Дауды шешудің консультативті жолы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігі

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Заң Факультеті

Еңбек, азаматтық және азаматтық іс-жүргізу кафедрасы

Дипломдық жұмыс

«Медиация- дауды шешудің соттан тыс әдісі. »

по специальности ШИФР - «наименование специальности»

Орындаған: Керімбек Арман Мұратбекұлы

[подпись]

Научный руководитель: Ф. И. О.

[подпись]

ученая степень, ученое звание

Допущен [а] к защите

Протокол № __ от 2020 ж.

Зав. кафедрой Ф. И. О.

[подпись и печать]

Нормоконтролер Ф. И. О.

[подпись]

Алматы, 2020ж.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

:

1

Кіріспе:

Медиация рәсімінің түсінігі және жалпы ережелері

:
:

1. 1

Кіріспе:

Альтернативті дауды шешудің жолы -медиацияның түсінігі

:
:

1. 2

Кіріспе:

Медиация процессінің даму жолының тарихи кезеңдері

:
:

1. 3

Кіріспе:

Медиация процедурасының негізгі қағидаттары мен мақсаттары

:
:

2

Кіріспе:

Медиация рәсімінің қатысушыларының құқықтық жағдайы

:
:

2. 1

Кіріспе:

Медиация рәсіміндегі үшінші жақ медиатордың рөлі

:
:

2. 2

Кіріспе:

Медиациялық ұйымдар және олардың заңи мәртебесі

:
:

3

Кіріспе:

Медиация рәсімінің қолдану аясы

:
:

3. 1

Кіріспе:

Отбасылық және еңбек қатынастарындағы құқықтық дауды шешудегі медиацияның маңызы

:
:

3. 2

Кіріспе:

Азаматтық құқықтық қатынастардағы медиация рәсімі

:
:

3. 3

Кіріспе:

Медиация процедурасының қылмыстық құқық аясында қолдану ерекшеліктері

:
:

4

Кіріспе:

Медиация туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу және шетелдік тәжірибе.

:
:

4. 1

Кіріспе:

Медиация туралы заңның қолдану практикасы

:
:

4. 2

Кіріспе:

Медиация туралы заңның даму жолдарына ұсыныстар және шетелдік реформа

:
:
Кіріспе:

Қорытынды

:
:
Кіріспе:

Әдебиеттер тізімі

:
:
Кіріспе:
:

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Медиация рәсімінің түсінігі және жалпы ережелері

1. 1 Дауды шешудің альтернативті жолы -медиацияның түсінігі

Адамзаттың қарқынды дамуына байланысты, қоғамның құқықтық санасы мен заңи мәдениеті өркендеуіне қатысты құқықтық қатынастардың алуан түрлілігі пайда болуда. Өз кезегінде бұл қатынастар субъектілер арасында күрделі даулы-жанжалды туындауына себепкер болады. Сондай-ақ өз кезегінде бұл, сот жүйесіне жүгінетін субъектілер қатарын арту көрінісін байқатады. Осы ретте аталған факторлар сот жүйесінің дауды шешудің жаңашыл тетігін айқындап берді.

2011 жылы 28 қаңтар күні Медиация туралы заңның қабылдануына орай мемлекетімізде яғни Қазақстан Республикасының(ары қарай-ҚР) заңнамаларымен реттелінген құқықтық қатынастар аясында пайда болатын тараптарішілік келіспеушіліктерді реттеудің жаңа қоғамдық институты медиация пайда болды [1] . Осы заң қолданысқа енгізілместен бұрын шетелдік тәжірибе ескерілген шетелдік, заң саласындағы қызмет атқарып жүрген мамандар, ғалымдар, заңгер-практиктер сонымен қатар, жекелеген судьялардың қатысуынан құралған отандық заңи сүзгіден өтті. Азаматтардың құқықтарын қорғаудың балама нысанын енгізген және оның даму тарихының жаңа кезеңдеріне алғашқы серпін берген жаңа заң ресми түрде 2011 жылғы 5 ақпанда жарияланды [1 . ҚР-да заңнама бойынша бекітілген сот жүйесіне негізгі әрі нақты жүйелі бақталас болатын жеке іс жүргізу институты ретінде және делдалдықтың нышаны ретінде медиация рәсімі айқындалды [г2] . Сот жүйесіне жүгінген тұлғалардың құқықтары мен заңи мүдделерін қорғаудың ерекше түрі медиацияның ұғымы мен түсінігін саралайық. Ғылымда медиация ұғымы мен делдалдықтың түсінігі егіз ұғымдар ретінде қарастырылған. Медиация сөзі ағылшын mediataion сөзініне мағыналас және осы сөздің тікелей аудармасы болып табылады. Медиация аңықтамасының құрылымын түсіндірудің 5 жолы ғылымда айқындалған:

1. Дау мен келіспеушілікті реттеуге бағытталған тәсіл ретінде танылатын-нормативтік нұсқа.

2. Дауды шешудің консультативті жолы . [3]

3. Ортақ ымыраға келуді көздейтін тактикалық әдістердің комбинациясына негізделген қызмет ретінде айқындалған-Функционалды нұсқа . [4]

4. Психологиялық нұсқа- даудың пайда болу себептерін аңықтауға және оны болдырмау жолдарын айшықтайтын әдіс-тәсіл . [4]

5 Коммуникативтік нұсқа-даулы тараптар үшін тиімді келісімді көздейтін ақпараттар алмасатын үш жақты келіссөздер процессі. [5] .

Дауды шешудің баламалы жолын процедуралық нысан тұрғысынан қарастыратын болсақ, медиация ұғымы тараптардың арасында пайда болатын құқықтық араздастықтарды реттеуге бағытталған жүйеленген әрекеттердің жиынтығынан тұратын сот жүйеіндегі іс жүргізушіліктің жаңа процедуралық тәсілі ретінде айқындалды. Ал іс жүргізу құқығына жаңа бір институтын ретінде қосылған және соттардағы іс-жүргізушілікті оңтайландыруды көзделінген жаңа құқықтық институт нышаны ретінде қарастыратын болсақ медиация институты бұл-даулы құқықтық қатынастарды реттеуде тараптардың теңдігіне негізделген келіссөздер кешені. [6]

Медиация түсінігін тар және кең мағынада қарастыратын болсақ. Тар мағынадағы медиация -даулы-жанжалы ортақ екіжақ тарапты татуластыру. Ал кең мағынада қарастыратын болсақ Медиация-үшінші бейтарап тұлға-медиатордың көмегімен іске асыралатын соттан тыс дау-жанжалды шешу рәсімі әрі балама шешудің неғұрлым икемді нысаны болып табылады[2 газет] . Медиация -құқықтық келіспеушілікті шешудің альтернативті жолдарының бірегейі. Өз кезегінде дауды реттеудің альтернативті тәсілі дегеніміз-сот жүйесінен тыс жүзеге асырылатын, еріктілік пен теңдікке негізделген, құқықтық тұрғыдан араздасқан тараптардың даулы-жанжалын реттеуге бағытталған процедуралық іс-әрекеттердің жиынтығын білдіретін процесс ретінде қарастырылады [7] .

Медиацияны сипаттайтын белгілер төмендегідей бөлінеді:

1. Делдал ретінде тек даудың бір тарабы болып табылмайтын бейтарап тұлға ғана танылады.

2. Бейтарап тарапты таңдаудан, дау шеңберін аңықтаудан, дауды шешудің жолын табудан, екеуіне де тиімді шешімді қалыптастырудан көрініс табатын тараптардың белсенделігі

3. Келісімділік-тек қана медиатор ғана емес, екі тарапта жанжалды шешудің немесе оның деңгейін төмендетудің тәсілдерін ұсына алады.

4. Медиатор тараптарды ымыраға келістіруге ыңғайлы талқылау, келіссөздер алаңын қалыптастырады. Бұл белгі негізгі медиацияның кілттік белгісі болып есептелінеді. Өйткені медиация рәсімі келіссөздерге негізделген.

5. Медиация рәсімі кез келген сәтте, рәсімнің кез-келген сатысында тараптардың бастамашылығымен тоқтатылуы мүмкін.

Құқықтық қатынастардағы тараптар арасында пайда болатын дау-жанжалды шешудің альтернативті жолдарының келіссөздік нұсқасы - медиация танылады. Медиацияның негізгі нышаны әрі оның ең ұтымды тұсы келіссөздер және бұл келіссөздердің орын алуы тек екі жақ тараптыңда келісімі нәтижесінде қол жеткізілуінде. Медиациялық әдіс-дауды реттеуге ықпалын тигізетін делдал әрі үшінші жақ ретінде танылатын медиатор қатысатын және ымараға келуді көздейтін дауласушы екі жақ тараптың ерікті келіссөздерден тұратын процедура. Дауласқан тараптардың келісіміне негізделген, екеуіне де тиімді шешіміне бағытталған жолы-медиация ретінде айқындалынады [8] .

Азаматтардың заңи мүдделері мен құқықтарын қорғаудағы дәстүрлі түрдегі сот іс-жүргізушілік нысанынан бұл медиативтік баламалы әдіс нысаны бірқатар ерекшелік белгілерге ие. Жалпы тұрғыда қарастыратын болсақ дәстүрлі түрдегі сот ісінде тараптар антагостикалық тараптар ретінде саналады және процестің өзі сот шешімімен аяқталады. Ал медиация рәсімінің ұсынатыны тараптарға бұл рәсімнің субъектілері болуына еркіндік береді және екеуінің арасындағы делдал яғни медиатор рәсімді таңдаған қатысушы тараптардың таңдауымен болады. Өз кезегінде кез-келген сәтте кез келген тараптың бұл процесстен шығуға мүмкіндігі болады Тағы айта кететіні медиация процесінде жеңіліс тапқан не жеңген жақ деп тараптар танылмайды [6] . Оған себеп болатыны-медиацияның мақсаты-екі тараптың да талаптарын қанағаттандыру жолын табу. Тек осы бір ғана шарт көрініс тапқанда ғана медиация рәсімі жемісті болады. Бұл өз кезегінде рәсім нәтижесінде келісілген шешімнің объективті түрде орындалуына алып келеді. Келісімді орындау қолайлы болатыны- тұлғалардың өз мүдделері негізге алынған келісімге өз беттерімен қол жеткізуі және келісімді өздерінің қалауы бойынша әзірлеуі. Медиация рәсімінің түсінігін қалыптастыруда заң ғылымындағы ғалымдардың көз-қарастарды бірнеше топтарға бөліп қарастырсақ болады. Олардың алдынғысы В. Ф. Яковлев, Х. Циллессендердің пайымдауынша медиацияның түсінігінің түбірі дауды реттеуші делдал яғни медиатордың қызметінде жатыр. В. Ф. Яковлев ойынша медиацияның нышаны ретінде -ымыра келісімді жасауға ерік білдірген екі дауласушы тараптарды келіссөздер шеңберінде татуластыруға бағытталған дауды шешуді немесе дау деңгейін мейлінше төмендетуді көздейтін маманның қызметін таниды. [ 9] Бұл В. Ф. Яковлевтың түсініктемесінен бірқатар кемшіліктерді байқаймыз, оларды санамаласақ, медиативтік рәсімнің басты назары-медиаторға бағытталған, ал рәсімге жүгінуші тараптар тысқары қалған, сонымен қатар, тараптардың ортақ келісімді өздері мақұлдайтыны және олардың бұл рәсімге бастамашылық жасайтындығы көрініс таппаған. Осы себепті медиация рәсіміне берілген көз-қарастардың екінші тобы мейлінше толық түсініктемеге сәйкес келеді: Медиация бұл -өзі үшін келіспеушілік барынша тиімді шешілуді көздейтін екі жақ тараптармен, олардың келіспеушілігін екі жақ үшінде оңтайлы етуді көздейтін үшінші жақпен жасалатын келіссөз. [10] Сондай-ақ «медиацияның ерекшеліктері мен артықшылықтары қатарына оның құпиялығы мен бейресмилігін және де тараптардың рәсім барысын толық қадағалауын мен шешімнің мазмұндық жағын толық бақылауында сақтауын енгізген» Шамликашвили Ц. А. -дің пікірімен келісуге болады. Сонымен бірге артықшылықтар қатарына тиімділік кешенің енгізсек болады. Тиімділік кешені ретінде түсінілетіні медиативті келісімді іс жүзінде орындаған жағдайда айқындалынатын уақыт пен қаржылық шығындар сияқты шығыстарды жатқызсақ болады. Х. Бесемер басты мәселе тізіміне - кінәлілерді іздемей-ақ жанжалды қалай шешуге болатындығын атап өтті. Бұл пікірді ашып айтсақ, өз ұстанымдарын заң нормаларына сәйкестендіруге міндетті емес тараптар іс-қимыл бостандығына ие және бұл оларға күтпеген шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл ретте медиация рәсімінің өзі тараптардың шешімін өз бетінше әзірлейтіндей және қабылдайтындай етіп құрылған, ал медиатор бейтарап тарап болып қала отырып, медиация рәсімінің дұрыс жүргізілуін ғана қамтамасыз етеді. Айта кететін жайт, медиатордың судьядан айырмашылығы, ол дайын шешімдерді қабылдамайды және тіпті ұсынбайды, бірақ тараптарға бір-бірін тыңдауға және түсінуге, содан кейін барлығына сәйкес келетін нұсқаны табуға көмектеседі. Бұл жағдайда медиация-бұл консенсусқа, яғни тараптар арасындағы келісімге апаратын жол . [11]

Аталған медиация рәсіміне берілген аңықтамалар мен түсініктемелерді қорытындылайтын болсақ, Медиация бұл-дауласушы екі тараптында талаптарын қанағаттандыруға бағытталған, дауды мейлінше екі тарапқада тиімді етудің жолын анализ жүргізу арқылы жасалатын және тараптардың еркімен таңдалған бейтарап үшінші тұлғаның қатысуымен жүргізілетін процесс. Және де бұл рәсім екі тараптың арасындағы даудың себептерін айқындауға және оларды шешудің жолдарын көрсете отыра, тараптарды бірін-бірі түсінісуге және келісімге келуді көздейтін іс-әрекеттердің реттілігі сақталған жиынтық процесс ретінде танылған рәсім.

1. 2 Медиация процессінің даму жолының тарихи кезеңдері

Қазіргі таңда әлемде қоғам күнделікті мүдделердің келіспеушілігінен туындайтын қақтығыстық жағдайяттарға тап болады. Және ол әрбір индивид адамның өзге тұлғалармен қарым-қатынасында ерекше орын алады. Кәсіби ортада жеке тұлға қақтығыстық қарым-қатынасты реттеуде оңды шешу жолы ретінде танылған ымыраны немесе өзара тиімді қарым-қатынасты жалғастыруды көздейді. Бұл шешім жеке адамдар мен мемлекетті қоса алғанда әр түрлі мүдделер орын алған ортаның қоғамдық дамуына қажетті бірден-бір келісім нысаны. Жанжалды жағдайларды шешу жолында тек императивті басқарушылық нысанды қолданбай, дауларды шешудің арнайы әдістеріне сүйемелденген реттеу жолын қолдану болады Ерте уақыттан бері тараптар ішілік қақтығыстарды реттеудің ең тиімді тәсілі татуластыру рәсімі танылған болатын, оның ішінде тараптардың көзқарастарының бірлігіне қол жеткізуді көздейтін үшінші тарап -көмекші қатысатын рәсімдер. Бұл ретте көзқарастардың бірлігі ретінде -екі жақтардың ұстанымдары мен көзқарастарына сәйкес, даудан туындаған ықтимал қайшылықтарды жою арқылы мүдделерді қанағаттандыру түсініледі.

Бірқатар тұжырымдамалар секілді, медиация да жаңашылдық емес, ол қазіргі талапқа сәйкестендірілген модель болып табылады және оның нышандары ежелгі дәуірдегі халықтар мәдениетінде пайда болған. Атап айтатын болсақ, ертедегі халықтар бірлестіктерінің көсемдері немесе ел ішіндегі өзінің ізгі іс-әрекеттері мен жас ерекшелігіне қарай халықты басқарып отырған басшы ақсақалдар, адамдардың сенімі мен нанымына байланысты өз халқының құрметіне ие діни қызметкерлер, абыздар, дуаналар әрбір жеке адамның өзге жеке адаммен келіспей қалған мәселе-жағдайларын сөйлесу, келісу және келіссөздер арқылы қарап, талқылап отырған. Тайпа, ру, мемлекет және өзге де елдік бірлестіктер өз ішінде тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында сонымен қатар, бірлестіктер арасындаға қақтығыстық жағдайларды шешу үшін келіссөз яғни қазіргі медиацияны қолданған. Алайда, ол уақыттық кезеңде "Медиация" термині қазіргідей айтылмағанымен, медиацияның өзіндік бастауы болып табылатын елшілік, татуластырушы-көмекші ұғымдары қолданылған.

Белгілі бір уақыт аралығымен шектеле отырып, мерзімдік шекаралары аңықталған тарих дәуірлеріне көз жүгіріртетін болсақ, медиация бастауы және оның даму жолындағы мәселелері бойынша жинақталған әдебиттер мен ақпараттарды зерттеу арқылы талдау сүзгісінде медиация рәсімінің әртүрлі формаларының нышандары пайда болғанын байқасақ болады. Әдебиеттер мен ақпараттық-материалдарда кездесетін мәліметтерге қарай, тарих кезеніңдерінде қоғам үшін қолайлы түрдегі мерзімдік ұзақтығы уақтылы немесе түпкілікті болатын келісім мен шаралар кешенінің жиынтығы қамтылған жанжалды шешудің алуан түрлі нысандарының ертеден кездесетіні аңықталады.

Жалпы алғанда медиацияны қалыптастыру процесін үш кезеңге бөліп, оны осы уақыттық аралықтардан өтті деген тұжырымдамалық қорытындыға тоқталамыз.

Медиацияның даму жолының алғашқы баспалдағы ретінде оның бірінші кезеңі қоғамдық бірігулердің ең ертедегі формасы адамдардың алғашқы тобырының одан кейін рулық бірлестіктердің, тайпалардың және де қауымдастықтардың, сонымен қатар, қала-мемлекеттердің мәдениеті мен ұстанатын тәртіптік әдеттерінен көрініс табады. Аталған бірлестіктерде көрініс табуы қақтығыстар мен бірлестік үшін өмірлік маңызы бар жағдайларды реттеу қажеттілігімен байланысты.

Медиацияны қалыптастырудың бірінші кезеңі тайпаларда, қауымдастықтарда және олардың арасында туындайтын қақтығыстарды реттеу қажеттілігімен, ал кейіннен қала-мемлекеттер арасындағы қақтығыстарды реттеу қажеттілігімен байланысты. Бұл кезеңнің негізгі ерекшелігі ерте тарихи кезеңді қамтуы. Қалыптасудың алғашқы кезенінің нышаны ежелгі дәуірге тән және қоғамның қалыптасуының ерте тарихын қамтиды. Және біз оны медиация тарихының бастауы ретінде санаймыз. Ежелгі дәуірдегі адамдар араындағы келіссөз жүргізу мәселесі және татуласу рәсімі күрделі бола тұра нәзік рәсім болды, даналық пен сабырлылықты сондай-ақ үлкен тәжірибені қажетсінді, сондықтан ерте тас дәуіріне дейін және кейінгі тас дәуірінен басталған уақыт аралығында татуластырушы тұлғалар өте жоғарғы құрметке ие және дана адамдар болды. Олардың қатарына дуаналар, бірлестік басшылары, көсемдері, діни қызметкерлері, дінбасылар, ақсақалдар, абыздар, және еліне елеулі болған бірлестік ішіндегі тұлғалар тізімделінеді. Осы уақыттық шекараларға тән дүние ол адамдардыың сауда саттықпен айналысуы бұл өз кезегінде медиация процедурасының дамуына үлкен үлес қосты. Көптеген мамандар қазіргі медиацияның негізін Финикия өркениетінен табады, сондай-ақ ежелгі Вавилонда, осы елдерден өзге, әлі күнге дейін халықтық демократия институтының алғашқы нұсқасы сақталған ол Африкада да белгілі болды. Оған дәлел Африканың көптеген елдерінде қазіргіге дейін жанжал еліне елеулі, халқына қалаулы адамның көмегімен шешіледі . [12. ] 13

Ал медиацияны Шығыс Азия елдері қақтығыстарды жоюдың негізгі құралы ретінде кеңінен қолданды. Оның алғашқы нысандары Ежелгі Қытай және өзге де елдердің арасында жасалынған дипломатиялық келісімдер. Ежелгі Рим (transactio) ұғымы кездеседі. Оны тікелей аударатын болсақ әлемдік мәміле деген мағынаны білдіреді. Негізінен бұл келісімнің түпкі мағынасы өзара жеңілдіктер туралы келісім яғни тараптар өздерінің талаптарын дәлелдеуде белгілі бір қиындықтарға тап болған кезде жүгінетін келісім түрі болған. 13

Ежелгі Рим құқығы дәуірінде татуласу және келісу идеяларына негізделген аралық соттар кеңінен таралған болатын. Сонымен, Рим құқығының дамуының алғашқы кезеңінде сот процестерінде мемлекеттік мәжбүрлеу күші бар билік өкілдері ретінде танылмайтын, judex privatum тікелей аудармада "барлық алқабилер" жиі кездеседі және олар тек жеке судьялар ретінде әрекет етті. Сонымен бірге жеке судья дәлелдемелерді өзі бағалады және ол сот магистратурасында нақты шешім қабылдады (iudicium) 3Ежелгі римдегі келіссөздер жайлы Марк Туллиус Цицерон былай деп жазды: " Дауларды шешудің екі нақты жолы бар. Біреуі-келісім, келіссөздер арқылы, екіншісі-мәжбүрлі күш қолдану арқылы. Алдыңғы тәсіл адамдарға, кейінгісі жануарларға тән болғандықтан, соңғы әдіске бір шарт орындалғанда ғана жүгінуне болады. Ол шарт ретінде бірінші әдісті қолдану мүмкін болмайтын жағдайлардың аңықталуы жатады" . (14) . Ал келесі ежелгі еуропа құрлығындағы қуатты қала мемлекеттерінен құрылған Ежелгі грекияда қалааралық мемлекеттер қақтығыстарын тек үшінші бөгде қала-мемлекеттің делдалдығымен реттейтін. Афина мен Спарта қала-мемлекеттер арасындағы келіспеушіліктерде өзге шағын қала-мемлекеттер делдалдық қызмет көрсеткендігі-оның тарихи дәлелі (15) .

Медиация институты дамуының екінші тарихи белесі немесе даму жолының екінші кезеңі орта ғасырларға және көп жылдық соғыстарды аяқтау қажеттілігі туындаған мемлекеттер арасындағы уақыт мезеті жаңа кезеңге дәл келеді. Бұл кезең 1803 жылы қабылданған "Медиация актісімен" сипатталынады және осы заңи құжатпен ерекшелінеді. "Медиация актісі"- адамзат тарихындағы медиация саласындағы алғашқы құқықтық акт. Дәл осы кезеңнен бастап медиацияны дамытудың фундаметальды негізі қаланды деп есептеуге болады. Аталған фундаметальды құқықтық құжаттың пайда болуына ықпал еткен еуропалық мемлекеттердің арасындағы отызжылдық жанжалдық соғыстың 1648 жылы сәтті шешімін табуы. Осы сәтті шешімнің жарқын үлгі тізіміне жанжалды соғыстың нәтижесінде қабылданған медиация тәсілі қолданылғын бейбітшілік келісімдерін жатқызамыз. Еуропа елдері Швейцария, Германия және Франция арасындағы қақтығысты реттеу қажеттілігі Медиация актісінің қабылдауына түрткі болды. Бұл қақтығыстық жанжалда делдалдық қызмет көрсеткен Наполеон Бонапарттың өзі болған деген тарихи оқиғаларға сүйенсек болады. Ал осы кезеңге тұспа-тұс келетін деректер орыс мемлекетінде кезедеседі. Осы сәттегі орыс княздігінде әрбір жеке жанжалдарды шешу тәртібі міндетті түрде ресми мемлекеттік рәсімделуге тиіс болатын. Оның нақты дәлелі ретінде Аралық сотты құру құқығы тараптарға тиесілі және оның қабылдаған шешімі мемлекеттік соттардың шешімінің құқықтық мәртебесіне сай келеді делінген 1649 жылғы Собор кодексіндегі кездесетін деректерді танимыз. (16) . Бірақ, құқықтық практиға ХVIII-ХІХ ғғ ар-ождан соты енгізілгеннен кейін ғана татуласу рәсімін түпкілікті заңи тұрғыда тану және ресімдеу тәртібі аңықталды . (17)

Ал осы уақыт аралығына сай келетін медиацияның отандық тарих беттерін қарастыратын болсақ бұл татуластыру рәсімінің бастауы ертеде екендігін байқаймыз. Қазақстанда дау тараптары ұзақ уақыт бойы сақталған әдет-ғұрыпо сәйкес дауды шешу үшін ақылымен және өмірлік тәжірибесімен ерекшеленетін кез-келген беделді мүшеге, яғни сот істерінің аралық талқылауына жүгіне алады. Мемлекеттіліктің нышандарының дамуымен ХV-ХVII ғасырларда делдалдықтың ерекше түрі билер пайда болған. Билер ретінде әдет-ғұрыптарды жақсы білетін және өзінің әлеуметтік жағдайы мен ақылымен ерекшеленетін адамдар бола алатын10. Билер еліміздегі медиатордың ең алғашқы формаларының бірі болып есептелінеді. Өйткені билер заманауи делдал медиаторға қойылатын барлық талаптарға жауап бере алатын . (18) Отанымыздың тарихында кезедесетін ерекше көзге түсетін ертедегі медиаторларды тізіміне Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би, Майқы билерді жатқызсақ болады. Аталған тұлғалардың әділдігі жайлы деректер тарих беттерінде көптеп кездеседі. Оның бірі С. З. Зиманов өз дерегінде былай деген:Дауды шешудің ең алғашқы әдісі екі жақты татуластыру және оған жету жолы алғашқы баспалдақ олардың туыстық қатынастарын аңықтау (19) . Келтірілген дерекке сәйкес билердің негізгі міндеті дауласқан екі жақты бітімге келістіру екенндігін байқаймыз. ХVII ғ. қазақ хандығындығының барлық жерінде аралық сот қызметін атқарған билер соты жұмыс істеген, сонымен қатар ірі ру-тайпалар арасындағы түрлі дау-дамайларды талқылаған сұлтандар соты және сұлтандар мен билерді соттау және түпкілікті сот шешімдерін шығару құқығына ие болған хандық сот болды. Қазіргі Қазақстан аумағында сот жүйесін осылай құру айтарлықтай

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекетаралық экономикалық дауларды шешудің құқықтық аспектілері
Халықаралық дауларды реттеу әдістерінің түрлері
Медиация еңбек дауларын шешу технологиясы ретінде
Еуропалық сот қызметі
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы
Біріккен Ұлттар Ұйымы туралы мәлімет
Халықаралық іс жүргізу құқығындағы медиация мәселелері
Дау шешу түсінігі
Арбитраждық процесс
Медиацияның шетелдік тәжірибесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz