Ақысыз шарттар


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
1. Ақысыз шарттар туралы жалпы ережелер . . . 6
1. 1. Шарттың түсінігі және мәні, мазмұны . . . 6
1. 2. Азаматтық-құқықтық шарттарды топтастыру ерекшеліктері.
Ақысыз шарттар туралы жалпы ережелер . . . 16
2. Ақысыз шарттардың жекелеген түрлерінің ерекшеліктері . . . 25
2. 1. Сыйға тарту шарты мен мүлікті тегін пайдалануды құқықтық реттеу ерекшеліктері . . . 25
2. 2. Басқаның мүддесіне тапсырмасыз іс-әрекет жасау мен тапсырма шартының құқықтық табиғаты . . . 36
2. 3. Өсиет - ақысыз мәміле ретінде . . . 44
Қорытынды . . . 58
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 60
Кіріспе
Азаматтық құқық экономикалық қатынастардың құқықтық нысаны болып табылады. Себебі, онда біздің күнделікті өмірдегі қарапайым қоғамдық қатынастарды заңи тұрғыдан реттеп отырады. Өзіміз білетіндей, азаматтық құқықтың пәні - негізінен қатысушылардың теңдігіне, ерік еркіндігіне және мүліктік дербестігіне негізделетін қатынастар. Аталған қатынастарды реттеуде бұл құқық саласында белгілі бір әдістер қолданылады. Олардың ішінде азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылардың ерік автономиясы әдісі біз қарастырғалы отырған шарттармен тікелей байланысты болып табылады.
ҚР Азаматтық кодексі азаматтық құқықтар мен міндеттердің пайда болу негіздерінің кең әрі ашық тізімін келтіреді. Негізінен азаматтық айналымға қатысушылар арасындағы қатынастар өздерінің ерік білдіруінде тең және еркін субъектілер ретінде олардың келісімдерінің (шарттың), яғни бастамашылық еріктік актілерінің негізінде туындайды.
Азаматтық құқықтың негізгі салалық қағидаларының ішінде шарт еркіндігі қағидасы маңызды роль атқарады, себебі, жоғарыда атап өткеніміздей, азаматтық-құққтық қатынастардың көпшілігі осы шарттардың негізінде құрылады. Шартты азаматтық құқық субъектілігі талаптарына сай келетін кез-келген тұлғалар жасай алады, азаматтық құқық субъектілері шарт бойынша серіктесті таңдауда еркін болып табылады.
Аталғандарға сүйене отырып, біз азаматтық құқықтағы шарттардың алатын орны ерекше деген байлам жасай аламыз. Тақырыптың өзектілігі сол - бүгінгі таңда нарықтық экономика жолына көшуге байланысты шарттар қоғамымыздағы ауыстырылмас байланыс құралына айналды. Себебі, елімізде шағын, орта және үлкен кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы осы саладағы субъектілер арасында тығыз байланыс орнатуға мәжбүрлейді. Олардың құқықтық жағдайын белгілеуде шарттардың алатын орны да зор. Бұл бір жағынан. Екінші жағынан, шарт - азаматтық-құқықтық қатынастарды тудыратын заңдық факт болып табылады. Республикада нарықтық өзгерістердің кеңейіп, тереңдеуі шарт түрлерінің өрісін кеңейтіп, ықпалын да арттыруда. Әдетте мемлекет халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруде, техногендік, экологиялық және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде шарттар жүйесін ұтымды пайдаланады. Тұрақты әрі сапалы түрде сақтық беру жүйесінің болуы әрбір дамыған экономиканың айқын белгісі, бұған дәлел іздейтін болсақ, дүние жүзінің көптеген елінде кездестіруге болады. Азаматық-құқықтық шарттар азаматтық құқықтық қатынастарда ерекше мәнге ие болады. Себебі, азаматтық айналымға қатысушылардың құқықтық мәртебесі олардың өзара теңдігіне негізделеді десек, шарттар осы теңдікті жүзеге асыру барысындағы басты құрал деуге де болар еді. Шарттар түрлі азаматтық құқықтық қатынастардың тууына негіз болып табылады. Қазіргі нарықтық заманда тұлғалардың құқықтары мен міндеттері осы шарт негізінде пайда болады. Сондықтан да азаматтық-құқықтық шартқа байланысты оның түрлерін, ұғымын, шарттардың мазмұнын, қорытынды тәртібін, өзгертулер мен бұзу сияқты сұрақтарды ашып қараудың маңызы өте зор.
Өзіміз білетіндей, шарттардың басым көпшілігі ақылы болып табылады. Себебі, жоғарыда атап өткеніміздей, азаматтық құқық негізінен экономикалық қатынастарды реттеудегі басты құрал болып табылады. Ал бұндай қатынастарда әдетте әр тарап өз пайдасына әрекет етеді. Осыған қарамастан, азаматтық-құқықтық қатынастар тәжірибесінде ақысыз шарттар да кездесіп отырады. Яғни бұнда шартқа қатысушы бір тарап өз еркімен екінші тараптан есесіне ешнәрсе талап етпестен, соның мүддесі үшін әрекет етеді.
Тақырыптың зерттелуі. Негізінен отандық заң ғылымында ақысыз шарттарды тікелей жан-жақты зерттеген еңбектер жоқ. Алайда азаматтық құқық оқулықтарында ақысыз шарттардың жекелеген түрлері қарастырылып, олардың мазмұны ашылған.
Дипломдық жұмыстың мақсаты. Жоғарыда аталған жағдайларды ескере отырып, мен өзімдң бітіру жұмысымды жазуда алдыма мынадай мақсаттарды қойдым:
- Азаматтық құқықтағы шарттар институтының ерекшелігіне тоқталу;
- Азаматтық-құқықтық шарттарды топтастыру негіздерін қарастыру;
- Ақысыз шарттарды азаматтық-құқықтық шарттардың құрамдас бөлігі ретінде қарастыру;
- Ақысыз шарттардың жекелеген түрлерінің ерекшеліктерін ашу.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Жұмыстың мақсаттарына сәйкес
менің жұмысым келесідей бөлімдерден: кіріспе, негізгі бөлім және қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Негізгі бөлім «Ақысыз шарттар туралы жалпы ережелер» және «Ақысыз шарттардың жекелеген түрлерінің ерекшеліктері» деп аталатын екі тараудан тұрады. «Ақысыз шарттар туралы жалпы ережелерде» шарттардың түсінігі және мәні, олардың мазмұны, азаматтық-құқықтық шарттарды топтастыру ерекшеліктері және ақысыз шарттар туралы жалпы ережелер қарастырылады. Ал 2-тарауда ақысыз шарттардың жекелеген түрлерінің ерекшеліктері туралы сөз болады.
Бітіру жұмысын жазудағы міндет - алдыма қойған мақсаттарға жету үшін тақырыпқа қатысты материалдарды іздеп, тауып, олардың ішінен маңызды әрі қызықты деген ақпараттарды іріктеу; ақысыз шарттардың құқықтық табиғатының ерекшеліктерін танып-білу; ақысыз шарттардың жекелеген түрлерін талқыға салу.
Дипломдық жұмысты жазуда негізінен Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі құқықтық арқау болды. Сонымен қатар, қазақстандық ғалымдар Ю. Г. Басиннің, Г. А. Жайлиннің, К. С. Мауленовтың, З. Рашидованың, Ғ. Төлеуғалиевтың, М. К. Сапарғалиевтың еңбектерін басшылыққа алдым. Аталғандардын басқа, ресейлік және шетелдік ғалымдардың еңбектері де назарға алынып, олардың кейбір пікір-көзқарастарына сілтемелер келтірілді. Атап айтар болсақ, М. И. Брагинский, В. В. Витрянский, С. П. Гришаев, Дернбург Г. Пандекты, Иоффе О. С., А. Г. Калпин, А. И. Масляев, Суханов Е. А. Шершеневич Г. Ф, Халфина Р. А. т. б.
1. Ақысыз шарттар туралы жалпы ережелер
1. 1. Шарттың түсінігі және мәні, мазмұны
Шарт - көне құқықтық құрылымның бірі. Шарттың ғасырлар бойы пайдаланылуы құқықтың икемді түрі екендігін көрсетеді, ол арқылы әртүрлі қоғамдық қатынастарды реттеуге болатындығы дәлелденген. Шарттың негізгі міндеті заң шеңберінде адамдардың әрекетін реттеу. Ал оларды бұзу заң талаптарын бұзушылықты білдіреді.
Шартты (contractus) рим құқығы әр түрлі мағынада: құқық қатынастарының туындауы ретінде; құқықтық қатынастың өзі ретінде; ең соңында тиісті құқықтық қатынастың нысаны ретінде қарастырады.
Рим құқығында шарттың көне түрі - стипуляция ұғымы қолданылған. Стипуляция - азаматтардың міндеттерін бекітетін, салтанатты сөздерді жариялап айту нысанында жасалатын формальды және абстрактілі ауызша контракт (келісім) .
Шарт туралы мұндай көзқарастар нақты іс жүзінде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне және басқа да елдердің азаматтық кодекстерінде тәртіптелген.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне түсіндірмеде құқық саласында «шарт» терминін бірнеше мағынада қолданылатынын көрсетеді, яғни, біріншіден, міндеттемелер туындайтын құқықтық факт ретінде; екіншіден, міндеттеменің өзі ретінде; немесе шарттық міндеттемелер көзделген құжат ретінде көрінеді. Азаматтық-құқықтық шарттар азаматтық құқықтық қатынастарда ерекше мәнге ие болады дер едім. Себебі, азаматтық айналымға қатысушылардың құқықтық мәртебесі олардың өзара теңдігіне негізделеді десек, шарттар осы теңдікті жүзеге асыру барысындағы басты құрал деуге де болар еді [1:162] .
Шарттар әсіресе нарықтық экономиканы қалыптастыруда және дамыту кезеңінде аса маңызды рөл атқаруда, өйткені ол шарт талаптарына сай әрекеттер жүргізу мен айналымдар қолданылымдар әрекеті актілік қолдану органдарымен емес жеке адамдардың сұранымдары мен мүдделілігіне байланысты жүргізілетініне көзім жетті. Шарттар түрлі азаматтық құқықтық қатынастардың тууына негіз болып табылады. Қазіргі нарықтық заманда тұлғалардың құқықтары мен міндеттері осы шарт негізінде пайда болады. Сондықтан да азаматтық-құқықтық шартқа байланысты оның түрлерін, ұғымын, шарттардың мазмұнын, қорытынды тәртібін, өзгертулер мен бұзу сияқты сұрақтарды ашып қараудың маңызы өте зор [2:218] .
Шарт, заңнамамен қатар, азаматтық-құқықтық қатынастарды реттеудің маңызды құралдарының бірі болып табылады. Шартты жасасу оның қатысушылары арасында заңды байланысты бекітуге әкеп соғады. Жалпы жүріс-тұрыс ережелерін айқындайтын нормативтік-құқықтық актілердің қабылдануы олар бағытталған субъектілердің арасында өз-өзінен өзара қарым-қатынастарды тудырмайды. Ал нақты тұлғалардың арасында шарт жасасу олардың арасында нақты қарым-қатынастың пайда болуына әкеп соғады. Шарт белгілі бір тұлғалардың арасында құқықтық байланысты қалыптастыру функциясын атқарады.
Ол субъектілердің арасында өзара әрекеттерді тудырып қана қоймайды, сонымен бірге шартық қатынастарға қатысушылар жүзеге асыратын барлық әрекеттердің тәртібі мен кезектілігінің талаптарын айқындайды. Осылайша, шарт реттеуші функцияны атқарады - тұлғалардың туындаған байланыс шеңберіндегі әрекеттерінің құқықтық режимін қарастырады.
Бұл тұрғыда «шарт» терминінің өзі көпмағыналы екендігін естен шығармаған жөн. Сонымен, шарт - бұл ең алдымен белгілі бір құқықтық нәтижеге жетуге (азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеуге, өзгертуге және тоқтатуға) бағытталған заңды әрекеттерге жататын заңдық факт. Сондай-ақ тараптардың келісімі нәтижесінде туындаған міндетемелік құқық қатынасының өзі де шарт болып табылады (мысалы, сатып алу-сату шарты) . Осылармен қатар, шарт ретінде құжаттың өзі, яғни келісімнің жазбаша мәтіні де танылады [1:165] .
Шарт - бұл мәмілелердің ең көп тараған түрі. Шарттарға барлық мәмілелер үшін ортақ ережелер, соның ішінде мәмілелердің жарамдылық шарттары туралы, олардың нысаны туралы т. б. ережелер қолданылады.
Шарттың басқа мәмілелер мен басқа да заңдық фактілерден айырмашылығына келетін болсақ, шарт дегеніміз - бұл тараптардың келісімі. Сондықтан, АК-тің 148-бабының 3-тармағына сәйкес, шартты жасасу үшін екі тараптың (екіжақты мәміле) немесе үш не одан да көп тараптың (көпжақты мәміле) келісілген ерік білдіруі қажет.
Шарттардың көпшілік бөлігі екіжақты мәміле болып табылады, себебі шарттан, ереже бойынша, міндеттемелік құқық қаынасы туындайды, ал міндеттеме үшін мүдделері бір-біріне қарама-қайшы болатын екі тараптың болуы тән: бірі талап ету құқығына ие (несие беруші), ал екіншісі - осы құқыққа сәйкес міндетке ие болады (борышқор) [2:394] .
Көпжақты міндеттеменің мысалы ретінде бірлескен қызмет туралы шартты атауға болады. Бұл шарттың ерекшелігі - оның тараптары ортақ мақсатқа жету үшін бірлесіп қызмет етуге міндеттенеді, яғни бұл жағдайда тараптардың мүдделері ортақ мақсатқа жетуге бағытталады және осы қызметтің нәтижесінде ортақ меншік пайда болады. Бірлескен қызмет туралы шарт (жай серіктестік) «Міндеттемелік құқық» бөлімінде емес, меншік құқығына арналған бөлімде ортақ меншік туралы тараудан кейін орналасуы да сондықтан деп ойлаймын. Көпжақты міндеттемелерге, ереже бойынша, шарттар туралы жалпы ережелер қолданылады.
Кез-келген мәміле тәрізді, шарт ерікті акт болып табылады. Бірақ бұл ерікті акт өзіне тән ерекшеліктермен ерекшеленеді. Ол бір, екі немесе бірнеше тұлғалардың бөлектенген әрекеттерін емес, екі немесе бірнеше тұлғалардың ортақ еркін көрсететін тұтас ерік білдіруін бейнелейді. Осы ортақ ерік шартта тиісті түрде құрылуы мен бекітілуі үшін ҚР Азаматтық кодексінің 380-бабында шарт еркіндігі принципі қалыптасқан.
Аталған принципке сәйкес, азаматтар мен заңды тұлғалар жарт жасасуда еркін болады. Бұл мынаны білдіреді: олар шартты өз тілектері бойынша не жасасады, не жасаспауға да құқылы. Қандай да бір тұлғаны шарт жасасуға мәжбүрлеу тек АК-те, басқа да заңда көзделген немесе өз еркімен міндеттеме алған реттерде ғана мүмкін болады [1:166] .
Шарт еркіндігі азаматтық құқық суббъектілерінің келесі мәселелерді шешудегі еркіндігінен көрінеді:
- шартты жасасу не жасаспау;
- шарт бойынша серіктесті таңдау;
- шарттың түрін таңдау;
- шартқа қандай да бір ережелерді енгізу.
Шарт еркіндігі принципі сондай-ақ мынаны білдіреді: тараптар кез-келген шартты - заңда немесе өзге де құқықтық актілерде көзделген және көзделмеген, бірақ азаматтық заңнаманың жалпы қағидалары мен бастамаларына қайшы келмейтін шартты жасасуға құқылы. Сонымен қатар тараптар заңда немесе өзге де құқықтық актілерде көзделген түрлі шарттардың элементтері бар (аралас шарт) шартты да жасаса алады. Егер тараптардың келісімінен немесе аралас шарттың мәнінен өзгеше туындамаса, тараптардың аралас шарт бойынша қатынастарында тиісті бөліктерінде элементтері болатын шарттың ережелері қолданылады.
Осылайша, шарт еркіндігі тараптардың шарт талаптарын айқындаған кездегі еркіндігін көздейді. Заңдарда немесе өзге құқықтық актілерде көзделген жағдайларды қоспағанда, шарт талаптары тараптардың еркімен айқындалады. Шарт талаптары диспозитивтік нормаларды қарастыратын жағдайларда, тараптар өздерінің келісімдерінде оны қолдануды алып тастай алады немесе онда қарастырылғаннан басқалай ережені белгілей алады.
Азаматтық кодекстің 378-бабына сәйкес, екі немесе одан да көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі шарт деп танылады [3:107] . Бұл жерде шарттың міндеттемелер туындайтын құқықтық факт ретінде қолданылатыны анық. Мұндай айқындама шарт -мәмілені меңзейді. Мысалы, Франция Азаматтық кодексінің 1101-бабына сәйкес «шарт деп мәмілені таниды, ол арқылы бір немесе бірнеше тұлға бір-бірінің алдында немесе бірнеше басқа тұлғалар алдында бір нәрсені істеуге немесе істемеуге міндеттенеді». АҚШ-тың бірыңғай сауда кодексі шартты тұтастай алғанда сол Заңға немесе басқа қолданылатын құқық нормаларына сәйкес жақтардың келісімінен туындайтын құқықтық міндеттеме деп есептейді. Сауда кодексінің 1-201 бабында «келісімге» былай деп анықтама берілген: «жақтардың іс жүзінде жасалған мәмілесі өтініштер мен басқа да міндеттемелерден туындайды», ал Нидерланды Азаматтық кодексі кітабында 213-бап: «шарт бір немесе бірнеше жақ өзіне бір немесе бірнеше жаққа қатысты міндеттемелерді өзіне қабылдайтын мәміле болып табылады», - деп анықтама берілген. Сондықтан да, осы баптың 2-тармағы мәміле нормаларына мынадай сілтеме жасайды: «шартқа екі жақты және көп жақты мәмілелер туралы ережелер қолданылады». Сонымен бірге, «мәміле» ұғымы «шартқа» қарағанда кең, және бір жақты болуы мүмкін. Сондықтан шарт әрине мәмілеге жатады, бірақ мәмілелердің барлығы шарт бола бермейді. Шартқа мәміле нысаны туралы, жарамды деп тану туралы, және оның салдары туралы ережелер қолданылады [4:103] .
Азаматтық құқықтық шарт, тараптардың құқықтық тәртіпке сай әрекет етіп, белгілі бір мақсатқа жетудегі келісілген еріктерін білдіре отырып жасалатын, мүліктік қатынастардың пайда болу, өзгерту және тоқтату негізі болып табылады. Кейбір нақты бір жағдайларда шарттар тек мүліктік қана емес, сонымен қатар, жеке мүліктік емес құқықтық қатынастардың пайда болуына негіз болады ( мысалы, авторлық құқықтық қатынастар) .
Шарттан туындайтын міндеттемелерге, Азаматтық кодекстің тиісті баптарында шарттардың кейбір түрлеріне арналған ережелерінде өзгеше көзделмегендіктен міндеттемелер жөніндегі жалпы ережелер қолданылады. Мысалы, шарттан (бірлескен қызмет туралы шарт, құрылтай шарты, авторлық шарт және басқалар) туындайтын заттық, авторлық немесе өзге құқықтық қатынастарға, егер заңдардан, шарттан немесе құқықтық қатынастардың мәнінен өзгеше туындамаса, жалпы шарттардың ережелері қолданылады.
Шарттың мазмұны - жасалған шарт жағдайларының жиынтығы. Жалпы ереже бойынша, тиісті шарттың мазмұны, заңдармен жазылған жағдайлардан басқасында, шарт ережелері талаптардың өз қалауы бойынша белгіленеді (АК-тің 382-бабының 1-тармағы) . Шарттың мазмұны деп - жасалған шарт құрылымын құрайтын және ішкі мәнін ашатын тараптардың құқықтары мен міндеттерін сонымен қатар, олардың еркімен айқындалатын талаптардың жиынын айтамыз [5:18] . Шарттың ережесі заңдарға сәйкес қолданылатын нормамен көзделген реттерде, егер тараптардың келісімімен өзгеше (диспозитивтік норма) белгіленбесе, тараптар өздерінің келсімідерімен норманың қолданылуын жоя алады немесе сол нормада көзделгеннен өзгеше жағдайды белгілей алады.
Егер шарттың ережесін тартаптар немесе диспозитивтік қалып белгілемеген болса, тиісті жағдайлар тараптардың қатынастарында қолданылатын іскерлік қызметтің өрісіндегі әдеттегі (императивтік қалып) құқықтармен белгіленеді (АК-тің 383 бабының 2-тармағы ) .
Азаматтық кодекстің 393-бабының 1-ші тармағына сәйкес тараптар арасында шарттың барлық елеулі ережелері бойынша тиісті жағдайларда талап етілетін нысанда келісімге қол жеткен кезде шарт жасалды деп есептеледі [3:111] .
Елеулі ережелер болып табылатындар: шарттың мәні туралы ережелер; заң мен басқа нормативтік құжаттарда елеулі ретінде аталғандар; осы шарттың түрі үшін қажетті ережелер; бір тараптың мәлімдеуі бойынша келісімге қол жеткізуге тиісті барлық ережелер.
Кәдімгі (дағдылы) жағдайлар заңның диспозитівтік нормаларында қарастырылған, яғни шартқа енгізу міндетті болып саналмайтын шарттарды айтады, өйткені, бұлардың шартқа енуі өз-өзінен белгілі. Егер нақ сол шартқа дағдылы жағдайлар жөнінде айрықша ескертіліп айтылмаса, онда жалпы белгіленген тәртіп қолданылады. Мысалы, азаматтық кодекстің 223-бабына сәйкес ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлкі, егер бұл мүлік ерлі-зайыптылардың арасаындағы шартта басқаша көзделмесе, олардың ортақ меншігі болып табылады. Елеулі деп есептелмейтін нормативтік актілерде қаралмаған мәселелер бойынша әр жақтың келісімі кездейсоқ жағдайлар делінеді және осы жағдайлар диспозитивтік құқық нормаларымен реттеледі. Олар әр жақтың өзімен қалыптастырылады, өздері заңдағы ережеге қосымша немесе өзгерістер арқылы енгізіледі. Мысалы, әр жақ өзара келісімдер арқылы мүлікті иеленушінің құқықтарын шартқа енгізеді, бірақ мүлікті тапсырмайды.
Шарттың мазмұны шарттардың үлгі ережелерімен де айқындалуы мүмкін. АК-тің 388 бабына сәйкес, шарттың мазмұнында үлгі ережелерге сілтеме болмаған жағдайларда, осындай үлгі ережелер, егер шарттың ережесін тараптар іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтар ретінде қолданылады [3:109] .
Үлгі ережелер үлгі шарт немесе мазмұнында осы ережелер бар өзге құжаттар нысанында жазылуы мүмкін.
Шарттардың түрлерге бөлінуінің өзіндік мазмұндық ерекшелігі бар. Мысалға ақылы және ақысыз шарттарды алатын болсақ, ақылы шарттың мазмұнында шарттың ақысының мөлшері, оны төлеудің тәртібі мен кезеңдері көрсетілуі тиіс. Консенсуалды және нақты шарттың мазмұнында олардың объектілері мен күшіне ену мерзімі туралы ережелерге назар аударылады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 379-бабына сәйкес, шарттан мiндеттемелiк, заттық, авторлық немесе өзге құқықтық қатынастар туындауы мүмкiн [3:107] . Азаматтық-құқықтық шарттарды әдетте міндеттемелік құқық қатынасымен байланыстырады. Көп жағдайларда бұл, әрине, солай да. Бірақ міндеттемелік құқық қатынастарының сызбасына зорға енетін құқықтық қатынастар да бар. Мысалы, бірлескен қызмет туралы шарттан оның қатысушылары арасында ортақ меншік объектісіне бірлесіп иелік ету және пайдалану бойынша қатынастар туындайды, ал бұл қатынастар өз кезегінде міндеттемелік емес, салыстырмалы түрде заттық құқықтық қатынастар болып табылады. Шарттан авторлық қатынастар (бірлескен авторлар арасында), өнертабыстық қатынастар (бірге тапқандар арасында) пайда болғандағы жағдайда да осылай бағалауға болады.
Шарттан туындаған мiндеттемелерге, Азаматтық кодексте аталған шарттардың кейбiр түрлерi туралы ережелерiнде өзгеше көзделмегендiктен, мiндеттемелер жөнiндегi жалпы ережелер қолданылады [3:116] . Бұл ретте мынаны ескерген жөн: міндеттемелер тек шарттардан ғана емес, сонымен қатар басқа да заңдық фактілерден де туындауы мүмкін. Сондықтан шарттық міндеттемелерге міндеттемелер туралы жалпы ережелерді қолдану Азаматтық кодекстің шарттар туралы нормаларымен шектелуі мүмкін. Мысалы, талап етуді басқаға беру мен қарызды аудару туралы жекелеген ережелер (АК 339-348бб. ) шарттың кейбір түрлерінде басқалай шешіледі (лизинг, факторинг) . Сәйкесінше, шарттардың осы түрлері туралы нормалар қолданылады.
Шарттан (бiрлескен қызмет туралы шарт, құрылтай шарты, авторлық шарт және басқалар) туындайтын заттық, авторлық немесе өзге де құқықтық қатынастарға, егер заңдардан, шарттан немесе құқықтық қатынастардың мәнiнен өзгеше туындамаса, Азаматтық кодекстің «Шарт ұғымы және оның ережелері» деп аталатын 22-тараудың ережелерi қолданылады. Шарттан туындайтын міндеттемелік қатынастардан басқа қатынастарға аталған тараудың ережелері қолданылады, бірақ бұл ережелердің заңнамада немесе шартта белгіленген не құқық қатынасының мәнінен өзгеше жағдайлар көзделсе, соңғыларының ережелері қолданылуы тиіс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz