Кіші жүзбен Орта жүз қазақтарының Ресей бодандығын қабылдауы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНСТРЛІГІ
Е. А. БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК
УНИВЕРСИТЕТІ
Тарих факультеті
Археология, этнология және
Отан тарих кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Қазақ хандығын Ресейге қосып алудың басталуы
Орындаған: ИО - 31 тобының студенті Хасыхан. О.
Тексерген: т. ғ. м., аға оқытушы Бөдеев Қ. Т.
Қарағанды 2020
Жоспар
І. Кіріспе . . . 3
ІІ. Негізгі бөлім
1. Тарау. Қазақ хандығының Ресейге қосылуының алғышарттары
1. 1. Патша өкіметінің Ертіс өңірінде бекіністер орнатуы . . . 5
1. 2. Қазақстандағы Ресейдің әскери-отаршылдық әрекеттерінің басталуы . . . 7
2. Тарау. Орта жүз бен кіші жүз қазақтарының Ресей бодандығын қабылдауы
2. 1 Әбілқайыр ханның Ресейге қосылудағы саяси көзқарасы . . . 11
2. 2 Әбілқайыр ханның орыс өкіметінің өкілдерімен
қарым-қатынасы . . . 16
2. 3 Кіші жүз бен Орта жүз қазақтарының Ресей Бодандығын қабылдауы . . . 20
ІІІ. Қорытынды . . . 22
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер . . . 23
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанның Ресейге қосылуы қазақ халқының тарихындағы маңызды оқиғаларыдың бірі болды. XVIII ғасырдағы Қазақ хандығының жағдайын алып қарасақ Рсейге қосылудан қашып құтылу қиын еді. Ал Ресейдің Қазақ хандығын қол астына кіргізуінің басты мақсаты ішкі Азияға жол ашу болды. Оның үстіне жүргізілген зерттеулер қазақ жерінің пайдалы қазбаларға бай екенін анықтады. Қазақ жерінің тиімділігін Ресей патшалығы барынша көрді. Соғыс болған жағдайда әскерге материалдық тұрғыдан үлкен көмек болатынды. Ең алдымен Ресей патшалығы қазақ жеріне бекіністер салып, халықты отырықшылққа бейімдей бастады. Барлық елді бірорталықтан басқару үшін хандық билікті жойды. Бұл әрекеттер қазақ халқының мәдениетіне орасан зор соққы болып тиді. XVIII ғасырдың 30 жылдарының басында Қазақстанды қосу тек қана XIX ғасырдың ортасында аяқталды және күрделі қарама-қайшы процесс болып табылды. Қазақ жүздерін қосу әртүрлі саясаттан тыс және ішкі жағдайларға байланысты жүргізілді. Кіші жүздің маңызды бөлігі, Орта жүздің кейбір аудандары ресейлік бодандықты ерікті түрде қабылдады. Орта Азия империясының стратегиялық, бұрыннан келе жатқан мақсаттарын басшылыққа алып, Қазақстан тұрғындарының басым бөлігінің мүддесін ескермей, өңірлердің бірігуін жеделдетуге тырысқан патшаның әскери күшімен Орта жүздің басым бөлігі және Оңтүстік Қазақстанның кейбір аудандары қосылды. Оңтүстік Қазақстанды, содан соң Орта Азияны Ресейге қосу патшаға Британ империясымен бақталастықта жоғары тұруға мүмкіндік берді. Бұл тақырыптың өзектілігі Ресейдің Қазақстанды отарлауы кезіндегі қазақ хандарының әрекеттерін талдау болып табылады. Әлі күнге дейін тарихшылар арасында Ресейге қосылудың пайдасы мен зияны туралы келіспеушілік бар. Кейбірі Ресей көмегіне жүгінбей саяси орнымызды саұтап қалуға болатын еді десе, кейбіреулері сол кездердегі қазақ хандарының саясатын қолдай отырып, Ресейге қосылудың тиімді тұстарын алға таратады. Демек қаншама жылдар өтседе бұл тақырыптың әліде болса өзектілігін жоғалтпағанын байқаймыз.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: XVII ғасырдың аяғы - XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ қоғамын, оның ерекшеліктерін өз еңбектерінде жазған ғалымдар қатарында С. З. Зиманов, Б. С. Сүлейменов, В. А. Моисеев, Р. Б. Сүлейменов, Т. И. Сұлтанов, Х. З. Зияев сынды және тағы басқа да зерттеушілер бар.
Әбілқайырдың ата-баба шежіресін, оның ұрпақтарынан хабардар ететін, оның жатқан жерін анықтауға арналған материалдар да жарық көрген болатын. Олардың ішінде Ш. Уәлихан, Ш. Құдайберді, С. Толыбеков, Қ. Салғараұлы, М. Әбдіров және Ә. Хасенов еңбектерін атауға болады. Әбілқайыр хан өлімінен кейін хан әулетінің шаңырағын көтерген, жарының атын ақтауда талай мәмілегерлік келіссөздер жүргізген Бопай ханым бейнес Ж. Қасымбаев, Қ. Есмағамбетұлы еңбектерінде айрықша суреттелген[1, 15-16. ] .
Курстық жұмыстың мақсаты:
ХVIII - XIX ғасырлардағы Қазақ хандығының сыртқы саясатын зерттеу.
Зерттеу міндеттері:
Ресейдің Қазақстанды отарлау саясатының тарихын зерттеу.
ХVIII - XIX ғасырлардағы Қазақ хандығының Ресеймен қарым - қатынасына талдау жасау.
Кіші жүз қазақтарының Ресей бодандығын қабылдауының тарихи маңызына сипаттама.
Зерттеу объектісі: ХVIІІ 30-40 жылдарындағы Қазақ хандығының саяси жағдайы.
Зерттеу пәні: Қазақстанның жаңа заман тарихы.
Зерттеу әдістері: Ғылыми әдебиеттер, оқулықтар, баспасөз материалдары.
Курстық жұмыс: Кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.
I Тарау. Қазақ хандығының Ресейге қосылуының алғышарттары
1. 1Патша өкіметінің Ертіс өңірінде бекіністер орнатуы.
XVIII ғасырда орталық шығыста халықаралық саясаттың негізгі күші Ресей империясының қолында еді, I Петр патша Үндістан мен Қытай, сондай-ақ өзге де ірі-кіші мемлекеттермен сауда жолдарын иемденуді жоспарлады. Осы жоспарын іске асыру жолында ол, барша Азия елдері мен жерлерінің кілті мен қақпасы қазақ елі, осы халықтың жері арқылы жүзеге асыра алатынын өз саясатына түйіндеді[2, 15. ] .
Ресей ерте ме, кеш пе көшпенді халықты өзіне бағындыратын еді. Себебі, көшпенді халықтың жерлері арқылы Орта Азияға саяси ықпал ету мүмкіндігі мен сауда жолы жатты.
Қазақ жерін отарлау екі бағытта жүргізілді: Қазақстанның батыс бөлігінде (Кіші жүзде), солтүстік пен шығыста (Орта жүзде) . Бұл бөліктің барлығында Ресейдің әскери бекіністері тұрғызылды. Сөйтіп, қазақ елі ата-бабалар заманынан қолданып келе жатқан жерлерінен айырыла бастады. Оның салдарынан дәстүрлі көшіп-қону жолдары бұзылды.
I Петрдің Ресейді нығайтуға бағытталған реформалары мемлекеттің беделі мен қуатының өсуіне ықпал етті. Бұл мезгілде Ресейдің сыртқы саясатында Қазақстан айрықша орын алды. Өйткені, I Петр қазақ даласын "шығысқа шығаратын қақпаның кілті" деп есептеді.
Кіші жүз ханы Әбілқайырдың түпкі мақсаты - Ресейге бодан болу емес. Ресейді пайдаланып, әуелі жалпы қазақтық, кейін бүкіл ортаазиялық хандық құру еді[2, 17. ] .
XVIII ғасырдың басында патшалық өкімет орындары мен орыс көпестерінің шығыста қол жеткен шептерін нығайту жөніндегі әрекеттері жаңа күшпен жаңғыртылды, бұл ретте Ертіс өзенінің жоғарғы ағысына дейінгі орасан үлкен қашықтықтың бәрінде өзен бойындағы шеп алдыңғы қатарға шықты.
ІІІығыс жақтағы отарлау қозғалысының күшеюіне әр түрлі жағдайлар себепші болды, Жайық шебін кеңейтудің белсенді үрдісі сол Шығысқа бағытталған еді, ал Гурьев қалашығы Ресейдің сауда-экономикалық мүдделерін қорғауды қамтамасыз етті. Саудагерлер, дипломатиялық миссиялардың мүшелері, саяхатшылар, ел мен жер көруге құмарлар Орта Азия иеліктерінен, Шығыс Түркістаннан, Оңтүстік-батыс Сібірден орыс қалаларына қайтқанда, Ертістің арғы жағында жатқан «азиялық елдер туралы» кейде аңызға бергісіз мәліметтер әкеліп, таратып жүрді. Ресейдің шығысқа қарай беттеуді кеңейту саясатын нығайтуда Еркеті қаласындағы (қазіргі Жаркент қаласы. ) «алтын аралас топырақ туралы» лақаптардың кең таралуы елеулі рөл атқарды [2, 20. ] .
Сонымен Ресейдің алған иеліктерді қолдан шығармау қажеттігі, Орталық Азия елдерімен өзара сауда байланыстарын орнату елдің табиғи ресурстар, әсіресе алтын жөніндегі өскелең талаптарымен ұштасып, Петербург сарайын стратегиялық маңызды бағытта орналасқан жерлерді иеленуге, ең болмаған-да игеруге деген ниетке ынталандырды, ал онда сол жылдарда өз қуатына жеткен Жоңғар хандығы мен маңызды мақсат - үш жүздің күштерін топтастыруға зиян келтіретін ішкі қайшылықтар араздастырған қазақ хандықтарының алысты көздеген мүдделері үнемі тайталасып қақтығысып жатқан еді. Осының бәрі алыстағы Үндістан мен Қытайға ең кысқа жол іздеген I Петр кезінде-ақ Ертістің жоғарғы жағындағы аумақты иелену жоспарын жүзеге асырудың жеделдетілген сипатын анықтап берді. Сонымен бірге Ресейдің өзінің аса зор өзгерістері үшін өте қажетті қаржы қаражаттарына асқан мұқтаждықты бастан кешіргені, оның Ресей үшін Швециямен ұзаққа созылған соғысына байланысты болғаны мәлім. Орыс патшасының азиялық иеліктерге ұмтылысы туралы айтқанда, оның өзі алдына Үндістанды немесе қандай да болсын басқа бір елді «басып алу» жоспарын қоймағандығын есте ұстау керек. I Петрдің ниеті Азияның ірі елдерімен кең көлемді экономикалық байланыстар орнатуға деген тілегінен туған еді. Алайда оның кезінде Солтүстік-шығыс Қазақстан ауданында орыс әскери-барлау отрядтары ілгерілеуінің жандана түсуі жоңғарлардың қарсы қимылын туғызды, кейбір шекаралас өңірде қақтығыстар басталып, өзара дүрдараздықтар мен жанжалдар жиіледі [3, 37. ] .
Сібірдің бірінші губернаторы, Жаркент қаласын иеленіп алуға жан салған М. П. Гагариннің арандатушылық жоспарларына байланысты орыс-жоңғар қатынастары ерекше шиеленіскен сипат алды. Патшаны Тобылдан Жаркентке дейінгі жол бойында біріншісін Ертісте, Ямышев көліне жақын және одан арғы жерде, ал басқаларын «істің барысы бойынша керек етілетін» жерлерде «орыс бекіністерін салу» қажеттігіне иландыра келіп, губернатор сол арқылы I Петрге бекіністі шептердің тұтас тізбегін салу жоспарын ұсынды.
1. 2. Қазақстандағы Ресейдің әскери отаршылдық әрекеттерінің басталуы.
I Петрдің Бухгольцке арнаулы жарлығында былай деп нұсқау берілген: « . . . Тобылға бару және онда аталған губернатордан 1500 әскери адам алып, солармен Ямышев көліне бару. Қала жасап, аталған адамдарымен жаңадан салынған бекініс пен оның маңайына орналастыратын жерге жету, мүмкін болған жерге қыстап шығатындай етіп орналастыру керек, сөйтіп сол адамдарды келесі көктемде жинап алып, Ямышевке, Еркетіге барасындар. сондай-ақ кейбір жерлерде, атап айтканда өзендер маңында бекіністер жасау керек және сондағы тұрғындардың Дария-өзен бойындағы қандай жерлерден алтынды қалай өндіретінін де шындап біліп алындар. Шведтер арасынан минералдарды білетін бірнеше адам табу керек». Түрлі редакциясында талай рет жарияланған патша жарлығы мәтінінің бастапқы, негізгі нұсқасы осындай болатын, Ертіс өңірінің шебі шын мәнінде сол бойынша жасала бастап, оны салу 1714жылдан 1720 жылға дейін созылды[1, 18. ] .
Әскери экспедиция үшін адамдар Томскіден, Түменнен, Тарадан және төңіректегі қыстақтардан жинап алынды. Отрядты ұйымдастырушылар құрылып жатқан отрядты қаруландыруға едәуір мән берді. Белгілі әскери тарихшы В. К. Андриевичтің деректеріне қарағанда, тек 70-ке жуық әр түрлі оқпанды зеңбірек алынған. Экспедицияның құрамында тұтқынға түскен швед офицерлері, сондай-ақ шығысқа апаратын жаңа жолды игеруге тікелей мүдделі орыс саудагерлері де көп болды.
Тұтқынға түскен швед артиллериясының бұрынғы сержанты, кейіннен Жоңғария картасын жасаған Иоғанн Густав Ренат бар еді.
Отряд көп адамынан, сондай-ақ 2500 аттың 2200-інен айырылып, Тобыл керуенін күтіп алмай, солдаттар арасында тараған аурулар титықтатқан 700 адамнан тұратын Бухгольц отряды бекіністі тастап шығып, 1716 жылғы 28 сәуірде Ертіс арқылы кері қарай жүзіп кетті[1, 18. ] .
Сонымен тартысты оқиғалар жүріп жатқан қазақ даласының терең түкпіріне I Петрдің жеке нұсқауы бойынша жасалған әскери-барлау экспеди-циясы жалпы алғанда сәтсіз аяқталды.
Экспедиция ең алдымен ойрат әміршілерін бұл ел жөнінде дұшпандық ниеттері жоқ екеніне иландыра білмеген Сібір губернаторының дипломатия-лық қателіктері салдарынан өз мақсатына жете алмады. Ол былай тұрсын, мейірімсіз атыс кезінде орыс солдаттары бірнеше жоңғар жауынгерін өлтірген кезде олардың арасында Ямышевск бекінісінің құрылысы аяқталғаннан кейін Бухгольц «Қонтайшы адамдарына қарсы соғыс бастайды» деген Ресей үшін тиімсіз сыбыс таралды.
Қиратылған Ямышевск бекінісінен қайтып келе жатып, Бухгольцтің отря-ды Ом өзенінің сағасына жетті және көптен күткен қосымша күшін алып, 1716 жылғы 20 мамырда Омбы бекінісінің негізін қалады.
Алайда губернатор мен Бухгольц арасындағы алауыздық барған сайын өсе берді. Соның салдарынан экспедицияны жалғастырудан үмітін үзген подпол-ковник майор Вельяминов-Зерновты Омбының коменданты етіп тағайындап, Тобылға кетті, ол жерден өзі жасаған экспедицияның сәтсіздікке ұшырау себептерін түсіндіру үшін Петербургке шақырылды, онда дала халықтары туралы, табиғи байлықтар туралы өз әңгімелерімен Сыртқы істер алқасы мен Сенаттың бейтаныс елкеге терең ықыласын туғызып, астаналық топтарда қазақ жүздерін одан әрі игеруге және Ресейдің мемлекеттік мүдделері аясына енгізуге деген ынта-ықыласын күшейтті.
Алайда өлкені отарлау, оның қыруар байлықтарын игеру міндеттері, ке-руен саудасын жүргізу мен содан кейін оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жаңа аудандарды Ресейге бекітіп алу жаңа бекіністер мен тірек нүктелерін салған үстіне салып, көшпелі ортамен үнемі қатынас жасауды мейлінше керек етті. Бұл әскери-инженерлік құрылыстардың басты мақсаты
оңтүстік-шығыс шекараны, демек, Ресей державасының сыртқы ықпал ету
аймағын да кеңейту болып табылды[1, 19-20. ] .
Қазақ-ойрат күресінің күрт шиеленісуінің жаңадан өршуі дала кеңістігінің терең түкпіріне саны аз болса да, жақсы жарақтандырылған жинақы топтар жөнелтуді тездетті, олардың алдына қазақтардың негізгі күштерінің күші басым жауға қарсы үздіксіз теке-тіреспен айналысып жатқанын пайдалану міндеті қойылды. Қол жеткізілгенімен шектелмей, М. Гагарин Ертіс бойында жаңа бекіністер тұрғызу үшін воевода Павел Северский мен Василий Чередовты жіберді, соңғысы губернатордың дипломатиялық құпия тапсырмала-рын орындауға жиі тартылып жүрген еді. 1717 жылдың жазында П. Се-верскийдің отряды - Железинск, В. Чередовтың отряды - Колбасин бекіністерін салды, олар көп кешікпей тұрғындардың жеткіліксіздігі салда-рынан қаңырап қалды. Чередов одан әрі жүріп, жаңа бекініс - Семипалат (Семей) бекінісін салатын жерді тандап алды[1, 21. ] .
Қазақ қоныстарының өмірлік маңызы бар орталықтарына барған сайын терендей еніп, қан төгіссіз табыстар желпіндірген Сібір әкімшілігі енді Пе-тербургтен нұсқау күтпей, 1718 жылдың жазында солдаттардан, казактардан тұратын отряды мен артиллериясы бар, тәжірибелі фортификатор Прокофий Ступенный басқарған ірі экспедиция жасақтады. Ойраттармен қақтығыстар-дың зардаптары есінде қалған кінәз тәжірибелі офицерге ойраттармен «жан-жал жасамауға» және олар тарапынан шабуыл жасалған кездің өзінде де қор-ғанып, «оларға қарсы дұшпандық ниет» жоқ екеніне иландырып бағуға қатаң әмір берді.
Қазақ-ойрат күресі неғұрлым кескілескен сипат алған сайын, Зайсан көлі жағына жаңа отрядтар жіберу соғұрлым жиілей түсті. Көп кешікпей патша-ның өз өкімімен майор И. М. Лихарев басқаратын тағы бір әскери команда дайындалды, оған көлді толығырақ зерттеу, «алтын құмды» іздестіріп, ол ту-ралы егжей-тегжейлі мәліметтер «жеткізу» міндеті жүктелді, сондай-ақ оған И. Д. Бухгольц экспедициясының сәтсіздікке ұшырауының егжей-тегжейін білу тапсырылды. Бұл өкім I Петрдің дала хандықтарын бағындыруға қандай
мән бергенін көрсетеді, ол мұны Швециямен соғыс туғызған қиыншылықта-рға қарамастан, Орта жүз жеріне Бухгольцті жіберіп, сонау 1714 жылы-ақ жүзеге асыруға ұмтылған еді.
Экспедицияның келе жаткан жолын үздіксіз қадағалап отырған жоңғар-лар И. М. Лихаревтің солдаттарына оқ атып, оларды шегінуге мәжбүр етті. Орыс артиллериясынан едәуір зиян шеккеніне қарамастан, ойраттар өз мақ-сатына жетті: үш күндік атыстан кейін уақытша бітім жасасуға қол жеткізілді, сөйтіп шегінуге мәжбүр болған Лихарев қайтар жолында 1720 жылы Өскемен бекінісін салды, Цин империясының шекарасындағы Ресей әскери-инженерлік құрылыстарының жүйесінде түпкі нүкте болған ол редуттарға, маяктарға және басқа да фортификациялык кұрылыстарға сүйене отырып, едәуір аумаққа бақылау жасады; нақ сол жылы Ресей тағы да бірнеше бекініс - Черноморецк, Черноярск, Верблюжск, Осморыжск, Убинск, Семиярск форттарын салып, үш әскери-саяси шеп - Сібір, Ертіс және Колыван шептері үшін негіз калады.
Абакан острогімен (1707), Бикатун бекінісімен (1709) қатар, жақсы ма-шықтандырылған гарнизондары, зеңбіректері көп, стратегиялық жағынан орналасқан жері қолайлы бұл бекіністер жергілікті тұрғындарды құнарсыз жерлерге ығыстырып, Обь-Ертіс өзендерінің аралығын Ресей иелігіне бекітуді, өзін казак қоныстары арқылы қауіпсіздендіріп, отарлау тірегіне айналдыруды қамтамасыз етті. Әлбетте, бұл орайда патша өкіметі «Қырғыз-қайсақ даласын» Ресейдің саяси мүдделері аясында ұстауға ұмтылып, қазақтардың Жоңғар хандығына бағынуына жол бермеуге зор мән берді[1, 21-22. ] .
II Тарау. Кіші жүзбен Орта жүз қазақтарының Ресей бодандығын қабылдауы.
2. 1. Әбілхайыр ханның Ресейге қосылудағы саяси көзқарасы.
XVIII ғасырда орталық шығыста халықаралық саясаттың негізгі күші Ресей империясының қолында еді, I Петр патша Үндістан мен Қытай, сондай-ақ өзге де ірі-кіші мемлекеттермен сауда жолдарын иемденуді жоспарлады. Осы жоспарын іске асыру жолында ол, барша Азия елдері мен жерлерінің кілті мен қақпасы қазақ елі, осы халықтың жері арқылы жүзеге асыра алатынын өз саясатына түйіндеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz