Университеттің ғылыми кітапханасы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ«С. СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» КеАҚ
7М04109 "Бухгалтерлік есеп және бизнесті құқықтық қамтамасыз ету" мамандығының БББ 1 курс магистранты
Е. Ә. Дөненбайдың ғылыми тағылымдамадан өту бойынша
ЕСЕБІ
Тағылымдама өту орны:
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Нұр-Сұлтан қ.
Тағылымдама өту мерзімі: 01 ақпан 11 ақпан аралығында
Есеп және аудит
кафедрасының меңгерушісі

Ғылыми жетекші,
PhD, аға оқытушы


Нұр-Сұлтан, 2021
Мазмұны
"БЕКІТЕМІН"
«С. Сейфуллин атындағы Қазақ
агротехникалық университеті» КеАҚ
Экономика факультетінің деканы
Пягай А. А.
"15" қаңтар 2021 ж.
Магистрант Е. Ә. Дөненбайдыңғылыми тағылымдамадан
өту бағдарламасы
Білім беру бағдарламасы : 7М04109 "Бухгалтерлік есеп және бизнесті құқықтық қамтамасыз ету"
Курс : 1
Бағыты бейінді
Диссертация тақырыбы : «Кәсіпкерлік құрылымдардың рентабельділігін экономикалық талдау алгоритмін дайындау » .
Ғылыми жетекші :PhD, аға оқытушыШайкенова. Н. Т.
Ғылыми тағылымдама өту орны : Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Нұр-Сұлтан қ.
Тағылымдама өту мерзімі : 01. 02. 2021. -11. 02. 2021 ж.
Жұмыстардың календардық жоспары
«Кәсіпкерлік құрылымдардың рентабельділігін экономикалық талдау алгоритмін дайындау » диссертациялық жобаның келесідей сұрақтары бойынша жетекші зерттеушілерден кеңестер алу :
1. Стратегиялық басқару есебінің шетелдік және отандық тұжырымдамалары.2. Кәсіпорын шаруашылық қызметінің тиімділгімен қызмет атқаруға экономикалық бағытталуы тікелей оның рентабельділігімен байланысты.
«Есеп және аудит» кафедрасының отырысында қаралды, хаттама №7 05. 01. 2021ж.



2. Университететтің қысқаша сипаттамасы
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 1996 жылғы 23 мамырдағы бастамасымен екі ЖОО - Целиноград инженерлік-құрылыс институты мен Целинаград педагогикалық инстиутының бірігуі негізінде құрылды.
2000 жылы Қазақстан Республикасының Қаулысымен Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясымен бірігу жолы арқылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университеті болып қайта құрылды.
2001 жылдың 5 шілдесіндегі «Жеке мемлекеттік жоғары оқу орындарына ерекше статус беру туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығына сәйкес университетке «Ұлттық және жалпыадамдық құндылық, ғылым мен техника жетістіктері негізінде тұлғаларды дамыту мен кәсіби қалыптастырудағы елеулі үлесі» ерекше мәртебесі берілді.
2001 жылдың 29 маусымындағы N 892 «Жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарын қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес университет Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті атауы берілді.
2000 жылдан бастап Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ халықаралық деңгейдегі жоғары оқу орны болып саналады. 2001 жылы тамыз айында Мемлекеттік аккредитациядан өтті.
Халықаралық ұйымдарға мүшелік ету
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия университетi жоғарғы мектеп ғылымдарының Халықаралық академиясына, Еуразия университеттер қауымдастығы және ТМД және Балтық елдерінің халықаралық зерттеулер қауымдастығына, Халықаралық университеттер қауымдастығы мен жоғары оқу орындарының Еуропалық қауымдастығына кiредi. 2005 жылы қыркүйекте Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті еуропалық бiлiм беру қатынастарына белсендi кiрiгу үшiн жаңа мүмкiншiлiктiң көзiн табатын Болон хартиясына қол қойды.
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ды мойындау
2005 жылы Оксфорд университетінде білім ордамыз "Бiрiккен Еуропа" мәртебелi халықаралық медальіне лайық деп танылды. 2006 жылы Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Сократ атындағы қазiргi қоғамның зияткерлiк дамуына үлес қосқаны үшін (Оксфорд) Халықаралық наградасына ие болды.
2007 жылы «ТМД ең үздік компаниясы» алтын жұлдызымен марапатталған.
«Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын» аталымындағы ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты (2012 ж. ) .
Халықаралық қатынас
Халықаралық қатынас шетелдік ЖОО-лармен, ғылыми орталықтар және басқа да Еуропалық Одақ, Америка мен Мұхит, Азия және Африка, ТМД елдерінің ұйымдарымен, Қазақстандағы халықаралық ғылым - білім беру қорлары, елшіліктер, өкілдіктермен жасалынған 116 келісім-шарт негізінде жүзеге асырылады. 2001 жылы Елбасының бастамасымен ЕҰУ-де М. В. Ломоносов атындағы ММУ-дің қазақстандық филиалы ашылған.
Қазақстандағы алғашқы ТМД Желілік университеті мен ШЫҰ университеті аясындағы қос дипломды білім беруді жүзеге асырған білім ошағы.
Білім беру
Қазіргі таңда Еуразия ұлттық университеті - Қазақстанның жетекші классикалық жоғары оқу орындарының бірі.
Еуразия ұлттық университетінде мамандарды даярлау жүйесі 3 білім беру баспалдағы бойынша: жоғары негізді білім (бакалавриат), магистратура және Ph. D докторантура. Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ге қабылдау мемлекеттік білім гранты мен ақылы негізде жүзеге асырылады.
Университет құрамына 13 факультет кіреді (механика-математика факультеті, ақпарттық технологиялар факультеті, сәулет-құрылыс факультеті, жаратылыстану ғылымдар факультеті, әлеуметтік ғылымдар факультеті, заң факультеті, филология факультеті, экономика факультеті, халықаралық қатынастар факультеті, физика-техника факультеті, журналистика және саясаттану факультеті, тарих факультеті және көлік-энергетика факультеті) .
Сонымен қатар университетте екі әскери-оқу мамандығы бойынша запастағы офицерлерді дайындайтын әскери кафедра жұмыс істеуде.
Магистрлер мен PhD докорларды дайындауда ғылыми жетекшілік етуге заманауи талаптарға сәйкес Қазақстанның жетекші ғалымдары әлем университеттері мен ғылыми орталықтардың шетел ғалымдары тартылып жатыр.
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Қазақстанда алғаш рет ТМД Желілік университеті мен ШЫҰ университеті аясында қос дипломды білім беруді келесі мамандықтар бойынша іске асырды:халықаралық құқық, филология, география, экология, экономика, менеджмент, заңтану, наноматериалдар мен нанотехнологиялар.
Университеттің ғылыми кітапханасы
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнiң ғылыми кiтапханасы - университеттiң құрылымдық бөлiмшелерiнің бiрі ретінде маңызды орын алады. Кітапхана тарихы 1962 жылы негізі қаланған С. Сейфуллин атындағы Целиноград педагогикалық институтының шағын кітапханасынан басталады. Бастапқы қоры Қазақстан мен Ресейдің жоғары оқу орындарынан сыйға берілген 5504 дана кітаптан тұрды. Бірінші оқу жылында жазылған оқырмандар саны 500 болса, оның ішінде күндізгі және сырттай оқу бөлімінде 399 студент, 24 оқытушы, 11 қызметкер болды. Кітапханада 3 қызметкер жұмыс істеді. Жыл сайын кітапхана қоры Мәскеу, Ленинград, Киев, Минск, Уфа, Ростов, Гомель, Одесса және Кеңес Одағының басқа да қалаларының кітап дүкендерінен келген кітаптармен толықтырылып отырды. 1972 жылдың есебінің көрсеткіштері бойынша кітапхана айтарлықтай өсті. Кітапхана 1989 жылы жаңа үлгідегі ғимаратқа (жалпы ауданы: 4886 шаршы метр) көшеді.
1996 жылы 23 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың ұйғарымымен Целиноград педагогикалық институты мен Целиноград инженерлік-құрылыс институтының бірігуіне сәйкес Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия университеті құрылды.
2001 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №924 (06. 07. 2001ж. ) Қаулысымен университет кітапханасы базасында «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығы ашылды. Мақсаты: жазба рухани-тарихи мұраларды сақтау, кітапхана қорын дамыту және кеңейту.
2008 жылы электрондық кітапхана құру ісі қолға алынды және кітапханалық-библиографиялық үдерістерді автоматтандыру жүйесі жаңа «КАБИС» бағдарламасының негізінде жүргізілді.
2009 жылы Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ректорының бұйрығымен (27. 04. 2009 ж. №456) кітапхана «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығынан бөлініп, «Университеттің ғылыми кітапханасы» болып қайта құрылды.
2000 жылдан бастап Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ғылыми кітапханасы - Астана қаласы мен Ақмола облысының жоғары және орта кәсіптік білім беру жүйесі кітапханалары үшін ғылыми-әдістемелік орталығы болып бекітілді.
Бүгінгі таңда, кітапхана - ақпараттық білім беру және мәдени-рухани орталық. Ғылыми кітапхананың кітап қорында 1, 5 млн. данадан аса оқулықтар, ғылыми әдебиеттер, мерзімді басылымдар, авторефераттар, диссертациялар, әдістемелік құралдар, библиографиялық көрсеткіштер, шет тіліндегі басылымдар және электронды оқулықтар бар. Кітапхана жылына 400 аталымнан астам қазақ, орыс және шет тіліндегі газет-журналдарға жазылады. Кітапхана қорындағы Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың ғалымдарының еңбектері, халықаралық конференциялар мен семинарлардың жинақтары, университеттен шыққан ғылыми журналдар мен басылымдар үздіксіз сұранысқа ие болып келеді.
Ғылыми кітапхана - Қазақстанның жоғарғы оқу орындары кітапханаларының Ассоциациясының мүшесі.
Ғылыми кітапхананың қорында - 1, 5 миллионнан астам университеттің оқу-білім мен ғылыми-зерттеу үдерісіне қажетті ғылым мен техниканың түрлі салаларына байланысты отандық және шетелдік басылымдар жинақталған.
Жыл сайын кітапхана қорына баспа және электронды түрде ғылыми және оқу басылымдарының 50 мыңнан астам данасы келіп түседі. Кітапхана жылына 400 аталымға жуық қазақстандық және шетелдік газет-журналдарға жазылады. Кітапхана қорында Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессор-оқытушылар құрамының монографиялары, оқулықтары мен оқу құралдары, диссертациялар, авторефераттар ұсынылған. Олардың ішінде С. Қасқабасов, Ж. Әбділдин, А. Сейдімбек және басқа да ғалымдардың еңбектерін ерекше атап өткен жөн.
Жаңа білім беру жүйелеріне қойылатын халықаралық талаптарға сәйкес білім беру саласындағы негізгі міндеттерге мыналар жатады: әлемдік нарықтағы білім берудің жоғары сапасын, білім беру қызметінің бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз ету; ұлттық және халықаралық деңгейде танылған үлгілердің ықпалдасқан өзара бейімделуі негізінде білім беру жүйесінің инновациялығын қамтамасыз ету; болашақтағы сапалы деңгейді озық бағдарлармен қамтамасыз ету.
Сапа менеджменті жүйесі - сапаға қатысты басшылық және ұйым басқармасы үшін өзара байланысты және өзара әрекет ететін элементтердің жиынтығы.
Мақсаты
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де сапа менеджменті жүйесін ендіру мақсаттары: мүдделік тараптардың талаптарына, заңнамалық және регламенттелетін талаптарға білім беру қызметін көрсетуін қамтамсыз ету қабілеттілігін көрсету; білім беру қызметін көрсетудің тұрақты сапасын қамтамасыз ету; мүдделік тараптардың сұраныстарын және үміттерін сәйкестендіру және орындау.
Міндеттері
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ сапа менеджменті жүйесі мыналарға жәрдемдеседі: ҚР экономикасы мен қоғамының бәсекеге қабілетті мамандарға қазіргі және күтілетін қажеттіліктерін қанағаттандыруға; ғылым және техника салаларындағы жаңалықтарға бара-бар инновациялы ортаны жасауға; қызметтің нәтижелігі мен тиімділігін жақсарту үшін көптеген өзара байланысқан үрдістерді сәйкестендіруге және басқаруға; қорларды нәтижелі және тиімді қолдану арқылы жұмсалған шығындарды оңтайландыруға; мүмкіндіктерді үнемі жақсартып отыру арқылы бәсекелестер алдындағы артықшылықты тануға; қызметтің қаржылық және әлеуметтік артылықшылықтарымен қуатталған білім беру қызметі сапасы мен беделінің нәтижелігі мен тиімділігіне мүдделі тараптардың сенімін қамтамасыз ету.
Халықаралық ынтымақтастық департаментінің міндеті - университеттің интернационалдандыру қызметін қамтамасыз ету және ЕҰУ-дің ғаламдық білім беру кеңістігінде еуразия аймағының ғылым -білім беру орталығы ретінде мынандай жолдармен танылуын арттыру:
1. Әлемнің жетекші университеттерімен, стипендиалды бағдарламалармен, білім-ғылым ұйымдарымен тиімді әрі тұрақты байланыстар орнату мен дамыту, іздестіру;
2. Жаңа халықаралық бағдарламалар іздестіру, ЕҰУ білім алушылары мен ОПҚ-ға, қызметкерлерге ақпараттарды тарату және кеңестер өткізу;
3. Университеттің білім алушылары, оқытушы-профессорлар құрамы мен қызметкерлерді академиялық ұтқырлықпен қамтамасыз ету, сондай-ақ, әріптес ЖОО-лардың білім алушыларын ЕҰУ-де білім алуға тарту, орналасуға, тіркелуге кеңес беру-ұйымдастыруға көмек көрсету;
4. ЕҰУ-де көптілділік білім беруді дамыту;
5. Қос дипломды білім беруді дамыту;
6. ЕҰУ-де шетел азаматтарының білім алулары үшін рекрутинг жасау, кеңес беру-ұйымдастыруға, өтінімдер, орналасуға, тіркелуге көмек көрсету;
7. Шетел мамандарын тарту;
8. Консорциумдар, халықаралық қауымдастықтарда университет жұмысын ұйымдастыруға атсалысу;
3. Дайындық бағыты бойынша кафедраның жұмысы
«Есеп және талдау» кафедрасы 2004 жылы Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Ғылыми Кеңесінің шешімімен бұрынғы «Қаржы және есеп» кафедрасының таратылып, екі дербес кафедраға бөлінуінің нәтижесінде «Есеп, аудит және талдау» кафедрасы болып құрылды.
Кафедраның құрылуы мен дамуына көп үлес қосқан алғашқы кафедра меңгерушісі экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Нурхалиева Дюльпарис Мусакуловна және бастапқы құрамына мүше болған 5 адам: Тажикенова Сапия Каргабаевна - э. ғ. к, доцент; Абдрахманов Сатубай Хаджимуратович - аға оқытушы; Жунусова Раушан Болатовна - аға оқытушы; Рейдолда Саулегул - аға оқытушы; Ерсеитова Хадиша Абдразаковна - аға оқытушы. 2004 жылы кафедрадан алғашқы мамандар дайындалып, оқытушылар құрамы үздік түлектермен толықтырылды: Аханова Назгуль Ермековна; Искакова Айгуль Болатбековна; Омарова Гульназ Муратовна; Чебодаева Амина Михайловна.
Кафедра жетекшілігі әр кезеңде есеп және аудит саласының атақты ғалымдарымен жүзеге асырылып отырды. Олар:
э. ғ. д., профессор Сейдахметова Фавзия Сихимбаевна - 2006-2008ж. ж;
э. ғ. д., профессор Арзыбаев Атабек Алибекович - 2008-2009ж. ж. ;
э. ғ. д., профессор Аленова Карлыгаш Толебаевна - 2009-2011ж. ж;
э. ғ. к., доцент м. а. Сапарбаева Сауле Саулебаевна - 2011-2012ж. ж;
э. ғ. д., доцент Садвокасова Куляш Жабыковна - 2012-2013ж. ж.
э. ғ. к., доцент Алибекова Балшекер Ашыкбаевна - 2013-2017ж. ж.
э. ғ. к., доцент Бейсенова Ляззат Зияденовна - 2017-2018ж. ж.
э. ғ. к., доцент Кайранбеков Бауыржан Окташевич - 2018-2019ж. ж. 1 жж
2019 жылдан бастап кафедраға экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Аманова Гульнара Дюсембаевна жетекшілік етеді.
Кафедра мамандарды дайындауды келесі бағыттар бойынша жүзеге асырады:
• 5В050800 - Есеп және аудит (бакалавриат) ;
• 6М050800 - Есеп және аудит (магистратура) .
Кафедраның профессор-оқытушылық құрамы:
Кафедраның ғылыми дәрежелілігі - 66. 66% құрайды. Оның ішінде қауымдастырылған профессор - 2, доценттер -6, аға оқытушылар - 4.
5 оқытушысы ҚР БҒМ «ЖОО-ның үздік оқытушысы» грантын жеңіп алды. 5 оқытушы Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын иегерлері ретінде әлемнің алдыңғы қатарлы ЖОО-да ғылыми-педагогикалық тағлымдамадан өтті
2019 жылы кафедра даярлайтын мамандықтың екі деңгейі 5В050800-Есеп және аудит, 6М050800-Есеп және аудит 7 жылға халықаралық аккредитациялаудан сәтті өтті.
«Мемлекеттік аудит» кафедрасы ғылымның, білімнің және тәжірибенің үштұғырлығын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың жоғары органы - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің ұсынысына сәйкес 2018 жылдың қыркүйек айында құрылды (Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ректорының 05. 09. 2018ж №1168 бұйрығы) .
Кафедраның құрылуына экономика факультетінің деканы э. ғ. д. профессор Мақыш Серік Биханұлы, «Есеп, аудит және талдау» кафедрасының меңгерушісі э. ғ. к., доцент Алибекова Балшекер Ашыкбаевна және э. ғ. к., доцент Нурхалиева Дульпариз Мусакуловна үлкен үлестерін қосты. Аталған кісілердің арқасында 2016 жылы барлық құжаттар әзірленіп, республикада бірінші болып Мемлекеттік аудит мамандығы бойынша білім берудің үш деңгейінде (бакалавриат, магистратура, докторантура) кадрлар дайындауға лицензия алынды. Мамандықты ашуға қажетті құжаттарды әзірлеу бойынша жұмыс тобының құрамында э. ғ. к., қауымдастырылған профессор (доцент) Бейсенова Ляззат Зияденовна, э. ғ. к., доцент Нурхалиева Дульпариз Мусакуловна, э. ғ. к., доцент Тажикенова Сапия Каргабаевна, PhD Жуматаева Бакытжамал Ашимовна, аға оқытушы Бекбулатова Асылгуль Танирбергеновна, оқытушы Серикова Мадина Амангалиевна және басқалар белсенді қызмет атқарды.
Қазіргі кезде «Мемлекеттік аудит» мамандығы бойынша білім алушылардың саны төмендегідей болып табылады:
·бакалавриат - 177 білім алушы, оның ішінде мемлекеттік грант бойынша 149 (84%) ;
·магистратура - 71 білім алушы, барлығы мемелекеттік грант бойынша, оның ішінде 30 магистрант Есеп комитетінің мақсатты тапсырысы бойынша.
·докторантура - 12 докторант, оның ішінде мемлекеттік грант бойынша 10 (83%), ақылы түрде 2 (17%) . 2 докторант мемлекеттік аудит органының және жоғары оқу орнының мақсатты тапсырыстары бойынша білім алуда.
Оқу процесін кафедраның 19 оқытушысы қамтамасыз етеді: 3 э. ғ. д., профессор, 3 э. ғ. к., доцент, 5 э. ғ. к., 2 PhD доктор, 6 магистр.
«Мемлекеттік аудит» кафедрасы көптеген бәсекелік артықшылыққа ие. Біріншіден, кафедра базасында «Мемлекеттік аудит» мамандығы бойынша республикалық оқу-әдістемелік кеңестің оқу-әдістемелік бірлестігі (ҚР БҒМ РОӘК ОӘБ) жұмыс жасайды.
ОӘБ құрамына (25%) Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың жоғары органы - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ішкі мемлекеттік аудит комитетінің, жетекші ғылыми-зерттеу орталығы - Есеп комитетінің «Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу жөніндегі орталық» РМК, сонымен қатар (75%) Қазақстан Республикасындағы жетекші жоғары оқу орындарындағы академиялық қауымдастықтың өкілдері кіреді. Өзіне жүктелген міндеттерді атқара отырып ОӘБ мамандықтың сапалы нормативтік-құқықтық базасын қамтамасыз етеді.
4. Тағылымдама нәтижелері
«Кәсіпкерлік құрылымдардың рентабельділігін экономикалық талдау алгоритмін дайындау»магистрлік жобаға қарастырылған материалдардан үзінді.
1. Стратегиялық басқару есебінің шетелдік және отандық тұжырымдамалары.Стратегиялық басқару есебін зерттеуде ғалымдар бірнеше позиция тұрғысынан қарастырады, ең алдымен зерттеу "стратегия", "басқару" және "есеп" түсініктерінің жиынтығы ретінде айқындалады. Сонымен қатар, стратегиялық басқару есебінің дамуы стратегиялық менеджменттің дамуымен ұштасады. Қазіргі экономика жағдайында стратегиялық менеджментке теориялық және тәжірибелік қызығушылық артуда. Себебі заманауи экономика жағдайында бұл басқару технологиясы отандық ұйымдардың келешектегі позициясын анықтауға және жоғарғы нәтижеге жету жолында уақытылы жоспар дайындауға мүмкіндік береді.
Стратегиялық менеджмент - талдау, жоспарлау және бақылаудың үздіксіз үрдісіндегі ұйым басшылығының жүйелі стилі ретінде айқындалады. Осыған байланысты сенімді стратегиялық шешімдерді қабылдау әртүрлі ақпараттың үлкен көлемін қажет етеді. Ал ақпараттың алуандылығы шешімдер қабылдау үрдісін қиындатады, ал стратегиялық жоспарлау ұйымның әртүрлі деңгейінде қолданылады. Сондықтан басқару есебінің стратегиялық менеджмент аясындағы пайдалы функциясы - белгілі бір кезең аралығында әртүрлі деңгейдегі бөлімшелер шешім қабылдау үшін қажетті ақпаратпен қамтиды.
Стратегиялық шешім дайындау кезінде ұйым менеджментінің қажеттілігіне қызмет көрсету үшін басқару есебінің жаңа әдістері қажет етіледі. Сол әдістердің жиынтығын заманауи немесе стратегиялық басқару есебі деп атауға болады.
Стратегиялық басқару есебінің бір элементі ұйымның стратегиясын жасау және басқару стратегиясын жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz