Қазақстан Республикасы халқының жұмыспен қамтылуы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
стан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ы.Алтынсарин атындағы
Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты

БЕКІТЕМІН
Ы.Алтынсарин атындағы
АрқМПИ ректоры
г.ғ.д. С.Қуанышбаев __________________
___ ________ 2016 ж.

дипломдық жұмысты орындау ережесі

АрқМПИ Ғылыми кеңесінің мәжілісінде қаралды
___ ___________ 2016 ж.
Хаттама №____

Арқалық, 2016
1 Негізгі ережелер

1.1 Осы Дипломдық жұмысты орындау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтында (бұдан әрі - Институт) дипломдық жұмысты орындау және рәсімдеу тәртібіне қойылатын талаптарды анықтайды.
1.2 Дипломдық жұмыс оқудың соңғы сатысында орындалатын жазбаша бітіру жұмысы болып табылады, егер ол мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартында және мамандықтың оқу жоспарында қарастырылатын болса.
1.3 Дипломдық жұмысты орындаудың мақсаты:
1) студенттердің таңдаған мамандығы бойынша теориялық және практикалық, кәсіптік білімдерін жүйелеу, бекіту және кеңейту, оларды нақты практикалық міндеттерді шешуде қолдану;
2) дербес жұмыс жасау дағдысын дамыту және ғылыми зерттеу, материалды жинақтау және логикалық баяндау әдісін меңгеру;
3) заманауи өндіріс, ғылым, техника, мәдениеттің жағдайында студенттің таңдаған мамандығы бойынша дербес жұмыс жасауға дайындық деңгейін, сонымен қатар оның кәсіби құзыреттілік деңгейін анықтау.
1.4 Дипломдық жұмыс тиісті ғылым саласының белгілі бір мамандығының өзекті мәселесі бойынша дербес зерделеу және зерттеу нәтижелерін қорытындылайды.
1.5 Дипломдық жұмыс ғылыми жетекшінің жетекшілігімен орындалады және келесі талаптардың біреуіне сай болуы тиіс:
1) ғалымдардың, сарапшылардың, практиктардың жүргізген зерттеу нәтижелерін зерделеу және қорытындылау;
2) зерттелетін объект бойынша ғылыми негізделген теориялық қорытындылардың бар болуы;
3) қолданыс барысында нақты міндеттің шешілуін қамтамасыз ететін ғылыми негізделген қорытындылардың бар болуы.
1.6 Дипломдық жұмысты орындау барысында студент келесі міндеттерді орындау керек:
1) таңдаған тақырыптың өзектілігі мен маңыздылығын негіздеу;
2) қажетті мәліметтерді жинақтау арқылы зерттеу объектісі (пәні) жағдайын талдау;
3) зерттеу барысында алынған нәтижелерді жалпылау негізінде нақты қорытынды мен ұсыныстарды тұжырымдау;
4) алынған нәтижелерді жалпылау негізінде зерттеу объектісінің қызметін жетілдіру жолдарын немесе нақты мәселе, сұрақ, міндеттерді шешу жолдарын ұсыну.
1.7 Дипломдық жұмыста келтірілген барлық мәліметтердің дәлдігі мен дұрыстығы үшін студент, дипломдық жұмыстың авторы ретінде, жауапты болып келеді.
1.8 Институттың шығарушы кафедралары және дипломдық жұмысты орындайтын бітіруші курс студенттері осы Ережені басшылыққа алуға міндетті.

2 Дипломдық жұмысты орындау сатылары

2.1 Дипломдық жұмыстардың тақырыптамасына қойылатын талаптар

2.1.1 Дипломдық жұмыстардың тақырыптамасы мамандыққа және бакалаврларды дайындау бағдарына сай, өзекті, ғылым, техника, мәдениеттің жағдайы мен даму перспективаларына сай, мазмұны бойынша осы Ереженің 1.5 тармағының талаптарына сай болу керек.
Дипломдық жұмыстардың тақырыптарын анықтау кезінде білім мен ғылымның нақты міндеттері мен мәселелерін ескеру қажет.
2.1.2 Дипломдық жұмыстардың тақырыптамасын шығарушы кафедра әзірлейді және Инстиуттың Ғылыми кеңесі бекітеді.
2.1.3 Дипломдық жұмыстардың тақырыптамасы бітірушілер санынан 2 есе көп болу және жыл сайын кем дегенде 30%-ға жаңартылып отыру керек.
2.1.4 Студент бекітілген тақырыптамадан кафедра меңгерушісінің атына жазылған жеке өтініші (1-қосымша) негізінде дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдайды. Өтініште бітіруші студент нақты тақырыпты бекітуді сұрауымен қатар кафедра ПОҚ-нан нақты оқытушыны ғылыми жетекші ретінде тағайындауды сұрауы мүмкін.
2.1.5 Студент зерттеу үшін дипломдық жұмыстардың тақырыптамасына кірмеген өз тақырыбын ұсынуға болады. Мұндай жағдайда студент өзінің ғылыми және тәжірибелік мүддесіне сүйене отырып жазбаша түрде негіздеме беруі қажет.
2.1.6 Дипломдық жұмыстың тақырыбы оқу жылының басында студентке Институт ректорының бұйрығымен бекітіледі.
2.1.7 Дипломалды тәжірибе аяқталғаннан кейін қажеттілігіне байланысты диплом жұмысының тақырыбы шығарушы кафедра меңгерушісінің дәлелді ұсынысымен өзгертілуі, нақтылануы, түзетілуі мүмкін.

2.2 Дипломдық жұмыстың ғылыми жетекшісін тағайындау

2.2.1 Ғылыми жетекші ретінде профессор, доцент, аға оқытушылар тағайындалады.
2.2.2 Дипломдық жұмыстың ғылыми жетекшісі:
- дипломдық жұмысты орындау үшін тапсырма беруге;
- дипломдық жұмыс орындалуының барлық кезеңіне арналған дипломдық жұмыс орындауының барлық сатыларын көрсететін күнтізбелік кестесін әзірлеуге;
- дипломдық жұмыс арнайы әдебиеттерді терең зерделеу негізінде орындалуы себебінен мәліметтердің бастапқы дереккөздерді және қажетті негізгі әдебиеттерді, оның ішінде монографиялар, заңнамалық-нормативті актілер, анықтамалық және мұрағат материалдары, мерзімді ғылыми басылымдардағы мақалалар, нұсқаулар, ережелер, дәріс курстары, жорналдарды, оның ішінде шетел тілдерінде, ұсынуға;
- студенттің дипломдық жұмыс орындауының күнтізбелік кестесін сақтауын қадағалауға;
- бекітілген мерзімдерде дипломдық жұмыстың көлемі және бөлімдері бойынша кеңес өткізуге міндетті.
2.2.3 Кафедра меңгерушісі студенттерді дипломдық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулықтармен қамтамасыз етуге, студенттің дипломдық жұмысының орындалуы туралы есеп беру мерзімдерін белгілеуге, ғылыми жетекшімен бірге дипломдық жұмыстың дайындық дәрежесі жөнінде аралық есеп қабылдауға міндетті.
Дипломдық жұмысты орындау кестесі сақталмаған және дипломдық жұмыстың дайындық дәрежесі жөнінде есеп тапсырылмаған жағдайда ғылыми жетекші кафедра меңгерушісінің атына шара қолдану үшін жазбаша түрде ақпарат береді.

2.3 Дипломдық жұмыстың тапсырмасы

2.3.1 Дипломдық жұмыстың тапсырмасында (2-қосымша) бастапқы материалдар мен ақпарат көздерінің сипаттамасы, дипломдық жұмыста әзірлеуге жататын сұрақтар тізбесі, ұсынылған әдебиеттер тізімі, графикалық материалдың тізбесі (кестелер, диаграммалар, сұлбалар, суреттер және т.б.) келтіріледі.
2.3.2 Жұмыстың аяқталу мерзімі көрсетілген дипломдық жұмыстың тапсырмасын кафедра меңгерушісі бекітеді. Тапсырма дипломдық жұмысқа негізгі (титул) беттен кейін нөмірленбей тігіледі және жалпы бет санына кірмейді.
2.3.3 Қажет болған жағдайда дипломдық жұмыстың ғылыми жетекшілігіне бөлінген уақыт есебінен (24 сағат), диплом жұмысының жекелеген тараулары бойынша кеңесші шақыруға болады.
2.3.4 Күнтізбелік кесте дипломдық жұмыстың орындалу сатыларының реттілігі көрсетіліп, әдебиеттерді іріктеуден сын-пікірмен танысуына дейін толық кезеңге әзірленеді.
2.3.5 Дипломдық жұмыстың негізгі бөлімінде жұмыстың мақсаты, міндеттері, қолданылған есептеулердің әдістемелері, өткізілген эксперимент сипаттамасы, әртүрлі нұсқалардың салыстырмалы сараптамасы, иллюстрация, кесте, сурет, эскиз, диаграмма, сұлбалар келтірілуі және компьютерлік технология қолданылуы қажет.
2.3.6 Зерттеу объектісі мен пәніне қарай студент дипломдық жұмысты Институтта, сонымен қатар, білім беру мекемелерінде, кәсіпорындарда, ұйымдарда орындай алады.

2.4 Дипломдық жұмыстың құрылымы

2.4.1 Дипломдық жұмыс студенттің нақты мамандық бойынша дербес дайындаған көлемі 60-90 беттік компьютерлік мәтіннен тұратын ғылыми-зерттеу жұмысы болып табылады. Қосымшалар көрсетілген көлемге кірмейді.
2.4.2 Дипломдық жұмыстың құрылымдық бөлімдері келесі:
* Мұқаба
* Негізгі (титул) бет
* Сын-пікір
* Пікір
* Нормативтік бақылау парағы
* Дипломдық жұмыстың тапсырмасы
* Мазмұны
* Кіріспе
* Негізгі бөлім (теориялық, сараптамалық және ұсынбалы бөлімдер)
* Қорытынды (тұжырымдар мен ұсыныстар)
* Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
* Қосымша(лар)
2.4.3 Мұқаба мен негізгі бет дипломдық жұмыстың алғашқы беттері болып келеді және құжатты өңдеу мен іздестіруге қажетті ақпарат көзі ретінде қызмет етеді.
Дипломдық жұмыстың мұқабасы (3-қосымша) мен негізгі беті (4-қосымша) нөмірленбейді, бірақ жалпы бет санына кіреді.
2.4.4 Дипломдық жұмыстың мазмұны кіріспе, барлық бөлімдер мен бөлімшелердің реттік нөмірлері мен атаулары, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, қосымшалардың атауларынан тұрады.
Мазмұнда дипломдық жұмыстың әрбір элементі басталатын беттердің нөмірлері көрсетіледі.
Дипломдық жұмыстың мазмұны (5-қосымша) келесі талаптарға сай болу керек:
* Материалдың логикалық бірізділікпен баяндалуы;
* Зерттеудің нақты мақсатты бағыттылығы;
* Жұмыс нәтижелерінің нақты баяндалуы;
* Тұжырымдар мен қорытындылардың дәлелділігі және шешімдер мен ұсыныстардың негізділігі.
2.4.5 Кіріспеде дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі, ғылыми жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы негізделіп, қарастырылатын ғылыми мәселенің ағымдағы жағдайын бағалау қажет, сонымен қатар диплом жұмысының мақсаты, міндеттері, дипломдық зерттеудің объектісі, дипломдық жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері және дипломдық жұмыс жазылуының тәжірибелік базасы көрсетіледі. Кіріспенің көлемі 2-5 бет болу керек.
2.4.6 Дипломдық жұмыстың негізгі бөлігінде орындалған жұмыстың маңызын, мазмұнын, әдістемесі мен негізгі нәтижелерін білдіретін мәліметтер келтіріледі. Дипломдық жұмыстың негізгі бөлігі бөлім және бөлімшелерге бөлінеді. Дипломдық жұмыс 2 немесе 3 тараудан тұрады.
Бірінші тарау - теориялық, 2-3 параграфтан тұрады. Бұл тарауда ғылыми, заңнамалық, практикалық және басқа әдебиеттік ақпарат көздеріне шолу жасалынып, зерделенетін мәселенің теориялық аспектілері мен мәселелері қарастырылады. Әдебиеттік ақпарат көздеріне шолу жасау барысында осы тарауда қаралатын мәселенің ұғымдық аппараты, әдіснамалық негіздері анықталу керек, зерделенген тақырып бойынша отандық және шетелдік ғалымдардың пікірлеріне салыстырмалы баға беру және қойылған мәселелерді зерделеу мен шешуге бағытталған өзіндік көзқарасы мен үлесін көрсету қажет.
Екінші тарау - сараптамалық, 2-3 параграфтан тұра алады. Бұл тарауда арнайы ақпаратты (ғылыми, анықтамалық, нормативті-заңнамалық, техникалық, статистикалық, тәжірибелік т.б.) зерделеу негізінде зерттеу объектісінің жанжақты кешенді сараптамасы келтірілуі, зерттеу объектісі мен пәнінің толық сипаттамасы берілуі, зерттеу объектісінің факторлары мен заңдылықтары, даму бағыттары, бар тәжірибенің кемшіліктері және оларды шешудің жолдары көрсетілуі керек.
Үшінші тарауда түйіндеу, ұсыныс жасалады. Бұл 2-3 параграфтан тұра алатын тарауда зерделенген мәселені теориялық және практикалық тұрғыдан талдау негізінде зерттелген объектінің кемшіліктері, осы саладағы шешілмеген мәселелер, даму перспективалары, мәселелерді шешу жолдары айқындалады.
2.4.7 Қорытынды бөлімі дипломдық зерттеулер қорытындыларының қысқаша тұжырымдарынан, қойылған міндеттердің толық шешілуін бағалаудан, зерттеу объектісі бойынша нақты ұсынысардан тұруы қажет. Көлемі 2-5 бет.
2.4.8 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі (6-қосымша) - пайдаланылған ғылыми, оқу, мерзімдік, заңнамалық-нормативті, статистикалық, электронды және басқа ақпарат көздерінен тұратын, ғылыми жұмыстарға қойылатын талаптарға сай рәсімделген және кем дегенде 25 ақпарат көзінен тұратын тізімдеме.
2.4.9 Қосымшаға негізгі бөлімде көрініс таппаған, дипломдық зерттеуді орындаумен байланысты материалдар енгізіледі. Қосмышаларды кесте, сурет, нұсқау, есептеулер т.б. түрде келтіруге болады.

3 Дипломдық жұмыстың рәсімделуіне қойылатын талаптар

3.1 Әрбір дипломдық жұмыс дипломдық жұмыстардың рәсімделуіне қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау мақсатында нормативтік бақылаудан өтеді. Дипломдық жұмыстың қойылатын талаптарға сәйкестігі нормативтік бақылау парағымен (7-қосымша) рәсімделеді. Нормативтік бақылау парағы бақылау өткізген оқытушы мен студенттің қолдары қойылып, нөмірленбей дипломдық жұмысқа тігіледі және жалпы бет санына кірмейді.
3.2 Нормативтік бақылауды өткізетін оқытушылар шығарушы кафедра меңгерушісінің өкімімен кафедраның ПОҚ-нан тағайындалады. Дипломдық жұмыстың ғылыми жетекшілігіне бөлінген уақыт есебінен (24 сағат) бір дипломдық жұмыстың нормативтік бақылауына 1 сағат бөлінеді.
3.3 Нормативтік бақылауды өткізетін оқытушының міндеті - дипломдық жұмыстың рәсімделуінің қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеру.
3.4 Дипломдық жұмыс баспа тәсілімен компьютер мен принтер арқылы А4 форматты ақ қағаздың бір жақ бетіне бір аралық (интервал) сақтай отырып орындалады. Шрифт - Times New Roman, кегль - 14. Мәтін парақ ені бойынша тегістеледі. Дипломдық жұмыс Институттың редакциялық-баспа бөлімінде (4-қабат) түптеледі.
3.5 Қағаз бетінің келесі мөлшерлерін сақтай отырып басу керек: жиектері - сол жағы - 30 мм, оң жағы - 10(+3) мм, жоғарғы жағы - 20(+3) мм, төменгі жағы - 25(+3) мм. Азат жол басындағы бос жер (абзац) - 1,0 (бесінші таңбадан).
3.6 Дипломдық жұмысты әзірлеу барасында көрінген қателер және графикалық дәлсіздіктерді тазартқышпен немесе ақ бояумен бояу арқылы және сол жерге қолжазба түрінде (қара сия, қара тушь немесе гель қаламсабымен) түзетуге рұқсат беріледі.
3.7 Дипломдық жұмыстағы тектер, мекеме, ұйым, фирмалардың аттары, өнімнің аталуы және басқа жалқы есімдер атаулары түпнұсқа тілінде келтіріледі.
3.8 Дипломдық жұмыстың әрбір тарауы (бөлімі) мен параграфы (бөлімшесі) аяқталған ақпараттан тұруы қажет және дипломдық жұмыстың тақырыбын ашу керек.
3.9 Бөлімдердің атаулары диплом жұмысының тақырыбын ашып көрсетуі, ал бөлімшелердің атаулары сәйкесті бөлімінің тақырыбын ашып көрсетуі тиіс.
Бөлім мен бөлімшелердің атаулары олардың мазмұнын нақты және қысқаша дәріптеуі тиіс.
3.10 Тараулардың (бөлімдердің) атаулары бас әріптермен басылады. Параграфтардың (бөлімшелердің) атаулары бас әріптен бастап басылады. Тарау (бөлім) және параграфтардың (бөлімшелердің) атаулары абзацтан (бесінші таңба), тырнақшаға алмай, соңына нүкте қоймай, астын сызбай басылады (8-қосымша). Тарау (бөлім) мен параграфтардың (бөлімшелердің) атаулары бір сөйлемнен туруы тиіс.
Дипломдық жұмыс тарауларының (бөлімдерінің) бүкіл жұмыс шегінде нүктесіз араб цифрларымен белгіленген реттік нөмірлері болуы тиіс. Параграфтардың (бөлімшелердің) әрбір тарау (бөлім) шегінде нүктемен бөлінген нөмірлері болуы қажет. Параграф (бөлімше) нөмірінің соңынан нүкте қойылмайды.
Дипломдық жұмыстың әрбір тарауы (бөлімі) жаңа беттен басталады. Мәтін тарау (бөлім) және параграф (бөлімше) атауларынан екі жол арақашықтықпен (екі Enter) бөлінеді. Бір тарау (бөлім) шегіндегі параграфтар (бөлімшелер) бірінен-бірі және мәтіннен екі жол арақашықтықпен (екі Enter) бөлінеді
3.11 Мұқаба, негізгі (титул) беті және дипломдық жұмыстың тапсырмасына нөмір қойылмайды.
3.12 Дипломдық жұмыстың мазмұны және кіріспенің бірінші беті нөмірленбейді, бірақ жалпы нөмірленуіне кіреді. Дипломдық жұмыс беттерінің нөмірлері кіріспенің екінші бетінен бастап, әрі қарай бүкіл жұмыс бойынша қойылады.
3.13 Жекелеген беттерге орналастырылған иллюстрациялар мен кестелер дипломдық жұмыс беттерінің жалпы нөмірленуіне кіреді.
3.14 Дипломдық жұмыстың беттері бүкіл мәтіні бойынша қатар нөмірленуін сақтай отырып, араб цифрларымен нөмірленеді. Беттің нөмірі парақтың төменгі жағында ортасында нүктесіз қойылады. Шрифт - Times New Roman, кегль - 14.
3.15 Иллюстрацияларды (сызба, карта, график, схема, диаграмма, фотосуреттер) олар жайында алғаш айтылған мәтіннен кейін немесе келесі бетке орналастырылады. Иллюстрациялар түрлі түсті болуы мүмкін және оларды араб цифрларымен бүкіл дипломдық жұмыс бойынша қатар нөмірлеуге болады. Иллюстрацияларды тарау (бөлім) шеңберінде нөмірлеуге болады Жұмыста барлық иллюстрацияларға сілтеме жасау қажет. Иллюстрацияларға сілтеме жасау кезінде, егер суреттер басынан аяғына дейін нөмірленсе, ...2-суретке сәйкес ..., ал тарау (бөлім) бойынша нөмірлеуде ...1.2-суретіне сәйкес... деп жазу қажет.
Қажеттілігіне қарай иллюстрациялардың аталуы және түсініктеме деректері (сурет астын мәтіндері) болуы мүмкін. Сурет сөзі мен оның аталуы түсініктеме деректерден кейін ортада келесідей орналастырылады:

1-сурет. Қазақстан Республикасы халқының жұмыспен қамтылуы

3.16 Кестені өзі ескертілген мәтіннен кейін немесе келесі бетке орналастыру қарастырылады. Барлық кестелерге сілтеме болуы тиіс. Кесте атауын кестенің үстінен, нөмірі және кесте сөзінен кейін келесі жолға абзацтан (бесінші таңба) орналастыру керек.
Мысал:
1-кесте
Қазақстан халқының жұмыспен қамтуын талдау (өңірлер бойынша)
мың адам

Е с к е р т у - ҚР статистика жөніндегі Агентігінің 2008 ж. №5 жинағынан алынған мәліметтер

Көп жолдарды алатын кестені келесі бетке тасымалдауға рұқсат етіледі. Кестенің бір бөлігін келесі бетке тасымалдау кезінде оның нөмірі мен кесте сөзін кестенің бірінші бөлігінің үстінде сол жақта бір рет көрсетеді, өзге бөліктерінің үстінен кестенің нөмірін көрсетіп, кестенің жалғасы деген сөз жазады. Кестенің бөлігін тасымалдау кезінде кестені шектейтін төменгі көлденең сызық сызылмайды. Бағандары көп кестелер қосымшаға енгізіледі.
Кестеде келтірілген шамалардың өлшем бірліктері көрсетілуі және оларды қысқарту ережелері сақталуы тиіс. Бағандар мен мәтінде өз бетінше қысқартулар жасауға болмайды. Кесте ішіндегі мәтіндердің соңында нүкте қойылмайды.
Кесте бағанының әрбір жолында қайталанатын мәтін бір сөзден тұратын болса, онда оны бірінші жазғаннан кейін тырнақшалармен алмастыруға рұқсат етіледі; егер екі одан да көп сөзден тұрса, онда бірінші қайталану кезінде оны ол да солай сөзімен алмастырады, ал одан әрі қарай - тырнақшалармен алмастырылады. Тырнақшаларды қайталанатын сандардың, маркалардың, белгілердің, математикалық және химиялық символдардың орнына қоюға жол берілмейді. Егер кестеде қандай да бір жолында сандық немесе өзге де деректер келтірілмесе, онда оған сызықша қойылады. Кестелер араб цифрларымен бүкіл дипломдық жұмыс бойынша нөмірленеді. Кестеде мәтіндегіден кіші шрифт мөлшерін қолдануға рұқсат етіледі.
3.17 Ескертуді оған қатысты мәтіннен, гарфикалық материалдан кейін немесе тиісті кестеге орналастырады. Кестеге қатысты ескерту кестенің аяқталуын білдіретін көлденең сызықтың үстіне жазылады.
Ескерту сөзі абзацтан бас әріптен, әріп арасы сиретіліп, жазылуы және сызылмауы тиіс. Егер ескерту біреу болса, онда Ескерту сөзінен кейін сызықша қойылып, ескерту бас әріппен жазылады. Бір ескерту нөмірленбейді, бірнеше ескертулер араб сандарымен рет-ретімен нүктесіз нөмірленеді.
3.18 Формулалар және теңдеулер жеке жолға бөліп көрсетіледі. Әрбір формуланың немесе теңдеудің жоғары және төменгі жағынан бір бос жол (бір Enter) қалдырылуы тиіс. Егер теңдеу бір жолға сыймаса, онда ол теңдеу теңдік (=) немесе қосу (+), алу (-), көбейту (х), бөлу (:) белгілерінен кейін немесе өзге математикалық белгілерден кейін тасымалдануы тиіс және келесі жолдың басында белгі қайталанады.
Символдар мен сандық коэффиценттердің түсініктемелерін, олардың формулада берілген реттілігімен, тікелей формуланың астынан келтіру керек. Әр символ мен коэффициенттің түсініктемесін жаңа жолдан бастайды. Бірінші жолды бұл жерде деген сөзден, қос нүкте қоймай, бастайды.
Дипломдық жұмыстағы формулаларды барлық жұмыс шегінде реттік нөмірлеумен, жолдың оң жақ шетінен дөңес жақшаларда араб сандармен нөмірлеу көзделеді.
Мысалы:

Э1-n = ТП1-n ЖА1-n (8)

Эорт = ∑ Э1-n n (9)

Эк=[∑(ТП1+ТП2+ ...+ ТПn )] [∑(ЖА1+ЖА2+...+ЖАn)], (10)

бұл жерде
Э1-n - 1-ден n-ға дейінгі кәсіпорындардың экономикалық тиімділігі;
ТП1-n - 1-ден n-ға дейінгі кәсіпорындардың таза пайдасы;
ЖА1-n - 1-ден n-ға дейінгі кәсіпорындардың жалпы активтері;
Эорт - 1-ден n-ға дейінгі кәсіпорындардың орташа экономикалық тиімділігі;
n - кәсіпорын саны;
Эк - кластер тиімділігі;
ТП1, ТП2, ..., ТПn - n кәсіпорынның таза пайдасы;
ЖА1, ЖА2, ..., ЖАn - n кәсіпорынның жалпы активтері.

3.19 Пайдаланылған ақпарат көздеріне сілтемелер тік жақшаға алынады. Мысалы, [4]. Бір ақпарат көзіне сілтеме бір неше рет қайталанса, тік жақшага ақпарат көзінің реттік нөмірі мен сәйкесті беттердің нөмірлері көрсетіледі. Мысалы, [2, 27 б.]. Мәтіндегі сілтеме саны пайдаланылған әдебиеттер тізіміндегі ақпарат көздердің санына сәйкес болу керек.
3.20 Дерек көздер туралы мәліметтерді дипломдық жұмыста пайда болу реттілігімен орналастыру керек. Олар абзацтан бастап араб цифрларымен нүктесіз нөмірленеді.
3.21 Қосымшалар дипломдық жұмыстың жалғасы ретінде рәсімделеді және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен кейін орналасады. Дипломдық жұмыстың мәтінінде барлық қосымшаларға сілтемелер берілуі тиіс. Қосымшалар мәтіндегі сілтемелердің ретіне қарай орналасады. Әрбір қосымша жаңа беттен басталады, беттің жоғарғы жағының ортасында қосымшаның нөмірі мен қосымша сөзі көрсетілуі тиіс. Қосымшаның атауы бас әріптен жеке жолдан мәтінге қатысты симметриялы түрде жазылады. Қосымшалар араб цифрларымен нөмірленеді және дипломдық жұмыстың қалған бөлімдерімен ортақ басынан басталатын беттердің нөмірленуіне жатады.

4 Дипломдық жұмыстың қорғауға ұсынылуы

4.1 Нормативтік бақылаудан өткен дипломдық жұмыс шығарушы кафедраға алдын ала қорғау рәсімінен өтуге ұсынылады.
4.2 Дипломдық жұмысты алдын ала қорғау рәсімі мемлекеттік аттестаттау комиссиясының (бұдан әрі - МАК) жұмысының басталуынан бір айдан кем емес уақыт бұрын кафедраның ашық отырысында студенттің және міндетті түрде ғылыми жетекшінің қатысуымен өткізіледі, кафедра отырысының хаттамасымен рәсімделеді (9-қосымша).
4.3 Алдын ала қорғаудан сәтті өткен және қойылатын талаптарға сәйкестігі нормативтік бақылаумен анықталған дипломдық жұмысқа студенттің қолы қойылып, ғылыми жетекшіге жіберіледі. Ғылыми жетекші пікір жазып, кафедра меңгерушісіне ұсынады. Кафедра меңгерушісі осы дипломдық жұмыс бойынша соңғы шешім қабылдап, негізгі (титул) бетіне тиісті жазба жасайды.
Дипломдық жұмыстың түптелетін данасындағы шығарушы кафедра меңгерушісінің қолы оқу-әдістемелік бөлімнің мөрімен расталады.
4.4 Ғылыми жетекші жазбаша пікірде (10-қосымша) тақырыптың өзектілігін, жұмысты орындаудағы дербестік дәрежесін, қаралған сұрақтардың логикалық бірізділігін, қорытындылар мен ұсыныстардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АЙМАҚТЫҚ КЕДЕЙШІЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазақстандағы кедейшіліктің жағдайы
Еңбек рыногын реттеу, рыноктың мәні, атқаратын қызметі туралы
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық және оның себептері мен формалары
Қазақстан Республикасының демографиялық ахуалының зерттелуі
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері және формалары жайлы
Жұмыссыздықтың экономикалық маңыздылығы
Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету қағидалары, еңбек және жұмыспен қамту саласында кемсітушілікке жол бермеу
Қазақстан халқының жыныстық жас құрылымы
Жұмыссыздарды қорғау
Пәндер