Әдебиет сабағында қолданылатын әдіс - тәсілдер жүйесімен танысу
Кіріспе
Қазақ әдебиеті пәні мектепте маңызды пәндердің бірі болып табылады. Әдебиет пәні бала бойындағы асыл қасиеттер мен адами құндылықтарды дамытып, шығармашылық ойлау дағдыларын арттырады. Әдеби шығармаларды оқи отырып, эстетикалық ләззат алады және қиял әлеміне саяхат жасайды.
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің даму тарихына шолу жасау арқылы пәннің өзектілігін пайда болу ерекшелігін саралау,осы саланың дамуына үлес қосқан ғалымдар мен көрнекті тұлғалардың ойларын біле аламыз.
Тақырыптың өзектілігі: Бәсекеге қабілетті, саналы, тәрбиелі, рухани бай жас ұрпақты тәрбиелеуде қазақ әдебиеті пәнін оқытудың орны айрықша. Әдебиет пәнін дұрыс оқыту, сапалы білім беріп оқушылардың білім, білік, дағдыларын дұрыс қалыптастыру үшін пәннің пайда болуы,атқаратын қызметі өте жоғары.Осы бағытта оқырмандар мен студенттерге осынау күрделі әрі берер пайдасы мол пәнді оқытып үйрету бүгінгі күннің басты оқиғасы.
Тақырыптың мақсат - міндеттері: Әдебиет әдістемесінің даму тарихын жан-жақты зерттеу,саралау және де пәннің негізінде қолданылатын әдіс-тәсілдермен танысу:
Әдеби білім кезеңдері және білім берудегі әдебиет пәніне шолу жасау;
Әдебиет сабағында қолданылатын әдіс - тәсілдер жүйесімен танысу;
Зерттеу нысаны: Зерттеу жұмысының нысаны ретінде Қазақ әдебиетінің әдістемелік оқулықтары алынды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Ғылыми жобада қазақ әдебиеті әдістемесінің дамуына үлес қосқан ғалымдар және заманауи білім беру технологиялары талданады.
Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы: Зерттеу жұмысының негізгі нәтижелерін әдістемелік нұсқау ретінде дәріс, семинар сабақтарында қолдануға болады.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспе бөлім, негізгі және қорытынды бөлімнен тұрады.
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің зерттелуі
Әдебиетті оқыту әдістемесі келешек ұрпаққа тәрбие мен білім берудің негізгі міндеттерін атқаруға қызмет етеді. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің мәнін мен мазмұнын анықтауға, теориялық тұжырымдардың қалыптасуы мен ары қарай ғылым ретінде дамуына негіз болған Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы, Ж. Аймауытұлының еңбектері өлшеусіз. Ы. Алтынсарин: Педагогикалық жұмыстағы шешуші жауапты кезең мұғалімнің ең тиімді әдістерді таба біліп, білімді оқушылардың сапалы меңгеруінде, - десе, Ж. Аймауытұлының: Әдістеме үнемі жетілдіруді қажет ететін, үнемі жаңаны табатын өнер, - деген болатын. [1]
Қазақ әдебиеті жеке пән ретінде отыз екінші жылдан бастап оқылғанымен қазақ әдебиеті әдістемесінің туу тарихы одан ерте басталатынына ұлы ұстаздардың оқыту саласындағы жасаған мұрасы -- алғашқы оқу құралдары, әдебиет оқулықтары мысал бола алады. Сол әдебиет оқулықтары әдебиет әдістемесіне алғашқы баспалдақ болып есептеледі. Осы тұрғыда ұлы ұстаздар Ыбырай Алтынсариннің Қазақ хрестоматиясының, Спандияр Көбеевтің Үлгілі бала, Үлгілі тәржімәсі қазақ әдебиеті әдістемесіндегі алғашқы еңбектер деуге толық негіз бар. Себебі бұл оқулықтардағы оқу материалдары оқушылардың жас ерекшелігіне, таным, түсінік деңгейіне орай сұрыпталып, оқушылардың берілген материалды қабылдау мүмкіндігіне сай келген. Автордың өзі кітап туралы былай деген: Үлгілі бала хрестоматиясында Крыловтың өзім аударған мысалдарын кіргіздім, орыс классиктерінің балаларға арнап жазған қысқа әңгімелерін қазақ тұрмысына лайықтап жаздым. Сол сияқты қазақтың бай ауыз әдебиетін сұрыптап пайдаландым. Осымен қатар, бұл кітапқа табиғат туралы оның әр алуан құбылыстары туралы, география, өсімдік, жануарлар туралы мағлұматтар беретін, балалардың ұғымына сиымды және қызықты қысқа-қысқа әңгімелер, мысалдар кіргіздім. Әрбір әңгіменің соңына сұрақтар қойдым. Осының өзінен оқыту әдістемесіне жасалған алғашқы қадамды айқын аңғаруға болады. Алғашқы оқулықтардың дүниеге келуі әдістеме ғылымының басталар алғашқы қадамы ғана. Жалпы қазақ әдебиеті әдістемесінің тууы қазақ әдебиеті жеке пән ретінде оқылуымен іліктес өрбіп отырған деуге болады
Қазақ әдебиеті пәнінің дүниеге келуі өзімен қоса шешімі күрделі көптеген мәселелерді туындатты. Сөйтіп отызыншы жылдардан бастап әдебиет әдістемесінің кейбір мәселелерін баяндайтын мақалалар жазыла бастады. Алғашқы мақалаларда көпшілік мұғалімдер қажет етіп отырған мәселелер сөз етілді. Абай журналының 1918 жылғы 11 санында жарық көрген М.Әуезовтің Оқу ісі мақаласы мектеп ашу мәселесіне арналды. Осындай өзекті мәселелерді көтерген алғашқы мақалалар авторының бірі -- Ә.Мәметова. 1932 жылы жарық көрген Әдебиет құралы оқулығына С.Сейфуллин, І.Жансүгіровтермен бірге автор болған әдіскердің 30-40 жылдары жарық көрген мақалалары Ауыл мұғалімі кейіндеп Халық мұғалімі аталған әдістемелік журналда жарық көріп отырған. Әдіскердің мақаласы көбіне оқу үдерісін ұйымдастыру мәселелеріне, әдебиет пәнінің саяси-әлеуметттік, идеологиялық ықпалын қарастыру мәселелеріне арналады. Ә. Мәметованың 1927 жылы Қызыл Қазақстан Көркем әдебиет туралы деген мақаласы, Халық мұғалімі журналының 1934 жылғы №8 санындағы Мектеп балаларын әдебиетпен таныстыру атты мақаласы, аталған журналдың осы жылғы № 9 санында Үшінші бөлімде әдебиет шығармасын талқылау түрі деген мақаласы Ауыл мұғалімі журналының 1935 жылғы № 6 санында, Балаларымызға көркем әдебиеттің ең жақсы нұсқауларын беретін уақыт жетті деген мақаласы жарық көрген. Ә.Мәметова: Шығарманы оқушылармен таныстырмас бұрын әуелі оқытушы өзі жақсы талдап түсініп алуы тиіс. Онан кейін оқушыларға берілетін негізгі мәліметі қайсы, қосымша беретін түсінігі қай дәрежеде, ол алған білімдерін оқушылар қай жолмен нығайтады осылар оқытушыда анық болуы тиіс, - деген пікір айтады. Балаларға көркем әдебиеттің ең жақсы нұсқаларын беретін уақыт жетті деген мақаласында Ә.Мәметова мектепте оқылатын шығармалардың оқушы ұғымына лайықтылығын сөз етеді. 1928 жылдан бергі балалар әдебиетінде 30-40 шамалы ғана кітап бар екенін, оның өзі аударма кітаптар ғана екендігін сөз етеді.Балалар әдебиетінің күрделі екендігін айта келе, сыншылар мен әдебиетшілер тарапынан осы мәселелердің қолға алынуы қажеттігін ескертеді. 30-жылдардағы әдістемелік ой-пікірлердің даму деңгейі, әсіресе, Ә.Үсеновтің Ауыл мұғалімі журналында жарияланған Көркем әдебиет сабағының методы1 Көркем әдебиет сабағының түрлері2 мақалаларынан көрінеді. Көркем әдебиет сабағының методы атты мақалада әдебиет пәні сынып өскен сайын күрделеніп, оқушылардың әдебиеттану ғылымының теориялық мәселерімен де таныс болу керектігі айтылады. Автор: Ү сыныптан бастап-ақ әдебиет-образ бен шындықты ашық сана арқылы танытатын және адамға тәрбие беретін құрал деген анықтаманы бірте-бірте шәкірттер санасына ұялату керек. Ал жоғарғы кластарда бұның үстіне көркем әдебиеттің жаратылысы мен өзіне жас ерекшелігі туралы балалардың ұғымын кеңітіп, әрі тереңдету, материалды сын көзімен оқу, анализ жасағанда типтер мен образдарды терең тану, әдебиет стилін білу т.б. керек болады1 - деген пікір білдіреді. Ә.Үсенов жаңа сабақты үш топқа бөліп көрсетеді: 1.Оқушыларды тарихи және тарихи-әдеби материалдармен таныстыру; 2.Шығарма тексін оқытып, жақсы таныстыру; 3.Шығарманы талдап, анализ беру. Мақалада төменгі сыныптар мен жоғары сынаптардағы материалдың көлеміне қарай төменгі сыныптарда сыныптағы талдау жұмыстарына көбірек орын беріліп, көлемі үлкендеу шығармаларды жоғары сыныптарға беруге болатынын айтуы автордың әдіскер ретінде оқушының жас ерекшелігі мен қабілетін дұрыс саралай алғандығын танытады. Сондай-ақ мұғалім сыныпта өз бетімен орындалатын жұмыстарға бағыт беріп, басшылық жасауы керек деген ой арқылы да шығармашылық сабақ мәселесіне жақындай түседі. Автор мәтінді оқыту жолдарын, мазмұндап айту, жас ерекшелігіне қарай талдау жасату, шығармадағы характер, тип, образ, шығарма композициясы, сюжеті, шығарма тілі, көркемдік құны, әдісі, стилі, шығармадағы мазмұн мен форма т.б. ерекшеліктеріне көңіл бөлгізу керектігін айтады. Әдебиеттің пән ретіндегі ерекшелігін басқа пәндермен салыстыра көрсету керек деген де ой айтылған. Жалпы алғанда, бұл мақаланың бағалы жағы -- сол тұстағы оқыту дәрежесіне қарағанда алғаш осы күнгі шығарма талдау жолдарын көрсетуінде байқалады. Солай бола тұра, әдістемелік бұл тарапты айтылған автордың ойпікірлерінің белгілі бір ғылыми-теориялық негіздері жоқтығы байқалады. Мақалада әдіс пен тәсілдің ара жігі айқын емес. Ә.Үсенов Көркем әдебиет сабағының түрлері атты мақаласында: Сабақ дегеніміз -- алдына қойған анық мақсаты бар, оқушыларға білім беріп, оларды әртүрлі жаттығу жұмыстарымен қаруландыратын, оқу процесін ұйымдастырып, оқушыларды үздіксіз тәрбиелеп отыратын жұмыстың түрі деген нақты анықтама береді2 . 1936 жылы Ауыл мұғалімі журналының №9-санында жарық көрген. А.Көшімбаевтың Қазақтың орталау мектептеріне арналған әдебиеттік оқу программасының схемасы, Ауыл мұғалімі журналының 1938 жылғы №18- санында, М.Жүнісовтің Абай мектепте деген мақаласы Коммунист газетінің 1940 жылғы 15-қазан айындағы санында, Ә.Қасымбековтің Абайдың ұстаздық қызметі атты мақаласы Жаңа ауыл басылымының 1940 жылғы 20-қыркүйектегі санында тағы да басқа осы тектес мақалалар жарияланған. Отызыншы, қырқыншы жылдарда жарық көрген бұл мақалаларда қазақ әдебиетінің жалпы мәселелері, алғашқы оқу құралдарының сапасы, партия қаулыларының орындалуы, саяси-әлеуметтік мәселердің сол кездегі әдебиет пәніндегі қамтылуы, әдебиет пәнінің идеологиялық ықпалы, оқу бағдарламаларының кемшіл тұстары сөз болады.
Қырқыншы жалдарға дейін қазақ әдебиетінің әдістемесінің қалыптасу кезеңі болды деуге болады. Бұл қалыптасу бірнеше бағыттағы үдерістен кӛрінеді: осы кезеңде мектептің сабақ жүйесі қалыптасты, яғни жалпыға бірдей орталау және орта білім беру жүйесі құрылды; әдебиет оқулықтарының ғылыми-әдістемелік, материалдық базасы қалыптасу үстінде болды; оқу бағдарламалары мен оқулықтарының әдістемелік құрал ретіндегі рөлі күшейе түсті. Әдебиет оқулықтарының оқушы мен мұғалімнің сүйенетін негізгі құрал ретіндегі рөлінің күшейуі ендігі жерде әдістемелік жүйесін де нығайту талабын туғызды. Ендігі жерде мектеп оқулықтарына әдістемелік нұсқаулардың жазылу қажеттігін туындатты. Сол тұстағы идеологияның әсерінен мектепте оқылатын ақын-жазушыларды іріктеу үлкен жауапкершілікпен жүзеге асырылуы себепті, ендігі жерде жеке ақын-жазушылар өмірі мен шығармашылығын мұғалімдерге түсіндіруге арналған танымдық мазмұндағы кітапшалар пайда болды. Қ.Жармағамбетовтің Жамбыл Жабаевтың өмірі мен творчествосы (1955), С.Сейітовтің Тайыр Жароков творчествосы (1955), Ғабит Мүсірепов творчествосы (1955), А.Нұрқатовтың М.Әуезов творчествосы (1956) деген кітапшалар жарық кӛрді. Бұл кітапшаларда арнайы әдістемелік нұсқау болмағанымен, әдебиет материалы ретінде шығармаларға түсініктеме жасалған. 1957 жылы С.Тілешованың V класта көркем шығармаларды оқыту жолдары атты мұғалімдерге арналған көмекші құралы жарық көрді. Бұл әдістемелік құралда да шығарманың идеялық мәнін ашу туралы сол тұстағы талап пен жетекші бағытқа нұсқау жасалады: Мұғалім шығарманың идеялық, тақырыптық құндылығына көп көңіл бөлсін, яғни автордың айтпақшы болған шығармадағы негізгі, түйінді пікірді оқушыларға жеткізу басты міндет болып саналсын1 -деген пікір жазады. Осының өзінен қазақ әдебиетінде 50 жылдарда да авторитарлық жүйенің басымдығы көрініс береді. С.Тілешованың аталған әдістемелік құралында бір сыныпқа берілген әдебиет пәні материалы түгел қамтылған. Яғни 5-сынып оқулығына жазылған алғашқы әдістемелік нұсқау болып табылады. 1957 жылы М.Шәріпованың Х класта М.Әуезовтің Абай, Абай жолы романдарының кейіпкерлерін талдау деп аталған әдістемелік кітапшасы жарық крді. Кітапшада оқушылардың жан-жақты дайындығына кӛңіл бӛлу, оқушыларды іздендіруге жол ашу, мәтінмен жұмыс жүргізудің кейбір әдістері ұсынылған. Оқушыларды іздендіру жолдары, оқушылардың ауызша тілін, жазба тілін дамыту жолдарын ұсынған ғылыми-практикалық жағынан мәнді еңбектің бірі -- С.Тілешованың Әдебиеттік оқу сабақтарындағы жазба жұмыстарының түрлері және жаздыру жолдары атты әдістемелік мақаласы. Мақалада ауызша және жазбаша тіл дамыту жұмыстары бірін-бірі толықтырып тұратын, бірбірімен сабақтастықта жүргізілетін әрекет екендігі орынды айтылған, мысалдармен дәйектелген. Сынып бойынша жазбаша және ауызша тіл дамыту жұмыстарын алдын ала жоспарлау үлгісін ұсынады1 . 1946 жылы Халық мұғалімі журналында жарияланған Ә.Қоңыратбаевтың Мектепте Абайдың мысал өлеңдерін оқыту туралы деген мақаласы - осы тұста жазылған белгілі бір шығарманы жанрлық ерекшелігіне қарай оқыту жолдарын ұсынған алғашқы мақала. Оқушы түсінігіне жеңіл, қызғылықты шығармалар есебінде бағдарламадан мысал өлеңдері де орын алған болатын. Сондықтан бұл мақала өзекті мәселені қозғаған еңбектің бірі деп айтса болғандай. Қазақ тілі мен әдебиеті журналының 1958 жылғы №3-санында жарық кӛрген М.Төрежановтың Мысал ӛлеңдерді оқыту атты мақаласы осы тектес шығармаларды оқыту туралы жазылған көлемді мақаланың бірі болып саналады. Мақалада төменгі сыныптарда Абайдан өтілетін мысал өлеңдердің ақынның басқа өлеңдерімен және қара сөздерімен өзектестігі, идеялық мағынасы туралы түсіндіре келіп, Крыловтан аударылған Абайдың үш өлеңі мен Ы.Алтынсарин аударған нұсқасын салыстыра сипаттайды. Оған қоса автор сабақ барысында, мысал өлеңдер бойынша жұмыс жүргізудің өзіндік жоспарын құрып ұсынады, бірақ оны іске асыруда мұғалім қандай ұтымды әдістер қолданатыны туралы сөз қозғалмайды. Осыдан ары қарай әдебиет пәнінің жүргізілу сапасын арттыру бағытындағы әдістемелік ізденістер бірте-бірте көбейе бастады. 1957 жылы Ә.Дербісалиннің ІХ сыныпта Ы.Алтынсарин творчествосын оқып-үйрену атты әдістемелік құралы жарық көрді . Осы жылы Алматы қаласында қазақ тілі мен әдебиеті оқытушыларының республикалық кеңесі өткізілді. Кеңесті 1940-57 жылдардағы қазақ тілі мен әдебиетінің мектепте оқытылу жайы қорытындыланды. Жер-жерден келген озат тәжірибелі мұғалімдердің пікірлері ортаға салынды, оқу бағдарламалары мен оқулықтарды, сыныптан тыс оқуды жетілдіру мәселелері қозғалып, келешекте атқарылатын істер межеленді. Орыс әдіскерлерінің еңбектерін қуаттап, центристік бағыт ұстанып отырған қазақ әдебиеті әдістемесінде әдебиетті оқытудың кейбір жеке-жеке мәселелеріне іргелі зерттеу жұмыстары да жүргізіле бастады. Қазақ әдебиеті әдістемесінің тарихында 1960 жылдардың орны ерекше. 60-жылдардың екінші жартысында Ә.Қоңыратбаевтың Әдебиетті оқыту методикасының очерктері1 , Қазақ әдебиетінің методикасы, А.Көшімбаевтың Қазақ әдебиетінің методикасы, Орта мектептің қазақ әдебиетін оқыту методикасының мәселелері деген еңбектері жарық көрді. Аталған еңбектерді қазақ әдебиеті әдістемесінің іргелі мәселесін көтергендігі жағынан бағалы деп білуге болады. Осы бір кезеңдерде жеке ақын-жазушылар шығармаларын дербес талдау кӛбірек қолға алынды. Ә.Дербісалиннің С.Мұқанов творчествосын оқыту үшін кӛмекші құрал , Ә.Дайырованың Орта мектепте І.Жансүгіров творчествосын оқыту, С.Қалиевтің Ғ.Мүсірепов шығар маларын қазақ орта мектебінде оқыту , Қ.Тасболатовтың М.О.Әуезовтің творчествосын орта мектепте оқыту мәселелерін талдаған Әдебиет сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін артыру жолдары деген мұғалімдерге арналған көмекші құралдар жарық көрді.
1930 жылдары Ауыл мұғалімі журналы әдістемелік насихатшы болып, педагогикалық тәжірибе алмасуға зор үлес қосты. Журналда балалардың көркем әдебиетті ұғыну, мәнін түсіну, талдау мәселелерін қамтыған.
Әдебиетті қалай, қандай әдіс - тәсілдермен оқыту керек, көркем шығармадан үздік туындыларды қалай таңдап алу, мәнерлеп оқуға балаларды дағдыландыру, әдеби кітаптарды қалай қолдану керек, оқушылардың кітап оқуға деген ынтасын, қызығушылығын арттырудың тиімді жолдары т.б. жайында С. Қожахметов, М. Мәметова, Ә. Үсенов т.б. мақалалары журналдың сандарында жарияланып отырды.
Мектепте қажетті оқу - әдістемелік құралдарын дайындап шығару жөніндегі қаулыларға сәйкес 1930 - 1940 жылдары әдебиетті оқыту жайында алғашқы тәжірибелер біршама жинақталып жариялана бастады. [1] Орта мектептегі қазақ тілі мен әдебиеті, Әдебиеттік оқу материалдары еңбектерінде қазақ мектептерінде әдебиетті оқытудың жолдары, тиімді тәсілдері, жолдары жөнінде әдістемелік пікірлер жинақталды. Бұл сол жылдардағы ұстаздар үшін таптырмас көмек болды.
1933 жылы Халық Ағарту Комиссариатының жанынан педагогикалық ғылыми - зерттеу институты ашылып, С. Жиенбайұлы, Ш. Кәрібаев, Р.Г. Ломбер, Ш. Сарыбайұлы, Н. Сауранбаев т.б. ғалымдар қызмет атқарды. 1934 - 1935 жылдары ұстаздарды даярлау, педагог мамандардың білім, білік, дағдыларын жетілдіру турасында әр түрлі іс - шаралар өткізілді.
Көрнекті әдіскер - ғалым С. Жиенбайұлының орта мектептің мұғалімдеріне, арнаулы орта және жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған Қазақ тілі методикасы (1941 - 1946) еңбегі әдістемелік тәжірибесі мен теориялық ой - тұжырымдары жинақталған құнды еңбектердің бірінен саналады. Бұл жинақта қарастырылған мәселелер қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәнінің дамуына үлкен ықпал жасады. Методика - рецепт емес, әкімшілік нұсқау да емес, педагогикалық кеңес, жол - жоба, - деген пікірін көптеген зерттеушілер құптады. [1]
1930 - 1940 жылдары ұлттық қазақ мектебін, қазақ тілі мен әдебиетінің қолданылу аясын кеңейту мақсатында жасалған тың ойлар мен тұжырымдардың, педагогика және психология ғылымдарындағы жаңа көзқарастардың қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәніне өзгеше, жаңа толқын әкелгенін көруге болады. Қазақ мектебінде тұңғыш ана тілін оқытуға арналған тұңғыш әдістемелік құралдар А. Байтұрсынұлының Баяншы (1920), М. Жұмабайұлының Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жолы, Педагогика, Ж. Аймауытұлының Ана тілін қалай оқыту керек, Тәрбиеге жетекші, Психология (1924, 1926) т.б. еңбектері қазақ тілі мен қазақ әдебиетінің ғылыми негізде өсуіне зор ықпал етті.
50 - жылдардың оқыту әдістемесі ғылымындағы елеулі еңбектердің бірі: Ә. Дербісәлиннің IX сыныпта Ы. Алтынсарин творчествосын оқып - үйрену атты әдістемелік құралы, Ш. Кәрібаевтың Әдеби оқу (1951), Ә. Дайырова Бастауыш кластарда кластан тыс оқу (1953), С. Тілешова V класта көркем шығарманы оқып үйрену, Әдебиеттік оқу сабақтарындағы жазба жұмыстарының түрлері (1957) сияқты еңбектердің әрқайсысы қазақ әдебиеті әдістемесінің дамуына қосылған ауқымды, баға жетпес бай мұралар деп айтқанымыз артық болмас.
А. Көшімбаев 1962 жылы Сегіз жылдық мектепте әдебиетті оқыту методикасының мәселелері еңбегінде Кітапшада көрсетілген ереже, қағидалар келтірілген үлгі мысалдарды пайдалануда әрбір мұғалім өзіндік шығармашылық танытып, педагогикалық және методикалық шеберлігін үздіксіз байытып, жетілдіріп отырғанда ғана, оқу - тәрбиелік процесті дұрыс ұйымдастыруда жетістікке жете алады, - деп жазды. 1969 жылы жарық көрген Қазақ әдебиетін оқыту методикасында қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің ғылыми пән екенін дәлелдеп көрсете білді. [1]
1966 жылдар оқыту жүйесіне біршама өзгертулер енгізіліп, жаңартылған білім беру бағдарламалары іске асырылып жатты. 1967 жылдан 1970 жылдар аралығында әдебиет ғылымының алыбы, академик С. Қирабаевтың Әдебиетті жаңа программамен оқытудың кейбір мәселелері, әдіскер Ә. Дайырованың Қазақ әдебиетін оқытудағы бетбұрыс, тіл білімінің маманы, ғалым Қ. Өмірәлиевтің Абайдың нақыл сөздерін оқу - тәрбие ісінде пайдалану, абайтанушы, ғалым М. Мырзахметовтің Абайдың шығармаларын Әуезовше оқып үйренейік еңбектерінде оқудың мәні мен мазмұны, мектеп дамуындағы өзгерістермен қатар, қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінде де жаңа идеялар, ой - пікірлер көрініс тапты.
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәнінің ғылыми негізін жетілдіруде 1980 - 90 - жылдары жарық көрген әдістемелік бағыттағы ғылыми мақалалар жинағының рөлі ерекше болды. Бұл мақалаларда қазақ әдебиетін оқытудың өзекті жақтарын дәлелді мысалдармен дәйектеп берді. Осы жылдары қазақтың көрнекті, асыл ақын - жазушылары А. Құнанбаев, Ж. Жабаев, М. Әуезовтің арнайы мерейтойлары қарсаңында ғылыми, әдістемелік мақалалар, зерттеу еңбектер, жинақтар жарық көрді, ғылыми практикалық конференциялар өткізілді.
Қазақ әдебиетін мектепте оқыту әдістемесінде Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі мәселелерінің терең талдаулар негізінде жүйеленуі маңызды болып табылады. [2]
Тәуелсіздік алған жылдардан бастап қазақ әдебиетін оқыту әдістемесіне ғылыми - теориялық жаңа бағыттар, білім беруде жаңа әдіс - тәсілдер, ақпараттық коммуникативтік технологиялар ене бастады. Әдістеменің тарихы мен зерттелуіне, ары қарай дамуына әртүрлі зерттеулер жүргізіліп, пән ретінде жоғарғы оқу орындарына енгізіліп, ғылыми өрісі кеңейді.
Қазіргі таңда қазақ әдебиетін оқытудың әдістемесіне арнайы көңіл бөлініп, көптеген зерттеу еңбектер, мұғалімнің кәсібилігін арттыру жолдары, талдаулар, ғылыми практикалық конференциялар, арнайы отырыстар жиі өткізіліп, қазақ әдебиеті әдістемесін жан - жақты зерттеп, ғылымилығын арттыруда.
1.1 Тәуелсіздік жылдарындағы оқу бағдарламаларындағы өзгерістер.
1997 жылы 5-9 сыныптарға арналған қазақ әдебиеті бағдарламасының жобасы жасалды. Ол 1999 жылы Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі мақұлдаған Қазақ әдебиеті пәні бағдарламасы шықты1 . Бағдарламаны түзушілер: С.С.Қирабаев, Ә.М.Дайырова, Г.С.Құрманбаева, С.Мақпырұлы, Т.Қ.Жұмажанова, С.Р.Дүйсебаева, Б.Ә.Әрінова, Н.О.Әбдіғаппарова. Бағдарламада бұрынғы оқу материалы қайта сұрыпталды, білім берудің гуманистік, адамгершілік ұстанымына баса назар аударылды. Әдебиеттің эстетикалық бағыты күшейтілді. Ел егемендігімен қуаттанған ұлттық арман, мүдде көрнекті тұлғаларымыздың әдеби мұрасын оқыту барысында жас ұрпақтың дүниетанымы, салт-санасын, тілі мен ділін кӛркем шығарма ӛзегінде шыңдау мүмкіндігіне жол ашты. А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбердіұлы сынды тұлғаларымыздың шығармалары бағдарламадан орын алды. Басқа да оқу материалдары сұрыпталып, жаңа оқу мазмұнымен толықты. Қазақ әдебиеті пәнінің бағдарламасы 1932 жылы алғашқы пән ретінде оқытылған кезден бері сан түрленіп, сан түледі. 1960-90 жылдар аралығында қазақ әдебиеті пәнінің бағдарламасы біршама тұрақталып, жүйеленіп, бір ізге түскен болатын. Бағдарламалардың сапалы жасалуында Ш.Кәрібаев, Ә.Қоңыратбаев, Ш.Аманов, С.Тілешова, Ә.Дайырова қатарлы белгілі педагог ғалымдардың сіңірген еңбегі зор. Ол бағдарламалар Өткен күннің еншісінде қалып, еліміз тәуелсіздік алғаннан беріде жаңа бағдарламалар дүниеге келді. Бағдарламаларға қосымша салалық бағдарламалар да жазылды. Оларға Жалпы білім беретін қазақ мектептерінің 7-9 кластарында қазақ тілі мен әдебиетін теориялық әрі практикалық жағынан тереңдете оқыту программасы2 , Жалпы білім беретін қазақ мектептерінің 10 сыныбына арналған Түркі халықтары әдебиеті пәнінің бағдарламасы3 (Авторлары - Ә.Қанафин, Ә.Тыныбаева ), Абай шығармаларын орта мектепте тереңдете оқыту бағдарламаларын айтуға болады.
Тәуелсіздік жылдарындағы жалпы білім беретін мектептерге арналған оқу бағдарламаларының құрылысы мен мазмұны. Орта мектептің әдебиет пәніне арналған жаңа бағдарламаларда кеңес кезеңіндегі қалыптасқан жүйеден ауытқу немесе үлкен алшақтық байқалмайды. Тәуелсіздік алғаннан бергіде әдебиеттану ғылымының жаңа тынысы ашылып, мектеп бағдарламаларына әдебиетіміздің көрнекті тұлғаларының шығармалары енгізілді. Халқымыздың кӛркем мұрасын таныту, әдебиеттану ғылымының кӛркем әлемін ашу әдебиет пәнінің басты мақсатын құрайды. 5-9 сыныптар аралығында алынған оқу материалы, оның 5-7 сыныптағы берілу тәртібі пәннің басты міндеттерін қанағаттандырады. Бағдарламадағы бір жаңалық: орта буын болып етептелетін 5-9 сыныптар екі салаға жіктеліп, алғашқысы әдебиеттік оқу бағытында болса, 8-9 сыныптарға әдебиеттің бастапқы тарихи курсы енгізілді. Ал, әдебиеттің біршама көлемді тарихи курсы 10-11 сыныптарға ұсынылды. Бағдарламадағы бұл ӛзгерістің сапалы білім қалыптастыруға қаншалықты үлес қосқаны туралы пікір білдіру қиын. Әйтсе де, көзге ерекше көрінетін кейбір олқылықтарға жол берілгендігін айтқан жӛн. Мәселен, орта мектеп бағдарламасында бұрыннан әдебиеттің қысқаша тарихи курсы оқытылатын. 9-11 сыныптарға топтастырылған тарихи курс аясында ауыз әдебиеті, кейбір хандық дәуір әдебиетінің ӛкілдері, ХІХ ғасыр, Кеңес кезеңіндегі әдебиет, сол кезеңдердегі тарихи, шығармашылық тұлғалар қамтылатын. Жалпы білім беретін мектептер үшін лайықты әдеби білім қоры қалыптастырылатын. Ал жаңа бағдарлама бойынша мектепте оқытылатын тарихи курс екіге жіктеліп барлық тұтас ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz