АБАЙДЫҢ ТАБИҒАТ ЛИРИКАСЫНА ҚАТЫСТЫ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ


Абайдың суреткерлік шеберлігін таныту жолдары
Ғылыми жоба
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
І. БӨЛІМ. АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТАБИҒАТ БЕЙНЕСІ.
- Абай Құнанбаев лирикасындағы кейіпкерлердің көңіл-күйін табиғатпен алмастыра суреттеу ерекшелігі . . . 5
- Ақын шағармаларындағы табиғатты бейнелеуде өзіндік шеберлігі . . . 8
- Абайдың шығармаларындағы қазақ өмірінің табиғатпен алмасуы . . . 9
- АБАЙ ТАБИҒАТ ЛИРИКАСЫН ЖЫРЛАУ СТИЛІТабиғат құбылыстарын арқау ете жазылған Абай шығармалары . . . 13Оқиғамен байланыстыра табиғатты суреттеу ерекшелігі . . . 14
- АБАЙДЫҢ ТАБИҒАТ ЛИРИКАСЫНА ҚАТЫСТЫ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІГІӘдеби - теориялық тұрғыдан негізгі ерекшеліктері . . . 17Абайдың өмір шындығы мен табиғатты қоса суреттеу ерекшелігі . . . 20Қазақ тіршілігі мен табиғатты суреттеу ерекшелігі . . . 23
Қорытынды . . . 25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 28
Қосымша
Кіріспе
Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы - халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Абайдың сөзі - қазақтың бойтұмары, Абайды тану, бағалау, насихаттау, оқыту - қоғамдық ой-санада тың серпілістер туғызып, мақсаткерлікке жұмылдырады. Заман, уақыт талабына орай Абайды жаңа қырынан тану, ғылыми тұрғыдан тың байламдар жасалуы - заңдылық.
Абай - ұлы ұстаз-кемеңгер. Абай тақырыбы - мәңгілік тақырып. Абай тақырыбы - таусылмайтын телегей теңіз.
Ел президенті Н. Ә. Назарбаевтың Абайдың 150 жылдық мерейтойында
(1995) сөйлеген сөзінде айтқан мына салиқалы ойы кімге болса да бағыт берері сөзсіз:
« . . . Абай әлемі бізді жеті түнде адастырмас темірқазық іспетті. Соған қарап тірлігіміздің дұрыс-бұрысын сараптай аламыз. Өйткені, жанды жегідей жеп жүрген көп сауалдың жауабын Абай әлдеқашан айтып кеткен. Абайды оқып отырып-ақ, көштің басын баяғыда-ақ жөнге салып алуға болатын еді. Сорлатқанда біреудің уақыты жетпейді, біреудің ұғымы жетпейді, біреудің атымен зауқы жоқ . . . Қазіргідей заманда Абай жырларына айына емес, аптасына емес, күніне бір үңіліп қоймай болмайды. Сонда жан қинап жүрген қай күмәннің де бәріне жауап таба аласың». Бұл сөздер әрбір адамның дұрыс жетілуіне кепіл болатын, қоғам өмірінде басшылыққа алатын бағдарламалық ойлар тәрізді [1] .
Абай әлемінің бар құдіреті мен болмысын, құпиясы мен сырын жете таныту арқылы қазақ халқының мәдени келбетін, қадір-қасиетін, шыққан биігін,
рухани жетістіктерін ұрпақ санасына сіңіру. Абайды қоыту арқылы жаңа
биіктерге көтерілу, рухани өсіп-өркендеген іргелі еліміздің елдік белгісін биік дәрежеге көтеру.
Абайдың шығармаларында ойшылдық пен суреткерлік ажырамас бірлік тауып, аса маңызды қоғамдық, азаматтық, халықтық мәселелерді терең толғайтын шығармалардың тууына негіз болды.
Абай Құнанбайұлының табиғат лирикасы үлгісіндегі өлеңдерінде ақынның ой-сезімі, жан дүниесі де терең ашылған. Ол өзінің шығармаларында жыл маусымдарын: қысты, күзді, көктем мен жазды қайталанбас бояулармен бейнелеп берді. Туған ел табиғатын сипаттауда оның суреткерлік шеберлігі айқын аңғарылады. Абай пейзажды адамның тұрмыс кешетін табиғи ортасы, мекен-жайы ретінде ала отырып, әлеуметтік өмірмен, қазақ халқының көшпелі тұрмысымен тығыз байланыстыра көрсетеді.
Тақырыптың өзектілігі: Абай Құнанбайұлының шығармаларының көркемдік ерекшелігі мен суреттеу ерекшілігінің анықтау, өлеңдерін талдай отырып дәлелдеп көрсету. Абай шығармаларының ішінен табиғат лирикасына қатыстыларын талдап, олардың қандай үлгіде жазылғандығының анықталуында.
Жобаның мақсаты:
- Абайдың табиғат лирикасына қатысты өлеңдерін толықтай талдап, әдеби - теориялық тұрғыда олардың жазылу ерекшелігін анықтау.
- Шығармаларындағы суреттеу түрлерін талдап көрсету.
- Абайдың сөз саптау ерекшелігін көрсету.
Жобаның міндеттері:
- Абайдың табиғат лирикасына қатысты өлеңдеріне талдау жасау арқылы оның өзіндік ерекшеліктерін анықтау.
- Шығармаларындағы суреттеу түрлерін анықтау.
- Абай шығармаларының ғылыми бағытт ретінде қалыптасып, дамып, жетіліп отырғанын дәлелдеу.
Ғылыми жұмыстың нысаны: Абай Құнанбаевтың шығармалары.
Жобаның ғылымилығы: Абайдың суреткерлік шеберлігін танытатын шығармаларының жазылу ерекшелігін, әдеби - теориялық тұрғыдан ерекшеліктері толық қамтылып жинақталуында.
Ғылыми жұмыстың зерттеу әдістері: талдау, салыстыру, зерттеу, түсіндіру, баяндау.
Ғылыми жұмыстың құрлымы:
І. БӨЛІМ. АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТАБИҒАТ БЕЙНЕСІ.
1. 1. Абай Құнанбаев лирикасындағы кейіпкерлердің көңіл-күйін табиғатпен алмастыра суреттеу ерекшелігі
Абайдың табиғат тақырыбындағы лирикасына кіретін біраз өлеңдері -аудармалар. Бірақ Абай аудармаларының өзіндік өзгешеліктері бар. Оның көпшілік аудармалары сол өлеңнің орысшадағы нұсқасымен жолма-жол қабысып, бірдей шығып отырмайды.
Өлеңде тек табиғат суреті ғана емес, сонымен қатар адам, адамның көңіл күйі бар мен философиялық ой бар. Өлеңнің түпнұсқадағы осы мазмұнын, бусанған тынысы мен сырлы сазына дейін Абай аудармада дәл жеткізеді. Осы ретпен Абай қазақ поэзиясына соны да сырлы ағым алып келді. Өз шығармаларын да жаңа, терең, күшті үлгі-өрнекке ауыстырды. Мәдениетті, білімпаз ақын болып, жаңа сарын, жаңа саз тапты.
Көлеңке басын ұзартып,
Алысты көзден жасырса;
Күнді уақыт қызартып,
Көк жиектен асырса.
Күңгірт көңлім сырласар,
Сұрғылт тартқан бейуаққа.
Төмен қарап мұңдасар,
Ой жіберіп әр жаққа.
Абай бұл саладағы лирикасында сол өзі өмір сүрген дәуірде ауыр азап шеккен қарапайым адамдардың жан-жүрегіне сұлулық пен сүйіспеншіліктің, жігер мен үміттің ыстық қанын құйып, олардың сана-сезімін сұлу лирикасымен желпи оятып, риясыз, ашық сырласады.
Абайдың өлеңдері сияқты, қара сөздерінен де оның өзін қоршаған өмір шындығына көзқарасы, дүние тануы аңғарылып отырады. Өйткені, ол мұнда тек жеке адамның мінез-құлқын түзеуге арналған жайлар ғана емес, зор қоғамдық мәні бар, күрделі мәселелерді де қамтиды. Бірақ біз Абайдың барлық қара сөздерін түгел әңгіме етпейтін болғандықтан, оның ғылымдық мәні бар тереңіне бойлап, философиялық пікірлерін талдап, дүниетанымын пайымдап жатпаймыз. Біз бұл жолы Абайдың халықты өнер-білімге, еңбекке шақырған, адамдардың ой-санасын көтеруге арнаған, байлар мен болыстарды, билер мен малқұмар «пысықтарды» сықақ еткен, надандық пен қараңғылықты жырлаған.
«Он бірінші сөзінде», «Жиырма бірінші сөзінде» ауылдағы құркеуде байлар мен ұлықтардың арамзалық, жауыздық іс-әрекеттерін, білімсіз қауымның жалған мақтанын, ұрлық-қулығын әшкерелейді: «…ұры ұрлықпен мал табам деп жүр; мал иесі, артылтып алып, тағы да байимын деп жүр… Ұлықтар «пәлі-пәлі», бұл табылған акыл деп, мен сені бүйтіп сүймеймін деп, ананы жеп, сені бүйтіп сүйемін деп, мынаны жеп жүр…» («Он бірінші сөз») . Міне, мұнда сол кездің шындығы қаз қалпында, айқын баяндалып отыр.
Абай жақсы түсініп, кара сөздерінде өзінің ғылымға, өнерге, еңбекке шақырған ағартушылық пікірлерін, үгіт-насихаттарын халық бұқарасына арнады. «Жетінші сөзде» «жас баланың да анадан туғанда екі түрлі мінезбен: ішсем, жесем, ұйықтасам және білсем, көрсем, үйренсем екен» деп туатынын айта келіп, адамдарды соңғысына шақырады [2. 142-б] .
(«Жетінші сөз»), бұл дұрыс емес, білмегенді үйрену қорлық емес, қайта жалықпай іздену керек; «…естіп, көріп, ұстап, татып, ескерсе - дүниедегі жақсы, жаманды тануындағы сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады» («Он тоғызыншы сөз») - деген ақылын айтады. Абайдың бұл айтқандары күні бүгінге дейін мәнін жоймаған, адамға үлгі-өнеге, тәлім-тәрбие берер, оқуға, оқып білгенді көңілге тиянақтап тоқуға үйретер құнды пікірлер. Қысқасы, Абайдың ғаклия-қара сөздері өз дәуірінің ақиқат шындығынан туған, танымдық, эстетикалық, тәрбиелік мәні зор шығармалар.
Абайдың ақындығы туралы әңгімемізді қорыта келіп, Абай творчествосының тарихи мәнін жүйелегенде, ең алдымен, Абай «бұрын езілуде болған өз халқының орыс мәдениетімен бір мақсатта болу кажеттігін түсінген. Екіншіден, Абай творчествосының мәні ақынның бұқарашылдығында, өзі өмір сүрген қоғамдық ортадағы әлеуметтік теңсіздікті көре білуінде, халық тұрмысына назар аударуында, қанау мен әділетсіздікті батыл сынауында, теңдікті жырлауында, адамгершілікті насихаттауында, халықты оқу-білімге, өнер-ғылымға, талап-еңбекке үгіттеуінде, сайып келгенде халық бұқарасының сана-сезімін оятып, ой-өрісін кеңітіп, жарқын келешекке сенім нығайтуында жатыр.
Абай творчествосының осылардан туатын тағы бір тарихи мәні - өзіне дейін болып көрмеген тың тақырыптарды жыр етіп, оған биік идея, терең мазмұн, тың пішін беруінде; қазақтың әдеби тілін байыта, дамыта қалыптастырып, жаңа жазба әдебиетінің негізін салуында және қазақ поэзиясын сыншыл реализмнің шырқау сатысына көтеруінде болып табылады.
1. 2. Ақын шағармаларындағы табиғатты бейнелеуде өзіндік шеберлігі
Абайдың да айрықша жырлағанының бірі табиғат болды. Ол табиғат аясында өсіп, оны сүйе білді. Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», «Күз», «Қыс», «Жаз» деген өлеңдерін оқығанда, табиғаттың әртүрлі құбылысы көзіңе елестейді. Жаратылыстың жайдары жазын, түсі суық тұманды күзін, не болмаса сақылдаған аязы мен қарлы боранын өзің көріп тұрғандай боласың. Мысалы, «Желсіз түнде жарық ай» деген өлеңінде:
Желсіз түнде жарық ай
Сәулесі суда дірілдеп,
Ауылдың жаны терең сай,
Тасыған өзен гүрілдеп.
Қалың ағаш жапырағы,
Сыбырласып өзді-өзі.
Көрінбей жердің топырағы
Құлпырған жасыл жер жүзі, -
деп, жазғы түннің әдемі суретін алдыңа тартады, жаз кезінің желсіз тымық күні, аспандағы жарық айдың суға түскен сәулесі, жазғы ауыл, оның жанындағы терең сай, гүрілдеген өзен суретшінің бояуы арқылы тұтас бір картина ретінде көз алдыңа келеді [8. 6-б] .
Ақын жайнаған жаздың әдемі көркін осылай суреттесе, сол сұлу сурет өзгеріп, гүл, жапырақ солып, түсі қашқан күздің суық кескінін:
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болса, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін, тойғаны ма, тоңғаны ма?
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай , -
деп, күз түсумен бірге бәйшешек солып, ағаштардың сидиып, жапырағынан айрылғанын, ерке жазда мәз-мейрам болып келген жастардың, асыр салып ойнаған балалардың көрінбейтіндігін, қысқасы, көңілсіз күздің бейнесін тамаша түрде елестетеді.
Абай қыстың кескінін де аса шеберлікпен суреттейді. Үскірік бораны бұрқырап тұрған қысты рақымсыз адам бейнесіне ұқсатады. Қыстың малға да жағдайсыз соқыр, мылқау күш екендігін аңғартады.
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Дем алысы - үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Абай жылдың қай мезгілін суреттесе де, ең алдымен оның шындық бейнесін береді. Жоғарғы үзіндіде келтірген өлеңдердің қайсысын оқысақ та, сол кездің суреті көз алдыңда тұрады. «Қылышын сүйреткен қыс», «Масатыдай құлпырған жаз» өз кескінімен көрінеді. Жылдың төрт мезгіліндегі табиғаттың өз әдемілігінің мына жері кем қалыпты деп ешкім таласа алмастай етіп суреттелінеді.
Абайдың табиғат лирикасы үлгісіндегі өлеңдерінде ақынның ой-сезімі, жан дүниесі де терең ашылған. Ол өзінің шығармаларында жыл маусымдарын: қысты, күзді, көктем мен жазды кайталанбас, соны бояулармен бейнелеп берді. Туған ел табиғатын сипаттауда оның суреткерлік шеберлігі айқын аңғарылады. Абай пейзажды адамның тұрмыс кешетін табиғи ортасы, мекен-жайы ретінде ала отырып, әлеуметтік өмірмен қазақ халқының көшпелі тұрмысымен тығыз байланыстыра көрсетеді.
Табиғат лирикасының ішінде өзгелерден тақырыбы жағынан оқшаулау тұрған өлең - саятшылық өнерді өте көркем келісті бейнелейтін «Қансонарда бүркітші шығады аңға». Бұл өлеңінде Абай аңшының құс салып, түлкі алуын түрлі-түсті бояумен бейнеленген суреттегідей көзге айқын елестете сипаттаған. Бірақ, қылқалам шеберінің қолынан шыққан суретті дайын, тұтас қалпында тамашалап, ал, өлеңді оқығанда осы баяндалған, қимыл-әрекетке толы оқиға белгілі уақыт мөлшерінде көз алдымыздан үздіксіз өтіп жатқандай әсер аламыз.
Кейде қазақ ауылының тұрмыс жағдайын сипаттауға көбірек мән беріліп, табиғат тек халық өмір сүретін орта болып екінші қатарда ғана көрінеді. Мысалы, «Күз» (Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан), «Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай», «Қыс» (Ақ киімді, денелі, ақ сақалды) атты өлеңдерінде ақын көшпелі тұрмыстың ауыртпалықты жағын көбірек айтады, ал, «Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай» өлеңінде әлеуметтік теңсіздікті де ашып көрсетеді. Ал, «Жаз» (Жаздыгүн шілде болғанда), «Жазғытұры» (Жазғытұры қалмайды қыстың сызы) өлеңінде елдің кең далада, табиғат аясында бой жазып, жаны жадырап отырған кезін бейнелейді. Бұларда жарқын бояулар, ауыл өмірінің жақсы жағын айту, көтеріңкі леппен суреттеу басым келеді. Ақын көшпелі елдің өмір-тұрмысының ауырлығын, көлеңкелі жағын да, сонымен қатар ауыз толтырып айтарлық күнгей жағын да көре білген.
Бірақ бір өлеңде айтқанын басқа өлеңінде қайталай бермейді. Олай болса, бір кездегі осы өлеңдердің кейбіреуін (мысалы, «Жаз» өлеңін) бөлек алып, қоғам өміріндегі қайшылықты, кедейдің ауыр халін көрсету жағы әлсіз деп сын айтушылық, әрине, орынды болған деуге келмейді [4. 88-б] .
Абайдың табиғатты бейнелейтін өлеңдерінен мол өмір шындығын, теңдесі жоқ суреткерлілік көреміз. «Желсіз түнде жарық ай» дейтін өлеңінде ақын жазда өзен жағасына көшіп келіп қонып отырған мал баққан ауылдың өмір-тұрмысын шебер сипаттайды.
Қазақтың даласы, түні, айы, тауы, өзен суы, жапырағы жайқалған ағашы, жазғы жердің көк майса жасыл шөбі, көшпелі елдің қонған қоныс-жайлауы, баққан малы, түн күзететін сақ малшылары, жастардың пәк, таза сүйіспеншілік сезімі, махаббаты, жастығын, алғашқы махаббатын сағынып еске алған қазақтың осындай айлы түнде ауыл сыртында, аулақта жолығатын шағын армандауы - осының бәрі бар болғаны 20-ақ жол өлеңнен көңілге нәзік лирикалық сезім ұялатқандай айқын елес береді. «Жаз» (Жаздыгүн шілде болғанда) өлеңінде де жаңа қонысқа, жайлауға көшіп келген ауылдың тұрмыс-тіршілігінің тұтас бір көрінісі бар. Бірақ мұнда тынымсыз әрекет, қимыл-қозғалысты сипаттау шеберлігі таң қалдырады. Жыр өлшемімен жазылған жеңіл, ойнақы ырғақты өлеңде ақынның құлын-тайлардың шапқанын бұлтылдап деп, үйрек-қаздың жоғары-төмен ұшып жүргенін сымпылдап деп, үй тігіп жатқан қыз-келіншектердің жүрісін былқылдап, күлгенін сыңқылдап деп, ондаған осындай сипаттама сөздерді бірыңғай ұйқастыра тізбектеп келтіруі абыр-сабыры көп өмір көрінісі көз алдымыздан етіп жатқандай әсер етеді.
Назар аударарлық жай - Абайдың өлеңдерінің ішінде өзге шығармаларына ұқсамайтын, мазмұны жағынан да, көркемдік бітімі жағынан да ерекшеленіп тұрған үздік туындылар мол. «Сегіз аяқ», «Сен мені не етесің?», «Қансонарда бүркітші шығады аңға», «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Жаз» (Жаздыгүн шілде болғанда), «Желсіз түнде жарық ай», «Болыс болдым, мінеки», «Қызарып, сұрланып», «Келдік талай жерге енді», «Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?», «Көк тұман - алдыңдағы келер заман» секілді өлеңдерінің қай-қайсысын алсақ та - мүлде тың дүние, шығармашылық жаңалық [5. 96-б] .
Бұларға қоса «Ем таба алмай», «Ата-анаға көз қуаныш», «Сағаттың шықылдағы емес ермек», «Нұрлы аспанға тырысып өскенсің», «Ауру жүрек ақырын соғады жай», «Өлсе - өлер табиғат, адам өлмес», аударма өлеңдерден «Жалғыз жалау жалтылдап», «Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз», «Қанжар», «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын» сияқты тағы сан алуан шығармаларды атауға болар еді.
Абай өлеңдерінің көбі не тақырыбы, не стилі, жанрлық сипаты немесе өлең өрнегі жағынан мүлде жаңа болып келетіндіктен, осы топқа жатқызуға болады деген туындыларды түгел қамтып, бөліп алудың өзі өте қиын. Міне, осындай ондаған кемеліне келген өлең үлгілерін туғызған Абай соларға ұқсас, біртектес өлеңдер жазуға ұмтыла бермейді. Әрине, қай ақында болсын, бірнеше өлеңдер тақырыбы жағынан жалғас келіп отырады. Бұл сол тақырыпқа тереңдеп бару үшін қажет. Бірақ ол тақырып әр өлеңде әр қырынан ашылады. Біздің айтпағымыз - Абайдың сарқылмас шығармашылық тапқырлығы, оның қолынан шыққан кемеліне келген, көркемдік бітімі жағынан мүлтіксіз өлең үлгілерінің көптігі және әрқайсысының бір-біріне ұқсамайтын, жаңаша сипатты дүние болып келетіні.
Ақынның тіпті жылдың төрт мезгілін суреттейтін «Қыс», (Ақ киімді, денелі, ақ сақалды), «Күз» (Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан), «Жаз» (Жаздыгүн шілде болғанда), «Жазғытұры» (Жазғытұры қалмайды қыстың сызы) секілді бір топқа, циклге жататын өлеңдерінің де әрқайсысы мазмұн-мағынасы, суреттеу тәсілі, құрылысы жағынан әр түрлі болып шыққан.
Сондай-ақ, өлең сөз, ән-күйдің мәнін, ақындық өнердің қасиетін бағалайтын, тақырыбы жағынан бір-біріне жалғас «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы», «Біреудің кісісі өлсе, қаралы - ол», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа», «Өзгеге, көңілім, тоярсың», «Адамның кейбір кездері» деген шығармалары да ойды әр қырынан өрбітуі, пікір сонылығы, бейнелеу, айту ерекшелігі бойынша өзгеше сипат алған.
Табиғатты оқиғамен байланыстыра суреттеу халық ауыз әдебиетінде де болды. Бірақ қазақ әдебиетінде табиғаттың өзін жеке тақырып етіп алып, Батыстың классик ақындарының үлгісімен суреттеу Алтынсарин мен Абайдан басталады. Әсіресе оны жоғарғы сатыға көтерген - Абай.
Абай «Қыс» деген өлеңінде қысты адам бейнесінде суреттеп береді. Бұрын қысты бұлай суреттеу болмаған-ды. Абай оны қазақтың ұғымына сай «кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды» деген тәрізді байырғы сөздер арқылы образдар жасайды. Қысты ақ сақалды шал бейнесінде суреттеу бұрынғы қазақ әдебиетінде, Абайдан басқаларда кездеспейді. «Қыс» деген өлеңнің басқа жағын былай қойғанда, бұл шығармадан қыстың қырдағы елге қандай әсері барлығын, мал баққан жылқышыға, жалпы шаруаға жылдың ең бір қолайсыз кезі екендігін айқын көруге болады. Өйткені қыс өз тұлғасында толық берілген. «Қыс» өлеңін оқығанда, аязды қыстың суық лебі бетке тигендей болады. Табиғат тақырыбында жазылған бұл өлеңдері - ақынның асқан суретші екендігіне толық дәлел.
Абайдың тағы бір өлеңі - жазғы шілде кезін суреттеген өлеңі. Ақын бұл өлеңінде жаздың дәл кемеліне келіп тұрған кезін көрсетпек болады. Жаздың әдемі көрінісін:
Жаздыгүн шілде болғанда,
Көкорай шалғын, бәйшешек
Ұзарып өсіп толғанда,
Күркіреп жатқан өзенге,
Көшіп ауыл қонғанда,
Шұрқырап жатқан жылқының
Шалғыннан жоны қылтылдап,
Ат, айғырлар, биелер,
Бүйірі шығып ыңқылдап,
Суда тұрып шыбындап,
Арасында құлын, тай,
Айнала шауып бұлтылдап, - деп суреттейді.
«Күз» өлеңінде шөп қуарып, күн салқындап, көңілсіз кездің келу суретін бұлжытпай берумен қатар, мал баққан көшпелі, шала көшпелі ел үшін күздің жағдайсыз кезең екендігін айқындайды.
Кемпір, шал құржаң қағып, бала бүрсең,
Көңілсіз қара суық қырда жүрсең, - дейді. Жалғыз бұл ғана емес, қай жерін оқысаң да, көзіңе күзгі кедей ауылдың көңілсіз сүреңі елестейді.
Ақын өлеңдерінде табиғаттың тек жалаң суретін ғана беріп қойған жоқ, оны адам өмірімен нық байланыстыра білді. Мал бағумен күн көріп, көшіп-қонып жүрген қазақ елінің өмір шындығын дәлме-дәл көрсетіп, жылдың әрбір мезгілінің мал баққан елге қандай әсер ететіндігін баяндады:
... жалғасыҚырдағы ел ойдағы елмен араласып,
Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып,
Шаруа қуған жастардың мойны босап,
Сыбырласып, сырласып, мауқын басып , -
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz