Отбасы тақырыбындағы мақал мәтелдерді талдау


КІРІСПЕ
Адам баласының әлемді көркемдік бейне арқылы тануы оның жалпы болмысымен, дүниетанымымен байланысты болып келеді. Қазақ халқы болсын араб халқы болсын отбасы құндылықтарын қастерлеген және құрметтеген. . Отбасы қоғамның маңызды ажырамас бөлігі. Қазақ ата бабамыз “Отан отбасыдан басталады” деп бекер айтпаса керек. Отбасы бүгінгі таңда қоғамның айнасы. Ұлттық мәдениетіміздің өсу, кемелдену жолында Шығыс мәдениетінің әсері мен алар рөлі, маңызы зор болғаны белгілі. Әсіресе, орта ғасырда қазақ жеріне ислам дінімен бірге келген араб мәдениеті мен әдебиеті біздің бүгінгі ұлттық құндылықтарымыздың өсіп-өркендеуіне, көркемдік кеңеюіне ықпалы зор болды деп айтуға толық негіз бар. Ислам дінінің келуі екі халыққа да әсерін тигізді, әсіресе жанұя мәселесінде.
Лингвомәдениеттану мәдениет пен тіл сонымен қатар халықтар арасындағы байланысты зерттейтін сала болып танылған. Лингвомәдениеттанудың нысаны осы тіл мен ұлт, халық, дәстүр болып табылады. Отбасы ұғымының ауқымы кең. Айта кетсек үйлену, үй, ата-ана, бауыр, туысқандық, дәстүр, әдет-ғұрып, ру-тайпа тағыда басқалары жатады.
Диплом жұмысының өзектілігі:
Араб елдері мен қазақ ұлтының лингвомәдениетіндегі отбасы концептісі әлемдік көркем бейнеде. Әрбір мәдениетте отбасының мүшесі, туысқандар, қамқорлық сияқты ұғымдар маңызды болып келеді, бірақ этникалық ерекшеліктеріне, менталитетіне байланысты отбасы туралы әр түрлі түсініктер бар. Жұмыстың өзектілігі осы ерекшеліктерді зерттеу болып табылады.
Диплом жұмысының мақсаты:
Қазақ пен араб лингвомәдениетін зерттей отырып, “отбасы” концептісін көркем әлемдік бейнеде ашып, екі ұлт арасындағы ерекшеліктеріне талдау жасау болып табылады.
Диплом жұмысының міндеттері:
1 Отбасы мүшелері және олардың отбасындағы рөлін зерттей отырып, ондағы ерекшеліктерін анықтау;
2. Ислам дәуіріне дейінгі араб отбасыларының бейнесін айқындау;
3. Ислам дінің отбасы құндылықтарына тигізген әсерін табу;
4. Қазақ пен араб халқының ру тайпаға бөлінуін көрсету;
5 Отбасы тақырыбындағы мақал мәтелдерді талдау.
Диплом жұмысының нысаны:
Тілдік әлемдік бейнедегі отбасы концептілері, ұлттық мәдениет пен салт дәстүр.
Диплом жұмысының дереккөздері:
Жұмыстың әдіснамалық-теориялық негізі ретінде араб әдебиетшілері мен араб тарихын, әдебиеті мен оның мәдениетін зерттеуге алған Долинина А. А., Али-Заде Э. А., Коцарев Н. К., Крачковский И. Ю., Кирпиченко В. Н. секілді орыс ғалымдарының зерттеулері мен еңбектері алынды. Сонымен қатар шетел елдерінің Брюгман, Бадауи секілді әдебиетшілері мен шығыстанушыларының араб әдебиеті мен тарихын зерттеуі жайлы еңбектері қарастырылды. Ал аударма жұмысында орыс зерттеушілерімен қатар Мұстафа Лутфи әл-Манфалутидың «ән-Назарат» атты еңбектер жинағы пайдаланылды. Сонымен қатар келесі араб әдебиетшілері мен зерттеушілері дереккөздер негізінде алынды:
-Абу-ль-Аля аль-Маарри. Избранное. Пер. с араб. . - М. : Изд-во «Художественная литература», 1990. 430 с.
-Абуль-Габбас. Полное изложение арабского языка и литературы [пер. с араб. ] . В 2 ч. - Бейрут: Муассасатуль-магарифи, 2000. 456 с.
Диплом жұмысында қолданылған ғылыми әдіс-тәсілдер:
Жұмыста зерттеудің лингвистикалық әдіс-тәсілдерінің бірнеше түрі пайдаланылды. Олардың негізгілері - салғастырмалы-типологиялық, сипаттама әдістері, балама аударма, көркем аударма, сұрыптау, жүйелеу, талдау тәсілдері қолданылды. Сондай-ақ лингвистикалық талдаудың семантикалық, танымдық-логикалық түрлері пайдаланылды.
Диплом жұмысының тәжірибелік маңызы:
Ғылыми жұмыстың нәтижелері мен тұжырымдары салғастырмалы-типологиялық тіл білімінде, аударма саласында және лингвостилистика салаларында қолданылады. Зерттеудің ғылыми нәтижелері когнитивтік лингвистика, лингвомәдениеттану, этнолингвистика, елтану сияқты қазақ және араб тіл біліміндегі ғылым салаларының теориялық негіздерін дамытуға септігін тигізеді.
Зерттеудің нәтижелері мен материалдарын жоғары оқу орындарының шығыстану, филология факультеттерінде оқытылатын әдебиет, лексикология, стилистика, этнолингвистика, көркем мәтінді лингвисти-калық талдау, аударма жасау, әдебиет хрестоматиясы тәрізді пәндер бойынша дәрістерде, араб әдеби тілі бойынша арнаулы курстар мен семинар сабақтарында пайдалануға болады.
Диплом жұмысының құрылысы:
Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады. Дипломы жұмысының соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалар берілген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz