Мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Қорқыт-Ата атындағы Қызылорда Университеті

Дипломдық
жұмыс
Орындаған:Пірманов Ботабек Дарханұлы
Жетекші:Шукенова Жадыра

Қызылорда 2021ж
Мазмұны
Кіріспе
1Шет елдердегі мемлекеттік басқару жүйелері
1Шет елдердегі мемлекеттік басқарудың дамуы

Кіріспе
Халықаралық тәжірибе бірде-бір елде мемлекетік басқарудың аса жетілген құрылымының әлі құрылмағандығына көзімізді жеткізіп отыр, ал мемлекеттік өкімет органдарын реформалау үздіксіз үрдіс болып табылады.
Қазақстан Республикасында бірнеше жылдан бері Қазақстандамуының ағымдағы және келешектегі мәселелерін тиімді шешуге қабілетті кәсіби Үкімет құру мақсатында мемлекеттік басқару құрылымын ұтымды бағытта жетілдіру үрдісі жүріп жатыр.
Басқару мен мемлекеттік қызметтің қазіргі заманғы жоғары сапалы мемлекеттік жүйесін қалыптастыру - бүгінгі таңда алға қойылып отырған түйінді мәселелердің бірі. Қазақстандағы экономикалық реформалардың барысы, қоғамды демократияландыру жолымен алға жылжыту, құқықтық мемлекеттің құрылуы, елдегі тұрақтылық пен даму мемлекетті басқару машинасының жағдайына, шенеуліктердің кәсіби біліктілігіне, олардың қабілеті мен бастамашылдығына, ел ұстанған бағытқа мүдделігіне тікелей байланысты екені анық.
Мемлекеттік басқару жүйесін түбегейлі жаңа бастауларға сүйене отырып құру қажеттігін тотолитарлық жүйеден нарыққа көшуді жүзеге асырып жатқан барлық транзитті мемлекеттер сезінуде. Бұл мәселе көптеген дамушы елдердің күн тәртібінен түспей отыр. Тіптен көтпеген классикалық демократиялар өздерінің басқару жүйелеріндегі кем тұстардың теріс әсерін сезіне бастады. Дегенмен , бұл елдердегі мемлекеттік қызметтің қалыптасу, жетілу мен шыңдалу тарихы айрықша деп танылатындықтан, жинақталған тәжірбиені пайдаланудың игілігіде, сөзсіз, көп.Батыстың алдыңғы қатарлы елдеріндегі әкімшілік құрылымдарды реформалау тәжірбиесіне жүгіну кездейсоқ емес, бұл ескі басқару жүйесін сыни бағалауға, мемлекеттік қызметті жаңа бастауларға сүйене құруға, оларды өзгермелі жағдайларға дер кезінде бейімдеуге мүмкіндік береді.
^Транзиттің^ барлық мемлекеттер үшін басқарудың жаңа мемлекеттік жүйелерін құрулың жалпы тенденциялары неде? Партиялар мен қозғалыстар түріндегі реформаторлық саяси күштер күш пен тәжірбие жинақтауда, ал бірқатар елдерде әлі де болса қалыптасу сатысында.Кәсіпкерлік орта бастапқы капиталды жинақтаумен айналысуда, кірістің сыртынан пайда табу жолында.Бұл көбінде оларды әлеуметтік экономикалық процестерді тиімді реттеуге, қаржыландыру функцияларын орындауға, мемлекеттік меншікті жекешелендіру мәселелерін ретке келтіруге, экономикалық қылмыстармен күрес жүргізуге қабілетті де күшті, өркениетті құқықтық мемлекеттің қалыптасуына қарсылық білдіруге итермелейді. Мұндай жағдайда мемлекеттік қызметшілер корпусы рефорлардың басты қозғаушысы мен біржола бетбұрысының кепілі рөлін өзіне алады.
Мемлекеттік қызмет жұмысының нормативтік-құқықтық негізі жетілген және толық аяқталған деп айтылудан алыс екенін де мойындаған жөн мемлекеттік қызметті материалдық қаржылай әлеуметтік қаматамасыз ету қуатты және мықты мемлекеттік бюджеттің қалыптасуымен тығыз байланысты. Бүгінгі таңда, мемлекеттік қызметшілердің материалдық жағдайы жақсартуды талап етеді. Шенеуліктер арасындағы сыбайлас жемқорлықтың, кадрлардың биснез саласына кетіп қалуының, идеялық тұрақсыздықтың, кәсіби жетілуге қажетті көтермелеудің болмау себебі де осында. Шығатын қортынды, мемлекеттік басқару саласы кадрларды үнемі даярлау және қайта даярлауды, оларды мамандандыруды, олардың қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз етуді нығайтуды қажет етеді.
Әрине, ұлттық ерекшеліктер мен салт-дәстүрлер де мемлекеттік қызметтің формасы мен мазмұнына айтарлықтай әсер етеді.Осы қатарда жаңа тәуелсіз мемлекеттердің әлемдік қауымдастықпен жақындасу мүмкіндігін де жан-жақты таразылау қажет.
Көптеген мамандар бұл жағдайдан шығу жолы мемлекеттік басқару жүйесіне сынақтан өткен әлемдік стандарттарды ендіру, көшпелі экономикасы бар елдердің мемлекеттік қызмет құрылысында халықаралық қағидаттарды қолдану мәселелерімен тығыз байланысты деп атап көрсетеді.

Мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісі
Бұл саладағы реформаларды жүйелі түрде жүзеге асыру қажет.
Ең алдымен, мемлекеттік басқаруға, кадр саясатына, шешім қабылдау жүйе - сіне және оларды орындау жауапкершілі - гіне деген көзқарасты өзгертуден бас - тауымыз керек.
Пандемия және дағдарыс жағдайында мемлекеттік басқару жүйесі бар күш-жігерін жұмылдырып жұмыс істеуде. Жедел шешімдер қабылдау айтарлықтай уақыт пен қаражатты талап етеді. Бірақ алдағы жоспарларды назардан тыс қал - дырмауымыз қажет. Сондықтан мен тікелей Президентке бағынышты болатын Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігін құру туралы шешім қабылдадым.
Бұрын мұндай орган болды және өз жұмысын ойдағыдай атқарды. Енді осы агенттік қайтадан тұтас мем - лекеттік жос - парлау жүйесінің негізгі орта - лығы - на айналады. Агенттік ұсынған реформалар нақты, іске асатын және ең бас - тысы, бар - лық мемле - кет - тік органдар үшін орын - дауға міндетті болуға тиіс.
Реформалар жөніндегі жоғары прези - денттік кеңес құрылады. Бұл кеңестің шешімдері түпкілікті болады. Тез өзгеріп жатқан ахуалға шынайы баға беру үшін Статистика комитеті Агенттік құрамына беріледі.
Дәстүрге сай, мемлекеттік жоспарлау жүйесінде жоспарлау, орындау және бағалау қызметін негізінен мемлекеттік аппарат атқарады. Бұл - дұрыс емес.
Мемлекеттік жоспарлау жүйесі адам ресурстарын барынша жұмылдыруға тиіс, яғни жеке сектор мен қоғам өкіл - дерін толыққанды серіктестер ретін - де жұмыстың барлық кезеңіне - жоспар - лауға, орындауға және бағалауға тартуы керек.
Сан алуан көрсеткіштер мен индика - т - ор - лардан тұратын мемлекеттік бағдар - ламалар әзірлеуді тоқтату қажет. Барша аза - матқа түсінікті, қысқа әрі нұсқа ұлттық жобалар форматына көшкен жөн. Негіз - гі мақсат - жұмыстың барысы емес, нәти - жесі болуға тиіс.
Осындай түбегейлі реформаны жүр - гізу үшін мемлекеттік аппараттың қыз - ме - тін қайта қарау керек. Бұл мәселе бойынша реформаларды жоспарлау мен жүзеге асырудың үйлесімділігі аса маңызды.
Мемлекеттік қызмет жүйесін ретке келтіріп, қайта құру керек. Пандемия ке - зінде мемлекеттік қызметшілердің басым бөлігінің қашықтан жұмыс істеу режіміне көшуі мемлекеттік аппаратты қысқарту керектігін және бұған толық мүмкіндік бар екенін көрсетті.
Мемлекеттік аппарат және квази-мемлекеттік сектор қызметкерлерін қысқарту мерзімін жеделдетуді тапсырамын. Биыл олардың санын 10 пайызға, ал келесі жылы 15 пайызға қысқартқан жөн. Осылайша біз 2021 жылы шенеуніктердің санын 25 пайызға қысқарту мәселесін шешетін боламыз. Соның нәтижесінде және цифрландыру үдерісін ескере отырып, одан әрі қысқарту туралы шешім қабылдаймыз.
Үнемделген қаражаттың есебінен қалған қызметкерлердің жалақысын көбейтетін боламыз. Еңбекақысы аз мемлекеттік қызметтің қоғам үшін пайдасынан зияны көп. Бұл мәселеге жете назар аудармау кері кетуге, біліктілік пен бастамашылдықтан айырылуға, сондай-ақ ең сорақысы, жемқорлыққа әкеп соқтырады. Сондықтан 2021 жылғы
1 шілдеден бастап балдық-факторлық жүйе енгізілуге тиіс. Мұндай жоба мем - лекеттік қызметшілердің құлшы - ны - сын арттырып, жауапкершілігін нығай - та түседі.
Бізге жаңа кадрлар, яғни кәсіби бі - лікті, озық ойлы және бастамашыл ма - ман - - дар аса қажет. Мемлекеттік қызмет қол жет - пейтін жабық кастаға айналмауға тиіс.
Сонымен қатар кәсіби және этикалық нормалардың құлдырауына жол бермей, сабақтастық пен институционалдық дәс - түрдің сақталуын қамтамасыз ету маңыз - ды. Осы тұста жауапты хатшылар институтына арнайы тоқталғым келеді.
Бұл институтты енгізген кезінде жа - уапты хатшылардың жиі ауыспай жұмыс істеуі министрлерді әкімшілік-кадрлық жұмыстардан босатып, аппараттың тұрақтылығын қамтамасыз етеді деген ой болған. Алайда іс жүзінде олай болмай шықты. Тіпті министрлер мен жауапты хатшылардың арасында түсініспеушілік туындап жатады. Мұның салдары ортақ жұмысқа зиянын тигізеді.
Негізгі жауапкершілік бір адамға, яғни Президент тағайындайтын министрге жүктелуі тиіс. Сондықтан жауапты хатшылар институтын жойып, олардың міндеттерін министрліктің аппарат басшыларына жүктеген жөн.
Бұл ұсыныстарды жүзеге асыру үшін осы жылдың соңына дейін мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға тиісті түзетулер енгізуді тапсырамын.
Норма шығару мәселесін де қайта қарау қажет.
Карантин кезінде құқықтық жүйенің қасаңдығы қолбайлау болып, жұмысты қатты тежегені жасырын емес. Сол себепті, төтенше жағдай режімін енгізіп, Төтенше жарлық шығаруға тура келді.
Бірақ мұндай шаралар дағдарыс жағ - дайында мәселені түбегейлі шеш - пейді.
Негізгі проблема атқарушы биліктің әр қадамының заңмен шектеліп, адымының ашылмауында болып отыр. Біз министрлер мен әкімдерге зор талап қоямыз, бірақ олардың өкілеттіктері заңдар мен қаулылардың нақты нормаларының аясында шектеледі. Бұл жағдай мемлекеттік аппараттың ғана емес, Парламенттің де жұмысын қиындатады. Парламент палаталары атқарушы органдардың құзыретіне беруге болатын егжей-тег - жейлі баяндалатын нормаларды да қарас - ты - руға мәжбүр болып отыр.
Алмағайып дүниеде жедел шешім қабылдай алмау ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруі мүмкін. Сондықтан Құ - қықтық саясат тұжырымдамасы аясында заңнаманы өзгерту арқылы құқықтық регламенттеу деңгейлерінің арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету керек. Мұны кейінге қалдыруға болмайды.
Тағы бір маңызды міндет - квази - мем - лекеттік компанияларды корпоративтік басқару ісін жақсарту мәселесін шешу.
Елімізде ондаған ұлттық компания және он мыңдаған мемлекеттік кәсіпорын бар. Бұл ретте ірі квазимемлекеттік мекемелер акционерлік қоғам ретінде жұмыс жүргізеді, яғни олардың мақсаты - пайда табу. Егер мемлекеттік қызметтердің бір бөлігі оларға берілсе, мұндай ком - па - ниялардың жұмысы азаматтарға және экономикаға нақты қызмет көрсетуге арналып, қосымша сипатқа ие болуы тиіс.
Көптеген акционерлік қоғамда қа - лып - ты түсініктер ауысып кеткен. Корпо - ративтік басқару қосымша бюро - кра - тиялық рәсімге айналып отыр.
Тұтас квазимемлекеттік секторды реформалау ісін жалғастыру қажет. Кей - бір шешімдер бүгін жарияланады, ал қал - ған мәселелер бойынша Үкімет маған ұсыныс береді.

АЗАМАТТАР СҰРАНЫСЫНА БЕЙІМДЕЛГЕН МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТ
Жаңа кезең жағдайында мемлекеттік аппарат қалай өзгеруге тиіс?
БІРІНШІ. Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін түбегейлі арттыру.
Сапа - мемлекеттік қызметші өмірінің жаңа стилі, ал өзін-өзі жетілдіру - оның басты қағидаты болуға тиіс.
Жаңа формацияның мемлекеттік қызметшілері мемлекет пен қоғам арасындағы алшақтықты қысқартуға тиіс.
Бұл арқылы тұрақты кері байланыс орнығып, мемлекеттік саясаттың нақты шаралары мен нәтижелері қызу талқыланып, жұртшылыққа түсіндіріледі.
Мемлекеттік басқару академиясы Назарбаев Университетімен бірлесіп, Жаңа формацияның басшысы бағдарламасын және басшылық қызметтерге тағайындау кезінде арнайы қайта даярлаудан өткізетін курстар әзірлеу қажет.
Үздік шетелдік компанияларда жұмыс тәжірибесі бар немесе әлемнің жетекші университеттерінде білім алған жеке сектордағы кәсіби мамандарды тарту маңызды.
Биыл біз 4 мемлекеттік органға жалақы төлеудің жаңа моделін енгіздік.
Барлық пилоттық жобалар жақсы нәтижелер көрсетіп отыр.
Мемлекеттік қызметке қызығушылық артты, әсіресе өңірлік деңгейде оның өзектілігі жоғары.
Тиімсіз шығындарды оңтайландыру және басшылық құрамын қысқарту есебінен төменгі және орта буындағы қызметкерлердің жалақысы 2 - 2,5 есе өсті.
Кадрлардың жұмыстан кетуі 2 есе қысқарды.
Беделді жоғары оқу орындарын бітірген түлектерді қоса алғанда, біліктілігі жоғары кадрлардың жеке сектордан келуі 3 есе артты.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде орталық аппаратқа арналған конкурс бір орынға 28 адамға дейін, ал өңірлік құрылымдарда бір орынға 60 адамға дейін өсті.
Маңғыстау облысының әкімдігіндегі 1 бос орынға енді 16 адам, ал Әділет министрлігінде орта есеппен 13 адам үміткер болып отыр.
Астанада мемлекет-жекеменшік әріптестік аясында іске асырылып жатқан жобаларды қаржыландыруға қатысты жаңа тәсілдер есебінен ғана 30 миллиардтан астам теңге үнемделді.
Еңбекақы төлеудің жаңа моделіне көшу үшін мемлекеттік органдардың басшыларына бюджеттік-кадрлық маневрді жүзеге асыруға құқық бердім.
Олар үнемделген қаражатты қызметшілердің жалақысын арттыруға бағыттау мүмкіндігін алды.
Қазіргі уақытта көптеген мемлекеттік органдар жаңа модельге көшуді қалап отыр.
Ең бастысы - олар мұны тек жалақыны көбейту ғана емес, бәрінен бұрын, жұмыстарының тиімділігін арттыру деп түсінуі керек.
Еңбекке төленетін қаржының өсімі бюджет шығысын, соның ішінде бағынышты мекемелердің шығыстарын оңтайландыру және үнемдеу есебінен өтелуін бақылауда ұстауды тапсырамын.
Бұл жерде аталған жобаның беделін түсірмес үшін формализм мен теңгермешілікке жол бермеу қажет.
ЕКІНШІ. Осы күрделі кезеңде бөлінетін әрбір теңгенің қайтарымының мол болуына қол жеткізу керек.
Тексерістер нәтижелері айқындап отырғандай, құрылыс құны кей жағдайда жобалық құжаттар әзірлеу кезеңінде-ақ арттырылып көрсетіледі.
Соңына дейін жеткізілмейтін немесе перспективасы жоқ екені әуел бастан белгілі болған жобалар бар.
Егер жүктелген іске жауапкершілік танытатын болсақ, бюджеттің жүздеген миллиард теңгесін үнемдеп, тұрғындардың нақты қажетіне бағыттауға болады.
Үкімет тиімсіз әрі уақтылы емес шығындарды болдырмай, шығыстарды оңтайландырып, қаражатты үнемдеу үшін жүйелі шаралар қабылдауы қажет.
ҮШІНШІ. Сыбайлас жемқорлықпен белсенді күрес жалғасатын болады.
Біріншіден, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер аясында мемлекеттік қызметшілердің тұрғындармен тікелей қарым-қатынасын азайтуға қол жеткізген жөн.
Жер қатынастары мен құрылыс саласындағы бюрократтық рәсімдер жұртшылықты мазалайтын мәселелердің бірі болып саналады.
Бұл салада ашықтық жоқ, халық пен бизнес ақпаратқа толық қол жеткізе алмай отыр.
Жер қоры мен жылжымайтын мүлік нысандары туралы мәліметтердің бірыңғай ақпараттық базасын жасауды тапсырамын.
Осы мәселе бойынша тәртіп орнатып, жерді нақты инвесторларға беру керек!
Бұл - бір ғана мысал.
Жұрттың және бизнес қоғамдастығының наразылығын туғызатын басқа да бағыттар бойынша тиісті реттеу жұмыстарын жүргізу керек.
Жалпы, 2019 жылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 80 пайызы, ал 2020 жылы кемінде 90 пайызы электронды форматқа көшірілуге тиіс.
Сол үшін Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңды жедел жаңарту керек.
Екіншіден, қарамағындағы қызметкерлер сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылық жасаған жағдайда бірінші басшылардың жеке тәртіптік жауапкершілігін күшейту мәселесін пысықтау қажет.
Сонымен қатар, адал жұмыс істейтін қызметкер тексерушілерден қорықпауға тиіс.
Үшіншіден, Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер жобалары аясында елорданың жемқорлыққа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы
Қазақстан Республикасында президенттік институттың қалыптасу кезеңдері
Басқару ғылымы
Муниципалдық құқық
Жергілікті өзін-өзі басқару
Жергілікті өзін-өзі басқарудың экономикалық моделі
Жергілікті өзін-өзі басқару түсінігі, мақсаты, ұйымдастырылуы
Басқару ғылымының заты, әдістері және мәселелері
Саяси модернизация теориялары мен түрлері
МЕМЛЕКЕТТЕГІ ПРЕЗИДЕНТІК БИЛІК НЫСАНДАРЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Пәндер