Химияны оқыту құралдарын топтастыру



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
"Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті"коммерциялық емес акционерлік қоғам



Жақанова Ақмарал Болатжанқызы

Химиядан дидактикалық материалдар мен оқу құралдарының түпнұсқасын даярлау және құрастыру

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Мамандық: 5В011200-Химия

Семей, 2021ж

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
"Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті"коммерциялық емес акционерлік қоғам

Қорғауға рұқсат етілген
Химия-география-биология кафедрасы
Меңгерушісі:

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырып: Химиядан дидактикалық материалдар мен оқу құралдарының түпнұсқасын даярлау және құрастыру

Мамандық бойынша (шифр) - 5В011200 Химия

Орындаған: Жақанова А.Б.
Ғылыми жетекші: Онтагарова Д.Р.

Семей, 2021ж

Жоспар:
Кіріспе
І. ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР МЕН ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Химиядан дидактикалық материалдар мен оқу құралдарының орта мектеп химиясындағы рөлі, орны мен қызметі.
1.2 Оқу - әдістемелік кешендерді даярлаудың ұстанымдары мен құрастыру техникасына қойылатын талаптар.
1.3 Мектептегі химия пәні бойынша дидактикалық материалдар мен оқу құралдарының пайда болуы мен дамуы
ІІ. ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНДЕР МАЗМҰНЫ
2.1. Химиядан пәндерінің оқу-әдістемелік кешенінің құрылымы .
2.2. Пәндерінің оқу-әдістемелік кешенінде оқушылардың өзіндік жұмыстарының жүйесі
2.3. Пәндерінің оқу-әдістемелік кешенінде оқу эксперименттерінің жүйесі
ІІІ.ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМ
3.1. 9-сыныпта бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын оқыту кезінде қолданылатын оқу-әдістемелік кешендердің оқушылардың білім нәтижелерін арттырудағы мүмкіндіктері
3.2. 9-сыныпта бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын оқыту кезінде қолданылатын жаңа оқу-әдістемелік кешендерді тәжірибелік эксперименттен өткізу нәтижелері
IV. ҚОРЫТЫНДЫ
V. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР



КІРІСПЕ

Зерттеудiң көкейкестілігі. Қазіргі таңда қарқынды даму үстіндегі қоғамымыз терең білімді, шығармашылықпен жұмыс істей алатын, өзіндік әрекеттің сан алуан түрлі саласында өз білімі мен біліктерін іс-жүзінде қолдана алуға қабілетті мамандарды қажет етіп отыр және олардың кәсіби даярлығының деңгейіне және сапасына қойылатын талаптарда күшейтілуде.
Білім туралы Заңда мектептің міндеті тек оқушыларға білімнің жиынтығын беру ғана емес, оқушылардың өз бетінше білім алуына, өзіндік білім алудың тәсілдеріне үйрету де болып табылатындығы жайлы айтылған. [1]. Осы міндетті жүзеге асыру үшін оқушылар оқуға бөлінген уақытты тиімді пайдалана отырып, жеке пәндерді оқып үйренуде таным әдістерінің ғылыми негіздерін игерудің негізгі мектептің оқу процесіне кіретін барлық әрекет түрлерін жүзеге асыру әдістерімен қаруландырылуы тиіс. С.кз
Зерттелетін химия пәнінің де алдына қоятын мақсаттары мен міндеттері жаңарып жетілдіруді талап етеді. Соңғы жылдары Қазақстанның орта білім беретін мектептерінде химия пәні бойынша жаңа буын оқулықтарының жарық көріп, қазіргі таңда сол оқулықтармен білім беруді жүзеге асып отыр. XX ғасырдың соңындағы қоғамда болған өзгеріс жалпы білім беру жүйесіне де күрделі серпілістер әкелді. Мемлекетіміздің дүние жүзілік білім беру кеңістігіне шығуы, Қазақстанда осы кезеңге дейінгі қалыптасқан тарихи жағдайларға, жинақталған құндылықтарға және қоғамның түбірімен өзгеруіне байланысты қазіргі уақытта химиядан білім беру жүйесінің маңызы артуда. Химия пәні 7- сыныптан басталып, оқушыларға заттар, денелер, химиялық заңдар мен теориялар, химиялық өндіріс туралы білім деңгейін меңгертуді көздейді.Болашақ қоғам мүшелерінің белгілі мөлшерде химиялық білімі болмаса әлемнің химиялық көрінісін саналы түрде ұғынбаса, заттық әлемге деген шындыққа сәйкес келетін көзқарасын, оның дүниетанымын, ойлау үдерісінің дамуын қалыптастыру мүмкін емес.Еліміздегі алуан түрлі шаруашылық салаларының бәрі де дерлік химиямен байланысты дамуда. Химиядан білім беруде әдетте заттар мен химиялық үдерістердің арасындағы обьективті заңдылықты, деректерді, ұғымдарды және олардың байланысы ашылады. Мәселен, оқушыларға өндірістік материалдар туралы білім беру олардың политехникалық дайындығын күшейтеді. Сонымен қатар, бұл пән- нің жаратылыстану ғылымдарының арасындағы алатын орнын, заттардың күрделену сатысын, олардан түзілетін табиғи және жасанды денелермен таныстырады. Қазіргі таңдағы жасанды синтетикалық заттарды тұтынушылықтың басым заманында болашақ қоғам мүшелерінің оны толық және ғылыми тұрғыдан терең меңгеруін керек етеді. Әсіресе, 7-9 сыныптарда химиялық құбылыстардың бір-бірімен байланыстылығы, шарттылығы жөнінде ғылыми көзқарас қалыптастыру міндеті орындалады. Химияның қазіргі қоғамда алып отырған күрделі орны оны бүкіл жаратылыстану пәндерімен байланыстыра оқытуды керек етеді. Шын мәнінде де, Қазақстандағы жалпы өндірістің дамуы әсіресе химиялық қосылыстардан туындайтын материалдарды күнбе-күн кеңінен керек етіп отырғаны даусыз. Ал, біздің Республиканың келешегі болып есептелетін жастарымыздың бұл саланың ерекшелігін, теориялық және практикалық негізін мектептен бастап ақ меңгеруге тиісті. Бұл мақсатқа жету үшін бірнеше себеп бар. Әрине, мектеп қабырғасында оқушылардың химия пәнінің теориялық тұстарын толық меңгеруіне ең бірінші 8 себеп, педагог қауымының дайындығы, білім беруді жоғары деңгейде жүргізуге қалыптасқан кәсіптік құзыреттіліктерінің болуы. Соның негізінде білімді тұлғаға бағыттау талабының орындалуы. Екінші себеп, оқушылардың ізденушілігі мен зерттеушілік, бақылаушылық, эксперименттік бағыттағы өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың қамтамасыз етілуі. Үшінші себеп, оқушылардың білім алуы тек оқулықтағы материалдарды игерумен шектелмей, олардың оқу іс-әрекеттерін ұйымдастыруға негіз болатын және оқулықтың мазмұнын тереңдете түсетін қосымша оқу құралдарының пайдаланылуы. Химия көп салалы пән болғандықтан, ол бүкіл жаратылыстану пәндерімен мазмұндық және практикалық жағынан тікелей байланысты. Бұл жағдайлардың бәрін оқулыққа енгізу мүмкін емес. Сондықтан, оқушылардың білімін толықтырып қана қоймай, олардың ізденушілігін, зерттеушілігін дамытатын бұл пән бойынша дайындалған оқу құралдарының оқулық мазмұнымен сабақтастықта пайдалануын қамтамасыз етуді қарастыру болып табылады. Дүние жүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үдеріс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие жұмысында өзгерістер енгізумен бірге, елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, білім алушылардың шығармашылық қабілетін дамытуды, іс-әрекетті жаңаша ұйымдастыруды талап етеді. Еліміздің білім жүйесі бойынша мектеп қабырғасында білім беру тұлғаға бағыттала отырып, оларды шығармашылыққа, ізденуге, оқушылардың білімді өздігінен меңгеруге жетектеу, білім беру әдістемелерінің осы мақсатқа тез бейімдеуді керек етеді. Педагогика саласындағы зерттеулер білім беру мазмұнын гуманизациялауды, оқытудың тәрбиелік ролін көтеруді, оқушылардың оқуға қызығушылығын арттыруды талап етеді. Сондықтан да, мектеп қабырғасында химияны оқытуда ең алдымен химия ғылымының даму жолын талдай отырып, оның мазмұнын ғылыми тұрғыдан толық ашу үшін оқулық пен оқу құралындағы материалдарды байланыстыра отырып, білім берудің жаңа технологияларын қолдану негізінде мақсатқа жетуге болады. Сондықтан да, оқулықтар мен оқу құралдарының мазмұндық, құрылымдық, әдістемелік сабақтастықтарын ғылыми тұрғыдан жетілдіре түсу заман талабының бірі деп қараймыз.
Қазіргі қоғамға әлеуметтік жағынан бейімделу үшін адам баласына тек білім ғана емес, оны күнделікті өмірде, практикада шығармашылықпен қолдана білуі қажет. Бұл үшін, біріншіден, өмір сүруге қажетті дүниежүзілік және жалпы ұлттық мәселелерді шеше білу икемдігі; екіншіден, жоғары технологиялармен қамтамасыз ететін ғылыми-техникалық жаңару жолдарын таба білу біліктілігі қажет. Бұл мәселелерді шешуге жастарды дайындау үшін химия ғылымының жеткен жетістіктерін білім жүйесіне ендіру, оқушылардың теорияны толық меңгеруіне жағдай жасау, қоршаған өмірде кездесетін нақты деректерді олардың көзімен көріп, қолымен ұстауына, олар арқылы тәжірибе мен эксперименттер жасай отырып, өздерінің ізденуі арқылы шындыққа көз жеткізетіндей материалдар қамтылуға тиіс. Мұндай іс-әрекетті ұйымдастыру химия пәнін оқытуды жаңаша құрып, жаңа технологияларды кеңінен қолданумен тығыз байланысты. Жаратылыстану ғылымдарының ішінде химияның маңызды орын алуы ғылыми-техникалық прогрестің үздіксіз артып отыруынан ғана емес, бұл химия пәнінің мазмұнының биологиялық, физикалық, географиялық ғылымдармен тығыз байланыстылығынан туындайды. Бұл байланыстарды химиядан 10 оқушыларға білім беруде ашып көрсету арқылы олардың ғылыми ұғымын жанжақты тереңдетіп қана қоймай, бүкіл әлемнің біртұтастығы туралы көзқарастарын қалыптастыруға жағдай туады. Осы кезге дейінгі көптеген зерттеулер мен талдауларға назар аударсақ, мектептерде пайдаланылып отырған химия оқулықтарының теориялық және әдістемелік сипаты әлі де жетілдіре түсуді, мазмұндық тұрғыдан қосымша оқу құралдарын ұсынуды қажет ететіндігі байқалады. Тарихи жағдайларға, қоғамдағы құндылықтардың өзгеруіне және қазіргі білім беру технологиясының дамуына байланысты химиядан қосымша оқу құралдарын дайындауды жетілдіре түсу алда тұрған міндеттердің бірі болуға тиіс деп қараймыз. Еліміздегі мектеп оқулықтарының мәселесін саралап, зерттеп, жүйелей отырып және оқулықтарды дайындаудағы озық тәжірибелерді таразылай келе, жаңа буын оқулықтарын мазмұндық, құрылымдық жағынан жетілдіре түсудің керектігі байқалады. Мұнда алға қойылатын мәселе оқулықтар мен оқу құралдарының мазмұндық, жүйелік байланысы және сол байланысты білім беруде сақтай отырып жүзеге асыру болып табылады. Біз педагог- ғалым И.Я.Лернердің пікіріне жүгінсек, оқулық бірден көзге шалына қоймайтын үш бөлімнен тұратынын білеміз. Оның бірінші бөлімі теориялық бөлім-бұл оқулықтағы мәтіндердің мазмұны. Екінші бөлім, әдістемелік бұл әрбір тақырыптарға байланысты берілген сұрақтар мен тапсырмалар. Әдістемелік бөлім оқушылардың пәнге қызығушылығын, олардың өзіндік жұмысқа талпынысын,зерттеушілігі мен шығармашылығын дамытуға арналған негізгі бөлім деп қарауымыз керек. Сондықтан, мұнда сұрақтар мен тапсырмалар деңгейлеп беріле отырып, әр оқушының білім деңгейі мен мүмкіндіктеріне қарай қолданылатыны белгілі. Оқулықтың үшінші болімі бұл эстетикалық болім. Мұнда тақырыпқа байланысты сызбалар, суреттер, бейнелі корнекіліктер т.б. орналасады. Бұл болімінің маңызы тақырыппен тікелей байланысты бола отырып, оның мазмұнын толық ашуға және оқушылардың өзіндік жұмыстарын орындауды жүзеге асыруға көмектеседі. Осы үш болімнің тығыз байланыстылығын жақсы меңгерген педагог және білім беруде оқулықтың негізгі мазмұнын оқу құралдары мазмұнымен тиімді әдістер арқылы байланыстыра алған оқытушы оқушылардың химиялық білімдерін тереңдетіп, олардың шығармашылық арқылы білімді саналы меңгеруін қамтамасыз ете алады. Осы көрсетілгендерді ескере отырып, біз химиядан дайындалған мектеп оқулықтарын (7-9 сыныптар) талдау, саралау нәтижесінде мына қайшылықтарды байқадық:
- оқулықтар мемлекеттік білім беру стандарты мен пәндік бағдарламаға сәйкес жасалғанмен, олардың мазмұнын оқу құралдармен байланыстыру жағы козделмеген;
- оқулықтарда беріліп отырған әдістемелік болімде (сұрақтар мен тапсырмалар) омірмен, Қазақстандағы химиялық ғылыми деректермен байланыстылықты корсету жағы томен;
- химияның биология, физика, география, математика ғылымдарымен байланысы аз ескерілген;
- оқушылардың озіндік іс-әрекетін сабақ барысында және сабақтан тыс кездерде орындауға жұмылдыратын тапсырмалар жағы жеткіліксіз;
- сұрақтар мен тапсырмалардың мазмұны оқушыларды шығармашылыққа жетелейтіндей болуы керектігін де ескеру қажет. Бұған қарап, біз мектеп химия оқулықтары нашар деген ойдан аулақпыз. Бірақ, берілетін химиялық білімді басқа жаратылыстану ғылымдарымен байланысты қарау негізінде олардың мазмұнын жетілдіре түсу мәселесін қарастыруға болады.д.к.к
С.кз Оқушылардың жеке ерекшеліктерін барынша ескеріп өз бетінше жұмыс жасай алатын белсенді әрекет арқылы оқыту - бүгінгі күннің қажеттілігінен туған талап екендігін қоғам дамуы көрсетіп отыр. Осы бағытқа баса мән берілу көптеген онжылдықтар бойы үстемдік етіп келген оқушы - білім беру объектісі көзқарастарынан мүмкіншілікке қарай біртіндеп бас тарту қажеттілігін түсіндіріп береді. Оқушылардың білім алуға енжар қатынасы олардың еш нәрсені өз бетінше шеше алмайтын, үнемі сырттан нұсқау күтетін енжар тұлға болып қалыптасуына әкеп соғады. Осы тұрғыдан оқыту үдерісінде оқу-әдістемелік кешендерді орынды пайдалану өте тиімді екендігін өмір тәжірибесі көрсетуде.
Сондықтан да біз, жоғарыда корсетіліген қайшылықтарды тиімді жолмен шешуді қарастыру мақсатымен ғылыми зерттеу тақырыбымызды Химиядан дидактикалық материалдар мен оқу құралдарының түпнұсқасын даярлау және құрастырудеп алдық.
Зерттеу нысаны: орта мектептің бейорганикалық химия оқулықтарының құрылымдық - мазмұндық жүйесі.
Зерттеу пәні −орта мектептің бейорганикалық химия оқулықтары мен оқу құралдарын байланыстыра пайдаланудың дидактикалық негіздері.
Зерттеудің мақсаты: химия пәні бойынша оқулықтар мен оқу құралдарын құру жолдарын қарастырудың дидактикалық негізін саралау, оқулық пен оқу құралдарын байланыстыра отырып, оқушылардың озіндік жұмыстар жүйесін беру, оқулыққа қосымша оқу құралын дайындау. Оқулық мазмұны мен оқу құралындағы материалдарды байланыстырудың тиімді әдістерін педагогикалық экспериментке қою және оның нәтижесін ұсыну.
Зерттеудің міндеттері:
- Химиядан дидактикалық материалдар мен оқу құралдарының орта мектеп химиясындағы рөлі, орны мен қызметін анықтау.
-Оқу - әдістемелік кешендерді даярлаудың ұстанымдары мен құрастыру техникасына қойылатын талаптарды ескеру
-Химиядан пәндерінің оқу-әдістемелік кешенінің құрылымына мән беру.
-Пәндерінің оқу-әдістемелік кешенінде оқушылардың өзіндік жұмыстарының жүйесі және оқу эксперименттерінің жүйесі
-9-сыныпта бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын оқыту кезінде қолданылатын оқу-әдістемелік кешендердің оқушылардың білім нәтижелерін арттырудағы мүмкіндіктерін ашу
-9-сыныпта бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын оқыту кезінде қолданылатын жаңа оқу-әдістемелік кешендерді тәжірибелік эксперименттен өткізу нәтижелері

Зертеудің ғылыми болжамы: химияны оқыту үдерісінде мұғалім мен оқушы пайдаланатын жаңа типті оқу-әдістемелік кешендердің мазмұны мен құрылымы анықталып, әдістемесі жасалса, онда оқушылардың өзіндік жұмысқа бейімділігі артып, терең білім алуға мүмкiндiк туады, өйткенi оқу үдерісiне қатысушылардың білім алуында өзiндiк әрекетке басымдылық берiледi.
Зерттеу әдістері: теориялық, педагогикалық, психологиялық, әдістемелік әдебиеттер мен ғылыми еңбектерге шолу; ғылыми-логикалық шығарылымдардың талдамасы, тәжірибелік бақылаулар; педагогикалық эксперимент; сауалнама; оқушылар және химия пәнінің бағдарламасы мен оқулықтар мазмұнын талдау; оқытушылармен жүргізілген әңгімелер, анкеталық сұрақтар, алынған нәтижелерді талдау, қорытынды жасау. 12 Тәжірибелік әдістер: педагогикалық эксперимент, бақылау, сұхбаттасу, сауалнама жүргізу.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: - білім беруге байланысты қазіргі қоғам сұранысына сәйкес, химия пәнінің оқу құралы дайындалып, оны құрастырудың әдістемесі жасалынды; -химиядан дайындалған оқу құралы білім беру үрдісінде пайдалануға ұсынылды;
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Зерттеу нәтижелерiн педагогикалық жоғары оқу орындарында химия пәні бойынша болашақ мұғалімдерді дайындауда, кәсіби білім жетілдіру жүйесінде мұғалiмдердi қайта даярлау мақсатында пайдаланылуы мүмкін. Жаңа мазмұнды оқу-әдістемелік кешендердің жобалары, сабақ сценарийлері мен оқу-танымдық тапсырмалардың мүмкiндiктерi бойынша жасалған ұсыныстарды оқу пәндерi бойынша оқу құралдары мен тапсырмалар жүйесiн жасауда басшылыққа алуға болады.

Қорғауға ұсынылатын қағидалар: - орта мектептің химия оқулықтары мен оқу құралдарын құрастырудың дидактикалық негіздері; Оқу - әдістемелік кешендерді даярлаудың ұстанымдары мен құрастыру техникасына қойылатын талаптар; Химиядан пәндерінің оқу-әдістемелік кешенінің құрылымы ;Пәндерінің оқу-әдістемелік кешенінде оқушылардың өзіндік жұмыстарының жүйесі ; Пәндерінің оқу-әдістемелік кешенінде оқу эксперименттерінің жүйесі

Зерттеу базасы: Семей қаласы №4 Жалпы орта білім беретін орта мектебі КММ
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: Қазақстандағы оқулықтарды жетілдіру ғылыми негізделген бағытта жүргізілуі қажет: білім берудегі мемлекеттік саясат, оқулықтарды дайындаудың теориялық және педагогикалық бағытының философиямен, психологиямен және оқыту әдісімен ӛзара байланысты болуы.
Зерттеу нәтижелерінің дәлдігі мен негізділігі: әдіснамалық негізділігімен және зерттеудің бастапқы теориялық қағидаларының бір-біріне қарама-қайшы келмеуімен, бір сөзбен айтқанда проблеманы шешудің біртұтас тәсілімен қамтамасыз етілген және олар анықтамалық әдістеме кешенінің жасалынуымен, зерттеудің негізгі қағидаларының, ғылыми болжамның іс жүзінде дәлелденуімен және эксперимент барысында алынған мәліметтердің ғылыми өңделуі нәтижелерімен расталды.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және іс-тәжірибеге ендіру
Диплом жұмысыныі негізгі тұжырымдары мен тәжірибелік нәтижелері 2021 жылы жоспарға сай, Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті коммерциялық емес акционерлік қоғам жаратылыстану және география факультеті химия кафедрасында ғылыми әдістемелік семинарында баяндалып,тыңдалды,талдау жасалды.
Диплом жұмысының құрылымы мен мазмұны: дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, эксперименттік бөлімнен,қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады. Кіріспе болімінде зерттеу жұмысының озектілігі негізделіп, мақсаты, міндеті, болжамы, әдіснамалық және теориялық негізі, зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы анықталып, жетекші ой ұсынылып, зерттеудің негізгі кезеңдері сипатталады. Дидактикалық материалдар мен оқу құралдарының дидактикалық негіздері деп аталатын бірінші тарауда оқулықтар мен оқу құралдарын құрастырудың негіздері сараланды. Оқулықтар мен оқу құралдарын құрастырудың теориялық негіздерін аша отырып, орта мектептің химия пәнінен оқулықтар мен оқу құралдарын даярлаудың мазмұндық, құрылымдық мәселелері қамтылды. Оқулық пен оқу құралдарының дидактикалық функциялары және оларға қойылатын талаптардың қазіргі таңда орындалуы мен мүмкіндіктеріне тоқталады. Сонымен қатар оқулықтар мен оқу құралдары теориясының дамуының негізгі бағыттары қарастырылады. Химия бойынша оқулықтар мен оқу құралдарының құрылымы және білім берудегі орны анықталынады. Жаңартылған білім мазмұнына байланысты оқу-әдістемелік кешендер мазмұны атты екіншітарауда: Химиядан пәндерінің оқу-әдістемелік кешенінің құрылымы; Пәндерінің оқу-әдістемелік кешенінде оқушылардың өзіндік жұмыстарының жүйесі; Пәндерінің оқу-әдістемелік кешенінде оқу эксперименттерінің жүйесі қарастырылады.Эксперименттік бөлімде: 9-сыныпта бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын оқыту кезінде қолданылатын оқу-әдістемелік кешендердің оқушылардың білім нәтижелерін арттырудағы мүмкіндіктері; 9-сыныпта бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын оқыту кезінде қолданылатын жаңа оқу-әдістемелік кешендерді тәжірибелік эксперименттен өткізу нәтижелері зеерттеледі.
Қорытындыда теориялық және эксперименттік жұмыстардың нәтижелеріне негізделген тұжырымдар мен ұсыныстар беріледі.
І. ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР МЕН ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Химиядан дидактикалық материалдар мен оқу құралдарының орта мектеп химиясындағы рөлі, орны мен қызметі.
Қазіргі кезде қоғамдағы ғылыми-техникалық революция оқулықтың мазмұнының жалпы және пәндік білім көлемінің жаңаруын талап етіп отыр. Бұрын оқулыққа қойылатын талаптар дидактикалық тұрғыдан сараланып көрсетіліп келсе, ал қазір оқулыққа қойылатын талаптар күннене-күнге күрделеніп, әр пәннің мазмұнының құндылық бағдарлылығына үлкен мән беріліп отыр. Қазіргі дамыған қоғамымызда болашақтың иесі жастардың рухани-адамгершілік, ұлттық-мәдени және жалпы адами құндылықтар негізінде тәрбиелеуге көп көңіл бөлінеді. Бұл мақсатты орындауда оқулықта берілетін материалдардың осы бағытта болуы керектігін ескеруге тиіспіз., Әсіресе,химия оқулықтарында Қазақстандық компонененттің басым болуы ескерілгені жөн,себебі, бұл материал арқылы оқушылар өз елінің, Отанының байлығымен, табиғатымен таныса отырып, оны сақтауға, сүюге үйренеді [101,102]. Бұл қасиет болашақ қоғам мүшелеріне өте керек қасиеттердің бірі болып есептелінетіні хақ. Жалпы алғанда,оқулықтардың мазмұны оқушылар үшін тартымды болуы, онда берілетін түрлі тапсырмалардың өздігінен жұмыс істеуге бағытталуы,балаларды зерттеушілікке тартуы, осы жағдайлардың бәрін ескере келіп, оқулықта кеткен кейбір кемшіліктерді сол пәннен берілетін қосымша оқу құралдарымен сабақтастыра оқыту арқылы оқушының біліктілігін, дағдысын дамыту және оқу үрдісі кезінде олардың алған білімді өз бетінше қабылдауын, пайдалануын жүзеге асыруға болады.
Химиялық білім беру процесінде (орта мектепте де, жоғары мектепте де) оның үштұғырлы функциясы іске асырылады:
* оқыту (О)
* тәрбиелеу (В)
* дамыту (Р)

Сызбанұсқа 1.1. Химиялық түзілудің үштұғырлы функциясы
Химиялық білім беру оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту процестерінің тұтастығы ретінде тәуелсіз міндеттерге қатысты үш топты шешуді қамтиды.
Оқыту-өмірге, жұмысқа және кәсібилікке дайындалу үшін қажетті жүйеленген ғылыми химиялық білімді, пәндік дағдылар мен іс-әрекеттерді, шығармашылық қызмет тәжірибесін және химиялық ғылым мен химиялық білімге құндылық қатынастарын қалыптастыру және игеру процесі мен нәтижесі.
Тәрбие-тұлғаның рухани-адамгершілік, әлеуметтік-экономикалық және мәдени қасиеттерін мақсатты түрде қалыптастыру процесі тәрбие процесінде әртүрлі сипаттағы мәселелерді шешу арқылы рухани-адамгершілік, этикалық, еңбек, мәдениеттану, дүниетаным, гуманистік, қолданбалы, практикалық, эстетикалық,экологиялық, экономикалық, валеологиялық, акмеологиялық, аксиологиялық және басқа да міндеттер шешіледі, нәтижесінде әлеуметтік және мәдени дамыған тұлға қалыптасады.
Химиялық білім берудің тәрбиелік функциясы әртүрлі тәсілдермен, атап айтқанда, жас ұрпақтарда ғылыми дүниетанымды қалыптастыру әдісімен жүзеге асырылады.Ғылыми дүниетаным-жалпыланған көзқарастар жүйесі (объективті әлем және ондағы химиялық заттардың орны), сенімдер, таным принциптері және қызмет. Ғылыми дүниетанымның қалыптасуы көп сатылы сипатқа ие. Келесі кезеңдерге көңіл бөлген жөн.
1.Жеке тұлғаларды қарастырумен байланысты дайындық кезеңі дүниетанымдық идеялар, ұстанымдар, ұғымдар (сапасы мен саны, қарама-қайшылықтар, материяның жойылмауы, энергияның сақталуы).
2. Қалыптастырушы кезең мынадай маңызды міндеттерді шешеді:
1) ашу,қолдану арқылы материя қозғалысының формалары туралы дүниетанымдық ұстанымдар;
2) жалпыға ортақ байланыс және химиялық оқу материалындағы өзара іс-қимыл туралы дүниетанымдық идеяларды түсінуді тереңдету;
3) дүниетанымдық идеялар мен ұғымдарды жалпылаудың жаратылыстану және философиялық деңгейлеріне аудару.
3. Жүйелеуге және интеграциялауға байланысты соңғы кезең оқушылардың әдіснамалық синтез арқылы зат қозғалысының химиялық және басқа түрлері туралы химиялық білімі.
Даму-бұл тұлғаның психофизиологиялық және интеллектуалдық қасиеттерін мақсатты түрде өзгерту процесі, оған мыналар жатады: қабылдау, есте сақтау, қиял, ойлау, мотивтер, қажеттіліктер, эмоциялар, ерік-жігер, Тәуелсіздік, танымдық қызығушылықтар, бейімділіктер, шығармашылық қабілеттер және т. б.
Даму процесінде мотивациялық-қажеттілік саласын, тәуелсіздікті, шығармашылық белсенділікті, оқу-зерттеу, жобалау, инновациялық қызметті және т. б. қалыптастыру мәселелерін шешу арқылы тұлғаның психофизикалық, зияткерлік және басқа да қасиеттерінде өзгеріс болады.
Дамытушы химиялық білім психофизиологиялық және интеллектуалдық тұлғалық қасиеттерді өзгертуге, тәуелсіз білім алуға, Мета-пәндік және пәнаралық дағдыларды дамытуға, оқушылардың белсенді ақыл-ой белсенділігіне негізделген шығармашылық іс-әрекеттер тәжірибесіне бағытталған.
Химиялық білім берудің маңызды принциптері:
1) Химия-білім беру процесін оқушылар үшін қиын, бірақ қолжетімді деңгейде құру;
2) оқу материалын жылдам, бірақ оңтайлы оқу, қарқынды оқушылары үшін;
3) теориялық білім мен нақты оқу материалының оңтайлы арақатынасы,
4) оқушылардың химиялық білім мен тұлғалық қасиеттерін саналы түрде меңгеруі; әмбебап оқу іс-әрекетінің әдістері;
5) білім беру процесін оңтайландыруға оқушылардың белсенді қатысуы.
Дамытушы химияның ең оңтайлы дидактикалық жолдары білім беру практикасында жүзеге асырылатын білім беру:
* толық, жүйелі және берік химиялық білімді қалыптастыру,
* оқушылардың ақыл-ойдың осындай әмбебап тәсілдерін меңгеруі
талдау, синтез, салыстыру, салыстыру, нақтылау, абстракция, жалпылау, жүйелеу, интеграция сияқты әрекеттер,
* жеке іс-әрекет тәсілдерін қалыптастыру (пәнаралық білім интеграциясын жүзеге асыру),
* химияны оқытудың белсенді әдістерін кеңінен қолдану,
* әр түрлі және оңтайлы білім беру құралдарын қолдану.
Қазіргі кезеңдегі химиялық білім берудің маңызды дидактикалық құралдары:
* химиялық құрамның арнайы жүйесі
* оқушылардың дамуы;
* әр түрлі деңгейдегі химиялық білімді жалпылауды көздейтін мазмұнды таңдау;
* химиялық білімді және пәндік білімді жүйелі бақылау және есепке алу
* іскерліктер әрекеттер;
* өзіндік жұмыс түрлерінің әртүрлілігі және саралануы;
* химияны оқытуда проблемалық жағдайларды жүзеге асыру.
Қазіргі химия сабағында ескерілетін химиялық білім берудің негізгі дидактикалық шарттары:
1) білім беру мазмұнын арнайы дидактикалық өңдеу;
2)Химия-білім беру процесінің заманауи технологиялары, әсіресе ақпараттық-коммуникативтік технологиялар (АКТ);
3) әр оқушының психофизикалық, зияткерлік және жас ерекшеліктерін терең білу және есепке алу.
Орта мектепте химиялық білім берудің негізгі мақсаты-химиялық сауатты, әлеуметтік және мәдени дамыған, кәсіби емес құзыретті тұлғаны қалыптастыру, әрі қарай химиялық білім алуға және өзін-өзі тәрбиелеуге, сондай-ақ кәсібилендіру мен мамандандыруға дайындау.
Айта кету керек, кәсібилендіру - бұл белгілі бір іс-әрекетті орындау үшін қажетті нақты білімді, дағдыларды, іс-әрекеттерді және құндылық қатынастарын игеру процесі және нәтижесі.Шамамен алынған бағдарламада, мысалы, химия бойынша орта жалпы білім беру мектепте химияны базалық деңгейде оқыту келесі мақсаттарға қол жеткізуге бағытталғандығы түсіндіріледі:
* әлемнің жаратылыстану көрінісінің химиялық құрамы, маңызды химиялық ұғымдар, заңдар мен теориялар туралы білімді игеру;
* алынған білімдерді әртүрлі химиялық құбылыстар мен заттардың қасиеттерін түсіндіру, заманауи технологиялардың дамуындағы химияның рөлін бағалау және жаңа материалдар алу үшін қолдану дағдыларын игеру;
* танымдық қызығушылықтар мен зияткерлік қабілеттерді дамыту
* әр түрлі ақпарат көздерін, соның ішінде компьютерлерді қолдана отырып, химиялық білімді дербес алу процесі;
* қазіргі қоғам өміріндегі химияның оң рөліне деген сенімділікті, оның денсаулығы мен қоршаған ортаға химиялық сауатты көзқарас қажеттілігін тәрбиелеу;
* алынған білім мен дағдыларды қауіпсіз пайдалану үшін қолдану
* күнделікті өмірде, ауыл шаруашылығында және өндірісте заттар мен материалдар, күнделікті өмірдегі практикалық мәселелерді шешу, адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтіретін құбылыстардың алдын алу.
Мектептегі химия курсы мазмұнының құрылымында әртүрлі дидактикалық бірліктер деп аталатын білім формалары кездеседі. Дидактикалық бірлік-бұл белгілі бір оқу кезеңінде оқушылар игеретін химиялық ақпараттың бөлігі, дозасы. Біз 7 дидактикалық бірлікті ұсынамыз.
Мектептегі химия курсының мазмұны құрылымындағы дидактикалық бірліктерге жатады (кестені қараңыз. 4.4.1.): химиялық заңдар мен теориялар, ұғымдар, ғылыми фактілер, химиялық ғылым әдістері,химиялық тіл, ғалымдардың ғылымға қосқан үлесі (химиялық, педагогикалық, дидактикалық). Барлық дидактикалық бірліктер олар біртұтас қарым-қатынаста және өзара әрекеттесуде. Химияны оқыту мазмұны құрылымындағы дидиактикалық бірліктер сызбасының үлгісі 1 Қосымшада берілген.
Қосымша 1
Химияны оқыту мазмұны құрылымындағы дидиактикалық бірліктер-1.1кесте

Дидактикалық бірліктер
Мысалдар
1.Заңдар
Периодтық заң
2.Теориялар
Электролиттік диссоциация теориясы
3.Ұғымдар
Химиялық элемент,зат,химиялық реакция,химиялық технология,химиялық өндіріс
4.Тілі
Терминология,номенклатура,символдар
5.Әдістер
Химиялық эксперимент,химиялық объектілерді бақылау,химиялықобъектілерді модельдеу
6.Ғылыми фактілер
Заттардың құрамы,құрылымы,қасиеттері,алынуы,қ олданылуы және табиғатта
7.Көрнекті ғалымдардың ғылымға қосқан үлесі
М.В.Ломоносов химиялық ғылымға-атом-молекулярлық ілім,педагогикалық ғылымға-сөздің,химиялық эксперименттің,пәнаралық байланыстардың,химияны оқытудағы сандық әдістердің рөлі мен маңызы және т.б.
Мектептегі химия курсын құру және химиялық білім мазмұнын таңдау кезінде олар химия-білім беру процесінің заңдылықтарына сәйкес келетін белгілі бір дидактикалық принциптерді басшылыққа алады. Мектептегі химия курсының мазмұнын таңдау мен құрудың жетекші дидактикалық принциптері ретінде мыналарды бөліп көрсету керек.
1.Ғылымилық принципі (химиялық білім мазмұнының химия ғылымының негіздеріне, оның қазіргі жағдайы мен даму деңгейіне сәйкестігін қарастырады);
2.Стандарттау принципі (мазмұнның сәйкестігін қамтамасыз етеді
қазіргі заманғы отандық және әлемдік білім беру модельдеріне, нормативтер мен өлшеуіштерге);
3.Оптимизм принципі (химия ғылымына сәйкес келеді, білім берудің халықаралық стандартына, мектеп жағдайларына, оқу уақытына, оқушылардың оқу мүмкіндіктері мен жас ерекшеліктеріне);
4.Тарихизм принципі (білімді, оқу мәселелерін ашуды көздейді үш аспект бойынша - ретроспективті, заманауи - перспективалы және ғылымның жетістіктері оның ұзақ тарихи жолының нәтижесі ретінде);
5.Интеграция және саралау принципі (бұрын ажыратылған гетерогенді және біртекті компоненттерді тұтас біріктіруді және жаңа білімнің синхронды бөлінуін болжайды);
6.Инновация қағидаты (мазмұнды іріктеу кезінде жаңа идеяларды, ұғымдарды, заңдарды, теорияларды енгізуді; қызметтің жаңа іс-әрекеттерін, құралдарын, әдістері мен тәсілдерін іске асыруды көздейді);
7.Теориялардың жетекші рөлінің принципі (мүмкіндігінше ертерек болжайды
теорияларды түсіндіру, жалпылау және болжау функцияларын оңтайландыру мақсатында зерттеу);
8.Қиындықтарды бөлу принципі (жетекші тұжырымдамалық теорияларды оқу жылдары бойынша біркелкі бөлуді, теорияларды курстардың басталуына жақындатуды қамтиды);
9.Химиялық ұғымдарды дамыту принципі (сабақтастықты болжайды тереңдету, нақтылау, қорыту, жүйелеу және интеграциялау әдістері арқылы олардың көлемі мен мазмұнын ашу және кеңейту);
10.Тұтастық принципі (жүйелік байланыс пен өзара байланысты болжайды
мазмұнды-логикалық ғана емес, сонымен қатар негізгі ғылыми теориялар мен жетекші идеяларға негізделген құрылымдық-функционалдық байланыстарды жүзеге асыру).
Химиялық білім берудің дидактикалық құралдары - бұл химиялық білім берудің оқыту, тәрбиелеу және дамыту мақсаттарына қол жеткізу үшін қолданылатын материалдық және идеалды (ақыл-ой ұсынылған) химиялық нысандар жүйесі.Химияны оқыту құралдары-ең жалпы ұғымға бағынатын ұғым"дидактикалық құралдар" ("химиялық білім беру құралдары"). Химияны оқытудың негізгі мақсаты - оқыту функциясын орындау. "Химиялық білім беру құралдары" ұғымы "химияны оқыту құралдары" ұғымына қарағанда кеңірек, өйткені бірінші ұғым оның құрамына кіреді,құрылымы-бұл мектеп оқушыларын тәрбиелеу және дамыту құралдары. Бірақ көбінесе білім беру тәжірибесінде бұл ұғымдар синоним ретінде қолданылады. Химияны оқыту құралдары - бұл "химияны оқытудың көрнекі құралдарын", "Көрнекі құралдар", "химияны оқытудың техникалық құралдары", "химияны оқытудың аудиовизуалды құралдары", "оқытудың электронды-коммуникативті құралдары", "дидактикалық материал" және т. б. қамтитын өте кең ұғым.
Химияны оқытудың көрнекі құралдары-оқушыларда статикалық және динамикалық бейнелер жасауға арналған химиялық объектілер және олардың бейнелері (әр түрлі деңгейдегі конгрестер).
Оқытудың пәндік әдістемелерінде статикалық (суреттер, фотосуреттер, модельдер және т.б.) және химияны оқытудың динамикалық көрнекі құралдарын (кинофильмдер, бейнежазбалар, презентациялар, электрондық оқыту ресурстары және т. б.) ажырату әдетке айналған. Химияны оқытудың көрнекі емес құралдарына әртүрлі дидактикалық материалдар жатады, мысалы, бақылау және оқыту үшін қолданылатын тапсырма карталары.
Химияны оқытудың барлық белгілі құралдарын үш үлкен топқа бөлуге кеңес береміз:
* Оқу-материалдық
* Дидактикалық-әдістемелік
* Психологиялық-педагогикалық
Химияны оқыту құралдарын топтастыру кестесі 2 қосымшада көрсетілген.
Қосымша 2
Химияны оқыту құралдарын топтастыру
1.2кесте
Оқу-материалдық
Дидактикалық-әдістемелік
Психологиялық-педагогикалық
Химия кабинетінің жабдықтары:
1)минералдар,тау жыныстары,металдар мен қорытпалар,минералды тыңайтқыштар,пластмассалар,каучук,т алшықтар;
2)химиялық тәжірибеге арналған реактивтер,материалдар;
3)химиялық аспаптар,аппараттар,қондырғылар;
4)химиялық ыдыстар;
5)кестелер,плакаттар,схемалар;
6)модельдер,макеттер;
7)экрандық құралдар(интернет,т.б.)
8)кітаптар(оқулық,анықтамалық,ғылым и-танымдық);
9)дидактикалық оқу-құралдары;
10)виртуалды зертхана.
1)Химиялық тіл;
2)Химия әдістері;
3)Химиялық эксперимент;
4)Химиялық есептер;
5)Химиядан дидактикалық материалдар;
Танымдық тапсырмалар:
1)сұрақтар;
2)жаттығулар;
3)есеп;
4)тест;
5)диктант;
6)алгоритм;
7)эвристикалық ұсыныстар;
8)дидактикалық ойындар;
9)шығармашылық тапсырмалар;
10)жеке жоба.
Заманауи химиялық білім беруді жаңарту дамуды және түрлі білім беру функцияларын орындайтын (оқыту, тренинг, бақылау және өзін-өзі бақылау, бағалау және өзін-өзі бағалау, тәрбиелеу және дамыту), сондай-ақ оқушылардың жүйелі білімін, әмбебап оқу дағдыларыніс-қимылдарын, оқытудың оң уәждемесін, оқытушылық және оқу еңбегіне құндылық қатынастарын қалыптастыруға ықпал ететін "әмбебап" құралдарды,атап айтқанда дидактикалық материалдарды пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
Қазіргі химиялық білім беру құралдарына,дидактикалық құралдарға қойылатын басқа талаптар ұзақ мерзімді болып табылады ("ұзақ ойнау") және әмбебап сипат. "Ұзақ ойнау" сипаты - бұл дидактикалық материалдар ондағы маңызды компоненттерді, соның ішінде білім беру мақсаттары мен функцияларының жиынтығын жүзеге асыратын маңызды мазмұнды (көптеген сабақтар, оқу тақырыптары, бөлімдер, блоктар) тұтас біріктіру арқылы қамтамасыз етіледі. Дидактикалық құралдардың әмбебап сипаты оларға модульдерді - оқыту мазмұнының дидактикалық тұрғыдан аяқталған ақпараттық-функционалдық түйіндерін қосу арқылы да қамтамасыз етіледі.
Әдебиеттегі "модуль" ұғымы әр түрлі мағыналарда ашылады.Модуль-бұл:
1) басқа тең блокпен оңай ауыстырылатын мазмұн блогы;
2) оқу пәнінің салыстырмалы дербес бөлімі;
3) қандай да бір жүйенің құрылымдық немесе функционалдық компоненті;
4) ұқсас оқу пәндерінің немесе пәндердің циклы;
5) дидактикалық тұрғыдан аяқталған ақпараттық-функционалдық түйін.
Біз "модуль" терминін кең мағынада қолданамыз.Статикада модуль химия пәнінің белгілі бір мазмұнымен толтырылған, динамикада ол оқушылардың оқу мазмұнын меңгеруіне дидактикалық басшылықты қамтамасыз ететін белгілі бір білім беру технологиясының арқасында жұмыс істейді. Жұмыс істеп тұрған модульдің құрылымында компоненттерді бөліп көрсету керек: мақсатты, қажеттілік-мотивациялық, мазмұнды-конструктивті, технологиялық, реттеуші, бақылаушы-түзету, тиімді бағалау. Дидактикалық материалдардың модулаларының химиялық құрамы ықшам локализацияланған немесе "диффузды" түрде ұсынылуы мүмкін.
Орта мектепке арналған бейорганикалық химия оқулықтарының мазмұны осы сыныптардың жас ерекшелігіне қарай құрыла отырып, бағдарламада көрсетілген талаптарға сай ғылыми материалды ғана емес, сонымен бірге оқушының оқулықпен жұмыс жасата отырып, оқушылардың өз білімдерін өзіндік бағалауына, бақылауына, оны өмірмен байланыстыруына негіз болатындай және алған білімін жергілікті материалдармен байланыстыруға мүмкіндік туғыза алатындай дәрежеге жету үстінде. Химия оқулықтары елімізде жүріп жатқан білім беру реформаларының іске асыруын көздейтін маңызды құралдардың бірі. Оқушыларды білім беру мен тәрбиелеуде және дамытуда оқулықтың орнын және маңызын көптеген ғалымдар мен әдіскер зерттеушілеріміз айтып кеткен. И.Я.Лернердің айтуынша, оқулық оқыту үдерісін жан-жақты ұйымдастырушы ретінде қызмет атқарады. Осыған байланысты ол жаңа оқыту жүйесін сипаттайтын әрбір оқулықтың төрт негізгі элементін атап көрсетеді:
- бірінші, ақпараттық, яғни вербальды немесе материалдың мазмұны көрнекі құралдар арқылы түсіндіру үшін ұсынылған болуы; - екінші, репродуктивті, мұнда берілетін білім оқушылардың іс- әрекетін ұйымдастыруға бағытталуы; - үшінші, теориялық материалдың мазмұны шығармашылық іс-әрекетке жұмылдыратындай, ынталандырушы бағытта болуы; - төртінші, әлеуметтік тұрғыдан бағытталған эмоционалдық қарым-қатынасты игеруге ықпал етуші ретінде қызмет көрсетуі қажет[78].
Химиядан дидактиаклық материалдар мен оқу құралдарын орта мектепте қолдануда:
оқу-тәрбие үдерісін білім алушылардың қабілеттерін, дайындықтарын, материалды игерудегі жеке-тұлғалық ерекшеліктерін, қызығушылықтары мен қажеттіліктерінің деңгейін есепке алып жекелендіру;
білім алушының танымдық әрекеті сипатының өзіндік жұмыс істеуге және танымдық сипат жағына қарай өзгеруі;
білім алушының үнемі жетілуіне және өздігімен оқып-білуге ынталануы;
оқудағы пәнаралық байланыстың белсендірілуі, құбылыстар мен оқиғалардың кешенді оқылуы;
оқу үдерісінің жылдамдығының, қолайлылығының артуы, оның тез және үнемі жаңаруда болуы;
білім алушының оқу үдерісінен тыс әрекеті мен олардың бос уақытын ұйымдастырудың түрлері мен әдістерінің өзгеруі.
Дидактикалық материалдар мен оқу құралдары орта мектептерде өзіндік жұмысты ұйымдастыру үшін де қолданылады. Оларды қолдану оқушылардың танымдық қызметін арттыруға, білім алушының шығармашылықпен айналысуларына, оқудың жаңа түрлері мен әдістерін меңгеруге мүмкіндік жасайды.
Орта мектепте химиядан дидактикалық материалдар мен оқу құралдары арқылы оқытудың мақсаттары. Дидактикалық (оқу) материал-оқушыларға сыныпта немесе үйде өз бетінше жұмыс істеу үшін таратылатын,соның ішінде ақпараттық технологиялар негізінде жасалған немесе мұғалім бүкіл сынып алдында көрсететін көрнекі оқу құралының ерекше түрі (негізінен карталар, кестелер, мәтіні, сандары немесе суреттері бар карточкалар жиынтығы, реактивтер, өсімдіктер, жануарлар және т.б.). Мазмұны, дизайны және өндіріс технологиясы бойынша өте қарапайым дидактикалық материалды мұғалімнің тапсырмасы бойынша оқушылардың өздері дайындай алады. Дидактикалық материал тапсырмалар мен жаттығулар жиынтығы деп те аталады.
Оқушылар бір оқулықта жиналған барлық қажетті мәліметтерді іздемей қажетті ақпарат оқулыққа немесе оқулыққа қарағанда мұғалімге жиі жүгінеді.Осылайша, оқушыларға өзіндік жұмысына арналған арнайы дидактикалық материалдарды жасау қажет.
Дидактикалық материалдарды әзірлеу кезінде жүзеге асырылатын оқытудың маңызды принциптері ретінде мыналарды атап өткім келеді:
1.қолжетімділік қағидаты (дидактикалық материалдарды мұғалім оқушылардың қол жеткізген деңгейіне сәйкес таңдайды);
2.өзіндік қызмет принципі (дидактикалық материалдармен жұмыс өздігінен жүзеге асырылады);
3.жеке бағдарлау принципі (дидактикалық материалдармен жұмыс жеке қарқынмен жүзеге асырылады, материалдардың күрделілігі мен түрін жеке таңдауға болады);
4.көрнекілік және модельдеу принциптері (ойлаудың визуалды-бейнелі компоненттері адам өмірінде өте маңызды рөл атқаратындықтан, оларды оқытуда қолдану өте тиімді);
5.беріктік принципі (адамның есте сақтау қабілеті таңдамалы сипатқа ие: материал неғұрлым маңызды, қызықты және алуан түрлі болса, соғұрлым берік болады және ұзақ сақталады, сондықтан алынған білім мен дағдыларды практикалық қолдану оларды игеруді жалғастырудың тиімді әдісі болып табылады, ойын (модельдеу) жағдайында)компьютерлік орта олардың жақсы бекітілуіне ықпал етеді);
6.танымдық мотивация принципі;
7.проблемалық принцип (жұмыс барысында оқушы өзінің білімін, дағдылары мен дағдыларын қолдана отырып, нақты дидактикалық мәселені шешуі керек; сабақта жағдайдан өзгеше жағдайда, жаңа практикалық жағдайда ол өзінің интеллектуалдық, мотивациялық, ерікті, эмоционалды және басқа салаларын белсенді дамыта отырып, тәуелсіз іздеу қызметін жүзеге асырады).
Дидактикалық материалдарды оқу процесінде қолдану мақсаттары. Дидактикалық материалды қолдану білім алушылардың білім беру қызметін жандандыруға, оқу уақытын үнемдеуге ықпал етеді.Кез-келген оқу процесінің негізі, ең алдымен, оқушылардың өзіндік іс - әрекеті, сонымен қатар дидактикалық материалдардың негізгі мақсаты оларды өз бетінше жұмыс жасау кезінде қолдану болып табылады, біз оқу процесінде дидактикалық материалдар сәл өзгеше рөл атқаруы керек деген қорытындыға келеміз.
Әрі қарай, мен мемлекеттік талаптары аясында дидактикалық материалдарды қолданудың негізгі мақсаттарын қарастыруға толығырақ тоқталғым келеді. Оларға оқушылардың материалды өз бетінше игеруі және әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, танымдық белсенділікті арттыру жатады жаңа материалды өз бетінше түсіну және игеру дағдыларын қалыптастыру.
Дидактикалық материалдағы шартты алмастырғыштар, схемалар мен сызбалар шығармашылық қиялдың дамуына ықпал ететінін және дерексіз ұғымдарды "анықтауға" мүмкіндік беретінін атап өткім келеді.
Дидактикалық материалдарды қолдану кері байланысты бақылауды орнатуға, қызмет нәтижелері бойынша қателерді диагностикалауға (компьютерде тиісті пікірлердің пайда болуы) және нәтижелерді бағалауға мүмкіндік береді. Дидактикалық материалдар сонымен қатар өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі түзетуге, оқу материалын игеру процесінде жаттығуға бағытталған.
Дидактикалық материалдармен жұмыс барысында оқушылардың оқу мотивациясы күшейтіледі, ойлаудың белгілі бір түрі дамиды (көрнекі-бейнелі, теориялық, логикалық), оқу іс-әрекеті мәдениетін, қоғамның ақпараттық мәдениетін қалыптастыру процесі жүзеге асырылады, зерттеу (шығармашылық) оқу міндеттерін бірлесіп шешу кезінде зияткерлік және эмоционалды функциялардың өзара әрекеттесуі жандандырылады. Мысалы, егер бұл бақылау материалдары болса, онда олар міндетті түрде өзін-өзі тексеру және өзін-өзі бақылау мүмкіндігін қамтамасыз етуі керек.
Оқу процесіндегі дидактикалық материалдар жүйесі сонымен қатар студенттерге оқу іс-әрекетінің әртүрлі әдістері мен тәсілдерін дәйекті, кезең-кезеңмен оқытуды, сонымен қатар әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды(репродуктивті, трансформациялық немесе шығармашылық) қолдануды қамтуы керек.
Жалпы айтқанда,дидактикалық материалдар мен оқу құралдары химия пәндерінің мазмұны бойынша жүйеленген материалдар беріледі. Ол ең алдымен сол пән бойынша теориялық материалды меңгерту мақсатына арналынып жазылған. Ол материалдар сол сыныптағы оқушылардың жас ерекшелігіне негізделеді.
Оқу процесінде химия пәнін оқып үйренуге және химиялық білімді, пәндік дағдылар мен іс-әрекеттерді, құзыреттіліктер мен химиялық ғылымдарға, мамандықтар мен химиялық білімге құндылық қатынастарын қалыптастыруға байланысты танымдық міндеттер шешіледі, әрі қарай білім беру профилін саналы түрде таңдау үшін, өмірге дайындық үшін қажет.
1.2 Оқу - әдістемелік кешендерді даярлаудың ұстанымдары мен құрастыру техникасына қойылатын талаптар
Қазіргі таңда оқулықтарға қойылатын талаптар оқушылардың жан-жақты дамуына және дүниені біртұтастықта түсінуіне ықпал ететіндей болу жағынан қарастырылуда. Сол жалпы қойылып отырған талаптардың ішінен біз химия пәні оқулықтарына тән мәселелерді нақты атап көрсетпекпіз. Ол педагогикалық, дидактикалық талаптар мына төмендегідей мазмұнда болмақ:
- пәннің базалық ғылыми мазмұнының сақталуы, теориялардың, заңдардың ережелердің дұрыс берілуі, ғылыми жаңалықтар мен инновациялардың қамтылуы;
- құндылық бағдарлылығы оқушыларды жалпы рухани адамгершілік, ұлттық - мәдени және жалпы адами құндылықтар негізінде тәрбиелеуге бағытталған материалдардың болуы;
- мазмұнының бағдарлама ұсынылған талаптарға сәйкестігі, әрі түсініктілігі;
- материалдарының оқушылардың жас және танымдық ерекшеліктеріне сәйкестігі;
- Қазақстандық компоненттердің берілуі, мәтін мазмұнының дәл және анық, нақты деректер негізінде берілуі;
- тәжірибе жасауға, сыни тұрғыдан ойлануға бағыттайтын тапсырмалардың берілуі;
- зерттеу дағдыларын, өзіндік және шығармашылық жұмыстармен айналысуға бағыттайтын тапсырмалар мен жаттығулардың болуы;
- тілдің жатық, ғылыми, әдеби және ықшам болып, оқушылардың ұғымына сәйкес келуімен қатар олардың коммуникативтік дағдыларын дамытуға бағытталуы;
- оқу материалын меңгеруді жеңілдететіндей және көрнекілікті күшейтетіндей, иллюстрация, сурет, кесте, диаграмма, сызба т.б. көрнекіліктермен безендіріліуі;
- сыртқы пішінінің тартымдылығы.
Химия оқулығын құруда ең алдымен оның мазмұнының атқаратын нақты дидактикалық мақсаттары анықталады. Екінші, оқу материалдарының тақырыптық мазмұны оның көлемі мен құрылымы жоспарланады. Үшінші, берілетін материалдың мазмұнының басқа жаратылыстанулық пәндермен байланысы қарастырылады. Төртінші,жүйелік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химияны оқыту әдістері
Болашақ химия пәні мұғалімдерін дайындау кезінде кәсіби бағыт беріп оқытудың әдістемелік ерекшеліктері
Химияны оқыту әдістемесі және оқытуда қолданылатын оқыту әдістері
Оқытудың жалпы мақсатын қою
Орта мектепте химияны оқыту үдерісіндегі саралап оқыту технологиясы
Оқытудың дидактикалық ұстанымдары
Ішкі саралап оқыту
Химия сабағындағы халықтық педагогиканың ұғымдары
Сыртқы саралап оқыту
Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері
Пәндер