Табиғи сулардың негізгі ластану көзднрі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯ ИНСТИТУТЫ

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Табиғи сулардың негізгі ластану көзднрі
Орындаған;Айтубай Балжан

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Су және оның ластану себептері
Дүниежүзілік су қорларының ластануы бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отыр. Бұл мәселе Қазақстанға да тән. Судың ластануы көп түрлі әрі ең соңында су экожүйесін бүлдірумен аяқталады.
Су айдындарының ластануын былайша топтайды:
* биологиялық ластану: өсімдік, жануар, микроорганизмдер және аш бейімді заттар
* химиялық ластану: уытты және су ортасының табиғи құрамын бүлдіретіндер
* физикалық ластану: жылу-қызу, электр-магнитті өріс, радиоактивті заттар
Судың сапасы, ластану деңгейі үнемі бақылауға алынып отырады. Судың құрамындағы химиялық қоспалар, тұздық құрамы, еріген бөлшектер, температура әр түрлі болуы мүмкін.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауыз судың 100-ден астам сапалық көрсеткішін ұсынған. Ал Қазақстанда ауыз су сапасы МемСТ 287482 бойынша 30 міндетті көрсеткішпен анықталады. Су бассейнінің ластануының негізгі себептері -- тазартылмаған ағын суларды өзен-көлдерге жіберу. Бұған жол беретіндері:
* тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықтар;
* өнеркәсіп орындары;
* ауыл шаруашылығын химияландыру:
* халық шаруашылығының басқа да салалары.
Ағын суларға құйылатын лас сулар да бірнеше топқа бөлінеді. Оларды қоспалар (ерімейтін, коллоидты, еритіндер), лас сулар (минералдық, органикалық, бактериалдық, биологиялық) деп жіктейді. Лас сулардың ішінде тұрмыстық сарқынды суларда органикалық заттар 58%, минералдық заттар 42 тей болады. Өнеркәсіпте пайдаланылатын сулар мен синтетикалық жуатын заттармен сулардың ластануы өте қауіпті. Бұлар - химиялық ластану көздері. Соның ішінде сулы экожүйелердің пестицид, гербицид және басқа да химиялық улы препараттармен ластануы Қазақстанда кең етек алған. Мәселен, мақта мен күріш, жеміс- жидек, бау-бақша, теплица (жылы жай) зиянкестеріне қарсы бұрынғы Кеңес үкіметі кезеңінде өте көп химиялық заттар пайдаланылған Нәтижесінде, су ластанып, оның сапасы мен микрфлорасы және микрофаунасы, ірі хайуанаттар, құстар зардап шеккен. өз кезегінде химиялық заттардың зиянды қосылыстары азық - түлікпен адам организмін кері әсерін тигізді. Қазіргі кезде ашық өзен, көл суларымен қатар жер асты сулары да сарқынды, шайынды сулармен және еріген зиянды заттармен ластанып отыр. Оның негізгі ластану көздері мыналар:
* өнеркәсіп өнімдерін сақтайтын қоймалар;
* химиялық заттар және тыңайтқыштар;
* тұрмыстық қалдықтар;
* жер асты суларымен жалғанатын құбырлар;
* ірі құрылыс учаскелері;
* күзгі алаңдар, бұрғы-скважиналары болып табылады.'

Су ресурстарының ластануы деп суқоймаларға сүйық, қатты және газ тәрізді заттардың түсуінен судың физикалық, химиялық және биологиялық қасиеттерінің өзгеруін айтады, яғни бүл суқоймаларды пайдаланатын халык шаруашылығьша, адамдардың денсаулығына және өміріне кауіп төндіруі.
Жер беті мен жер асты суларының ластануын мынадай типтерге бөлуге болады:
механикалық - қүрамында механикалық қоспалардың артуы, негізінен беттік ластану түріне тән;
химиялық - су құрамында улы және улы емес әсері бар органикалық және бейорганикалық заттардың болуы;
бактериялық және биологиялық - су құрамында алуан түрлі патогенді микроорганизмдердің, саңырауқүлақтардың және ұсақ балдырлардың болуы;
радиоактивті - жер беті және жер асты суларында радиоактивті заттардың кездесуі;
жылулық -- суқоймаларға жылу және атом электр станцияларынан шығатын жылы сулардың қосылуы.Суқоймалардың негізгі ластау көздері: өндірістік және тұрмыстық кәсіпорындардан, ірі мал шаруашылық кешендерінен шығатын толық тазартылмаған ағынды сулар, рудалық қазбаларды өңдеу кезіндегі өндіріс қалдықтары, шахталар мен кен орындарынан шығатын сулар, орман материалдарын өңдеу жэне балқыту кезінде шығатын сулар, су және теміржол көліктерінен шығатын сулар, зығырды бірінші реттік өңдеу қалдықтары, пестицидтер және т.б. болып табылады. Ластаушы заттардың табиғи суқоймаларға түсуі судың сапалық қасиеттерінің: физикалық (түсінің, дәмінің жэне т.б. өзгеруі), химиялық қүрамының (су бетінде қалқып жүретін зиянды заттардың пайда болуы жэне олардың су түбінде шөгуі) өзгеруіне әкеліп соғады.
Өндірістен шығатын ағынды сулар негізінен өндіріс қалдықтарымен ластанған. Олардың сандық жэне сапалық құрамы алуан түрлі және қай салаға жататын кәсіпорыннан шығатынына, оның технологиялық процестеріне байланысты; оларды негізінен екі топқа бөледі: бейорганикалық, соның ішінде улы қоспалары да бар және құрамында у бар ағынды сулар.
Бірінші топқа құрамында қышқыл, сілті, ауыр металл иондары және басқалары бар сода, сулфатты, азотты зауыттардан, қорғасын, мырыш, никель және т.б. кен байыту фабрикаларынан шығатын ағынды сулар жатады. Бүл топқа жататын ағынды суларда негізінен судың физикалық қасиеттері өзгереді.
Екінші топқа жататын ағынды суларды мұнай өңдейтін, мұнай химиялық зауыттары, органикалық синтез, коксохимиялық кәсіпорындар және басқалар бөледі. Ағынды сулардың құрамында әр түрлі мұнай өнімдері, аммиак, альдегидтер, шайырлар, фенолдар және басқа да зиянды заттар болады. Бүл топқа жататын ағынды сулардың зиянды әсері негізінен су құрамындағы оттегінің азаюынан биохимиялық қажеттіліктің артуын, соның әсерінен судың органолептикалық көрсеткіштершің төмендеуін тудыратын тотығу процестеріне байланысты.
Қазіргі таңда ішкі су қоймаларды, өзендер мен теңіздерді, Дүниежүзілік мүхитты негізгі ластаушылар мұнай және мұнай өнімдері болып табылады. Олар су қоймаларда әр түрлі ластау түрлерін: су бетінде қалқып түратын еріген немесе эмульсияланған жүқа қабат, су түбіне түнған ауыр фракциялар жэне т.б. түзеді. Соның әсерінен судың иісі, дәмі, түсі, беттік керілуі, тұтқырлығы өзгереді, оттегі мөлшері азаяды, зиянды органикалық заттар пайда болады, су улы қасиетке ие болады және тірі ағзалар мен адам өміріне қауіп төндіреді. Мыс, 12 г мұнай 1 тонна суды пайдалануға жарамсыз етеді.
Өндіріс суларындағы зиянды ластаушылардың бірі фенол болып табылады. Ол мүнай химиялық кәсіпорындарынан шығатын ағынды сулар қүрамында кездеседі. Соның әсерінен су қойманың биологиялық процестері, олардың өздігінен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өскемен қаласының жер беті суының экологиялық жағдайына баға беру
Өскемен қаласындағы жер үсті суларының ластауына экологиялық баға беру
Нұра өзенінің негізгі гидрологиялық сипаттамаларын есептеу
Суды тазалаудың жаңа технологиялары
Ағынды сулар туралы
Ақаба сулардың қасиеттері мен құрамы
Өскемен қаласы тұрғындарының денсаулығы және қоршған ортаның компонеттер
Су объектілерінің экологиялық жағдайын бағалау
Судың ластануы
Су – тіршілік көзі. Жердегі су қоры
Пәндер