Абай өлеңдерінің ерекшелігі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары
Кіріспе

Негізгі бөлім
1. Абай өлеңдерінің ерекшелігі
2. Абай өлеңдерінің идеялық - тақырыптық мазмұны, көркемдік ерекшеліктері.
3. Абай өлеңдерінің тәрбиелік мәні
4. Абайдың білімге, ғылымға шақырған шығармалырының рухани жан дүниесі
5. Абай өлеңдерінің тегі мен түрі
6. Абай өлеңдеріндегі оқу - ғылым тақырыбы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Кіріспе

Қазақтың ұлы ақыны Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы 1845 жылы осы күнгі Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей уезі), Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыстау болысы) Шыңғыс тауында дүниеге келген. Абай атақты Тобықты руының Ырғызбай деген руынан тарайды.
Абай әуелі ел ішіндегі дін мектебінде оқып, ауылдағы молдадан хат таниды. Он жасқа келгенде Семей қаласына келіп, оқуға түседі. Семейдегі алғашқы оқытқан молдасы - Ғабүлжаппар деген татар. Одан кейін Ахмет Риза медресесіне түседі. Абай осы медреседе үш жыл оқиды. Өзі тұстас үлкен-кіші балалардың барлығынан санағұрлым зейінді, ұғымтал және ерекше ықыласты болған. Дәрісте арабша кітапты молдасының бір оқып, бір-ақ рет түрікшеге аударып берген сөздерін кітапқа қарамай жатқа айтып шыға алатындай зерек болады. Дін сабақтарымен қатар, шығыстың ұлы классиктері Науаи, Физули, Саади, Хафиз, Шамси, Сайхали, шығармаларын оқып танысады. Оларды араб, парсы, шағатай, түрік тілдерінде оқыған. Соларға еліктеп бала ақын "Изузи Раушан","Физули, Шамси, Сайхали" өлеңдерін жазып, алғашқы ақындық жолын бастайды.
Ахмет Риза медресесінде оқып жүрген кезінде Абай Семейдегі Приходская школада үш ай орысша оқиды. Жасы он үшке келгенде, мұсылманша үш жыл, орысша үш ай оқумен Абайға ары қарай оқудың есігі жабылады. Әкесі Құнанбай Абайды оқудан шығарып алып, ел басқару жұмысына қосады. Әке еркімен ел ісіне жастай араласқан Абай тез есейіп, балалықтан ерте арылып, жастайынан ел ішіндегі әңгіме, сөз өнерін, билердің шешендік сөздерін бойына сіңіре береді. Кезі келгенде экспромотты өлең, қалжың сықақ, тіпті кейде ел жұмысына араласқан шешендердің өзін мүдіртіп кетуге тырысады.
Абай Құнанбайұлының жас кезіндегі алғаш өз жанынан суырып салып айтқан өлеңі - "Кім екен деп келіп ем түйе қуған" деп аталатын бір ауыз шумақтан тұрады. Оны ақын он жасында бір әйелге ауызша айтқан. 1864 жылы он тоғыз жасында "Әліп-би" өлеңін жазады. Мұнан кейінгі өлеңдерінің жазылу мерзімі 1870 жылдан басталады. 1884 жылдардан бергі өлеңдерінің жылдары үзілмейді. Әсіресе, көп жазған жылдары - 1886, 1889, 1895 жылдар. 1886 жылы 17 өлең, 1889 жылы 27 өлең (оның 8-ін орысшадан аударған), 1895 жылы 13 өлең жазған.
Абайдың ғылымға, өлең жазуға белсене кірісуі қырық жасынан бері қарай. Оған дейін білім іздеуден қол үзбегенмен, өлеңді тиіп-қашып ғана жазып келсе, қырық жасынан бастап шығармашылыққа түгелдей берілді. Өз айналасындағы ру тартысынан, ескіліктен, надандықтан жеріне бастаған дана ақын өз елін ел етуді ойлайды да, осының жолын іздейді. Ақын солардың барлығына қаламмен күрес ашу деген қорытындыға келеді.
Қазақтың әлеуметтік өміріндегі ескі феодалдық көзқарасқа қарсы күрес ашып, бұл жөнінде көп өлеңдер жазған жылдары 1886 жылдардан басталады. "Ғылым таппай мақтанба", "Жасымда ғылым бар деп ескермедім", "Интернатта оқып жүр" тәрізді, оқу, өнер, адамгершілікке үндеген, "Қалың елім, қазағым", "Байлар жүр жиған малын қорғалатып", "Адасқанның алды жөн" сықылды әлеумет өмірінің әр түрлі жақтарына өлеңдері де осы жылдары шығарылған.
Ел арасындағы дау-шар, әр түрлі ру тартысы тәрізді әңгімелерден аулақтап, орыс мәдениетін зерттеп, оны өз халқынын пайдасына асыруға күш салуы, шығармашылыққа берілу, халықтық ірі-ірі мәселелерді көтеріп, өзі айтқандай "Әкесінің ұлы болмай, адамның ұлы болуы" жұрт алдында оның беделін, даңқын бұрынғыдан да күшейте түседі.
Қазақтың ұлы ақыны Абайдың зор еңбегінің бірі - жастарды, әсіресе, болашақ ел өмірімен байланысты ақын-жазушыларды тәрбилеу. Орыс, шығыс, батыс елдерінің мәдениетіне сүңгіп, түбінен керекті маржанын теріп ала білген ақын және елін өнер-білімге үндеп, жастарды оқуға сүйрейді. Балаларын орысша мектептерде оқытып, олардың жоғарғы дәрежелі білімі бар адам болуларын талап етті. Адамгершілік, жақсы мінез-құлыққа тәрбиеледі. Ақындарына өзі тақырып беріп, әр халықтың өмірінен поэмалар жаздырып, өзі олардың сыншысы болды.
Қазақ халқының жаңа әдебиетінің, әдеби тілінің негізін салушы, қазақтың өлең құрылысын бұрынғы қалпынан өзгертіп, әлденеше жаңа түр кіргізуші, өзінің даңқты ұлы еңбектерімен қазақ халқын басқа елдердің мәдениетімен қоян-қолтықтастыруға басшылық еткен, елін мәдениет, білім, өнерге шақырып, сол жолда бойындағы бар асылын аямай жұмсай біліп, кейінгі ұрпаққа үлгі өнеге қалдырған қазақтың ұлы ақыны Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы 1904 жылы 23-інші маусымда дүниеден өткен.
Кемеңгер ақын Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы мұралары туралы алғашқы жазба деректерді "Дала уалаяты" газетінен табамыз. "Дала уалаяты" газетінің 1889 жылғы жетінші және он екінші сандарында Абайдың "Жаз" және "Болыс болдым мінекей" атты екі өлеңі шықты. Бұл екі өлең Көкбай атымен жарияланды. Абай шығармашылығы жайындағы алғашқы ғылыми ой-пікірлер де XX ғасырдың басында туған. Бұл салада Ә. Бөкейхановтың "Киргизский край" (1903 ж.) атты кітаптағы мақаласында келтірілген деректер мен "Семипалатинский листок" газетіндегі (1905 ж.) өмірбаянын айтсақ та болады. Алайда, Абайтанудың бастаушысы болған бұл автордың еңбектері мен соған жалғас жазылған Қ. Ысқақовтың, А. Байтұрсыновтың, М. Дулатовтың мақалалары соңғы кезге дейін ғылыми айналымға кірмей жабық күйінде қалып келді. Ал, совет тұсында Абайтану ісін негіздеп, ғылыми жүйеге түсірген - М. О. Әуезов. Осы кісінің ұзақ жылдық еңбегінде де бағаланған, бағаланбай сынға ұшыраған ой-пікірлері аз емес. Бұл салада Ы. Мұстанбаевтың, Ғ. Тоғжановтың, С. Қабыловтың, Қ. Жұбановтың, Б. Кенжебаевтың, С. Мұқановтың, Қ. Жұмалиевтің, Е. Ысмайловтың, З. Ахметовтың, Қ. Мұхамеджановтың, тағы да басқа абайтанушылардың еңбектерін атап көрсетуге болады.
Зерттеу жұмысының объектісі: Абай өлеңдерін дұрыс мүмкіндігі.
Зерттеу пәні: Абай өлеңдерінен еңбек ету ынтасын, еңбек ету қажеттілігін, қоғамдық ойды көре білуге үйрету, оны жігермен, ынтамен орындату.
Зерттеу мақсаты: Абай өлеңдері мен қара сөздерінің орыс және ағылшын тілдеріне аударылған шығармаларды зерттеп, зерделеу.
Зерттеу міндеттері:
1. Ақынның қоғамдық, адамгершілік, әлеуметтік жағдай, өмір шындығы мен заман шындығын бейнелеудегі шығармашылық тұрғысы мен ұлттық ойлау даралығын тәржімеде берілу жолдары;
2. Ақынның өлеңдері мен қара сөздерінің аудармаларының сапасын саралау;
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Негізгі бөлім
1. Абай өлеңдерінің ерекшелігі

Абай өлеңдерінің ерекшелігі көптеген қырларынан байқалады, мұнда тек жеке өзім тереңірек әсер алған қырлары жайлы біраз таным-түсінігімді айтайын.
Тақырыптық және мазмұндық жағынан алғанда, Абай өлеңдерінде ұлтқа, руға, тап өкілдері тағдырына қатысты маңызды қоғамдық тақырыптар жатыр, әрі күнделікті өмірдегі талас-тартыс, адамдар арасындағы қуаныш пен қайғы және сахарадағы төрт маусымның пейзажы суреттуледі. Абай тәрбиелік мақсатта, көптеген ынтымақты, еңбекті, ғылымды, мәдениетті, достықты, ж.т.б. мадақтаған философиялық шығармалар жазады. Абайдың философиялық өлеңдері, оның лирикасымен қоса өміршеңдікке ие. Себебін қарастырар болсақ, бір жағынан, өлеңнің өзіндік ақиқаттық астарында болса, екінші жағынан, бұл философиялық өлеңдерде лирикамен бірдей көркемдік тартымдылық бар. Бұл ақынның асқан суреткерлік өнерімен қоса, өзі осы философиялық өлеңдерді жағанда шын жүректен тербеп жазуының маңыздылығында. Ақын өзінің өлеңімен қоса қырық жамау болған жүрегін де халыққа арнағандай. Осы себептен, кейбір оқырмандар Абайдың кей ойларын бастапқыда қабылдамағанымен, өлеңдегі шалқыған сезімге бой ұрады, уқыттың өтуімен әрі өз өмір тәжірибелері, оқырман жүрегінде үндестік оятады. Тарих мұны әлде қашан дәлелдеген.
Абайдың кейбір философиялық өлеңдері, істің жөнін абстракты түрде ғана дәріптемейді, қайта қазақ поэзиясында үнемі қолданылатын теңеу әдістерін қолданады, көрнекі теңеулер мен образды сөздер арқылы оқырманды елітеді. Төменде 1889 жылы жазылған Сәулең болса кеудеңде деген мына өлеңін мысалға алып көрейік:

Берекелі болса ел
Жағасы жайлау ол бір көл
Жапырағыжайқалып
Бұлғақтайды соқса жел
Жан-жағынан күркіреп
Құйып жатса аққан сел
Оның малы өзгеден
Өзгеше боп өсер тел
Берекесі кеткен ел
Суы ашыған батпақ көл
Құс қаңқылдап, жағалап
Сулай алмас жазғы төл
Оның суын ішкен мал
Тышқан тиіп, аспас бел
Көл деп оны кім айтар
Суы құрсын, ол бір шөл
Бұл өлең жолдары, оқырман көз алдына екі қарама-қайшы суретті елестетеді, суреттің түрлі бейнесінен, бейнеленген көңіл-күйінен және атмосферасынан, оқырман ынтымақ ру адамдарына қаншалықты маңызды екендігін түйсіне алады. Бұл осы өлеңнің тақырыптық ой өзегі.
Абай адамдар оңай байқай қоймайтын тіршілік құбылыстарын суреттеуге шебер, осылайша өмірдің шын мәнін ашпақ болып, адамдарға ой салады:
Сағаттың шықылдағы емес ермек
Әмишә өмір өтпек - ол білдірмек
Бір минут бір кісінің өміріне ұқсас
Өтті, өлді тағдыр жоқ қайта келмек

...

(Сағаттың шықылдағы емес ермек)

Абай философиясындағы көптеген қанатты сөздер, халық ұзақ уақыт қолданып жатқа айтқандықтан, нақыл сөз болып қалыптасып, халық арасында кеңінен тараған. Мысалы:
Тұлпардан тұғыр озбас шабылсада
Оған да үкі, тұмар тағылса да

(Тұлпардан тұғыр озбас шабылса да)

Сен де бір керпіш дүниеге
Кетігін тап да бар қалан

(Әсемпаз болма әрнеге)

Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек

(Малға достың мұңы жоқ малдан басқа)

Әрі Абайдың лирикалары да, жүрегін жарып шыққан айғайы, айнала дүниедеге деген маһаббаты мен қарғысы болса да, азды-көпті өмір философиясына тоыл, сондықтан Абай лирикасының көп бөлігі терең әрі астарлы, адамға терең әсер қалдырады. Оның көңіл-күй от шашуынан, әрдайым ақиқаттың сәулесі жарқырап тұрады:
Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі,
Өрнегін сендей сала алмас.
Білгенге маржан,
Білмеске арзан,
Надандар бәһра ала алмас.
Қиналма бекер, тіл мен жақ,
Көңілсіз құлақ - ойға олақ.

...

Жартасқа бардым,
Күнде айғай салдым,
Одан да шықты жаңғырық.
Естісем үнін,
Білсем деп жөнін,
Көп іздедім қаңғырып.
Баяғы жартас - сол жартас,
Қаңқ етер, түкті байқамас.

(Сегіз аяқ)

Бұл ақынның қараңқылықта сабылып, кешіге ояна алмай жатқан халқына деген күрсінуі, әрі асықтыра салған үндеуі. Ол халықының жартастан қайтқан, санасыз, сенімсіз құр жаңғырықтай үн қатпай, өздерінің іс-әрекеттерімен заман үндеуіне пәрменді жауап қатуын қалайды. Абайдың көптеген өлеңдерін әрі лирика әрі философиялық өлең деп айтуға болады. Кейбір лирикалық бояуы қою қысқа өлеңдерінің өзі, оқырманға көркемдік ләззат силаумен қатар, рухани толғаныстар әкеледі.
Абайдың бір қатар өлеңдерін, қатаң түрде философиялық өлең немесе лирика деп бөлу қиын. Сондықтан философиялық лирика деп аталып жүр. Абай өмір сүрген дәуірде, халықы оған артқан міндеті, одан сезімге толы философиялық өлеңдер мен терең философиялық лирикаларды жазуды талап етті. Мінеки бұл Абайдың өлеңінің өз алдына ерекше болып, өзіндік өзгешелігі болуына алып келді.
Өлеңнің тіліне қарағанда, Абай қашанда өзі өлең сөздің патшасы деген бағытқа ұмтылуда болған. Ол бір жағынан әдейі қазақ тіліне араластырылған шет сөздерді ығыстырып, тағы бір жағынан шет ел әдебиеті тіліндегі шебер риторикалық әдістерді қабылдады. Сондықтан оның өлеңінің тілі әрі нәрлі ойларға толы, әрі сан құбылып тұрады, бұл Абай тіл өнерінің майталманы екендігін толық көрсетеді:
Біреуі көк балдырған, бірі - қурай
Бір жерге қосыла ма қыс пенен жаз?!

...

Екі көңіл арасы - жылшылық жер
Оны қайтіп қосады, ол ант атқан?

Бұл бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында деген өлеңнің соңғы жолдары. Абай обыразды әрі ықшамды тілмен, феодал неке түзімі қазақ қыздарына әкелген бықытсыздықты дәл жеткізеді. Бұл өлең тудырған көркемдік әсеріне басқа қазақ ақындарының ұқсас тақырыптағы шығармалары теңесе алмайды.
Абай 1888 жылы жазған бір өлеңінде, мақсұтым - тіл ұстартып, өнер шашпақ дейді. Егер Абайдың әр кезеңдегі өлеңдерін салыстырар болсақ, Абай тіл ұстартуға салған қажыр-қайратын байқай аламыз. Оның тілдік шеберлігі, шығармашылық барысының ілгерлеуіне сай жоғарылап отырған. Абай өмірінің соңғы кезеңдерінде жазған кейбір қысқа өлеңдеріне бір де бір сөз алып қоса алмаймыз. Сөз талдау дәлдігі, қолдану шеберлігі, оқырманды тәнті етеді. Мейлі суреттеу, лирика, асыл мұратты баян ету, айтысу болмасын, барлығы да кемеліне келген.
Алайда Абай мәнсіз бояма сөздерге толы өлеңге, сөйлем құрудағы жасандылыққа, мақал-мәтелдерді қабаттастыра қолдануға қарсы болды. Ол кезінде көне сарынды қайталап, жауыр болған жырды айтып қоймайтын ақындарды сынап, былай деген:

Шортанбай, Дулат пенен Бұқар жырау
Өлеңі бірі - жамау, бірі - құрау.

Абайдың шығармашылығы қазақ тілінің тазаруында маңызды роль атқарып қана қоймай, қазақ тілінің кейінгі күндегі бір қалыпқа түсуіне де негіз болды. Сондықтан Абайды ұлы тіл маманы деп те атайды.
Өлеңдерінің метрлік құрлымы мен ырғағына қарағанда, Абай өлеңдерінің көркемдік ерекшелігін тіпті де оңай байқаймыз.
Қазақ поэзиясының қатаң метрлік құрлымы мен ырғағы болады. Абай өз өлеңінде былай деген: шешендік сөздерде де сөз талдауы мен сөйлем құрлымына қарайды, өлеңнің метрлік құрлымына қалай қарамауға болады. Абай қазақ поэзиясының жаңа үлгісін жасағанымен, қазақ тілінің ережелерін қатаң сақтап қалып қаззақ фольклорлық поэзиясының музыкалық көркемдігін жалғастырды. Оның сегіз аяқ өлеңі осының нақты дәлелі. сегіз аяқтың бірінші, екінші жолдары, әр жол бес буыннан тұрып, үшінші жол сегіз буынды болып келеді, арықарай төрттен алтыншы жолға дейін жоғарыдағы бірінші ден үшінші жолға дейінгі ырғақ қайталанады, соңғы екі жол түгелімен сегіз буынды болып келеді. Ұйқастың орналасуы да жоғарғы ырғақтармен сәйкес келіп отырады. Яғни, үшінші және алтыншы жолдар ұйқасса, бірінші мен екінші, төртінші мен бесінші және жетінші мен сегізінші жолдар өз алдына ұйқасады. Сондықтан өлеңнің ырғағы да өте айшықы болып келеді.
Қазақ фольклорлық поэзиясында, әдетте бір де екі буынның ұйқасуы міндетті, егер екіден көп буындар ұйқасып жатса, онда өлеңнің музыкалығын арттырады. Абай өлеңдерінде көп жолдардың үш буыны ұйқасып қана қоймай, төрт буын ұйқасатын жағдайлар да болады. Абайдың кейбір өлеңдеріне музыка жазып жібіерсе бір көркем ән болып шыға келеді. Ол өзі де көптеген өлеңдеріне музыка жазған, бұл әндер қазір де қазақ халқы арасында кеңінен тараған.
Мұнда баса айтайын дегенім мына екі түйін:
І. Абай өлеңдері қазақ фольклорлық поэзиясының музыкалды дәстурін сақтаған.
ІІ. Абай поэзияның көркемдік әсерін талмай іздеген.
Сондықтан, халық Абай өлеңдерін оқығанда әрі жаңашылдықты байқайды, әрі бейтаныс сезінбейді, оны қазаққа тән деп біледі.
Абай поэзия үлгісінде жаңашылдық пен тапқырлық танытқанымен, қазақ фольклорлық поэзиясын толық мойындайды, әрі өзінің кей өлеңдерінде халық әндері үлгісінде жазған. Абай поэзиясының тілі, метрлік жүйесі және көркемдік әдістері жағынан қазақ фольклорлық поэзиясының тамаша дәстурін жалғастырып дамыта білді, сол себептен, оның өлеңдерінің ұлттық бояуы тіпті де көрнекі әрі айшықты болды.
Атап айтатыны, үздік ұлттық әдеби шығарма, ұлттық бояуға бай болуымен қатар, жәнеде көрнекі дәуір ерекшеліетеріне де толы болуға тиіс. Тек дәуір ерекшелігі болғанда ғана, ол шығарма нағыз ұлттық бояуға ие болады. болмаса, шығарманың ұлттық бояуы бұлыңғырланып, еш арқаусыз болып қалады. Абайдың шығармасы, ХІХ ғасырдың соңы, ХХ ғасырдың басындағы ерекше тарихи дәуірдің жемісі. Бұл қазақ халқының қасыретке толы ізденіс жылдары болды. Халық қаншама құрбандық берсе де, қаншама күйзеліс кешсе де, қадамдап қайсарлықпен алға жылжып отырды. Бұл қазақ халқының және барлық шығыс халықтарының ұлттық мінезінің негізгі қасиеті еді. Абай поэзиясының көрнекті ұлттық бояуы, қазақ халықының ұлттық мінезінің ескі және жаңа ғасыр ауысуындағы ерекше тарихи дәуірдегі көрінісін көрсете білуінде, әрі қазақ халқының ең қиын тарихи үдерістерде берген үлкен бодауын дұрыс бағалай білуінде.
Абай ешқашан өзінің шығармашылықта жеткен жетістігіне риза болған емес. Ол әрқашан талмай ізденіп, тіпті де жоғары өнер белесіне серпіледі. Ол өзінің өлеңдерінің мазмұн, тіл, ұйқас, ырғақ қатарлы барлық жағынан да жоғары деңгейдегі үйлесімділік пен бірлікке жетіп, адам көңілінің кілті болуын өз өзінен талап етеді. Абай дәл осындай адам көңіліне тура тартқан шығармашылық жолында өзінің ерекше өнер стилін қалыптастырады.

2. Абай өлеңдерінің идеялық - тақырыптық мазмұны, көркемдік ерекшеліктері.

Абай 35-40 жастар шамасында өзінің ақындық талантын таныта бастайды.
Абай қалада айлап жатып, еліне арбалап кітап алып қайтады. Семейге айдалып келген, патша өкіметіне қауіпті деген адамдармен де кездесіп, олармен ұзақ кеңесіп, ішкі қоғам өмірінен алатын орнын дұрыс түсінді. Ол өлеңге жеңіл-желпі қарап, байларды мақтап, тілін безеп, мал үшін сатылып, өнердің қадірін кетіріп жүрген ақынсымақтарды қатты сынға алды.
Абай ақынды өмір оқытушысы, үгітші, үлгі берер азамат жыршысы болуы керекдеп білді. Өзі "көкірегі сезімді, тілі орамды" жастарға үлгі болды, оларға ақыл айтып, өлең жазудың тамаша шебер үлгілерін көрсетіп берді.
Абай шебер өлеңді, тәтті әнді мәдениеті жоғары, білімді ақын ғана бере алатынын ескертіп, "Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы, ол-ақынның білімсіз бейшарасы" деп көрсетті.
Ақындық өнердің мақсатын, мәнін осылай терең түсінген Абай, өз кезіндегі әдебиетке батыл сын айтты.
Абай кезіндегі ел билеушілерге қарсы шығып, патшаның болыстық, билік тәртібін сынға алады. Олардың қылмыстарын бетіне басып, ел мұңын, халық тілегін білдіреді. Реңі кеткен қазақ елінің бейнесін айқын көрсете келіп, ол:

Қалың елім, қазағым, қайран жұртым!...

Өзімдікі дей алмай өз малыңды,

Күндіз күлкің бұзылды, түнде ұйқың,- дейді.
Абай өзінің осы сияқты өлеңдерінде ("Болыс болдым, мінекей", "Мәз болады болысың", "Бойы бұлғаң", "Сабырсыз, арсыз, еріншек", "Адасқанның алды жөн, арты соқпақ", т.б) өткір, сыншы-сатирик ақын есебінде бой көрсетті.
Абай қазақ жеріндегі теңсіздікті, тағы басқа қайшылықтарды түсіне білді. Оны өзінің бойындағы ақындық шабыттың бар күшімен жырлады. Бай мен кедейдің арасындағы тұрмыс қайшылығын, дәулет теңсіздігін көрді. Өзінің "Күз", "Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай" деген өлеңдерінде қазақ кедейлері мен байларының өмірін салыстыра бейнелеп, кедейлердің аянышты халін айқын суреттеді.
Абай өлеңдеріндегі негізгі, елеулі әлеуметтік мәселелердің бірі-қазақ әйелдерінің жайы, қазақ жастарының махаббат, еркіндік мәселесі.
Махаббат, әйел теңдігі тақырыбы Абай өлеңдерінде кең қамтылып, жалпы адамгершілік идеясымен қабысып келеді. Абай бұл мәселелерді көтеруде де өзінің жаңашыл, бұқарашыл ақын екенін көрсетті. Ол қазақ қыздарының теңсіздікте езіліп, сүйгеніне қосыла алмай келген ауыр халін көрді. Өзі бұған наразылық білдіріп, аянышты сезімге толы өлеңдерін шығарды.
Абай творчествосынан ерекше орын алатын ендігі бір үлкен тақырып - оның ағартушылық идеясы. Абай - өнер-білім, тәлім-тәрбиеге ерекше көңіл аударған, ұлы ағартушы ақын.
Абайдың табиғатты суреттеп жазған бір топ өлеңдері тек түр жағынан ғана емес, мазмұны жағынан да өзгеше. Ол өлеңдерінде ақын еліне, жеріне шексіз сүйсіне отырып, өмір шындығын кеңінен қамтып көрсетеді. "Желсіз түнде жарық ай", "Қыс", "Жаз", т.б. өлеңдерінде жыл мезгілдерінің әрбір кезеңін қазақ аулының өмір тіршілігіне қабыстыра суреттейді.
Абайдың табиғат лирикаларының ішіндегі ең таңдаулыларының бірі - "Желсіз түнде жарық ай".
Желсіз түнде жарық ай, Ауылдың жаны терең сай,
Сәулесі суда дірілдеп.Тасыған өзен күрілдеп,- деп басталатын өлеңі табиғаттың түнгі көрінісін, махаббаты жарасқан екі жастың тулаған жүректері мен жылы құшағын ұштастыра бейнелейді.
Абай лирикалары - алуан сырлы, мазмұнға бай, адам жанын тебірентерлік нәзік. Ақын лирикасы - нәзік сезімді толғауымен ғана емес, сонымен бірге, өзінің әлеуметтік рухымен де, терең ойлылығымен де , асқан суреттілігімен де жаңа мәнді реалистік шығармалар.
Абай А.С.Пушкин мен М.Ю.Лермонтовтың реалистік әдістерін жете меңгерген еді. Абай - М.Лермонтов сияқты өзі өмір сүрген қоғам озбырлығына батыл қарсы шыққан кекті ақын. Абайдың көптеген тамаша шығармалары М.Лермонтов творчествосындағы азаматтық әуенмен үндес. Мұндай шығармалардың қатарына оның: "Жүрегім нені сезесің", "Менсінбеуші ем наданды", "Сегіз аяқ", "Не іздейсің көңілім, не іздейсің?", "Талай сөз бұдан бұрын көп айтқанмын", "Жүрегім менің қырық жамау" т.б. өлеңдері жатады. Абай аудармасы арқылы Лермонтовтың "Тұтқындағы батыр", "Ой", "Альбомға", "Қанжар", "Дұға", "Теректің сыйы", "Шайтан", "Асау той, тентек жиын, опыр-топыр", "Вадим", "Бородино" және басқа өлеңдері қазақ арасында тұңғыш тарады.
Абай - терең ойдың ақыны. Ол әрбір шығармасын жүрек тебіренте тереңнен толғайды.Кемеңгер ақын өлеңдерін сыдыртып оқып шығып, толық түсінік алдым деу қиын. Әрбір өлең жолдарының өзіне үңіле, ойлана оқу ғана дегенге жеткізеді. Оқыған сайын бұрын оқыған Абай сөздерінің жаңа сырын ашып отырасың.
Шынын айтсақ, Абай- қазақ поэзиясында нағыз реалистік образ, шебер сурет, жаңа көрініс жасаған білімді, мәдениетті жазушылардың тұңғышы.
Абай суреттеген әзірейілдей қыс, жадыраған жаз бейнелері, күн-күйеу мен жер-қалыңдық, қалғыған тау, дел-сал дала, сыбдырлаған жапырақ, күлімдеген аспан, ойланған жер, ақ қардың үстінде түлкі алып жатқан бүркіт, т.б. нағыз реалистік әдебиетке тән шын өнерлік қасиет. Бұл тұстағы озық шығармалары оны сыншыл реализм өкілдері тобына қосты.
Абай өлеңдері - мазмұны мен түрі біріне-бірі сай , ең асыл сөзді поэзия . Ақын поэзиясы мазмұны жағынан қандай салмақты болса, түр жағынан да сондай көрікті. Абай өлеңінде артық сөз, орынсыз пікір кездеспейді. Бәрі де белгілі өлшемге сай, терең ойға құрылып, етек жеңі жинақы келеді.
Абай өлең теориясына қатысты бірнеше шығарма жазып, поэзияның мазмұны мен түріне ерекше көңіл бөлген. Өлеңнің көркемдік түрі мен мазмұнының бірдей тартымды шығуында екенін тереңінен ұғынды.
Буын саны жағынан да Абай бұрынғы формаларды өңдеп, жетілдіре түсті. "Сегіз аяқ", "Сен мені не етесің", "Бай сейілді", "Ақылбайға", "Көзімнің қарасы", "Бойы бұлғаң", "Оспанға", "Антпенен тарқайды", "Ыстықтан, суықтан", "Я, құдай, бере көр", "Қатыны мен Масақбай", "Мен сәулем жазамын", "Болды да партия", "Жалын мен оттан жаралып", "Тайға міндік" және басқа өлеңдері шумағынан жағынан да, буын саны, бунақтары мен ырғақтары жағынан да мүлде жаңа түр, соны құбылыс.
Тайға міндік,Үкі тақтық,
Тойға шаптық,Күлкі бақтық,
Жақсы киім киініп. Жоқ немеге сүйініп.
Осы келтірілген шумақтар буын саны жағынан да соны (3, 4, 5, 6, 7 буын аралас), шумағы 3 жолдан келген жаңа түр. Абай 3, 4, 5, 6, 9 буынды, шалыс ұйқасты өлеңдер түрін мейлінше көп қолданды. Бұл түрлердің көбі - Абай енгізген жаңалықтар.
Абай - XIX ғасыр ағартушыларының озық идеясын қазақ жеріне алғаш әкелуші, олардың тамаша шығармаларын өз халқы тіліне аударып, таратушы.

3. Абай өлеңдерінің тәрбиелік мәні

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Абай мерейтойында сөйлеген сөзінде осы жайтты нықтап-нықтап айтқан болатын. Абайды мұқият оқыған адам оның көзқарастары күні бүгінгінарық экономикасымен де тікелей үндес екенін айқын аңғарар еді: Абай әлемі бізді жеті түнде адастырмас темірқазық іспетті. Соған қарап тірлігіміздің дұрыс бұрысын сараптай аламыз. Өйткені жанды жегідей жеп жүрген көп сауалдың жауабын Абай әлдеқашан айтып кеткен. Өз халқын жұрт болсын, өссін, өнсін дейтін әрбір аз амат әуелі Абайды оқысын. Абайға құлақ салсын.
Әр заманда момынның жоғын жоқтап, мұңын тыңдап, жағдайын жасауға тырысқан халық перзенттері ғаделет, рахым, қайрат, қажыр иелері болған. Абай сөздерінде ондай кісілерге тән қасиеттер мыналар: махаббат. шапағат, нысап, мархама, таза пиғыл, мағрифат, көкірегі-көнілі тірілік, имандылық, мұсылмандық, еңбекқорлық, адалдық, ұяттылық, бауырмалдық, мейірімділік, сезімталдық, ақылдылық. Адамшылық, адам табиғатына сай болу үш ғашықтықтан туады. Бірінші, дүниені, адамның өзін жаратқан Аллаға ғашықтық. Ғылым алланың бір сипаты бо лғандықтан, ғылымға ғашықтық. Алланың жолы хақиқат болғандықтан, хақиқатқа, растыққа ғашықтық. Ал егер мал, мақтан, қадір, сый, құрмет, алланың ықрарымен, адамды өзі іздеп тапса, ол адамды бұзбайды, керісінше адамдыққа көрік береді. Сондықтан да халқымыздың ділін, яғни, менталитетін, дінін, тілін сөз қылғанда, тағылым іздегенде Абайдан алшақ кету қиын. Қазақ бүгін өз табиғатын сонау Абай арқылы түсініп отыр. Сонымен Абай философиясының өзегі адам мәселесі болып, адамның өмір сүру тәсілі, тіршілік ету ерекшеліктері, діні, ділі, білімі, мінез-құлқы, мұрат-мақсаты және де басқа тылсым сырлары сарапқа салынып жатса, мұндай дүниетанымнан өмірмәнділік сипат іздеу біздің рухани тәуелсіздігіміздің бір көрнісі дер едік.
Абайдың дүниетанымында философиялық, этикалық, эстетикалық, танымдық және әзіл-ысқақ, кеңес беру түрінде жазылған Қара сөздер маңызды орын алады. Ондай ойшылдың мәні мен мақсаты, адам тіршілігінің негізі туралы түсініктері шеттей қабысқан. Мұнда философия адамдардың рухани танысуын, адамдық қасиеттер жүйесін, әлеуметтік этика мен қоғамды күйретудің жолдарын көрсетпекші болды. Таза философиялық терминдерге бой ұрмай, әр алуан әлеуметтік топтағы жетілуді түсінікті түрде ұғындырып, қоғамдық сананың дертін айқындайды да, бейнелі түрде жеткізеді. Оның сөздері қазақтың жүрегіне өтімді, өйткені ол үлттық психо логияның негізіне, барлығын да тарихи жадында с ақтап қалған халықтың ойына бағытталған. Абай ойы қазақ арасында зор мәнге ие болып, күнделікті өмірде қолданылатын мақал- мәтел дәрежесіне көтерілді.
Жалпы руханилық, адамшылдық деген түсініктер ад амз ат тарихымен бірге жасап келе жатқан және де дәстүрге айналып кеткен нәрселер. Әсіресе, өскелең өсу жолында жаңалықтар көп бола бермейді. Бүкіл адамзатқа ортақ ұждандық өсу талабы - жастарды адам болуға баулу, адамшылдықтың негізгі принциптеріне үйрету. Ал адам болудың жолдары әр халықтың, ұлттың дәстүріне, салтына, тарихына, діліне, дініне, рухани болмысына байланысты. Қазақтың өмір салтында адам болу жолдарыүлкенді сыйлаумен, ата жолын, ана жолын қуумен, ар -намысты, ұятты бетке ұстаумен, өнер-білімге, еңбекке ұмтылумен анықталады. Абайдың өз басында осы қасиеттердің бәрі де болды. Сондықтан да ұлт ұстазы болуға, неден қашық болып, неге асық болып, немен дос болуға шақырып жөн, көрсетуге моральдық құқығы болды.
Ұлттық тәрбие ісіне уақыт өз талаптарын, өз өзгерістерін енгізді. Абай заманында тәлім-тәрбие ісін ең қарапайым элементарлық нәрселерден бастауға тура келеді. Себебі, адамдар жас баладай аңқау, аңғал, тек біреудің жетегінде жүруге бейім болды. Жөн білетін дана азаматтар оларға ақ пен қараның, адал мен арамның, жақсы мен жаманның не екенін айтып көрсетуге борышты болды. Абай солардың асқар шыңы. Халық ешқашан толас таппаған және таппайтын рухани күресіне адастырмас нысана, жаңылыстырмас бағдар сілтеп бере алатын көреген көсем тұлғаларды әрдайым сусай аңсаған, әрдайым төбесіне көтере құрметтеген. Өйткені ақыл табылмай тұрып ештеңе табылмайды. Ол жетілмей тұрып ар-намыс шыңдалмайды. Ар-намыссыз аз ам ат өзгелердің көсегесі түгілі, өзінің көсегесін көгерте алмайды. Онсыз ұлттық сана мен ұлттық намыс та тұл.
Абай қазақтардың кешегісі мен бүгінін, болашағын, олардың мінез- құлқын, салт-дәстүрлері мен рухани мәдениетін, оқу-білімін, жастарға адамгершілік тәрбие беру жолдарын тынымсыз ойлаумен өтті. Бір сөзбен айтқанда, бүгінгі уақыттың түсініктерімен зерделеп айтқанда, хакімнің ой барысы қазақтың менталитеті қандай, оған тән кемшіліктерді қалай жоюға болады, не істеу керек ол үшін? Әсіресе, өмірінің соңында дүниеге келген Қара сөздеріндегі ой желісі осы мәселелер маңында түйінделеді. Адамгершілік, толық адам туралы ойлар үшінші, бесінші, алтыншы, тоғызыншы, он сегізінші, жиырма үшінші, жиырма жетінші. Жиырма сегізінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші, қырық ек ін ші, қырық төртінші сөздерінде жан-жақты сарапталады. Әрбір ұлттың ұлылығы өздеріне тән жағымсыз жақтарын жасырмай, аяусыз сынап, көрсете алатындығында деген пікір бар. Абай қазақ халқын басқа халықтардан, ұлыстардан кем деп с анаған емес, керісінше халқының озық ойлы, озық мәдениетті елдер санатына қосылып, олардан да асып түссе екен деп армандады. Осы арман үшін өмірін сарп етті. Өз халқының аяулы ұлы ретінде өз заманында орын алған қаракетсіздікке, жалқаулыққа қарсы аянбай күресті. Абай ең алдымен бес нәрседен өсектен, өтірік айтудан, мақтаншақтықтан, еріншек, жалқаулықтан және бекерден-бекер мал шашудан қашық болуға шақырды. Әрбір жалқау адам, қаракетсіз, қорқақ та болады, оның тіршілігі де мардымсыз, сүреңсіз болады. Ал мақтаншақ адам аı‹ıыɪсыз, надан адам. Кісі қашық болу керек бес нәрсе, әрі қарай сабақтаса көптеген келеңсіз қасиеттерге апарып тірейді. Оны Абайдың өзінен артық зерделеу қиын. Ол былай дейді: Бүкіл ғаламға белгілі данышпандар әлдеқашан байқаған: Әрбір жалқау кісі қо рқақ қайратсыз тартады: Әрбір қайратсыз қорқақ, мақтаншақ келеді: Әрбір мақтаншақ қорқақ, ақылсыз, надан келеді: Әрбір ақылсыз надан, арсыз келеді: Әрбір арсыз жалқаудан сұрамақ, өзі тойымсыз, тыйымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жок жандар шығады.
Ғаламға белгілі данышпандар байқаған деген сөздерге назар аударған жөн. Кейбір зерттеушілер айтатындай бұл тек қазақ ұлтына тән жұғымсыз қасиеттер емес, жалпы адамның тозу әдісі. Бұлар басқа ұлттарға да тән. Бірақ Абай өз отандастарының жайын, болашағын ойлаған соң бұл сөздерді соларға арнағандай болып отыр. Бес қашатын қасиетті көрсетісімен, көпке созбай, осы жерде бес асыл қасиетке де тоқталды. Олар тек қана адамның адамшылдығының белгісі емес, әлгіндегі айтылған кемшіліктерден арылу үшін де қажет. Абай қазақтардың кешегісі мен бүгінін, болашағын, олардың мінез-құлқын, салт-дәстүрлері мен рухани мәдениетін, оқу-білімін, жастарға адамгершілік тәрбие беру жолдарын тынымсыз ойлаумен өтті. Бір сөзбен айтқанда, бүгінгі уақыттың түсініктерімен зерделеп айтқанда хакімнің ой барысы қазақтың менталитеті қандай, оған тән кемшіліктерді қалай жоюға болады, не істек керек ол үшін? Әсіресе, өмірінің соңында дүниеге келген Қара сөздеріндегі ой желісі осы мәселелер маңында түйінделеді. Адамгершілік, толық адам туралы ойлар үшінші, бесінші, алтыншы, тоғызыншы, он сегізінші, жиырма үшінші, жиырма жетінші. Жиырма сегізінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші, қырық екінші, қырық төртінші сөздерінде жан-жақты сарапталады. Адам баласына адам баласының бәрі -дос. Не үшін десең, дүниеде жүргенде тууың, өсуің, тоюың, ашығуың, қайғың, қазаң, дене бітімің, шыққан жерің, бармақ жерің бәрі бірдей, ахиретке қарай өлуің, көрге кіруің, шіруің махшарада сұрауың бірдей, екі дүниенің қайғысына, пәлесіне қаупың, екі дүниенің жақсылығына рахатың бәрі бірдей екен. Бес күндік өмірің барм ма, жоқ па?... Біріңе бірің қонақ екенсің, біреудің білгендігіне білместігін таластырып, біреудің бағына, малына күндестік қылып, я көрсеқызарлық қылып көз алартыспақ лайық па?.
Дананың бұл пікірі дүниежүзілік философия тарихындағы адам мәселесі, адам теңдігі жайлы аса маңызды ойлар қалдырған Сократ, Сенека, Канттардың қағидаларынан, әр ілімінің императивтерінен артық түспесе кем түспейді Мысалы, Сенеканың құл мен қожайынның теңдігі жайлы айтқан мынандай әңгімесі бар. Өзінің бір досына қонаққа барғанда былай дейді: Мен сенің үйіңде болған кісілерден естідім, сен өзіңнің құлдарыңмен достық қарым-қатынас жасайды екенсің. Бұл ісің сенің адамгершілігіңе, біліміңе сай қылық. Тағдыр адамды бір жағдайда мырза қылады, басқа бір жағдайда құлға айналдырады. Ойлансаң сенің құл деп тұрған адамың да дәл сен сияқты жолмен жарық дүниеге келді, сен сияқты ауа жұтады, өседі, өледі. Ортақ аспан, ортақ жер. Сонда сенің нең бөлек, ерекше. Ал құлдыққа келсек, адамның бәрі құл. Біреу нәпсінің құлы, біреу сараңдықтың құлы, тағы біреу мансаптың құлы, ал адамның бәрі қорқыныш пен үміттің құлы. Сондықтан сенің құлдарыңа дұрыс көзқараста болғаныңды мен құптаймын. Әрине бұл да дәлелдері мінсіз керемет түсінік. Бірақ Абайдың ойлау құдіреті одан да жоғары. Бұл жерде біржақты таптарды ғана үйлестіру, келісімге келтіру шарт емес. Абай ұлт пен ұлттың, нәсіл мен нәсілдің, ел мен елдің достығын, теңдігін өз пікіріне тиек етіп отыр. Адамшылдық қағидасын жалау қылып көтеретін себебі де, адамзаттың баласы бол, біреуді орыс, біреуді ноғай, біреуді сарт деп күлме, өзіңді ешкімнен артық санама, ғылымын, өнерін, жақсы қасиеттерін үйрен, жаман қасиеттерінен жирен, адамзаттың барлық асыл қазынасын өз жаныңа азық қылсаң ғана адам атын қабылдауға негіз бар дегендік. Тарих тағылымы тек қана ұлы тұлғаларымыз емес, жалпы өткен-кеткенімізді, дәстүрлі мәдениетімізді, рухани болмысымызды шын мәнісінде бағалай білуіміз үшін де қажет. Қазақ Жеті атасын білмеген жетесіз дейді. Кейде біздің туған әкелеріміз бен аталарымыздың ғұмырын, жеңістерін, жетістіктерін, ерен еңбегін, қайғысын-қасіретін, қуанышын-сүйінішін жоққа шығарғымыз келеді. Кешегі дәуір, қандай да болса солардың дәуірі. Ол дәуірді сылып алып тастасаң ұрпақтар үндестігі, сабақтастығы қайда қалады. Біздің бүгінгі менталитетімізді қалай ашып, түсіндіре аламыз. Ол мүмкін емес.
Тарих талқыға көнбейтін шындық. Өйткені, ол ойдағы жорамал, қиял, арман емес, қандай да болса болған, өткен процесс. Тарихты ананың, мынаның қалауына қарай бұрмалауға болмайды, оны жауып тастауға да болмайды. Ал адам осы тарихтың бір тармағы, тарихты жасаушы. Сондықтанда адамды тарихтан, халықтан бөлек қарастыруға тіптен де болмайды. Осы себептерден, Абай Қара сөздерінде қазақ табиғатының ең бір жағымсыз жақтары баса айтылғанмен, оны айту керек, сынау керек. Одан бері екі дәуір өтті, бақытымызға орай халқымыз олардың біразынан арылды, саналы, мәдениетті, білімпаз халықтар санатына қосылды. Жан саулығы адамның өз өмірінде жоғары құндылықтар мен ұлы идеяларды санасына тірек ете алғанына да байланысты.
Жан тазалығы адамның алдына қойған мұрат-мақсаттарының биік адами дәрежеде болғанына да байланысты. Абай жолымен жүріп келе жатқан қазіргі қазақ философиясы да осы мәселелерге өте зор көңіл бөлуде. Әрине рухты, сананы өзгерту, дамыту мәселесі қилы кезеңдердің баршасында қоғам алдына қоярлық маңызды тапсырма. Абай өз парызын түсініп саналы түрде жаңа ізденістер мен ерекше әрекеттер жасап адамтану, адамгершілік ілімінде көп жаңалықтар ашты. Абай дүниетанымының басты мақсаты адамды барынша кемелдікке жеткізу, ол кемелдікті адамға лайықты түрде көрсету, пайдалану, бүкіл өміріне азық ету, басқаға да шарапатын тигізу.

4. Абайдың білімге, ғылымға шақырған шығармалырының рухани жан дүниесі

Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма.

Абай болашақ ұрпаққа сөзін осылай арнады. Бұл өткеннің құлазыған ғасырларынан өзіне бейтаныс, басқа, бірақ жарқын болашаққа сенімді жол салған ақынның айтқан сөзі еді. Даланы торлаған надандық түнегіне ол шам-шырақтай сәуле төкті және таңы атып, күні шығатын жаққа апаратын жолды өз халқына талмастан көрсетті.
Иә, өзі өмір кешкен және өлең жазған ғасыр үшін Абай жұмбақ болды. Ал ол біз үшін жұмбақ па?
Біз Абайды қазір қараңғы жұмбақ ретінде емес, қазақ әдебиетінің шам-шырағы ретінде қабылдаймыз. Біз үшін Абай өткен күннің ғана емес, халықтың алға қарай қажырлы ұмтылуында ақын онымен бірге болды - ал мұндай ақын өлмек емес, өйткені оның шығармаларына уақыт шек қоя алмайды.
Қазақ халқы бір кезде адамның өмірін мүшелмен санаған. Ал поэзияның аңыз болған қайнары Әбіл - хаяттан мәңгі сусын татқан жыршы үшін мүшел ғасырлармен өлшенеді. Өзінің еңбегін жете бағаламаған және аз түсінген замандастарын артқа тастап, Абай дәл бүгінгідей, біздің қасымызда тұр.
Абай қоғамға адамгершілікті, әділдікті насихаттап, елді адал еңбек етуге шақырып, білім - ғылымды, өнерді халықтың қажетіне жаратуға алдымен мән бергенін естен шығармау қажет.
Ғылым - білімді уағыздаған ағартушы ақын ақылды, білімді адамды аса жоғары бағалауы әбден орынды. Не нәрсеге болсын ақыл- таразы, (ақыл - мизан, өлшеу қыл), дүниенің сырын танып білуде ақылдың мүмкіндігі шексіз мол деп санайды.
Ақылды қара қылды қырыққа бөлмек,
Әр нәрсеге өзіндей баға бермек.
Абайдың бұл пікірі ғылым үйренуге ұмтылған жастарға айтқан сөздерінен де айқын танылады. Ақын жастардың басқалар айтқан сөзге ермей, ақылмен өлшеп тапқан өз пікірі болу керектігін айтып, сол пікірде табандап тұра білуі қажеттігіне ерекше назар аударған.
Абай ақыл туралы айтқанда, ақылдылық, естілік деген ұғым мен ақылмен танып - түсіну қабілетін білдіретін ұғымды ажыратып, оларды екі нәрсе деп қарайды. Әуелде бір суық мұз - ақыл зерек дегенге Абай ақылды осы сонғы мағынасында алған. Философиялық тұрғыдан келіп ой мен сезімді бір - біріне қарама-қарсы мағынадағы екі ұғым деп қараған Абай суық ақыл мен ыстық жүрек бір - бірін толықтырады. Осы екеуіне қайрат, жігер қосылса, адамның қасиеті кемеліне келеді.
Ақыл, қайрат, жүректі бірдеу ұста,
Сонда толық боласың елден бөлек.
Жеке-жеке біреуі жарытпайды,
Жол да жоқ жарыместі жақсы демек...
Абай сөзінің мәні терең келеді, сондықтан қай сөзді болмасын жеңілдетіп, үстірт қарап, бір жақты түсінуге болмайды. Мысалы, жастардың ғылым үйренуі туралы айта келіп:
Ақсақал айтты, бай айтты,
Кім айтса мейлі, сол айтты.
Ақылменен жеңсеңіз, - дегенде ғылыми пікір қорытуда, дүниетаным мәселесінде кімнің де болсын жасы, мансабы, атағына қарамай, тек қана шындыққа жүгіну қажет екені шегелеп айтылған.
Адамның мінез-құлқына, жеке басындағы қасиеттеріне, кісінің шығармашылық күшіне зор мән беріп, оның оңды қасиеттерінің жаңа әлеуметтік нормаларын белгілейді. Ғылым таппай мақтанба..., Интернатта оқып жүр..., Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат, Бір дәурен кемді күнге бозбалалық... деген өлеңдері мен Он бесінші, Он сегізінші, Он тоғызыншы, Отыз алтыншы, Отыз жетінші, Отыз тоғызыншы т.б. сөздерінде өмірде қандай нәрседен қашық болып, қандай мінез- құлық, адамдық қасиеттерге асық болу қажеттігін ескертеді.
Ғылым таппай мақтанба... өлеңі 1886 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МӘШҺҮР ЖҮСІП КӨПЕЕВ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ ЖАНРЛЫҚ СИПАТЫ ТАРАУ
Көркем шығарма бойынша оқушылармен пікір алмасу
Қазақ тіліндегі біріккен сөздердің зерттелуі
АБАЙДЫҢ ТАБИҒАТ ЛИРИКАСЫН ЗЕРТТЕУ
XIX ғасыр қазақ әдебиетіндегі арнау өлеңдердің әдеби сипаты
Қазақ өлеңдерінің құрылысы. Әдебиеттің тегі мен түрі. Әдеби үдеріс, әдеби әдіс, бағыттар мен көркемдік тәжірибелер
Бернияз Күлеевтің ақындық әлемі
Қазақ тілінде біріккен сөздердің зерттелуі
М. Әуезовтың әдебиет тарихы туралы зерттеулері
Қ. Жұмалиев және Махамбеттану мәселелері
Пәндер