Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы және мемлекеттің пайда болуы


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. Мемлекет ұғымы . . . 5
1. 1 Мемлекет мәні, белгілері . . . 5
1. 2 Мемлекеттің қызметі, типологиясы . . . 9
2. Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы және пайда болуы . . . 15
2. 1 Мемлекетке дейінгі кезеңдегі әлеуметтік билікке жалпы сипаттама . . . 15
2. 2 Мемлекеттің пайда болу негіздері мен себептері . . . 17
2. 3 Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар . . . 20
Қорытынды . . . 27
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 29
Кіріспе
Мемлекет және құқық теориясы - күрделі заңтану ғылымы, ол мемлекет теориясы және құқық теориясы деп аталатын екі бөліктен тұрады.
Мемлекет теориясы мемлекет туралы жалпы ғылым, ол мемлекет типтерін, нысандарын (формаларын) және қызметтерін (функцияларын ) зерттейді.
Ал құқық теориясы - заң догматтары мәселелерін, яғни құқық негіздерін, құқық нормаларының түрін, құқықтық қатынастарды, құқықтық сананы, құқықты түсіндіруді, заң алдындағы жауаптылықты және тағы басқалай да мәселелерді зерттейтін ғылым.
Мемлекеттің пайда болуына өзінің сипатына, бағытталуы мен ерекшеліктсріне сәйкес, нысандарын қажет етпеген және мемлекет болғанға дейінгі, басқа нысандарды пайдаланып келген алғашқы қауымдық қоғамның даму кезеңдері тікелей ізашар болып отыр.
Мемлекеттің дамуы - мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің, жеке меншіктің пайда болуы нәтижесінде алғашқы қауымдық құрылыс тапқа бөлінуінің туындысы. Мемлекет жария үкіметтің пайда болуы мен іс-әрекетінің нәтижесі ретінде қалыптасатын, қоғам өмірін ұйымдастырудың нысаны мен оның негізгі салаларына басшылық ететін, қажетті жағдайларда мемлекеттің күш-қуатына үйренетін басқару жүйесі.
Бұл курстық жұмысымның тақырыбы «Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы және мемлекеттің пайда болуы» деп аталады.
Тақырыптың өзектілігі. Өткен тарихты және елiмiздiң ұзақ ғасырлық тәжiрибесiн пайдалану, олардан сабақ алу тарихи қажеттiлiк болып табылады. Өйткенi, елiмiздiң өткен уақыттағы саяси-құқықтық тәжiрибесi, идеялары, ойлары мемлекеттiң қазiргi дамуы мен бағытына едәуiр ықпал етедi. Өткен тәжiрибелердi ескеру қателiктерге жол бермеуге көмектеседi. Яғни, “егер бiз мемлекет болғымыз келсе, өзiмiздiң мемлекеттiлiгiмiздi ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсiнгенiмiз жөн”, - дейдi елбасы Н. Назарбаев. Осы тұрғыда тақырыпты зерттеу өзектi.
Курстық жұмыстың мақсаты:
- Мемлекет мәні, белгілері, қызметі, типологиясына тоқталу;
- Мемлекетке дейінгі әлеуметтік билікке сипаттама беру;
- Мемлекеттің пайда болу негіздері мен себептері және мемлекеттің пайда болуы туралы теорияларды талқылау.
Курстық жұмыстың зерттелуі. Мемлекеттің пайда болуы туралы мемлекет және құқық теориясында, отандық әдебиеттерде зерттеліп, қарастырылған.
Курстық жұмыстың құрылымы . Жұмыстың мақсаттарына сәйкес
менің жұмысым келесідей бөлімдерден: кіріспе, негізгі бөлім және қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. « Мемлекет ұғымында» мемлекеттің мәні, белгілері, қызметі және типологиясы жөнінде қарастырдым, ал « Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы және пайда болуы» деген 2- тарауда мемлекеттің пайда болуы жөнінде, сондай - ақ ол туралы теориялар жөнінде тоқталып өттім.
Бұл жұмысты жазуда мен С. Өзбекұлы, Булгакова. Д., Ғ. С. Сапарғалиев, А. С. Ибраевтың еңбектерін басшылыққа алдым.
1. Мемлекет ұғымы
- Мемлекет мәні, белгілері
Мемлекет - басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік - тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Өзіне тән ерекше белгілері мен қажетіне, сондай - ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне қарай мемлекет экономиканы дамытудың, әлеуметтік - саяси, рухани, ұлтаралық және жеке адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды мәселерін шешуге нақты қатынасып, қоғамдағы істердің жағдайына белсенді түрде әсер ете алады. Мемлекет тек өзіне ғана тән функциялары, әсер ету нысандары мен әдістері бар айрықша құрылым ретінде сипатталады. Соның арқасында оны қоғамда, ұйымда, құрлымдар мен институттарда әрекет ететін басқалардан ерекшелігімен көзге түсетін күрделі саяси организм ретінде ұғынамыз.
Көрсетілген негізгі жағдайлар біздің түсінігімізде мемлекетті анықтауда өзінің көрінісін табуы керек. Өзінің көрінісін тапқан құбылыстың күрделілігі мен көп аспектілігіне қарай оның біржақты болуы мүмкін емес.
Мемлекет дегеніміз - адамзат қоғамы дамуының нәтижесінде пайда болған саяси ұйым.
Мемлекет - қоғамды басқару міндетін атқаратын, адамдардың, топтардың, таптардың қарым - қатыгастарын реттеп отыратын, заңдарды қабылдайтын саяси ұйым.
Мемлекет - қоғамның саясаты жүзеге асыратын саяси ұйым.
Мемлекет туралы ұғымның толық болуы үшін оның белгілеріне егжей - тегжейлі тоқталып, олардың мазмұны мен мәнін тереңірек ашу қажет.
Мемлекет мәні. Мемлекеттің мәнін түсіну мемлекет және құқық теориясының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Мемлекеттің мәні - мемлекеттің басты тағайыны, осы құбылыстың басты өзегі, яғни басты жемісі.
Мемлекеттің мәні оның мазмұнын, мақсатын, қызметінің бағыттарын анықтайды. Басқаша айтқанда мемлекеттегі билік пен оның құрамында болатындардың бәрі.
Кез келген мемлекетте қарама - қарсы болып келетін екі мән - таптық және әлеуметтік мән болады.
Мемлекеттің таптық мәнін қарастырып көрейік. Мемлекет бұқара көпшіліктің билігі ретінде өзін - өзі басқарудың бұрынғы органдары қауымдық құрылыста басқару қызметтерін атқаруды тоқтатқаннан бастап пайда болады. Қоғам әлеуметтік жіктелуге аяқ басады, бұрынырақта қоғамның (қауымның) барлық мүшелеріне тиісті болған билік саяси сипатқа ие болады, сөйтіп ол ең алдымен қуатты әлеуметтік топтардың, таптардың мүддесіне бейімділік танытады. Сонымен мемлекеттің таптық мәні қашанда болсын билікте қоғамның қуатты тобының мүддесін жақтау арқылы білінеді.
Дегенмен мемлекет тек ауқатты таптың ғана қамын ойлаумен айналыспайды, қайта ол бүкіл қоғамның қамында ойластыруға мәжбүр болады. Өйткені, қоғам бірегей құрылым болғандықтан соған сай дәулетті топтар ондағы кедей (жарлы) қаналушы топтарсыз өмір сүре алмайды. Сөйтіп кез келген мемлекет қашанда болсын жалпы әлеуметтік қызметтерді де жүзеге асыруға мәжбүр болады, сондықтан да бүкіл қоғам мүдделерінде ескеріп қызмет атқаруы тиіс. Осы айтқанымыз мемлекеттің жалпы әлеуметтік мәні болып табылады.
Қай мемлекет болса да қандай бір әлеуметтік топтың, таптың үстемдік құруының машинасы, құралы ғана емес, сонымен бірге ол бүкіл қоғамның мүддесін де білдіреді, оны біріктіру құралы және оны интеграциялайтын тетік болып табылады.
Мемлекет әрқашанда бір жақты таптың немесе топтық үстемдік құрушы басшы тобы мүдделері мен бүкіл қоғамның мүдделері ұштастырылады, үйлестіріледі.
Әр түрлі тарихи жағдайларда осы екі мәндік жақтардың арақатыстылығы барлық мемлекеттерде бірдей емес, яғни әр алуан болып келеді, бір жағының күшеюі басқа жағының нашарлауына апарып соғады.
Мемлекеттің таптық мәні жоғары дәрежеде құл иеленуші мемлекетте байқалады, онда құл құқықтың субъектісі емес, құқықтың объектісі - мүлік яғни жанды мүлік есебінде құл иеленушінің меншігі болып табылады. [1, 41б]
Мемлекеттің әлеуметтік рөлінің жоғарылай түсуі әжептәуір дәрежеде әлеуметтік қайшылықтардың әлсіреуіне әкеледі, таптық қарсыластардың әрекеттерін басу шараларының қажеттілігі де азаяды, қоғамдағы тұрақтылық та нығая түседі.
Осы заманғы дамыған мемлекеттер өзінің жалпы әлеуметтік мәнін ұлғайтуға деген ұмтылысын күшейтуде, өйткені олар ең алдымен қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға мүдделі болып отыр.
Жоғарыда аталғандардың негізінде, мемілекеттің мәнін қарастыруда екі аспектіні ескерудің маңызы зор:
1) формальды - кез - келген мемлекеттің саяси биліктің ұйымы екендігі;
2) мазмұнды -осы ұйымның кімнің мүдделеріне қызмет ететіндігі.
Мемлекеттің мәнін анықтауда келесі бағыттарды атап өтуге болады:
- класстық, бұған сәйкес мемлекетті экономикалық үстемдік құрушы топтың саяси билігінің ұйымы ретінде анықтауға болады;
- жалпы әлеуметтік, бұған сәйкес мемлекетті әртүрлі класстар мен әлеуметтік топтардың мүдделерін ескеру үшін жағдай жасайтын саяси биліктің ұйымы ретінде анықтауға болады.
Мемлекет - қоғамды басқару міндетін атқаратын, адамдардың, топтардың, қарым -қатынастарын реттеп отыратын, заңдарды қабылдайтын саяси ұйым.
Мемлекет - қоғамның саясатын жүзеге асыратын саяси ұйым. Мемлекет туралы ұғымының толық болуы үшін оның белгілеріне егжей - тегжейлі тоқталып, олардың мазмұны мен мәнін тереңірек ашу қажет.
Мемлекеттің негізгі белгілері. Мемлекеттің рулық басқару нысанынан басты айырмашылығы арнаулы кәсіби басқару және мәжбүрлеу аппаратының болатындығын да жатыр. Бұл жердегі әңгіме қоғамнан ерекшеленген, басқару ісі негізгі қызметіне, кәсібіне яғни мамандығына айналған, қатары бірітіндеп көбейе бастаған адамдар туралы. Басқарушы - адамдардың мұндай ерекше тобын алғашқы рулық басқару нысаны білген емес. Ол тек қана басқарудың мемлекеттік жүйесіне тән нәрсе, мемлекеттің үлкен механизмін іске қосады. Нәтижесінде мемлекеттің барлық халқы бір жағынан басқарылғандарға, екінші жағынан басқарушылар мен басқаруға байланысты мамандарға бөлінеді. Сөйте тұра екіншілерінің біріншісіне қатысты тек қана басқару функцияларын емес, сондай - ақ кейбер мәжбүрлеп ықпал ету шараларын да ресми түрде жүзеге асыруына қақысы бар.
Мемлекеттің басқа бір ерекше белгісі, өзінің өмір сүруі үшін халықтан салық жинауға мәжбүр болуы. Бұл салық - мемлекеттің өмір сүріп, тіршілік етуінің экономикалық негізі; салықсыз он күн көре алмайды, өйткені қаржының жетіспеуінен немесе болмауынан оның өмір сүруі қиындайды. Салықты мемлекеттің барлық азаматтары, соларға қоса шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамадар төлейді; халықтың шамалы бөлігі ғана салық төлеуден босатылады. Мемлекет салықтан түскен қаржыны басқару және мәжбүрлеу аппаратының орасан зор армиясын ұстауға, мемлекеттің жүргізетін ішкі және сыртқы саяси шараларын қаржыландыруға, денсаулық сақтау, білім беру, ғылым, мәдениет салаларын ынталандыруға, қоғамдық қауіпсіздікті, құқық тәртібін қылмыс және құқық бұзушылық пен күресті қамтамасыз етуге пайдаланады.
Мемлекеттің ерекше белгілерінің біріне оның өзі азаматтарын аумақтық принцип бойынша бөлетіндігі жатады, ал алғашқы - рулық басқару ұйымының негізінен мүлдем басқаша - қандас туысқандардың байланысы мен қарым - қатынасынан құрылады. Енді соңғысы бұрынғы маңызын жойды, басқару ісінде басым болудан қалды. Керісінше, мемлекет азаматтарға өздеріне тиесілі құқықтарын бөліп, оларға міндеттер жүктеу туралы мәселені шешкен кезде, оларды басқару, ұйымдастыру және басқа да шараларға тарту кезінде ең алдымен олардың аумаққа жататындығын, тұрғылықты жерін ескереді.
Мемлекеттің дамуы барысында халықтың аумақтық орналасу принципі бірқатар мемлекеттік - құқықтық институттарымен жанама түрде байланыс орнатты, ол оны нақтылай түсуге, тереңдетуге, айқын мазмұнмен толықтыруға бағытталған болатын.
Осыған байланысты адамның қандай да бір мемлекетке жататындығын білдіретін азаматтық институты пайда болды. Мемлекет азамат еместер шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ тұлғалар болып танылады. Азаматтардың мәртебесіндегі айырмашылықтарының, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың арқасында мемлекет халықты «өзімдікі» және «өзімдікі емес » айшықтап атап көрсетеді. Сыртқы және ішкі шекаралар институтының маңызы айтарылықтай. Олардың көмегімен мемлекеттік биліктің кеңістіктегі шегі, сондай-ақ мемлекеттің егемендігінің құрамдас бөлігі болып табылатын аумақтық билік жүргізу институты анықталады.
Мемлекет басқа ұйымдардан қоғамда әрекет ететін құрылымдармен және институттармен, егемендік сияқты белгімен ерекшеленеді. Бұл сипат мемлекетті басқа ұйымдардан, қоғамның құрылымдары мен институттарынан жоғары қояды.
Егемендіктің екі құрамдас бөлігі бар: үстемдік және тәуелсіздік. Мемлекеттік биліктің үстемдік деп өз аумағындағы ең жоғары билікті айтады. Өз аумағындағы жұмыс істеп тұрған барлық ұйымдар, бірлестіктер, құрылымдар мен тұлғлар мемлекеттің басымдық ролін мойындайды. Олар мемлекеттік биліктің бұйрығын орындауға, мемлекеттің белгілеген тәртібін сақтауға әрі бұзбауға міндеттенеді. Мемлекетке тиесілі аумақта бірде-бір ұйым, бірлестік немесе құрылым мемлекетке қарсы келе алмайды.
Егемендіктің екінші бір құрамдас бір бөлігі болып саналатын тәуелсіздік дегеніміздің мәнісі - мемлекет өзінің билігін дербес жүргізеді, өзінің стратегиялық бағыты мен тактикалық жолын өзі таңдайды, өз ісіне ешкімді араластырмай, ішкі және сыртқы саясатын өзі жасайды, басқаның үстемдігіне жол бермейді. Тәуелсіздік ұғымының ішкі аспектісі мемлекеттің ішінде қызмет істейтін бірде-бір ұйымның, бірлестіктің және құрылымның мемлекет билігінің дербестігіне қол сұға алмайтындығына ерекше көңіл аударуға міндеттейді. Ал тәуелсіздіктің сыртқы аспектісі, егемен мемлекет басқа мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен дербес қарым-қатынасты сақтайды дегенді білдіреді.
Мемлекет - қоғамның, елдің, халықтың ресми өкілі. Қоғамның, елдің, халықтың мүддесін ол қанағаттандыра алды ма, жоқ па, қоғам, ел, халық оған өкілеттік берді ме, жоқ па, оған қарамастан бұл мәселенің дұрыс жауабы алдын ала түйінделіп қойған ұйым болып табылады. Қоғамда, елде, халықтың арасында жұмыс істеп жатқан басқа бірде бір ұйым қоғамның, елдің, халықтың еркі мен мүддесін білдіруші екендігін, барлық деңгейде және барлық жағдайда оларды білдіре, көрсете аламын деп мәлімдеуге батылдық білдіре алмайды. Бұған үміткер болуға мемлекеттің ғана негізі бар. Мемлекеттің бұндай сипаттары басым.
Мемлекеттің басқарудың құқықтық нысаны, реттеуді және ықпал етуді пайдалануы, оның міндетті белгісі болып табылады. Олардың алдында тұрған міндетті мемлекет құқықсыз шеше алмайды. Егер мемлекеттің аумағында орналасып, жұмыс істеп тұрған басқа ұйымдар, бірлестіктер мен құрылымдар құқық шеңберінде әрекет етіп, құқық тәртібін сақтауы, заңдар мен басқа да құқықтық нұсқауларды орындауы қажет болса, онда құқық аясында мемлекеттің қызметі мүлде басқаша, маңызды ерекшелігімен сипатталады және әр алуан болып келеді. Бұл айтылғандардан басқа, мемлекеттің құқық құқық шығармашылық монополиясы, сондай-ақ құқық қорғау, бақылау, қамтамасыз етіп, кепілдік беретін функциялар бар. Мемлекет қоғамдағы негізгі өзара қарым-қатынаста өзінің қызметіндегі басты демеу болып отырған құқық бастауына сүйенеді.
Сонымен мемлекет - саяси ұйым. Қоғамда көптеген саяси ұйымдар болуы мүмкін. Бірақ мемлекет - ерекше, бүкіл қоғамды қамтып, негізінен, соның атынан, қоғам үшін қызмет істейтін саяси ұйым . Мемлекет қоғамның атынан қоғамның ішінде де, басқа басқа мемлекеттер мен қатынастарда да қызмет атқарады. Сондықтан мемлекеттің қоғам өміріне тікелей және жанамалай әсер ететін ерекше органдары және басқа саяси ұйымдардан оны ажырататын белгілері бар. Оларға жататындар мыналар:
- Мемлекеттік егемендік. Мемлекеттің негізгі белгілерінің бірі - ол басқа мемлекеттерден тәуелсіз болады, оларға бағынышты емес. Мемлекет өзінің ішкі және сыртқы саясатын өзі қалыптастырып, өз еркімен жүзеге асырады. Былайша айтқанда, мемлекеттерге жалтақтамай, өзінің ішкі және сыртқы саясатын өзі атқарады.
- Билеуші органдар. Мемлекеттің ерекше билеуші, басқарушы органдар болады. Мемлекет органдарында тек басқару қызметімен шұғылданатын шенеуніктер болады. Қоғамдығы заңды орнықтылынған тәртіпті қамтамасыз ету үшінмемлекет әскер, полиция құрады. Сыртқы жаулардың жансыздарынан сақтану үшін қарсы барлау органын ұйымдастырады.
- Мемлекет органдарын, оларда істейтін қызметкерлерді қаражаттындыратын оның арнаулы материалдық қоры болады. Ол қорды жасау үшін мемлекет алым-салық белгілейді және оны жинайды.
- Мемлекеттің өзінің тұрағы, аумағы болады. Сол аумақта мемлекет құрылады, өз қызметін атқарады, билік жүргізеді. өз аумағының тұтастығын мемлекет барлық күш-қуатымен сақтап, қорғауға тынымсыз әрекет жасайды. Мемлекеттер арасындағы қайшылықтар, келіспеушіліктер, соғыстар көбінесе осы жер, аумақ мәселесіне байланысты. Мемлекеттің аумағы басқарудың тиімді жүзеге асыру үшін әкімшіліктерге бөлінеде. Халық әкімшілік-аумақтық бөліктерге бөлініп тұрғандықтан, олардың құқықтық жағдайы соған байланысты болады. [1, 38б]
Мемлекеттің күрделі белгілерінің бірі - құқықтық жүйенің қалыптасуы. Қоғамдық қатынастардың реттеп, оларды қажетті қалыпқа салып, тәртіп орнату үшін құқықтық нормалар жасалынады. Оларды жасап, қабылдайтын мемлекеттің тиісті өкілеттігі бар органдар болады. Сол құқықтық нормалардың жиынтығы мемлекеттің құқықтық жүйесін құрайды.
1. 2 Мемлекеттің қызметі, типологиясы
Мемлекеттің қызметтері дегеніміз - қоғамды басқарудағы мемлекеттің өзінің алдына қойған міндеттері мен мақсаттары, әлеуметтік тағайыны мен мәнін білдіретін, өздеріне тән формалары, өздеріне ғана тән әдістер арқылы атқарылатын әрекеттері және олардың негізгі бағыттары. Мемлекеттің қызметтері қатып қалған және ешбір өзгермейтін қатаң қағида емес, қайта олар өзгермелі, өзгерістерге жиі ұшырайтын құбылмалы болып келеді.
Нақты тарихи жағдайларға байланысты қайсыбір қызметтері басты шарт ретінде алға шығып отырады. Мысалы: ежелгі кезеңдердегі Шығыс Азия мемлекеттерінде ирригация, яғни суландыру жүйесі құрылыстарын салу - қоғамдық жұмыстар ретінде мемлекеттің басты қызметтері болып саналған, Ал көшпелі елдерде мемлекеттерді сыртқы жаулардан қорғау ісі басты қызмет түрі болатын. Қазіргі дамыған демократиялық елдерде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау ісін қамтамасыз ету басты қызмет болып табылады.
Демократиялық мемлекеттің негізгі мақсаты - қоғам үшін, қоғамдағы адамдардың топтары үшін, қоғамның дамып өркендеуі үшін қызмет атқару болып табылады. Қоғам - өте күрделі құбылыс қоғамның негізгі тірегі өндіріс. Өндірісті ұйымдастырып, дамыту үшін мемлекет те, адамдардың бірлестіктері де, жекелеген адамдар да қажетті іс әрекет жасап отырады. Бұл салада мемлекеттің істейтін қызметі сан алуан. Мемлекет өзіне қарайтын кәсіп орындарды тікелей басқарып, олардың жұмысын реттеп отырады. Мемлекеттің меншігінде табиғи байлықтар да болуы мүмкін. Қазақстан Республикасының Конститутциясына сәйкес жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде. Меншіктің басқа түрлерінің қалыптасуына, пайдалану әдістеріне мемлекет немқұрайлы қарай алмайды. Себебі меншік міндет жүктейді, оны пайдалану иесі мен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуі тиіс. Сондықтан мемлекет өз меншігіне жататын обьектілерді тікелей басқарып реттейді, ал мемлекеттік емес меншік түрлерін жанамалап реттейді. Демек, қалайда болса шаруашылықты ұйымдастыру және реттеумен шұғылданады. Осыған байланысты мемлекеттің экономиканы ұйымдастыру басқару реттеу функциясы болады.
Қандай да болсын қоғам түрлі таптар мен әлеуметтік топтардан тұрады дедік. Кейбір елдерде, мысалы, Қазақстанда, көтеген ұлт өкілдері өмір сүреді. Оладың арақатысын реттеу - негізінен мемлекеттің міндеті. Оларға қамқорлық жасауды, олардың арасындағы қарым - қатынастарды, туындайтын қарама - қайшылықтарды реттеу, шешу, жөнге салу - тек қана мемлекеттің қолынан келетін іс. Ол үшін мемлекетте күш те, қаражат та, басқа да мүмкіндіктер бар. Осыған сәйкес мемлекет әлеуметтік функция атқарады. Егер де мемлекеттің осы қызметі кең өріс алып, үздіксіз жүргізілетін болса, оны әлеуметтік мемлекет дейді. Осы заманғы мемлекеттердің бәрінде де ең маңызды қызметтер әкологиялық қызмет болып табылытындығын атап өтуіміз керек. Осылай көңіл бөліп атап көрсетуіміздің себебі - адамзат баласының қазіргі кездегі тіршілік ету әрекетінің қоғамдық масштабта табиғатқа теріс ықпал жасауынан туындап отыр. Мысал келтірсек, табиғатты бүлдіру шектен тыс жүзеге асып отыр. Атмосфераның, судың, топырақтың ластануы қатерлі сипат алып бара жатыр, адамды қырып жоюдың ал апат құралдарын жинақтаған қорлар, бәрі жиналып жойқын проблемаларды туындатып отыр.
Қандай қоғам болса да ғылымсыз, білімсіз, мәдениетсіз өркендеп, дами алмайды. Бұл салада да мемлекет ықпал етуі керек. Мысалы, Қазақстан мемлекетінде мемлекеттік ғылыми зерттеу, білім беру, мәдениет мекемелері бар. Оларды мемлекет қаржыландырып жұмысын реттеп, басқарып, бағыт беріп отырады. Мемлекеттік емес оқу, мәдениет орындарынан жұмысын заң жүзінде реттеу арқылы оларға да. Демек, мемлекеттің ғылымды, білім беруді мәдениетті басқарып, дамытып отыратын функциясы болады.
Аталғандар мемлекеттің ішкі функциясына жатады.
Мемлекет басқа мемлекеттермен түрлі, сан алуан қатынастарға түседі. Алдымен мемлекет өзінің тәуелсіздігін, егемендігін, аумағының тұтастығын басқа елдердің қол соғуынан қорғауға, сақтауға әрекет жасайды. Ол өзінің шекарасын бекітеді, күзетеді. Сол үшін қажетті қарулы күштер құрады, басқа мемлекеттермен осыған байланысты шарттар жасасады. Осы міндеттерді атқару мемлекеттің өзін - өзі қорғау функциясы деп аталады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz