғалары А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Құдайбердіұлы, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов және т.б. еңбектерінде табиғат пен адам өзара біте қайнасқан, ажырағысыз біртұтас дүние ретінде қарастырғандығын көреміз. Осы тұрғыдан алғанда, табиғат пен қоршаған ортаны тану, қорғау, аялау мәселелері ұлтымыздың тарихында тереңнен көрініс табатынын байқаймыз .
Экологиялық тәрбие мәселесін жан-жақты қарастыруда Ә.С.Бейсенова, А.В.Чигаркин, Ж.Ж.Жатқанбаев, Н.С.Сарыбеков, М.Н.Сарыбеков, Қ.А.Сарманов, Ж.Б.Шілдебаев, Ж.І.Байтағулова және т.б. сияқты ғалымдардың еңбектері өздерінің маңыздылығымен ерекшеленді.
Баланың жеке басына тән қасиеттерді қалыптастыру тәрбиесі оның өмірге келгенде алғашқы жылдардан бастау, қоршаған ортаға бейімделуіне жағдай жасау бала тәрбиесіне көңіл бөлу зерттеуіміздің маңыздылығын айқындайды.Сондықтан біздің зерттеу жұмысымыздың тақырыбын Мектепке дейінгі жастағы балалардың табиғи материалдармен жұмыс үрдісінде экологиялық мәдениетке тәрбиелеу деп таңдадық.
Зерттеу пәні: мектепке дейінгі жастағы балаларға экологиялық мәдениетке тәрбие беру.
Зерттеудің мақсаты: мектепке дейінгі жастағы балаларға табиғи материалдармен экологиялық мәдениеттілікте тәрбие беру ғылыми тұрғыда негіздеу және оны іске асырудың жолдарын анықтау.
Зерттеу болжамы: егер мектепке дейінгі жастағы балаларға экологиялық тәрбие беру, яғни табиғатты қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілсе, онда баланың табиғатқа деген сүйіспеншілігі артады, өйткені олар қоршаған орта туралы жан-жақты мәліметтер алып, белсенділік көрсетеді.
Зерттеудің міндеттері:
- мектепке дейінгі балаларға экологиялық мәдениеттілікте тәрбие берудің жолдары мен жүйесін анықтау;
-мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің ерекшеліктерін айқындау;
-экологиялық тәрбиеліктің өлшемдері мен көрсеткіштерін белгілеп, балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру;
-мектепке дейінгі жастағы балаларға табиғатты қорғауға үйрету және тәрбиелеу үрдісін ойын арқылы дамыту.
Курс жұмысымның құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

І.МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТАБИҒИ МАТЕРИАЛДАРМЕН ЖҰМЫС ҮРДІСІНДЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТКЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1.Мектепке дейінгі жастағы балаларға экологиялық мәдениетке тәрбиелеудің мәні мен сипаты.

Қазіргі таңда адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат Ананы қорғап, аялау барша жұртқа тіршілік қамы, табиғи қажеттілік . Сондықтан да мектепке дейінгі жастағы балаларға айналадағы табиғи ортамен үнемі қарым-қатынаста болуға үйрету, олардың ұғымдарын қалыптастыру, табиғатқа деген жанашырлыққа тәрбиелеу қазіргі балабақшадағы тәрбие ісінің өзекті тармақтарының бірі болып табылады.Табиғатпен таныстыру - балалардың танымын дамытудың басты құралдарының бірі. Балабақшадағы тәрбиенің мақсаты - табиғатты аялап,оны қамқорлыққа алып күту,табиғат жөнінде қарапайым білім бере отырып,тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде қарапайым ұғымдар қалыптастыру. Мұнда балалардың қоршаған орта жөніндегі ұғым түсініктерін байытатын жалпы және нақты ғылыми мәліметтер алуының маңызы зор.
Табиғатпен таныстыру барысында "Табиғат бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, тал бесігі, өсіп өнер мекені" екендігі жөнінде нақты түсініктер беріледі. Мектеп жасына дейінгі балалардың тірі және өлі табиғатқа деген сүйіспеншілік қарым- қатынасын тәрбиелеу мақсатында табиғатпен таныстыру, яғни табиғатты қорғау - экологиялық тәрбие мен білім беру жұмыстары арқылы жүргізіледі.
Табиғат әлемі таңғажайып және керемет. Дегенмен, барлығы бұл сұлулықты, аспан, су, жапырақ түстерінің алуандығын көре білмейді. Табиғат балаға күнделікті әсер етеді. Бірақ балалар көп нәрсені байқай бермейді, үстірт қабылдайды. Табиғат сұлулығы рухани қайырымдылыққа тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады, яғни, балаларды мейірімділікке, адамгершілікке, жақын адамдарға қамқор бола білуге көмектеседі. Балалар үшін табиғат-бұл әр түрлі табиғи құбылыстарды танудың және сөздік қорын байыту көзі. Бұл-балалардың сөйлеу және ойлау қабілетінің дамуына ең қолайлы және пайдалы фактор. Табиғат баланың тұлғалық қалыптасуына зор ықпал етеді. Баланың қандай болып өсуі бізге, ересектерге байланысты. Балабақша балаларының экологиялық тәрбиесі алуан түрлі ықпал ету құралдарының көмегі арқылы іске асырылады: саяхат; мұражайларға бару; мақсаттық серуен; телебағдарламалар, бейнефильмдер; табиғат туралы көркем әдебиеттер; суреттерді, фотосуреттерді, иллюстрацияларды тамашалау; музыка тыңдау; дидактикалық ойындар, мақал-мәтелдер. Мектепке дейінгі жастағы балаларға адам мен табиғат арасындағы қарым - қатынасты анықтайтын экологиялық тәрбие беруге байланысты мектепке дейінгі тәрбие мекемелердің алдында негізінен мына төмендегі міндеттер тұр.
Атап айтқанда:
-педагогтардың экологиялық тәрбие беру жөнінде білім деңгейін көтеру;
-балаларды айналамен таныстырудың бағдарламасын, олардың ата- аналарына насихаттау;
-әртүрлі жастағы балалар топтарындағы оқу-тәрбиелік жұмыстар;
Қоршаған ортаны аялауға деген адамның саналы көзқарасын қалыптастыру оның бала кезінен ерте басталуы тиіс.
Баланың дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы 7 жыл оны тәрбиелеу мен оқытудағы ең басты кезең болғандықтан оны ескерусіз өткізіп алуға болмайды.Баланың болашағы сол кезеңде алған тәрбиесіне өте байланысты. Олай болса адамзаттың рухани және материалдық жағдайы осы кезеңде алған тәрбие негіздеріне тәуелді. Сұлулыққа тәрбиелемей тұрып жақсы ниеттегі, адамгершілігі бар, шығармашылықпен жұмыс істейтін адамды қалыптастыру мүмкін емес. Сұлулық бала бойында қуаныш сияқты ең жақсы сезімдерді тудыра отырып, баланың белсенді түрде шығармашылықпен жұмыс істеуі мен денсаулығына оң ықпалын тигізеді. Бірақ бала мұның бәрін сезіну үшін сұлулықты өз көзімен көріп, оны қабылдай білуі керек. Балалар тәрбие арқылы, ересектердің өнегесі арқылы дүниені таниды, көруді, сезінуді, тыңдауды үйренеді. Тәрбиелеуші жақсы өнегені беруге неғұрлым қабілетті болса, балада соғұрлым көбірек үйренеді.Баланың өміріндегі алғашқы қабылдаған қуанышты сәттер оның болашақтағы өміріне жағымды бағыт бере отырып, өмір бойы есінде қалады.Жаңа ғасырда табиғатсыз баланы тәрбиелеуді көз алдымызға елестете аламыз. Сондықтан да балабақшамыздағы тәрбие ісінің негізгі міндеттерінің бірі "Балаларды айналамен таныстыра отырып, оларға экологиялық тәрбие беру" болып табылады. Баланы өз туған өлкесінің табиғатын сүюге, оны аялай білуге, оны қорғауға қызығушылығын арттырып, жауапкершілігін күшейтуге, табиғатпен бірге өмір сүретінін сезінуге үйрету мақсат. Балалармен жұмыс істеу барысында сабақ өтілетін бөлме ғана емес, сонымен қатар мекеме орналасқан ғимарат та әсем болуы керек. Егер балалар сұлулықты өмірден өз көздерімен көре отырып, оның өмірімен байланысын сезіне білсе, онда олар сұлулықтың бар екеніне сенеді. Балаларды табиғатқа деген сүіспеншілікке тәрбиелеу барысында оларды сұлулықты көріп қана қоймай, сол сұлулық жолында еңбектене білуге үйретудің маңызы зор.
Біз табиғи факторлар - су, ауа, күнді қолдана отырып экологиялық тәрбие мәселелерін шешеміз. Балаларды өсімдіктер және жануарлар әлемімен таныстыру арқылы, оларды күтіп баптаудың жолдарын үйрете отырып, оларды аялай білуге тәрбиелейміз. Балалар тірі және өлі табиғат арасында, тірі организм мен олардың өмір сүру ортасындағы байланыстарды орнатуды үйренеді. Бала дүниеге келгеннен бастап табиғатпен байланыста болады. Табиғат баланың ақыл ойының балалық деңгейден нақты түсініктер бойынша қалыптасқан жоғары деңгейге жеткізетін қор болып табылады. Ол әртүрлі табиғи құбылыстарды жете түсінуді, өз ойын жеткізе білу өнерін дамытады.
Табиғатты танып, білу мектепке дейінгі жастағы баланың бойында табиғатпен эстетикалық қарым қатынас жасаудың базасын құрайтын экологиялық тәрбиені бере отырып, сонымен бірге оны қорғай, аялай білуге үйретеді.
Мектепке дейінгі жастағы балаға экологиялық мәдениеттің алғашқы түсініктерін қалыптастыру үшін:
1. Мектепке дейінгі мекемелерде балаларға экологиялық тәрбие берудің алғы шарттарын құру;
2.Балалардың экологиялық сауығуының дамуы үшін атқарылатын жұмыстарға көгалдандырылған зоналар құру және ұйымдастыру;
3.Тірі объектілерді күтіп-баптауға қолайлы ортаны іс жүзінде құру үшін іс-шаралар ұйымдастыру;
4.Сабақта көркем құралдарды, әдістемелік және материалдық құралдарды, ойыншықтарды, түрлі ертегі кейіпкерлерін жүйелі түрде қолдану;
5. Педагог мамандардың білім деңгейі мен олардың біліктілігін арттыру.
Тәрбиеші-педагогикалық үрдістің ең басты тұлғасы және экологиялық тәрбие берудегі шешуші фактор болып табылады. Ол экологиялық ақпараттар және арнайы материалдармен кең көлемде таныс болуы тиіс, сонымен қатар балаларды тәрбиелеу тәсілдерін қолдана білуі керек. Бала жүрегіне табиғаттың әсері өте зор, сол себептен де ол тәрбиелеу мен дамыту әрекетінде кеңінен пайдаланылады.Дегенмен, табиғат өздігінен бала бойына қажетті жеке тұлғалық сапаларды қалыптастыра алмайды, оған міндетті түрде ересектер тарапынан басшылық жасау қажет.Балалардың табиғатқа қызығушылығы оның құбылыстары арасындағы өзарабайланыс пен олардың пайдасын жете түсінгенде ғана арта бастайды. Мектеп жасына дейінгі ересек топ балаларының табиғатқа қарым-қатынасын бақылау барысында біздің байқағанымыз: табиғат құбылыстарының барлығы тең дәрежеде балаларды қызықтыра алмайды.Мысалы: табиғаттың кейбір құбылыстары, өзінің қабылдауға жеңілдігіне қарамастан, балалардың сәндік ою-өрнектерін жасау әрекетіндегі еңбектерінде мүлдем көрініс таппады деуге болады. Сондай-ақ олар шеңбер, жұлдыздар, найзағай, толқын, ай т.б бейнелеуге де жете көңіл бөлмегені байқалды. Табиғаттың нақ осы құбылыстары мен объектілері қазақ халқының күнтізбесінің негізіне жатады, ал жұлдызды аспан сырын жете ұғыну көшпелі өмір тіршілігі үшін аса қажет болды. Балабақшадағы тәрбие бағдарламасына сәйкес балаларды табиғатпен таныстыру барысында өзара байланысты білімділік және тәрбиелік міндеттер жүзеге асырылады. Балаларды табиғатпен таныстыру және шынайы қамқорлыққа алу жағдайында адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру мақсатында өтіледі. Балабақшада балалардың өздері бақылап, бағып-баптап жүрген жануарлар мен өсімдіктердің болуы оларды қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға, еңбекке деген сүйіспеншілікке және соған дағдылануға үйретеді, сондай-ақ бала бойында бәртіндеп тапсырылған іске жауапкершілік сияқты қасиеттер де қалыптаса береді.
К.Д.Ушинский "Баланы табиғатпен жастай таныстыра дамыту, оның өзіндік логикалық ойлауын, сөздік қорын, санасының жетілуіне әсері мол екенін атап көрсеткен.Логикалық ойдың, пікірдің дамуы баланың келешекте рухының жоғары болуына, батыл пікір, нақты шешім айтуына және оны дәлелдеп беруге жетелейді.
Балаларға жануарлар дүниесіндегі ғажайып құбылыстар, анасынан тірі туылғанмен, жетілмеген, дәрменсіз, әлжуаз халде болғандықтан енелерінің қарнындағы тері қатпарларының түзілген қалтада сүтін еміп, өсіп жетілетін Австралияның қалталы қасқыры, ағашқа өрмелеп тіршілік ететін қалталы кішкентай аю, тиін, кенгурудің суретін көрсете отырып әңгімелеу арқылы балалардың қиялына қанат бітіру.
Балабақшадағы экологиялық тәрбие жұмысы, тәрбиенің негізгі салалары болып есептелетін адамгершілік, эстетикалық, еңбек тәрбиелерінің желісінде және халықтық педагогиканың қайнар бұлағын пайдалана отырып жүргізсе, айналадағы орта, табиғат жайындағы жалпылама ұғымдар нақтыланып, қалыптаса береді. Экологиялық тәрбие жұмысына орай көрнекіліктерді қолдана отырып, табиғат бұрышының жабдықталуына байланысты конкурстар ұйымдастырылып экология проблемалары туралы, жағымды және жағымсыз әрекеттер бейнеленген картиналар пайдаланылғаны, ата аналар ментәрбиешілердің бірлескен жұмысының нәтижесінде табиғат туралы шағын кітапхананы өлі және тірі табиғатпен жабдықтау арқылы көрме ұйымдастырылғаны дұрыс. Алтын күз, Құстар күні, Табиғатты сүйеміз, т.б ертеңгіліктер бала еңбегімен ұштасып, әр педагогтың ізденімпаз әрекеті ғана болашақ табиғат жанашырын тәрбиелей алады дей келіп, тәрбие жұмысын жүргізудің мынадай екі нысанасына назар аударамыз:
а) балалардың айналадағы табиғатқа деген сүйіспеншілігін оятып, ұғымын кеңейту, оның әсемдігін нәзік сезінуге, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қамқорлыққа алуға баулу.
ә) балабақшада табиғат жайында алғашқы ұғымды қалыптастыра отырып қарапайым білім беріп, осының негізінде тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде нақты және жалпылама таным-түйсік қалыптастыру.
Табиғат туралы бүлдіршіндердің ой-өрісін кеңейтіп,осы түйсіктер арқылы бүлдіршіндерге табиғат сырларын ұғындыру жөніндегі экологиялық тәрбиенің ересектер тобына арналған жоба-бағдарламасын ұсынып отырмыз.
Баладағы ой-сана мен жүйкенің қозғалуы мен тежелуі ширығып, күшейеді, тепе-теңдік сипат алады. Абстракты ойлау біршама дамиды, айналадағы орта туралы талдау, ой түю әжептәуір жетіледі, табиғат туралы кәдімгідей түйсік,таным қалыптасады. Ол енді табиғаттың өзіне тән кейбір құбылыстары мен қасиеттері жайында білетін болады. Ойын мен еңбек әрекеті ұштаса жүреді. Табиғат құбылыстарының кейбір заңдылықтары, бұл құбылыстардың мерзімді қайталануымен таныстырылады, осының негізінде табиғат құбылыстарын реалистік тұрғыда ұғынуы, білуге құлшынысы, байқап-көре білуі, логикалық ойлауы, табиғатқа эстетикалық тұрғыдан қарау сезімі қалыптаса береді.
Өсімдіктер туралы ұғымдары кеңейтіліп, оның ішінде күнбағысқа т.б өсімдіктерге тоқтала, оның күнге қарап өсуіне байланысты аталатын және дәнінен май сығып алып, күнделікті өмірде пайдаланатындығын айтып әңгімелеу, олардың сондай-ақ өсуі үшін белгілі бір жағдайлар-топырақ, ылғал, күннің нұры, жылуы керек екені түсіндіріледі. Кейбір жануарлардың өсіп дамуы жөнінде балалардың білімі толықтырылады, құстар жұмыртқалайды, балапан басып шығарады, оларды азықтандырып асырайды және түйе ботасын, сиыр бұзауын, ит күшігін, мысық баласын өз сүтімен асырайтындығы түсіндіріледі.Балалардың жабайы хайуандар (қасқыр, аю, түлкі, қоян, кірпі) олардың тіршілігі, қорек табу әрекеті жөніндегі ұғымдары кеңейтіледі. Адамгершілік тәрбиесінің мәнісі баланың адамдарға, айналадағы ортаға, туған өлкенің табиғатына деген сүйіспеншілігін, қамқорлығын арттыруды көздейді. Туған өлкеге сүйіспеншілікті тәрбиелеудің негізгі құралы-ұлттық тілі, мәдениеті, көркем өнер туындыларды, әдеби шығармаларды: өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел, аңыз-әңгіме, батырлар жырын тыңдау арқылы ана тілінің құдіреттілігін сезінумен қатар, оны сүюді үйренеді. Адам табиғат пен өмірдің бар өызығын ән-жырға қосып, оның әдемі де сұлу көріністерін бала санасына ән арқылы жеткізе білген.Халқымыздың қандай ән - әуені болмасын мейірім -шапағатқа, мәнді мазмұнға, ұлағатты тәлім-тәрбие, терең философияға негізделе жазылған. Сондықтан да ол сезімге әсер етіп, балалардың мінез-құлқы мен адамгершілік қасиеттерін, эстетикалық талғамын дамытуға ықпал етеді. Халық балаға табиғаттың құпия сырларын ән арқылы жеткізумен бірге, өмір сүрудің негізгі көзі адал еңбекке де баули білген. Эстетикалық тәрбие нысанасы-баланың бойындағы әдемілік, әсемдікке іңкәрлігін оятып, табиғат сұлулығын сезіне білу, сүйсіне білу қабілетін ұстарту, көзін ашқан бұлақтай талғам қиялын ұштау. Осы тұрғыдан алғанда табиғат балаларға эстетикалық тәрбие берудің бірден-бір құралы болып есептеледі.
Айналадағы орта, орман, су, тау, тас, жайқалған жасыл желек, құстардың сайраған әсем дауысы, жануарлар дүниесі, олардың барлығы бала жанына әсер етіп назарларын қытықтап, табиғат әсемдігі туралы түйсігін тоғайтады. Тәрбиеші балаларды табиғат құбылыстарымен таныстырып қана қоймай, әдемілікті түсініп, сезе білуге, күн сәулесінің шуағын, жаңбырдың нұрын, ормандағы құстардың сайрағанын зерделеп түсінуге баулиды. Балалардың зейінін табиғат жанашырларының іс-қимылына аударып, олардың қимыл әрекеттерін бақылатады, мұның бәрі балалардың эстетикалық сезімін оятып, еңбектене білуге, табиғат байлығын жанашырлықпен қорғауға үйретеді. Табиғатта болып жатқан алуан түрлі болып жатқан құбылыстар желісі, алуан түрге енетін әуе кеңістігі, қызылды-жасылды ағаштар жемісі бәрі-бәрі адам баласын таңқалдыратыны сөзсіз.
Міне, адам баласының табиғатты жырлау шеберлігі, табиғатпен сырласуы-осының айғағы. Қалай десек те, табиғаттың күйін, әсемдігін, қазыныға толы қоймасын көрсек жанымыз тойғысыз, жырласақ тіл жеткісіз. Дүниеге жаңа зымырандар, адуынды автомобильдер, тікұшақтар, мықты моторлы қайықтар, роботтар келді. Ғылымдағы озық техниканың жетістігі саналатын мұндай жаңа дүниелер құпияға толы табиғаттан үйренген адам баласының жетістігі екендігі рас. Мысалы, қазіргі тікұшақты инелікке, жүк машинасын қоңызға, ұшақты құсқа, автобусты есекқұртқа, сүңгуір қайықты балыққа, жерді қопарғыш тракторды бұзаубасқа қарап жасалғандығы анық.Жер жүзіндегі жеті кереметке Вавилон бақшасы арқылы үлесін қосқан табиғаттың шеберлігін ұққан адамзат сән өнері, сурет салу, сәулет өнері, шеберлік сынды қасиеттерді бойына дарытқандығы даусыз. Мәселен, өзіміздің әлемге әйгілі суретшіміз -Әбілхан Қастеевтен:"Сен мұндай өнерді қайдан үйден?"- деп сұрағанда:"Таудың бұлағынан қойдың құлағынан, апамның киізінен, ешкінің мүйізінен үйрендім"-деген екен.
Яғни, адамзат өмір бойы барлығын табиғаттан үйренді, үйреніп келеді. Міне, сондықтан да табиғатқа адамзаттың қыруар өлшеусіз қарыздылығы оның табиғат тынысын тазартып, аялай білумен қатар, көркем бейнесін қалпына келтіріп, әлемнің жеті кереметін жетпіс кереметке жеткізумен өлшенбек.
"Таза болса табиғат-аман болар адамзат, табиғат, сен-тіршілік тұнып тұрған, сен-күнсің, көтерілген күліп қырдан, сен-көлсің, сен -ормансың, сен- бұлбұлсың, адамға сұлулықты шын ұқтырған",-деп ақын ағамыз Садықбек Хангелдин жырлағандай, табиғат күллі тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, алтын ұя бесігі, құт-берекесі. Адам үшін табиғат ең қасиетті де қастерлі ұғым. Өйткені, адамның өзін дүниеге әкелетін аяулы да,қадірлі жан-анасы болса, адамның табиғатты"Ана" деп құрметтеуінде өте үлкен мән жатыр. Адам-табиғаттың бір бөлшегі әрі ғажайып туындысы. Адамның табиғатсыз өмір сүруі мүмкін емес. Себебі, адам өміріне қажетті заттардың барлығын табиғаттан алады.
Сондықтан табиғат пен адамды бөліп қарауға болмайды. Әсіресе, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін табиғатсыз елестету мүмкін емес.Сан ғасырлар бойы халқымыз табиғат аясында көшіп-қонып тіршілік еткен. Табиғаттың сан алуан құпия сырларына үңіліп, өзіндік ой түйген. Сол атқылы табиғат табиғат заңдылықтарына үндесіп, бірлікте өмір сүрген. Әсіресе, мал шаруашылығымен айналысқан халқымыз өз кәсібін табиғатпен үйлесімді жүргізіп отырған. Табиғатқа аялы алақан, жылы жүрек сезімі, көздің қарашығындай қамқорлық керек екендігіне ерекше мән берген. Табиғат- тылсым дүние, табиғаттың өзі арайлап атқан таң, қызарып батқан күн, жүйіткіген бұйра бұлттар, мың құбылған сағым, жарқыраған әсем жұлдыз, әнші құм, биші қайың секілді құпия сырлы тылсым дүние, жұмбаққа толы ғой шіркін! Сол себепті, табиғат тылсымын түсіне білгендер-бақытты жандар! "Табиғат -біздің дүниетанымымызды қалыптастырушы және басты ұстаз. Адам баласының білім алатын көзі-табиғат. Сол табиғатты бақылау, зерттеу оны қорыту, сырын шешу қажет".
"Ғаламның ғажайып көркі де сонда, сыры да сонда, мақамы да сонда...ғылымы да сонда, адамның өмірі де сонда",-деп А.Машанов айтпақшы тілсіз табиғаттың тылсымын түсініп, оны аялау, қорғау және көркейту - әрбір адамның міндеті әрі борышы. Себебі, табиғат пен адам - егіз. Біз жас ұрпақ табиғаттың қорғаны.Атадан балаға мирас болып келе жатқан табиғатымызды көздің қарашығындай сақтап, анамыздай аялап, келер ұрпаққа таза күйінде қалдыруымыз керек.
Табиғат - адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Сол сұлулықты, әсемдікті жоғалтпай қастерлеуіміз керек.Бұл жайында халқымыздың қалдырған тағылымдық, тәрбиелік мәні зор: " Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын" ,
" Бұлақ көрсең,көзін аш" ," Бір тал кессең,он тал ек" тағы да басқа ұлағатты сөздері, табиғатқа сүйіспеншілікпен,қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақтағанда,адамзат баласы үшін табиғат кең сарай, мәңгі тозбас құтты қоныс болады. Жер бетіндегі барлық тіршілік атаулы Табиғат-Анаға қарыздар. Сондықтан да табиғатқа немкетті қарау, онымен санаспау ана сүтін ақтамағанмен пара- пар.
Адам баласы Табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге, ең ұлы қамқоршысы да екенін ешқашан естен шығармауымыз керек. Табиғат озбырлықты көтермейді. Оны мәпелеп, баптап, мейіріммен аялау арқылы ғана қажетті үлесіңді үзбей ала аласың. Табиғат қазынасын қастерлеген адам ғана ұлы мұратқа жетеді. Өз адамгершілігінің салмағын өлшегің келсе, табиғаттың сыр сипатын түсіне білуге әрекет жасап көр.
Адам табиғаттың ең сенімді, айнымас досы, қамқоры, қорғаушысы. Туған жеріміздің баға жетпес қазынасын ысырап етпей, еселеп арттыра беру жолында талмай, жалықпай еңбек ету барлық үлкен- кішінің абырайлы борышы, мүлтіксіз атқаратын міндеті. Табиғат-адам үшін жайлы мекен, барлық игіліктің бастауы. Адамзаттың басты міндеті табиғи қуат көздерін орнымен пайдалану, табиғат әсемдігін сақтау, қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүру, мейірімділік нұрын шашу екенін ұмытпайық.
" Адам табиғатқа тәуелді болса, табиғат та оған тәуелді", демекші, барша байлықтың анасы - Жер. Жерді күтіп баптай білу, оның қойнауынан қазба байлықтарын игеріп ала білу, табиғат пен қоршаған ортаны түлетіп гүлдендіре беру өз қолымызда.

1.2.Мектепке дейінгі жастағы балаларға экологиялық мәдениетке тәрбиелеудің жолдары мен ерекшеліктері.

Жалпы Қазақстанның өсу жағдайы әлемдiк деңгейге сай келу үшiн өндiрiстiң, ғылым мен техниканың дамуы қажет екенi белгiлi. Ал, бұлардың өркендеуi табиғаттың сан түрлi салаларын шаруашылыққа қарқынды пайдалануды талап етедi. Бүгiнгi таңда өндiрiстiң дамуы табиғи ресурстарды азайтып қана қоймай, қоршаған ортаның ластану проблемасын тудырып отырғаны мәлім.
Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде жүргізіліп жатқан реформа оны сапалық тұрғыда нарықтық экономика, қоғамдық экономикалық қатынастарды ғаламдандыру, дамудың ақпараттық кезеңінде қоғамның өтуі жағдайында қайта құруға бағытталған.
Қазақстан Республикасы тұрақты дамудың жаңа жолына түскеннен кейін экологиялық білім беру мен тәрбиенің маңызы арта түсуде.
Президент Н.Назарбаев ұсынған Қазақстан-2050 даму Стратегиясы бағдарламасында экологиялық білім беру мен тәрбие ісі басты мәселе .
Экологиялық білім - қазіргі білім беру жүйесінің өзекті мәселелерінің бірі. Білім беру үрдісінде экологиялық білім және тәрбие беру үздіксіздігі мен сабақтастығының маңызы айрықша зор. Оларды жүзеге асыру үшін білім жүйесін тұтасынан және оның жеке кезеңдері мен деңгейлерін кешенді түрде жетілдіретін шаралар қажет. Бұл мәселені шешудің бірден-бір жолы экологиялық біліммен қаруланған жеке тұлғаны қалыптастыру екенін көптеген ғалымдар өз еңбектерінде атап айтқан.
Балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру үшін әртүрлі балаларға арналған газеттер мен журналдар беттерінде жарық көрген мақалалар кеңінен пайдаланылып, түрлі тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілген, экологиялық мәдениетін дамытып, қалыптастыру нәтижелері берілген.
Экологиялық мәдениеттілікте тәрбие мәселесi - ұрпақтың бiлiмi мен тәрбиесiн қалыптастырудың бiр бөлiгi. Сол арқылы әлеуметтiк- экологиялық, мәдени- рухани мәселелердi қоршаған орта мен адам баласының денсаулығына ешқандай зиян келтiрмей шешу жолдарын қалыптастыру керек.
Экологиялық тәрбиенi қандай да бiр халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан салт- дәстүрiнсiз, әдет- ғұрпынсыз елестету мүмкiн емес.
Көрнектi педагогтар Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, К.Д.Ушинский, В.А.Сухомлинский тәрбиенiң бастау көзiн қоршаған орта әсерiмен, халықтық тәжiрибемен тiкелей байланыстырып отырды.
Мәселен, Я.А.Коменский "Тәрбие табиғилығы" еңбегiнде кешендi оқу процесiн жүргiзуде табиғаттың алатын орны ерекше екендiгiн, сондай-ақ оқыту мен тәрбиелеу жұмыстары қоршаған ортамен салыстырмалы түрде түсiндiрiлiп, жүргiзiлсе, нәтижелi болатынын ескертедi.
Педагог В.А.Сухомлинский табиғат құбылыстарының қай-қайсы да адамға әсер ететiндiгiн, сондықтан оның сырларын бiлудi бала кезден қалыптастыру керектiгiн айтқан. Сондықтан, жылдың қай мезгiлiнде де табиғаттың әдемiлiгiн танытып, сол арқылы бала жанына сұлулық пен тазалықтың нәрiн құю керектiгiн мол педагогикалық жұмысының өзегi еткен
Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалар бір бөлігі білім саласынның сапалық және экологиялық, қоғамдық-экономикалық қатынастар тұрғысында жаһандану кезеңіне өтуіне, әлемдік ақпараттық дамумен ықпалдасуына бағытталған.
Мектепке дейінгі жастағы балаларға материалдармен жұмыс үрдісінде экологиялық мәдениеттілікте тәрбие беру - адамзаттың, тұтасатай қоғамның қазіргі табиғатпен, қоршаған ортамен үйлесімділігінің ең тиімді жолдарын ұрпаққа түсіндіру.
Қазақстанның келешегі бүгінгі күнгі жастардың мектеп қабырғасынан қандай құндылықтармен тәрбиеленіп шыққандығына, санасы мен өмірге көзқарастарының қаншалықты қалыптасқандығына тікелей байланысты.
Осыған орай, ең алдымен жастардың бойында халқына, туған жерге деген сүйіспеншілікті, қамқорлық пен құрметті тәрбиелеу және осы мақсатта экологиялық іс-әрекеттерді ұйымдастыру қажет.
Балаларға тәрбие берудің құралы ретінде балабақшада өтілетін іс-шаралардың мүмкіндігін ұтымды пайдаланудың жолдарын ұсыну, жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеуде ұлттық баспасөз материалдарын кеңінен қолдану - бүгінгі күнгі білім мен тәрбие беруегі негізгі мәселелердің бірі.
Қоғамдық өмірдегі қазіргі қайта құрулар, экологияны қорғаудағы жаңа стратегиялық бағдарлар мен бағыттар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті.
Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігі білім беру жүйесінде білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің қазіргі басты мақсаты білім алып, білік пен дағды-машыққа қол жеткізу ғана емес, олардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке иек арту, ақпаратты дербес іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, өзгерістерге толы бүгінгі дәуірде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.
Жалпы, тәрбие берудің саналуан жолдары бар. Әртүрлі жағдайға байланысты қажетті тәрбиенің әдіс-тәсілдерін, түрлерін таңдап алу үшін ең алдымен оқушының ішкі жандүниесін, сезімін, мінезін нақты анықтаған, бағдарлаған абзал.
Тәрбиеші өз іс-әрекетін дұрыс болжап, оқушының қабылдауына, ой-түйсігіне, сана-түсінігіне сәйкес өзіндік ұсыныстары мен көзқарастарын білдіруі керек.
Экологиялық мәдениеттілікте тәрбиенің мақсаты - қоршаған ортаға экологиялық сана базасы негізінде құрылатын жауапкершілікті қарым-қатынас қалыптастыру. Бұл дегеніміз - табиғатты пайдаланудың құқықтық және адамгершілік принциптерін, оны оптимизациялауды насихаттау идеяларын, өз жерінің табиғатын қорғау және меңгеру бойынша белсенді қызметті бақылау.
Табиғатқа жауапкершілікпен қарау - тұлғаның күрделі мінездемесі. Яғни бұл адам өмірін анықтайтын табиғат заңдарын түсінуді білдіреді. Ол - табиғатты пайдаланудың құқықтық және адамгершілік принциптерін бақылауда, ортаны қорғау және меңгерудің белсенді жасампаз қызметінде, табиғатты дұрыс пайдаланудың идеяларын насихаттауда, қоршаған табиғатта зиянды саналатындардың барлығымен күрес кезінде байқалады.
Осылай оқыту мен тәрбиелеу жағдайында табиғат пен адам арасындағы қарым-қатынасты меңгеруге, жақсартуға бағытталған балалардың өзара байланысқан ғылыми, адамгершілік, құқықтық, эстетикалық және тәжірибелік қызметтерінің ұйымдары атсалысады. Қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру, қалыптастыру - болашақ ұрпақ үшін жасалатын адамгершілік тұрғыдан қамқорлық.
Экологиялық тәрбиенің мақсаты келесі міндеттер бірлігінің шешілуі бойынша жүзеге асады:
Білім беру - қазіргі заманғы экологиялық проблемалар жайында білім жүйелерін қалыптастыру және оның шешілу жолдары;
Тәрбиелік - экологиялық мақсатқа сәйкес іс-әрекеттер мен қызметтің тұтынушылық себептері мен дағдыларын, салауатты өмір салтын қалыптастыру;
Экологиялық тәрбие мазмұнына құндылық бағытынан шығатын нормалар жүйесі кіреді. Құндылықтар жүйесі табиғаттың өзіндік құны мен бірегейлігін түсінуден шығады. Осы жерде адам табиғаттың бір бөлшегі ретінде қарастырылады, ал табиғатты сипаттағанда оның адамға келтірер көпқырлы құндылықтары ерекше аталады.
Экологиялық тәрбие мазмұнын балалар өздерінің әртүрлі әрекеттерімен меңгереді. Оқу процесін ұйымдастырудың әрбір формасы балалардың танымдық қызметтерінің саналуан түрлерін ынталандырады: әртүрлі ақпарат көздерімен өздігінен жұмыс істеу - фактіге негізделген материал жинауға, проблеманың мәнін ашуға мүмкіндік береді, ойын саналы түрде шешім қабылдау тәжірибесін, шығармашылық қабілет қалыптастырады, сонымен бірге жергілікті экожүйелерді меңгеруге және қорғауға нақты үлес қосуына, құнды идеяларды насихатттауға мүмкіндік береді.
Экологиялық мәдениеттілікте тәрбие беру - отбасынан басталады. Жас бала әр нәрсені білгіш келеді. Сондықтан олар үшін ең бастысы экологиялық мәдениет отбасынан басталуы керек. Отбасы - бала тұлғасының негізі қаланатын, оның дамуы мен өмірге бейімделетін шын әлеуметтік орта. Бала тәрбиесінде отбасы мүшелерінің өзара түсінісіп, сүйіспеншілігі мен жауапкершіліктері маңызды рөл атқарады.
Қоршаған ортаны қорғау (ауа, су, топырақ және т.б.) қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттес үрдістерін де кешенді тұрғыдан қарауды талап етеді. Өйткені, экологиялық мәселелерді адам мен қоғам үшін пайдалы, тиімді шешуге тырысатын маманның жеке тұлғасының адамгершілік дүниетанымын қалыптастырады. Қоршаған ортаны сауықтырудың объективті қажеттілігін терең түсінуге мүмкіндік береді. Солай екен, негізгі салалар бойынша қажетті кәсіби мамандық беру барысында экологиялық білім мен тәрбиенің де мәні зор.
Экологиялық білім берудің біртұтас жүйесін қалыптастыру Қазақстанда білім берудің жаңа жүйелері мен әлемдік стандартқа сай мемлекеттік оқу жоспарын жасауды, қаржыландыруды, экологиялық білім беретін ұстаздарға қамқорлық көрсетуді, мектепте экологиялық білім мен тәрбие беруді көздейді.
Балалардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін қалыптастыруда табиғи ортадағы әсемдікті, үйлесімділікті тани білу шарт.

1.3.Мектепке дейінгі жастағы балаларға экологиялық мәдениетке тәрбиелеудің жүйесі.

Тәрбие процесінде бала өзінің дамуына қажетті жағдайларды пайдалана білуі қажет. Осыған байланысты тәжірби, мұғалім әр түрлі материалдары арқылы баланың түрлі іс-әрекеттерін тиімді етіп ұйымдастырады, оның дамып жетілуіне қажетті материалдарды іріктеп алады, айналадағы табиғи және әлеуметтік ортаға деген көзқарасын дамытады.
Тәрбие жұмысының жаңа жолдарын табудың нәтижесінде баланың ой-өрісі кеңиді, экологияға деген дүниетанымы артып, адамгершілік сапасы қалыптасады.
Зерттеу барысында экологиялық тәрбие беру теориясының негіздерін, балабақшада жүргізілетін жұмыстардың әдістемесін және алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені оқып-үйреніп, тиянақты талдау жасау арқылы балаларға экологиялық тәрбие берудің жүйесін көрсетуді дұрыс көрдік. Біздің пайымдауымызша балаларға қоршаған орта арқылы экологиялық экологиялық беруде бұл жүйе мұғалімдерге, тәрбиешілерге негізгі бағыт-бағдар алуға көмегін тигізеді. Ұсынылып отырған әдістеме өзгеріссіз бір қалыпта қалмайды, ол экологиялық тәрбие деруді жетілдірудің, әр даму кезеңіне негіз бола отырып, үздіксіз жаңартылып қайта құрыла алады.
Жүйе- экологиялық білім мен тәрбие беруде ұстаздың ойын арқылы оқушыға өз ой-пікірін айтқызу үшін оларға барынша еркіндік беруі, шыдамдылықпен жалықпай тыңдауы, қате пікірді бірден жоққа шығармауы, шәкірттің пікірімен тең дәрежеде санасуы құптарлық.
Қазіргі қоғамның тұлғаға қоятын талабы - оның экологиялық санасының және мәдениетінің жоғары болуы, ал қазіргі мектеп тәрбиесі оқушылардың экологиялық дамуын толық қамтамасыз ете алмайды. Бұл қайшылықтың шешілуі мақсатқа бағытталған экологиялық тәрбиеде болуы мүмкін. Ол тұлғаны қалыптастыруда басты тетіктерді колданғанда нәтижелі болады, яғни табиғатта танымдық, тәжірбиелік іс-әрекетте, табиғи ортаны эстетикалық игеруде.
Жүйенің мақсатына жету үшін біз оқушылардың экологиялык мәдениетін баспасөз құралдары арқылы қалыптастыруды қамтитын бағдарламаны құрастырдық.
Бағдарламаның мақсат, міндеті: Балаларға қоршаған орта арқылы экологиялық тәрбие беру, тәрбиелеу барысында тұлғаның өздігінен дамуға, өздігінен жетілуге жағдай туғызу.
Бағдарламаның негізгі міндеттері:
1) Айналамен таныстыру арқылы экологиялық тәрбие беруде балалардың дүниетанымын қалыптастыру.
2) Экологиялық нормалардың, ережелердің қажеттілігін балалардың мінез-құлқында тәрбиелеу.
3) Қоршаған ортаға жауапсыздықпен қарауға жол бермеу.
4) Балалардың бойында қоршаған орта арқылы экологиялық мәденитті қалыптастыру:
а) тұлғаның мінез-құлқында;
ә) қоғамдық пайдалы еңбек және еңбек тәрбиесі арқылы айналадағы табиғатты қорғауда, күтуде және жақсартуда;
б) экологиялық білімді насихаттауда;
Экологиялық білім - табиғатты қорғау саясаты. Ал адамзат баласы қол жеткізген жетістіктер түрі саналуан десек, солардың барлығын біріктіріп, біртұтас жаңа жүйеге жинақтап отырған сала - экология екендігінде дау жоқ. Экологиялық мәселелердің туу көзінің өзі әлеуметтік-экономикалық факторлар болып отыр.
Экологиялық білім мен тәрбие беру - Қоршаған орта-адам-қоғам жүйесіндегі қарым-қатынасты оқушылардың игеруі кезеңінде қалыптасады.
Экологиялық тәрбиенің негізгі мақсаты - жастардың экологиялық көзқарасын, санасын, табиғатқа үлкен парасаттылық, жауапкершілік қарым-қатынасын қалыптастыру. Экологиялық мәдениеттілік адамның сезімін тәрбиелеуден, экологиялық сананы қалыптастырудан шығады.
Экологиялық білім мен тәрбие беру - табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауда белсенді әрекет жасай алатын жеке тұлғаның экологиялық сенімін қалыптастырып, белсенділігін көтеру. Сондықтан, экологиялық білім беру оқушылардың табиғатқа жаңаша көзқарасын тәрбиелеудің негізі болса, әртүрлі формаларда жүргізілетін экологиялық тәрбие жеке тұлғаның эмоциялық-сезімдік әлеміне бағытталады, адамгершілік, жауапкершілік қасиеттерін өсіреді.
Экологиялық тәрбиелеу функциясы балаларды табиғатқа деген жанашырлықты, жауапкершілікті сезінуге баулиды. Экологиялық сана экологиялық білімнен тұрады. Ол балалардың дүниетанымының маңызды құрамдас бөлігі ретінде экологиялық тәрбие беру үрдісінде дамиды.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Ағаштардың атын ( терек, емен, аққайын, жеміс ағаштары, қылқан жапырақты ағаштар). Ағаштардың ерекшеліктерін білу.
Қалыптасатын түсініктер: Қоршаған орта туралы көзқарас. Табиғатқа қамқор бола білу керек.
Орындалушылық қабілеті: Өздері қойылған сұрақтарға жауап бере алады. Ағаштардын суреттерін сала біледі.
Біздің бүгіні тәрбиелеп отырған бүлдіршіндеріміз - Отанымыздың болашақ азаматтары. Сондықтан оларды өз туған жерін сүюге, туған ел табиғатын күтіп, оның байлықтарын сақтауға, қоғауға тәбиелеу міндетіміз.
Балабақшада балаларды қоршаған ортамен жан - жақты терең таныстырып отыру тек Айналамен танысу сабағында ғана емес, Тіл дамыту сабақтарында да өз жалғасын табк қажет. Ол үшін балалардың жасына, тәрбиеленетін тобына байланысты сабақтың тақырыптары белгілі бір жүйе бойынша топтастырылады.
Қоршаған ортамен таныстыру сабағын балалардың бір - біріне деген ыстық лебіздерін, ойларын, алақандарының жылуын, жылы тілектерін бір - біріне беру, айтудан бастауға болады. Мәселен,
Сәлеметсіз бе, балалар!
Кайырлы таң, балалар!
Бүгін күн қандай тамаша! - деген жылы сөздер бала жүрегіне әсер етіп көңіл - күйін бір сергітіп тастайды.
Кейде жылы тілектермен қатар ақын Ә.Табыл.жиевтің Қайырлы таң балалар! - деген өлеңін оқыса, тіпті, әсерлі болады,
Арайлап таң атты,
Алтын шапақ таратты,
Қайырлы таң, балалар!
Жер бетінде - тыныштық,
Келбетінде күн ыстық
Қайырлы таң, балалар!
Жарқырады қаламыз
Жарқын, әрлі даламыз,
Қайырлы таң, балалар!
Аман Отан - панамыз,
Аман ата - анамыз
Қайырлы таң, балалар!
Таңертең балабақшаға келген балардан тәрбиеші:
Балалар, бүгін күн қандай?
Ауа - райы қандай? - деген сұрақтарды қою арқылы кіріспе аңгіме бастап, бүгін табиғат құбылыстарымен танысамыз - деп те дайындайды.
Қане, мына жұмбақтың жауабын кім табар екен?
Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады.
Бұл не? (Күн)
Өте дұрыс.
Күн қандай болады?
Дөңгелек, үлкен, жылы.
Балалар, күнінің көзі жарқырап шыққан кезде табиғат құлпырып, жан - жануарлар, адамдар өздерін қуанышты сезінеді.
Қазір Дүйсенбек Қанатпаев ағамыздың Күлімде, күн, күлімде!- өлеңін тындайық:
Күлімде, күн, күлімде
Жер жасарып көгерсін
Кешегідей бүгін де
Қанат қақсын көгершін!
Күлімде, күн, күлімде
Бүлдіршідер қуансын
Қырдың көкшіл түгіндей
Қолдарына ту алсын!
Күлімде, күн, күлімде
Күлсін барлық бала шап!
Берекелі бүгіндей
Бейбіт болсын болашақ!
Қандай тамаша өлең! Енді қазір күннің суретін салайық
Дана, сен қандай күн салдың?
Үлкен.
Ержан, сен қандай күн салдың?
Әдемі
Балалар, сендер салған күннің суреттері өте әдемі, күлімдеп тұр. Ендеше бәріміз Әрқашан күн сөнбесін -өлеңін шырқайық - деп мұғалім сабақты осылай қысқа, тартымды етіп аяқтайды.
Мұндай сабақтан бала жалықпайды, өйткені сабақ біріншіден ұзақ емес әрі өлең тындап, сурет саалып, ән шырқаған бала сабақтың ққалай аяқталғанын да сезбей қалады.
Балабақшада тәрбиеленуші бала сабақ қызғылықты өткен жағдайда ғана оны зейін қойып тыңдайды, әрі есіне сақтайды.

IІ.ТАБИҒИ МАТЕРИАЛДАРМЕН ЖҰМЫС ҮРДІСІНДЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІЛІКТЕ ТӘРБИЕЛЕУ
2.1.Мектепке дейінгі жастағы балаларға табиғатпен таныстыру негізіндегі адамгершілік мәдениетін қалыптастыру.

Қазіргі таңда адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат Ананы қорғап, аялау барша жұртқа тіршілік қамы, табиғи қажеттілік. Сондыктан да бүлдіршіндерді айналадағы табиғи ортамен үнемі қарым-қатынаста болуға үйрету, олардың ұғымдарын қалыптастыру, табиғатқа деген жанашырлыққа тәрбиелеу қазіргі балабақшадағы тәрбие ісінің өзекті тармақтарының бірі болып табылады.
Балабақшадағы тәрбиенің мақсаты-экологиялық тәрбие бере отырып, табиғатты аялап, оны қамқорлыққа алып күту, тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде қарапайым ұғымдар қалыптастыру.
Балабақшадағы экологиялық тәрбие жұмысы, тәрбиешінің негізгі салалары болып есептелетін адамгершілік, эстетикалық, еңбек тәрбиелерінің желісінде және халықтық педагогиканың қайнар бұлағын пайдалана отырып жүргізсе, айналадағы орта, табиғат жайындағы жалпылама ұғымдар нақтыланып, қалыптаса береді. Экологиялық тәрбие жұмысына орай көрнекіліктерді қолдана отырып, табиғат бұрышының жабдықталуына байланысты сайыстар ұйымдастырылып экология мәселелері туралы, жағымды-жағымсыз әрекеттер бейнеленген суретте пайдаланылғаны, ата-аналар мен тәрбиешілердің бірлескен жұмысының нәтижесінде табиғат туралы шағын кітапхананы өлі және тірі табиғатпен жабдықтау арқылы көрме ұйымдастырылғаны дұрыс.
Кұстар күні, Табиғатты сүйеміз, т.б. ертеңгіліктер бала еңбегімен ұштасып, әр педагогтің ізденімпаз әрекеті ғана болашақ табиғат жанашырын тәрбиелей алады дей келіп, тәрбие жұмысын жүргізудің мынадай екі нысанасына назар аударамыз:
а) балалардың экологиялық тәрбие беру арқылы айналадағы табиғатқа деген сүйіспеншілігін оятып, ұғымын кеңейту, оның әсемдігін нәзік сезінуге, өсімдіктер,құстар мен жануарлар дүниесін қамқорлыққа алуға баулу.
ә) балабақшада табиғат жайында алғашқы ұғымды қалыптастыра отырып қарапайым білім беріп, осының негізінде тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде нақты және жалпылама таным-түйсік қалыптастыру.
Табиғат туралы бүлдіршіндердің ой-өрісін кеңейтіп, осы түйсіктер арқылы бүлдіршіндерге табиғат сырларын ұғындыру жөніндегі экологиялық тәрбиенің ортаңғы тобына арналған жоба-бағдарламасын ұсынып отырмыз:
Бұл топтағы балаларда ортаны танудың физиологиялық механизмдері өзінің жоғары даму деңгейіне жетеді. Іштей ойлау, ой түю пайда болады. Баладағы ой-сана мен жүйкенің қозғалуы мен тежелуі ширығып, күшейеді, тепе-теңдік сипат алады. Абстракты ойлау біршама дамиды, айналадағы орта туралы талдау, ой түю әжептеуір жетіледі, табиғат туралы кәдімгідей түйсік таным қалыптасады. Ол енді табиғаттың өзіне тән кейбір құбылыстары мен қасиеттері жайында білетін болады. Ойын мен еңбек әрекетіұштаса жүреді. Табиғат құбылыстарының кейбір заңдылықтары, бұл құбылыстардың мерзімді қайталануымен таныстырылады, осының негізінде табиғат құбылыстарын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сенсорлық тәрбие ұғымы
5-6 жастағы балалардың экологиялық мәдениетін дидактикалық ойындар негізінде тәрбиелеу
Тәрбиенің бала дамуындағы рөлі
Мектепке дейінгі балаларды қазақ халық ауыз әдебиетінің үлгілерін пайдалану арқылы адамгершілікке тәрбиелеу
Мектепке дейінгі жастағы балаларды рухани мәдениетке тәрбиелеу жолдары
Балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің әдістемелік негіздері
Естияр тобы балаларының музыкалық мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздері
Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеудегі - сенсорлық тәрбиесі
Мектепке дейінгі естияр жастағы балаларды рухани мәдениетке тәрбиелеуге сипаттама
Алты жасар балалардың дүниетанымын дамытудың психологиялық-педагогикалық проблемалары
Пәндер