Сауатты жазуға үйрету жолдары


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Қарағанды мемлекеттік білім беретін «Bolashaq» жоғарғы колледжі

БАЯНДАМА

Тақырыбы: Сауатты жазуға үйрету жолдары.

Орындаған: Талғатбек Е

БМ-18-3\11 тобы.

Тексерген: Абильдина Б. Қ

2020жыл.

Жоспар

  1. Кіріспе

Негізгі бөлім

  1. Сауатты жазуға қойылатын талаптар.
  2. Жазуға үйрету неден басталуы керек.

Қорытынды

Кіріспе

Сауаттылық өмірімізде өте маңызды рөл атқарады. Әр өзіндік тұлға сауатты болуға міндетті. Мұғалімнің үйретуінен бастау алатын оқушылардың сауаттылығын біз қалай үйретеміз және қандай жолдармен үйретуге болады сол туралы осы баяндамамда жазбақшымын. Ең алдымен сауаттылық дегеніміз не соны қарастырып кетейік.

Сауаттылық - ана тілінің заңдары мен ережелерін оларды ауызша және жазбаша сөйлеуде пайдаланудың берік дағдыларымен үйлестіре отырып білуі. Сауатты жазу алғаш бірінші сыныпта оқушыларға қаламды дұрыс ұстап үйретуден басталады. Егер оқушылар қаламды дұрыс ұстай алмаса келесі қадамдарды қате жасайды. Қаламды дұрыс ұстауды бас бармақ пен ортаңғы саусақтың арасында, сұқ саусақты жоғары ұстау арқылы жазу. Дәптер партаның үстінде дұрыс орналасуы керек. Оқушы партада денесін тік ұстап дұрыс отыру ережелерін сақтау керек. Оқушылар өздерді буынға бөліп оқужы үйреніп және әріп пен дыбысты ажырата білуі тиіс. Сауатты жазуға үйрету кезінде өзіндік талаптар бар олар:

Әріптерді дұрыс жазу, дәптердің көлденең сызығынан ауытқымау; Әріптердің элементтерін жазғанда тегіс, бірден жазу; Әріптердің бірін оңға, бірін солға қисайтпай, барлық әріпті бірдей оңға қарай сал көлбете жазу; Әріптердің, сөздердің арасында қашықтықты сақтап отыру; Бірте-бірте жазу қарқынын тездете түсу.

Оқушыларды сауатты жазуға үйрететін негізгі пән қазақ тілі. Оқушылар сауатты жазу үшін қазақ тіліндегі грамматикалық ережелерді дұрыс түсініп, күнделікті өмірде қолдана алатындай дәрежеге жетуі тиіс. Мұғалім оқушылардың сауатты, таза жазуына аса назар аударғаны жөн. Оқушыларды тек жауға емес сонымен қатар дұрыс оқуға үйрету керек. Себебі дұрыс оқи алмаған оқушы дұрыс жаза да алмайды. Ал жаза алмаған оқушы сауатсыз болып есептелінеді. Әріпті дұрыс меңгергеннен кейін сөздерд буынға бөліп оқыту қажет, буынды дұрыс меңгерген оқушы сауатты да жаза біледі. Қатесіз жазуды меңгеруде, оқушылар әріп пен дыбысты айырып, әр сөзде неше дыбыс, неше әріп бар екенін ажырата біледі.

Мысалы: апа, ата, қасық сөздеріндегі дауысты дауыссыз дыбыстарды бірінші әріпті өткен күннен бастап ажырата білуге, сонымен бірге тақтаға жазылған әріп, әрбір сөз, сөйлемд Мысалы: апа, ата, қасық сөздеріндегі дауысты дауыссыз дыбыстарды бірінші әріпті өткен күннен бастап ажырата білуге, сонымен бірге тақтаға жазылған әріп, әрбір сөз, сөйлемді оқытып, оны іштей қайталатып, естеріне сақтап жазуға үйрету керек.

Бұл біріншіден баланың есту қабілетін жетілдіруге пайдалы, екіншіден сөздің дыбыстық құрамын дұрыс ажыратуға, үшіншіден, мәтінді немесе сөйлемдерді сауатты, қатесіз жазуға көмектеседі. Кейде оқушыларға жазуға үйрету үшін түрлі суреттерді, интерактивті тақталарды қолданып өз есімдерін жазғызып, сөйлемдер жазғызуға болады. Жазған сөйлемдерін өздеріне, жанында отырған оқушыға тексерткізген жақсы. Қате жіберген оқушы жанындағы оқушыдан қате жібергені үшін намыстанып, дұрыс сауатты жазуға талаптанады. Бұл тәсілдің тиімділігі оқушылар бір-бірінен көшірмейтін болады.

Мұғалім оқушыларды сауатты жазуда өте ұқыпты болуын қадағалау керек. Сонымен қатар гигиеналық талаптарды да ұмытпау керек. Дәптер партаның үстіне, бала кеудесінің қақ ортасында тұра келетін болып сәл көлбетілеу оңға 65 градусқа қойылады. Бала басын оңға не солға иықтарын кеудесін алға не артқа қисайтпай, аяқтарын қатар қойып алдына түзу қарап отырады. Балалар табанларын еденге еркін басып отырады. Жазғанда баланың көзі мен дәптер аралығындағы қашықтық 25-30 см сақталуы тиіс.

Жазуға үйретуді неден бастау керек деген сұраққа жауап бере кетейін. Оқушылар жазуға кіріспес бұрын сөздер мен дыбысқа және буынға бөлінеді. Кейін сөздер дыбысқа буынға талданады. Жазуға үйретуден бұрын дайындық жаттығуларын жүргізіп, балалардың қолын қимылға, көзін шамалауға үйрету керек. Партаға қалай отыру, дәптерді қалай ұстау ережелерімен таныстыру, саусақтарды қимылдатуға, бүгуге, жазуға жаттықтыру.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мақсатымыз оқушыларды сауатты жазуға үйрету
Сауатты жазу жолдары
ЖАЗУ ЖҰМЫСТАРЫ АРҚЫЛЫ САУАТТЫЛЫҚҚА ҮЙРЕТУ ЖӘНЕ ТІЛ ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
Бастауыш мектепте жазба жұмыстары арқылы сауаттылыққа үйрету туралы
Бастауыш сынып оқушыларын сауатты жазуға үйрету
Балаларды мектепке сауат ашуға даярлау
Қазақ тілі сабағындағы жазылым әрекетін қалыптастыру жолдары
Жазуға үйретуде көзделетін тағы бір мақсат - балаларды шапшаң жазуға үйрету
Бастауыш сыныпта жазу мен тіл дамыту жұмыстарының ұйымдастырылуы
Жазуға үйрету мақсат міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz