Азаматтық құқықтағы міндеттеме ұғымы


Мазмұны

Кіріспе . . . 3

  1. Міндеттеме туралы жалпы ережелер . . . 6Міндеттемелер ұғымы, элементтері және оның басқа құқық қатынастарынан айырмашылығы . . . 6Талап ету құқығын беру және қарызды аудару. Міндеттеменің тоқтатылуы . . . 15
  2. Міндеттеменің орындалуын құқықтық қамтамасыз ету . . . 30Міндеттемелерді орындау. Орындау пәні бойынша міндеттемелердің түрлері . . . 30Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету әдістері . . . 39Азаматтық-құқықтық міндеттемелердегі жауапкершіліктің ұғымы мен мәні . . . 55

Қорытынды . . . 64

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 66

Кіріспе

Азаматтық құқық - бұл қазақстандық құқық салаларының ішіндегі қоғам өмірінде мейлінше маңызды роль атқаратын салалардың бірі. Біз өміріміздегі кез-келген күннің оқиғаларын есімізге түсіретін болсақ, бұндай оқиғалардың ішінен азаматтық-құқықтық тәртіптегі құбылыстардың белгілі бір маңызды орын алатынын байқауымыз қиынға соқпайды. Біз оқу орнына не жұмысқа, т. с. с. жерлерге жеткізетін автобуста жолақысын төлей отырып, тасымалдау шарты бойынша қатынастарға түсеміз. Ғимаратқа келген соң сырт киімімізді киім ілгішке тапсыра отырып, сақтау шартын жасасамыз. Киімдерімізді химиялық тазалауға тапсыруымыз үшін біз мердігерлік шартын жасасуымыз керек. Мейрамханадан немесе асханадан тамақтана отырып, біз сатып алу-сату шарты бойынша қатынастарға түсеміз.

Жоғарыда аталған жағдайлардың барлығы тараптар үшін белгілі бір міндеттемелерді туындатады. Негізінен, міндеттемелер қоғам өмірімен, адам өмірімен тығыз байланысты болады. Әрине, белгілі бір кемшіліктер немесе құқық бұзушылықтар орын алмаған болса, біздер әдетте өзіміз түсіп отырған қатынастардың заңдық табиғаты туралы ойланбайды екенбіз. Алайда оқиғалардың қалыпты қозғалысы бұзылғанда кезде, дереу бұл қатынастардың құқықтық сипаты туралы мәселе туындайды: олардың қатысушылары бір-біріне түрлі талаптар қоя бастайды, міндеттемені тиісінше орындауын талап етеді, құзырлы мемлекеттік органдардан көмек сұрап жүгінеді, осылайша өздерінің құқықтарын қорғауды талап етеді.

Мен дипломдық жұмысымның тақырыбы ретінде азаматтық құқықтағы міндеттеме ұғымы мен оның азаматтық-құқықтық сипаттамасын таңдап алдым. Басқа да посткеңестік мемлекеттермен қатар, Қазақстан экономикалық өмірді басқарудың бұйрықтық-әкімшілік әдістерінен бас тартты. Бүгінде елімізде экономиканы басқарудың нарықтық қағидалары бекімін тапқан. Қатысушылардың теңдігі бұл аталған нарықтық қатынастардың өзегі болып танылады. Банктік қызмет, Қазақстан Республикасының шетелдік инвестицияларды тартуы, сыртқы экономикалық қызмет, жерге, сондай-ақ оның қойнауына құқықтар т. б. салаларда дамуы нақ осы нарықтық қайта құрылумен байланысты. Олардың нәтижелілігі нарықтың басты құқықтық құралымен, яғни азаматтық құқықпен тікелей байланысты болады.

Азаматтық-құқықтық қатынастардың көпшілігі міндеттемелерге сүйене отырып өрбиді. Аталған нарықтық қатынастарға түскен кезде, осы қатынастарға қатысушылар өзара жасасқан шарт негізінде белгілі бір міндеттемелерді атқаруы тиіс болады. Жалпы алғанда, шарттарды жасасу кезінде оның тараптары тек құқықтары мен міндеттерін ғана емес, сонымен бірге сол міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ететін ережелерді де қарастырады. Осылайша, азаматтық құқықтың маңызды бір саласы болып міндеттемелер, соның ішінде олардың орындалуын қамтамасыз ету мәселелері табылады.

Дипломдық жұмысты жаза отырып, мен азаматтық құқықтағы маңызды мәселелердің бірі болып табылатын міндеттемелер ұғымын ашуды, олардың азаматтық құқықтық қатынастардағы алатын орнын анықтауды және олардың заңнамалық тұрғыдан реттелуіне талдау жасауды мақсат етіп отырмын. Осы мақсатқа сәйкес мынадай міндеттерді қойдым:

  • Міндеттемелер ұғымын беру;
  • Міндеттемелердің элементтерін ашып көрсету;
  • Міндеттемелерді орындау мәселесінің өзекті жақтарын көрсету,
  • Талап ету құқықтарын беру ерекшеліктерін қарастыру;
  • Қарызды аудару бойынша қатынастарға талдау жасау;
  • Міндеттемені бұзғандық үшін жауапкершіліктің ерекшеліктеріне тоқталу;
  • Аталған мәселелер бойынша нақты проблемаларды тауып, оларды шешу жолдарын ұсыну.

Қойылған міндеттерге байланысты менің жұмысым кіріспеден, екі тараудан және қорытынды бөлімнен тұрады. Бірінші тарау «Міндеттеменің ұғымы және элементтері» деп аталады және ол үш бөлімнен тұрады. Ол екі бөлімнен тұрады. Онда міндеттемеге түсінік беріліп, оны орындау ұғымына және элементтеріне тоқталады. Сондай-ақ, міндеттемелік қатынастардың басқа құқық қатынастарынан айырмашылығы туралы сөз болып, ондағы субъектілік құрамдарының ауысуы ерекшеліктері туралы мәселелер қозғалады.

«Міндеттемені бұзғандық үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік» деп аталатын екінші тарау да үш бөлімнен тұрады. Онда мен азаматтық-құқықтық міндеттемелердегі жауапкершіліктің ұғымы мен мәнін, жауапкершіліктің негіздемесі мен мазмұнын, міндеттеменің бұзылғандығы үшін жауапкершіліктің талабы ретіндегі кінәнің мазмұнын ашып көрсеттім.

Міндеттеме институтының қоғам өміріндегі маңыздылығына байланысты қарастырылып отырған тақырып біршама терең зерттелген. Мысалы, О. С. Иоффе «Обязательственное право» атты еңбегінде міндеттемеге жан-жақты талдау жасайды. Сонымен бірге Т. Боднардың «Об исполнении договорных обязательств» атты еңбегі де аталған тақырыптың мәнін аша түседі. Бұлардан басқа көптеген ғалымдар азаматтық құқық оқулықтарында және дәрістер курсында міндеттемелер мәселесіне біршама үлкен мән береді.

Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінде міндеттеменің жекелеген түрлерін құқықтық реттеуге заң шығарушы үлкен мән берген. Сондай-ақ, міндттемелер туралы нормаларды туындататын кейбір нармативтік-құқықтық актілер де бар. Мысалы, ҚР Президентінің «Жылжымайтын мүлік пен онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы», «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Жарлықтары, «Теңіз саудасы жүзуі туралы» ҚР Заңы, Теңіз кепілі мен ипотекалары туралы халықаралық конвенцияда т. б. бекімін тапқан.

Дипломдық жұмысты жазу барысында мен осы аталған нормативтік-құқықтық актілерге сүйене отырып, қазақстандық және ресейлік авторлардың еңбектерін қарастырдым. Атап айтсақ, Ғ. А. Жайлиннің, М. К. Сүлейменовтың, Т. Боднардың, А. Г. Диденконың, М. М. Агарковтың, Ф. О. Богатыревтың, О. С. Иоффенің, Ю. Г. Басиннің, т. б. авторлардың еңбектері менің бітіру жұмысымды жазуыма арқау болды.

  1. Міндеттеме туралы жалпы ережелерМіндеттемелер ұғымы, элементтері және оның басқа құқық қатынастарынан айырмашылығы

Түрлі азаматтық-құқықтық қатынастар міндеттемелерге жатады. Олардың басым көпшілігін азаматтық-құқықтық шарттар құрайды: комиссия, сақтау, сатып алу-сату, экспедиция, мердігерлік, тапсырма, тасымалдау, сақтандыру т. б. Әкімшілік актілерден шарттан тыс міндеттемелер туындауы мүмкін. Мысалы, ғимараттар мен құрылыстарды мемлекеттік органдардың бірінен екіншісіне беру туралы құзырлы басқару органдарының шешімінен туындайды. Негізсіз алынған немесе сақталған мүлікті қайтару бойынша және залалдарды өтеу бойынша міндеттемелерге айрықша мән беріледі.

Міндеттемелер туралы нормалармен реттелетін қоғамдық қатынастардың сипаты да әртүрлі. Өнімді таратумен, жұмысты жүргізумен, қызмет көрсетумен т. б. байланысты азаматтық құқық субъектілерінің арасындағы туындайтын қалыпты қатынастар да, сонымен бірге мүлікті негізсіз иелену мен сақтау, зиян келтіру тәрізді жол берілмейтін, қалыпты емес әрекеттердің нәтижесінде туындайтын қатынастар да міндеттеме кейпіне ие болады. Міндеттемелік құқық қатынастарына қатысушылардың шеңбері де сондай кең. Міндеттемелер заңды тұлғалар мен азаматтар, мемлекет арасында, заңды тұлғалар арасында, сондай-ақ азаматтардың өздерінің арасында да туындауы мүмкін.

Сонда да, міндеттемелердің сипаты бойынша, мақсаты мен субъектілік құрамы бойынша әртүрлілігіне қарамастан, олар белгілі бір экономикалық, сондай-ақ заңдық бірлікке ие болады. Бұл оларды міндеттеме деген жалпы түсінікке енетін құқық қатынастарының біртұтас түрі ретінде қарастыруға, сондай-ақ заңда міндеттемелердің сан алуан түлері бағынатын жалпы ережелерді және сонымен бірге олардың әрқайсысына қатысты қолданылатын арнайы заң нормаларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Міндеттеменің экономикалық функциясын мынадан көруге болады: мүлік пен еңбектің өзге де нәтижелері өндіріс саласынан айналым саласына және соңғысы арқылы - тұтыну саласына (өндірістік немесе жеке) өткізіледі. Мысалы, өндіруші өзі дайындаған өнімді айналым саласында жүзеге асыратын, ал тұтынушы сол саладан өзіне өндірістік немесе жеке тұтыну қажеттіліктері үшін керекті заттарды алатын тасымалдау немесе сатып алу-сату бойынша міндеттемелер осындай сипатқа ие болады.

Міндеттемелік қатынастар саласында тек заттай нысандағы мүліктердің ғана емес, сонымен қатар еңбектің мүліктік сипатта болатын басқа да нәтижелерінің де орнын ауыстыру жүзеге асуы мүмкін. Мысалы, сенім білдірілген тұлғаның тапсырма шарты бойынша сенім білдіруші үшін құқықтар мен міндеттерді алуы барлық жағдайларда соңғысына қандай да бір заттарды беруін туындата бермейді, бірақ сенім білдірілген тұлғаның жүзеге асырған әрекеттерінің нәтижесі ретінде сенім білдіруші үшін мүліктік құқықтар мен міндеттерді туындатады.

Осылайша, өзінің экономикалық мазмұны бойынша иелікке алынған мүліктің орнын ауыстыру тәсілі ретінде көрінеді. Бұл орын ауыстырудың мақсаты болып алынғанды тарату қызмет ете алады, бұндайда міндеттеме меншік құқығын жүзеге асыру нәтижесі ретінде туындайды. Бірақ оның мақсаты иемденудің жаңа актісі үшін алғышарттарды қалыптастыруда болуы мүмкін, бұл жағдайда міндеттеме меншік құқығының пайда болу негізі ретінде көрінеді. Тәжірибеде аталған екі мақсатқа қол жеткізу көбінесе бір актімен қамтамасыз етіледі. Мысалы, иеліктен шығарушы үшін сатып алу-сату өнімді таратудың құралы болса, сатып алушы үшін - оны иемденудің алғышарты болады.

Сатып алу-сатудың екіжақты әрекеті былайша түсіндіріледі: меншік құқығы мен міндеттемелік құқықтар бір-бірінен ерекшеленіп қана қоймайды, сонымен бірге өзара тығыз байланысты. Бұл бір жағынан меншік құқығы, екінші жағынан міндеттемелік құқық қызмет көрсететін экономикалық қатынастардың табиғатымен алдын ала айқындалған. Азаматтық-құқықтық қатынастардың арнайы түрі ретіндегі міндеттемелердің заңдық ерекшеліктері де осы қайнар көздерден туындайды.

Біріншіден, міндеттемелер мүліктің немесе еңбектің басқа да мүліктік сипаттағы нәтижелерінің орын ауыстыру үрдісін қамтамасыз етеді. Сондықтан олар әрдайым мүліктік азаматтық құқық қатынастары ретінде көрінеді. Аталған белгі міндеттемелерді жеке қатынастардан ажыратады. Бірақ ол міндеттемелердің басқа азаматтық-құқықтық мүліктік қатынастармен салыстырғандағы ерекшеліктерін көрсетпейді.

Екіншіден, міндеттемелер тек қатаң айқындалған тұлғаларға ғана берілуі мүмкін мүліктің орын ауыстыру үрдісін қамтамасыз ететіндіктен, олар әрдайым қандай да бір нақты субъектімен белгіленеді, сәйкесінше, салыстырмалы сипатқа ие болады. Осылайша міндеттемелер азаматтық абсолюттік мүліктік қатынастардан, соның ішінде меншік құқығы қатынастарынан ерекшеленеді. Бірақ бұндай шектеу сол құқық қатынастары мазмұнының да, объектілерінің де ерекшеліктерін қозғамастан, тек субъектілік құрамына ғана сүйенеді.

Үшіншіден, меншік құқығының заңды объектісі болып міндетті тұлғалардың бәсең әрекеті танылса, мүліктің орын аустыруын қамтитын міндеттемелерде олар белгілі бір белсенді, оң әрекеттерге шақырылады. Тек кей жағдайларда ғана міндеттеменің қатысушысына бәсең функцияларды атқару жүктеледі. Мысалы, жалға берілген мүліктің меншік иесі оны жалдаушының қалыпты пайдалануы үшін кедергі келтірмеуі тиіс. Алайда меншік құқығы қатынастарына қарағанда бәсең функция ешқашан да міндеттеменің заңды объектісін жоққа шығармайды, әдетте субъектілерінің оң әрекеттерінің нәтижесі немесе толықтырушысы ретінде көрінеді. Мысалы, жалға берушінің жалға алушыға мүлікті пайдалануда кедергі келтірмеу міндеті оның мүлікті пайдалануға беру бойынша бұрын жүзеге асырған оң әрекетінің салдары болып табылады. Міндеттемелердің олардың заңды объектісі тұрғысынан қарағандағы ерекшелігі де осында.

Төртіншіден, меншік құқығы қатынастарының заңдық мазмұнында бірінші орында белгілі бір әрекеттерді меншік иесінің өзінің жүзеге асыру мүмкіндігі тұрса, міндеттемелердің заңдық мазмұны үшін құқық иеленушінің міндетті тұлғалардан белгілі бір әрекеттерді талап ету мүмкіндігі шешуші мәнге ие болады. Сондықтан да міндеттемелік құқықта субъективтік құқық талап ету құқығы деп, міндеттер - қарыз, құқық иеленуші - несие беруші, міндетті - борышқор деп аталады. Бұл терминдер міндеттемелік құқық қатынастарының заңдық мазмұнының ерекшеліктерін көрсететіндіктен, олар сондай-ақ міндеттеменің жалпы түсінігін қалыптастыру кезінде де ескерілуі қажет.

Міндеттеме - бұл мүліктің немесе еңбектің басқа да мүліктік сипаттағы нәтижелерінің орын ауыстыруы бойынша азаматтық заңнамамен бекітілген қоғамдық қатынас. Міндеттеме бойынша бір тұлға (несие беруші) екінші тұлғадан (борышқордан) белгілі бір әрееттерді жүзеге асыруын және осыған сәйкес белгілі бір басқа әрекеттерді жүзеге асырудан тартынуын талап етуге құқылы [1:492] .

Келтірілген теориялық анықтама тиісті заңды формулаға сүйенеді: «Мiндеттемеге сәйкес бiр адам (борышқор) басқа адамның (несие берушiнiң) пайдасына мүлiк беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т. б. сияқты белгiлi бiр әрекеттер жасауға, не белгiлi бiр әрекет жасаудан тартынуға мiндеттi, ал несие берушi борышқордан өз мiндеттерiн орындауын талап етуге құқылы. Несие берушi борышқордан атқарылғанды қабылдауға мiндеттi» [2:268] .

Міндеттеменің ұғымын анықтай отырып, көптеген авторлар заңның өзінде келтірілген құрылыммен шектелу мүмкін деп есептейді. Алайда заң формулаларының өздері көп жағдайларда жетілдіруді қажет етеді. Мысалы, 1922ж. Азаматтық кодекстің 107-бабы міндеттеменің түсінігін бере отырып, өзінің назарын тек несие берушінің құқықтарына ғана аударды, ал борышқордың міндеттері туралы тікелей ереже онда болған жоқ. Ең алғаш бұл ереже тек 1961ж. Негіздердің 33-бабында пайда болды және барлық одақтас республикалардың азаматтық заңнамаларынан орын алды. Егер де сол кездерде теория заң мәтініне дәлме-дәл ілесумен шектелген болса, ол заңнаманы жетілдірудегі өзінің маңызды ролін атқара алмас еді.

Кейбір жекелеген авторларда аталғандай, заң мәтініндегі кейбір сөздерге ғана мән беруге болмайды. Мысалы, жоғарыда аталғандай, «несие беруші» және «борышқор» ұғымдары міндеттеме мәнінің өзіне тән, сондықтан олар посткеңестік кеңістікте бұрын қолданылған және бүгінде әрекет ететін азаматтық кодекстерде тиісті анықтамаға негізді түрде қосылған. Бірақ теориялық жұмыстарда әңгіме көбінесе бюорышқор мен несие беруші туралы емес, жалпы құқық қатынастардың тұлғалары немесе субъектілері туралы болады. Осының салдарынан міндеттемелерді басқа азаматтық-құқықтық қатынастардан ажыратуға мүмкіндік беретін елеулі белгісі жоғалады.

Ғылыми түсініктерді қалыптастыру кезінде заңды анықтамалар үшін қолданылатын жекелеген тәсілдер тіптен орынсыз. Соның ішінде, заң мәтінінің жалпыға түсініктілігін қамтамасыз ету үшін АК 268-бабында несие берушінің борышқордан талап ете алатын әрекеттерінің (мүлікті беру, жұмысты орындау, ақша төлеу) үлгі тізімі келтірілген. Бірақ ғылыми түсінік анықталатын құбылыстарды барынша жалпы белгілерінде көрсетуі тиіс болғандықтан, оның табиғатының өзі үлгі тізмді, сондай-ақ түпкілікті тізімді қолдануға жол бермейді. Сонымен бірге, заңда несие беруші борышқордан не әрекетті орындауын, не оны орындаудан тартынуын талап етуге құқылы деуге болатын болса, ғылыми түсінікте іске асқан бұндай альтернатива белгілі дәлсіздіктен зардап шегер еді. Шындық өмірде борышқордың тек бәсең әрекетіне ғана негізделген міндеттемелер жоқ. Борышқор әрқашан да не тек белсенді әрееттерге, не сонымен бірге белгілі бір әрекеттерден тартынуға міндеттенеді. Бұл жерде бәсең әрекеттер борышқордың белсенді әрекеттерін ауыстырмайды, тек солармен қатар жүреді.

Кез-келген құқықтық құбылыстар заңдық, сондай-ақ материалдық мазмұнға ие. Оның заңдық мазмұнын сипаттайтын белгілері заңнамада бекітіледі. Теория заңдық белгілерімен қатар осы құбылысты айқындайтын және оның терең мазмұнына арқау болатын, оның құқықтық құрылымына объективтік негіз ретінде қызмет ететін материалдық факторларды да анықтауы керек. Міндеттемелік құқық қатынастары үшін бұндай негіз болып мүліктің немесе еңбектің басқа да мүліктік сипаттағы нәтижелерінің орын ауыстыруының экономкалық үрдісі танылады. Түсінікті себептер бойынша істің бұл жағы заңнамада көрініс таппайда және көрініс таба алмайды. Бірақ оны міндеттеменің ғылыми түсінігі жоққа шығармауы тиіс [3:69] .

Осы себептер бойынша міндеттеме ұғымын айқындауда заңнамалық нормалауда және іс жүзіндегі жағдайында міндеттемелік қатынастардың өздеріне тән заңдық және материалдық белгілерін көрсету қажет.

Міндеттемеге түсе отырып, оның қатысушылары өздерінің алдына белгілі бір мақсаттарды қояды - жалпы және тікелей. Міндеттеменің жалпы мақсаттары меншік құқығы қатынастарының немесе қоғамдағы басқа азаматтық құқық қатынастарының жалпы мақсаттарынан ешқандай ерекшеленбейді.

Алайда, сонымен бір мезгілде, азаматтық құқық қатынастарының жекелеген түрлері, соның ішінде міндеттемелердің жекелеген түрлері белгілі бір тікелей мақсаттарға қол жеткізу үшін белгіленеді.

Аталған мақсаттар, әрине, бір-бірінен оқшауланбаған.

Міндеттеменің элементтері. Кез-келген азаматтық құқық қатынасына тән элементтер міндеттемеге де тән. Алайда, олар міндеттемелердің өзіндік спецификасын көрсететін нақты ерекшеліктерге ие болады.

Басқа кез-келген азаматтық құқық қатынастары тәрізді, міндеттеменің субъектілері болып азаматтар, заңды тұлғалар және мемлекет бола алады. Бірақ басқа құқық қатынастарымен салыстырғанда, міндеттеменің құқық иеленуші қатысушысы несие беруші деп, ал міндетті қатысушысы - борышқор деп аталады. Сонымен бірге, жоғарыда көрсетілгендей, бұл атаулар олардың міндеттемелік құқық қатынастары субъектілері ретіндегі белгілі бір заңдық позициясын көрсетеді.

Кейбір міндеттемелерде қатысушылардың бірі тек несие беруші, ал екіншісі - борышқор болады. Мысалы, залалды өтеу бойынша міндеттемелерде несие берушінің қызметін жәбірленішу, ал борышқордың қызметін зиян келтірген тұлға атқарады.

Алайда міндеттемелік құқық қатынастарының көпшілігінде қатысушылардың әрқайсысы бір мезгілде несие беруші ретінде де, борышқор ретінде де көрінеді. Мысалы, тапсырмасыз бөтеннің ісін жүргізуден туындайтын міндеттемені алайық. Басқаның ісін жүргізген тұлға жұмсалған шығындардың орнын толтыруға құқылы, бірақ барлық пайданы мүдделі тұлғаға беруге міндеттенеді. Ал мүдделі тұлға, өз кезегінде, оларды алуға құқылы, бірақ өзінің мүддесі үшін жұмсалған шығындардың орнын толтыруға міндетті. Сатып алу-сату, мердігерлік, мүлік жалдау т. с. с. шарттарынан туындайтын міндеттемелер де осындай сипатта болады. Бұндай міндеттемелерде тұлғаны несие беруші немесе борышқор деп нақты қандай объектіге қатысты санау керектігін анықтау маңызды. Бұл заңда борышқорға қатысты немесе несие берушіге таратылатын ережелердің тобы болғандықтан қажет. Оларды қолдануда шатаспау үшін, міндеттемеге қатысушының қарастаралып отырған объектіге қатыстылығын алдын ала анықтау керек. Мысалы, АК 365-бабы борышқордың мерзімді өткізіп алуының салдарын қарастырса, АК 366-бабы несие берушінің мерзімді өткізіп алуының салдарын қарастырады. Тауар жеткізілімі шарты сияқты шартта келтірілген нормалардың әрқайсысы олардың қайсысы және нақты қай объектіге қатысты мерзімді өткізіп алғанына байланысты жеткізушіге де, сатып алушыға да қолданылуы мүмкін.

Кез-келген азаматтық құқық қатынастарындағыдай, міндеттеменің заңдық объектісі болып міндетті тұлғаның белгілі бір жүріс-тұрысы танылады. бірақ басқа көптеген құқық қатынастарымен салыстырғанда, мұнда бірінші орынға оң әрекеттер қойылады, ал негативті әрекеттер (қандай да бір әрекеттерді орындаудан тартыну) тек борышқор орындайтын белсенді әрекеттерінің толықтырушысы немесе салдары болуы мүмкін. Сонымен қатар, егер міндеттеменің екі қатысушысы да бір мезгілде несие беруші және борышқор ретінде көрінсе, екі заңдық объект айқын көрінеді - борышқор функциясын атқарған кездегі әрбір қатысушының әрекеттері.

Материалдық объектіге келетін болсақ, кейбір міндеттемелерде ол мүлдем болмайды. Мысалы, жұмысты орындау мен қызмет көрсету бойынша кейбір шарттық міндеттемелерде материалдық объект жоқ. Кейде, екі заңдық объект болған кезд, міндеттемеде тек бір ғана материалдық объект болады. Мысалы, ақысыз сақтау шартының жалғыз материалдық объектісі сақтауға тапсырылған мүліктен көрінеді, бірақ клиент сақтаушының мүлікті сақтауына, ал соңғысы клиенттің мүлікті уақытында алына құқылы. Сонымен қатар, екі заңдық объектіге материалдық объектінің осындай саны сәйкес келетін міндеттемелер де кездеседі [4:244] . Мысалы, сатып алу-сату шартында сатушының мүлікті беру бойынша әрекеттері мен сатып алушының ақшаны төлеу бойынша әрекеттері құқықтық қатынастың заңдық, ал мүліктің өзі мен төленетін ақша - материалдық объектісі болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Талап мерзімі және мерзімді есептеу
Кәсіпкерлік құқық ұғымы
Міндеттемелерді қамтамасыз ету
Құқық. Міндеттемелер
Мiндeттeмeлepдiң opындaлyын қaмтaмacыз eтy
Азаматтық құқық пәніен дәрістер
Азаматтық құқық пәнінен лекция тезистері
Борышқор әрекетін нақты айқындайтын міндеттеме және балама міндеттеме
ШАРТТЫ ЖӘНЕ ШАРТТАН ТЫС МІНДЕТТЕМЕЛЕР ЖӘНЕ ОНЫҢ СИПАТЫ
Шартқа негізделген міндеттемелер, шарттан тыс міндеттеме және бір жақты еркін құжат түрлеріндегі міндеттеме
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz