Туризм индустриясын дамыту негіздері
Халықаралық туризм және меймандостық университеті
Халықаралық және ішкі туризм факультеті
Реферат
Пән: туризмология негіздері
Тақырыбы:" Туризм индустриясы ұлттық экономиканың саласы ретінде"
Орындаған: Сейдигали Ақниет
Тобы: ХІТ 20-05
Тексерген: Гиззатжанова Ажар
Түркістан 2020
Мазмұны
I.Кіріспе.
II. 1) Туризм индустриясының дамуы және экономикаға әсері.
2) Туризм индустриясын дамыту негіздері.
3) Мемлекеттік секторлардың туризм экономика саласындағы үлесі.
III.Қорытынды.
Кіріспе
Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Туристік Ұйымның (ДТҰ) деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етеді.Туризмнен түскен табыс мұнай, өнімдері және автомобиль экспорты табысынан кейін тұрақты 3-ші орында келеді. Мұндай оң үрдіс жаңа мың жылдықтың бас кезінде де ұсақталады деп күтілуде. Әлемдік туристік рыноктың дәстүрлі аудандары өзінің рекреациялық сыйымдылығының шегіне іс жүзінде жеткендіктен, туризмнің өсуі туристер баратын жаңа аумақтар есебінде басым дамитын болады. Осыған байланысты, Қазақстанның әлемдік туристік рынокта өзінің лайықты орнын табуға бірегей мүмкіндігі бар.
Дүниежүзілік туризм ұйымының болжамы бойынша ХХЫ ғасырда туристік индустрияның өсуі артады және 2020 жылы әлемдегі туристік саяхаттар 1,6 биллион бірлік құрайды.
Туристерді жағымды пікір ғана емес, қайта тұмса табиғат, тылсым құбылыс, ғажайыптар, тәуекелдер, бұрын-соңды болмаған жаңалықтар, басқа да оларды өз елдерінде бола бермейтін ерекше жағдай мен көңіл күйлер шақырады. Сондықтан туризмді дамыту үшін туристік өңір туралы романтикалық (бәлкім тылсым, бәлкім қорқыныш, бәлкім таңғажайып) түсініктердің қалыптасуына айырықша мән беру керек.
II.Туризмнің қазіргі индустриясы табысы жоғары және серпінді дамып келе жатқан қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бірі болып табылады. 1999 жылы халықаралық туризмнің үлесі экспортқа шығарылатын дүние жүзілік табыстың 8 пайызын, қызмет көрсету секторы экспортының 37 пайызын құрады. Туризмнен түскен табыс мұнай, мұнай өнімдері және автомобиль экспортының табысынан кейін тұрақты үшінші орында келеді. Мұндай оң үрдіс жаңа мыңжылдықтың бас кезінде де сақталады деп күтілуде. Әлемдік туристік рыноктың дәстүрлі аудандары өзінің рекреациялық сыйымдылығының шегіне іс жүзінде жеткендіктен, туризмнің өсуі туристер баратын жаңа аумақтар есебінен басым дамитын болады. Осыған байланысты, Қазақстанның әлемдік туристік рынокта өзінің лайықты орнын табуға бірегей мүмкіндігі бар.
Қазіргі туризм еңбекшілердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шығуымен байланысты болды, мұның өзі адамның демалуға және бос уақытын өткізуге негізгі құқығын тану болып табылады. Ол жеке адамды, адамдар және халықтар арасындағы өзара түсіністікті дамытудың факторына айналды.
ДТҰ, туризм жөніндегі мамандандырылған халықаралық ұйымдардың зерттеулерінің талдауына, сондай-ақ мемлекеттердің туризмді дамыту саясатына сәйкес, туризм мемлекеттің әлеуметтік, мәдени және экономикалық өміріне тікелей ықпал ететін қызмет ретінде түсініледі.Қазіргі туризм -- бұл әлемдік экономиканың қүлдырауды білмейтін саласы. Мамандардың есебі бойынша, орташа есеппен, бір шетелдік туристің беретін табысын алу үшін оған барабар, шамамен 9 тонна тас көмір немесе 15 тонна мұнай немесе 2 тонна жоғары сортты бидайды әлемдік рынокқа шығару керек. Бұл ретте, шикізат сату елдің энергия көздерін азайтады, ал туристік өндіріс таусылмайтын ресурстармен жұмыс істейді. Шетелдік экономистердің есебі бойынша, 100 мың турист қалада орташа есеппен екі сағат болған кезде кемінде 350 мың доллар немесе адам басына бір сағатта 17,5 доллар жұмсайды. Сейтіп, шикізат сату өзіндік экономикалық тығырыққа тірелу болса, ал туризмді дамыту -- ұзақ мерзімді, экономикалық тиімді болашақ.
Туризм жалпы алғанда, мемлекеттің экономикасына үш оң нәтиже береді:
1 Шетел валютасының құйылуын қамтамасыз етеді және төлем теңгерімі мен жиынтық экспорт сияқты экономикалық көрсеткіштерге оң ықпал жасайды.
2. Халықтың жұмыспен қамтылуын көбейтуге көмектеседі. ДТҰ мен Дүниежүзілік туризм және саяхат кеңесінің бағалауы бойынша туризм өндірісінде құрылатын әрбір жұмыс орнына басқа салаларда пайда болатын 5-тен 9-ға дейін жұмыс орны келеді екен. Туризм тура немесе жанама түрде экономиканың 32 саласының дамуына ықпал жасайды.
3 Елдің инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдеседі.
Туризм елдің тұтас аудандарының экономикасына белсенді әсер етеді. Туризм саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы және жұмыс істеуі жол көлігін, сауданы, коммуналдық-тұрмыстық, мәдени, медициналық қызмет көрсетуді дамытумен тығыз байланысты. Сөйтіп, туризм индустриясы басқа экономикалық секторлардың көпшілігімен салыстырғанда, неғұрлым пәрменді мультипликаторлық тиімділікке ие.
Туризм жеке және ұжымдық жетілдіру құралы ретінде жоспарлануы және тәжірибеде іске асырылуы тиіс демалыспен, бос уақытты өткізумен, спортпен, мәдениетпен және табиғатпен тікелей араласуға байланысты қызмет. Мұндай жағдайда, ол өз бетімен білім алудың, толеранттықтың және халықтар мен олардың әр түрлі мәдениеттерінің арасындағы олардың өзгешеліктерін танып-білудің бірден бір факторы болып табылады.
Туризмнің жылдам және тұрақты өсуін, оның қоршаған ортаға, экономиканың барлық секторлары мен қоғамның әл-ауқатына күшті әсерін назарға ала отырып, Үкімет Қазақстанның ұзақ мерзімдік даму бағдарламасында туристік саланы басымдық ретінде белгіледі. Осыған орай туризм саласында тұтас мемлекеттік саясатты қалыптастыруды, Қазақстанда қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті туризм индустриясының құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздерін қалыптастыруды көздейді.
Бұл ретте біз экономиканың дамып келе жатқан саласының объектілері мен субъектілеріне тоқталып қарастырайық.
Туристік қызмет субъектілеріне біз келесілерді жатқызамыз:
Туристік операторлар (туроператорлар);
Туристік агенттер (турагенттер);
Гидтер (гид-аудармашылар), туризм нұсқаушылары, экскурсоводтар;
Туристер және олардың бірлестіктері;
Экскурсанттар;
Туристік қызмет саласындағы өзге де бірлестіктер;
Туристік қызмет саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін мемлекеттік органдар жатады.
Ал туристік қызмет объектілері дегеніміз -- табиғи объектіпер және табиғи-климаттық аймақтар, көрікті орындар, тарихи және әлеуметтік-мәдени көрсету объектілері және саяхат кезінде туристердің қажеттерін қанағаттандыра алатын өзге де объектілер.
Атаулы субъектілер мен объектілер туристік индустрияда қамтылған. Туристік индустрия -- туристерді орналастыру құралдарының, көліктің, қоғамдық тамақтандыру объектілерінің, ойын-сауық объектілері мен құралдарының, танымдық, сауықтыру, іскерлік, спорттық және өзге де мақсаттағы объектілердің, туристік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, сондай-ақ экскурсиялық қызмет және гидтер (гид-аудармашылар) қызметін көрсететін ұйымдардың жиынтығы. Соынмен қатар біз туристік индустриядағы қызмет көрсету түрлеріне тоқтала кетуіміз жөн:
Турлар ұсыну жөніндегі қызмет көрсету;
Тұратын орындар беру жөніндегі қызмет көрсету;
Тамақтандыру жөніндегі қызмет көрсету;
Ақпараттық, жарнамалық қызмет көрсету;
Келік қызметін көрсету;
Ойын-сауық;
Өзге де туристік қызмет көрсетулер.
Турисік индустрияда міндетті түрде туристік ресурстар (қорлар) қарастырылады. Осыған орай Қазақстан Республикасының туристік ресурстарын сыныптау мен бағалау, олардың қорғалу режимі, қоршаған ортаға түсетін ауыртпалықтың жол берілетін шегін ескере отырып пайдалану мен туристік ресурстардың тұтастығының сақталу тәртібі, оларды қалпына келтіру жөніндегі шаралар арнайы заңдарда белгіленген тәртіппен айқындалады.
III.Қазіргі кезеңдегі туризм индустриясының дамуының негізгі факторлары мыналар:
Халықтың бірінші кезектегі қажеттіліктерін қанағаттандырудан (тұрғын жай, киім, тамақ) тыс рекреациялық қажеттіліктерді қанағаттандыруға жұмсауға арналған табыстарының өсуі (экономикалық дамыған елдердің тұрғындарының тұтыну кешенінің шығындар құрылымында туристік қызметтерге кететін шығындар тұрғын жай шығындарынан кейінгі екінші орынға шықты);
Экологиялық таза ортада демалуға деген сұранысты жеделдете арттыратын, урбандалған өмірді өзге іс-әрекетпен ауыстыруды, күнделікті тірлік пен тұрмыстан демалуды талап ететін өсе келе шиеленіскен урбандалу мен экологиялық ахуалдың нашарлауы;
Бос уақыттың, яғни адамның еркін иеленетін уақытының артуы. Дамыған елдердің туризмінің іс-тәжірибесінде мынадай тепе-теңдік орын алған: әдетте еңбек демалысының уақыты шетелдерге туристік сапарға шығуға, уик-эндке - ел ішіне экскурсия жасауға, ал кешкілік бос уақыт қаладағы демалысқа арналады. Бос уақыт құрылымында уик-энд жетекші орын алғандықтан, дамыған елдерде ішкі туризмге деген қажеттілік арта түсуде және ішкі туризм индустриясы қарқынды дамуда;
Ерекше туристік ресурстарды жетілдіре отырып, оларды тұтынуға қажет туристік іс-әрекетті ыңғайлы етуге мүмкіндік беретін ұйымдастыру құралдары мен инфрақұрылымдардың қалыптасуы;
Туризм индустриясындағыхалықаралық еңбек бөлінісі мен халықаралық сауда айырбасының дамуы (оларда туризм оның жедел өсіп келе жатқан туристік сұранысты қанағаттандырудағы тиімділігінің негізінде алдыңғы қатарға көтеріледі);
Жарнаманы дамытуға мүмкіндік беріп қана қоймай мыңдаған туристерге тез және тиімді қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін бұқаралық ақпарат құралдарының, туризмдегі телекоммуникациялық жүйелер мен ақпараттық технологиялардың дамуы.
Туризм индустриясын туризмге байланысты тауарлар мен қызметтерді шығаратын кәсіпорындар мен мекемелер құрайды. Олар:
Қонақүйлер;
Тамақтану мекемелері;
Тасымалдаушы мекемелер;
Экскурсиялық орталықтар;
Сувенирлер шығаратын кәсіпорындар;
Туристік бағыттағы оқу орындары;
Ақпараттық және жарнамалық қызметтер;
Туристік бағытта еліміздегі облыстық әкімшіліктердің туризм бөлімдеріндегі зерттеу және жобалау мекемелері;
Туристік тауарларды өндіру мекемелері.
Туризм индустриясы туроператорлар еңбегінің нәтижесінде туристерге қажет болатын қызметтерді өндіреді. Туроператор осы көп түрліліктен жеке алған қызметтерді емес, құнды тұтыну қасиеттері бар туристік өнімді қалыптастырады.
Бірақ туроператорлардың қызметі де туристік өнімде туризм индустриясының элементтерін құрамайтынын баса айтқан жөн, себебі қызметтердің әрқайсысы оның өндірілу орнында оқшаулана тұтынылады, бірақ осы туроператордың іс-әрекетінің арқасында ғана осы қызметтерді өндіру қазіргі таңда өндірістік сипатқа ие болды.
Туризм индустриясының өзіне тән қасиеттері:
Туристік мекемелерді орналастырудағы ресурстық бағдар;
Туристік қызметтерді өндірудегі маусымдық және циклдік сипат;
Әлеуметтік инфрақұрылым мен ақпараттық желілерді дамыту деңгейіне қойылатын жоғары талаптар.
Туристік сұраныс туризм индустриясының қызметтер өндірілетін жүйесінде ғана қанағаттандырылады. Кейбір туристік өнімдер туристің сұранысын қанағаттандыруда негізгі болып табылады, ал өзгелері болса қосымша немесе екінші дәрежелі болып табылады (мәселен, тамақтану мен көлік жүйесін пайдалану).
Туризмнің өндірістік сипаты туристік мекемелерді ұлттық экономика үшін тиімді етеді. Себебі туризмге деген сұраныстың артуынан және туристік мекемелердің іс-әрекеті нәтижесінде жергілікті табыс өсіп, жаңа жұмыс орындары ашылады, туристік қызмет көрсетумен байланысты барлық салалар дамиды; туристік орталықтардағы әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылым дамиды, халықтық қолөнер кәсіптері жаңа даму қарқынына ие болады, валюталық түсімдер өседі; жергілікті халықтың өмір сүру деңгейі жоғарылайды.
Туристік айналым - бұл туристік мекемелер арасында тікелей немесе жанама түрде қалыптасып, құрамына туристік өнімдер мен қызметтер ағымдарын және де туризм экономикасындағы төлемдер мен инвестицияларды қамтитын экономикалық қатынастар жүйесі.
Туристік тауарлар мен қызметтердің әрбір ағымына қарама-қарсы төлемдер ағымы болады. Туристік компаниялар мен туристер арасындағы тікелей және жанама айырбастарды есептемегенде, туристер мен өзге компанияларарасында алмасулар да болатындығын айта кеткен жөн.
Туристік тауарлар мен өндіруші-фирмалар қызметтерінің және төлемдердің ағымдары туризм экономикасында үздіксіз болып табылады, кез келген кезеңде пайда болады және туристік компаниялардың өндірістік іс-әрекетіне (белсенділігіне) тәуелділігімен ажыратылады.
Туристік айналым негізінде туристік өнімді немесе қызметті экономикалық игілік ретінде, яғни айырбасқа арналған өнім ретінде ұсыну жатыр. Туристік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz