Ақын, ағартушы Абай Құнанбаев
Жоспар
І. Негізгі бөлім
І тарау. Ақын, ағартушы А. Құнанбаев
1.1. Абайға барар жолда
1.2. Ақын тұлғасы, адамгершілік мақсат мұраты
1.3. Абай ғылым мен өнер туралы
ІІ тарау.
2.1. Абай өз заманының жыршысы
2.2. Абай шығармаларындағы әлеуметтік . теңсіздік мәселелері
2.3. Абай жөнінде жазылған еңбектер туралы
ІІ. Қорытынды

АБАЙҒА БАРАР ЖОЛДА
Қазақ халқының тұтас бір дәуірінің ақыл -ойы мен мәдениетінің, өнері мен әдебиетінің асқар шыңын бейнелейтін кемеңгері Абай Құнанбаев .
Дана ақын - Абай 1845 жылы тамыз айында, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауында туған. Абайдың әкесі - Құнанбай өз еліне атағы шыққан аға сұлтан. Зерделі зерек ел ағасы, ірі тұлға. Абайдың анасы - Ұлжан, әжесі-Зере.
Сегіз жасар Абай өзінің зеректік қабілетімен әке көзіне ілігіп, үміт күтер, ата жолын ақтар бала болар ма деген ой салады. Міне осы себептен әкесі Құнанбай Абайды Семей қаласына апарып, әуелі Ғабдулжаппар молдаға оқуға береді. Бұл молданың қарамағында екі жылдай оқып, мұсылманша бастауыш білім алады. Бұдан кейін, он жасар Абай, бір басқыш ілгері дәрежедегі, жабық оқу орны, мешіт жанындағы діни медресеге түседі. Медресенің соңғы жылында Абай мұсылманша оқумен тоқтамай, Семейдегі "Приходская школаға" түсіп, үш айдай орысша да оқыған. Бұл-Абайдың орысшаны игеріп кетуіне негіз болған.
Он үш жасында Абайды әкесі Құнанбай оқудан шығарып, ел билеу әдісін үйретеді. 60-жылдардың аяқ кезінен бастап Абай аздап оқыған орысшасын өз бетімен оқу арқылы дамытып, орысша кітаптарды көп оқиды. Семей кітапханасынан кейде өзі барып, кейде арнайы кісі жіберіп кітаптар алдырады. Сөйтіп жүріп, ол 1870 жылы Петербургтен жер аударылып келген жас революционер Е.П.Михаэлиспен кездеседі. Кітапханада Л.Толстой кітабын сұрап тұрған қазақы адамды көріп таңырқаған Михаэлис оған таяп келіп, жөн сұрайды. Екеуінің таныстығы осыдан басталып, кейін үлкен достыққа айналады.
Бұл жылдары Абай орыстың ұлы классиктері Пушкин, Толстой, Лермонтовтармен қатар революционер - демократтар Белинский, Герцен, Чернышевский, Добролюбов, Салтыков-Щедрин, Некрасовтардың және Еуропаның ақын, ғалым, философтарының да еңбектерімен танысып, әдеби білімін, философиялық ой-пікірін, дүниетану көзқарасын кеңейте түседі. Абай орыс әдебиеті мен публицистикасын тек оқушы, үйренуші ғана болып қойған жоқ, оларды қазақ даласына насихаттаушы, өзінің мазмұнына түрі сай, көркем аудармалары арқылы оның идеясы мен мазмұнын да, эстетикалық қасиеттерін де қазақ оқушыларына дәл жеткізуші болды.
1886 жылы Абай "Ғылым таппай мақтанба , "Интернатта оқып жүр" өлеңдерін жазды. Ақынның бұл өлеңдерінің күні бүгінге дейін мәні зор. Ақын айтқан : өсек, өтірік, мақтаншақтық, еріншектік, орынсыз мал шашу сияқты теріс әрекеттер әлі де бар. Ал, талап, еңбек, ғылым, қанағат, рақым да біздің қазіргі тәрбиеге дәл келеді. Абай қазақ поэзиясын жаңа биікке көтерді. Ол өзіне дейінгі қазақ әдебиетіндегі кемшіліктерді қайталамады. Шығыс, батыс, орыс мәдениетін өз шығармаларына үлгі етіп, сол арқылы өз өлеңдерінің сапасын жоғарылатты, ұлттық түрді сақтай отырып, оған интернационалдық нәр берді, әдебиетімізді шын өнер дәрежесіне жеткізді.Өзі үстем таптан шықса да, Абай бұқарашыл тілектегі халық ақыны болды. Ол шығармаларында сол халықтың мүддесін, арман мұңын жырлады. Соның жарқын болашағын аңсады. Ақын адамның адамдық қасиеті еңбекте, ғылым-білім үйренуде, адамгершілік мінез-құлықта деп ұқты. Сондықтан елін еңбекке, өнерге үндеді. Қазақ әйелінің бас бостандығын жырлады.
Абай қазақтың ұлттық әдебиетін мазмұны жағынан ғана емес, түр жағынан да байытты. Қазақтың әдеби тілінің негізін салды.

2.2. Абай шығармаларындағы әлеуметтік – теңсіздік мәселелері
2.3. Абай жөнінде жазылған еңбектер туралы
ІІ. Қорытынды
АБАЙҒА БАРАР ЖОЛДА
Қазақ халқының тұтас бір дәуірінің ақыл -ойы мен
мәдениетінің, өнері мен әдебиетінің асқар шыңын
бейнелейтін кемеңгері Абай Құнанбаев .
Дана ақын - Абай 1845 жылы тамыз айында, қазіргі Шығыс
Қазақстан облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауында туған.
Абайдың әкесі - Құнанбай өз еліне атағы шыққан аға
сұлтан. Зерделі зерек ел ағасы, ірі тұлға. Абайдың
анасы - Ұлжан, әжесі-Зере.
Сегіз жасар Абай өзінің зеректік қабілетімен әке көзіне ілігіп, үміт
күтер, ата жолын ақтар бала болар ма деген ой салады. Міне осы себептен
әкесі Құнанбай Абайды Семей қаласына апарып, әуелі Ғабдулжаппар молдаға
оқуға береді. Бұл молданың қарамағында екі жылдай оқып, мұсылманша бастауыш
білім алады. Бұдан кейін, он жасар Абай, бір басқыш ілгері дәрежедегі,
жабық оқу орны, мешіт жанындағы діни медресеге түседі. Медресенің соңғы
жылында Абай мұсылманша оқумен тоқтамай, Семейдегі "Приходская школаға"
түсіп, үш айдай орысша да оқыған. Бұл-Абайдың орысшаны игеріп кетуіне негіз
болған.
Он үш жасында Абайды әкесі Құнанбай оқудан шығарып, ел билеу әдісін
үйретеді. 60-жылдардың аяқ кезінен бастап Абай аздап оқыған орысшасын өз
бетімен оқу арқылы дамытып, орысша кітаптарды көп оқиды. Семей
кітапханасынан кейде өзі барып, кейде арнайы кісі жіберіп кітаптар
алдырады. Сөйтіп жүріп, ол 1870 жылы Петербургтен жер аударылып келген жас
революционер Е.П.Михаэлиспен кездеседі. Кітапханада Л.Толстой кітабын сұрап
тұрған қазақы адамды көріп таңырқаған Михаэлис оған таяп келіп, жөн
сұрайды. Екеуінің таныстығы осыдан басталып, кейін үлкен достыққа айналады.
Бұл жылдары Абай орыстың ұлы классиктері Пушкин, Толстой,
Лермонтовтармен қатар революционер - демократтар Белинский, Герцен,
Чернышевский, Добролюбов, Салтыков-Щедрин, Некрасовтардың және Еуропаның
ақын, ғалым, философтарының да еңбектерімен танысып, әдеби білімін,
философиялық ой-пікірін, дүниетану көзқарасын кеңейте түседі. Абай орыс
әдебиеті мен публицистикасын тек оқушы, үйренуші ғана болып қойған жоқ,
оларды қазақ даласына насихаттаушы, өзінің мазмұнына түрі сай, көркем
аудармалары арқылы оның идеясы мен мазмұнын да, эстетикалық қасиеттерін де
қазақ оқушыларына дәл жеткізуші болды.
1886 жылы Абай "Ғылым таппай мақтанба , "Интернатта оқып жүр"
өлеңдерін жазды. Ақынның бұл өлеңдерінің күні бүгінге дейін мәні зор. Ақын
айтқан : өсек, өтірік, мақтаншақтық, еріншектік, орынсыз мал шашу сияқты
теріс әрекеттер әлі де бар. Ал, талап, еңбек, ғылым, қанағат, рақым да
біздің қазіргі тәрбиеге дәл келеді. Абай қазақ поэзиясын жаңа биікке
көтерді. Ол өзіне дейінгі қазақ әдебиетіндегі кемшіліктерді қайталамады.
Шығыс, батыс, орыс мәдениетін өз шығармаларына үлгі етіп, сол арқылы өз
өлеңдерінің сапасын жоғарылатты, ұлттық түрді сақтай отырып, оған
интернационалдық нәр берді, әдебиетімізді шын өнер дәрежесіне жеткізді.Өзі
үстем таптан шықса да, Абай бұқарашыл тілектегі халық ақыны болды. Ол
шығармаларында сол халықтың мүддесін, арман мұңын жырлады. Соның жарқын
болашағын аңсады. Ақын адамның адамдық қасиеті еңбекте, ғылым-білім
үйренуде, адамгершілік мінез-құлықта деп ұқты. Сондықтан елін еңбекке,
өнерге үндеді. Қазақ әйелінің бас бостандығын жырлады.
Абай қазақтың ұлттық әдебиетін мазмұны жағынан ғана емес, түр жағынан да
байытты. Қазақтың әдеби тілінің негізін салды.
Абайдың шығармашылық мұрасы — халқымыздың ғасырлар бойы маңызын
жоймайтын рухани қазынасы. Маңызын жоймау былай тұрсын, заман өзгеріп,
қоғамдық санада күрт сапырылыстар пайда болған сайын бұл қазына өзінің жаңа
бір қырларымен жарқырай ашылып, қадірін арттыра түсетініне Абайдан кейінгі
уақыт айқын көз жеткізді.
Ақынның дүниеге келгеніне біржарым ғасыр, ал өзінің мәңгі өлмес
шығармаларымен халқына сөздің ұлы мағынасында ұстаздық ете бастағанына
ғасырдан астам уақыт өтті. Содан бері оның артына қалдырып кеткен мұрасы
елі мен жұртының рухани өміріндегі қай бұрылыстар мен қай құбылыстар
тұсында да айнымас темірқазық, адастырмас құбыланама болып қызмет етіп
келеді.
Бұл күнде Абай сөзі әр қазақтың ағзасына ана сүтітнен бірге дариды
десе, артық айтылғандық емес. Ана сүті тән қорегі ретінде жас сәбидің буыны
бекіп, бұғанасы қатаюына қызмет етсе, Ақын сөзі оның санасына адамдық пен
азаматтықтың ұрығын сеуіп қызмет етеді. Атаның ұлы болма, адамның ұлы бол,
халқыңа қызмет ет, еліңнің көсегесін көгерт деген имандылық ережесін әр
кезеңнің жас ұрпағы бұдан былай санасына Абай қа-зынасының нәрлі бұлағынан
сіңіретін болады. Азаматтықтың үлкен жолындағы өзінің алдынан көлденең
тартылған әрбір сұраққа ол тиісті жауапты ең алдымен Абай мұрасынан іздеп,
Абай даналығынан табатын болады.
Абай өмірінде шын мәнінде пайғамбарлық сапат бар еді. Оның қаламынан
туған қастерлі жыр, оның даналығынан туған лұғатты сөз халқымыздың рухани
қажетіне өзінен кейін ғана жаратыла бастады. Оның алып тұлғасы ақын
дүниеден өтіп кеткен күннің ертеңінде-ақ заман-дастарының күнделікті
тіршілігінің деңгейінен биікке бірден көтеріліп шықты да, уақыт өткен сайын
зорая берді.
Абайдың атағын алғаш көтеріп әкеткен ғасырымыздың елең-алаңында ел
өміріне жыл басындай жаңалық әкеліп, қалың ұйқыда жатқан халқының санасына
сәуле түсірген бір топ зиялылар еді. Солардың ішінде ең бірінші
бісмілләні айтқан сол шоғыр топтың ішіндегі шоқтығы биік басшысы туған
халқының елдік тәуелсіздігі мен рухани бостандығы жолында Алаш туын көтеріп
шыққан қайраткерлердің топбастары — Әлихан Бөкейханов болды
Абайдың әлеуметтік қызметі мен шығармашылығы жәнінде бұл кісінің
бірден айтқан көшелі пікірлері былай тұрсын, чудные его стихи, иосвященные
четырем временам года (весна, лето, осень и зима), сделали бы честь
знаменитым поэтам Европы деген бір ғана ауыз сөзінің өзі ақын мұрасының
бұдан былайғы мәңгілік өміріне жол ашып кеткендей еді.
Тарихта тұңғыш рет ақынның өмірбаяны мен шығармашылық мұрасынан
біршама толық мағлұмат келтіре отырып, соларды патшалық әкімшілік тілінде
шығатын газет арқылы бір ғана Семей өңірі, бір ғана қазақ даласы емес,
бүкіл Ресей көлеміндегі қалың жұртшылықтың қатеріне жеткізген бұл басылым
кейін тұтас бір ғылым саласына айналған абайтанудың алғашқы қайырлы қадамы
болып еді.
Бұл қазанама мақалада Абайдың шыққан тегі, тәрбиеленген ортасы, алған
білімі, азаматтық қызметі, шығармашылық жолы, үлкен ағартушы ойшыл
ретіндегі дүниеге көзқарасының қалыптасуы жайында мәнді мағ-лұматтар
келтіріліп, жүйелі пікірлер айтылған.
Егер бұдан бұрынырақ, ақынның көзі тірісінде, 1903 жылы Қазақ өлкесі
туралы Петербургте басылып шыққан анықтамалық кітапта халқымыздың жалпы
рухани мәдениеті жөнінде толғана келіп, жаңа әдебиетінің төлбасы ретінде
Абай атына айтқан сындарлы ойлары мен байсалды бағалауын еске алсақ, Ә.
Бөкейхановты ұлы ақынның алғашқы шежірешісі және зерделі зерттеушісі деп
бағалауға толық негіз бар деп ойлаймыз.
Абай сөздерінің дүниеде қалғаны қазаққа зор бақ екенін, мезгілінен
ерте туып, өз тыңдаушысынан тұтас бір дәуір озып кеткен ақын байлар мен
атқамінерлердің шылауында жүрген қазақ өлеңін алдымен есіктен төрге
шығарғанын, сонсоң таққа көтергенін айта келіп, А. Байтұрсынов Абай
өнерінің не себепті қадірлі болатын сырын ашты.
Абай мұрасының өзіне дейінгі және өзімен тұстас өзге ақындар
өлеңдерінен үздік артықшылығының басқа да қырлары мен сырларын тәптіштей
келгендегі автордын оқырманға арнаған түйінді тілегі мынадай еді: Абайды
қазақ баласы тегіс танып, тегіс білу керек .
Бірінші жаңалығы,— деп жазады ол,- Абайдың көркем сөзге,
поэзияға көзқарасы... Өлең қазақ өмірінде үлкен орын алды. Қазақтың салт-
санасын сұрыптауда өлең феодал табының тап құралы болды... Өлеңді хан-ның,
сұлтанның, байдың жалдамалы ақынығана айтатын еді. Үстемдік құрып, ел билеп
отырған феодалдардың, өздері ақындық құруды бойына кемшілік деп санаушы
еді.
Міне осы ескі көзқарасқа Абай өзгеріс жасады. Абай өленнің үлкен өнер
екенін білді... Әлеумет тұрмысында орыны үлкен екенін ұға білді
Абайдың екінші жаңалығы — қазақтың жазба әдебиетін жасауға бас
болғаны .
Абайдың қазақ әдебиетіне кіргізген үшінші жаңалығы — орыс әдебиетінің
үлгілерін алуы...
Абайдың төртінші жаңалығы — қазақтың тіл байлығын ұқсата білуі .
Өзінің тықнан шығарған, орыс, арабг парсы әдебиеттерінен алған
үлгілері де жоқ емес. Біздің жалпылап шолуымыздын, өзінде-ақ Абай
өлеңдерінен 7—8 өлең түрлері қазақтың бұрынғы әдебиетінде болмаған түрлер
дейміз.
Бұдан кейін сыншы өзінің жаңа түрлер деп анықтап отырған өлеңдеріне
тән өзгешеліктерді атайды. Бірінші өзгешелігі — әнге лайықтап, музыка
үніне үйлесіп, буын өлшеуі, дыбыс ұйқастығы, сөз ырғағы күшті болып келеді.
Өлеңді оқығаныңда сөз ырғағы, дыбыс ұйқастығы, елеңнің жалпы кестесі — әнге
өзі тартып тұрады.
Сонсон, Абайдың екінші біркелкі өлең түрлері әнге келмейді — өлең
кестесі, сөз ырғағы, сөз қисыны мазмұнына бағынады. Мағынасы келіп тұрған
сөзді, кейде өлең ұйқастығын, жалпы кестесін бұзып тұрса да, Абай қосып
жібереді. Абайдың мұндай өлеңдерінде терең ой, толғаулы, табақты сөз кеп
кездеседі. Әндетіп, сылдыратып оқи алмайсың, көбінесек талдап, саралап,
тоқтап оқисың.
Абайдың бар ынтасы, мақсаты — қазақ байын жақсылауда, наданды өнерлі,
ақылсызды ақылды, жалқауды ерінбейтін, епсізді епті, берекесізді берекелі,
дінсізді дінді қылу — міне Абай осыны арман қылды. Қазақ байлары осылай
болса, қазақ халқы өзге халықтарға теңеледі, деді.
Абайдың орыс дүниесінің тілін біл, малыңды аямай, осы орыс білімін
үйрен, шаруаңды ұқсат, егін сал, сауда жүргіз, түзден мал ізде, қол өнерін
үйрен, болыстыққа шашылма, берекеңді қашырма деген сөздері қазақтың
капиталдаса бастаған байларының программасы еді.
Абайдың жылауы, тарығуы неден туып отыр? Абай жалғызбын, дос жоқ,
ақылшы жоқ дегенде, ескіден өзім ғана қалдым, ескі қазақтың надан тұрмысы,
феодалдығы жақсы еді деп, соны жоқтап жырлап отыр ма? Біз біл-ген Абайда
бұл жоқ.
...Абайдың жаны жаралы, сырты бүтін, іші ауру болуы ескілікті
көксегендік емес... Бұл торығудық тамыры Абайдың ескішілдігінде емес,
жаңалығында жатыр. Абайдың көзін жасқа толтырған — қазақтың капиталдаса
бастаған ескі байының шалалығы, надандығы, шабандығы.
Абайдың тілейтін арманы — жақсы бай, өнерлі, епті бай. Көптеп егін
салатын, үлкен сауда жүргізетін, орысша оқыған, дінге жақсы түсінген — міне
осындай бай. Бай осындай болса, Абай ойынша, заман түзелер еді, қазақ елі
жетілер еді. Абай қазақ байын сынағанда, осы оймен ғана сынайды. Абайда
басқа ой жоқ. Басқа арман да жоқ... Сондықтан Абайдың шындығы — көзі ашық,
епті байдың шындығынан аспайды.
Ұлтшылдар,— деп жалғастырады автор ойын,—Абайды ұлтшыл еді деп
көтерсе, мұның ешбір таңданар ештеңесі жоқ, мұның тап(тық) сыры ап-анық.
Абайдың көздеген таптық жолын, саяси тілегін алып қарағанда, Абай
ұлтшылдардың (Әлихандардың) атасы екендігінде және дау жоқ.
Мінеки, бір кездегі біздің өткеніміз бен бүгінімізді бірдей темір
құрсауына алып қысқан саяси бопсаның схемасы, сорымызға қарай, осылай
жасалған. Сол схема бойынша, кітаптың келесі бір бөлімінде Абай қазақтың
ұлттық ақыны болмай, бір ғана үстем таптың (авторша айтқанда, байлар
табының — Ж- Ы.) жаршысы болып шыққан.
1.2. Ақын тұлғасы, адамгершілік мақсат-мұраты
Абай заманы, ол ақындық өнерге, ағартушылық жолындағы күреске барын
салып кіріскен кез — қазақ халқының тарихындағы ең бір күрделі, талас-
тартысы, қайшылығы мол дәуір болатын. Бұрынғы хан билейтін заман артта
қалып, ел арасынан сайланған аға сұлтандар шыққан болса, ондай тәртіп те
жарты ғасырға жетпей өзгертіліп, қазақ даласы ұсақ-ұсақ болыстарға
бөлшектеніп, ел билеу тізгіні уезд бастықтарының — патша чиновниктерінің
қолына көшкен еді. Бұл болыстардың билікке таласуын, ұлықтардың
жолсыздығын, бассыздығын, парақорлыққа бейімділігін арттырды. Қазақ жеріне
Ресейден кешіріліп қоныстандырылған кедей шаруалардың саны көбейіп,
патшалық әкімшілік талай шұрайлы жерлерді тартып алып, елді атамекенінен
ығыстырды. Патша үкіметінің Қазақстанды отарлау саясатының іске асуы
нәтижесі болған осындай ауыртпалықтан, заңсыздықтардан, рухани
кіріптарлықтан елді құтқарудың ендігі жаңа жағдайдағы бірден-бір ұтымды
жолы білім-ғылым үйрену еді. Шоқан, Ыбырай, Абай секілді алдыңғы қатарлы
қоғам қайраткерлері осыны жақсы түсініп, ұлттық ұранға айналдырды. Олар
Ресеймен қарым-қатынасты күшейте түсудің аса пайдалы жағы орыс мәдениетінің
үздік үлгілерін ел ішіне, жұртшылыққа тарату деп санады. Мал бағумен қатар
елдің егіншілікке, сауда-саттық секілді кәсіптерге бейімделуі қажет екенін
де олар басқалардан бұрын түсінді.
Абай жас шағында Семей қаласындағы медреседе оқығаны мәлім. Бұл
жылдары ол араб, парсы, шағатай тілдерін жақсы меңгерген. Шығыс классиктері
Фирдоуси, Саадидің, Науаидің, Низамидің, Фзулидін, Жәмидің, Сайхалидін т.
б. шығармаларымен танысты. Сонымен қатар ол орыс мектебіне —приходская
школаға да барып жүреді. Өзінің ерекше қабілеттілігі және зейін қойып, зор
ықыласпен үйренуі арқасында Абай орыс тілін де игеріп алады. Алайда, әкесі
Құнанбай оны енді өзінің жанында ұстап, бірте-бірте ел билеу ісіне
араластырмақ ниетпен ауылға қайтарып алады. Сөйтіп, Абай көп кешікпей оқуды
доғаруға мәжбүр болды. Ендігі жерде Абай ел арасындағы әр түрлі ру таласы,
жер дауы, жесір дауы секілді істерге араласып, қазақ даласының өктем
билеушісі өз әкесі Құнанбай мен оның то-бындағы ел билеушілер, және оларға
қарсы топтардын қарым-қатынастарын жігі аңғара бастайды. Абай әр түрлі
топтардың арасында жиі болып, халықтың, қалың бұқараның, кедей шаруалардын
тұрмыс жағдайын өз көзімен керіп танысады. Бірнеше жыл бойы болыстық
міндетін атқарып, ел билеу ісіне тікелей араласьш, әр түрлі даулы іске
кесім айтып, таласы мол күрделі мәселелерді шешуге қатынасады. Талай
қақтығыстардың, күрес-тартыстардың ортасында болып жүрген Абай, қолында
күші бар топтардың әділетсіздігін, аяусыз қаталдығын көріп, әр түрлі топ
өкілдерінің мінез-құлқын, іс-әрекеттерін үнемі байқап жүреді. Олардын
істеген істеріндегі, күнделікті қылықтарындағы мағынасыздықты, бітпейтін
талас-тартыстың, өнімсіз әуре-сарсанмен күн өткізушіліктің ел басына үлкен
ауыртпалық түсі-ріп отырғанын терең түсіне бастайды. Абай осылай қоғам
өмірі жайлы көп толғанып, көп ойланып жүріп, халық мүддесі үшін, адалдық,
адамгершілік үшін күресуге ұмтылады, қалай күресудің жолын іздейді. Елдің
өнімсіз қылықтармен көбірек әуес болатынының себебі білімсіздіктен, ескі
ұғым-түсініктерден арыла алмай келе жатқандығынан деп біледі.
Ғылым-білімге, жаңалыққа ұмтылған, сол үшін күресуге бет алған Абайды
етектен тартып, алдын орап, қолын байлап, еркіне жібермеген бірлі-екілі
кісі емес, көп адам, қаумалаған қараңғы ел-жұрт екенін осы сөздер анық
аңғартады.
Ес кіргелі тимеді ерік өзіме,
Сандалмамен күн кешкен түспе ізіме,—
дегенде ақын өзін де, өз басының кемшілігін жасырмай ашып айтып отыр десек
те, сол заманды, ескі әдет-салтты берік ұстаған ортаны көбірек сынайды.
Халық мүддесі үшін күресуге бел байлап, елді, жастарды адал еңбек
етуге, өнер үйренуге, білім-ғылым жолына түсуге шақыруды мақсат етіп қоймақ
болған Абай осы ой-пікірін жалпы жұртқа жария етуге, солардың жүрегіне
ұялатуға жарарлық бірден-бір күшті құрал — өлең сөз, ақындық өнер деп
санайды. Бойындағы ақындық қуатын осы жолға жұмсау қажет деп түсінеді.
Абай Михаэлиспен достасып, аралас-құралас болып жүріп, Н. Долгополов,
С. Гросс сияқты Семейге айдалып келген бірнеше адамдармен де жақын
танысады. Бұлар жас кезінде революциялық қозғалысқа қатысып көзге түскен,
ал кейін орыс мәдениеті мен ғылымына өз қадарынша елеулі үлес қосқан
адамдар болды. Сондықтан олар Абайға орыс халқының өмір-тұрмысынан әр
түрлі мағлұмат берген болса, соның өзі оның орыс мәдениетің әдебиетін еркін
игеруіне себін тигізген деуге лайық. Ал әдебиет, тарих, қоғамдық
мәселелерді айтсақ, Абайдың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтіп,
шырқау биікке көтерген, әрине, орыстын, А. С. Пушкин, М. Ю. Лермонтов,
И. А. Крылов, В. Г. Белинский, Н. Г. Чернышевский, Л. Н.
Толстой,. Н. А. Некрасов, И. С. Тургенов, Е. Салтыков-Щедрин секілді ең
көрнекті жазушы, қоғам қайраткерлерінің шығармаларын оқып, олардың озат ой-
пікірлерімен тікелей танысуы екенін атап айткан жөн. Абай сол замандағы
орыстың қоғамдық ойының, әдебиетінің ең құнды жетістіктерін қадағалап,
зерлеп білуге көп күш жұмсаған.
Абайдың Мен жазбаймын өленді ермек үшін деген өлеңіндегі
ақындарға арналған сыны Шәкәрім, Көкбай, Әріп сөздеріне қатысты айтылған
деген пікір бар екені белгілі. Жәнеосы пікірдің негізі жоқ емес. Бірақ
мәселе сол пікірдің қалай айтылғанында ғой, Шәкәрім, Көкбайларды
кертартпа ақындар деп мүлде қате түсінік қалыптастыру мақсат етілген
кездерде Абайдың сөздерін желеу етуге тырысып, оның мәнісін бұрмалап
түсіндіру орын алды. Абайдың жас ақындарға айтқан сыны қамқорлығыда
екені ескерілмеді. Мысалы: Шәкәрімнің Кәрілік туралы шығарған Алпыстан
әрі бармаңдар, Байқамай шал боп қалмаңдар деп әзіл-қалжың араластыра
айтатын өлеңі ақынның жас кезінде шығарылған. Абай шынында сондай өлеңді
тілге тиек еткен болса, мәселе, аға ақынның алдымен өлең сөздің терең
мағыналы, өнегелі өнер болуын қатты талап етіп отырғаны деп түсінуіміз жөн.
Ал Абай Шәкәрімнің сирек кездесетін ақындық дарынын, ой-шындық
қабілетін жете бағалай алмаған деп бүгінде ешкім айта қоймас. Жанындағы
жас ақындарға іш тартып, өзімсініп, (інім, сізге дейді е.мес пе?)
ескерту айтқан десек, оның жөні бір басқа. Мысалы, Көкбай өз
естеліктерінде бірде менің өлеңіме Абайдың көнілі толмап еді дегенді еш
қысылмай, қымтырылмай айтқан ғой.
Абай әдебиетке мүлде жаңа міндет жүктеді. Ол өз поэзиясының тыңнан
түлегенін (сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел) атап айта отырып,
тыңдаушы (оқырман) қауымның да көркемдік, идеялық, эстетикалық түсінігі,
талғамы, мәдениеті есуін талап етті, мұны өмірдің де, өнердің де
қажеттілігі деп санады. Әдебиеттің өмірді түзетуге, өзгертуге шешуші үлес
қосуын, бел-сенді қызмет етуін, идеялық-көркемдік құрал дәрежесінде
биіктеуін уақыттың үлкен де шешуші талабы ретінде ұсынды.
1.3. Абай ғылым және өнер жайында.
Қараңғыда қазақ елінің ортасынан жарқырап шыққан жарық жұлдыздай
жалынды пікір иесі Абай өз халқын өрге сүйреудің қамын ойлады. Елді
мәдениетке, ғылымға шақырады: Абай да Шоқан, Алтынсарин ұстаған бағытты
ерістетуші болады.
Дүниежүзілік мәдениетке қол созған данышпан ақын, өз елін мәдениетке
шақыра отырып, жастардың алдына оқу деген, өнер, білім деген мәселені
қояды.
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын кере тұра тексермедім.
Ержеткесін түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім, -
деп, өзінің жас кезінде оқи алмай қалғанын арман етеді. Жастар, менің
мұнымнан үлгі алма, жастық шақты бос өткізбей, оқуға, ғылым алуға жұмса —
дегенді айтады.
Ол кездегі байлардың балаларын оқытқандағы мақсаты: шен алу, патша
үкіметіне қызмет ету, елдегі өз қожалығын берік ұстау болса, Абай оған
қарама-қарсы, ғылым алуды, сол ғылымды ел керегіне жұмсауды мақ-сат етеді.
Абайдың бұл мақсаты, әсіресе Интернатта оқып жүр деген өлеңінен
айқын керінеді. Оқытқан әкенің де, оқыған баланың да ой-өрістерінің
тарлығын, орыс тілін білудегі мақсат прощение жазудан әрі аса алмай жүр-
генін сынай келіп, Абай:
Нан таппаймыз демейді,
Бүлінсе елдің арасы.
Иждаһатсыз, михнатсыз,
Табылмас ғылым сарасы
Аз білгенін көпсінсе,
Көп қазаққа епсінсе,
Кімге тиер панасы? —
деп, ғылымның оңайлықпен қолға түспейтінін, адам өз білімін ешуақытта
көпсінбей, өзіне-өзі сын көзімен қарау керектігін ескертеді.
Сөйтіп, оқу-білім алу — елге ептілік жасау үшін емес, бірлікке, ел
болуға, мәдениетті болуға жұмсалса, сонда ғана одан нәтиже шығады деген
қорытындыға келеді.
Абай оқыған жастардың теріс тәрбиеленуіне, олардың өскен ортасы,
қазақтың надандығы, алауыздығы кінәлі деп біледі:
Ойында жоқ олардың,
Салтыков пен Толстой,
Я адвокат, я тілмаш
Болсамә деген бәрінде ой,—
деп, өрісі тар, күнделікті ғана ойлаушылықты шеней отырып, адамның мінез-
құлқын түзетуге әрекет істейді. Елді тұншықтырып отырған помещиктер
қоғамының негізін жоюға күш салған Салтыков-Щедринді мадақтайды. Оқушыларға
сендер де Толстой, Салтыков-ІЦедриндей болыңдар дейді. Оларды үлгі ету —
қазақтан солардай сл қамын жейтін адамдар шығуын аңсағандық еді.
Оқып шығып, патша үкімстіне қызмет етуді ақын қорлық деп біледі.
Военный қызмет Гздеме, Окалы киім киюге,
Бос мақтанға салынып,
Бекер көкірек керуге.,
Қызмет қылма оязға
Жанбай жатып сөнуге,—
дейді.
Абай жастардың алдында тұрған зор міндет — ғылым, қайткен күнде де,
ғылымға қол созу керек деп, көп өлеңдерінде-ақ ғылымды жыр етеді:
Ғылым таппай мақтанба!
Орын таппай баптанба!
Ойнап босқа күлуге...
Немесе:
Ғалым болмай немене
Балалықты қойсаныз?
Болмасаң да ұқсап бақ
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда? — деп
Айтпа, ғылым сүйсеңіз! —
деп, ақын адамның ең қымбатты көзі — жастық шақтың оқу, ғылымға жұмсалуын
талап етеді. Ойын-сауықты кейін қоя тұрып, алдымен ғылым жолында еңбек ет,
ізден, ғалымдардан үлгі ал, солардай болуға тырыс деп айта келеді де:
Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл берсеңіз—
деп қортынды шығарады.
Бұл сол кездегі жаңалықты аңсаушы алдыңғы қатардағылардың идеясы. Сол
идея Абай өлеңінен орын алды.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz