Байтұрсынұлы - ұлттық жазудың негізін қалаушы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: А. Байтұрсынұлы-ұлттық жазудың негізін қалаушы

ДАЙЫНДАҒАН:ҒАЛЫМ ЖҰЛДЫЗ, КФ-31 ТОБЫ

ТЕКСЕРГЕН:ТҰРСЫНОВА М. А.

ҚАРАҒАНДЫ-2020

Жоспар:

I. Кіріспе:

II. Негізгі бөлім:

2, 1. А. Байтұрсынов-қазақ әліпбиінің реформаторы;

2, 2. А. Байтұрсыновтың әліпбиі жөнінде ғалымдар пікірі;

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

I. Кіріспе:

А. Байтұрсынов 1910 жылдардан бастап араб жазуы таза сол күйінде қазақ тілі үшін қолайлы еместігін байқап, оны қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне икемдеп, қайта түзуді қолға алды. Бұл туралы пікірлерін ол 1912 жылдан бастап «Айқап» журналы «Қазақ» газетінің беттерінде білдіре бастайды. Оның жобасы бойынша араб алфавитіндегі қазақ дыбыстарын білдірмейтін кейбір басы артық таңбаларды шығару, сөздің түгелдей жіңішкелігін білдіру үшін оның алдына дәйекше таңбасын қою ұсынылады, қазақ тіліндегі ы, е, и, о, ұ, ү дыбыстарының әрқайсына жеке таңба белгіленеді. А. Байтұрсыновтың қазақ жазуына икемдеген араб алфавиті қазақ жұртылығы, оның ішінде мұғалімдер тарапынан қолдау табады және іс жүзінде солай оқытыла, оқулықтар мен мерзімді баспасөзде қолданыла бастайды. Дегенмен А. Байтұрсынов реформалаған қазақ графикасы ресми түрде тек 1924 жылы ғана Орынборда қазақ, қырғыз білімпаздарының тұңғыш съезінде қабылданады. Бұл тәжірибені өзге түркі тілдерінің кейбірі (өзбек, татар) қолдап, өз жазуларына өзгерістер енгізе бастайды. Бірақ сол тұстағы түркі баспа сөзінде араб графикасын тастап, латын алфавитіне көші туралы пікірлер де бел ала бастады. Москвада «Жаңа алфавит жөніндегі орталық комитет» құрылып, түркі халықтары жазуын латын графикасына көшіру туралы жоспарлы жұмыс жүргізді. Қазақстанда да сондай комитет жұмыс істейді. Ақырында 1926 жылы бакуде бүкілодақтық Бірінші туркологиялық съезд өткізіліп, онда басқа мәселелермен қатар негізгі мәселе ретінде күн тәртібіне түркі халықтарының жазуы емленің негізгі принципі мәселесі қойылды. Бұнда съезд делегаттары екіге бөлініп, бірі бұрыннан қолданылып келе жатқан араб графикасын реформалап қолдануды жақтаса, екінші тобы араб жазуын тастап, латынға көшуді ұсынды. Қазақстаннан делегат болып қатысқан А. Байтұрсынов съезде бірінше рет сөз алып, өзінің ширек ғасырдай күш жұмсап, тер төккен бұл еңбегін, яғни реформаланған қазақ жазуын қорғап, бұл жазу қазақтың мәдени талаптарын әбден өтей алады деген пікірін дәлелдеді.

Ахмет Байтұрсыновтың араб жазуын жақтаудағы дәлелдері 12-13 жыл бойы қолданылып, орнығып қалған, қазақ тілінің дыбыстық табиғатына дайындалып өзгертілген ресми түрде қабылданған алфавиттің қазақ мәдениеті мұқтаждығын толық өтеп, отырғандығы, оның дыбыс әдісімен оқыту ісіне айтарлықтай қолайлы болып шыққандығы, полиграфиялық мүмкіншіліктері жағынан да, экономикалық тиімділіктер тұрғысынан да бұрынғы алфавитті сақтау пайдалырақ екендігі.

Алайда латын графикасына көшуді үкімет орындары белсене қолдағандықтан, съезд латын жазуына көшуді ұсынады.

II. Негізгі бөлім:

2, 1. А. Байтұрсынов-қазақ әліпбиінің реформаторы:

XX ғасырдың бас кезіне дейін қазақ әліпбиінің нақты қалыптасқан үлгісі болмағаны баршамызға мәлім. Осы әліпбиді қалыптастыру жөнінде «Дала уәлаяты», «Айқап», «Қазақ» т. б. баспасөз беттерін қазақ жазуының сол кездегі хал-ахуалы, болашағы, оны жетілдіру сияқты мәселелер көтеріліп, түркі пікір таластар болды.

Ғалым сауатсыздықты жою үшін алдымен алфавит, әріп мәселесін, оқулық мәселесін дұрыс жолға қою керектігіне көзі жетеді. Қазақ халқы тұтынып отырған араб алфавитінің теріс жақтарын, кемшілік түстарын көріп, өзгеріс енгізуді қажет деп санайды.

«Айқап», «Қазақ» беттеріне жазу мәселелеріне арналған мақалаларында автор қазақ тіліндегі 24 дыбысқа арнайы тоқталған, әрқайсысының жазу қағидаларын көрсеткен. Ахмет Байтұрсыновтың мұндағы жетістігі қазақ тіліндегі дыбыстардың жуан-жіңішкелігіне қарай бөлінуін дәл белгілеп, әрбір дауысты дыбысқа арнап, арнайы таңба белгілеуінде. Ғалым 24 әріптің ішіненараб жазуынан 16 таңбаны дайын күйінде алғанда, 8 таңбаны өзі қосқан. Араб жазуынан алынған 2 әріптің таңбасы Ахмет Байтұрсынов әліппесінде басқа әріптерді таңбалайды. Бірі- у дыбысы қазақ жазуында «о» дыбысы таңбаланады. Екінші дыбыс- (а) . Араб тіліндегі бұл дыбыс Ахмет Байтұрсынов жазуында «е» дыбысын таңбалайды. Сондай-ақ, автордың көрсетуінше қ мен ғ дыбыстары жуан, к, г, е дыбыстары жіңішке айтылады, қалған 19 дыбыс бірде жуан, бірде жіңішке айтылады. Олардың былай айтылуы құрамында дауысты дыбыстардың жуан-жіңішкелігіне байланысты.

Араб жазуын қазақ тіліне лайықтап өзгеру үшін оған мынадай өзгерістер енгізу керек дейді:

Егер дауысты дыбыстар жуан айтылса, олардың қатарындағы дауыссыз дыбыстар да жуан айтылады, егер дауысты дыбыстар жіңішке айтылса, олардың қатарындағы дауыссыз дыбыстар да жіңішке айтылады.

Дауысты дыбыстар жіңішке айтылуы үшін жіңішкелік белгісі «дәйекшені» енгізу, оны сөзің алдын қою, ол қазақ тілін көп әріптіліктен құтқарады.

Әрбір дауысты дыбыстың өз таңбасын белгілеу.

Міне, араб жазуын қазақ тіліне лайықтап өзгерту арқылы Ахмет Байтұрсынов дауысты, дауыссыз дыбыстарды бөлек-бөлек қарастырған. Әрбір дыбыстың сөз басы, сөз ортасы, сөз соңындағы бейнесі, жазылу таңбасы анықталған. Сол арқылы қазақ жазуының табиғатын толығымен ашуға ұмтылған.

Тіл білімінде тіл дыбыстары мен оның құрылыстарын қарастыратын саласы фонология деп аталады. Қазақ тіл білімінің алғашқы фонологы- Ахмет Байтұрсынов. Оны ғылымның өзі түзген әліпбиінен көруге болады.

Ахмет Байтұрсынов әліппесіндегі дыбыстардың бесеуі дауысты, он жетісі дауыссыз, екеуі жарты дауысты.

Ғалымның жасаған жазуындағы дауысты дыбыстардың мәнін ашуда әр дыбысты саралап, сұрыптап көрсетуде зерттеуші Н. Уәлиевтің пікірі ерекше. Оның пікірі бойынша, белгілі бір фонема белгілі бір дыбыстардың класы, дыбыстардың типтері фонеманың күрделі қасиеттерін фонелогиядағы «инвариант-вариант» теориясы тереңірек аша түседі. Ғалымның айтуынша фонема- инвариант, ал дыбыстар- олардың сөздердің варианттары. Әр вариант инварианттағы тән қасиет сақталады. Ал дыбысталған сөздің акустикалық жамылғысы хатқа түскенде инвариант- фонеманың варианттары емес, өзі «әріп» арқылы таңбаланады. Қазақ тілінің дауыстылар жүйесінде бес вариант- фонема бар. Осы инвариант- фонемалардың нақты қолданыста әрқайсының е дыбысынан басқасының, жуан, жіңішке әуезбен түрленіп отыратын екі варианттары бар:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ахмет Байтұрсыновтың оқыту әдістемесінің негізін қалаушылар
Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаяны
Ақын, әдебиет зерттеуші ғалым - Ахмет байтұрсынұлы
Қазақ тілі білімінің тарихы шартты түрде
А. Байтұрсынұлы және ХХ ғасыр басындағы орыс тілші ғалымдары
Ахмет Байтұрсынұлы өмір белестері, тарихы
Қазақ орыс ғалымдары – ахмет байтұрсынұлы туралы
Ахмет Байтұрсынов-тіл білімінің негізін қалаушы
Әдебиеттің әліп биі-асылы Ахмет
А. Байтұрсынов - қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz